МҰра ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес ċ ģ ė Ē ĝı Ĝ ĝē 100 ÎÌ 4



жүктеу 1.84 Mb.
Pdf просмотр
бет6/19
Дата11.01.2017
өлшемі1.84 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

204. БӘЛЕКЕЙ, БАЛЖАН-АЙ

Дәйім менің мінгенім қара құнан,

Қара құнан үркеді қабағынан, бәлекей,

    Балжан-ай.



118

119


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Ауылың алыс кеткенде қимас қалқа,

Табысайық ауылыңның қабағынан, бәлекей,

     Балжан-ай.



Қайырмасы:

Ал, құпия Күлсана-ай,

Бір сұлу қыз жан-ай.

Дәйім менің мінгенім құла құнан,

Құла құнан үркеді құлағынан, бәлекей,

     Балжан-ай.

Шыныменен көңілің болса менде,

Табысайық ауылыңның бұлағынан, бәлекей,

     Балжан-ай.

Қайырмасы.

205. БӘЛЛӘЙ

Базарда бәсі қымбат болаттардың,

Көрінер сырты сұлу жорға аттардың.

Сағынып өлең даусын жүргенімде,

Шығады даусы қайдан бегзаттардың, шіркін-ай.

Қайырмасы:

Бәлләй-бәлләй, ботамай,

Бота көзің екен-ай.

Базарда бәсі қымбат алашаның,

Болады қызы сұлу қарашаның.

Сағынып өлең даусын жүргенімде,

Шығады даусы қайдан құдашаның, шіркін-ай.

Қайырмасы.


120

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



206. БӘТИҚА

Дәйім менің мінгенім алқара көк,

Қара көкке қададым үкілі шоқ.

Құба жонға құлазып шыға келсем,

Жұртың жатыр қарайып, ауылың жоқ.

Қайырмасы:

Пай-пай, Бәтиқа-ай,

Құба жон қозы айдаған,

Айхай, айдай-ау.

Дәйім менің мінгенім үкілі кер,

Үкілі керге жарасар күмістен ер.

Алыс аулың кеткенде, беу, Бәтиқа-ай,

Көзге күйік көрінер ойнаған жер.



Қайырмасы.

207. БЕДІРЕ ТАЛ

Айт дегенде өлеңді аяйын ба,

Жаңа келдім жақсының маңайына.

Өтіп заман барады.

Ән салайын құрбының көңілі үшін,

Бір серпілмей мұндайда қалайын ба,

Өтіп заман барады.

Қайырмасы:

Есік алды бедіре тал,

Басын иіп, суға сал.

Қайсыңды мақтайын,

Бірің шекер, бірің бал.


120

121


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

208. БЕКЗАТЫМ-АЙ

(1-нұсқа)

Қара нар жүк көтермес бел кеткен соң-ай,

Кең жайлау құлазиды ел кеткен соң-ай.

Жолыққанша, аман бол, амал қанша-ай.

Бірге өскен кішкентайдан сәулем едің-ай,

Ойнаймын енді кіммен сен кеткен соң-ай.

Жолыққанша аман бол, амал қанша-ай.

Қайырмасы:

Кекілін кескен кер атым-ай,

Кішкентайдан өскен бекзатым-ай.

Жанымда бірге жүрген жайдарлым-ай,

Жаутаңдаған көзіңнен айналдым-ай.

Сыртынан ауылымның өттің, кеттің-ай,

Үкісін тақияңның бермей кеттің-ай.

Жолыққанша,

Аман бол, амал қанша-ай.

Сол үкің азар болса мың теңгелік-ай,

Қалдырдың көңілімді мың күнгілік-ай,

Жолыққанша

Аман бол, амал қанша-ай.

Қайырмасы.

209. БЕКЗАТЫМ-АЙ

(2-нұсқа)

Қара нар жүк көтермес бел кеткен соң-ай,

Кең жайлау құлазиды ел кеткен соң-ай.

Жолыққанша,

Аман бол, амал қанша-ай.


122

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Бірге өскен кішкентайдан сәулем едің-ай,

Ойнаймыз енді кіммен сен кеткен соң-ай.

Жолыққанша,

Аман бол, амал қанша-ай.



Қайырмасы: 

Кекілін кескен кер атым-ай,

Биттайдан өскен бекзатым-ай,

Жанымда бірге жүрген

Жайдарлым-ай!

Жаутаңдаған көзіңнен

Айналдым-ай!

Тұсыңнан ары өтемін, бері өтемін-ай,

Өзіңді өткен сайын көре өтемін-ай.

Жолыққанша,

Аман бол, амал қанша-ай.

Кеткенде аулың алыс, беу, қарағым-ай,

Түйедей ботасы жоқ зар етемін-ай.

Жолыққанша,

Аман бол, амал қанша-ай.

Қайырмасы.

Сыртынан ауылымның өттің-кеттің-ай,

Үкісін тақияның бермей кеттің-ай.

Жолыққанша,

Аман бол, амал қанша-ай.

Сол үкің азар болса жүз теңгелік-ай,

Қалдырдың көңілімді мың теңгелік-ай.

Жолыққанша,

Аман бол, амал қанша-ай.

Қайырмасы.


122

123


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

210. БЕС ҚАРАГЕР

(1-нұсқа)

Басынан Қаратаудың құлаған ем-ау,

Кекілін кер бестінің-оу, сылаған ем-ау.

Кеткенде ауылың шалғай, қимас қалқам-ау,

Құшақтап құс жастықты-оу, жылаған ем-ау.

Қайырмасы:

Па, шіркін,

Бес қарагер, бес қарагер-ау,

Бес жүзік, бес сөлкебай-ау,

Бес тана бер-ау.

Берсең де оның бәрін, мен алмаймын-ау,

Кеткенде ауылың шалғай-ау,

Еске ала көр-ау.

Аспанда ұшып жүрген қара инелік-ау,

Ұшады қара инелік зар иленіп-ау.

Түскенде сен есіме, қимас қалқам-ау,

Қалады қабырғама-ау, қан иленіп-ау.



211. БЕС ҚАРАКЕР

(2-нұсқа)

О, шіркін, бес қара, бес қаракер-ей,

Бес жүзік, бес білезік, бес танаң бер.

Берсең де оның бәрін мен алмаймын-ей,

Кеткенде алыс жерге еске ала жүр.

212. БЕУ, АЙДАЙ

Қалам алып қолыма жазамын хат,

Өзім арзан болсам да, сөзім қымбат, беу, айдай.


124

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Бекер қарап отырған жараспайды,

Қара өлеңмен айтайын аз насихат, беу, айдай.



Қайырмасы:

Былтырғы мен биылдай,

Қолда жоқтың қиыны-ай.

Ұстараның жүзіндей

Аударылған дүние-ай.

Жүруші едік той-тойлай,

Торғын белбеу бір байлай.

Әдейі іздеп келгенде,

Сөйлесейік ыңғайлай.

Хат жазамын қолыма қалам алып,

Сенің берер жауабың маған анық, беу, айдай.

Сыбайласым кім болар деп жүргенде,

Бәйге атындай тұрыпсың тағаланып, беу, айдай.

Қайырмасы.

Қалам алсам қолыма, қарысады,

Бәсекемен қос жүйрік жарысады, беу, айдай.

Жүйрік жайын, ей, құрбым, білмеуші ме ең,

Біреуі озып, біреуі қалысады, беу, айдай.

Қайырмасы.

213. БИ-БИ-АУ

Көшкенде жылқы айдаймын қиқу салып,

Қолыма бір солқылдақ шыбық алып.

Қайырмасы:

Би-би-ау,

Қайни-Жамал,

Камила қалқаш-ай.



124

125


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Сенімен бір ойнасам, мен ойнаймын,

Мойнымды боз жорға аттай бұрып салып.

Қайырмасы.

214. БОЗЖОРҒА

Қарайғанға қараймын қабан ба деп,

Қамшылаймын атымды шабам ба деп.

Бозжорға-ай,

Мен де ойлайын,

Сен де ойла!

Ары өткеннен сұраймын, бері өткеннен,

Қалқатайдың ауылы аман ба деп.

Бозжорға-ай,

Мен де ойлайын,

Сен де ойла!

Қайырмасы:

Ақ қағазға жаздым хат,

Жан Құдайға аманат.

Қайда жүрсең аман жүр,

Қадірге жеткен азамат.

Жалғыз біткен жапанға едім шынар,

Дидарыңа жасымнан болдым құмар.

Бозжорға-ай,

Мен де ойлайын,

Сен де ойла!

Ақ жүзіңді көре алмай армандамын,

Құмарланған көңілім қашан тынар.

Бозжорға-ай,

Мен де ойлайын,

Сен де ойла!


126

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Үйдің арты терең сай, қалың бүрген,

Түлкі аралап, ішінен қасқыр жүрген.

Бозжорға-ай,

Мен де ойлайын,

Сен де ойла!

Артық туған, аяулы сіздей жанмен,

Арман бар ма адамда ойнап күлген.

Бозжорға-ай,

Мен де ойлайын,

Сен де ойла!



215. БОЗТОРҒАЙ

(1-нұсқа)

Шіркін-ай,

Бозторғай,

Жете алмадым жер шалғай.

Ағып жатқан дария-ай, суда мін жоқ,

Үзіп жеген әйугәй, малда тіл жоқ.

Шіркін-ай,

Бозторғай,

Жете алмадым жер шалғай.

Тіршілікте қалайық-ай, ойнап-күліп,

Жыл айналып келгенше, кім бар, кім жоқ.

Шіркін-ай,

Бозторғай,

Жете алмадым жер шалғай.



216. БОЗТОРҒАЙ

(2-нұсқа)

Салдым сайран Алтайдың күн бетінде-ей,

Жазу жаздым ақ қағаз бір бетіне, бозторғай.


126

127


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Білгенімше азырақ ән шырқайын-ей,

Көпшіліктің жиналған құрметіне, бозторғай.

Қайырмасы:

Ахау, айдай, бозторғай,

Ән шырқайсың бұлбұлдай.

Мекен етіп жүруші ек,

Қыран, Ертіс, Дөргінді-ай.

Өр Алтайдың ауылым қапталында,

Қызық тілім, сөйлеші жақ барында.

Оралыңның барында күл де ойна,

Өте шығар жас дәурен қас қағымда.

Қайырмасы.

217. БОЛ-БОЛ

Өлеңді айт дегенде аярым жоқ,

Азырақ желісім бар, аяңым жоқ.

Қайырмасы:

Болсаң құмар,

Осы әнге сал,

Илигай қалқам, илигай.

Жел сөзді келген жерден қоя бермей,

Өлеңді Құдай берген аярым жоқ.



Қайырмасы.

Өлеңді айт дегенде айтушы едім,

Сыбызғы қара қурай, тартушы едім.

Қайырмасы.


128

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Балалар жаттықпаған, жаттықсын деп,

Өлеңді сілки тастап, айтушы едім.



Қайырмасы.

218. БОЛЛИ, БОТАМ

Айналайын айт деген соң әнім саған,

Бермейді төрден орын танымаған, шіркін-ай.

Кісінің сыйласқандай баласы едің,

Өлең айт тәуір-тәуір, жаным, маған, шіркін-ай.

Қайырмасы:

Болли-болли, Ботам-ай,

Ботакөзді екеу-ай.

Есіктен кіріп келдім ел ме екен деп,

Тиген жерге отырдым төр ме екен деп, 

    шіркін-ай.

Өлеңді келген жерден қоя бердім,

Жақсы атаның баласы дер ме екен деп, 

    шіркін-ай.

Қайырмасы.

219. БОЛСАҢШЫ ӘНГЕ ҚҰМАР-АЙ

Мінгенім дәйім менің-ай құла құнан-ай,

Үркеді құла құнан құлағынан.

 

 



Болсаңшы әнге құмар-ай!

Ендеше, Іле деймін, Іле деймін,

Іледен өте шықтым, міне, деймін.

 

 



Болсаңшы әнге құмар-ай!

128

129


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Кісіге кісі жары жар болмайды,

Тілеуін өз жарыңның тіле деймін,

 

 



Болсаңшы әнге құмар-ай!

220. БӨДЕЛ КЕР

Әрине, айтар едім өлең білсем, бөдел кер,

Арғымақтай шұлғытып жорға мінсем-ай.

Шіркін кәрілік жақындап келе жатыр, бөдел кер,

Ойнап-күліп жастармен бірге жүрсем-ай.

Қайырмасы:

Бөдел, бөдел, бөдел кер,

Бөлектенбей бері кел.

Қыр мұрынды, қыпша бел,

Мықты өжет-ай, сен-ай бол.

Әрине, айтар едім өлең білсем, бөдел кер,

Кіреуке жаңа салып жейде кисем-ай.

Жалғаннан армансыз боп өтер едім, бөдел кер.

Шұлғытып шұбар ала дүлдүл мінсем-ай.

Қайырмасы.

221. БӨКЕН, БӨКЕН

Жылқымды айдап салдым, ахау, шөпті көлге,

Жайлаушы ек үкі тағып епті керге-ау.

Кеткенде аулың алыс-ей, беу қарағым,

Бармайды айтуға аузым кетті дерге-ай.

Қайырмасы:

Ай, бөкен-бөкен,

Көкем бе екен?

Кір жуып, кіндік кескен,

Қайран мекен-ау.

9-0262


130

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



222. БӨЛЕЙ-БӨЛЕЙ,

БОТАМ-АЙ

Бөлей-бөлей ботам-ай,

Бота көзім екеу-ай.

Өзіңді ойлап сарғайып,

Сағынышпен өтем-ай.

Бөлей-бөлей ботам-ай,

Екі көзім жотада-ай.

Келсең еді тезірек,

Төзімімді отамай.

223. БҰЛБҰЛ ҚҰСЫМ

Сірне татыр сілекей шөлдегенде,

Көздің жасы көл болар еңірегенде.

Күндіз күлкі көрмеймін, түнде ұйқы,

Ішкен асым батпайды сен дегенде.

Қайырмасы:

Бұлбұл құсым,

Болса, болсын,

Дей салшы құрбың үшін.

Көшкенде жылқы айдаймын жиренменен,

Қара жол жотадағы иреңдеген.

Бәлен қызық дегеннің бәрі жалған,

Өмірдің ең қызығы сүйгенменен.



Қайырмасы.

130

131


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

224. БҰЛБҰЛ ҚҰСЫМ-АЙ

Бабасына-ау, ендеше, ау, бабасына-ау

Бал құйыпты-ау атан мес, сабасына-ау.

Досым емес, ау, дұшпаным-ау, болып отыр-ай,

Қалдырмағын-ау дұшпанның табасына-ау.

Қайырмасы:

Бұлбұл құсым-ай,

Болса, болсын-ай,

Дей салшы құрбың үшін-ай.

Жасыл алма-ай, ендеше-ай, жасыл алма-ай,

Жақсы сырын-ай жақсыдан жасырарма-ай.

Мына сөзің-ай шын болса-ай, жан жолдасым-ай,

Жақсы тұрып-ай жаманды қасыңа алма-ай.



Қайырмасы:

Ойхой, бөпем-ай,

Ойқастамай-ай,

Жөніңе келсең екен-ай.



225. БҰЛБҰЛ ТОРҒАЙ

Ат міндім-ей жалын түйіп кері аладан,

Көрінер ауылың алыс жер даладан-ай.

Кеткенде-ей ауылың алыс-ей, қарағым,

Жетер ме айтсам сәлем бір баладан-ай.

Қайырмасы:

Ахау,


Бұлбұл торғай,

Дауысың сондай,



132

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Аспанда шырылдайсың,

Жерге қонбай-ай.

Болғанда айғыр жалды, ат кекілді,

Көргем жоқ өзім туып сен секілді-ай.

Барады исің жарып танауымды,

Қайнатқан қалампыр сап шай секілді-ай.



Қайырмасы.

226. БҰЛБҰЛ-АЙ

Ауылымның қонғаны ой ма, қыр ма,

Саздау жерге қонады қайтқан тырна.

Қайырмасы:

Ей, бұлбұл-ай, бұлбұл-ай,

Алтын сырға, қыпша бел-ай,

Сауықшыл біздің туған ел, әгугәй.

Ауылыңнан, қалқам-ау, аттанғанда,

Ақ үйіңнің артынан қолың бұлға.



Қайырмасы.

Тоқпақ жалды, торы айғыр далада тұр,

Батсайы бәсі кілем қалада тұр.

Қайырмасы.

Мен есіңе түскенде, ей, қарағым,

Ақ үйіңе сүйеніп қара да тұр.

Қайырмасы.


132

133


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

227. БҰЛБҰЛЫМ

(1-нұсқа)

Барады ауылың көшіп-ай, Балғын көлге,

Балығын Балғын көлдің-ай, іри-ай, 

    алғым 

келді-оу, 

ай.


Кеткенде ауылың алыс-ау, әттең қалқа,

Артыңнан тоқтай алмай-ой, іри-ай, 

    барғым 

келді-ай.



Қайырмасы:

Ала үйрек, алма мойын-оу,

Ұшар сайдан,

Аңдыған бұлбұл құсым-ой, іри-ай,

Келдің қайдан-ай.

Барады ауылың көшіп-ай, Ылай көлге,

Жарасар қима бешпент қынай белге.

Кеткенде ауылың алыс-оу, әттең қалқа,

Көзіңнен айналайын-ой, іри-ай, 

   жылай 

көрме-ай.

Қайырмасы.

228. БҰЛБҰЛЫМ

(2-нұсқа)

Қара таудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын боз тайлақ бос келеді.

Қайырмасы:

Ай-күнім, бұлбұлым,

Қалайша еркем көңілің.


134

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Кішкентайдан бірге өскен құрбым едің,

Сені ойласам, көзіме жас келеді.



Қайырмасы.

Сен қалайсың, қарағым, мен дегенде,

Ұшар қанат менде жоқ сен дегенде.

Қайырмасы.

Тигізетін құрбыңа пайдаң бар ма,

Сені ойлаймын күндіз-түн шөлдегенде.

Қайырмасы.

229. БҰРАДАРЫМ

Дегенге-ау, өлең деген, өлең деген,

Құлағым өлең десе елеңдеген.

 

 



Айым-ай, күнім-ай,

 

 



Бұрадарым, ахахау.

Өлеңнің-ау айтар жері келгенінде,

Мінетін жүйрік атты жөніменен.

 

 



Айым-ай, күнім-ай,

 

 



Бұрадарым, ахахау.

230. БҰРАҢ БЕЛ

(1-нұсқа)

Есік алды қара су өткелі жоқ-ай,

Өткелі жоқ суынан өткенім жоқ-ай,

    бұраң 

бел.

Өзің көңіл бергенде, беу, қарағым-ай,



Сені тастап ешқайда кеткенім жоқ-ай,

 

   



 

 

бұраң бел.



134

135


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қайырмасы:

Қара көз-ай, қыпша бел,

Мені ойласаң, мұнда кел.

Бір кетпейсің-ай, ойымнан,

Ұзақ таңға-ай, бұраң бел.

231. БҰРАҢ БЕЛ

(2-нұсқа)

Бір қамшым бар-ей қолымда жез бауырдан-ей,

Кірсем шыққым-ей келмейді қызды ауылдан-ей,

     бұраң 

бел.

Ауылың алыс кеткенде-ей, қарағым-ей,



Жақсы көрдім-ей өзіңді бір бауырдан-ай,

     бұраң 

бел.

Қайырмасы:

Қарай көз-ай қыпша бел,

Мені ойласаң-ай мұнда кел.

Еш кетпейсің-ай ойымнан,

Ұзақ таңға-ай, бұраң бел.

Ұшып жүрген әуеде-ей көкек деген-ей,

Бауырында балапаны-ей секектеген.

Ойымда үш ұйықтасам-ей бар ма менің-ей,

Айрылып қалқатайым-ей кетед деген.

Қайырмасы.

232. БҮЛДІРГЕН

(1-нұсқа)

Айт дегенде өлеңді айта алмаймын, бүлдірген,

Балаларым алдыма келіп қалды-ау, бүлдірген.


136

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Айт дегеннің көңілін қайтармаймын, бүлдірген,

Топтан шыққан торыдай жайтаңдаймын,

 

 

 



 

 

      бүлдірген.



Қайырмасы: 

Тауда өскен бүлдірген,

Таста өскен бүлдірген.

Балаларым болмаса,

Жағдайымды кім білген.

Айт дегенде мен неге оқталмаймын, бүлдірген,

Кесіп алған тоғайдан оқтаудаймын, бүлдірген,

Жасы кіші балалар келгенінде, бүлдірген,

Бір-екі ауыз өлеңге тоқталмаймын, бүлдірген.

Қайырмасы.

Айт-айт, жаным, айт, жаным, өлең білсең,

      

бүлдірген,



Не көрмейсің Алладан, өлмей жүрсең,

      


бүлдірген.

Көрер едік Алладан өлмей жүрсек, бүлдірген,

Түндігі алтын, бауы жез үйге кірсек, бүлдірген.

Қайырмасы.

Ағайынды өлеңім абысынды, бүлдірген,

Жаза тастап қамшының сабы сынды, бүлдірген.

Айналайын атаның дәулетінен, бүлдірген,

Жібермеймін ешкімге намысымды, бүлдірген.

Қайырмасы.


136

137


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

233. БҮЛДІРГЕН

(2-нұсқа)

Бір жағы Алматының Талғар, Түрген,

Сыйласып жақсы емес пе бірге жүрген.

Қайырмасы:

Бүлдірген,

Қандай жақсы құрбылармен

Бір жүрген.

Өнеріңді аямағын жастық шақта,

Әр күнің бір жылға тең ойнап-күлген.



Қайырмасы.

Қонғаны ауылымның ой болса екен,

Қорадан өріп шығар қой болса екен.

Қайырмасы.

Тілеуін екі жастың біз тілейік,

Мереке күнде осындай той болса екен.

Қайырмасы.

234. БҮЛДІРГЕН

(3-нұсқа)

Басынан Алатаудың арша ап жүрмін,

Аршамды көтере алмай шапшап жүрмін.

Қайырмасы:

Бүлдірген,

Қандай жақсы

Құрбылармен бір жүрген.



138

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Белгісі шаршағанның осы емес пе,

Достарды өздеріңдей аңсап жүрмін.



Қайырмасы.

Дегенмен қуаң қарға, қуаң қарға,

Қонады қуаң қарға дуалдарға.

Қайырмасы.

Қасыңнан айналшықтап кете алмаймын,

Басымды жібермейтін дуаң бар ма?

Қайырмасы.

Біреу жүр өзін-өзі билей алмай,

Біреу жүр келген бақты игере алмай.

Қайырмасы.

Он саусақ қарап тұрсаң бірдей емес,

Біреу жүр жалғыз басы күн көре алмай.

Қайырмасы.

235. БҮРЛЕН-АЙ

Анау тау, мынау таудан асып келдім,

Бүрлен-ай.

Жайқалған жасыл шөбін, басып келдім,

Бүрлен-ай, ойлап жүргені-ай.

Кеткенде ауылың алыс, қимас қалқам,

Бүрлен-ай.

Өлеңге атыңды атап, қосып келдім,

Бүрлен-ай, ойлап жүргені-ай.


138

139


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Мінгенім менің дәйім торы құнан,

Үркеді торы құнан тобығынан.

Шынымен ынта-көңілің болса менде,

Алтайдың табысалық қорымынан.

236. БІР БИДАЙ ӘНІМ

Басы еді өлеңімнің Райымбек,

Ат қостым Ақ Аралдан сынайын деп-ей.

Қайырмасы:

Ей, бір бидай әнім,

Өзің біл жаным-ай.

Кеткенде аулың алыс-ей, қарағым,

Үш тұрдым, отырдым жылайын деп-ей.

Қайырмасы.

Әуеден ұшып жүрген қара инелік,

Ұшады қара инелік зар иленіп-ей.

Қайырмасы.

Кеткенде аулың алыс-ей, қарағым,

Қалды ғой қабырғама қан иленіп-ей.

Қайырмасы.

237. БІР СҰЛУ КЕРІМ-АЙ

Сәлем жаздым, құрбыжан, саған арнап,

Шығарайын шерімді бірден талдап.


140

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы:

Әгөй бір сұлу керім-ай,

Құрбыжан керім-ай.

Шырт ұйқыда жатқанда еске түссең,

Үш қоршалсаң да ойым бар сені алмақ.

Қайырмасы:

Әгөй бір сұлу серім-ай,

Сенің үшін келдім-ай.

Ну орманның ауылың арасында,

Мөлдір бастау - тұнық су жағасында.

Қайырмасы.

Қай бақтыға, құрбыжан, кез боласың,

Талай жігіт сыртыңнан таласуда.

Қайырмасы.

238. БІРГЕ ЖҮРГЕН

ТАНЫС-АЙ

Бос қопаның құрағы-ай,

Жанып тұрған шырағы-ай.

Елден алыс барамыз-ай,

Қай жер мекен-тұрағы-ай.

Қайырмасы:

Шөбі шүйгін марқаның,

Әуселеңді байқармын.

Исі жұпар аңқиды-ай,

Камзол киген қалқаның.


140

141


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қара мекен, туған жер,

Күнде думан болған ел.

Туған жерден дәм айдап,

Кетті-ау алыс біздің ел.

Қайырмасы.

Бос қопаның қамысы-ай,

Әттең жердің алысы-ай.

Көзге ыстық көрінер,

Бірге жүрген таныс-ай.

Қаракердің шабысы-ай,

Аяғының шалысы-ай.

Барар едім сан рет,

Әттең жердің алысы-ай.

239. ВОТ ТАК, ШАЛАБЕК

Өлеңді айтайын деп еттім талап,

Жөнсіз-ау не қылайын бойды балап.

Балалар өлең айт деп талап етсе,

Жарамас құр тұрғаным бекер қарап, ах-ай.

Қайырмасы:

Вот так, Шалабек,

Молодец дедім-ай, добын-ай,

Вот так и, русеке, оның көзін-ай.

Өлеңді айт дегенде болдырар ма,

Тойда ақын өлең айтып жаңылар ма?

Балалар айт деген соң айта салдым,

Тамаша күнде осындай табылар ма, ах-ай!



Қайырмасы. 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет