МҰра ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес ċ ģ ė Ē ĝı Ĝ ĝē 100 ÎÌ 4



жүктеу 1.84 Mb.

бет5/19
Дата11.01.2017
өлшемі1.84 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

153. ӘККІЛІК-АЙ

Торы тосам, шырағым, торы тосам,

Тосаң босаң, бол тосаң, болма босаң, әккілік-ай.

Ат арылтып алыстан іздеп жүрмін,

Жүгіріп шық алдымнан адам болсаң, әккілік-ай.

Қайырмасы: 

Ашу—дұшман, ақыл—дос,

Ақылыңа-ай ақыл қос.

Өлең емес, мен өзі өрнек едім,

Мәшиненің ішінде шөлмегі едім, әккілік-ай.

Ағып жатқан дария болмасам да,

Тоқтап жатқан өзінше көлмек едім, әккілік-ай.

Қайырмасы.

Кештен ұршық иірдім қорғасыннан,

Бұл өлеңді айтыппын он жасымнан, әккілік-ай.

Құдай білер қадірге жетіп жүрген,

Саған бола қалмайын жолдасымнан, әккілік-ай.

Қайырмасы.


96

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



154. ӘЛӘЙЛІМ

Дәйім менің мінгенім қызыл жирен-ау,

Бағар малың жоқ болса-ау, әләйлім,

   Япырмау,

 

 

Өлең үйрен-ау.



Тіршілікте дос-жаран ойнап-күліп-ау,

Бір дәм татып кетсе екен, әләулім,

   Япырмау,

 

 



Біздің үйден-ау.

155. ӘЛӘЛІМ

(1-нұсқа)

Қолында қалқатайдың алтын пышақ,

Сол қалқа келе ме деп жайдым құшақ.

Отыр ма екен, сол қалқа, жатыр ма екен,

Шомылған айдын көлде аққу құсап.

Дәйім менің мінгенім күрең дөнен,

Қашады төстен түлкі сүмеңдеген.

Ойымда үш ұйықтасам бар ма менің,

Айрылып сол қалқадан жүрем деген.

156. ӘЛӘЛІМ

(2-нұсқа)

Айналайын, қарағым, кекілдім-ай,

Балапаны аққудың секілдім-ай.

Қолда барда алтынның қадірі жоқ,

Қолдан шығып кеткен соң өкіндім-ай.

Қайырмасы:

Әләлім, әләлім,

Ешкімге жоқ залалым.


96

97

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайда жүрсең аман бол,

Осынау әнге сала жүр.

Ұшып жүрген аспанда көгілдірік,

Жүйрік атқа жарасар өмілдірік.

Сұрағаның бұл тойда өлең болса,

Ән айтайын, шырағым, төгілдіріп.



Қайырмасы.

157. ӘЛӘЛІМ-АЙ

(1-нұсқа)

Адамзат-ай көрмесе адасады,

Көңілді көтермесе,

Ай-дай, ай-дай, кір басады.

Кеудесі жақсылардың алтын сандық,

Сандықты кілт болмаса,

Ай-дай, ай-дай, кім ашады?

Қайырмасы:

Кәлиләйім,

Әлиләйлім,

Кәләләкім-әйлім,

Аха-ха-ха-хай,

Әләлім-ай.



158. ӘЛӘЛІМ-АЙ

(2-нұсқа)

Жөні келсе қояйын әнге басып, ау-үй,

Талайлар-ақ осы әнге болған ашық, о-ой!

    Е-ей, 

әләлім-ай.

7-0262


98

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Ән салмасқа болмады бір-екі ауыз, ау-үй,

Сіздерменен қалған соң дидарласып, о-ой!

    Е-ей, 

әләлім-ай.



Қайырмасы: 

Мінген де атым ақ жабал,

Шырын да сөзім, шекер, бал.

Менің бір айтқан сөзіме,

Жастар, сіздер құлақ сал.

Осы отырған балалар,

Бірің—құйрық, бірің—жал,

Бірің де қайың, бірің—тал,

Бірің де шекер, бірің—бал,

Ей, қай түрлі әнге сал дейсің,

Түсінетін балалар, е-ей! 

159. ӘЛӘЛІМ-ӘЛӘЛІМ-АЙ

(1-нұсқа)

Ендеше-ай, өлеңде өнер-ай, өлеңде өнер,

Шын жүйрік өрге шапса, өршеленер-ай.

Ойнап күл тіршілікте-ай, бар кезінде,

Шырағың мың күн жанған бір күн сөнер-ай.

Қайырмасы: 

Әләлім-әләлім-ай,

Алқызыл заманым-ай.

Әніне әләлімнің салайын-оу-ай.

Келеді айым туып-ай күңгірт болып,

Көктемде мал өледі-ау қылқұрт болып-ай.

Күнде ойна күлің барда-ай тіршілікте,

Қаламыз өлгеннен соң жым-жырт болып-ай. 



Қайырмасы.

98

99

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



160. ӘЛӘЛІМ-ӘЛӘЛІМ-АЙ

(2-нұсқа)

Қызыл тілім сөйлей бер шал боларсың,

Отқа жаққан қу томар тал боларсың-ей.

Қайырмасы:

Әләлім-әләлім-ай,

Әләлім-әләлім-ай.

Барында оралыңның күл де ойна,

Күніне он бестегі зар боларсың.

Қайырмасы.

Ақ тісім аузымдағы маржан тісім,

Сендей душар болар ма сүйген кісім.

Қайырмасы.

Сүйген кісім сүйкеніп өте шықса,

Қатты от жаққан қазандай қайнайды ішім.

Қайырмасы.

161. ӘЛӘЛІМ-ӘЛӘЛІМ-АЙ

(3-нұсқа)

Кигенім аяғым-ей кебіс-мәсі,

Күлмеген, ойнамаған көңіл қасы, у-ай.

Кеткенде аулың алыс-ай, ей, қарағым,

Көл болды омырауға көздің жасы, у-ай.

Қайырмасы:

Әләлім-әләлім-ай,

Жан сәулем, қарағым-ай.


100

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Әніңе майда қоңыр

Салайын ба-ай.

Мінгенім дәйім менің, ей, күрең дөнен,

Қашады төстен түлкі сүмеңдеген, у-ай.

Ойымда үш ұйықтасам-ей бар ма менің,

Айрылып қалқатайдан жүрем деген, у-ай.



Қайырмасы.

162. ӘЛӘЛІМ-ӘЛӘЛІМ-АЙ

(4-нұсқа)

Тот баспас жарқылдаған алтындай-ақ,

Беріпті нұр сипатты аямай-ақ-ай.

Бағаңа, бағаласам, жан жетпейді,

Шықпаса Қалифадан некен-саяқ-ай.

Қайырмасы:

Ой, ахау сізге таяп,

Жел сөзімді ағылтам,

Өзіңді аяп,

Әләлім-әләлім-ай.

163. ӘЛӘУЛІМ

(1-нұсқа)

Ендеше ылашынды, ылашынды-ай,

Шіркін-ай, сермей салдым құлашымды.

Әккигөй, әләуләйлім-ай.

Келгенде көңіл қимас, асыл қалқам,

Шарықтап күншығыстан, күн ашылды.

Әккигөй, әләуләйлім-ай.


100

101


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

164. ӘЛӘУЛІМ

(2-нұсқа)

Тау нұраған ендеше, тау нұраған, ахау,

Таудың тасы етекте саудыраған, әләулім-ай.

Қиуада кез болған қимас қалқа, ахау,

Айналайын көзіңнен жаудыраған, әләулім-ай.

Қайырмасы:

Жүгіріп шықтым белеске,

Белес жақын емес пе?

Осы отырған отырыс

Бір ғанибет емес пе-ай.

165. ӘЛЕУЛІМ, ҚЫЗДАР

Қып-қызыл қыз дегенің гүл емес пе,

Бозбала қыздан сауға тілемес пе.

Әләулім, қыздар, әләулім айдай,

Болғанда қыздар—гүл-гүл, жігіт—бұлбұл,

Біріне-бірі мейман түн емес пе?

Әләулім, әләулім қыздар, әләулім айдай,

Қыз емес, қыздың аты—қызғалдақтай,

Қапалдың ауырасың шайы жақпай.

Мен өзім босқа жүріп не бітірем,

Қыздарын осы ауылдың қойдай бақпай.

166. ӘЛИГЕЙ-УГАЙ

Жайлауы біздің елдің құлан өтпес,

Бөріге ит қарғысы, а дүние-ай, сірә, жетпес-ай.


102

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы:

Әлигей-угай-ай.

Жігітке қыз қарғысы майдай жағад,

Ішің кепкір десе де, а дүние-ай, 

 

 

 



еш нәрсе етпес-ай.

167. ӘЛУ-АЙ

Ендеше, ой, қабанымыз, оу, қабанымыз,

Ауырар жаяу жүрсек табанымыз, әлу-ай.

Халыққа тарғалаң-ай, оу, заман келді,

Болады енді қандай заманымыз, әлу-ай!

Ешдеше, ой, дүниесін, оу, дүниесін,

Ойласам дүниені, шығады есім, әлу-ай.

Бозторғай, оу, қой үстінде, ой, жұмыртқалар,

Боламыз қай уақта, қоя берсін, әлу-ай.

168. ӘМІРХАН ЖЕРІМ-АЙ

Берейін сөйлеп-сөйлеп сөйле десең,

Тықыршып тоқтамаймын сөйлемесем,

    алгіді-гай.

Жел сөздің бір-екі ауыз арқасында,

Серкедей қой бастаған болдым көсем,

    алгіді-гай.

Қайырмасы:

Кідік-ай,

Қызық-ай.

Әмірхан жерім-ай,

Ахау, асылзада,


102

103


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қалдың кейін,

Қалды-ау кейін,

Аһ, елім-ай.



169. ӘН САЛ-АЙ

Сен дегенде, қалқатай, ойым бөлек,

Текті атадан туыпсың елден бөлек.

Ән сал-ай, осындай әнге салсаң-ай.

Бағаласаң, бағаңа жан жетпейді,

Айналайын көзіңнен дөп-дөңгелек,

Ән сал-ай, осындай әнге салсаң-ай.

Қайырмасы:

Салсаң болар әніме,

Келістіріп сәніне.

Салам десең әніме,

Берірек кел жаныма.

Дәйім менің мінгенім боз көк ала,

Сіздей әнге сала алама өзге бала.

Танысым жоқ бұл тойда, тамырым жоқ,

Әдейі іздеп келіп ем сізге бола.

Қайырмасы.

170. ӘН САЛАЙЫҚ

Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Айдой, ән салайық-ай.

Ауылың алыс кеткенде, қимас қалқам-ау,

Қара көзден мөлдіреп жас келеді,

Айдой, ән салайық-ай.


104

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Бір қамшым бар қолымда, алты таспа-ай,

Өршеленер шын жүйрік өрге шықса,

Айдой, ән салайық-ай.

Ауылым шалғай кеткенде, қалқатайым-ай,

Ұнатып ем өзіңді әуел бастан-ай,

Айдой, ән салайық-ай.



171. ӘН САЛАЙЫН

Ауылың көшіп барады белден асып,

Белден асқан бұлтпенен араласып.

Ай, дой, ән салайын-ау.

Ауылың алыс кеткенде, қалқатай-ау,

Ақ қағазбен жүрейік амандасып.

Ай, дой, ән салайын-ау.

Ауылым көшіп барады Көлме көлге,

Алыс дейді Көлме көл көрмегенге.

Ай, дой, ән салайын-ау.

Алыс ауылым кеткенде, қимас қалқа,

Ынтызарым құриды сен дегенде.

Ай, дой, ән салайын-ау.

172. ӘП, ДАРИҒА

Әй, Әліп би

Екі-екі түй,

Түрлендіріп салдым күй,

Әп, Дариға-ай.

Айтайын айт дегенде-ау, әри-айдай,

Білейін қайдан сені бойдай талай.


104

105


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Әй, Әліп би,

Екі-екі түй,

Түрлендіріп салдым күй,

Әп, Дариға-ай.

173. ӘПТИ ПОЖЫМ

Сен едің—сен, сен едің, сенсін десең,

Бермес пе ең түйіп тәтті жесін десең.

Қиуадан кез болған қимас қалқам,

Ала қағаз бермес пе ең, келсін десең-ей.

Қайырмасы:

Әпти пожым,

Сырнай тожым.

Аузыңда мың теңгелік

Айтқан сөзің-ай.

174. ӘРИ-АЙДАЙ

Айтайын-ей айт дегенде, әри-айдай,

Білейін қайдан сені болдау талай-ай.

Кеткенде аулың алыс, ей, қарағым,

Бір жауап бермей кеткен мұның қалай-ай.

175. ӘРИДАЙ

Ақ отауға жарасар ойған манат-ей,

Ақын салдар құрады бек салтанат-ей.

Әридай,


Даусым, халқым-ай таниды-ай.

106

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Ақындықпен өлеңді біз айтпаймыз-ей,

Үлкендерден қалыпты ойын санат-ей.

Әридай,

Даусым, халқым таниды-ай.



Қой ішінде сүйгенім ісек-тұсақ-ей,

Қойдың еті тураса, болады ұсақ-ей.

Әридай,

Даусым, халқым-ай таниды-ай.



Атасы атамыздың өлеңші екен-ей,

Болайық біз де өлеңші солар құсап.

Әридай,

Даусым, халқым таниды-ай.



176. ӘРИ-ДӘРИ

Аққу көлден ұшады балақтаған,

Не қойды екен көп сақтап қарақ маған.

Қайырмасы:

Әри-дәри даттай,

Әри-дәри даттай,

Әри-дәри-дай.

Аулың шалғай кеткенде, ей, қарағым,

Айналайын көзіңнен қарап қалған.



Қайырмасы.

Аққу көлден ұшады майпаңдаған,

Бір сөзім бар қалқаға айта алмаған.

Қайырмасы.


106

107


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Аулың алыс кеткенде, ей, қарағым,

Айналайын көзіңнен жайтаңдаған.

Қайырмасы.

177. ӘРИДӘЙ

(1-нұсқа)

Біздің ауыл Алтайдың саласында-ай,

Күнгейті мен Үшілік арасында.

Қайырмасы:

Ай, әридәй,

Жігіттер, ән салыңдар,

Әридәй, әридәй.

Көру үшін көзіңмен сол ауылды-ай,

Шақырайын, құрбылас, барасың ба?



Қайырмасы.

Жылқым жатыр бұлақтың жағасында-ай,

Сөзіме мін, қалқатай, тағасың ба?

Қайырмасы.

Ауылыма барсаңыз, жібермес едім-ай,

Серік болып қасымда қаласың ба?

Қайырмасы.

178. ӘРИДӘЙ

(2-нұсқа)

Қалқатай, сен де арманда, мен де арманда,

Жылайды екі арманда айырылғанда.


108

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Беріп кет орамал-шыт, сүйген сәулем,

Жүрейін медеу қылып сағынғанда.



Қайырмасы:

Ахау, ахау, әридәй,

Әридәй, әридәй-ай, ау.

179. ӘРИНЕ

А дегенде өлеңім ағытылар,

Өлгеннен соң ақынның жағы тынар.

Қайырмасы:

Ой, әрине,

Көз салма, құрбым, әркімге.

Бір-екі ауыз білгенді сөйлемесем,

Алдымда тыңдаушының сағы сынар.

Қайырмасы.

Біліп едім қарағым ақыныңды,

Отқа жағып, пәлеге жақыныңды.

Қайырмасы.

Аяғыңды аңдап бас, олай болса,

Қарт бурадай қысармын тақымыңды.

Қайырмасы.

180. ӘСЕМ ӘНІМ СЫРНАЙДАЙ

Көзіңнен айналайын, қарақтарым,

Секілді ақ қазына тамақтарың.


108

109


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Болғанда сіз бір лашын, біз бір сұңқар,

Білмеймін қай жеріңе қонақтарын.

Қайырмасы:

Ахау, айым,

Әсем әнім сырнайдай,

Әлем сүйіп тыңдайды-ай.

Тамылжытып ән салмай,

Күнде думан болмайды-ай.

Көзіңнен айналайын қырғи қабақ,

Ойнаған су бетінде сен бір шабақ.

Салсам да алтын қармақ, ілінбейсің,

Қайтейін қылығыңды-ей, ақтамақ.



Қайырмасы.

181. ӘСЕМ ЖОРҒА

Аулым қонды Аққұмның жағасына-ей,

Болдым ғашық ақ сұңқар баласына-ай.

Қайырмасы:

Әсем жорға,

Іліндің сәулем,

Сен торға.

Дегенде айналайын-айналайын-ей,

Қолыңа ақ сағат боп байланайын-ай.



Қайырмасы.

Бергенде өзің көңіл, ей, қарағым-ей,

Үстінен ақ төсіңнің аймалайын-ай.

Қайырмасы.


110

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



182. ӘТТЕГЕНЕ

Ұшып жүрген әуеден-ей ақ бөдене,

Кейде толы, кейде орта-ей ақ тегене.

    Иах-уай.

Осындайда құрбыжан, ей, ойна да күл,

Өтіп жалған барады-ей әттегене.

    Иах-уай.

183. ӘТТЕҢ, ШІРКІН, ҚЫЗДАР-АЙ

Айналайын көзіңнен, бота көзім,

Ойымдағы өзге емес, жалғыз өзің, алгідіг-ай.

Аулың алыс кеткенде, ей, қалқажан,

Естен кетпес «қош болғай» деген сөзің, 

     алгідіг-ай.



Қайырмасы:

Әттең, шіркін, қыздар-ай,

Әсем сұлу жүздері-ай.

Ыстық лебін бойды алды,

Бейне аққу жүзгені-ай.

Ұстатпайды жылқыда қара бедеу,

Сусыз жерге көп шығар елеу-селеу, алгідіг-ай.

Аулың алыс кеткенде, ей, қалқажан,

Қош, есен бол дегенің, о да медеу, алгідіг-ай.

Қайырмасы.


110

111


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

184. ӘУЕЗ

(1-нұсқа)

«Әліп» деп, ей, ақ жүзіңе таң қаламын-ай,

Ғашық боп бір өзіңе сандаламын-ай.

Мәжнүндей ішім толған ғашық оты-ай,

Сыртыма шығара алмай зарланамын-ай.

Екі қалқа замандас боп тудың нағып-ай,

Кигенің кәмшат бөрік үкі тағып-ай.

Шомылған айдын көлге сен бір аққу-ай,

Тұйғындай төңкеріліп ілсем қағып-ай.

185. ӘУЕЗ

(2-нұсқа)

Дәйім менің мінгенім сұрша кұнан,

Қозы ағыттым көгеннің бұршағынан.

Шынты көңілің, шын пейілің менде болса,

Табысайық ауылдың сырт жағынан.

Дәйім менің мінгенім ала құнан,

Ала құнан үркеді тұяғынан.

Шынты көңілің, шын пейілің менде болса,

Табысайық аулыңның аяғынан.

186. ӘУЕЗ

(3-нұсқа)

Жүк артып саралаға, міндім керге,

Шығады сай өрлеген сары белге-ау.

Кеткенде алыс аулың, әттең қалқа,

Айта бар дұғай сәлем бұраң белге-ау.


112

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Көрінер кісем сұлу оқшантайдан,

Қалқаны жақсы көрем кішкентайдан-ау.

Кеткенде аулың алыс, ей, қалқатай,

Жетер ме айтсам сәлем күйкентайдан-ау.



187. ӘУЕЗ

(4-нұсқа)

Көшкенде жылқы айдаймын қиқу салып,

Қолыма бір солқылдақ шыбық алып-ай.

Сенімен бір ойнаса, мен ойнармын,

Мойнымды боз жорға аттай бұрып салып.

188. ӘУЕЗ

(5-нұсқа)

Көшкенде жылқы айдаймын белеңменен-ей,

Қара көк белі сұлу дөненменен-ей, ау.

Кеткенде аулың шалғай, беу қарағым-ей,

Жүрейік хабарласып өлеңменен, ей-ау.

189. ӘУЕЗ

(6-нұсқа)

Толқын көлдей, осы әнім ескен желдей-ау,

Тойдың сәні келмейді ақын келмей-ай.

Ақын келсе, дүбірі жер жарады-ей,

Аспандағы самолет дүріліндей-ай.

190. ӘУЕЗ

(7-нұсқа)

Ән салсаң, өзімдей сал, әнге салсаң,

Әнімді айтайын мен ұғып алсаң.


112

113


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Бағасы бұл әнімнің бес мың теңге,

Әнімді өзіме бер ала алмасаң.

191. ӘУЕЗ

(8-нұсқа)

Ән салсаң, өзімдей сал ширатылып,

Қалады кескен терек қиратылып-ай.

Барыңда оралыңның күліп-ойна,

Сала жүр осы әніме ырғатылып.

192. ӘУЕЗ

(9-нұсқа)

Ауылым көшіп барып бел асады,

Бір жақсы, бір жақсыға жанасады-ай.

Кеткенде аулың шалғай қос перизат,

Өлеңді не деп айтсам, жарасады-ай.

Қос құрбы біз дегенде әнге салғай,

Аулына жете алмаймын жерің шалғай-ай.

Сағынып ән даусын жүргенімде,

Болмаса әнге қосып есіңе алғай-ай.

193. ӘУЕЗ

(10-нұсқа)

Басы еді өлеңімнің Райымбек,

Ат қостым-ақ аралға-ей сынайын деп-ай.

Кеткенде аулың шалғай, беу қарағым,

Жас келді екі көзге-ай жылайын деп-ай.

8-0262


114

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



194. ӘУЕЗ

(11-нұсқа)

Дауысы қоңырқаздың даусындай-ай,

Беліңнің нәзіктігі қауырсындай-ай.

Қиядан түлеп ұшқан қыран едім-ай,

Қонақ қыл мекеніңе ауырсынбай-ай.

195. БАҒИЛА-АУ

Мінгенім дәйім менің, ахоу, құла қасқа,

Қаздырдым қырдан құдық құламасқа,

Бағила-ау, сыртыңнан.

Кеткенде ауылым шалғай, ахоу, ей, Бағилаш,

Беріп кет орамал-шыт жыламасқа,

Бағила-ау, сыртыңнан.

Естуші едім былтырдан,

Таң қалып тамашаңа.

Талай адам ұмтылған,

Бағила-ау, сыртыңнан.

196. БАҒЛАН

(1-нұсқа)

Дүние ойлап тұрсам, ахау, жалған екен-ау,

Екеуің-ай.

Ғаламды он сегіз мың бағлан алған,

Екеуің-ай.

Жібіндей машинаның, ахау, қайран әнім-ау,

Екеуің-ай.

Шалдығып шабан аттай, бағлан қалған екен-ай.



114

115


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

197. БАҒЛАН

(2-нұсқа)

Жыртылмайды ақ көйлек кең болған соң-ай,

Екі ғашық ойнайды тең болған соң.

Бағлан, ойлап-ойлап сағынам.

Саған айтпай сырымды кімге айтайын-ай,

Шын ойлаған көңілде сен болған соң.

Бағлан, ойлай-ойлай сағынам.

198. БАҒЛАН-АЙ

(1-нұсқа)

Келеді-ай жоғартыннан түйе мінген,

Жүрмейді жота жолмен-ай бие мінген-ай.

Өлең айт, ей, осындайда, жанай құрбым,

Баласы жақсы ауылдың жүйе білген-ай,

Бағлан-ай, жүйе білген-ай.



199. БАҒЛАН-АЙ

(2-нұсқа)

Кең Көлсайды жайлаушы ең Алжанменен,

Толықсыған төрт түлік мал-жанменен.

    Бағлан-ай!

Бәрін айтсам, қонысың таусылмайды,

Әнге қосып бір таңға салғанменен.

    Бағлан-ай!

Қайырмасы:

Тоқым салдым тарланға,

Сәлем айттым Бағланға.

Аты жақсы жаратқан,

Жеткізе гөр арманға.


116

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Көш айдаймын көшкенде көк тайменен,

Самаурынмен шәй ішем, шәйнекпенен,

    Бағлан-ай.

Алыс ауылым кеткенде, қимас қалқа,

Дүрбі салып қараймын әйнекпенен,

    Бағлан-ай!



Қайырмасы.

Дәйім менің мінгенім қасқа құнан,

Сақта, Құдай, қыздардың асқағынан,

    Бағлан-ай.

Шынымен құласа көңіл шіркін,

Жолығайық ауылдың тастағынан,

    Бағлан-ай.

Қайырмасы.

200. БАҚШАДАҒЫ БҰЛБҰЛЫМ-АЙ

Жылқым жатыр төменде жусаған боп-ай,

Сусаған жер қалады қу сабан боп, дүлдүлім.

Қайырмасы:

Әнің жақсы-ай, ән салшы,

Бақшадағы бұлбұлым-ай.

Қызды ауылды көргенде амалым көп-ай,

Сусын сұрап ішемін сусаған боп, дүлдүлім.

Қайырмасы.

Сарт дегізіп сары атқа қамшы бастым-ай,

Намаздыгер болғанда белден астым, дүлдүлім.

Қайырмасы.


116

117


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Құдай менің жолымды оңдайды екен-ай,

Еркесімен бір үйдің дидарластым, дүлдүлім.

Қайырмасы: 

Мың күніме татиды, ой,

Осы отырған бір күнім-ау.

201. БАЛАПАН ҚАЗ

Бұл өлкеде біздің ауыл жайлаған жер-ай,

Желіге асау құлын байлаған жер-ай.

Көзіме от жалындай көрінеді-ай,

Айқасып құлын-тайдай ойнаған жер-ай.

Қайырмасы:

Ей, ақау сабаз,

Ұшырдым ұясынан

Балапан қаз-ай.

Бұл өлке біздің ауыл күзеген жер-ай,

Қаракөз бойын сылап түзеген жер-ай.

Көзіме от жалындай көрінеді,

Қолаң шаш уәдесін үзбеген жер-ай.



Қайырмасы.

202. БАСЫҢНАН БАЙҚАП

Базардан базар барып, алдым барқыт,

Болғанда тісің меруерт, жағың жақыт-ай.

Ақ күміс он саусағың сымға тартқан,

Қызыққа алған адам жүрер батып-ай.


118

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы:

Басынан байқап,

Сөзіңнен тайқап,

Ұйықтасаң, сәулем,

Оятам шайқап.

Әділдей тезің,

Бұлбұлдай сөзің.

Амалым бар ма, тәңірі-ай,

Келмеді-ау, әттең, бір кезің.

203. БАЯНАУЫЛ

Баянауыл басынан бұлт кетпес,

Қиядағы түлкіге, дүние-ай, құсың жетпес.

Ақ боз үйдің сыртынан аттандырып,

«Қош, қалқатай» дегенің, дүние-ай, естен кетпес.

Қайырмасы:

Қыз дегенде, күнім-ау, қыз дегенде,

Табылмайды қыз деген іздегенге.

Бәйге атындай тықыршып тұра алмаймын,

Бәйпең қағып алдыма, дүние-ай, қыз келгенде.

Баянауыл басында балалы құр,

Бір сөз айтсам, қалқатай, мойныңды бұр.

Ауылыңның сыртынан шығарып сап,

Ақ боз үйге сүйеніп қара да тұр.

Қайырмасы.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал