МҰра ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес ċ ģ ė Ē ĝı Ĝ ĝē 100 ÎÌ 4



жүктеу 1.84 Mb.
Pdf просмотр
бет9/19
Дата11.01.2017
өлшемі1.84 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

327. ЖАН ЕРКЕ

(1-нұсқа)

Сүйсінемін жан ерке мінезіңе,

Тартқандайсың әніңмен бір өзіңе.

Үлкен, кіші естісе, таңырқаған,

Өнегелі, үлгілі әр сөзіңе.

Қайырмасы:

Ашық мінез, ақ маңдай,

Мен-мендік жоқ ешқандай.

Сөзің алтын, күлкің наз,

Жайдары жүз, еркем-ай.


188

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Көркіңе ақылың сай, ісің әрі,

Бір өзіңдей болсайшы жанның бәрі.

Күлкісі наз, сөзі бал жан ерке деп,

Аңыз еткен атыңды жас пен кәрі.



Қайырмасы.

328. ЖАН ЕРКЕ

(2-нұсқа)

Не бар дейсің өлеңді сала бермей-ай,

Көкірегім кең сарай дала жердей.

А, шіркін, жан ерке.

Тұра алмаймын той десе елегізіп,

Жұма сайын бәйге алған қара кердей,

А, шіркін, жан ерке.

329. ЖАН ЕРКЕМ

Айналайын көзіңнен көлгірім-ай,

Тас бұлақтың суындай мөлдірім-ай,

   Ой, 


дүние-ай!

Шаршы топтың ішінен таңдап алған,

Асқар таудай айшықты белгілім-ай,

   Ой, 


дүние-ай!

Қайырмасы:

Ашық мінез, ақ маңдай,

Менмендік жоқ ешқандай.

Сөзің алтын, күлкің аз,

Жайдары жүз еркем-ай.

Ауылым Көлсай бойында,

Еш нәрсе жоқ ойымда.


188

189


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Шырқап әнге салайын,

Осынау жастың тойында.

Көрінсеңші көзіме егіндей боп, ай,

Жаңа шыққан егіннің көгіндей боп,

   Ой, 


дүние-ай!

Жасыл гүлдей жайнаған жан еркем-ау,

Атпен шарлап алыстан келгенімде,

   Ой, 


дүние-ай!

330. ЖАН, ЖАНЕКИ

Айт дегенің айтайын әнім саған-ау,

Тұрып орын бермейді танымаған-ау.

Сыйласқандай кісінің баласы едік-ей,

Тәуір-тәуір өлең айт жаным маған-ай.

Қайырмасы:

Жан, жанеки-ау,

Біз мінеки-ау.

Уәделі сөз қайда,

Қол кәнеки-ау.

331. ЖАН ҚАЛҚАТАЙ

Дәйім менің мінгенім көгілдірік, көгілдірік,

Көк дөненге жарасар өмілдірік-ай.

Жерің шалғай кеткенде, құрбыластар, құрбыластар,

Осы әніме сала жүр төгілдіріп-ай.

Қайырмасы:

Аққұйрық шай, боз жорға тай,

Есен-аман жүрмісің, жан қалқатай-ай?


190

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Дәйім менің мінгенім құла-қасқа, құла-қасқа,

Таудан соқпақ салдырдым құламасқа-ай.

Ауылың алыс кеткенде, құрбыластар, құрбыластар,

Бет орамал беріп кет жыламасқа-ай.

Ақау десек,

Мамық төсек.

Бара берсек аулыңа,

Болады өсек-ай.



332. ЖАН СӘУЛЕМ

Келіп тұрмын ауылыңа өлеңдетіп,

Кер бестінің құлағын, жан сәулем, елеңдетіп-ау.

Сағынышпен ауылыңа келгенімде,

Қарсы алдымнан шықсаңшы, жан сәулем,

     өлеңдетіп-ау.

Бір кеткен соң ауылыңа келу қайда,

Кезігетін оңаша, жан сәулем, жерің қайда?

Сағынышпен ауылыңа келгенімде,

Аз сөйлесіп қалайық, жан сәулем, осындайда-ау.



333. ЖАН-АЙ, ҚҰРБЫМ

Батсайы бас кілем қалада тұр, құрбым-ай,

Тоқпақ жалды торы айғыр далада тұр, құрбым-ай.

Қайырмасы:

Жан-ай, құрбым,

Жан-ай сылқым,

Жан-ай керім,

Жан-ай бұлбұл,

Жан-ай жан.



190

191


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Мен есіңе түскенде-ей, қарағым, құрбым-ай,

Ақ үйіңе сүйеніп қарада тұр, құрбым-ай.

Қайырмасы.

Нұр дидарың, қалқатай, жаннан артық, 

     құрбым-ай,

Болдым ғашық сыртыңнан мен құмартып, 

     құрбым-ай.

Қайырмасы.

Сіз—сары алтын болғанда, мен—болатпын,

      

құрбым-ай,



Лебізіңмен алсаңшы-ей мені тартып, құрбым-ай.

Қайырмасы.

334. ЖАНБАЙ, ЖАНЫС

Денең сұлу мылтықтың теміріндей,

Қасың сұлу ағаштың көміріндей.

Жақсыменен кездескен жарты сағат—

Өтіп кеткен жаманның өміріндей.

Қайырмасы:

Ей, Жанбай, Жаныс—жаңа таныс,

Жаңа таныс болып ең, кетпеші алыс.

Бабылады жаным-ау, бабылады,

Жүйрік айғыр бәйгеге шабылады.

Күнде мұндай кезіміз келе бермес,

Өлең айтсаң, құрбым-ай, неғылады.

Қайырмасы.


192

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



335. ЖАНБАЛА

Жұтып жұпар кең жайлау таң самалын-еу, 

      айдай,

Жан сырына қалқаның таңғаламын-еу, айдай.

Қайтқанымда жылқыдан салған әнім-еу, айдай,

Құлағына тиер ме Жанбаланың-еу, айдай.



Қайырмасы:

Ауылың жақын қонғаны-ай,

Көңілім жәй болғаны-ай.

Сағындым ғой өзіңді,

Келші бері, келші бері, Жанбала-ай.

336. ЖАНҒА ЖАЙЛЫ

Жігіттер, немене екен өлең деген?

Құлағың өлең десе елеңдеген.

Жүйріктің қамшылатқан сәндігі жоқ,

Қақ жарып шын жүйріктей жөнелмеген.

Өлеңді ақындықпен мен айтпаймын,

Көңілді көтерейін төмендеген.

337. ЖАНИЯ-АУ

Сүйгенім қой ішінде-ей көк еркек қой,

Бойыңды көк сеңгірден, Жания-ау, 

 

 



 

көрсетіп қой, йах-уай.

Кеткенде аулың алыс, ей, жан, қалқатай,

Жаңылтып өз атыңды, Жания-ау 

   дөңгелек қой, йах-уай.


192

193


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

338. ЖАНЫМ-АЙ

Аузыңды ашсаң, көрінер маржан тісің, 

 

 

 



 

 

     жаным-ай,



Не демейді сыртыңнан дұшпан кісің, жаным-ай.

Жан-ай салған әнім-ай.

Десе десін артыңнан дұшпан кісің, жаным-ай,

Көрінбей ме досыңа қылған ісің, жаным-ай.

Жан-ай салған әнім-ай.

Арғымақтан ат жақсы шабыс болса, жаным-ай,

Ағайыннан жат жақсы таныс болса, жаным-ай.

Жан-ай салған әнім-ай.

Досың күліп, дұшпаның табалайды, жаным-ай,

Бір нәрседен аяғың шалыс болса, жаным-ай.

Жан-ай салған әнім-ай.

339. ЖАҢАША-АУ

Жатып та айтам өлеңді, тұрып та айтам-ау,

Салтанатты жігіттік құрып та айтам-ау.

Қайырмасы:

Жаңаша-ау,

Іздегенім тамаша,

Жүрген жерім-ай.

Орыстардың жегілген қос атындай-ау,

Мойынымды өзіңе бұрып та айтам-ау.



Қайырмасы.

13-0262


194

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



340. ЖАРИЯМ АЙДАЙ

Алып келген базардан қыжым кебіс,

Сілекейі қалқаның болар жеміс.

Жел тимесе, күн тимес деген сөз бар,

Сұлу қыздың айтқаны ұят емес.

Қайырмасы:

Өрік, мейіз, қант пен шай,

Алма мойын ақ бидай.

Жариям айдай,

Жанға жақын келсейші,

Беу, қалқатай, сәулетай.

Алып келген базардан сырма шапан,

Бидай өңді аққұба құдашам-ай.

Сірә, менің көңілім басылар ма,

Сақиналы қолыңнан ет асамай.



Қайырмасы.

341. ЖАС ДӘУРЕН

Тағы да домбыра ма, домбыра ма,

Бұл тақтай, тарта берсе, болдыра ма, жас дәурен.

Көңілді өлең айтып көтерейін,

Жігітті сары уайым оңдыра ма, жас дәурен.

Әуеде бұлт көшеді жел айдаса,

Тәуекел қиын емес, бел байласа, жас дәурен.

Көңілді өлең айтып көтерейік,

Жігітті қайғы басар, ой ойласа, жас дәурен.


194

195


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

342. ЖАС ЖҮРЕКТІҢ КІЛТІН АШ

Аспанда ай болмаса, адасады,

Көңілді көтермесе, кір басады.

Болғанда ақыл—кілт, көңіл—сандық,

Сандықты кілт болмаса, кім ашады?

Қайырмасы:

Жас жүректің

Кілтін аш.

Ақ көйлек тозбайды екен кең болған соң,

Жас пен жас ойнамай ма тең болған соң.

Мұңымды саған айтпай, кімге айтам,

Көзіме көрінгенім сен болған соң.

Қайырмасы.

343. ЖАС КЕЛІН

Жетісу келген жерім, Қыбрай елі,

Алатау бөктерінде қонған жері.

Ақбасты Алатаудың құшағында,

Айнадай жырқыраған Ыстық көлі.

Қайырмасы: 

Көрерсіз айдай,

Білерсіз жайдай,

Жас келін ән салудан

Жалықпайды-ай.

Жаңа ел, жаңа жерге әнмен келдім,

Иіліп тізе бүгіп, сәлем бердім.


196

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Ұлықсат ағалардан алғаннан соң,

Жолымды құтты ғыл деп отауға ендім.



Қайырмасы.

Сағыңды сындырмайын, ақын аға,

Сөзіме ақын аға берсін баға.

Ұлықсат үлкендерден алғаннан соң,

Қосайын тамашаны тамашаға.

Қайырмасы.

344. ЖАСАЙЫҚ, АЛҒА ҚАРАЙ БАСАЙЫҚ

Бір мешпетім үстімде қара мақпал-ай,

Оны қиған қайшыны ана мақтар-ай.

Қайырмасы:

Жасайық,


Алға қарай басайық.

Дүниенің қызығы ойнап-күлген,

Төрт бұрышын әлемнің аралап қал-ай.

Қайырмасы.

345. ЖАСТЫҚ ДӘУРЕН ӨТЕДІ-АЙ

Мен қайтейін кіші жұрт, басың биік,

Бауырыңда ойнайды ақша киік, еркем-ай.

Сен есіме түскенде, ерке сәулем,

Жүре алмаймын теңселіп, ішім күйіп, еркем-ай.


196

197


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қайырмасы:

Ақ көйлектің етегі,

Желбір-желбір етеді.

Заманыңда күліп-ойна,

Жастық дәурен өтеді.

Ана беттен жол еді мына бетке,

Сөйлеспедім өзіңмен шығып шетке, еркем-ай.

Қайсыбірін айтайын, ай-ай сәулем,

Енді кетіп барасың тұрмай сертте, еркем-ай.

Қайырмасы.

346. ЖӘЙ ҚОҢЫР

Ертістің арғы жағы ер қанаты,

Әншінің домбырасы қолғанаты.

Жағалап Қара Ертісті Бәжей ақын,

«Жай қоңыр» сонда салған әннің аты.

Өлеңді айтқан жақсы жайлап қана,

Өзімен, нақышымен сайлап қана.

Дариядай асып-тасып жатпаса да,

Бұлақтай көзден шыққан қайнап қана.

347. ЖӘЙ ТОЛҚЫН

Мінгенім дәйім менің арда күрең,

Жоқ болса жалғыз тайың, өлең үйрен.

Өлеңнің бір пайдасы тойда тиер,

Басыңды есіктегі төрге сүйрер, ей-ей.

Айтайын айт дегенде әлденені,

Ілдірдім қырғи салып бөденені.


198

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Думанды тамашада бас қосқан соң,

Қозғалық өлең деген әңгімені, ей-ей.



348. ЖӘМИҒА

Дүние дүмбір дегенде, дүние дүмбір,

Дүмбірлеткен жігітті дәл жиырма бір-ай,

    Жәмиға.

Оралыңның барында ойна да күл,

Қайта айналып келмейді өткен ғұмыр-ай,

    Жәмиға.

Қайырмасы:

Арғымақ жалғыз, ер малсыз,

Ағайын жүрмес кермалсыз.

Опасы жоқ дүние,

Өтер де кетер болжалсыз.

Көк қаршыға дегенде, көк қаршыға,

Көк қаршыға ұялар шоқпар шыңға-ай,

    Жәмиға.

Өмір бәйге болғанда, сен-бір жамбы,

Қапылыста қор болма көкпаршыға-ай,

    Жәмиға.

Қайырмасы.

349. ЖЕЛБІР ЖЕКЕН

Айналайын, қарағым, алтыным-ай,

Ақ жүзіңді көргенде балқыдым-ай, ау.

Көрмегелі көп айдың жүзі болды-ау,

Есен-аман жүрмісің, жарқыным-ау, ау.


198

199


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қайырмасы:

Желбір желкен,

Желіп жүрген

Жайлауда


Біз бір бөкен-ау.

Айналайын, қарағым, хал жақсы ма,

Көзің салма көрінген әр жақсыға-ау.

Көзің салсаң көрінген әр жақсыға,

Бәрі сұлу көрінер алғашқыда-ау.

Қайырмасы.

350. ЖЕҢГЕМ-АУ

Жүруші едік Бұлғынды қыстап, жайлап-ей,

Жағасына жағалай бие байлап, жеңгем-ай.

Талай тойды өткізіп сайрандатып-ей,

Қыз-бозбала жүруші ек күліп-ойнап, жеңгем-ай.

Қайырмасы:

Әттең, шіркін, жеңгем-ай,

Сөз кезегі келгені-ай.

Өрлеп-құлдап жүруші ек Бұлғын бойын-ей,

Жағасында көк майса салып ойын, жеңгем-ай.

Әсем әнге құбылтып салғанымда-ей,

Бой жеткеннің балқытқан тұла бойын

     жеңгем-ай.



Қайырмасы.

200

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



351. ЖЕҢЕШЕ

Жоғартыңнан келемін жолмен саулап,

Таңдайымнан келеді өлең қаулап.

Шаршы топтың ішінде тартынбаймын,

Мұрындықсыз тайлақтай омыраулап.

Қайырмасы:

Ей, жеңеше,

Мұныңыз қалай демеші-ай.

Қара таудың басында қиясы бар,

Мал жемейтін бір шөптің миясы бар.

Айт дегенде өлеңді іркілмеймін,

Таңдайымда жел сөздің ұясы бар.

Қайырмасы.

352. ЖЕҢЕШЕМІЗ

Жеңешеміз, ендеше, жеңешеміз,

Ары отырмай, бері отыр кеңесеміз.

Қайырмасы:

Жеңеше-ай,

Әнің қалай демеші-ай.

Әнге қосып өзіңді айтар едім,

Мынау қандай әдепсіз демесеңіз.

Қайырмасы.


200

201


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

353. ЖЕТІ ҚЫЗДЫҢ ӘНІ

Дәйім менің мінгенім делең көкше, Зарауқа-ау,

Көзге түсер бұлаңдап қыз бой жетсе.

Қайырмасы:

Қатира, Қабира, Сағира, Камила, Жамила,

Сағындым, Жекейжан—жетеуіңді-ай, уай.

Сабағынан сарғайып үзіледі, Зарауқа-ау,

Бұл қыздардың төсіне қауын ексе.

Қайырмасы.

354. ЖЕТІАРАЛ

(1-нұсқа)

Шөбің шүйгін, суың бал, жерің шалғай-ай,

Сол шалғында өсіп ек талай балғын.

Асыр салып ойнаған туған жерді-ай,

Сағынғанда жүректен шығар жалын.

Қайырмасы:

Жетіарал жерім-ай,

Сауықшыл елім-ай.

Алтыбақан тебетін қыз-бозбала,

Шырқаушы едік осы әнді көкті жара.

Көк шалғында бірге өскен қалың жастар,

Әнді шырқап қайтушы ек таң алдында.

Қайырмасы.


202

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



355. ЖЕТІАРАЛ

(2-нұсқа)

Жетіаралдай жер бар ма, елдің көркі,

Құмырсқадай қайнаған қоян, түлкі.

Қайырмасы:

Жетіарал жерім-ай,

Сағындым елім-ай.

Қалмақ шауып жерімді алғаннан соң,

Қай жерімнен келеді ойын-күлкі.

Қайырмасы.

Жүруші едім Жетіарал саласында,

Ор киіктей ойнақтап даласында.

Шұбырынды-ақтабан заман туды,

Қалмақтарға ана боп қаласың ба?

Қайырмасы.

356. ЖЕТІСУ ЖЕРІМ-АЙ

Жетісудай жер бар ма, жердің көркі,

Құмырсқадай қайнаған қоян, түлкі.

Қайырмасы:

Жетісу жерім-ай,

Сауықшыл елім-ай.

Қалмақ шауып жерімді алғаннан соң,

Қай жерімнен келеді ойын-күлкі.


202

203


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қайырмасы.

Жүруші едім Жетісу саласында,

Ор киіктей ойнақтап даласында.

Қайырмасы.

Шұбырынды, ақтабан заман туды,

Қалмақтарға пана боп қаласың ба!

Қайырмасы.

357. ЖИЫРМА ЖЕТІ ҚЫЗ

Айт дегенің айтайын, әриайдай, Қатипа-ау,

Көп торыдым аулыңды жарым айдай.

Қайырмасы:

Мағи-ау, Шағи-ау,

Қазира-ау, Қазиза-ау,

Зылиман, Зылиқа,

Зағипа, Мағира, Бағила-ау.

Сағындым Зейнеш, Бұлбұл-Жамал,

Қайша, Шағи, Сағиян, Сағи, Қисажан, Мүлкім,

Меруерт сылқым, Самал, Жамал,

Әймен-Шолпан, Қалиман, 

 

 



            Зияш жиырма жетеуіңді-ай.

Адал жүрек, шын көңілің менде болса, 

    Қатипа-ау,

Ерітейін ішіңді сары майдай.



Қайырмасы.

204

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



358. ЖОЛ ЖОРҒА

Мінгенім астымдағы жорға құла-ей,

Арда емген ана сүтін өскен бұла-ей.

Қайырмасы:

Жол жорға жолыққанша,

Аман бол мен барғанша-ай.

Бірге өскен кішкентайдан замандасым-ай,

Ер салдым жол жорғаға саған бола-ай.

Қайырмасы.

Мінгенім астымдағы құла қасқа-ей,

Айтамыз амандықты мал мен басқа-ей.

Қайырмасы.

Құламен құйқылжытып салдыртқанда-ей,

Көз қырын жіберуші ем замандасқа-ай.

Қайырмасы.

359. ЖОЛЫҚҚАНША АМАН БОЛ

Аулым көшіп барады Ылай көлге,

Шағи пешпет жарасар қынай белге.

Кеткенде аулың алыс, қимас қалқам,

Көзіңнен айналайын, жылай көрме.

Қайырмасы:

Жолыққанша аман бол.

Сен едің көз алдымда тұрған сағым,


204

205


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Гүл шайқап қанатыммен ұшар шағым.

Болғанда жаңа таныс кеттің алыс,

Қайтейін іште кетті-ау сол арманым.



Қайырмасы.

360. ЖОНЫП АЛДЫ

Аты еді бұл әнімнің—Жонып алды,

Алғандай сұлу жонып өрім талды.

Жасымнан сүйіп айтқан ән болған соң,

Жойылмай әлі күнге есте қалды.

Жан едім әсем әнді сүйіп айтқан,

Жағымды көпке бірдей жұрт ұнатқан.

Келетін нақысына жүз құбылып,

Кейде өрлеп, кейде шалқып баяулатқан.

Кім сүймес көкке өрлеген әсем әнді,

Көңілдің күйін шерткен көркем сәнді.

Болғандай бойға қуат, ойға азық,

Балқытып еріткендей тербеп жанды.

361. ЖОРҒА ТАЙ

Шыңында өскен асқардың, ей, сен бір шынар,

Бір көруге жүзіңді болдым құмар.

Қайырмасы:

Дәй-дәй-дәй жорғатай,

Ақ бикеш манат-ай.

Қызылдан бордат-ай,

Айдай құрбым, заулатшы-ай.


206

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Көрмегелі жүзіңді көп күн болды,

Құмарланған көңілім қашан тынар.



Қайырмасы.

Орта бойлы қара көз шырайлым-ай,

Бір сөйлеспей өзіңмен тынармын ба-ай.

Қайырмасы.

Сөйлегенде тіліңнен бал тамады,

Басқа жанға көңілімді бұрармын ба-ай.

Қайырмасы.

362. ЖҮРГЕН ЖЕРІМ —ҮШ ҚАҚПАҚ

Өзі мұндай жақсының кілті аспанда, айнам-ау,

Сөз түспейді аузына ер сасқанда, айнам-ау.

Қайырмасы:

Жүрген жерім—Үшқақпақ,

Нарынқолдың аймағы-ау.

Бұл өлеңді немене айтып-айтпай, айнам-ау,

Үлкен-кіші жиналып бас қосқанда, айнам-ау.

Қайырмасы.

363. ЖЫЛҚЫШЫ

Жылқыда екеу едік сыбызғылы,

Салдырмас нелер күйге қыз қылығы-ай.

Көңілің шыныменен менде болса,

Терең сай үйдің арты тобылғылы-ай.


206

207


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қайырмасы:

Қос күрең барар едім,

Аулың қайда.

Күнде ойын гүлдей жайна,

Осындайда-ай.

Жылқыда екеу едік отардағы,

Көжеңді, ет асып бер қотардағы-ай.

Мойныңды боз жорға аттай бұрып салып,

Қайтейін қылығыңды жатардағы-ай.

Қайырмасы.

364. ЗАМАНДАС

(1-нұсқа)

Айналайын көзіңнен жалт-жұлт еткен,

Кім бар екен бұл жерде саған жеткен.

Қайырмасы:

Замандас,

Жолыққанда есіңе алып амандас.

Үш ауылдың жақсысы жиналса да,

Теңгермеймін ізіңе басып өткен.

Қайырмасы.

Қызыл жібек, ақ жібек иірейін-ай,

Сары белге, сағынсам, жүгірейін.

Қайырмасы.


208

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Сен есіме түскенде қимас қалқа-ай,

Үкілі хат артыңнан жіберейін.



Қайырмасы.

365. ЗАМАНДАС

(2-нұсқа)

Жігіті біздің елдің сылқым сері-ай,

Күнде той, ойын-күлкі жүрген жері-ай.

Қайырмасы:

Екі де бала замандас-ай,

Айында келіп хабарлас-ай.

Асыр сап құлын-тайдай ойнақтаған-ай,

Әркімнің өзіне ыстық туған жері-ай.

Қайырмасы.

Ат жақсы арғымақтан шабыс болса-ей,

Жат жақсы ағайыннан таныс болса-ай.

Қайырмасы.

Досың күліп, дұшпаның табалайды-ей,

Аяғың бір нәрседен шалыс болса-ай.

Қайырмасы.

366. ЗАМАНЫМ

Әуел бастан етікті нәл сақтайды,

Еркін жүйрік бәйгіде алшақтайды.


208

209


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Айт дегенде өлеңді айтып салмай,

Ақын жігіт несіне жалтақтайды.

Қайырмасы:

Ахау, айдай,

Бәйгі атындай талпынған,

Заманым-ай.

Әриялар, ендеше әриялар,

Жігіт аттан құласа, қыз табалар.

Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өлер,

Аттың басын тартпай шап, бозбалалар.



Қайырмасы.

Қара ала үйрек ұшады қаңқылдаған,

Сазға қонып, табаны салқындаған.

Он бес пен отыздың арасында,

Құдай ұрсын жігітті талпынбаған.

Қайырмасы.

Сары ала үйрек ұшады қаңқылдаған,

Сазға қонып, табаны салқындаған.

Пысықсыған жігіттер толып жатыр,

Өз басынан пайдасы артылмаған.

Қайырмасы.

367. ЗАР-ЗАР-АЙ

Жылқы айдаймын көшкенде қиқу салып,

Бір солқылдақ қолыма шыбық алып, зар-зар-ай.

Бір ойнасам сенімен мен ойнаймын,

Боз жорғадай мойныңды бұрып алып, зар-зар-ай.

14-0262


210

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы:

Сен дегенде мен зар-ай,

Сенен басқа нем бар-ай.

Сенен суып көңілім,

Болды-ау ойым дел-дал-ай.

368. ЗАР-ЗАР-ОУ

Бас айналар басқұрдың-ау термесінен,

    Әй, 

угәй-оу,


Ат жүгірмес Сөгеті өрлесінен.

 Зар-зар-оу,

 

Өтті-ау дүние



 Жалған-оу!

Бұл өмірге біржола-ау келгеміз жоқ,

    Әй, 

угәй-оу,


Ажал жетсе, кім кепіл өлмесіңе.

 Зар-зар-оу,

 

Өтті дүние



 Жалған-оу!

369. ЗІБИЛАЙ-ЛӘЙЛІМ

Қыздың аулын көрдің бе қиядағы?

Қыздан көңіл қалған жоқ, сірә-дағы.

Қайырмасы:

Зібилай-ләйлім-аршам

Сағындым, Алда күнім-ай.

Бегірек әйбат көзіме көрінесің,

Баласындай сұңқардың ұядағы.

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет