МҰра ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес ċ ģ ė Ē ĝı Ĝ ĝē 100 ÎÌ 4



жүктеу 1.84 Mb.

бет18/19
Дата11.01.2017
өлшемі1.84 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Ноғай—түркі халықтарының бірі. Негізінен, Ресей Фе-

дерациясында (Ставрополь аймағы, Дағыстан, Шешенстан 

т.б.) тұрады. Басты субэтникалық топтары: қара ноғайлар, 

ащықұлан-ноғай, ақ ноғай немесе қубандықтар, астрахандық 

ноғай.

Райымбек (Түкеұлы Райымбек) (1730-1814) — жоңғар бас-

қыншылығына қарсы күрескен батыр, қолбасшы. Сүйегі Албан 

тайпасының алжан руынан тарайды. Атасы Ханкелді батыр 

1733 жылы Ұлы жүздің беделді адамдары Төле би, Қодар би, Са-

тай, Бөлек батырлармен бірге орыс патшасы Анна Иоановнаға 

елші жіберіп, Ресейдің қол астына алуын өтінген. Райымбек он 

жеті жасында жоңғар шапқыншыларымен болған ұрыстарда 

ерлік көрсетіп, батыр атанған. Бейбіт кезеңде халық арасын-

да әулие ретінде танылған, оның келешекті болжағаны тура-

лы ел жадында көптеген аңыз, әңгімелер қалған. Райымбектің 

есімімен аудан, ауыл, көптеген көшелер аталады. Соның бірі—

Алматыдағы өзінің зираты жатқан Райымбек даңғылы.



Тәуке  (Тәуке хан, Әз Тәуке) (т.ж.б.—1716)—қазақ ханы, 

Жәңгір ханның ұлы. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығы сая-

си жағынан нығайған, бір орталыққа бағынған мемлекет бол-

ды. Үш жүзге билігі жүріп, Қазақ хандығының орталығы 

Түркістан қаласында тұрды. Өзіне дейінгі «Қасым ханның 

қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» сияқты ережелер 

жиынтығының негізінде Төле, Қазыбек, Әйтеке билерге арқа 

сүйей отырып, «Жеті жарғыны» қабылдады. Көрші елдермен 

саяси-дипломатиялық байланыс орнатуға тырысқан.

25-0262


Арда—1. Қысыр емген (төл); 2. Бұла, ерке (адам); 3.Тағы, 

асау.


Байпақ—етіктің ішінен киетін, жұқалау етіп жүннен 

басылған не киізден істелген қонышты шұлық.



Барабан—1.Шанағы сірі керіп қаптаған, іші қуыс, цилиндр 

пішінді соғып ойнайтын саз аспабы, дағыра; 2.Шайқастар 

мен жекпе-жек алдында сарбаздардың рухын көтеру үшін 

соғылатын аспап.



Баушарбақ—1. Бір отбасына тән қора-қопсы; 2. Ауыл-

аймақ; 3. Жеміс бағын және оның төңірегін қоршаған қорған, 

дуал.

Борлат—1.Қызыл түсті жұқа мата; 2.Әк жаққызу, ақтату; 

3.Бордақылау.



Гармон  (мәтінде «гармония» деп берілген)—гармонь, сыр-

най


Гоминдаң  (Гоминьдан—Қытай Халқының Ұлттық пар-

тия  сы)—Қытай Халық Республикасының консервативті саяси 

партиясы атауының қазақшаланған түрі.

Граммофон—Күйтабаққа жазылған музыкалық шығар ма-

ны естуге арналған музыкалық аппарат.



Ғиззатлу (Ғизатты)—құрметті, қадірлі

Дуана—1.Диуана; 2.Дұға оқып, дем салушы, соны кәсіп 

етуші адам; 3. Ісінде береке жоқ, тұрақсыз адам.



Дүрия—жылтырауық, тығыз, жібек мата

СӨЗДІК


387

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР



Закон, закүн—1. Заң; 2. Заңдылық, тұрақталған жүйе.

Зәмзам—1. Зәмзәм суы, 2. Шипалы, шарапатты, емдік қа-

сиеті бар су.



Кебіс—мәсінің сыртынан киюге арналып былғарыдан ті-

гілген, қонышсыз аяқкиім.



Қазине—камзол, бешнент сияқты сырт киім тігуге арнал-

ған қалыңдау келген қымбат мата.



Қаныт (ж.с.)—қант деген мағынада

Ләззатлу—ләззат аларлық, сүйсінерліктей

Мизам—қыркүйек айының ескіше аты

Мұғаллақ—мекенсіз, құпия

Отарба—пойызды сүйреуші бу машинасының алғашқы қа-

зақша атауы



Пейнә (ж.с.)—бейне.

Перизат—1. Періден туылған, пері тектес; 2. Ай десе аузы, 

күн десе көзі бар асқан сұлу қыз.



План /о/—белгілі бір жұмыстың алдын ала жасалған жоба-

сы, жоспар



Салық—көшіп барып қонатын жерге біреу қонып қойма сын 

деп алдын ала апарып тастаған үй.



Телеграф—1.Электр қуатымен сым арқылы, не сымсыз 

алысқа хабар жеткізетін құрылғы.



Фани—пәни, жалған

Форым (форымды)—кесінді, түрлі, келбетті

Шабдар—1.Сыртқы түгі ақшыл сары, жал-құйрығы бурыл 

келген, құла-жирен жылқы (ат); 2. Шикіл сары, жирен (адам).



Шағи—жұқалаң жұмсақ және таза мата.

388

ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ



Ақжайқын—Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы-

ның солтүстік-батысындағы тұзды көл.



Аққұм—Алматы облысының аумағындағы Балқаш көлінің  

оңтүстігіндегі құмды түбек. Көлге оңтүстік-батыстан солтүстік-

шығысқа қарай сұғына еніп жатыр. Қазақстан жерінде Аққұм 

атауы жиі кездеседі.



Алатау—басы Хантәңірінен басталып, Ташкент қаласы-

ның маңына барып аяқталатын биік шыңдарын мәңгілік мұз-

дық тар мен қар басып жататын алып таулар тізбегі. Олар Жоң-

ғар Алатауы, Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы т.б. деп аталып, 

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Қырғыз-

стан Республикасының біраз аумақтарын алып жатыр.



Алқакөл—қола дәуіріне жатқызылатын ескі жұрт. Терек-

ті ауданындағы Алқакөл алабына орналасқан. Ол пішіні дең-

гелек тәрізді он екі шұңқырдан тұрады. Кейбір шұңқырлар 

қосақталған күйде.



Алмалы—Алматы облысының Панфилов ауданындағы 

ауыл. Мұндай елді мекендер мен жерлердің атауы Қазақстан-

ның ауқымында жиі кездеседі.

Алматы—бұрынғы Алматы облысының орталығы, респуб-

ликалық мәртебесі бар қала. Қазақстанның оңтүстік шығы-



388

389


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

сын да  Іле Алатауының солтүстік баурайында орналасқан. 

1929  жыл дан 1997 жылға дейін Қазақстанның астанасы болды.

Алтай—тау жотасы, аймақ. Түркілердің атамекені болған 

Алтай тауы қазір Ресей Алтайы, Монғол Алтайы, Қазақ Алтайы 

деп бөлінеді. Оның үштен бірі Қазақстанның үлесінде. Қазақ Ал-

тайы өз ішінде Өр Алтай, Кенді Алтай болып Ертіс өзені арқы лы 

екіге бөлінеді. Оларды Қалба жотасы жалғастырып тұр. Алтай 

тауы батыстан шығысқа қарай, яғни ең биік нүктесі Мұзтауға 

қарай биіктей береді. Алтайдың осы аймағын қазақтар Өр Ал-

тай деп, Катонқарағай мен Марқакөлдің арасындағы тау жота-

сын белгілеп жүр.

Арал (Арал теңізі)—Қазақстан мен Өзбекстан шекарасын-

да орналасқан теңіз. Ол ХХ ғасырда ауқымы жағынан әлем-

де төртінші орында болды, бірақ 1960 жылдардан бастап те-

ңіздің суы азайып кетті. Бұл теңіз Кайнозой дәуірінің орта 

шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын Каспий теңізіне  

қосылып жатқан деген ғылыми болжамдар бар. Кейінгі  дә-

уірлерде жер қыртысының көтерілуіне байланысты ұсақ су ай-

дынына айналды. 



Атырау—Атырау облысының әкімшілік орталығы, 

Қазақстанның батысында, Жайық өзенінің бойында орналас-

қан қала. Қаланың негізі 1640 жылы қаланған. Қаланы Жайық 

өзені екіге бөледі: батысы Самар қанаты мен шығысы Бұқар 

қанаты.

Балхаш (Балқаш)—Қазақстанның  оңтүстік-шығысын дағы 

тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейін гі 

үшінші орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыста ры ның 

шегінде, Балқаш-Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен үш жүз 

қырық метр биіктікте жатыр.

Баян көлі—Есіл  алабындағы тұзды көл.  Солтүстік Қазақ-

стан облысы, Айыртау ауданында орналасқан. Қоңыржай құр-

ғақ дала белдеуінде орналасқан Баянның жағалауы жазық.


390

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Баян-Өлгий  (Баян-Өлгей аймағы)   (қазақша балама аты—

Бай-ӨлкеБайбесік)—Моңғолияның жиырма бір аймағының ең 

батысындағы биік таулы аймағы. 1940 жылы құрылған. Аймақ 

орталығы—Өлгий қаласы.

Баянауыл—Павлодар облысындағы тау, аудан орталығы 

және аудан атауы. Жергілікті қазақтар тауды «Баянаула» 

деп те атайды, ал оның шығыс биік жотасын «Жаманаула» 

атаған. Атаудың мағынасы «тау қыры көп, таулы жер» дегенді 

білдіреді.

Баяннуур—Моңғол Халық Республикасының Бұлғын 

айма ғындағы аудан атауы. Аудан орталығы Бұлғын қаласынан 

180 шақырым жердегі Өлзейит тұрағынан және мемлекеттің 

астанасы Ұлан-Батор қаласынан 200 шақырым қашықтықта 

орналасқан.

Гурьев—Атырау қаласының бұрынғы аты.

Дәубаба (Иірсу-Дәубаба қорықшасы)—республикалық ма-

ңызға ие  зоология  қорықшасы. Оңтүстік Қазақстан  облы сын-

дағы  Түлкібас ауданының жерінде он тоғыз мың гектар жер ді 

алып жатыр. Талас Алатауының қиыр батысындағы тау жота-

ларында орналасқан. 2006 жылы Сайрам-Өгем ұлттық пар-

кінің құрамына кірді.



Доссор  (мұнай кені) —  Атырау облысының Мақат ауда-

нында, Атырау қаласынан шығысқа қарай 90 шақырым жер-

де орналасқан, Қазақстанда  ашылған ең алғашқы өндірістік 

маңызы бар мұнай кені.



Ертіс—Батыс Сібір мен Қазақстан жеріндегі өзен. Обьтың 

сол саласы. Моңғол Алтайының оңтүстік-батыс беткейіндегі 

мұздықтардан бастау алып, Шығыс Қазақстан, Павлодар, 

Қарағанды облыстарының аумағын басып өтеді.



390

391


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Жайық—Каспий алабындағы өзен. Оңтүстік Орал тауы 

және Каспий ойпаты, Ресей Федерациясының Башқортстан 

Республикасы, Челябі, Орынбор және Қазақстанның Батыс 

Қазақстан, Атырау облыстарының жерінен ағып, Атырау 

қаласы тұсында Каспий теңізіне құяды. Жайық өзені бойымен 

Еуропа мен Азияның шартты шекарасы өтеді.



ЖетіаралШығыс  Қазақстан  облысының Тарбағатай ау-

данындағы ауыл, ауылдық әкімшілік аумағының орталығы. 

Аудан орталығы—Ақсуат ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 

100 шақырым жерде орналасқан. Іргесі 1959 жылы «Ластин-

ский» қой өсіретін кеңшар орталығы ретінде қаланған.

Жетісу—еліміздегі ең ірі өлкелердің бірі. Жері сулы, 

нулы Жетісу туралы ғалымдар түрлі пікірде болып келгені 

белгілі. Кей деректерде Жетісу құрамына Іле, Қаратал, Ақсу, 

Бүйен, Лепсі, Басқан, Сарқант өзендері жатқызылса, танымал 

зерттеуші Ә.Тұрлыбаев Бүйен, Басқан, Сарқант өзендерінің ор-

нына Аякөзді, Талас пен Шуды кіргізеді. Жетісудың аумағында 

1867 жылы Семиреченская облысы құрылып, ол 1922 жылы 

Жетісу облысы, 1924 жылы Жетісу губерниясы болып аталып, 

1932 Алматы облысы болып бөлініп шықты.

Жылыой  (ауданы)—Атырау облысының шығысында орна-

ласқан әкімшілік бөлініс. 1928 жылы құрылған. Алғашқыда 

Ембі ауданы, 1993 жылдан Жылыой ауданы аталған. Солтүстік-

шығысында Мақат  ауданымен,  батысында Атырау қалалық 

әкімдігі аумағымен, шығысында  Ақтөбе облысының Байғанин 

ауданымен, оңтүстігінде Маңғыстау облысының Бейнеу ауда-

нымен  шектеседі. Аудан жерінің басым бөлігін  Каспий маңы 

ойпатының шығыс бөлігі алып жатыр.



Кеген—Алматы облысы, бұрынғы Кеген ауданының орта-

лығы, ауыл. 1997 жылдан Райымбек ауданының әкім шілік 

орталығы.


392

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Кемчат (Камчатка) — Азияның солтүстік-шығысындағы 

ірі түбек. Ресейдің Камчатка өңірі мен Коряк Автономды окру-

гі аумағын алып жатыр. 

Көктөбе—жер атауы. Мұндай жер атаулары Қазақстанда 

көптеп кездеседі. Әр әншінің, композитордың өз Көктөбесі бо-

луы мүмкін.

Көкшетау—жақпартасты, орманды-көлді таулар жүйесі. 

Сарыарқаның солтүстігінде, Көкшетау қыратының солтүстік-

шығыс бөлігінде, Шортанды ауданында оқшау орналасқан.

Көлсай—Алматы облысы, Райымбек 

ауданы жерінде, 

Күнгей Алатауының Күрметі және Саты асуларынан бастау ала-

тын кішігірім  өзендер суынан пайда болған үш көл. Төменгі 

Көлсайдың су  айдыны басқаларына қарағанда үлкен.

Күнес  (Күнес  ауданы немесе Синьюань  ауданы)—Қы-

тай Халық Республикасы Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық 

районы, Іле Қазақ Автономиялық облысының Іле айма ғына  

қарасты әкімшілік-аумақтық құрылым. Шет елдегі қа зақ-

тардың ең көп әрі тығыз қоныстанған ау дан. Қытайдағы ірі 

туристік орталық Ақөзен жайлауы, Нарат сахарасы осын-

да.

Қарағайлы—Алматы облысы, Қарасай ауданындағы ауыл, 

осы аттас ауылдық әкімшілік аумақтың орталығы. Аудан 

орталығы—Қаскелең қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай жи-

ырма бес шақырым жерде, Іле Алатауының баурайында. Ауыл 

1992 жылдан Қарағайлы деп аталады. Елімізде осы аттас жер-

су атаулары жиі кездеседі.



Қараой—Іле өзенінің сол жағалауындағы Күрті және Қас-

келең өзені аралығындағы үстіртті тау. Шығысы Қапшағай 

шатқалына тіреледі. Солтүстігі мен оңтүстігі құмға ұласады.


392

393


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Қарқара—Алматы облысы, Райымбек ауданындағы өзен. 

Қарқара Күнгей және Теріскей Алатаудың солтүстік-шығыс 

беткейлерінен басталып, Тиектас тұсынан Шарын өзеніне 

құяды.


Қарқаралы—Қарағанды облысындағы Қарқаралы ауда ны-

ның орталығы.



Қап тауы (Каф тауы)—Шығыс  әдебиетінде, аңыз-әңгі-

мелерде жиі кездесетін тау аты. Ол тым қашық, дию, перілер 

жайлаған мекен ұғымын береді. Қап тауы қазіргі Кавказ тауы 

деген пікір де бар. Сюжетін «Мың бір түн» ертегілерінен алып 

жазған Абайдың «Әзім әңгімесі» деген дастанында жәдігөй шал 

қапылыста тұзағына түсірген Әзімді желмаямен Қап тауына 

әкеледі. Ақын бұл атауды да сол ертегіден алған болуы керек.

Қаракөл—Есіл алабындағы өзен. Қаракөл атты өзен-көлдер 

еліміздің өзге өңірлерінде де кездеседі.



Қарасаз—Жамбыл  облысы, Жуалы  ауданындағы ауыл, 

осы аттас ауылдық әкімшілік аумақтың орталығы. Аудан ор-

талығы  Бауыржан Момышұлы ауылынан солтүстік-батысқа 

қарай сегіз шақырым жерде орналасқан. 1993 жылға дейін Пет-

ровка деп аталып келген. Елімізде осы аттас жер-су атау лары 

жиі кездеседі.



Қаратау—Еуразияның түркі тілдес халықтар қоныстан-

ған аймақтарындағы биіктігі орташа және аласа тау жоталары. 

Қаратауда жаз айларында қар жамылғысы болмағандықтан 

осылай аталады. Қаратау атауы Орталық Азияда, Оңтүстік 

Оралда т.б. түркі тілдес елдер аумағында (Түркия, Иран, Кав-

каз, Қырым т.б.) жиі кездеседі. Қазақстанда Қаратау жота-

сы (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облы-

стары аумағында), Қаратау таулары (Маңғыстауда), Кетпен 

(Ұзынқара) жотасында бар.


394

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қобда—Ақтөбе облысындағы аудан орталығы, Елек ала-

бындағы өзен. Ақтөбе облысының Алға, Қобда аудан жерлері-

мен ағады.

Қоғалы  (Қоғалы Артезиан Алабы)—Жетісу Алатауының 

оңтүстік-батысындағы Алтынемел мен Қотырқайың жотала-

ры ның аралығындағы ойыста, Талдықорған қаласынанан оң-

түстік-шығысқа қарай 60-80 шақырым жерде орналасқан.



Қопа (Қопа жазығы, Қопсан жазығы)—Шу-Іле тауларының 

шығыс сілемі Кіндіктас тауының солтүстік-шығысында орна-

ласқан тау аралық жазық. Батысы Жамбыл облы сы ның Қор-

дай, шығысы Алматы облысының Жамбыл ауданына еніп жа-

тыр. Қопа жазығы Қопа өзенін жарып ағады. Сол 

түс 


тігінде 

Құлжабасы тауы Қопа жазығын Қараой жазығынан бөліп жа-

тыр.

Құлжа (Инин)— Қытайдың солтүстік-батысында, Шыңжаң 

Ұйғыр Автономиялы ауданы, Іле Қазақ Автономиялы облы-

сының орталығы. Қала 

Іле өзені 

аңғарындағы ежелгі 

Ұлы 


Жібек жолының бір тармағы—Құлжа жолы бойындағы ірі 

экономикалық орталық. 1864 жылы Шығыс Түркістан халқы 

көтерілісіне байланысты, Іле сұлтандығы құрылып, астанасы 

Құлжа болды, бірақ Ресей әскері Құлжаны басып алып, онда 

1882 жылға дейін орын тепті.

Қызылжар—қазіргі Петропавл қаласы, қазақтар Қызыл-

жар деп атаған. 1936 жылдан Солтүстік Қазақстан облысының  

орталығы. 

Маңғыстау—облыс, тарихи аймақ. Қазақстанның оңтүс-

тік-батысында орналасқан. Ел аузында Маңғыстаудың ойында 

үш жүз алпыс әулие өмір сүргендігі айтылады.

Марқакөл  —  Шығыс  Қазақстан  облысында орналасқан 

әде  мі көлдердің бірі. Көл Азутау және Күршім жоталарының 



394

395


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

ара 


 

лығында орналасқан. Көлге құятын өзендердің ірілері: 

Қарабұлақ, Матабай, Жиренбайтал т.б.

Мекке—мұсылмандардың қасиетті қаласы. Онда бас ме-

шіт әл-Мәсжид әл-Харам мен Қағба орналасқан. Исламның 

не гізін қалаушы Мұхаммед (с.ә.с.) осы қалада дүниеге кел-

ген. Мұхаммед (с.ә.с.) Меккеден кеткенімен Мәдинедегі жаңа 

құл шылық ету үйін Қағбаға қарама-қарсы қойған жоқ, қайта 

оның есігін соған қаратты (құбыла). Мұсылмандардың Мекке-

де 630  жылы өз билігін орнатуы оның діни орталық ретіндегі 

айрық ша жағдайын қалпына келтіріп қана қоймай, одан да 

жоғары дәрежеге көтере түсті. Меккеге барып тәуап ету ислам-

ның бес парызының бірі болып саналады.



Мыңжылқы (Бессаз) — Қаратау жотасының солтүстік-

ба  тыс бөлігіндегі тау. Беткейлерінен бірнеше шағын өзендер 

(Байыл дыр, Біресік, тағы басқа) бастау алады. Елімізде осы ат-

тас жер-су атаулары жиі кездеседі.



Мысыр—Африканың солтүстік-шығысын және Азияда-

ғы Синай түбегін алып жатқан Египет мемлекетінің арабша 

атауы.

Нарынқол—ауыл. Алматы облысы, бұрынғы Нарынқол 

ауданының орталығы болған.



Ногооннуур (моңғ.жасыл көл)—Моңғолияның Баян-Өл-

гий аймағындағы аудан. Мемлекет астанасы Ұлан-Батыр мен 

Өл 

гий қаласының аралығында Ресеймен шекаралас орна-



ласқан. 

Нұр тауы—Мекке жанындағы алғаш

 

Мұхаммед пайғам-



барға жәбірейіл арқылы Алланың жарлығы келіп, Жарат қан ға 

сенім білдірген қасиетті тау. Хира, Хира нур тауы деп те ата-

лады.


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

396


Нұра өзені—Қарағанды және Ақмола облыстары жерімен 

ағатын өзен. Нұра Қарқаралы тауының батыс сілемдеріндегі 

бұлақтардан басталып, Теңіз көліне құяды.

Орал—Қазақстандағы ескі қала. Батыс Қазақстан облы-

сының орталығы (1932 жылдан), ірі темір жол станциясы, 

Жайық бойындағы өзен порты, әуе жолдарының торабы. Қала 

Жайық өзенінің жағасында, Шағанның Жайыққа құяр тұсын-

да орналасқан.

Орынбор—қазіргі  Ресей Федерациясындағы қала, облыс 

орталы ғы. Патшалық Ресей Қазақстанның бөліктерін отарлау 

мақсатында XVIII ғасырда қазақ жерінде салған бекінісі. 1920-

25 жж. Қазақ АКСР-нің астанасы болды.



Сайрам көлі—байырғы Жібек жолының Солтүстік арна-

сына, Тәңір тауының батыс жағында, Бұратала қаласының ба-

тыс оңтүстігіне орналасқан. Сайрам көлі Шыңжаңдағы теңіз 

деңгейінен ең жоғары, көлемі ең үлкен тау көлі.



Самарқан  (Самарқанд)—Өзбекстан Республикасындағы 

ежелгі қала, осы аттас облыс орталығы. Заравшан өзенінің 

аңғарында орналасқан. 1868 жылы патша әскерлері басып ал-

ды да, Ресей империясының құрамына енді. 1924-1930 жыл-

дары Өзбек КСР-ның астанасы, 1938 жылдан облыс орталығы. 

Самарқанда Шаһи Зинда, Бибі ханым мешіті, Регистан т.б. та-

рихи ескерткіштер өте көп.

Сауыр  (Сауыр-Тарбағатай)—Жайсан ойпатының  оңтүстік 

шекарасы Сауыр мен Тарбағатай тау жүйесіне тіреледі. Бұл 

жермен Қытай-Қазақстан шекарасы өтеді.

Сарыарқа—Қазақстанның бүкіл орталық бөлігін алып 

жатқан аймақ. Солтүстікте Қазақ жазығынан басталып оң-

түстікте Бетпақдала мен Балқаш көліне дейінгі аралықта 

орналасқан. Батыста Торғай үстіртіне тіреледі. Шығыстағы 



397

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

396

шекарасы Балқаш көлінің солтүстік-шығыс шетінен Тарба-



ғатайдың етегіне, онан әрі Зайсан қазаншұңқырының шетін 

ала Қалба жотасына дейін жетеді.



Сарыбел—Алматы облысы, Панфилов ауданындағы ауыл-

дық аумақ орталығы. Аудан орталығы Жаркент қаласынан 

солтүстікке қарай 30 шақырым жерде, Тұрпан өзенінің жа-

ғалауында орналасқан.



Сарымсақ—Оңтүстік Алтайдағы таулы жота. Шығыс 

Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданында орналасқан. 

Сарымсақ жотасы Күршім, Бұқтырма, Нарын өзендерінің 

суайрығы болып саналады.



Семей—Ертіс өзенінің жағасында орналасқан қала. Іргесі 

ХVІ ғасырда қаланған, қаланың алғашқы атауы Доржынкент. 



Сөгеті—Іле Алатауының шығысындағы Сөгеті және То-

рыай ғыр таулары аралығындағы аңғар. Батысы—Шілік, шы -

ғысы—Шарын өзендері аңғарларына тіреледі. Сөгеті аңға ры 

ар қылы  Алматы—Шонжы—Нарынқол күре жолы өтеді.



Сүмбе—Алматы облысы, Ұйғыр ауданындағы ауылдық 

аумақтың орталығы. Аудан орталығы—Шонжы ауылынан оң-

түстікке қарай 35 шақырым жерде, Кетпен (Ұзынқара жота сы-

ның) солтүстік-батыс баурайында орналасқан. 1930-1997 жыл-

дар қой өсіретін ұжымшардың орталығы болды.

Сілеті—өзен, Ақмола облысынан басталып, Солтүстік Қа-

зақстан облысының Сілеті көліне құятын өзен мен көл атауы.



Талғар—Алматы облысындағы қала, Талғар ауданының 

орталығы. Алматы қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан.



Талдыөзек—Тоқырау алабындағы өзен.  Үшқайың,  Кек-

тас,  Қызыладыр тауларының беткейіндегі бұлақтар суының 



398

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

қосылуынан түзіледі. Қошқар тауының солтүстік-шығыс ете-

гіне жетер-жетпестен жерге сіңіп кетеді.



Тарбағатай—Зайсан және Балхаш-Алакөл арасындағы 

суайырық жота. Семей, Шығыс Қазақстан облыстарының же-

рінде орналасқан. Аягөз ауданында Тарбағатай ауылы бар.

Теке—Қазақстанның солтүстігіндегі тұзды көл. Оған Тал-

дысай өзені құйылады.



Текес  (Текес ауылы)—Алматы облысы, Райымбек ау 

да-


нындағы ауыл, ауылдық аумақтың орталығы. Аудан орта лы-

ғы—Кеген ауылынан шығысқа қарай 75 шақырым жерде, Те-

кес өзеннің оң жағасында орналасқан.

Түрген—Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы 

ауылдық аумақтың орталығы. Аудан орталығынан Есік 

қаласынан шығысқа қарай 12 шақырым жерде, Түрген өзе-

нінің жағалауында, Іле Алатауының солтүстік баурайында 

орналасқан.

Тянь-Шань  (қыт.  Аспанмен тілдескен тау)—Орта және 

Орталық Азиядағы тау жүйесі. Тянь-Шаньның батыс бөлігі 

Қырғызстанда, солтүстік және батыс жоталары Қазақстанда, 

оңтүстік-батыс сілемдері Өзбекстан мен Тәжікстанда, шығыс 

жағы—Қытайда.

Шақпақ—Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауда-

нындағы ауыл, Алғабас ауылдық аумақтың орталығы. Аудан 

орталығы Шаян аулынан солтүстікке қарай 22 шақырым жер-

де, Арыстанды өзеннің оң жағалауында, әйгілі Арыстанды-

Қарабас желінің өтінде орналасқан. 1950 жылдары Шымкент 

қорғасын зауытының қосалқы шаруашылығы болды.



Шәлкөде—Алматы облысы, Райымбек ауданындағы таулы 

жайлау. Жайлаудың орта тұсынан Шәлкөде өзені ағып өтеді.



398

399


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Ыстықкөл (қыр. Ысык-Көл)—Қырғыз  Республика сындағы 

көл. Солтүстік Тянь-Шаньдағы Күнгей Алатау мен Теріскей 

Алатау тау жоталарының аралығында орналасқан тұйық көл. 

Көлге 50-ден астам шағын өзен құяды. Ірілері: Жырғалаң, Түп. 

Жағалары нашар тілімделген, терең шы ғанақтар шығыс және 

оңтүстік-шығыс жағалауында ғана кездеседі.



Іле—Қазақстан (Алматы облысы) және Қытай жерлерінен 

ағып өтетін өзен. Шығыс Тянь-Шаньнан басталып, Балқаш 

көліне құяды. Басты салалары: Қаш, Қорғас (оң жақ), Шарын, 

Шелек, Талғар, Қаскелең, Күрті (сол жақ).



ТОМҒА ЕНГЕН МӘТІНДЕРДІ ЖИНАУШЫЛАР 

МЕН ЖАРИЯЛАУШЫЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ



Ақмерұлы Қабыкей (1924)—шетелдік қазақ зерттеушісі, 

этнограф, композитор. Моңғолиядағы қазақтардың мәдениет 

қайраткері. Баян-Өлгий аймағында еңбек етіп, 328 халық 

әні мен 120 домбыра, сыбызғы күйлерін жинақтап, нотаға 

түсірген. Олар «Моңғолия қазақтарының халық әні» (1965), 

«Ән» (1972), «Моңғолия қазақтарының халық әндері» (1984), 

«Баян-Өлгий қазақтарының домбыра және сыбызғы күйлері» 

(1977) атты жинақтарда жарық көрді. Моңғолиядағы Қазақ 

музыка драма театрындағы ұлт-аспаптар оркестрінде дирижер-

лік еткен кезеңде қазақ, моңғол, батыс классиктерінің 200-ге 

жуық шығармаларын өңдеді. Өзі жазған 25 әні мен 30 шақты 

күйі халық арасында кең тараған.



Байбатыров Мұқаш (1899-1980)—ақын, әнші. Кеңес үкі-

метінің алғашқы жылдарынан бастап, ауылдағы мәдени, ша-

руашылық жұмыстарға ат салысып, 1936-1961 жылдары Қа-

зақ мемлекеттік опера және балет театрының әншісі, Ұлы 

Отан соғысы жылдарында әнші-ақындардың үгіт бригадасын-

да қызмет еткен. 1943, 1961, 1969 жылдары рес публикалық 

ақындар айтысына қатысып, өлеңдері, айтыстары «Ақындар 

жыры» (1963), «Пернедегі термелер» (1965), «Ленин деп 

халық жырлайды» (1969) жинақтарында жарияланды. Оның 

орындауындағы 50-ден астам халық әндері нотаға түсіріліп, 

«Алпамыс» жыры және өзінің «Толғау», «Кененге арнау» деген 

әндері күйтабаққа жазылды. М.Жолдыбаев, Ә.Қосбасаровпен 

айтыстары «Қазақтың қазіргі халық поэзиясы (1973), «Халық 


401

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

поэзиясы және бүгінгі өмір» (1976) кітаптарында басылды. Ол 

әр кезеңдері халық арасынан фольклорлық мұраларды жинап, 

қолжазба қорларына өткізіп отырған.

Бафина Әмина (1929-2007)—әнші, музыка зерттеушісі. 

Шыңжаңның Шәуешек қаласындағы Қыздар гимназиясын 

бітіріп, оқытушылық қызмет атқарған. 1947 жылға дейін сол 

қаладағы жастардан құралған көркемөнер үйірмесінің белді 

мүшесі болып, «Қыз Жібек», «Ер Тарғын» қойылымдарында 

басты рөлдерді ойнайды. 1950 жылы өнерпаздар сапында Пе-

кинге барып, төңкерістің бір жылдық мерекесіне орай үл-

кен сахнаға шығады. Сол жылдың күзінде Үрімшіге келген 

кеңестік әртістерінің концерттерін тыңдап, репертуарын то-

лықтырады. Екі жылдан кейін Пекинге барып, Орталық ұлттар 

ән-би ансамблінде қызмет істейді. ХХ ғасырдың 50 жылдары 

Қазақстанға қоныс аударады. 

Алматы консерваториясын (1955-1961) бітіріп, ұзақ жыл-

дар Қыздар педагогика институтында сабақ береді. Ә.Бафина 

шебер әнші ретінде радиодан, теледидардан, концерт сахнала-

ры нан кеңестік тыңдармандарға беймәлім халық мұраларын 

орын дады, шығармашылығындағы әндердің бір бөлігін нотаға 

түсіріп, жарыққа шығарды. Ол орындаушы, зерттеуші ретінде 

халық музыка мәдениетінің өркендеуіне үлес қосты.

Бестібаев Мәмбет—мәдениет қайраткері, композитор. 

Оның «Айдалада ақша қар» (Сөзі Қ.Ыдырысовтікі) т.б. әндері 

халық арасында кеңінен танымал.

Жанұзақова (Кереева) Зәуре Бейсенқызы (1932) — музыка 

зерттеушісі, халық ән-күй мұраларын жинаушы. 1957 жылы 

Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік консервато-

риясын бітірісімен жолдамамен Қазақстанға жіберіліп, Қазақ 

КСР ҒА-ның Тарих, тіл және әдебиет институтында ғылыми 

қызметкер, аға ғылыми қызметкер (1958-1995) лауазымын-

да еңбек еткен. Қазақ музыкасының теориялық мәселелері 

бойынша жазған еңбектері «Қазақтың аспаптық музыкасы» 

(1964), «Туған өлке» (Ғали Дүйсековтың әндері, 1975), «Казах-

26-0262


402

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

ский музыкальный фольклор» (1982) атты т.б. іргелі зерттеу-

лер мен ғылыми жинақтарда басылған. Ол халық мұраларын 

жинау және оларды зерттеу мәселелерімен де шұғылданып

әнші Мұқаш Байбатыровтың айтуынан «Жетісудің 54 әні» 

(1957) т.б. фольклорлық материалдар жазып алған. 2007 жылы 

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты дайында-

ған А.Затаевичтің «Қазақтың 500 әні мен күйі» жинағының 

академиялық басылымының арнайы редакторы және оның 

жаңғыртылған мәтіндерін, ғылыми қосымшаларын дайындау-

шы ретінде жұмыс істеген.



Кеңешұлы Долда (1947)—композитор, халық мұраларын 

жинап, зерттеуші. Қытайдың ШҰАР аймағы, Алтай қаласында 

дүниеге келіп, сонда еңбек еткен, қазір Қазақстан азаматы. 

Пекиндегі ҚХР Радио істері өнер үйірмесінің композиторлық 

бөлімін, Үрімжі Педагогика институтының Музыка факульте-

тін тәмамдаған. Шығармашылық жолында Алтай аймақтық 

филармониясында композитор, шығармашылық бөлімінің 

меңгерушісі, Алтай аймақтық байырғы шығармаларды жинау, 

реттеу, баспалау мекемесінің бастығы, Іле Қазақ Автономиялы 

облыстық мәдениет-көркемөнер зерттеу орталығында музыка 

және ауыз әдебиетін зерттеу бөлімінің бастығы т.б. қызметтер 

атқарған. 100-ге тарта ән жазып, шығармалары Қытайдағы 

қазақ композиторларының таңдамалы әндер жинағына ен-

ген. Халық арасынан жинаған ән-күйлері Шыңжаңда «Қазақ-

тың тұрмыс-салт жырлары» (1994), Қазақстанда мемлекет 

қайраткері И.Тасмағамбетовтың қолдауымен «Шыңжаң қа-

зақтарының рухани мәдениет үлгілері» сериясымен (І-VІІ том-

дар. Алматы: «Атамұра» баспасы, 2009.) басылым көрді.



Кетегенова Нұрғия (Алтын) Сәлімқызы (1937)—музыка-

танушы, өнертану кандидаты. 1961 жылы Алматы мемлекет-

тік консерваториясын және оның аспирантурасын (проф. 

А.Қ.Жұбановтың жетекшілігімен) бітірген соң осы оқу орнын-

да доцент, профессор лауазымында педагогикалық қызмет 

атқарады. Композитор М.Төлебаевтың музыка мұрасын және 



402

403


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

қазақ композиторларының шығармашылығы мәселесімен шұ-

ғылданып,  «Мақпал. 100 ән» (1979), «Біржан-Сара» опера-

сы» (1983, 1993); «Ән өлкесінің даңқты ұлы» (1999), «Қазақ 

музыкасының абызы» 1999), «Өнер өрінде» (2000), «Ерлікке 

толы өмір» (2002), «Қазақ музыка әдебиеті» (1995, 2000, 

Ү.Р.Жұмақовамен бірге) сияқты оқулықтары, зерттеулері мен 

ғылыми жинақтары жарық көрді.



Медеубекұлы Сағатбек (1958)—журналист, фольклор-

танушы, өнертанушы. Қазақ мемлекеттік университетін бі-

тірген соң Қазақ КСР ҒА-ның Әдебиет және өнер институтын-

да, республикалық, облыстық газет-журналдарда еңбек етіп, 

«Ауыз әдебиетінің терме жанры» деген тақырыпта кандидат-

тық диссертация қорғаған. «Ою хан мен Жою хан» (қазақ, орыс, 

ағылшын тілдерінде, 2006), «Сүндет той» (1993), «Сазды ас-

паптар сыры» (1996), «Домбыра» (1995), «Ақыл. Нақыл. Өсиет» 

(1996), «Жетісудың күйлері» (1998), «Жетісу әуендері» (1998), 

«Бөлтірік Атыханұлы» (2002), «Мейірман ақын Дәркембай-

ұлы» (2005) секілді ғылыми, танымдық еңбектері мен 100-ге 

жуық ғылыми-публицистикалық мақалалары жарияланған.



Муптекеев Базаралы Жұмағұлұлы (1967)—музыка зерт-

теушісі, өнертану кандидаты. Құрманғазы атындағы Қазақ 

Ұлттық консерваториясында оқып, осы оқу орнының Фольк-

лорлық ғылыми-зерттеу лабораториясында ғылыми қызмет 

істеді. Ел ішінен жинаған халық мұраларын «Жетісудың күй-

лері» (1996), «Жетісу әуендері» (1998) т.б. ғылыми басылым-

дарда жариялады. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы 

аясында «Қазақстан» РТРК АҚ ұйымдастыруымен «Мәңгілік 

сарын» (2005) атты қазақ күйлерінің аудиожинағының құрасты-

ру  шы-редакторы. «Күләштің ауылы» (2003), «Шежірелі Қара-

тау» (2000) атты деректі фильмдердің музыкалық редакторы, 

ғылыми кеңесшісі ретінде еңбек етті. 2012 жылдан ЮНЕСКО 

тарапынан Қазақстан Республикасы рухани мәдени мұраны 

қорғау жөніндегі ұлттық комитеттің мүшесі.



404

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Темірбаев Райымқұл Өмірәліұлы (1948)—әнші, сазгер. 

Шымкент музыка училишесінде, Құрманғазы атындағы Алма-

ты мемлекеттік консерваториясында білім алып, М.О.Әуезов 

атындағы Шымкент педагогикалық, әл-Фараби атындағы 

Шымкент мәдениет институттарында оқытушы, Қазығұрт ау-

дан 


дық музыка мектебінің директоры, Сарыағаш аудандық 

мәде 


ниет бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 

1999  жыл дан Қазығұрт аудандық өлкетану мұражайының ди-

ректоры. Өзі шығарған әндері халық арасына кең таралған.

Төлебаев Мұқан (1913-1960)—көрнекті композитор, ұлттық 

музыканың негізін қалаушылардың бірі. Фортепьяно, скрип-

ка аспаптары үшін жазған пьесалары, симфониялық оркестр-

ге, хорға арнаған шығармалары, Абайдың өлеңдеріне жазыл-

ған романстары, «Амангельді» операсы (Е.Г.Брусиловкиймен 

бірге), «Қазақстан» симфониялық поэмасы, «Коммунизм от-

тары» кантатасы т.б. қазақ мәдениетін жаңа белеске көтерді. 

Ол ән-хор шығармашылығында да («Отан», «Жылқышы әні», 

«Қырманда», «Шахтер жыры», «Жастар вальсі») табысты еңбек 

етті. Қазақ музыкасындағы аса елеулі туындылардың бірі—

«Біржан—Сара» операсында (1946) халық шығармашылы-

ғын, оның ұлттық бейнесін әлемге танытты. Қазақтың халық 

әндерін жинап, оларды драмалық спектакльдерге, кинофильм-

дерге, жеке дауысқа, фортепьяноға арнап өңдеді. «Таңдамалы 

ариялары, романстары, әндері» (1956), «Отан даңқы» (1958), 

«Әндер, хорлар» (1960), «Биржан и Сара» (1950) т.б. музыка-

лық шығармалары, өмірі мен қызметі туралы зерттеулер, әде-

би-көркем шығармалар жарық көрді.



Төлеутаев Келгенбай Жиенбайұлы (1938)—музыка зерт-

теушісі. 1964 жылы Алматы консерваториясын, Қазақстан ҒА-

ның аспирантурасын бітірген соң Қарағанды облыстық халық 

ансамблінің дирижері, көркемдік жетекшісі, 1983 жылдан 

Жетісу мемлекеттік университетінде оқытушы болып қызмет 

істеді. Балқаш өңірі музыкалық фольклорын зерттеп, халық 

музыкасы туралы радио және телехабарлар жүргізді. «Қазақ 

халқының музыкалық шығармашылығы», «Қазақ тәрбиесінің 



404

405


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

ерекше түрлері», «Балқаш өңірінің халық әндері», «Ән көңілдің 

айнасы», «Ақын сазгер Күлбараш Мұханова» атты ғылыми 

жинақтары, зерттеулері жарық көрген.



Хұсайынұлы Мұсайып (1936)—күйші, композитор, дири-

жер. Моңғолия Республикасы мәдениетінің озат қызметкері. 

Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерватория-

сында білім алып, 1958-1992 жылдар аралығында Баян-Өлгий 

аймақтық Музыкалық драма театрында, Моңғолия компози-

торлар одағының аймақтық бөлімшесінде басшылық қызметтер 

атқарып, 100-ден астам авторлық және халық ән-күйлерін, 

классикалық шығармаларды халық аспаптары оркестріне ар-

нап өңдеді. «Кенжеталы», Сейіттің «Арманы», Өсерқанның 

«Бейбітшілік құсы» күйлері, «Достарым», «Туған жер» ән-

романстары, «Аймағым алтын ордам» кантатасы, «Азаттық 

туралы ән» поэмасы, «Атажұрт», «Жазира» қатарлы күйлері, 

«Ұлымның бір күні», «Жеңіс увертюрасы» симфониялық 

шығармалары, «Бүркіт» балеті, «Керім-ау айдай» операсы 

халық арасында кеңінен танымал. 1989 жылы «Сыбызғы сазы» 

атты фольклорлық-этнографиялық көне аспаптар ансамблін 

құрып, бірнеше кинолар мен спектакльдерге музыка жазды.


ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР

ӘӨИ—Әдебиет және өнер институты

ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана

ҰҒА—Ұлттық Ғылым Академиясы

ҚҚ—Қолжазба қоры

Қазақ КСР-і—Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы

ҒА—Ғылым Академиясы

Ш—шифр


ШҰАР—Шыңжың Ұйғыр Автономиялық районы

дәп—дәптер

а—араб

о—орыс


л—латын

[...]—түсіп қалған, оқылмаған сөздер, тіркестер

Қ.—қор

МОМММ—Мемлекеттік орталық музыкалық мәдениет мұ-



ражайы 

Инв.— инвентарь, тізбе

ҚР ОММ—Қазақстан Республикасының Орталық мемлекет-

тік мұрағаты

ҚХР—Қытай Халық республикасы

ж.с.—жергілікті сөз



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.  Ахметова М.  Қазақ әндері (Музыкалық зерттеу).—

Алматы: Жазушы, 1970.

2.  Баян Өлгий қазақтарының халық әндері.—Баян Өлгий, 

1972.


3.  Бәбіжан Б. Қазақтың жүз қара өлеңі.—Алматы: Сорос-

Қазақстан, 2002.



4.  Бекхожина Т. Қазақтың 200 әні (Музыкалық-этно-

графиялық жинақ).—Алматы: Қазақ КСР Ғылым, 1972.



5.  Бекхожина Т. Қазына (Музыкалық-этнографиялық жи-

нақ).—Алматы: Жалын, 1979.



6.  Ерзакович Б.  Қазақтың лирикалық халық әндері. Фор-

тепианоға қосылып айту үшін.—Алматы: Қазақтың 

мем лекеттік көркем әдебиет баспасы, 1955.

7.  Ерзакович Б.  Музыкальное наследие казахского на ро-

да.—Алма-Ата: Ғылым, 1979.



8.  Жұбанов А.  Ғасырлар пернесі.—Алматы: Жазушы, 

1975.


9.  Жұбанов А. Замана бұлбұлдары // Өңд. толық. 2-бас. —

Алматы: Дайк-Пресс, 2001. 



10. Затаевич А.В.  1000 песен казахского народа (песни и 

кюйи) // Издание второе. Подготовлено к печати отделом 

музыкального искусства Института литературы и искус-

ства имени М.О. Ауэзова Академии наук Казахской ССР. 

Ответственный редактор А.К. Жубанов. Тексты песен 

подготовлены к печати М.М. Ахметовой.—Москва: Госу-

дарственное музыкальное издательство, 1963.


408

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



11. Затаевич А.В. 1000 песен киргизского народа (напевы и 

мелодии).—Оренбург: Киргизское государственное из-

дательство, 1925.

12. Затаевич А.В.  500 казахских песен и кюйев адаевских, 

букеевских, семипалатинских и уральских с предисло-

вием и 403 примечаниями автора (Продолжение «1000 

песен казахского народа» того же автора).—Алма-Ата: 

Казнаркомпрос, 1931.

13. Затаевич А.В. 500 песен и кюев казахского народа // Под 

ред. и вст. ст. И.К. Кожабекова.—Алматы: Дайк-Пресс, 

2002.

14. Затаевич А.В.  Қазақтың 500 ән, күйі (Толықтырылған 

академиялық басылым) // Жауапты редакторы— 



С.Күзембаева; Арнайы редакторы—З. Жанұзақова. Рес-

тавра торлар—З. Жанұзақова, Қ. Жүзбасов, З. Қоспақов, 



Т.Сарыбаев.—Алматы: М.О.Әуезов атындағы ӘӨИ, 

2007.


15. Затаевич А.В. Песни разных народов (Из архива собира-

теля) // Составитель В.П. Дернова.—Алматы: Жазушы, 

1971.

16. История казахской музыки.—Алматы: Ғылым, 2000.



17. Қазақ өнері. Энциклопедия.— Алматы: Қазақстан даму 

қоры, 1998.

18. Қазақстанның халық әндері. Жинаған және музыкалық 

редакциясынжасаған Қазақстанның өнерге еңбек сі-

ңір ген  қай раткері  Б. Ерзакович. Баспаға дайындаған 

Қазақ КСР ҒА-ының Өнер зерттеу секторы.—Алматы: 

Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1955.

19. Қазақтың музыкалық фольклоры.—Алматы: Ғылым, 

1982.

20. Қазақ әдебиетінің тарихы. Үш томдық. І том. 1-кітап: 



Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Совет дәуірі. Жалпы ре-

дакциясын басқарған—филология ғылымының канди-

даты М. Қаратаев.—Алматы: Қазақ КСР ҒА-ның баспа-

сы, 1964.

21. Қазақ әндері. Құрастырған М. Бестібаев.—Алматы: 

ҚазАқпарат, 2005.



408

409


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

22. Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 1-том: Қазақ 

фольклорының тарихы // Жалпы редакциясын бас-

қарған—ҚР ҰҒА-ның академигі С. Қасқабасов.—Ал-

маты: ҚазАқпарат, 2008.

23. Қазақ музыкасы. Антология: Бес томдық. 1-том: Көне 

музыкалық фольклор // Жауапты редакторы—өнертану 

ғылымының докторы, профессор С. Күзембай.—Алма-

ты: ҚазАқпарат, 2005.

24. Қазақ музыкасы. Антология: Бес томдық. 2-том: Орта 

ғасырдағы қазақ музыкасы // Жауапты редакторы—

өнертану ғылымының докторы, профессор С. Күзембай

—Алматы: ҚазАқпарат, 2005.

25. Қазақ халқының ғашықтық әндері антологиясы // 

Құрастырған—Б.Г. Ерзакович. Жауапты редакторы—

өнертану ғылымының кандидаты Қ.Т. Жүзбасов.

Алматы: Ғылым, 1994.

26. Қазақтың халық әндері // Құрастырған: Бисенғали Ғи-



затов.—Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет 

баспасы, 1960.

27. Қоңыр әуен // Құрастырушылар алқасы: Ахметбек 

Әнуарбекұлы, Нұртай Қиясбекұлы, Уахап Ахметұлы, 

Смағұл Бөденбайұлы, Кемелқазы Смағұлұлы, Қали-

хан Қабиханұлы, Ұланбек Қабдоллаұлы, Сәуле Шери-

затқызы.—Шыңжаң: Іле халық баспасы, 2009. 

28. Мақпал 100 ән // Жинап нотаға түсірген М. Төлебаев. —

Алматы: Жалын, 1979.

29. Медеубекұлы С., Мүптекеев Б. Жетісу әуендері.—Ал-

маты: Өнер, 1998.

30. Моңғолия қазақтарының халық әуендері. — Өлгий, 

1983.


31. Народная музыка в Казахстане. Сборник статей, посвя-

щенный 50-летию Великой Октябрьской Социалистичес-

кой революции // Составитель В.П. Дернова.—Алма-

Ата: Казахстан, 1967.

32. Синьцзян қазақтарының халық әндері // Құрастырған 

Бафина Ә.—Алматы: Көркем әдебиет, 1959.


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

33. Темірбаев Р. Қазығұрт әуендері (халық әндері).—

Алматы: Өнер, 1991.



34. Темірбекова А. Жетісу әндері // Дисс. — Алматы: 1965.

35. Төлеутаев К. Балқаш өңірінің әндері. — Алматы: Өнер, 

1989.


МҰРАҒАТ ЖӘНЕ ҚОЛЖАЗБА ҚОРЛАРЫ

Жетісу қазақтарының 54 халық әні (54 казахских народных 

песни Семиречья) // Қазақстан Республикасының Орталық 

ғылыми кітапханасы (ҚР ОҒК): № 1586 бума. №№ 1-3 дәптер.

 

410


РЕЗЮМЕ

Институт литературы и искусства имени М.О. Ауэзова в рам-

ках Национального стратегического проекта «Культурное на-

следие» завершает стотомную серию «Бабалар сөзi».

Вышедшие до этого девяносто девять томов научного изда-

ния были посвящены наиболее художественной и объемной час-

ти народного фольклора: эпическим произведениям, сказкам, 

зарубежному казахскому фольклору, народным стихам, загад-

кам, пословицам и поговоркам, легендам, шежире (генеалоги-

ческие сказания) и др. жанрам. В течение ряда лет были изданы 

«Новеллистические дастаны»—тринадцать томов, «Религиоз-

ные дас таны»—семь, «Романические дастаны»—одиннадцать, 

«Исторические поэмы»—одиннадцать, «Героический эпос»—

двадцать, «Пословицы и поговорки»—пять, «Народные сти-

хи»—два, «Генеалогические предания»—четыре, «Сказки»—

пять томов, «Исторические предания»—четыре тома, «Уст ные 

народные рассказы»—три, «Обрядовый фольклор»—два тома. 

Также увидели свет однотомники «Загадки», «Детский фольк-

лор», «Казахские мифы», «Фольк 

лор казахов Монголии», 

«Топонимические предания», «Кюи–легенды», «Поэмы–пре-

дания», «Магический фольклор», «Небылицы и басни», «Сно-

видения и суеверные слова», «Агио графия». В двенадцати 

томах этой серии использовано фольк лорное наследие казахов 

Китая и в одном – казахов Монголии.

Последний, сотый том серии посвящен хорошо сохранив-

шимся до нашего времени казахским народным песням. Если 

в 99-й том вошли образцы песен, записанные музыковедами 

410


412

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

А. Затаевичем, Б. Ерзаковичем, Б. Гизатовым, В. Дерновой,  

Л.Хамиди, Г. Курмангалиевым и др., а также собранные в ходе 

научных экспедиций 1960-1970-х годов, то данный том пред-

ставлен образцами народных песен из малоохваченных этими 

собирателями регионов—Южного Казахстана, Жетысу, Вос-

точного Казахстана, Баян-Олгийского округа Монголии и Синь-

цзян-Уйгурского автономного района Китайской Народной Рес-

публики.


Современные культурные связи с соседними странами пока-

зывают, что культурное наследие народа и искусство не зависят 

от политики и границ. И хотя Казахстан, Китай и Монголия яв-

ляются самостоятельными государствами, живущие на границе 

гор Хан Тенгри и Алтая люди не забывают об общих корнях еди-

ного народа, хранят духовную близость, бережно сохраняют тра-

диции и культурное наследие – народный фольклор, сказания и 

песни. Поэтому вполне закономерно, что варианты отдельных 

песен встречаются повсюду, где обитают казахи. Например, 

если в искусстве казахов, живущих на исторической родине, в 

песнях преобладают лирические, исторические и философские 

мотивы, то музыкальному наследию казахов, живущих за рубе-

жом, более присущи мотивы традиций кочевой жизни, любви и 

тоски по родной земле, природе, а также несбывшиеся мечты и 

чаяния.

Завершающий 100-ый том серии «Бабалар сөзi» подготов-



лен на основе песенных произведений, записанных исследо-

вателем З. Кереевой с рукописей акына-песенника М. Байба-

тырова «54 казахских народных песни Семиречья» (1957), а 

также из материалов сборников М. Бестибаева «Казахские пес-

ни» (1957), К. Толеутаева «Песни Балхашского края» (1989), 

Р. Темирбаева «Мелодии Казыгурта» (1991), С. Медеубекулы 

и Б.Муптекеева «Мелодии Жетысу» (1998), К. Акмерулы «На-

родные песни казахов Монголии» (1983), А. Бафиной «Народ-

ные песни казахов Синьцзяня» (1959), Д.Кенешулы «Народные 

песни Алтайско-Тарбагатайского края» (1, 2 книги, 2008), сбор-

ника «Коныр ауен» (составители А. Ануарбекулы, Н. Киясбек-

улы и др.).



412

413


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Хочется обратить внимание читательской общественности 

на то, что песенное достояние народа не ограничивается дан-

ными двумя томами. Потому что в результате организованных 

Институтом литературы и искусства имени М. Ауэзова экс-

педиций в места компактного проживания казахов в Монго-

лии, России, Узбекистане, Каракалпакии, Китае был собран 

обширный материал, многие сохраненные в устах народа об-

разцы музыкального наследия остались неопубликованными. 

Даже в пределах Казахстана эта работа еще не завершена. На-

пример, еще не систематизированы и не вошли в данный том 

тексты 683 казахских народных песен из опубликованного в 

Синьцзян-Уйгурском автономном районе многотомника серии 

«Наследие казахской устной литературы» (17-й том. 2011).

Во-вторых, предстоит большая работа по систематизации 

народных песен, их хронологии и пр. Потому что на сегодняш-

ний день трудно различить среди песенного наследия творения 

народных композиторов, акынов и исполнителей, живших в 

XIX—начале ХХ века, так как они не были подвергнуты тща-

тельному научному анализу. 

Тексты вошедших в настоящий том песен систематизирова-

ны по алфавиту и пронумерованы. В научные пояснения тома 

включены данные о сборниках и рукописях, из которых взяты 

тексты, даны пояснения о встречающихся в текстах историчес-

ких и религиозных деятелях, приводятся словарь непонятных 

слов, списки названий местностей и рек, сокращенных слов, ис-

пользованной литературы, а также заключение тома на русском 

и английском языках.

Объем тома—27,5 п.л.


SUMMARY

M.O.Auezov Institute of Literature and Art continues pre-

parations of the last volumes of the series «Babalar sozi» in one 

hundred volumes, in the frame of the 

National strategic project

 

«Madeni Mura» («Cultural Heritage»).



Previously published ninety-nine volumes of scientific pub-

li cation have been devoted to the most artistic and biggest part 

of folklore: epics, fairy tales, foreign Kazakh folklore, folk poet-

ry, riddles, proverbs and sayings, legends, shezhire (genealogical 

legends), etc. More specifically, «Epic poems—dastans»—thirteen 

volumes, «Religious epics»—seven, «Lyrical dastans about love»—

eleven, «Historical tales»—eleven, «Bogatyr stories»—twenty, 

«Proverbs and Sayings»—five , «Folk poems»—two , «Genealogical 

tales and legends»—three, «Tales»— five, « History of Legends»—

four volumes, «Oral stories»—three, «Ritual folklore»—two 

volumes and one of «Mysteries», one of «Children’s folklore», 

«Kazakh myths», «Folklore of Mongolian Kazakhs», «Toponymic 

legends», «Kyu legends», «Dreams and superstition», «Hikayats», 

«Folk Songs». Twelve volumes of this series include folk herita ge 

of the Kazakhs in China and one of the Kazakhs in Mongolia.

Last hundredth volume of the series is dedicated to Kazakh 

folk songs which have been well-preserved till present period. 

Volume 99 contains song patterns recorded by musicologist 

A.Zataevich, B.Erzakovich, B.Gizatov, V.Dernova and L.Khamidi, 

G.Kurmangaliev and others, as well as songs collected during 

scientific expeditions of 1960s and 1970s, and this volume includes 

examples of folk songs from regions which were less covered by 

these collectors—Southern Kazakhstan, Zhetisu, East Kazakhstan, 


415

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Bayan Olgiy district in Mongolia and Xinjiang Uygur autonomous 

region of China.

Current cultural ties with neighboring countries shows that 

people’s cultural heritage and art don’t depend on politics and 

boundaries. Although neighboring countries: Kazakhstan, China 

and Mongolia are independent States, people who live along the 

border of the mountain Khan Tengri and the Altay do not forget 

about common roots of common nation, keep spiritual closeness, 

carefully preserving traditions and cultural heritage of folklore, 

legends and songs. Therefore, it is natural that options of particular 

songs are frequent in places where Kazakhs live. For example, in art 

of Kazakhstan the songs have lyrical, historical and philosophical 

motifs, while musical heritage of Kazakhs in foreign countries 

have motifs of traditional nomadic life, love and longing for native 

land, breath of nature, unfulfilled dreams and aspirations.

Final 100th volume of the series «Babalar sozi « is based on 

songs, manuscript of akin - songwriter M.Baybatyrov «54 Kazakh 

folk songs of Semirechie» (1957) recorded by researcher Z.Kere-

eva, as well as songs from M.Bestibaev’s collection of materials 

«Kazakh songs» (1957), K.Toleutaev «Songs of Balkhash region» 

(1989), R.Temirbaev «Kazygurt Melodies» (1991), S.Medeubekuly 

and B.Muptekeev «Zhetisu Melodies» (1998), K.Akmeruly «Folk 

songs of the Kazakhs in Mongolia» (1983), A.Bafina «Folk songs 

of the Kazakhs of Xinjiang»(1959), D.Keneshuly «Folk songs of 

Altay-Tarbagatay region» (1.2 books, 2008), collection «Konyr 

auen» (compiled by A.Anuarbekuly, N.Kiyasbekuly and others).

We would like to draw the reader’s attention to the fact that 

collection of people’s song heritage is not limited to these two 

volumes. Because lots of materials have been collected in the result 

of expeditions to places of compact residence of the Kazakhs in 

Mongolia, Russia, Uzbekistan, Karakalpakstan, China, organized 

by the M.Auezov Institute of Literature and Art, and musical 

legacy which has been preserved in people, remained unpublished. 

Even in Kazakhstan, this work is not yet completed. For example, 

texts of 683 songs from the multi-volume series «Legacy of Kazakh 

oral literature» Kazakh folk songs (17

th

 volume, 2011) published 



ӘН-ӨЛЕҢДЕР

in the Xinjiang Uighur Autonomous Region, have not been yet 

systematized and included into this volume.

Secondly, a lot of work on systematization of folk songs, their 

history, etc. is foreseen. Because today it is difficult to distinguish 

among the works of song heritage of folk composers who lived in the 

XIX-early XX century, akins and performers, as they have not been 

subjected to in-depth scientific analysis. In preparing this volume, 

the compilers have taken into account some of these aspects.

The texts of songs included in the volume are systemized in 

alphabetical order and numbered. Scientific explanations of the 

volume include information about books and manuscripts, from 

which the texts were taken, explanations of historical events, 

religious figures, vocabulary of words, list of names of places and 

rivers, abbreviated words, used literature and conclusion of the 

volume in Russian and English languages.

Volume size—27,5 pp

.

416



416

МАЗМҰНЫ



1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал