Кіші мектеп жасындағы оқушыларды бейнелеу өнеріне оқыту әдістемесі Бейнелеу өнерін оқытудың негіздері Орындаған: Иса Сымбат ПиМНО ТИПО 20А
Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарында бейнелеу өнеріне оқыту мен тәрбиелеудің негізгі міндеттері:
- оқушыларға бейнелеу өнерінің құралдарын жүйелі меңгерту арқылы айналадағы өміршындығына эстетикалық көзқарасты қалыптастыру:
- өмір шындығы көріністеріндегі, табиғаттағы және өнердегі бояу түстерін, оның сезімдік әсерін оқушылардың көре, сезіне білуін, бейнелеу іс-әрекеті барысында олардың кеңістік туралы түсінігін, қиялын, елестесу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
- көркем мәдениет және оның қоғамдағы алатын орны туралы түсінікті дамыту;
- оқушылардың бойында халықтың дәстүрлі өнерін, тарихи ескерткіштерін эстетикалық тұрғыдан бағалай білуге баулитын жүйелі білім, шығармашылық икемділік пен дағдыны қалыптастыру;
- бейнелеу өнері сабақтары барысында дамып қалыптасқан көркемдік білімдерін, икемділік дағдыларын тұрмыс жағдайында, еңбек процесінде, қоғамдық жұмыста пайдалана білуге баулу.
Поделитесь с Вашими друзьями: |