МҰра ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес ċ ģ ė Ē ĝı Ĝ ĝē 100 ÎÌ 4



жүктеу 1.84 Mb.
Pdf просмотр
бет2/19
Дата11.01.2017
өлшемі1.84 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

26. АЙДАЙ, АЙДАЙ

(2-нұсқа)

Айналайын атыңнан, орта бойлым,

Сары майдан айырып, сәулем, торта қойдым-ай.


26

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Жаңа ғана өзіңді көрсем-дағы,

Күлім көз деп атыңды, сәулем, 

   жорта 

қойдым-ай.



Қайырмасы: 

Айдай, айдай,

Ұйқым шайдай

Ашылды, сәулем,

Бір сені ойлай.

Ертелі-кеш ән салсам, жалықпаймын,

Тоқсан түрлі даусыңды, сәулем, 

    анықтаймын-ай.

Кәрісің деп қу қыздар күледі екен,

Күледі деп оларға, сәулем, қамықпаймын-ай.



Қайырмасы.

27. АЙДАЙ, ТАМАША

Мен істеймін жұмысты өндірісте, ахау,

Маман тауып келемін әрбір іске.

Айдай, тамаша!

Озып шығып қатардан жүлде аламын, ахау,

Мен сенемін бойдағы қайрат, күшке,

Айдай, тамаша!

28. АЙНАМ-АУ

(1-нұсқа)

Басың биік, Алатау, жарқырады, ахау,

Шалғыныңды ел басып жапырады-ай.


26

27

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы: 

Айнам-ау,

Алғаным жоқ сырыңды-ау,

Әлдеқандай, қайдам-ау.

Оралыңның барында ойна да күл,

Өтіп жалған барады қапияда-ай.



Қайырмасы.

Басың биік, Алатау, қарың кетпес, ахау,

Ақ жүзінен сұлудың әрі кетпес.

Қайырмасы.

Сен есіме түскенде, беу, қалқатай, ахау,

Тамағымнан титімдей тары да өтпес.

Қайырмасы.

29. АЙНАМ-АУ

(2-нұсқа)

Аулым көшіп барады лай көлге,

Дүрия бешпент жарасар қынай белге.

Қайырмасы:

Алғаным жоқ сырыңды,

Әлдеқалай қайдам-ау.

Айырылысқан адамның қосылмай ма,

Айналайын көзіңнен, жылай берме.

Қайырмасы.


28

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Ұшып жүрген әуеде көгілдірік,

Көк дөненге жарасар өмілдірік.



Қайырмасы.

Жиын, сауық, мәжіліс бас қосқанда,

Өлеңдерді шырқайын төгілдіріп.

Қайырмасы.

30. АЙРЫЛДЫМ, ҚҰРБЫМ, АРМАНДА

Мінгенім астымдағы жетім шұбар, Ақерке-ау,

Қайқайып бұл асудан көшім шығар.

Айрылдым, құрбым, арманда.

Ойласам, ауылың алыс кеткен шақта, Ақерке-ау,

Сағынып, сарғаюдан есім шығар.

Айрылдым, құрбым, арманда.

31. АЙХАЙ, ЕЛ

Алыс жерден біз келдік жер Қабаға-ей, ел-ай,

Соғысуға дұшпанмен осы арада.

Қайырмасы:

Айхай, ел, туған жер,

Туысқандар бізге кел.

Киер киім, мінер ат, бәрі де жоқ-ей, ел-ай,

Гоминдаңның қолында жан баға ма?

Қайырмасы.

Гоминдаңдық үкімет бермес пайда-ей, ел-ай,

Пайда етсе, кешегі ерлер қайда?!


28

29

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы.

Талай жақсы халықтың ұлдарының-ей, ел-ай,

Қалды емес пе бастары талай сайда.

Қайырмасы.

Айхай жалған дегенде, айхай жалған-ей, ел-ей,

Орындалмай кеткеннің бәрі де арман.

Қайырмасы.

Өз мекенің, өз елің өсіп-өнген-ей, ел-ай,

Кіндік кесіп, кір жуып, сайран салған.

Қайырмасы.

32. АЙХАЙ, ЗАМАН ӨТІП БАРАДЫ-АЙ

Айхай! Заман өтіп барады-ай!

Біздің ауыл Шәлкөде шұқырында, оу-ай,

Мін болмайды сұлудың мықынында, айхай,

Заман өтіп барады-ай.

Әріп танып, мінекей, балаларым, оу-ай,

Еш жамандық жоқ екен тұқымыңда, айхай,

Заман өтіп барады-ай.

Біздің ауыл Шәлкөде иегінде оу-ай,

Мін болмайды сұлудың иегінде, айхай,

Заман өтіп барады-ай.

Жасөспірім жас бала, келдің қайдан, оу-ай,

Еш жамандық жоқ екен сүйегінде, айхай,

Заман өтіп барады-ай.



30

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Ұшып жүрген әуелде өңкей ұзақ, оу-ай,

Құрдым енді ұзаққа мен де тұзақ, айхай,

Заман өтіп барады-ай.

Ата-анаңнан айналдым сені баққан, оу-ай,

Болсын енді, балалар, жасың ұзақ, айхай,

Заман өтіп барады-ай.



33. АҚ АЙША

Айналайын, қарағым, асыл айым,

Мінезімді несіне жасырайын.

Расыңмен көңіліңді берер болсаң,

Балапандай жем беріп асырайын.

Қайырмасы:

Мінген атым торыдай,

Жалтарады қояндай.

Татулықтың белгісі—

Қозы-Көрпеш, Баяндай.

Аяңда, сәулем, аяңда,

Аяңдашы, ей, аяңдай.

Сен қалайсың, қарағым, мен дегенде,

Ұшар қанат мен де жоқ сен дегенде.

Тигізетін құрбыңа пайдаң бар ма?

Сені ойлаймын күндіз-түн шөлдегенде.

Қайырмасы.

34. АҚ АЛМА

Аулым көшіп барады, тау аралап,

Кеттің ғой жүрегімді сен жаралап.


30

31

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Кеткенде жерің шалғай, қимас қалқам,

Жүрейін суретіңді мен паналап.



Қайырмасы:

Ақ Алма, мен кеткенде сен қалма,

Алма мойын ақ сұңқар,

Біз құрбыңа қол жалға.

Сен де ғашық, қалқатай, мен де ғашық,

Нені алданыш етерміз мауық басып?

Кеткенде жерің шалғай, қимас сәулем,

Ақ қағазбен жүрелік амандасып.



Қайырмасы.

35. АҚ БИДАЙ

(1-нұсқа)

«А» дегенде дауысым бір саңқылдар, ақ бидай,

Қатпа түйе жел соқса үйге аңқылдар, ірку жай.

Жан-жар-ей,

Үкілі Бағлан-ай.

Алған жары жігіттің болса жақсы, ақ бидай,

Үйрек ұшып, басыңнан қаз қаңқылдар, 

    ірку 

жай.

Жан-жар-ей,



Үкілі Бағлан-ай.

Айт дегенде өлеңді іркілмеймін, ақ бидай,

Өлең айтқан жігітті, шіркін, деймін, ірку жай.

Жан-жар-ей,

Үкілі Бағлан-ай.


32

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Өлең айт деп көпшілік бұйырған соң, ақ бидай,

Жолға түскен жорғадай бүлкілдеймін, ірку жай.

Жан-жар-ей,

Үкілі Бағлан-ай.



36. АҚ БИДАЙ

(2-нұсқа)

Жоғарыдан келеді бір топ тана, ақ бидай,

Бір топ тана су ішер ұрттап қана.

Қайырмасы:

Игаужан, жан, жан-ай,

Дәурен екі келмейді-ай.

Көп ішінде сағымды сындырмадың, ақ бидай,

Төсегіңде ойнайсың бір топ бала.

Қайырмасы.

Сырлы қасық, жаным-ау, сырлы қасық, ақ бидай,

Сылқымдықпен сындырдым сабын басып.

Қайырмасы.

Күнде мұндай кезіміз келе бермес, ақ бидай,

Бес-алты ауыз өлең айт көңіл ашып.

Қайырмасы.

37. АҚ БӨДЕНЕ-АЙ

Баяны жоқ дүние бұл бір жалған-ей, ей,

Бұрынғыдан сұм жалған бізде қалған-ау.


32

33

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Тіршіліктің барында ойна да күл, ей,

Еркін қолға тимейді, көңілге алған-ау.



Қайырмасы:

Ақ бөдене-ай,

Ауылың бірге болсашы,

Әттеген-ай.

Мына жалған қай жалған, белгісі жоқ-ей,

Белге соққан жыландай өлгісі жоқ-ей.

Гүл жазыңның барында ойна да күл, ей,

Қайта айналып бұл заман келгісі жоқ-ау.



Қайырмасы.

38. АҚ ЕРКЕ

(1-нұсқа)

Ай болмаса аспанда адасады-ай,

Көтермесе, көңілді кір басады-ай.

Қайырмасы:

Ақ ерке,  

Әніңе сал,

Жанерке-ай.

Жақсылардың кеудесі алтын сандық-ай,

Кілт болмаса, сандықты кім ашады-ай.



Қайырмасы.

Қудым сені дүние бала жастан-ай,

Аз-көбіне шаруаның қарамастан-ай.

Қайырмасы.

3-0262


34

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Гүл жазыңның барында күл де, ойна-ай,

Өтіп жалған барады ғазиз бастан-ай.



Қайырмасы.

39. АҚ ЕРКЕ

(2-нұсқа)

Қош болғайсың, ей, қалқа, қош болғайсың,

Боз жорғаның шылбырын бос салғайсың.

Қайырмасы:

Іңкәржан, ақ ерке, аман бол.

Ауылың алыс кеткенде, беу, қарағым,

Мен құрбыңды қалды деп, еске алғайсың.



Қайырмасы.

Ойнап-күлген жерімде сұңқар қалды,

Бозбалалар ауылы алыс қалды.

Қайырмасы.

Алыс қалған ауылыңа қараймын деп,

Қаршығадай қайрылып, көзім талды.

Қайырмасы.

40. АҚ ЖАЙҚЫН КӨЛ

(1-нұсқа)

Сөйлеп, сөйлеп берейін сөз келгенде-ау,

Тоқтау болмас жүйрікке сар желгенде-ау.


34

35

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Ақ жайқын көл

Жайлайды біздің ел.

Мұнда айтпаған өлеңді қайда айтамыз-ау,

Іздегенің алдымнан кез келгенде-ау.

Ақ жайқын көл

Жайлайды біздің ел.



41. АҚ ЖАЙҚЫН КӨЛ

(2-нұсқа)

Су ағады арықтан шыр айланып-ай,

Өлмегенге мал бітер бір айланып-ай.

Қайырмасы:

Ақ жайқын көл

Жайлайды-ау біздің ел.

Оралыңның барында ойна да күл, ей,

Кім бар, кім жоқ көргенше жыл айланып, ей.

Қайырмасы.

Аулым көшіп барады Сарымсаққа, ей,

Қой айдаттым базарға алымсаққа, ей.

Қайырмасы.

Аулың алыс кеткенде, ей, қалқатай, ей,

Шықпайды екен шыбын жан сағынсақта, ей.

Қайырмасы.


36

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



42. АҚ ЖАЙЫҚ ПЕН СҰР ЖАЙЫҚ

Сүйген жардың алдынан жарқылдайын-ей,

Өле-өлгенше көңіліңді қалдырмайын-ей.

Өзің көңіл бергенде әттең, қалқам-ей,

Бір өзіңе ерттеулі атым дайын-ай.

Қайырмасы:

Ақ Жайлақ пен сұр Жайлақ,

Мен сағындым сізді ойлап.

Өрмегейті, Қаракөл жердің туы-ей,

Алтын бұлақ секілді аққан суы-ай.

Ән дауысын сағынып жүргенімде-ей,

Қай жеріңнен келеді әннің туы-ай.

Қайырмасы.

43. АҚ КӨЙЛЕК

(1-нұсқа)

Үстімде ақ көйлегім, ахау, бүрмелеген,

Жігіттің несі жігіт, ақ көйлек, көңіл жай

 

 



бір күлмеген, еу, айдай. 

Жақсыға айтар сөзің, ахау, өтер деген,

Жаманға назар салма, ақ көйлек, көңіл жай, 

 

 



сөз білмеген, еу, айдай.

Үстімде ақ көйлегім, ахау, желбіреген,

Жігіттің несі жігіт, ақ көйлек, көңіл жай,

 

 



ел білмеген-ау, айдай.

Кеткенде ауылым шалғай, ахау, қалқатайым,

Ешбір жан дәл өзіңдей, ақ көйлек, көңіл жай,

 

 



көрінбеген-еу, айдай.

36

37

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Үстімде ақ көйлегім, ахау, ноқталаған,

Айдасам, жылқым өрге ақ көйлек, көңіл жай,

 

 

жоталаған-еу, айдай.



Жетемін уағдалы, ахау, айтқан сертке,

Құр бояу мен емеспін, ақ көйлек, көңіл жай,

 

 

жосалаған-еу, айдай.



44. АҚ КӨЙЛЕК

(2-нұсқа)

Мінгенім дәйім менің, ахау, құла қасқа,

Қалқатай, сүйгенім жоқ.

Ақ көйлек, көңіл жай,

Сенен басқа, еу, айдай.

Кеткенде ауылың алыс, ахау, қимас қалқам,

Беріп кет орамал шыт.

Ақ көйлек, көңіл жай,

Жыламасқа, еу-айдай.

45. АҚ КӨЙЛЕК, КӨҢІЛ ЖАЙ

Өлеңді мен айтамын, ахоу, қызбайын деп,

Айтылған уәдені, ай, ақ көйлек, көңіл жай,

 

 



 

бұзбайын деп, беу айдай.

Аққудай көлде жүзген, ақ көйлекпен,

Алдымнан шықса сәулем, ай, ақ көйлек, көңіл жай,

 

 

 



біз дайын деп, беу айдай.

Жан сәулем жүрген шығар, ахоу, мен келед деп,

Өрнектеп ою сызып, ой, ақ көйлек, көңіл жай,

   дөңгелектеп, беу, айдай.



38

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Көйлекті ақ жібектен, ахоу, киген сәулем,

Алдымнан шыға келсе, ой, ақ көйлек, көңіл жай,

 

 

 



«не керек» деп, беу, айдай.

Салдырдым сал қараға, ахоу, жез тағаны,

Қалқатай, ақылың артық, ой, ақ көйлек, көңіл жай,

 

 



 

ең бағалы, беу, айдай.

Үстіңде ақ көйлегің, ахоу, көлбең қаққан,

Бес бие, алты атқа алған, ой, ақ көйлек, көңіл жай,

 

 

 



бір жағаны, беу, айдай!

46. АҚ САУСАҚ

Айт десеңіз айтайын, ей, айдай он бес,

Асауынан үйреткен тайдай он бес.

Қайырмасы:

Ақ саусақ, қима бел,

Сағынсаң, сәулем, мұнда кел.

Тіршіліктің барында, ей, ойна да күл,

Қайта айналып оралмас қайран он бес.

Қайырмасы.

47. АҚ САУСАҚ, ҚЫПША БЕЛ

Сен дегенде сәулежан, ей, ойым бөлек,

Он жасымнан өлеңге болдым зерек.

Қайырмасы:

Ақ саусақ, қыпша бел,

Сағынсаң, сәулем, мұнда кел.


38

39

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Бағаласам, бағаңа жан жетпейді,

Айналайын көзіңнен дөп-дөңгелек.



Қайырмасы.

Дәйім менің мінгенім қара ала тай,

Неге міндім шіркінді тағалатпай.

Қайырмасы.

Камшат бөрік шекеме қырын киіп,

Жүруші едім мен-дағы жан жаратпай.

Қайырмасы.

48. АҚ СИЯ-АЙ

Тіл—бұлбұл, көңіл—бақша, ой—тас қорған,

Жігітке қиын екен ғашық болған-ай.

Қайырмасы:

Ой, ақ сия-ай,

Ақ сұңқар,

Екі-ай бала-ай.

Сыртыңнан дидарыңа болдым ғашық,

Мен емес қолдан тартып, тілін сорған.



Қайырмасы.

49. АҚ ТОЛҒАЙ

Гүл бәйшешек оранған жерім еді,

Көптен бері көзіме көрінбеді, ақ толғай.


40

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы:

Барайын десем, жер шалғай,

Бармайын десем, ел қандай.

Әл-дәрменім құрып тұр,

Құрбыларды көп ойлай.

Дәулеті мол ырысты, несібені.

Қанша халқым өзіңнен теріп жеді, ақ толғай.

Қайырмасы.

Қалды кейін қайран ел, туған жерім,

Аман да бол, қайыр қош, асқан белім, ақ толғай.

Қайырмасы.

Ата-ананың көзінде ізі қалып,

Ең алғашқы кіндік қан тамған жерім, ақ толғай.

Қайырмасы.

Жайнап өскен жас шыбық доланасы,

Бал татыған шекерлі ақ алмасы, ақ толғай.

Қайырмасы.

Жатсам-тұрсам есімнен бір кетпейді,

Ақ бастаулар сылдырап сай-саласы, ақ толғай.

Қайырмасы.

50. АҚ ТОРҒАЙ

(1-нұсқа)

Талға байлап күреңді мінсем қандай-ау,

Күліп-ойнап қалқамен жүрсем қандай.


40

41

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы:

Ой, ақ торғай,

Біз баруға жер шалғай.

Осы жолы ауылыңа бармап едім-ау,

Армандаймын, қайтейін, ауылың шалғай.

Қайырмасы.

Күн шығады шашырап алтын арай-ау,

Құрбыда да құрбы бар талай-талай.

Қайырмасы.

Жатсам, ұйқым келмейді сені ойлаумен-ай,

Көзім талды жолыңа қарай-қарай.

Қайырмасы.

51. АҚ ТОРҒАЙ

(2-нұсқа)

Еңбекпенен Ногооннуур, нұрын төккен-ей,

Жаңа өмірге жайнатып гүлін еккен.

Қайырмасы:

Ой, ақ торғай,

Біз баруға жер шалғай.

Егістікке бөленген байтақ жерім-ей,

Ардагер боп атанған еңбеккерім.

Қайырмасы.


42

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Бес жылдықтың планын орындауға-ей,

Күш-жігерін арнауда барлық елім.



Қайырмасы.

52. АҚ ШОҚЫ

Ақ шоқы бауырың жазық, басың биік,

Сен сонда мекендеген,

Әй, гигой ерке киік ри-яи-ай.

Көрінген көз ұшында сағымдайсың,

Жете алмай арманыма,

Әй, гигой тарттым күйік ри-яи-ау.

Қайырмасы:

Ақ тамағын үлбіреп,

Шытыра көйлек желбіреп.

Күлімдейсің, қарайсың,

Қара көзің мөлдіреп.

53. АҚАУ

(1-нұсқа)

Көзіңнен айналайын, қалқатайым,

Келмейді сенсіз жерде менің жайым-ай.

Гүл жайнап көз алдымда сен тұрғанда,

Басқаның күн мен айын не қылайын-ай.

Қайырмасы:

Ақау, ақау, айым,

Алгідігайым.

Келмейді сенсіз жерде,

Менің жайым-ай.


42

43

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қалқаның көзі күлген мен дегенде,

Құриды ынтызарым сен дегенде-ай.

Қуаныш бойды кернеп, ойды алған,

Жүргенде мен сағынып кез-келгенде-ай.



Қайырмасы.

54. АҚАУ

(2-нұсқа)

Қудым сені дүние он жасымнан,

Денем ауыр тартады қорғасыннан.

Қайырмасы:

Ақау бойдай талай-ай.

Су төгілмес үстінен майда қоңыр,

Қартайған соң таймай ма жорғасынан.



Қайырмасы.

55. АҚАУ, АЙДАЙ

Жүргенде қараңғыда-ей қабанымыз,

Ауырар жаяу жүрсек табанымыз-ай.

Бозторғай қой үстінде-ей жұмыртқалайт,

Дейтұғын енді туды заманымыз-ай.

Қайырмасы:

Ақау, айдай, әнім қандай,

Келбеті қалқатайдың туған айдай-ай.


44

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Көшкенде жылқы айдаймын-ей белеңменен,

Қара көк өзі-ай сұлу дөненменен-ай.

Кеткенде жерің шалғай-ей, әттең, құрбым,

Жүремін сені жоқтап өлеңменен-ай.



Қайырмасы.

56. АҚАУ, АРМАН

(1-нұсқа)

Ары өтейін аулыңнан, бері өтейін,

Шалбарымның балағын зерлетейін.

Өзің көңіл бергенде, ей, қарағым,

Не көрсем де жалғаннан бірге өтейін.

Қайырмасы:

Ақау, арман,

Іштен жанған,

Еркін қолға тимей жүр

Көңілге алған.

Айт деген соң айтайын самырсын деп,

Екеумізді ел айтар тамырсың деп.

Аулың алыс кеткенде, ей, қалқатай,

Шағи көрпе берейін жамылсын деп.

Қайырмасы.

57. АҚАУ, АРМАН

(2-нұсқа)

Ойлап тұрсам, дүние жалған екен,

Он сегіз мың ғаламды алған екен-ай.


44

45

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы:

Ей, ахау, арман,

Бәрімізден қалады-ау

Дүние жалған-ай.

Машинаның ізіндей қайран әнім,

Шабан аттай шалдығып қалған екен-ай.



Қайырмасы.

58. АҚАУ, ӘЛИЛӘЙ

Көктейді, тамыр болса, жалғыз терек,

Жасыннан суландырған алып көрек-ай.

Қайырмасы:

Ей, ахау әлиләй,

Ахау әлиләй-ау.

Аулың алыс кеткенде, қалқатайым,

Сенсіз өткен өмірім неге керек-ай.

Қайырмасы.

59. АҚАУ, ДҮЛДҮЛ

Өлең десе дауысым, әнге келсін,

Үлкен-кіші отырған кемеңгерсің-ай.

Алдарыңа кез болдым осы үйде,



Қайырмасы:

Ақау, дүлдүл,

Сіз бір бұлбұл.

Екі көзің қап-қара,

Ал қызыл гүл-ай.


46

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



60. АҚАУ, КЕРІМ

Барады көшіп аулым белден асып,

Бұлт пенен белден асқан араласып.

Кеткенде аулың алыс, ей, қарағым,

Кетерсіз әлдекімге бауыр басып.

Қайырмасы:

Ақау, керім,

Бұраң белім,

Күнде той,

Күнде жиын-ай,

Жүрген жерім-ай.

Келеді қара бұлт меңдей болып,

Қалады кескен терек жендей болып.

Кеткенде аулың алыс, ей, қарағым,

Көзіме кім көрінер сендей болып.



Қайырмасы.

61. АҚАУ, ЛӘЙЛІМ

Көзіңнен айналайын қой мақпалдай,

Құрбыңмен неге отырсың, ей, ойнап қалмай-ай.

Құрбыңмен аз ғана күн ойнап қалсаң,

Жабарсың қабырғаңды бойдақ малдай-ай.

Айтайын айт дегенде тау нұраған,

Етекке таудың тасы-ей саудыраған-ай.

Кеткенде аулың алыс-ей, қалқатай,

Көзіңнен айналайын жаудыраған-ай.


46

47

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



62. АҚАУ, ЛИЛИЛАЙ-АУ

Есік алды қара су, қалың жиде,

Көңілім онда болса да, көзім үйде.

Ақау, лилилай-ау.

Аулың алыс кеткенде, ей, қалқатай,

Жата алмадым құлазып жалғыз үйде.

Ақау, лилилай-ау.

Ойнап-күлген жеріңде қамыс қалды,

Қалқатайдың ауылы алыс қалды.

Ақау, лилилай-ау.

Алыс қалған аулыңа қараймын деп,

Қаршығадай қайрылып мойным талды.

Ақау, лилилай-ау.

63. АҚАУ, МОСЫМ

Ақау мосым, ақау мосым,

Өзің көңіл бергенде болса болсын-ай.

Сүйген сәулем, жақын досым,

Аулымыздың арасы жақын қонсын-ай.

64. АҚҚУ ЕДІМ

Сен де сері, ей, қалқа, мен де сері, ахау,

Шын сүймесем, көңілімді бермес едім, дариға.

Құс аңдыған мергендей көл жағалап, ахау,

Сен болмасаң, бұл жерге келмес едім, дариға. 

Қайырмасы:

Аққу едім көлдегі,

Сұңқар едім шөлдегі,


48

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Үйрек ұшып, қаз қонған

Дария шалқар көлдегі.

Шықпай жатып бесіктен қайғы торып, ахау,

Сарғалдақтай жаңбырсыз қалған солып, дариға.

Қайда барсаң алдыңда Қорқыт көрі, ахау,

Неге тудық бақытсыз халық болып, дариға.



Қайырмасы.

65. АҚТАМАҚ

Сенен сұлу, Ақтамақ, жан өтпейді,

Ақылың асқан дария көз жетпейді, Ақтамақ.

Шыққан күндей жарқ етіп бұлт астынан,

Көрген адам таң қалмай бір өтпейді, Ақтамақ.

Қайырмасы:

Айдын көлдің еркесі,

Еркін өскен ақ шабақ.

Гүл бақшада сайраған,

Бұлбұлымсың, Ақтамақ.

Оқтан өткір жарқ еткен қара көзің,

Қорғасындай балқытар айтқан сөзің, Ақтамақ.

Сымға тартқан күмістей нәзік белің,

Сәтті күні жаралған жансың өзің, Ақтамақ.

Қайырмасы.

66. АҚТОЛҒАЙ

Бойы ұзын тоғайдың миясындай-ау,

Қасың қара молданың сиясындай,

    Ақтолғай.



48

49

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайтсем саған қолымды жеткіземін-ау,

Жүрген жерім сұңқардың ұясындай,

    Ақтолғай.

Қайырмасы: 

Барайын десем жер шалғай,

Сағынып жүр ғой бұл құрбың,

Қонасың қашан сен қолға-ай.

Сені анаң өсірді айдай қылып-ау,

Алақанға еріткен майдай қылып,

    Ақтолғай.

Тал бойында тарыдай бір мінің жоқ-ау,

Жеткіземін қолымды қандай қылып,

    Ақтолғай.



Қайырмасы.

Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 1.84 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет