МҰра ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес ċ ģ ė Ē ĝı Ĝ ĝē 100 ÎÌ 4



жүктеу 1.84 Mb.

бет4/19
Дата11.01.2017
өлшемі1.84 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

112. АУЫЛЫҢДЫ-АЙ

Болғанда-ау үркер алтау ай қашады,

Жарлыдан жаздыгүні бай қашады

    ауылыңды-ай.

Сөйлессең-ау жақсыменен көңіл ашар,

Жаманның сөзі құрсын, дауласады, 

    ауылыңды-ай.


72

73

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Ендеше-ау, жусан деймін, жусан деймін,

Белімді жусанменен бусам деймін, 

    ауылыңды-ай.

Шын болса-ау мына айтқаның, құрбыласым,

Артыңнан қос ат мініп қусам деймін, 

    ауылыңды-ай.



113. АХА-ХАЙ-АУ

Сүйгенім қой ішінде ісек-тұсақ,

Турасам қойдың еті болады ұсақ, 

   қалилай 

ахауай.

Атасы атамыздың әнші дейді,



Болайық біз де өлеңші солар құсап, 

   қалилай 

ахуай.

Қайырмасы:

Шырқайық жастар,

Құрбылас достар,

Аха-хай-ау.



114. АХАУ АЙТА

Екеу-екеу болады ән салалы,

Шана шегіп тай көкке қолға алалы.

Шанасымен Тайкөкті бұра тастап,

Тойда сұлу көрінсе, көз салады.

Қайырмасы:

Ахау арман, дүние жалған,

Еркін қолға тимейді көңілге алған.

Ахау айта, үйге қайта,

Телеграф соқтырдым қайта-қайта.


74

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Салдырдым первый тоқым сұлу атқа,

Асылдан түйме тақтым кем полатқа.

Қыздарға әйбәтләніп көрінбекке,

Ірбітке ақша салдым нар кемчатқа.



Қайырмасы.

115. АХАУ, АЙДАЙ

(1-нұсқа)

Айт дегенде өлеңді-ау, жөнелейін,

Бейпіл сөзден несіне бөгелейін-ау.

Құдай берген жел сөздің-ай арқасында,

Диірменнің тасындай дөңгелейін-ай.

Қайырмасы:

Ахау, айдай,

Алма мойын, ақ үйрек,

Ауылың қайда-ай.

Дәйім менің мінгенім, Ақтаң кері,

Жатсам-тұрсам ойлаймын қалқам сені.

Ауылыңнан өткенде жанасалап,

Алар ма екен есіне, қалқам, мені-ай.



116. АХАУ, АЙДАЙ

(2-нұсқа)

Бір бешпентім үстімде-ау қыналмаған,

Өлең айтып біз бұрын, шіркін, сыналмаған.

Қайырмасы:

Ахау, айдай, азат жылдай,

Еліміз, шіркін, атқан таңдай-ау.


74

75

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Мұнда айтпаған өлеңді-ау, қайда айтамыз,

Үлкендерге боламыз, шіркін, тіл алмаған-ау.



Қайырмасы.

117. АХАУ, АЙДАЙ, СҰР БӨРТЕ

Жардың шетін баспаймын құлай ма деп-ай,

Арық суын ішпеймін лай ма деп-ай, 

     ой, 

дүние-ай.

Өткеннен де сұраймын, кеткеннен де-ай,

Ауыл-аймақ, туыстар аман ба деп-ай, 

     ой, 

дүние-ай.

Қайырмасы:

Ахау, айдай, сұр Бөрте,

Ауылың жақын, жол төте.

Жақсы болса ағайын,

Мол жетеді бір көрпе.

Жайлау жасыл болмай ма, жайламаса,

Құлын асау болмай ма, байламаса.

Өлгеннен соң жылаудың қажеті не,

Тірлігінде бір-бірін сыйламаса.

Қайырмасы.

118. АХАУ, АЙЫМ

(1-нұсқа)

Мінгенім дәйім менің шұбалаң кер-ай,

Қолыңда қос сақина бұрама зер-ай.

    Ақау-ақау-ай.



76

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Кеткенде аулың алыс қос перизат-ей,

Болады көзге күйік ойнаған жер-ай.

    Ақау-ақау-ай.

Қайырмасы:

Қоңыр қаз, үйрек,

Күлімкөз әйнек.

Кетесің жақсы болсаң,

Өзің билеп, ақау-ақау-ай.

119. АХАУ, АЙЫМ

(2-нұсқа)

Болғанда ой тошала-ай, қыр тошала-ей,

Ойпаңнан алып келдім-ей бір тошала-ай.

Көңілің шыныменен-ай менде болса-ей,

Орнымды ерте бастан-ей оңашала-ай.

Қайырмасы:

Ахау, айым, қалқатайым,

Келеді сенсіз менің қайтып жайым.

Болғанда ой бүлдірген-ай, қыр бүлдірген-ей,

Ойпаңнан теріп жедім, ей, бір бүлдірген-ай.

Бергенде өзің көңіл-ай, ей, әріптес-ей,

Кісіге сенен басқа-ей сыр білдірмен-ай.

Қайырмасы. 

120. АХАУ, ӘРИНЕ

Сөйлеп, сөйлеп берейін өлмей тұрып, ахау,

Өлгендерден бір хабар келмей тұрып, ахау, әрине.

Көз салма, құрбым, әркімге.



76

77

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Тіршіліктің барында күліп-ойна, ахау,

Жеңсіз көйлек желбегей кимей тұрып, ахау, әрине.

Көз салма, құрбым, әркімге.

Сөйлеп, сөйлеп берейін сөз келгенде, ахау,

Тоқтау болмас жүйрікке сар желгенде, ахау, әрине.

Көз салма, құрбым, әркімге.

Құдай берген жел сөзді аяймыз ба, ахау,

Дәуіріміз бақытты кез келгенде, ахау, әрине,

Көз салма, құрбым, әркімге.

121. АХАУ, БИКЕМ

Қозыбақтың қызы едім, атым—Ұмсын,

Серттен тайған жігітті Құдай ұрсын!

Ақбоз үйдің ішінде мен отырсам,

Мені іздеген жігіттер үйге кірсін.

Қайырмасы:

Ахау, бикем, жар-жар,

Алма мойын ақ сұңқар,

Қош, есен бол, құрбым-ай,

Құрбылықпен жүрдім жай.

Бір күн ауру, бір күн сау,

Таба алмадым бабыңды-ай.

Өткен іске өкінбе,

Бір келмесін білдім-ай.

122. АХАУ, БҮРЛЕН

Ән табылмас бүрлендей бозбалаға,

Дүрия бешпент жарасар қыз-балаға.


78

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қыз кеткен соң ауылынан қызық кетер,

Қызығы жоқ кім барар сол араға.



Қайырмасы:

Ахау, бүрлен,

Тоғыз түрлен.

Жастық шақта, жігіттер,

Өнер үйрен.

123. АХАУ, ЖАЛҒАН

Айт дегенде өлеңді тіл айтады,

Қандай адам тіліме мін айтады-ай.

Өлең айт деп балалар қолқа салса,

Мен айтпасам, өлеңді кім айтады-ай?

Қайырмасы:

Ахау, жалған,

Өтіп заман барады

Бұл адамнан-ай.

Не деп өлең айтайын, қарақтарым,

Құтты болсын, мінеки, талаптарың-ай.

Кейінгіге үлгі боп қала берсін,

Осылайша айтайын қалап бәрін-ай.



Қайырмасы.

124. АХАУ, ИҒАЙ, ҚОҢЫРЖАЙ

Ойлап тұрсаң, дүние шолақ екен-ау,

Бір-біріне адамдар қонақ екен-ау.


78

79

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы:

Ахау, иғай,

Қоңыржай.

Айхой,


Сыңғырлаған даусыңды-ай!

Нешеу болсаң бір үйде сыйласып өт-ау,

Бұл өмірдің қызығы сол-ақ екен-ау.

Қайырмасы.

Келсең, қалқам, дәм тартып Кегеніме-ау,

Қарсы алармын шығып ап белеңіне-ау.

Қайырмасы.

Көмекейде бұлбұлдың ұясы бар-ау,

Қандырармын әнім мен өлеңіме-ау.

Қайырмасы.

Түйе сұлу көрінер тайлағымен-ау, 

Жолдас болма, қалқажан, қайдағымен-ау.

Қайырмасы.

Өз ауылы әркімнің Мысыр шаһар-ау,

Болсын аман ауылың аймағымен-ау. 

Қайырмасы.

125. АХАУ, КЕРІМ

Елім жайлар Сайрам су күнгейінде,

Өздеріңе айтамын білгенімді.


80

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Талабыңа нұр жаусын, ай-ау, бала,

Аман-есен тілеймін жүргеніңді.



Қайырмасы.

Ахау, керім,

Бұраң белім.

Күнде қызық, күнде той,

Айдай, жүрген жерім-ай.

126. АХАУ, ҚҰРБЫМ

Қозғалмайтын жұлдыз бар—Темірқазық,

Жүйрік келер бәйгеден бауырын жазып-ай.

Ақ тамақтан емітіп бір иіскесем,

Қалар еді жаныма рақат тауып-ай.

Қайырмасы:

Ахау, құрбым,

Мойын бұрғын.

Тал шыбықтай бұралып,

Жолда тұрғын-ай.

Бір қамшым бар қолымда ат қамшылар,

Бауырынан атымның тер тамшылар-ай.

Сіз көйлекшең болғанда, біз жейдешең,

Жақындасып кеткенде не жан шыдар-ай.

Қайырмасы:

Ахау, сары қыз,

Піскен дарбыз.

Көлденеңдеп шығады

Көңілі бар қыз-ай.


80

81

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



127. АХАУ, РИАЙ-АУ

Айт-айт десе адырдан қашар түлкі,

Қайда қалмас жігіттің жиған мүлкі.

Алма жай, ахау,

Риай-ау.

Екі атаның баласын еліктірген,

Күміс құйрық қара жал әттең жылқы.

Алма жай, ахау,

Риай-ау.

Жылқы деген мал жақсы аман болса,

Жігіт неге бағады жаман болса.

Алма жай, ахау,

Риай-ау.

Өзіңді ойлап, жан сәулем, жүргенім ғой,

Ат үстінде көңілім алаң болса.

Алма жай, ахау,

Риай-ау.

128. АХАУ, ҮРИЯ-АЙ

Ала үйрек алма мойын, ай, біз емес пе, ай, жалған!

Ілетін нағыз лашын сіз емес пе?

   Ахау, 

үрия-ай.

Болғанда қыз қызыл гүл, ай, жігіт—бұлбұл, 

 

 

 



 

 

     ай, жалған!



Гүл-гүлге бұлбұл келіп түнемес пе?

   Ахау, 

үрия-ай.

Кім еді ертең ерте, ай, қозы ағытқан, ай, жалған!

Сен бе едің боз жорғаны орағытқан?

   Ахау, 

үрия-ай.

Түскенде сен есіме, ай, сенер болсаң, ай, жалған!

Қойныма көзім жасы сорағытқан.

   Ахау, 

үрия-ай.

6-0262


82

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



129. АХАУ-АЙ

Өнерге білім білген жеткізеді-ай,

Дариядан кеме, қайық өткізеді.

   Ахау-ахау-ай.

Жақсымен зәуде ғалам жолдас болсаң-ай,

Бойыңа бір қасиет біткізеді.

   Ахау, 

ахау-ай.


Қайырмасы:

Түлкідей бұлаң,

Аққудай сылаң.

Басасың аяғыңды,

Бұраң, бұраң, ей,

Ахау-ахау-ай.



130. АХАХАЙ, АРМАН

Ахахай, ахау «сәлем» деді ағаларың,

Ән-күйге бөленсін аз қалаларың-ай.

Қартыңның, ахау, нашар жатып салған әні,

Салып жүр осы әніме балаларым-ай.

Қайырмасы:

Ахахай, ахау, арман-ай,

Жиырма бес қайта айналып

Келмес маған-ай.

Ахахай, ахау «арманда» деді аталарың,

Салып жүр осы әніме боталарым-ай.

Артымда-ай сорлы анаң қалып барады,

Салып жүр көз қиығын балаларым-ай.



82

83

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы:

Ахахай, ахау, арман-ау,

Жетпіс бес енді мені

Меңдеттің бе-ай.



131. АХАХАУ, АЙДОЙ-АЙ

Ендеше, бес сала кер, бес сала кер,

Дегенім бес сала кер, бес қара кер.

   Ахахау, 

айдой-ай.

Барады заман өтіп жылдан жылға,

Замандас, тең тұстасым, еске ала жүр.

   Ахахау, 

айдой-ай.

Қайырмасы:

Ой!


Бір бидай арпа,

Өзің біл, қалқа-ай-ау!

Ұшады аққу көлден байпаңдаған,

Қалқаға бір сөзім бар айта алмаған.

   Ахахау, 

айдой-ай.

Су құйып сырлы аяққа тұндырғандай,

Көзіңнен айналайын жаутаңдаған.

   Ахахау, 

айдой-ай. 



Қайырмасы.

132. АЯУЖАН

Қалқатай, мінезіңе болдым асық-ай,

Сыртыңнан атыңды естіп болдым ғашық-ай,

    болдым 

ғашық-ай.


84

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы:

Аяужан, адасқан,

Аяужан, адасқан,

Шіркін-ай, таныс болмай,

Ерте бастан-ай,

Ерте бастан-ай.

Қалқатай, ой-қырың бәрі де сай-ай,

Жүруші ем анық жауап ести алмай-ай,

    ести 

алмай-ай.



Қайырмасы.

Бір жауап өзіңізден болмаған соң-ай,

Айта алмай жүруші едім басқадай жай-ай,

    басқадай 

жай-ай.

Қайырмасы.

133. ӘГӘГӨЙ

Аттың бәрі тумайды-ей бурылдай боп,

Тату өсер бар ма екен құрбыдай боп, әгәгөй-ау.

Мен қалқаны сағынып жүргенімде,

Даусы қайдан шығады бұлбұлдай боп, әгәгөй-ау.

Қайырмасы:

Су ағады сайменен,

Шам жанады майменен-ай.

Екі жақсы қосылса,

Таң атады жайменен-ай.

Баян таудың басында-ей нар кескенім,

Тал шыбықтай бұралып бірге өскенім, әгәгөй-ау.


84

85

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Бағаласам, бағаңа жан жетпейді,

Шекер шайнап қолымнан бал жескенім, әгәйгөй-ау.



Қайырмасы.

134. ӘГӘЙ КӨК

Ай, жаным, торы жорға, торы жорға, әгәй көк,

Басында торы жорға шәйіден дорба,

 

 



 

өтеді жалған, амал жоқ.

Түскенде сен есіме, сенер болсаң, әгәй көк,

Басамын аяғымды әрең зорға,

 

 

 



өтеді жалған, амал жоқ.

Ақтаңгер тау биігі артылар ма, әгәй көк,

Інжу тас қара пұлға сатылар ма,

 

 



 

өтеді жалған, амал жоқ.

Әркімнің әзілдесер құрбысы бар, әгәй көк,

Қараңға қара қарға шатылар ма,

 

 

 



өтеді жалған, амал жоқ.

Келеді ердің ері екі елуге, әгәй көк,

Ақ тұйғын құс қонады мекеніне,

 

 



 

өтеді жалған, амал жоқ.

Қашаған қашарында байқап қашар, әгәй көк,

Артынан жүйрік қуып жетерінде, 

 

 

 



өтеді жалған, амал жоқ.

Шын ашық өз басыма болсаң, құрбым-ай, 

   әгәй 

көк,


Қамшыңды беріп кеткін кетеріңде, 

    


өтеді жалған, амал жоқ.

86

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



135. ӘГИ, ҚАЛҚАШ, ҚАЗИЗА-АЙ

Дәйім менің мінгенім мұз көк ала-ай,

Сала алмас осы әнге өзге бала, әгигай.

Қыл өтпес арамыздан тату едік-ай,

Арадағы айрылдық сөзге бола, әгигай.

Қайырмасы:

Әги-әги-әги-гәй,

Әги, қалқаш, Қазиза-ай.

Бір қамшым бар қолымда бұйра сапты-ай,

Сол қамшым бұйра сапты жұртта қапты, әгигәй.

Қыл өтпес арамызда тату едік-ай,

Қызыл тіл арадағы бұра сапты, әгигәй.

Қайырмасы.

136. ӘГИГӘЙ

Жылқы айдаймын көшкенде дөненменен-ау,

Мінілмеген астымда көбеңменен, әгигәй.

Алыс ауылың кеткенде, екі-ай бала-ау,

Амандасып жүрейік өлеңменен, әгигәй.

Қайырмасы:

Жылқы ішінде ала жүр,

Ұстай алмай бала жүр.

Алыс ауылың кеткенде,

Осы әніме сала жүр.

137. ӘГӨЙ, ҚАЛҚАШ

Жырғылтыдай жер қайда қар алмаған-ей,

Жібек шашың желкілдеп таралмаған-ей.


86

87

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы:

Ей-әгөй, қалқаш,

Ой, әгөй-гай.

Бағаласам, бағаңа жан жетпейді-ей,

Бұл өлкеде сіздей жан жаралмаған-ей.

Қайырмасы.

138. ӘГӨЙ-ГӨЙ

Ат байладым ақ үйдің кермесіне, әгөй,

Көз салдым біреудің бермесіне.

   Әгөй-гәй, 

әгөй-гәй.

Оралыңның барында ойна да күл, әгөй,

Өткен өмір мен кепіл келмесіне.

 

 



 

Әгөй гәй, әгөй-гәй.

Ат байладым ақ үйдің белдеуіне, әгөй,

Шашақ төгер кербез қыз белбеуіне.

   Әгөй-гәй, 

әгөй-гәй.

Оралыңның барында ойна да күл,

Өткен өмір мен кепіл келмеуіне.

   Әгөй-гәй, 

әгөй-гәй.



139. ӘГӨЙГӘЙ

Әуеде ұшып жүрген ала қарға,

Берейік өлең айтып ағаларға.

 

 



Ой, әгөйгәй, әгөйгәй.

Бермесек өлең айтып ағаларға,

Кетеді бір мін тағып балаларға.

 

 



Ой, әгөйгәй, әгөйгәй.

88

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қонғаны ауылымның теріскей-ді,

Қалың мал теріскейде өрістейді.

 

 

Ой, әгөйгәй, әгөйгәй.



Ағалар өлең айт деп кеп отырса,

Отыру бекер қарап келіспейді.

 

 

Ой, әгөйгәй, әгөйгәй.



140. ӘГУГӘЙ, ЖАМАЛ

Дауысың бұлбұл болғанда, өзің бір гүл, ахау,

Он бестегі толған-ай кезің бұл бір.

Қайырмасы:

Айдай, әугәй, Жамал-ай,

Жаным саған не амал-ай,

Бірге жүрер заман-ай.

Тал бойыңда тарыдай бір мінің жоқ, айхай,

Тас бұлақтай дауысың қаққан сыңғыр.



Қайырмасы.

Құлазиды кең жайлау ел кеткенде, ахау,

Гүл жайнайды қыз бала ержеткенде.

Қайырмасы.

Алыс аулың кеткенде, қалқатайым, ахау,

Кімге айтамын назымды сен кеткенде, айхай.

Қайырмасы.


88

89

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



141. ӘГУГӘЙ-УГӘЙ

Кегеннің біздің ауыл, ахоу, төрінде отыр-ай,

Баяғы өзің көрген, айхой, жерінде отыр,

     әгугәй-угәй.

Көңілің шыныменен, ахоу, менде болса-ай,

Көзіме сағат сайын, айхой, көрін де отыр,

     әгугәй-угәй.

Қайырмасы:

Па, шіркін,

Дүние-ау жалған,

Әгугәй, арман-ай.

Түспейді еркін қолға,

Айхой, қөңілге алған,

Әгугәй-угәй.

Дүние тұмандаған, ахой, мұнарланған-ай,

Білмеймін кім алдаған, айхой, кім алданған,

     әгугәй-угәй.

Арманға айдап шыққан, ахой, арбасынан-ай,

Түсіріп кете ме екен, айхой, мына жалған,

     әгугәй-угәй.

Қайырмасы.

Қарқара, шөбің шүйгін, ахой, басың биік-ай,

Бауырыңда ойнақтаған, айхой, арқар киік,

     әгугәй-угәй. 

Түскенде сен есіме, ахой, қимас қалқам-ай,

Қайғысын дүниенің, айхой, алдым жиып,

     әгугәй-угәй. 

Қайырмасы.



90

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



142. ӘЙ, ӘЛӘЛУЛӘЙЛІМ

(1-нұсқа)

Сәлемде-ей, жан қалқа, дәрі берсін,

Дегенім дәрі берсін, өзі келсін.

   Әй-әләуләйлім.

Хал нашар-ей көрмегелі көптен бері,

Шақырттым сондықтан да, келіп көрсін.

   Әй-әләуләйлім.

143. ӘЙ, ӘЛӘУЛӘЙЛІМ

(2-нұсқа)

Мінгенім-ей дәйім менің шұбалаң кер,

Қолымда қос сақина бұрама зер,

   Әй-әләуләйлім.

Көрмегелі өзіңді болды талай,

Көзге жақсы көрінер ойнаған жер.

   Әй-әләуләйлім.

144. ӘЙ, ИГАЙ

Өтіпті жиырма бес бір сергелдең,

Бақ тайса, ерден дәулет өлгенмен тең, әй, игай.

Жігіттің алған жары болса жаман,

Алты айлық абақтыға кіргенмен тең, әй, игай.

Өлеңді кім айтпайды ән шығарса,

Сұлуды кім алмайды мал шығарса, әй, игай.

Армансыз бұл жалғаннан бұрынғы өтер,

«Кет» деген сүйгеніңмен заң шығарса, әй, игай.

Астымда қара атым бар қаржалмаған,

Әр жерде асыл пұлдар арзандаған, әй, игай.


90

91

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қолымда, тоқтылы бай, сүйіншім бар,

Жоғалттым бір топ үкі маржандаған, әй, игай.

Сөйлей бер, қызыл тілім, өлмей тұрып,

Алланың аманатын бермей тұрып, әй, игай.

Осындай әлің барда күліп-ойна,

Жер қазып, жер ошаққа көмбей тұрып, әй, игай.

Ал, жаным, керді міндім, керді міндім,

Өтерін дүниенің енді білдім, әй, игай.

Өтерін дүниенің білгеннен соң,

Салт атты, сабау қамшы ойнап-күлдім, әй, игай.



145. ӘЙ, УГӘЙ

Ал, жаным, қалайы қасық, қалайы қасық,

Тұсыңа жаңа келдім жанай басып, әй, угәй.

Құмартқан жасшылықта қайран құрбым,

Бал берген су сұрасаң, міне, ғашық, әй, угәй.

Сөйлей бер, қызыл тілім, жақ барында,

Маңдайға баста дәулет, бақ барында, әй угәй.

Ойнап-күл тіршілікте, әй, балалар,

Қаламыз қара жердің жапсарында, әй, угәй.

Ал, жаным, сұрша құнан, сұрша құнан,

Көгеннің қозы ағыттым бұршағынан, әй, угәй.

Шын ашық өз басыма болсаң, жаным,

Ауылдың жолығып жүр сырт жағынан, әй, угәй.

146. ӘЙ-АУ

Жарасар шашбауыңа күміс шынжыр,

Сайраған сандуғаштай сен бір бұлбұл.

Бағаңа, бағаласам, жан жетпейді,

Ішінде өз құрбыңның мен қызыл гүл.


92

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Көзіңнің айналайын жанарынан,

Сөзіңнің қуанамын хабарынан.

Аңқыған иісің жұпар, әттең, қалқа,

Иіскелеп жатар ма еді тамағыңнан.



147. ӘЙ-ӘЙ, БӨПЕМ

Тауға қара-ай, ендеше, тауға қара-ай,

Таудан бұлақ ағады төмен қарай.

Кішкентайдан бірге өскен елім, жұртым,

Сағынғаннан көз талды саған қарай.

Қайырмасы:

Әй-әй, бөпем,

Артта қалған елімді

Көрер ме екем!

Үш Қарқара, Көктөбе, Мыңжылқыдан

Түбірінен теректі кім жұлқыған?

Тамырынан айрылған мендей болар,

Ажыраған амалсыз ел-жұртынан.



Қайырмасы: 

Әй-әй, бөпем,

Кейін қалған ел-жұртым

Келер ме екен?



148. ӘЙ-УГӘЙ

Екі шекті домбыра, тақтым перне, әй-угәй,

Нұр жауады дейді екен талапты ерге, әй-угәй.

Оралыңның барында ойна да күл, әй-угәй,

Өлгеннен соң кіреміз қара жерге, әй-угәй.


92

93

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы:

Жүгіріп шықтым белеске,

Белес жақын емес пе.

Осы отырған отырыс

Бір ғанибет емес пе.

Екі шекті домбыра, жеті перне, әй-угәй,

Айдай көрме жігітті арамтерге, әй-угәй.

Ат өксітіп алыстан келеміз деп, әй-угәй,

Ақын қыздың ауылына тура серме, әй-угәй.

Қайырмасы.

149. ӘЙГИГӘЙ, БАП-БАП

Басында шұбар таудың қос барабан,

Ішінен алуан әсем ән тараған.

Сұлу қыз, әнші жігіт—бәрі сонда,

Япырмай, неге келдің, ахау, сол арадан.

Қайырмасы:

Әйгигай, бап-бап, бәй бибәй, бап-бап, бап-бап,

Би-оу, би-оу, жарқ еткен күн-оу,

Әйгигай, бап-бап, бәй бибәй, бап-ай.

Ат байлап, шатыр тігіп жатқанымда,

Той қылып, шерім тарқап қайтқанымда.

Жолаушы ұзын жолға барғанымда,

Тұнжырап екі көзім, ахау, қайтқанымда.



Қайырмасы.

94

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



150. ӘЙГИГАЙ, КӨКЕМ

Ақ үйдің ат байладым кермесіне,

Адамның ашты болма бермесіне.

Жігіттер, тіршілікте ойна да күл,

Мен кепіл өткен дәурен келмесіне.

Салғаным сал торы атқа сал тебінгі,

Жігіттер, дұшпаныңнан ал кегіңді.

Ат арытып алыстан келгеніңде,

Ақ тамақтың астынан ал деміңді.

151. ӘЙУ-АЙ

А-хоу!


Қияның қызыл-қызыл қиясы бар,

Қияны шауып алсам, миясы бар, әйу-ай.

Өлеңді әжептәуір айтушы едік,

Қара өлең тамағымда ұясы бар, әйу-ай.

Иғай!

Ал, жаным, ән келгендей, ән келгендей,



Шақырар қораз, тауық таң келгенде, әйу-ай.

Жел сөзді құдай берген неге аяймын,

Алдыма айтар кісім дәл келгенде, әйу-ай.

152. ӘККИГӘЙ, САРЫ БЕЛ

Жылқы бақтым сары жон белесіне,

Етектегі түседі ел есіме.

Қайырмасы:

Әккигай, сары бел,

Соғар салқын самал жел.


94

95

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Сары белден шырқаған даусымды естіп,

Сүйген сәулем қасыма келесің бе?



Қайырмасы:

Әккигәй, сары бел,

Сағындырмай бері кел.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал