МҰра ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес ċ ģ ė Ē ĝı Ĝ ĝē 100 ÎÌ 4



жүктеу 1.84 Mb.
Pdf просмотр
бет8/19
Дата11.01.2017
өлшемі1.84 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

284. ЕЙ, ЛАХАУ, ЛӘРИДАЙ

Ләйім менің мінгенім, ей, көкжал шабдар,

Жануардың желісі шапқандай бар.

Ей, лахау, ләридай.

Бір-екі ауыз жақсымен-ай сөйлескенім,

Құшақтасып жаманмен жатқандай бар.

Ей, лахау, ләридай.

Айда батпан жігітке, ей, күнде батпан,

Шаба алмаймын толықсып жайлақ атпен.

Ей, лахау, ләридай.

Жолдас болсаң, жігіттер-ей, жақсымен бол,

Сексеуілдің шоғындай жайнап жатқан.

Ей, лахау, ләридай.

285. ЕЙ, СӘУЛЕМ

Шырқап салса, келеді әннің сәні-ей,

Сыбызғышы, сырнайшы, домбырашы-ей,

     


сәулем-ай.

Той-думанды мереке болған жерде-ей,

Қыз-бозбала жиылып ән шырқашы-ей, 

    сәулем-ай.



166

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Сәуле беріп түндегі туған айдай-ей,

Асыр салған өрісте құлын тайдай-ей, сәулем-ай.

Жүз құбылтып, сызылтып ән шырқаса-ей,

Сәулем-айдай ән болмас қоңыр майдай-ей,

      

 

 



сәулем-ай.

286. ЕЙ, ТОБЫЛҒЫ-АЙ

Болғанда ақыл дария, көңіл-көлмек,

Тата алмай көл дариядан жүрміз шөлдеп.

Қайырмасы:

Ей, тобылғы-ай,

Әкел бері қолыңды-ай!

Астына қара жердің бір түскен соң,

Бекініп оңай емес шығып келмек.

Қайырмасы.

Бүгінде жүк артамын қасқа жорға,

Жақсы екен ақ білегің жастанарға.

Қайырмасы.

Өлеңді айтушы едім бір кісідей,

Қартайып айта алмадым дүр кісідей.

Қайырмасы.

Жас күнің қандай жақсы келмейтұғын,

Құнанның қара жорға жүрісіндей.

Қайырмасы.


166

167


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

287. ЕЙ-АУ

(1-нұсқа)

Ән дегенде жасымнан аттай желем-ай,

Ар жағымнан ән салсам-ей, ау, келеді өлең-ау.

Ата-бабам жасынан өлең қуған-ай,

Мен сондықтан өлеңге, ей-ау әнмен сыңар-ау.

Әке-шешем өлеңге болды құмар-ай,

Кейбіреулер болады-ей, ау, әнмен сыңар-ау.

Ән дегенде жалықпай айтушы еді-ай,

Ән атасы болғанда-ей, ау, өзі шынар-ау.

288. ЕЙ-АУ

(2-нұсқа)

Көк ала үйрек ұшады, ей-ау, көл дегенде,

Сірне татыр сілекей шөлдегенде-ау.

Бағаласам, бағаңа, ей-ау, жан жетпейді,

Ұшар қанат менде жоқ сен дегенде-ау.

Бір қамшы бар қолымда, ей-ау, алтындаған,

Ұстай алмай кей жаман қалтылдаған-ау.

Жай білетін жағдайды, ей-ау, бір баласың,

Жауап берші жағдайлап салтыңменен-ау.

Ісің түссе жаманға, ей-ау, жалтарады,

Бір жақсылық басынан артылмаған-ау.

Жақсы адамның мінезі, ей-ау, сөзді орады,

Балғасындай ұстаның шартылдаған-ау.


168

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



289. ЕЙ-ЕЙ, АҚҚУ

Көрінеді алқызыл-ей қашқан түлкі,

Қайда қалмас жігіттің жиған мүлкі.

Қайырмасы:

Ей-ей, аққу,

Ей-ей, аққу,

Ей, ей-ай.

Ойда тұрып биікке қол сермеймін,

Көңіл шіркін болсын деп көтеріңкі.



Қайырмасы.

А, дегенде дауысым, ей, шаңырқаған,

Естіген жан әнімді таңырқаған.

Қайырмасы.

Ақындықпен өлеңді, ей, мен айтпаймын,

Көтеремін көңілді жабырқаған.

Қайырмасы.

290. ЕЙ-ЕЙ, АУ

(1-нұсқа)

Сен ар жақта, қарағым-ей, мен бер жақта-ей,

Қара арғымақ шұлғиды.

Қайырмасы:

Ей-ау, ей-ей-ау,

Баушарбақта, ей-ей-ау.


168

169


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Құнан атан-ей қолымда шүйіншім бар,

Жан қалқаның ауылы, ей-ау, ей-ей-ау, 

    дәл 


қай 

жақта.


Қайырмасы:

Сіздер ақын,

Біздер жақын.

Жаңа закон баяула,

Ей-ау, ей-ей-ау,

Келдің жақын, ей-ей-ау.



291. ЕЙ-ЕЙ, АУ

(2-нұсқа)

Сен ар жақта, қалқатай, мен бер жақта,

Қара арғымақ шұлғиды бау-шарбақта.

Аулың алыс кеткенде, абзал қалқам,

Шыдалық, сабыр қылып, сағынсақ та.

Қайырмасы:

Сіздер ақын, біздер жақын,

Жаңа закүн баяулат.

Ей-ау, ей-ей-ау,

Келдік жақын, ей-ей-ау.

Дәйім менің мінгенім, қара жал ат,

Менің таңдап сүйгенім сол перизат.

Кішкентайдан бірге өскен сәулем едің,

Аман бол, қайда жүрсең, сау-сәламат.

Қайырмасы.


170

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



292. ЕЙ-ЕЙ, КӨКЕМ

Дәйім менің мінгенім қара керім,

Жүрдек те емес қара кер әлім перім-ай.

Тіршіліктің барында күл де ойна,

Күнде думан, күнде той жүрген жерім-ай.

Қайырмасы:  

Ей-ей, көкем,

Өткен іске өкінбе,

Деген екен-ай.

Дәм татайық бұйырса шай қайнаса,

Бойы қызар жүйріктің айғайласа-ай.

Тіршіліктің барында күл де ойна,

Не болады ер жігіт қайғы ойласа-ай.



Қайырмасы.

293. ЕЙ-ЕЙ, ШІРКІН

Ендеше ән баяулы-ей, ән баяулы-ей,

Жігіттің жарлы болар-ей, 

 

 



шіркін-ау, жаны аяулы-ей.

Өткізбе өміріңді-ей бостан босқа-ей,

Барады өтіп жалған-ей

 

 



шіркін-ау, күн санаулы-ай.

Жігітке өлең де өнер-ей, өнер де өнер-ей,

Шын жүйрік өрге салса-ей, 

 

 



шіркін-ау, өршеленер-ай.

Жігіттер, осындайда-ей талпынып қал-ей,

Шырағың жанып тұрған-ей, 

 

 



шіркін-ау, бір күн сөнер-ай.

170

171


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

294. ЕКЕУ-АЙ

(1-нұсқа)

Ай қараңғы, кеш жарық,

Таңда шолпан сайрашы.

Дүниеден дүние,

Дүние өтеді, ахау!

Оймақсыздың қолынан ине өтеді, құрбым-ай,

Ойнарыңның барында, ойна дағы, ой, ахау!

Сұм жалғанның түбіне кім жетеді, құрбым-ай.



295. ЕКЕУ-АЙ

(2-нұсқа)

Айт дегенде өлеңді, аярым жоқ,

Желісім бар азырақ, аяңым жоқ, екеу-ай.

Тіршіліктің барында ән салайық-ай,

Көпшіліктен отырған, аярым жоқ, екеу-ай.

Қайырмасы:

Жан сәулем, жаным-ай,

Сен кезіктің-ау маған.

Әніңе сал, қалқам,

Жастық шақты-ай.

Жан, жан құрбы, жаным-ай,

Жақындашы-ай, екеу-ай.

296. ЕКЕУІМ-АЙ

(1-нұсқа)

Қолымда бір қамшым бар өрілмеген,

Біреуге өріп бер деп берілмеген.

Жөніңді айтшы, қалқатай, танысайық,

Қандай жансың көзіме көрінбеген.


172

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



297. ЕКЕУІМ-АЙ

(2-нұсқа)

Ендеше, сылдыр үзбе, ай, сылдыр үзбе, екеуім-ай,

Қасыңа біз келгенде білдіңіз бе, ай.

Тұсына ауылыңның, ай, келіп қалдық, екеуім-ай,

Етесіз қандай сыйды енді бізге, ай.

Ендеше, қу ырғайлы, ай, қу ырғайлы, екеуміз-ай,

Қу ырғай отқа салса, дуылдайды-ай.

Мен сізді көргенім жоқ, ай, естуім бар, екеуім-ай,

Сыртыңнан көрген жандар шуылдайды-ай.

Ендеше, қара атымды, ай, қара атымды, екеуім-ай,

Жаямын сізге қарай қанатымды-ай.

Албанды алты болыс араладым, екеуім-ай,

Таппадым сізден өзге жаратымды-ай.

298. ЕКЕУІҢ ДЕ АҚ СҰҢҚАР

Айт десеңіз айтайын, айдай, он бес-ей,

Асауынан үйреткен тайдай он бес, сәулем-ай.

Тіршіліктің барында ойна да күл-ей,

Қайта айналып келмейтін қайран он бес, сәулем-ай.

Қайырмасы:

Бірің—қайың, бірің—тал,

Бірің—шекер, бірің—бал.

Қайсыңды қалайын,

Екеуіңде ақ сұңқар.

Мен үйрендім өлеңді он жасымнан-ей,

Денем ауыр тартады қорғасыннан, сәулем-ай.

Жер-су баспас тайпалған жорғадағы-ей,

Қартайған соң танбай ма жорғасынан, сәулем-ай.

Қайырмасы.


172

173


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

299. ЕКІ БАЛА, ҚАРАҒЫМ

Дүние, қудым сені бала жастан-ау,

Шаруаның аз-көбіне қарамастан-ау.

Екі-де бала, қарағым-ау,

Ілгері болсын, талабың-ау, ай.

Барында гүл-жазыңның, ойна да күл-ау,

Барады өтіп дәурен, ғазиз бастан-ау.

Екі де бала, қарағым-ау,

Ілгері болсын, талабың-ау.

300. ЕКІ БІРДЕЙ ҚОС ЖИРЕН

Ауылымның қонғаны қарағайлы-ей,

Қарағайды қалың мал аралайды, хай-ли-ли-ләй.

«Сабыр түбі—сары алтын» деген екен-ай,

Бір нәрсеге асыққан жарамайды, хай-ли-ли-ләй.

Қайырмасы:

Екі бірдей қос жирен,

Бастарында жез жүген.

Қанатың болса ұшып кел,

Кешкі-ай салқын желменен.

Теріп бердім Алтайдың қымыздығын-ай,

Шөлдегенде ішпейді қымызды кім, 

    хай-ли-ли-ләй.

Сағынып бір өзіңді салған әнім-ай,

Алты тесік үніндей сыбызғының, 

    хай-ли-ли-ләй.

Қайырмасы.


174

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



301. ЕКІ ҒАНА ЖИРЕН-АЙ

Ахай, айдай айтылар сөз басында, ахау,

Алыстамай, қалқатай, кел қасыма, сәулем-ай.

Сен есіме түскенде қимас қалқа, ахау,

Жуайыншы бетімді көз жасыма, сәулем-ай.

Қайырмасы:

Ат байладым шарбаққа,

Ауылыңа бармаққа.

Суда балық сен болсаң,

Ілінерсің қармаққа. 

302. ЕКІ ЖИРЕН

Ақ маңдай, нұрың қызыл, қара қасың-ей,

Ақ саусақ ұзын біткен, қолаң шашың-ай.

Серт берген аузыңнан, жан серігім-ей,

Дерт болды-ау сен жоқ жерде ішкен асым-ай.

Қайырмасы:

Ей, екі-ай жирен,

Жалғанда жарығымсың,

Жаным сүйген-ай.



303. ЕКІ СӘУЛЕМ

Көшкенде жылқы айдаймын сарыменен,

Қорғасын мылтық аттым, дәріменен.

Өзге емес, сендер үшін, қос қалқатай,

Аулыңның араз болдым бәріменен.


174

175


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қайырмасы:

Екі сәулем,

Аман бол!

Ауылы қос қалқаның кетті шалғай,

Бізден сәлем айта бар дұғай-дұғай.

Қайтейін, әлі күнге армандамын,

Шалғай кеткен аулына бір бара алмай.

Қайырмасы.

304. ЕКІ-АЙ БЕЛ

Жетпіс екі жасым бар, жылым—мешін,

Кім біледі өлімнің ерте-кешін.

Қайырмасы:

Екі-ай бел,

Қалипа, Жамал қара көк,

Сағындым, сәулем келер деп.

Қалағаның біздерден өлең болса,

Айтып өлең берейін тапсам ебін.



Қайырмасы.

Қызыл гүлсің дегенде, қызыл гүлсің,

Арты күлмей көзіңнің алды күлсін.

Қайырмасы.

Көрмегелі өзіңді көп ай болды,

Ендігісін, құрбыжан, ішің білсін.

Қайырмасы.


176

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



305. ЕКІ-АЙ КӨК

Есік алды қара су өткелі жоқ, сәулем-ау,

Өткелі жоқ суыңнан өткенім жоқ.

 

 



Екі-ай көк,

 

 



Айналып жалған келер жоқ-ай.

Бір құдайға шет болсаң, өзің шет бол, сәулем-ау,

Сені тастап ешқайда кеткенім жоқ.

 

 



Екі-ай көк,

 

 



Айналып жалған келер жоқ-ай.

Айналайын көзіңнен күлімдеген, сәулем-ау,

Басқан ізің артыңнан білінбеген.

 

 



Екі-ай көк,

 

 



Айналып жалған келер жоқ-ай.

Үш ұйықтасам ойымда бар ма менің, сәулем-ау,

Сенен, сәулем, айырылып қалам деген.

 

 



Екі-ай көк,

 

 



Айналып жалған келер жоқ-ай.

306. ЕКІ-АЙ, ҚАЛҚАМ

Барады аулым көшіп Ылайкөлге,

Жарасар дүрия мешбет қынай елге-ай.

Қайырмасы:

Екі-ай қалқам,

Сізден қорқам.

Қайтейін қылығыңды әттең, қалқам.

Құшақтап құс жастықты жылай көрме-ай.

Қайырмасы.


176

177


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

307. ЕЛ ҚАЙДА

Ел қайда, Еділ қайда, Нұра қайда-ай,

Ешбір жан біздің жайды-ой, дүние-ау, 

    сұрамайды-ау.

Шет жерде ажал жетіп өліп кетсем-ай,

Ешбір жан бауырым бар деп-ой, дүние-ау,

    жыламайды-ау.

Қарағым, қарындасым, құрбыласым-ай,

Өзіме қастық қылды-ай, жан жолдасым-ай.

Айырылып еркіндіктен кетіп барам-ай,

Артымда не болды екен, ой, дүние, ау, 

    мал 


мен 

басым-ау.

Шығып ем ауылымнан баяғыда-ау,

Бір тұсау түсті менің, ой, дүние-ау, аяғыма-ау.

Жетпісте әкем қанша жылады екен-ай,

Сүйеніп дөң басында, дүние-ау, таяғына-ау.



308. ЕЛ ҚАЙДА, ПЕРИЗАТ

Бірге өскен кішкентайдан, қалқатайым,

Келмейді сенсіз сәнім, ешбір жәйім.

Қосылған қиуадан, қимас қалқам,

Сәулемсің, нұрландырған жарық айым.

Үш қалампыр, бес кәмпит, бір бауырсақ,

Стақаннан шәй ішкен алтын саусақ.

Ғашық едім сыртыңнан асыл затым,

Ақ жүзіңді көре алмай жүрмін аңсап.

309. ЕЛІМ ҚҰЛЖАДА-АЙ

Қарайғанға қараймын қабан ба деп-ау,

Қамшылаймын атымды шабам ба деп, ау, угәй.

12-0262


178

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Елім Құлжада-ай,

Көңілім сені болжады-ай.

Есімде бар, өскен жер, ой мен қырың,

Кім ойлаған қолда деп сені бұрын, ау, угәй.

Елім Құлжада-ай,

Көңілім сізді болжады-ай.

Күлсең күлкі жарасқан құрбыларым,

Айың өтті сағынып, міне, бүгін, ау, угәй.

Елім Құлжада-ай,

Көңілім сізді болжады-ай.



310. ЕНДІ АМАН БОЛ

(1-нұсқа)

Алтын ерді көтеріп атқа салдым-ей,

Қазине деп атыңды хатқа салдым-ей.

Енді аман бол-ай.

Жатсам ұйқым келмейді, тұрсам күлкім-ей,

Бір сен үшін жанымды отқа салдым-ей.

Енді аман бол-ай.

Сен де арманда, қалқатай, мен де арманда-ей,

Екі арманда жылайды айрылғанда-ей.

Енді аман бол-ай.

Қарай-қарай артыма мойным талды-ей,

Нең кетеді артыңа қайрылғанда-ей.

Енді аман бол-ай.

311. ЕНДІ АМАН БОЛ

(2-нұсқа)

Өлеңімнің басы еді-ай, айым-қайым,

Саздау жерге бітеді, тал мен қайың.


178

179


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қайырмасы:

Ал, угәй, ириәй-ау,

Енді аман бол-ай.

Бір айтыссам өзіңмен-ай, деп жүруші ем,

Келді-ау бүгін қисыны, қалқатайым.

Қайырмасы.

Өлең ойдан болғанда-ай, ән көмейден,

Қиуада кез болдым бірегеймен.

Қайырмасы.

Барар жолды жаныңа-ай өзің нұсқа,

Қайтсем көзді жазбаймын, қалқам сенен.

Қайырмасы.

312. ЕНДІ АМАН БОЛ, ЖЕҢЕШЕ-АЙ

Дәйім менің мінгенім ұзын құла ат,

Екі жағы Қобданың малға суат.

Қайырмасы:

Ей, машине мараш-ай,

Енді аман бол, жеңеше-ай.

Аулың алыс кеткенде туыстарым,

Осы әніме сала жүр дәтке қуат.

Қайырмасы.


180

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



313. ЕРКЕМ

Дүние опа болмайды пендесіне, ахоу,

Жан таң қалар жақсы аттың жем жесіне.

 

 



Еркем, еркем, еркем!

Атағанмен жаманға сөз жемейді, ахоу,

Құдай өзі салмаса зердесіне.

 

 



Еркем, еркем, еркем!

Қайырмасы:

Қадірлесім, еркем,

Қадіріңе жетсем,

Еркем, еркем.

Су ағады арықтан шыр айланып, ахоу,

Ер жігітке мал бітер бір айналып,

 

 

Еркем, еркем, еркем!



Оралыңның барында ойна да күл, ахоу,

Кім бар, кім жоқ келетін жыл айналып.

 

 

Еркем, еркем еркем!



Қайырмасы.

314. ЕРКЕМ-АЙ

(1-нұсқа)

Ақ қалала ендеше, ақ қалала,

Ақ қалала, жағалай бақ қонады-ау, еркем-ау.

Осындайда, құрбылар, ойна да күл,

Өлгеннен соң, саудырап жақ қалады, еркем-ай.


180

181


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қайырмасы:

Топ қарағай, тал қайың,

Шаршы топта самғайын.

Қос әріптес өзіңе,

Тәтті жырды арнайын.

Мыс қалала ендеше, мыс қалала,

Мыс қалала жағалай құс қонады-ау, еркем-ай.

Осындайда, құрбылар, ойна да күл,

Өлгеннен соң, саудырап тіс қалады, еркем-ай.

Қайырмасы.

315. ЕРКЕМ-АЙ

(2-нұсқа)

Айт дегенде өлеңді тоқталмаймын,

Сыпыра қайың ішінде шоқ талдайын.

Қайырмасы:

Еркем-ай,

Мына қызық, тамаша

Тағы болсын ертең-ай.

Сұрағаның біздерден өлең болса,

Ақ қағаздан алдыңа тақтайлайын.



Қайырмасы.

Ұстағаным қолыма алтын құрық,

Ақ сұңқарды ұшырдым талпындырып.

Қайырмасы.


182

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Бас қосқанда өлеңді біз айтайық,

Бізден бұрын өткеннің салтын құрып.



Қайырмасы.

316. ЕСТЕН КЕТПЕС ЖИЫРМА БЕС

Ендеше-ай, жез бауырлық, жез бауырлық-ай,

Жаз күні-ай кие алмаймын тонды ауырлап-ай.

Түскенде-ай елім еске, сенер болсаң-ай,

Жылаймын-ау жата қалып жер бауырлап-ай.

Ой, тоба-ай, шапаным бар, шапаным бар-ау,

Етегі-ай елу бір кез, кеудесі тар-ай.

Бұрынғы-ай өтіп кеткен жиырма бес-ай,

Сол жасқа-ай өтіп кеткен боламыз зар-ай.

Аржағы-ау Алматының Мойыл талды-ай,

Жиылып қыз-келіншек ойын салды-ай.

Ойласақ-ай жиырма бес естен кетпес-ай,

Қайырылып-ай қаршығадай мойын талды-ай.

317. ЕСІЛ ЖАР

Қара таудың басына қарай жаттым-ей,

Қара айдарым беліме орай жаттым-ей.

Қайырмасы:

Есіл жар,

Бір көруге болдым зар.

Аулың шалғай кеткенде қалқатайым-ей,

Жолаушыдан жол тосып, сұрай жаттым-ей.

Қайырмасы.


182

183


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

318. ЕСІМДЕ

Ұмытпан өле өлгенше, сәулем, сені,

Ұмытпас деп сенемін, сен де мені.

Асыл еркем есімде,

Қан жұтып, қасірет билеп зарыққанда,

Жүректің іздеп тапқан сенсің емі.



Қайырмасы:

Айтылған әрбір сөзің шықпайды естен,

Бақыт пен махаббаттың лебі ескен.

Жатсам түстен шықпайды, тұрсам естен,

Сол бір жаз, жайлау кеші, біз кездескен.

319. ЕУ-АЙДАЙ

(1-нұсқа)

Көшіп аулым барады Қаулан көлге, еу-айдай,

Қашан кешіп жетеміз таудағы елге-ай.

Қайта айланып көргенше кім бар, кім жоқ, 

     еу-айдай,

Қош айтайын қол қысып бұраң белге-ай.

Көшіп аулым барады Ылай көлге, еу-айдай,

Кәмшат бөрік жарасар қынай белге-ай.

Айрылғаны екі елдің қосылмай ма, еу-айдай,

Айналайын көзіңнен жылай көрме-ай.



320. ЕУ-АЙДАЙ

(2-нұсқа)

Жайлаушы еді біздің ел Қобда бойын-ей,

Бие байлап шалғынға, жасап тойын, еу-айдай.

Сауық құрып, боз бала ән шырқайды-ей,

Қыз-келіншек жиналса, салып ойын, еу-айдай.


184

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы:

Жүгіріп шықтым белеңге,

Сен болмасаң келем бе.

Әдейі іздеп мен келдім,

Той боп жатыр дегенге.

Дәйім менің мінгенім құла мойын-ей,

Қыз-бозбала сылайды тұла-бойын, еу-айдай.

Сауық құрып сайрандап ән шырқайды-ей,

Жігіт-желең жиылып, салып ойын, еу-айдай.

Қайырмасы.

321. ЕУ-АЙДАЙ

(3-нұсқа)

Қара таудың басында қақ тұрмайды, еу-айдай,

Жалғыз құлан далада аттырмайды.

Қайырмасы:

Бал қайнат,

Шай қайнат.

Ақырын жағып,

Жай қайнат.

Қиқу, Мақпал қыз да араз,

Қыздарменен біз де араз.

Келесің деп қыз да араз,

Келеміз деп біз де араз.

Соныменен күнде араз,

Болып жүрміз мүлде араз.

Алтын-ай, Күміс-ай,

Өзің біл, қалқам, Күніш-ай.


184

185


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қызды ауылдың сыртынан ән салғанда, еу-айдай,

Қызы бар үй қыржыңдап жақтырмайды.

322. ЖАЗ БОЛСА

Жаз болса жердің жүзі жайнап тұрған,

Ән шырқап бұлбұл құстар сайрап тұрған.

Болғанда қырық күн шілде сарша тамыз,

Ыстық боп жердің жүзі қайнап тұрған.

Қайырмасы:

Әй, айым-ай, күнім-ай,

Айхай,

Жаздың күні майдай-ай!



Бөленген жердің жүзі жасыл жібек,

Күлімдеп күнге қарап қылған тілек.

Қалған жоқ елжіремей тастан басқа,

Жан сәулем, тас болды ма сіздің жүрек.



Қайырмасы.

323. ЖАЙ БҰРАҢ БЕЛ

Тау нұраған дегенде-ей, тау нұраған,

Таудың тасы етекте саудыраған,

   дей 


салдым-ай.

Алыс ауылың кеткенде, қимас қалқа,

Айналайын көзіңнен жаудыраған,

   дей 


салдым-ай.

Қайырмасы:

Жай бұраңбел, жаутаң көз,

Жайды білсең, айтам сөз.


186

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Екеуім-ай, үкілі кер,

Майда жал жетегім бар,

 

 

дей салдым-ай.



Салторы атқа салғаным өмілдірік,

Жылқы айдаймын көшкенде төгілдіріп.

Ауылың алыс кеткенде, қимас қалқа,

Қабырғамды кеттің ғой сөгілдіріп.



324. ЖАЙҚОҢЫР

Қарағым, айналайын, ақылыңнан,

Жат жақсы, болсаң таныс жақыныңнан.

Ағайын бірге туған болса жаман,

Тартады итше тістеп тақымыңнан.

Бой керек, ақыл керек, мінез керек,

Ақылға өзің теңдес болсаң зерек.

Ағайын бір өлі де, бір тірі де,

Алыстан сондай кезде жақын керек.

325. ЖАЛҒАН

Немене өлең деген-ей, білген құлға-ей жалған,

Сыйлаған ата-енесін адал ұлға.

Үри-әу, айым, күнім әйду-ай.

Сыйласа ата-енесін-ей, адал ұлға-ей, жалған,

Дәулетің дами берсін жылдан-жылға.

Үри-әу, айым, күнім әйду-ай.

Өлеңді айт дегенде-ей, ере алмайын-ей, жалған,

Барады өтіп жасым сене алмаймын.

Үри-әу, айым, күнім әйду-ай.



186

187


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Келіппіз елу жасқа-ей, жас ортасы-ей, жалған,

Айналып жиырма беске келе алмаймын.

Үри-әу, айым, күнім әйду-ай.



326. ЖАЛҒАН-АЙ

Екі ішекті домбыра қолға алайын,

Құрметіне балалар ән салайын, жалған-ай.

Жүйрік айғыр баласы ат ұстайды,

Ол өнерден мен неғып құр қалайын, жалған-ай.

Өтеді екен бұл дәурен талайдан да,

Жан жүрмеген бір кезде маңайдан да, жалған-ай.

Сізден де өтер дүние, бізден де өтер,

Мұратына қай ғашық жылдам жетер, жалған-ай.

Кемеліне жеткізіп келтіргенше,

Сұм дүние бір-ақ күнде тез-ақ өтер, жалған-ай.


Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 1.84 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет