МҰра ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес ċ ģ ė Ē ĝı Ĝ ĝē 100 ÎÌ 4



жүктеу 1.84 Mb.

бет3/19
Дата11.01.2017
өлшемі1.84 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

67. АҚЫЛЫҢ, ӘДІЛІҢ

Қызыл қыршын-ау, қызыл қыршын,

Ойнаған қыршылдатып ойның құрсын.

Аулыңа әдейілеп келгенімде,

Қойдың ғой сыйпалатып жүктің бұршын.

Қайырмасы:

Ақылың, әділің,

Өтеді-ау шырақ кәдірің-ау.

68. АЛ, БҰРАҢ БЕЛ

Салмаймын салдықпенен балағымды,

Ораймын ақ шағименен тамағымды.

4-0262


50

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы:

Үй, әттәри, ахаурияй,

Ал, бұраң бел,

Өтеді дүниең, а, ей, ой.

Сағынып құрбы даусын жүргенімде,

Япырай, қайдан көрдім қарағымды?



Қайырмасы.

Ауылыңа ат терлетіп барайын ба,

Әніңе майдақоңыр салайын ба?

Қайырмасы.

Әніңе майдақоңыр салмаушы едім,

Ешкім жоқ сізден басқа маңайымда.

Қайырмасы.

69. АЛ, ГІДІГ-АЙ

Жылқы айдаймын көшкенде жалбаспенен-ей,

Ортан жілік бітеді жамбаспенен.

Ал, гідіг-ай.

Көрмегелі көп айдың жүзі болды-ей,

Ауыл-аймақ аман ба, мал баспенен.

Ал, гідіг-ай.

70. АЛ, ЖАНЫМ-АЙ

Өлең деген немене өнерпазға-ау,

Өлең тұрмақ сөз қиын, ал, жаным-ай,

    ақылы 

азға-ай.


50

51

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Көтерелік көңілді осындайда-ау,

Кім бар, кім жоқ ендігі, ал, жаным-ай,

    келер 

жазға-ай


Қайырмасы:

Ал, жаным-ай,

Аман-есен болса екен

Мал-жаның-ай.

Қонған жері елімнің ой болса екен-ау,

Ойды қаптай жайылған, ал, жаным-ай,

    қой 

болса 


екен-ай.

Сұрайтыным тағдырдан, ауылыңда-ай,

Күнде осындай бас қосар, ал, жаным-ай,

    той 


болса 

екен-ай.


Қайырмасы.

71. АЛ, ҚАРАЙ КӨЗ

Барады аулым көшіп сарымсаққа-ай,

Шыбын жан шықпайды екен сағынсақта-ай.

Келмеді қыста хабар, жазда хабар-ай,

Сарғайып елесіне табынсақта-ай.

Қайырмасы:

Ал, қарай көз,

Шықса сәулем ырғалып.

Торғын салын бос салып,

Санаменен сарғайдым,

Мен сәулемнен-ай құр қалып.



52

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



72. АЛ, ҚАРАКЕР

(1-нұсқа)

Қара тау бауырың жазық, басың биік,

Сен сонда мекендеген-әй гай-гөй,

Ерке киік риай-ау.

Қаракер болдырса да тағатым жоқ,

Айрылып бір өзіңнен ай-гай-гөй,

Тарттым күйік риай-ау.

Ал, қаракер, аяңда,

Барар жерің таяуда.

73. АЛ, ҚАРАКЕР

(2-нұсқа)

Көзіңнен айналайын күлімдеген,

Жаманға басқан ізің, әлигәли-гөй, білінбеген,

     үрия-ай.

Ішіне дәрежемен сөздің сазын,

Салсам да алтын қармақ, әлигәли-гөй, ілінбеген,

     үрия-ай.

Қайырмасы: 

Ал, қаракер, аяңда,

Барар жерің таяуда.

Қолында қалқатайдың алтын пышақ,

Аулына жан қалқаның, әлигәли-гөй, 

    жайдым 

құшақ,

    үрия-ай.



Қалқатай отыр ма екен, жатыр ма екен,

Шомылған айдын көлге, әлигәли-гөй, 

    аққуға 

ұқсап,


    үрия-ай.

52

53

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы:

Ақ маңдай, қолаң шаш,

Үкілі камзол, қиғаш қас.

74. АЛ, ҚАРАКЕР

(3-нұсқа)

Ақақай, ал, қаракер, аяңдай бер,

Құрбылар екі-екіден ән сала бер-ау.

Өлеңге сен қиын ба, мен қиын ба,

Жақсының аты шығар-ау, тап жиында-ау.

Кез болған қиуада-ау, қимас қалқа,

Алдыңнан арғымақтай-ау орғиын ба-ау.

Астымда, ал, қаракер, аяңдай бер,

Құрбылар екі-екіден ән сала бер-ау.

75. АЛАТАУ

Алатау басың биік тақиядай,

Ел жайлап шалғыныңды жапырады-ай.

Бұл өмір басы биік тауменен тең,

Бір күні айрыласыз қапиядан.

Басында Алатаудың қос барабан,

Бойынан дария шалқып, су тараған.

Сұлу қыз, маңғаз жігіт бәрі осында,

Артық жер көргенім жоқ осы арадан.

76. АЛКҮРЕҢ

Дәйім менің мінгенім Алкүреңім-ей,

Шілдедегі құрақтай балдыр едім.


54

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы:

Алкүрең алма мойын,

Сізде еді менің ойым-ай.

Ауылыңның сыртынан қарауылдап-ей,

Құс аңдыған мергендей аңдыр едім.

Қайырмасы.

77. АЛҚОҢЫР

Ән салсаң, өзімдей сал баяулатып,

Бұрынғы өткен әнге таяулатып.

Сыртынан ауылыңның ән шырқасам,

Шыдайды дәтің қалай ояу жатып.

Қайырмасы:

Ахау, ахау, Алқоңырдай!

Ән салсаң Алқоңырдай-ау

Дәл осындай!

Алқоңыр ән-ақ екен баппен айтса,

Ер жігіт не болады серттен тайса?

Ән болмас Алқоңырдай қайда барсаң,

Ән білем деген адам шынын айтса.



Қайырмасы.

78. АЛМА ЖАЙ

Асыл қайрақ, ендеше, асыл қайрақ, оу,

Жүруші едік тепсеңнің басын жайлап.


54

55

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы:

Алма жай,

Алма жай, қарғам,

Әлу-гәй.


Келемін деп бұл жерге ойлағам жоқ, оу,

Келіп қалдым бұл жерге дәм-тұз айдап.



Қайырмасы.

Көгілдірік, ендеше, көгілдірік, оу,

Қабырғамның бір жағын сөгілдіріп. 

Қайырмасы.

79. АЛМА МОЙЫН

Дәйім менің мінгенім Шұбалаңкер-ей,

Қос сақина қолымда бұрама зер-ей.

Ей, алма мойын-ай.

Аулың алыс кеткенде, ей, қарағым,

Көзге күйік болады ойнаған жер.

Ей, алма мойын-ай.

Боз аттың болды-ау талай былқылдағы,

Кетпейді қыздың даусы ұйқымдағы.

Ей, алма мойын-ай.

Жүруші ем медеу көріп мен сыртынан,

Сүмбедей қара жорға жылқымдағы.

Ей, алма мойын-ай.


56

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



80. АЛМАТЫ МЕН ҚОҒАЛЫ-АЙ

Дүние өтеді тағы да, дүние өтеді, ахоу,

Оймақсыздың қолына ине өтеді, әләулім-ай.

Күлің барда күнде ойна, мынандайда, ахоу,

Сұм жалғанның түбіне кім жетеді, әләулім-ай.

Қайырмасы:

Алматы мен Қоғалы-ай!

Әркімнің көңілі жоғары-ай!

Аса байлық не керек,

Ден сау болса болғаны-ай.

Жүгіріп шықтым белеске,

Белес жақын емес пе.

Осы отырған отырыс

Бір ғанибет емес пе-ай!

Қаршыға алған, ендеше, қаршыға алған, ахау,

Қаршыға алған жерімде қамшы қалған, 

     әләулім-ай.

Сізді тапқан анаңа, бәрекелді, ахау,

Жауқазынның түбінен аршып алған, әләулім-ай.



Қайырмасы.

81. АЛТАЙ

Кербез сұлу керілген, алтын Алтай,

Сайрандаған саяңда халқың, Алтай.

Күн туар ма көретін қайта айналып,

Бейне анамдай, ақ шашты жарқын Алтай.

Қайырмасы:

Ағажай, Алтайдай жер қайда-ай.



56

57

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Әйгілі әлемге атың, Алтай сері,

Қазақтың ата қоныс, қарт мекені.

Өскен жер, өрбіген ел, қош аман бол,

Ұмытпас, қайда барса, халқың сені.



Қайырмасы.

82. АЛТЫН СЫРҒА, ЖЕЗ ТҮЙМЕ

Кескен ағаш қалады, жеңдей болып-ей,

Қара нөсер келеді меңдей болып-ай.

Қайырмасы:

Бәтима-ай,

Алтын сабақ,

Жез түйме-ай.

Аулың алыс кеткенде-ей, қарағым-ей,

Кім көрінер көзіме сендей болып-ей.



Қайырмасы.

Қолымда бір қамшым бар алтындаған-ей,

Ажарың ақ жамбыдай жарқылдаған-ей.

Қайырмасы.

Сексен қыз серуенге шықса да-ей,

Ішінде сен қоңыр қаз қаңқылдаған-ей.

Қайырмасы.

83. АЛТЫН СЫРҒА, ҚИМА БЕЛ

Бір күн оңда дүние, бір күн солда-ай,

Дүние шіркін тұрмайды үнемі қолда, сәулем-ай.


58

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Тұлпар мініп, ту алған ер болсаң да-ай,

Ажал жетсе, қалады басың жолда, сәулем-ай.



Қайырмасы:

Алтын сырға, қима бел,

Сағындым ғой, қайран ел.

Ойлап тұрсам, дүние жалған екен-ай,

Он сегіз мың ғаламы болған екен, сәулем-ай.

Машинаның жібіндей қайран әнім-ай,

Шабан аттай шалдығып қалған екен, сәулем-ай.

Қайырмасы.

84. АЛТЫННАН АЯҚ

Қарағым, айналайын, асыл туған-ай,

Жібектің бір тобымен белін буған-ай.

Бағаңа, бағаласам, жан жетпейді-ай,

Секілді ақ балапан тұйғын қуған-ай.

Қайырмасы:

Алтыннан аяқ, күмістен таяқ,

Жел сөзді не қылайын сіздерден аяп-ай.

Мінгенім дәйім менің бұлан керім-ай,

Жорға емес, жүйрік емес, алып керім-ай.

Көп айдың көрмегелі жүзі болды-ай,

Жүрмісің аман-есен бұраң белім-ай.

Қайырмасы.


58

59

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



85. АЛТЫНТАУ

(1-нұсқа)

Алтынтаудай жер бар ма жайлағанға-ау,

Асау мініп, жас құлын байлағанға, Алтынтау.

Қайырмасы:

Алтынтау,

Қыз—қаршыға,

Жігіт—бау. 

Сары майдай балқырсың, ояу жатып,

Бұлбұл құстай сызылтып сайрағанда, Алтынтау.



Қайырмасы.

86. АЛТЫНТАУ

(2-нұсқа)

Қайран мекен қалдың-ау, туып-өскен-ай,

Ата-бабам кір жуып, кіндік кескен-ай.

Тамашасы жәннаттай, қайран жерім-ай,

Жатсам түстен кетпейсің, тұрсам естен-ай.

Қайырмасы:

Алтынтау, қайран мекен қалдың-ау.

Ертіс қыстап жүруші ек, Алтай жайлап-ай,

Қарасаз бен Үшілік бие байлап-ей.



Қайырмасы.

60

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Кең алқапқа жарасып ақ боз үйлер-ай,

Күнде ойын, күнде той, сауық сайран-ей.



Қайырмасы.

87. АЛТЫНЫМ-АЙ, КҮМІСІМ-АЙ

Барады аулым көшіп Көлме-көлге,

Көлме-көл алыс дейді көрмегенге-ай.

Кетсе де аулың алыс, екі-ай, қалқа,

Жаз шығар күн күркіреп өлмегенге-ай.

Қайырмасы:

Ой, ахау, алтыным-ай, күмісім-ай,

Аман жүр қайда жүрсең, туысым-ай, ау.

88. АМАН БОЛ, ҚҰРБЫМ

Қызығы бұл жалғанның ән беретін,

Жігітке өнер артық бір жүретін.

Қайырмасы:

Аман бол, құрбым,

Көргенше қашан-ай.

«Аға—жал, іні—құйрық, бала—қанат»,—

Бұрынғы айтқан екен сөз білетін.

Қайырмасы.


60

61

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



89. АППАҚ ЕТІҢ

Қалқатай, су түбіне-ой, қармақ салдым-ау,

Қармақты бір тістетіп балық алдым.

Ботадай еркелеген келбетіңе-ау,

Сүйініп ту сыртыңнан қарап қалдым-ау.

Қайырмасы:

Аппақ етің, қардай етің,

Құлындай едің жаңа туған-ой,

Дәл суретің-ау.

Бозторғай шырылдайды-ой, көк тұрып-ау,

Іледі тұрымтайдай құс-ой, ептеп жүріп-ау.

Тең-тұсым осы арада-ой, сен екенсің-ау,

Өтейік тату-тәтті ойнап-күліп-ау.



Қайырмасы.

90. АППАҚ-АППАҚ ҚОЯНДАЙ

Өлең басы «бісміллә» деп айтады,

Жаратымсыз жаман сөз нені айтады, сәулем-ай.

Бәрімізді жаратқан Жаппар құдай,

Құдайы айтпай әуелі нені айтады, сәулем-ай.

Өлең айтқым келмейді ерінгенде,

Бойым байсал тартады керілгенде, сәулем-ай.

Жерден алтын тапқандай қуанамын,

Тақияңың төбесі көрінгенде, сәулем-ай.

Қайырмасы:

Аппақ-аппақ қояндай,

Тасқа жаққан бояудай,


62

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Жасымда айтқан өлеңді,

Қартайғанда қоям ба-ай.

Өлеңімді айтамын өрнекпенен,

Ол да ғұмыр жақсыны көрмек деген, сәулем-ай.

Жабы, жүйрік әр жерде жатыр толып,

Жарым кезден жаясы сербектелген, сәулем-ай.



Қайырмасы.

91. АПТАРИ-АЙ

Деуші едім ариайдай, ариайдай,

Шықпайды арпа болып өскен бидай,

    аптари-ай.

Өлеңді айтпаймын деп тоқтасам да,

Өлеңнің құмары ұстар насыбайдай,

    аптари-ай.

Қайырмасы:

Аптари-ай, маптари-ай,

Ари, ари, айхай, дариға,

Айдай, игигай-ай.

Қара су ойылмайды мұз қатқанда,

Шаңғауыз зар қағады қыз тартқанда,

    аптари-ай.

Буының, сірә, қалай босамайды,

Өзіңе тең құрбы деп сөз қатқанда,

    аптари-ай.



Қайырмасы.

62

63

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



92. АРДАҒЫМ

Ұшады қыран бүркіт құм айналып,

Арықтан су ағады лайланып.

Адамға жақсы өлең атпенен тең,

Қазығын таппай қоймас бір айналып.

Дегенде жыңғыл шоқпар, жыңғыл шоқпар,

Жерлерге бетегелі жылқым тоқтар.

Өлеңнің жақсысы бар, жаманы бар,

Айтайын қандай өлең сылқым соқтай.

93. АРҚАЛЫ

Сол жігіттің арқалы аты семіз-ай,

Қыз-жігіттің думанда аты сегіз-ей, құрбым-ай.

Күй толқытып, бұралтып ән шырқаса-ау,

Аспан асты масайрап болар теңіз-ей, құрбым-ай.

Гүл бақшада сайраған, бұлбұлымыз жаңаша,

    жадыраған-ей,

Жаз күні жайлау неткен-ей, тамаша.



94. АРМАН-АЙ

(1-нұсқа)

Ауылым көшіп барады-ау, Талдыөзекке,

Қойбүлдірген, қарақат төңіректе.

Шіркін-ай, арман-ай,

Арманым жоқ, жалған-ай.

Асықпаған арбамен-ау, қоян ұстар,

Дәмі тартқан жетпей ме, бір кезекте.

Шіркін-ай, арман-ай,

Арманым жоқ, жалған-ай.


64

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



95. АРМАН-АЙ

(2-нұсқа)

Айналайын көзіңнен, бота көзім-ай,

Ойлағаным өзге емес, жалғыз өзің-ай.

Ауылың алыс кеткенде, қимас қалқа-ай,

Естен кетпес «қош болғай» деген сөзің-ай.

Қайырмасы:

Шіркін-ай, арман-ай,

Бұл дүниенің қызығы—

Ойнап-күлген дәурен-ай.

Құлағыңа таққаның күміс сырға-ай,

Күмбірлетіп шығасың күнде қырға-ай.

Сағыныштан сарғайып жүргенімде-ай,

Мен өзіңді қосамын ән мен жырға-ай.



Қайырмасы.

96. АСЫҒЫС ЖАЛҒАН, АЯЛ БЕР

Дүние, дүниеден дүние өтеді,

Қолынан оймақсыздың ине өтеді-ай.

Қайырмасы:

Асығыс жалған, аял бер, угай-гай.

Барында оралыңның ойна да күл,

Түбіне дүниенің кім жетеді.



Қайырмасы.

64

65

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



97. АСЫЛ БЕКЗАТ

Келдің қайдан, қалқатай-ей, келдің қайдан-ей,

Алма мойын ақ үйрек ұшар сайдан-ей.

Қайырмасы:

Асыл бекзат құрбышым-ай,

Аман-есен жүрмісің-ай.

Мекеніңді, қарағым-ей, айтып қойшы-ей,

Жат болмағы адамның осындайдан-ай.

Қайырмасы.

Бәсі қымбат базарда-ей, алашаның-ей,

Қызы сұлу болады қарашаның-ай.

Қайырмасы.

Өлең даусын сағынып-ей жүргенімде-ей,

Даусы қайдан шығады құдашаның-ей.

Қайырмасы.

98. АСЫЛ ЗАТ

(1-нұсқа)

Базарда бәсі қымбат бас киімнің,

   Қос 

күрең-ай.



Өспейді мал мен басы қос күреңнің,

Асыл зат, құрбым-ай, аман бол.

Сағынып ән дауысын жүрегімде,

   Қос 


күрең-ай.

Шығады дауысы қайдан қос күреңнің,

Асыл зат, құрбым-ай, аман бол.

5-0262


66

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Базарда бәсі қымбат борлаттардың,

    Қос 


күрең-ай.

Көрінер мойыны сұлу жорға аттардың,

Асыл зат, құрбым-ай, аман бол.

Сағынып ән дауысын жүргенімде,

    Қос 

күрең-ай.

Шығады дауысы қайдан бекзаттардың,

Асыл зат, құрбым-ай, аман бол.



99. АСЫЛ ЗАТ

(2-нұсқа)

Сүйгенім қой ішінде-ай жебей саулық,

Жарасар келіншекке жібек жаулық.

Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым,

Жүреді күндіз-түні көңілім аулық.

Қайырмасы:

Ей, асыл затым,

Қиғаш қасым,

Шақырсаң,

Жаныңызға-ау кім бармасын?

Ақ үйден шыға келдің айдай болып,

Жылқыда қысыр емген тайдай болып.

Кетесің, қолым тисе, былқ-сылқ етіп,

Қарынға жаңа салған майдай болып.

Қайырмасы.

100. АСЫЛ ЗАТ

(3-нұсқа)

Ал, жаным, жиреншалбас, ау, жиреншалбас,

Ағашқа саясы жоқ, асыл зат, бұлбұл қонбас-ау.


66

67

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Жаманға дауыс айтам, ау, жолдас болса,

Көңіліңді кейде ауласа, асыл зат, 

    кейде 

ауламас, 

ау.

Екі ойна ебі келсе, ау, осындайда,



Әйелі жамандарға, асыл хат, қонақ қонбас-ай.

Ау, жаным, жақсы қандай, ау, жаман қандай,

Байқасаң жүйрік қандай, асыл зат, 

    шабан 

қандай-ау.

Алыстан түлеп ұшқан-ау, біз ақ тұйғын,

Жасауға бізді қонақ, асыл зат, шамаң қандай-ау.

Бозторғай қой үстінде-ау, балалайтын,

Кешегі өтіп кеткен, асыл зат, заман қандай.

Жаманмен, жайды білмес-ау, болсаң жолдас,

Ішінде қараңғы үйдің, асыл зат, қамалғандай-ау.

Жақсының әні сондай-ау, қандай жақсы,

Қолыңа іліктірер, асыл зат, шам алғандай-ау.

101. АСЫЛ ҚИҚЫМ

Көк ала үйрек ұшады көл дегенде,

Сілекейің бал татыр шөлдегенде-ау.

Аулың алыс кеткенде, екі-ау қалқа,

Ынтызарым құриды сен дегенде-ау.

Қайырмасы:

Асыл қиқым,

Сені ойласам, келмейді,

Жатсам ұйқым-ау.



68

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



102. АСЫЛ-АЙ

(1-нұсқа)

Сөйле десең сөйлейді-ей Жекебайы,

Айтатұғын төреге өлең дайын-ей.

Қайырмасы:

Асыл-ай арман, асыл-ай-ау,

Осылай, төрем, осылай-ау.

Қойнауында Қобданың-ей мекендеген-ей,

Мен сөйлесем, айтармын елдің жайын-ей.

Қайырмасы.

103. АСЫЛ-АЙ

(2-нұсқа)

Жақсы болар жылқы мал күзеткенге-ей,

Қайың құрық сынбайды дүзеткенге.

Қайырмасы:

Ой, асыл-ай,

Арманда едім қосылмай.

Дәтің қайтып шыдады ояу жатып-ей,

Үй сыртынан ән тартып біз өткенде.

Қайырмасы.

104. АСЫЛ-АЙ

(3-нұсқа)

Айналайын атыңнан, Асыл айым-ай,

Мен несіне сырымды жасырайын-ей, Асыл-ай.


68

69

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Шыныменен көңілін менде болса-ей,

Балапандай жем беріп асырайын-ей, Асыл-ай.



Қайырмасы:

Торғын шәлің басыңда,

Жан сүйерің қасыңда.

Ақ сұр аттай ойнақтап,

Жүрші менің-ай қасымда.

105. АСЫНЫҢ САЛҚЫН

ЖАЙЛАУЫ-АЙ

Көкше қоян қашады өзекпенен, оу,

Сөз сөйлегім келеді кезекпенен, оу.

Қайырмасы:

Асының салқын жайлауы-ай,

Өмірдің бар ма байлауы-ай.

Жай білмейтін жаманмен жолдас болсаң-оу,

Соңын күтпей сөзіңнің безектеген-оу.

Қайырмасы.

Жақсылардың жауабы неткен артық-оу,

Сөйлеседі астыртын кезекпенен-оу.

Қайырмасы.

106. АУ, ЗАМАНДАС

Құнан керім, тай керім, дөнен керім-ай,

Ою салып жасайды, ахау, аттың ерін, ахахай.


70

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Көрмегелі көп айдың жүзі болды-ай,

Аман-есен жүрмісің, ахау, бұраң белім, ахахай.



Қайырмасы:

Ау, замандас, осы әнге бас,

Қайта айналып келмес жас.

Ауылым көшіп алысқа, тұрдым жырақ-ай,

Ат шаптырым арада, ахау, біздің тұрақ, ахахай.

Жеңіл қарап жастықпен күдер үзбе,

Жер шалғай деп ұмытып, ахау, кетпе шырақ,

 

 



 

 

 



           ахахай.

Қайырмасы.

107. АУ, ҚАРАҒЫМ-АЙ

Айналайын-ай, көзіңнен-оу, күлімдеген-ай,

Тал бойынан-ай, оғаштық білінбеген-ай.

Неткен жақсы еді-ай, мінезің-ау, майда қоңыр-ай,

Көрген адам-ай, сыртыңнан күлімдеген-ай.

Қайырмасы:

Ау, қарағым-ай,

Сен дегенде-ай,

Тартады оң қабағым-ай.

Айналайын-ай көзіңнің-ай қарасынан-ай,

Хат жазайын-ай қасыңның арасынан-ай.

Асыл бешпет-ай үстіңнен-ай шешіп берген-ай,

Айналайын-ай қолыңның саласынан-ай.



Қайырмасы.

70

71

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



108. АУ, СӨНКІЛ КӨЛ

Өлеңді айт дегенде іркілмеймін,

Кісіні өлең айтқан «шіркін» деймін.

Жел сөздің тағдыр берген арқасында,

Жорғадай жолға түскен бүлкілдеймін.

Қайырмасы:

Ау, Сөнкіл көл,

Мекендеген сіздің ел,

Жан рахаты сайран жер.

Өлеңді тіл бастайды, жақ қостайды,

Бәйгеден келсе жүйрік, ойқастайды.

Барында тіршіліктің ойна да күл,

Өлеңді біз тұрғанда кім бастайды?



Қайырмасы.

109. АУ-АЙДАЙ

Ау, жаным, көк өрікті-ау, көк өрікті,

Сабағы көк өріктің көгеріпті, ау-айдай.

Тартпай шап аттың басын, ау, бозбалалар,

Өткендер бізден бұрын не көріпті, ау-айдай.

Атыңнан айналайын-ау, құдай, оңда,

Жан бар ма құдай деген мұнша жанда, ау-айдай.

Болғаны ұят кімде-ау, иман сонда,

Үйі бар имандының рауаңда, ау-айдай.

Әр таудың бір ұшқын кеп-ау, басын шалған,

Бір қызын пайғамбардың Әли алған, ау-айдай.

Бір қызын пайғамбардың-ау, Әбу алып,

Мирас боп үмбетіне содан қалған, ау-айдай.


72

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



110. АУ-ЖАНЫМ

Әдемісі жылқының қасқа маңқа, ау-жаным,

Шалқасынан түседі шапқан жоңқа, ау-ай.

Қараңғы үйдің ішіне жарық болған, ау-жаным,

Асып туған атадан абзал қалқа, ау-ай.

111. АУЫЛЫМ ҚАЛДЫ-АУ,

КЕЙІН-АЙ

Дүние қудым сені бала жастан,

Дәулеттің аз-көбіне қарамастан.

Ауылым қалды-ау, кейін-ай.

Барында оралыңның ойна да күл,

Не келіп, не кетеді ғазиз бастан.

Ауылым қалды-ау, кейін-ай.

Әуеде ұшып жүрген ала қарға,

Берейін өлең айтып ағаларға.

Ауылым қалды-ау, кейін-ай.

Бермесек өлең айтып ағаларға,

Кетеді кінә тағып балаларға.

Ауылым қалды-ау, кейін-ай.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал