МҰра ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес ċ ģ ė Ē ĝı Ĝ ĝē 100 ÎÌ 4



жүктеу 1.84 Mb.

бет7/19
Дата11.01.2017
өлшемі1.84 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

240. ГАУҺАР ҚЫЗ

Той базар, таулай базар тойлай келдім,

Қолға алып алтын сақа ойнай келдім-ай.

Бұл тойда тамырым да, танысым жоқ,

Өзіңмен айтыссам деп ойлай келдім.

Қайырмасы:

Әсем көмей бұлбұл-ай,

Ән еркесі—дүл-дүл-ай.

Ахау, Гауһар қыз,

Алма мойын қоңырқаз-ай.

Мен өзім той боларын біліп келдім,

Сары алтын ырғай мойын мініп келдім-ай.

Думанды ұлан-асыр той болсын деп,

Бозбала қыз-келіншек жиып келдім.

Қайырмасы.

241. ГӘККӘЙ

Көлде үйрек, көкте тұйғын, жерде қарға,

Сауысқан шықылықтап қонар талға.

Сандуғаш, сары шымшық, шөже торғай,

Ұшқан соң бәрі де құс шара бар ма?

Қайырмасы:

Қара судың қабағы-ай,

Бетінде ойнар шабағы-ай.

Қыз он беске келгенде,

Жұпар аңқыр тамағы-ай,

Қызықты жалған,

Ига-гай-гәккай.


142

143


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Сықылды қоңырала үйрек,

Түскенде сәулем еске

Өкіндім, айуай.

Бозторғай, бозша торғай, боз бұлдырық,

Барады заман өтіп зыр жүгіріп.

Тілегін қыз-бозбала берген болса,

Замана тұра тұрса аз кідіріп.



Қайырмасы.

242. ГҮЛ ӨЗІҢ-АЙ

Ендеше, өлең де өнер, оу, өнер де өнер,

Жүйрік ат өрге шапса, өршеленер.

Қайырмасы: 

Гүл өзің-ай!

Отырған гүл-гүл жайнап

Мінезің-ай!

Күл де ойна гүлің барда, оу, тіршілікте,

Шырағың жайнап тұрған бір күн сөнер.



Қайырмасы.

Қарасаз біздің ауыл, оу, Бөгелінде,

Бөгелдің қой тоқтамас кемеріне.

Қайырмасы.

Күл де ойна күнің барда, оу, беу қарағым,

Келерсің сен де бір күн кемеліңе.

Қайырмасы.


144

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



243. ГҮЛ-ГҮЛ, ЖАМАЛ

Ән салсаң, өзімдей сал-ау, аршындатып-оу,

Қоямын анда-санда басын тартып.

Қайырмасы:

Гүл-гүл, Жамал-ай,

Таңғы жел соққан самалдай.

Үніндей граммофонның қайран даусым-оу,

Барады барған сайын баршын тартып.

Қайырмасы.

Дүние ойлап тұрсам-оу, шолақ екен-оу,

Жастықта ақыл-қайрат мол-ақ екен.

Қайырмасы.

Жиырма бес, отыз бес, қайран он бес-оу,

Үшеуі үш күн қонған қонақ екен.

Қайырмасы.

244. ГҮЛ-ГҮЛ-АЙ

Айт дегенде өлеңді тұрыс болмас,

Жақсы адамның көңілінде бұрыс болмас.

Қайырмасы:

Бүгіл, бүгіл, гүл-гүл-ай,

Жаңа заман, жаңа жыл-ай,

Ендігісін өзің біл-ай.



144

145


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Айт деген соң өлеңді айта берме,

Өлең шіркін біздерге ырыс болмас.

Қайырмасы.

Біздің ауыл жоғары Сыр болады,

Көп тағылса қалампыр, кір болады.

Қайырмасы.

Тіршілікте жүрейік сіз-біз десіп,

Дәурен екі болмайды, бір болады.

Қайырмасы.

245. ГҮЛДАРИҒА

Көзіңнің айналайын қарасынан,

Жүректің хат жазайын санасынан,

   Гүлдариға-ай.

Үстіңнен дүрия бешпет шешіп берген,

Қолыңның айналайын саласынан,

   Гүлдариға-ай.

246. ГҮЛДЕРАЙЫМ

Арқауы ең өмірімнің, қалқа, жаным,

Сен едің, бұл жалғанда бар арманым.

Қайтейін, кеттің шалғай, қалдым зарлай,

Болғанмен сыртым бүтін, ішім жалын.

Қайырмасы:

Гүлдерайым,

Күн мен айым,

Дариға-ай.

10-0262


146

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Арманым көп не қылайын,

Гүлдариға-ай!

Жапанға жалғыз біткен едің шынар,

Жасыңнан дидарыңа болдым құмар.

Көре алмай ақ жүзіңді армандамын,

Көңілім құмарланған қашан тынар.



Қайырмасы.

247. ГҮЛДІ РАЙХАН

Басында биік таудың жалғыз терек,

Жігітке сыр шашпайтын жолдас керек.

Дүние ойлап тұрсаң, түпсіз дария,

Батпайтын дарияға кеме керек.

Қайырмасы:

Гүлді Райхан,

Бағи бостан.

Не пайда күлмей өткен,

Шіркін, жастан.

Басында биік таудың қос барабан,

Ағады бұлақтары сай-саладан.

Жақындап атқа мініп келгенімде,

Қиылып мөлдір көзбен бір қараған.

Қайырмасы.

248. ГҮЛМАРИЯ

Қарақаттай қос көзің гүл жайнайды,

    жеңеше-ай,

Ісің менен мінезің жанға жайлы.



146

147


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қайырмасы:

Жеңеше-ай,

Әнің қалай демеші-ай.

Гүл-гүл мақпал, гүлмария-ай,

Көлденеңдей жөнелші-ай.

Қара қасың жіңішке, жазық маңдай,

    жеңеше-ай,

Таңғаламын көркіңе туған айдай.



Қайырмасы.

249. ГҮЛПӘТИМЕ

Қара су есік алды бойламадым,

Келерін кәріліктің ойламадым-ей.

Қайырмасы:

Күлім көз, айдай,

Аулым қайда-ай.

Келерін кәріліктің ерте ойласам,

Айқасып құлын-тайдай ойнамадым-ай.

Қайырмасы.

Мекені ауылымның ойма-қырма,

Қонады бел ағашқа қайтқан тырна.

Қайырмасы.

Түскенде мен есіме, ей, перизат,

Шырқап сап, осы әніме қолың бұлға.

Қайырмасы.


148

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



250. ГҮЛСАРА

Гүлсара, аманбысың, ғашық жарым,

Жоқ болып осы арада өтті-ау зарың.

Аралап, жер мен көкті шарқ ұрсам да,

Амал не, өзіңдей жан таба алмадым.

Қайырмасы:

Сандал-ай кер,

Қайран-ай жер,

Айрылған ел мен жұрттан

Біз мұңлық шер.

Қайғысы Гүлсараның жанға батты,

Сарғайып, сағынумен діңкем қатты.

Ащы зар, ауыр шері маза бермей,

Ақыры ән салғызып, айқайлатты.

Қайырмасы.

251. ГҮЛСІМ-АЙ

Ақ пайғамбар, ендеше, ау, ақ пайғамбар,

    Гүлсім-ай,

Жазым келсе Алладан, жақ байланар-ау!



Қайырмасы:

Гүлсім-ай, Гүлсім-ай,

Жүректің сырын өзің білесің-ай.

Гүлің барда күл де ойна, ау, осындайда,

    Гүлсім-ай,

Үкім келсе Алладан, жақ байланар-ау.



Қайырмасы.

148

149


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Күйген көмір, ендеше, ау, күйген көмір,

    Гүлсім-ай,

Әр нәрсеге жарайды асыл темір-ау.



Қайырмасы.

Оралыңның барында, ау, ойна да күл,

    Гүлсім-ай,

Өлгеннен соң білінбек өткен өмір-ау.



Қайырмасы.

252. ҒАЙНИ, ҒАФУ

Дәйім менің мінгенім күрең дөнен,

Төстен түлкі қашады сүмеңдеген.

Қайырмасы:

Ей, әкигай, аман бол,

Ғайни, Ғафу, заман-ай.

Үш ұйықтасам ойымда бар ма менің,

Өздеріңнен айырылып жүрем деген.

Қайырмасы.

253. ҒАШЫҒЫМ

Дариға, дүниеге неге келдім,

Келдім де бір жемтіктің соңына ердім.

Сене алмай, сендім дерге дос таба алмай,

Екенін өмір пәни-ай енді білдім.


150

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы:

Ғашығым, асылым,

Ғашығым, асылым,

Қайғыңмен-ай жасыдым.

Ғашықпын-ай, тақыт, сабыр ете алмаған,

Мұратқа көп ізденіп жете алмаған.

Қайырса қара қарға қаз алмайды,

Жібекті жүн қылады түте алмаған.



Қайырмасы.

254. ҒАШЫҚ ЖАР

Ай, тіл—бұлбұл, ақыл—дария, көңіл—дүл-дүл,

Сайраған мәуе ағашта сен бір бұлбұл.

Сағынып шөл алыстан іздеп келдім,

Қалқашым, жалындырмай енді өзің біл, ақ-уай.

255. ДАУСЫМ

Даусым ә дегенде бір саңқылдар,

Жел соқса, кәрі түйе үйге аңқылдар.

Жігіттің алған жары жақсы болса,

Алдыңнан аққу ұшып, қаз қаңқылдар.

Дауысым ә дегенде жөнеледі,

Ән таппай біразырақ бөгеледі.

Көршілер, осындайда ойна да күл,

Қолыңнан қартайғанда не келеді.


150

151


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

256. ДЕДІМ-АЙ, АУ

(1-нұсқа)

Біздің ауыл сұрасаң, күз өткелде,

Тамылжыған жаз еді, біз өткенде,

    дедім-ай, 

ау.

Бәйге атындай тықыршып тұра алмаймын,



Оң жағымнан күлімдеп, сіз өткенде,

    дедім-ай, 

ау.

Қайырмасы:

Япырмай, сенің қабағың-ай,

Ақ шағидай тамағың-ай.

Иісің жұпар аңқыған-ай,

Қайда келдің, қарағым-ай.

Біздің ауыл сұрасаң бүргенді жер,

Тамағыңның астынан күн көрінер,

    дедім-ай, 

ау.

Ауылың алыс кеткенде, ей, қарағым,



Сендей болып көзіме кім көрінер,

    дедім-ай, 

ау.

Қайырмасы.

257. ДЕДІМ-АЙ, АУ

(2-нұсқа)

Бір жұлдыз бар аспанда айдан жақсы,

Бір құлын бар жылқыда тайдан жақсы,

    дедім-ай-ау.

Бір сөз айтсаң жаманға қортаңдайды,

Қорғасындай балқытқан қайран жақсы,

    дедім-ай-ау.


152

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы:

Ақ алманың ағындай-ау,

Ақ күріштің сағындай-ау,

Ауылың алыс кеткен кезде,

Не қып жүрсің сағынбай-ау.

Ауылымның қонағы Құзөткелде,

Қоңырсыған күз еді біз өткенде,

    дедім-ай-ау.

Бәйге атындай тықыршып тұра алмаймын,

Оң жағымнан күлімдеп сіз өткенде,

    дедім-ай-ау.

Қайырмасы:

Алма ағаштың бүріндей-ау,

Текеметтің түріндей-ау.

Өтіп дәурен бара жатыр,

Сіз бен бізге білінбей-ау.

258. ДЕДІМ-АЙ, АУ

(3-нұсқа)

Құба жетер, тағы да, құба жетер,

Көшкен елдің қадірі қонғанда өтер, дедім-ай-ау.

Ойнап-күлсең жастарым келешекте,

Мына дәурен басыңнан әлі-ақ өтер, дедім-ай-ау.

Қайырмасы:

Қағазға жаздым қаламды,

Қалауың болсын, ал енді.

Арқар, құлжа деген соң арқар, құлжа,

Атып алсам құлжаның терісі олжа, дедім-ай-ау.


152

153


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Бұл жалғанда, жастарым, ойна да күл,

Ойнап-күлсең өзіңе тегін олжа, дедім-ай-ау.

Қайырмасы.

259. ДЕЙ САЛДЫМ-АЙ

(1-нұсқа)

Сенде арманда, қалқатай-ей, мен де арманда,

Екі арманда жылайды айрылғанда, 

    дей 


салдым-ей.

Кішкентайдан бірге өскен-ей құрбым едің,

Нең кетеді артыңа қайырылғанда, 

    дей 


салдым-ай.

Қайырмасы:

Ей, екеуім-ай,

Екеуім-ай.

Үкіліктер жүрмейді,

Жетегіме дей салдым-ай.

Қош болғайсың қалқатай-ей, қош болғайсың,

Боз жорға аттың тізгінін бос салғайсың, 

    дей 


салдым-ай.

Ұмытпай жүр, қалқатай, ұмытпай жүр,

Екінші рет кез болсаң, еске алғайсың, 

    дей 


салдым-ай.

Қайырмасы.

260. ДЕЙ САЛДЫМ-АЙ

(2-нұсқа)

Мәсі қымбат базарда бас киімнің,

Мал мен басы өнбейді қаскүнемнің, 

    дей 


салдым-ай.

154

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Өлең дауысын сағынып жүргенімде,

Даусы қайдан шығады қос күреңнің, 

    дей 

салдым-ай.



Қайырмасы:

Айналайын, қарағым,

Ауылыңа барамын.

Е-ей! Екеуіңе,

Үкілі кер байладым жетегіңе, дей салдым-ай.

Жай бұраң бел, жаутаң көз,

Жайды білсең айтам сөз.

Е-ей! Екеуіңе,

Үкілі кер байладым жетегіңе, дей салдым-ай.

Дәм татайық бұйырса, шәй қайнаса,

Еті қызар шын жүйрік айқайласа, дей салдым-ай.

Оралыңның барында ойна да күл,

Не болады жас жігіт қайғы ойласа, дей салдым-ай.

Қайырмасы.

261. ДЕЛДАР-АЙ

Қыздар қыршын, ендеше, қыздар қыршын-ей,

Қызықтырып ойнаған ойның құрсын-ай.

Күндіз айтқан сөзіңнен, түнде танып-ей,

Сипалатып қойдың ғой жүктің бұрышын-ай.

Қайырмасы:

Дуай, дуай, дуай шек,

Теке мойын әк-мәк.

Болып дедім делдар-ай,

Дел-дал қылған қыздар-ай.


154

155


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

262. ДЕП АЙТАМ

(1-нұсқа)

Қарағайдан тал жақсы, түзеткенге, ахау,

Жылқы деген мал жақсы, күзеткенге,

Деп айтам-ау.

Бәйге атындай тықыршып тұра алмаймын, ахау,

Дәл жанымнан, қалқатай, сіз өткенде,

Деп айтам-ау.

Қайырмасы:

Жүгіріп шықтым белеске,

Құлағыңды сал кеңеске.

Осы отырған отырыс,

Бір ғанибет емес пе-ай.

263. ДЕП АЙТАМ

(2-нұсқа)

Өлең де жоқ, ән де жоқ салмағанға-ей,

Армандадым аулыңа бармағанға деп айтам.

Жатсам ұйқым келмейді, тұрсам күлкім-ей,

Ойнап-күліп мейірім қанбағанға деп айтам.

Қайырмасы:

Жүгіріп шықтым белеңге,

Сен болмасаң келем бе?

Әдейі іздеп мен келдім,

Той боп жатыр дегенге.

Қош болғайсың, құрбыжан, қош болғайсың-ей,

Өзім деген құрбыңмен дос болғайсың деп айтам.

Бір табақтан дәм татқан құрбым едің-ей,

Сәлем жолдап біздерді еске алғайсың деп айтам.

Қайырмасы.



156

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



264. ДИДӘКУ

Ән қайда-ай, дидәкудей, бозбалаға,

Жарасар дүрия бешпент қызбалаға-ай, ау.

Құбылтып-ай, дидәкуге салғанымда,

Жан қалқа, сенің жаның қозғала ма-ай, ау.

Қайырмасы:

Ахау, айым, сәулетайым,

Дидәку шаттанғанда,

Салған әнім-ай, ау.



265. ДҮНИЕ

(1-нұсқа)

Не тәтті бұл дүниеде, бала тәтті,

Мейірімсіз малқұмардың ділі қатты.

Өгей емес, өзімнің әке-шешем,

Әлпештеген баласын малға сатты.

Ауылым Алатаудың етегінде,

Қосылған ғанибет қой өз теңіне.

Ерік жоқ қыз болған соң бір басыңда,

Кетесің мал бергеннің жетегінде.

266. ДҮНИЕ

(2-нұсқа)

Дүние, дүниеден дүние жалған-ей,

Күлмеген, ойнамаған қапыл қалған, әй-угай.

Күл де ойна, гүл-гүл жайна, осындайда-ей,

Қызығы дүниенің әнге салған-әй-угай.


156

157


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Дүние қудым сені бала жастан-ей,

Өмірдің аз-көбіне қарамастан, әй-угай.

Күл де ойна, гүл-гүл жайна, осындайда-ей,

Бұл дүние әлі-ақ өтер ғазиз бастан, әй-угай.

267. ДҮНИЕ-АЙ

(1-нұсқа)

Қудым сені дүние бала жастан-ай,

Аз-көбіне дәулеттің қарамастан, дүние-ай.

Оралыңның барында ойна да күл-ай,

Не кетеді, не келіп ғазиз бастан, дүние-ай.

Қайырмасы:

Былтыр құлын, биыл тай,

Қолда жоқтың қиыны-ай.

Диірменнің тасындай,

Дөңгеленген дүние-ай.

268. ДҮНИЕ-АЙ

(2-нұсқа)

Сенен де өтер дүние, менен де өтер,

Өтерінде бұл жалған не көрсетер.

Оралыңның барында ойна да күл,

Осы жалған опасыз алдап кетер.

Қайырмасы:

Кеше құлын, бүгін тай,

Қолда жоқтың қиыны-ай.

Ұстараның жүзіндей,

Төңкерілген дүние-ай.


158

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Көктей дүние, ендеше көктей дүние,

Қауызынан айрылған сөктей дүние.

Арқандаған аттайын армандамын,

Аз ғана күн тұрсаңшы өтпей дүние.



Қайырмасы.

269. ДҮНИЕ-АЙ

(3-нұсқа)

Досым жайлы, ей, қалқа, досым жайлы-ай,

Ынтымағы жаманның қосылмайды, дүние-ай.

Алды-артын ойлайтын ер азамат-ай,

Дүниеге масаттанып отырмайды, дүние-ай.

Қайырмасы:

Ебелек деген шөп екен,

Қыз-бозбала көп екен.

Бірге тумақ болса да,

Бірге жүрмек жоқ екен!

Өлең қайдан шығады, сөз болмаса-ай,

Кім жетелеп жүреді, көз болмаса-ай, дүние-ай.

Бұл жалғаның болар ма еді-ай,

Сегіз қырлы жігіт пен қыз болмаса, дүние-ай.

Қайырмасы.

270. ДҮНИЕ-АЙ

(4-нұсқа)

Алқызыл көрінеді қашқан түлкі,

Жігіттің қайда қалмас жиған мүлкі.

Төменнен жоғарыға қол сермеймін,

Болсын деп, шіркін, көңіл көтеріңкі.


158

159


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қайырмасы:

Япырмай, мынау менің өлеңім бе,

Ақылға дариядай зерегім бе.

Білмеймін өңім қайсы, түсім қайсы,

Білмедім саған арнап не дерімді.

Дүние, ойлап тұрсаң, шолақ екен,

Адамзат бір күн қонған қонақ екен.

Қызарған қызғалдақтай қайран он бес,

Қар жаумай, көктем түспей солады екен.

Қайырмасы.

271. ДҮНИЕМ-АЙ—МӘЖІЛІС

Ауылым менің Масаттың өзенінде,

Қыздар өктем сөйлейді өз елінде.

Қайырмасы:

Дүнием-ай—мәжіліс,

Ойхой, заманым-ай!

Қалай айтсаң, ойлай айт, қыз балалар,

Еркің сенің, ойласам, өз еліңде.

Қайырмасы.

Елім отыр Масаттың қабағында,

Ішкен асың бұйырсын тамағыңа.

Қайырмасы.

Сыйламасаң, сыйласаң тәбиятың,

Құдай айдап кеп қалдық жанабыңа.

Қайырмасы.


160

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



272. ДІЛДӘШ-АЙ

Мекені біздің елдің қара терек,

Өлеңге он жасымнан болдым зерек.

Қайлілі-ләйлім,

Ділдәш-ай.

Көпшілік құрметіне ән салайын,

Мұндайда босқа отырып неге керек.

Қайлілі-ләйлім,

Ділдәш-ай.

Аспанда үркер алтау, шолпан жалғыз,

Домбыра екі ішекті қолға алғанбыз.

Қайлілі-ләйлім,

Ділдәш-ай.

Мұндайда босқа отырып жарамайды,

Көпшілік құрметіне ән салғанбыз.

Қайлілі-ләйлім,

Ділдәш-ай.

273. ЕЙ, АЙНА-АУ

Жанған оттай жалтылдап екі көзің,

Әлі есімнен кетпейді, ей, Айна-ау, айтқан сөзің-ай.

Қайтып айтсам өзіңді, келіседі,

Жаралған сәтті күні, ей, Айна-ау, жансың өзің-ай.

274. ЕЙ, АҚМАРАЛ

Басылмас қартайғанша-ей жастық серпін,

Жасымнан еркеледім емін-еркін.


160

161


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қайырмасы:

Ей, Ақмарал,

Сұлу бикеш,

Жан сәулем.

Келмейді тұрсам күлкім-ей, жатсам ұйқым,

Сіңірмес ішкен асты сенің дертің.



Қайырмасы.

Бұлбұлдың даусы жақсы-ей сайрағанда,

Тарантас қозғалады майлағанда.

Қайырмасы.

Өтпейді ішсем асым-ей тамағымнан,

Қалқатай не болар деп ойлағанда.

Қайырмасы.

275. ЕЙ, АХАУ

(1-нұсқа)

Жылқымды айдап салдым Шиліөзекке,

Жығылдым атып тайып қу тезекке-ай.

Барында тіршіліктің күліп-ойна,

Қалайық ойнап-күліп бір кезекке-ай.

Қайырмасы:

Ей, ахау,

Ахау, бикеш,

Қозы Көрпеш,

Сала жүр осы әнімді

Ертеңді-кеш-ай.

11-0262


162

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



276. ЕЙ, АХАУ

(2-нұсқа)

Келеді жоғарыдан-ай, ой-оу,

   тайды 

мінген-ай,

Жүрмейді жота жолмен, ей, ахау,

   сайды 

білген-ай.

Өзіңе түсінер деп-ай, ой-оу, 

   айтамын, 

ай-ау,


Баласы текті ауылдың, ей, ахау,

   жайды 

білген-ай.

Ұстадым жиренімді-ай, ой-оу,

   жиренімді-ай,

Көрдің бе сұлу жирен, ей, ахау,

   мінгенімді-ай.

Қалқатай, ауыр болса, ой-оу, 

   ойыңа 

алма-ай,


Мен айтамын көңілдегі, ей, ахау,

   түйгенімді-ай.



277. ЕЙ, АЯУЛЫМ-АЙ

Бұл жалған-ау, опа қылмас пендесіне,

Жақсы аттың жан таң қалар жем жесіне, 

    ей, 


аяулым-ай.

Бұрынғы-ау өткендерден қалған мұра—

Еркелер жақсы қайын жеңгесіне, 

    ей, 


аяулым-ай.

Қайтейін-ау жасым жетіп қалғаннан соң,

Кәрі өлең түспей отыр енді есіме, ей, аяулым-ай.

Пірәдар-ай, есің болса, ескер мұны,

Әркім-ақ назын айтар теңдесіне, ей, аяулым-ай.


162

163


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

278. ЕЙ, БҰЛБҰЛ-АЙ

Құлакермен аулыңа аяңдайын,

Жүрек сырын өзіңе баяндайын.

Ұға алмасаң жүректің ләззатын,

«Жан сәулем» деп айтудан аялдайын.

Қайырмасы:

Ей, бұлбұл-ай, бұлбұл-ай,

Алтыннан сырға қима бел.

Сауықшыл сайран біздің ел,

Еу, айдай.

Көк ала үйрек ұшады аспанменен,

Таң ата ма мезгілсіз сасқанменен.

Кісі жары кісіге жар болмайды,

Қанша мақтап өлеңге қосқанменен.

Қайырмасы.

279. ЕЙ, ҚАЛҚА

Мен шақырдым, келсең кел ауылыма,

Жіберейін бір сипап-ей, қалқа, сауырыңа-ай.

Ақ білекті мойныңа арта салсам,

Болып жүрме тигендей-ей, қалқа, 

 

 



 

 

       жауырыңа-ай.



280. ЕЙ, ҚАЛҚА-АУ

Бәйгеге қосып жүрген-ай жүйрік жирен-ай,

Үкілеп жал құйрығын-ай, ей, қалқам, 

    өзім 

түйген-ай.


164

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қалықтап ұлы тойда-ей ән салғанда-ей,

Көре алмай кетіп қалар-ей, қалқау, 

    іші 

күйген-ай.



281. ЕЙ, ҚАРҒАШ-АУ

Кетемін өлең десе-ай мен де қызып,

Жүреді-ай кейбір жаман-ей, қарғаш-ау, 

    жиын 

бұзып-ай.

Біреудің құтты тойын-ей құрметтейік,

Табылмас күнде бізге, қарғаш-ау,

    мұндай 

қызық-ай.

282. ЕЙ, ҚҰРБЫМ

Кигенім аяғыма кебіс еді-ей,

Қос күрең жылқы ішінде тебіседі.

Ей, құрбым, ей, сәулем.

Өлең бұдан бұрын айтқамын жоқ,

Құрбылар не деп айтсам келіседі.

Ей, құрбым, ей, сәулем.

283. ЕЙ, ҚҰРБЫМ-АЙ

Алғызбайды адамзат алдағанға-ай,

Шіркін, көңіл арманда бармағанға.

Қайырмасы:

Ай, құрбым-ай,

Сізді ойлап жүрдім-ай.


164

165


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Атып алған қояндай армандамын-ай,

Ойын-күлкім бір жүріп қанбағанға.

Қайырмасы:

Ай, құрбым-ай,

Ойлай-ойлай жүрдім-ай.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал