МҰра ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес ċ ģ ė Ē ĝı Ĝ ĝē 100 ÎÌ 4



жүктеу 1.84 Mb.
Pdf просмотр
бет17/19
Дата11.01.2017
өлшемі1.84 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

5. Балқаш өңірінің әндері.

Аталған басылымда (Төлеутаев К. Балқаш өңірінің әндері.—



Алматы: Өнер, 1989. —96-б.) Алматы облысының Балқаш бой-

ында айтылатын ғұрыптық, балаларға арналған әндер, Қазан 

төңкерісі мен Ұлы Отан соғысы жылдары шыққан әндердің 

іріктелген үлгілерінің ноталары, мәтіндері қамтылған. Жет-

кізушілер мен композиторлар құрамында К.Тұмарқұлова, 

Ж.Бейсембаева, Қ.Мұхамеджанова, Ү.Дүтбаева, Ш.Кемелба-

ева, Н.Көкеева, Ү.Мұсабекова, Р.Жәкенов, С.Сүйменбаева, 

К.Бекмағанбетов, Ә.Мүсәпіров, А.Досмағанбетов, А.Әубәкі-

ров, Ш.Әшімов, А.Шөменов, К.Мұқаханова, Д.Түсіпбекова, 

С.Аманжолов, Н.Жиенханов т.б. бар. 

Ұсынылған томға «Сәулем-ай», «Үкілім», «Құбажай» (екі 

нұсқасы), «Қаракөзайым», «Әләлім», «Қымбаттым», «Еркем-

ай», «Өтті-ау, дүние, заманым», «Сарыарқаның саздары-ай», 

«Заманым», «Қойшы әні», «Сарыарқа», «Айнам-ау», «Жас 

дәурен», «Қоңыр жай», «Сәлемсіз келдік біз», «Сардоңғал», 

«Жалған-ай», «Үриай-айдай», «Қоңыржай-Гүлжай», «Гүлді 

Райхан», «Сұлу Бану», «Даусым», «Таң келеді», «Ардағым», 

«Дүние», «Қалқажан», «Сүйген жарым» сияқты ән-өлеңдер 

іріктеліп алынды.



6. Қазығұрт әуендері.

Бұл жинақта (Қазығұрт әуендері: Халық әндері / Әндерді 



жинап, нотаға түсірген және құрастырған—Райымқұл 

Темірбаев.—Алматы: Өнер, 1991.—128 б.) Шымкент облы-

сы ның (қазіргі Оңтүстік Қазақстан) аумағынан жиналған 94 

халық әні мен олардың ноталары топтастырылып, мәтіндер 

туралы то 

лық мәліметтер берілген. Дереккөздері Р.Темір-

баев, Ұ.Темірбаева, Х.Оспанова, О.Дүйсенбекова, Ж.Әбішева, 

Т.Жалмырзаева, С.Әлімбеков, Ә.Өтенова, Ж.Тілеубаева, М.Тө-

регелдиева, Е.Сапарбаев, Ә.Медешева, Р.Өтенов, Ж.Сейіл-

беков сияқты ел адамдарының аузынан хатқа түсі рілген.


374

375


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Ұсынылған томға осы жинақтағы «Қоғалы-ай», «Өгем 

бір елдің жайлауы», «Сағындым ғой елімді», «Ақ толғай», 

«Туған жерім—Қаратау», «Төрткүлде елім, ғашық жарым», 

«Қоғам ның  жайлауы», «Дүнием-ай—мәжіліс», «Гүл-гүл-ай», 

«Солқыл дар, соқса жел», «Жанбай, Жаныс», «Абайкөк», «Са-

ғындым, кө ке, аман кел», «Жастық дәурен өтеді-ай», «Ақ би-

дай», «Дедім-ай-ау», «Аптари-ай», «Бүлдірген», «Ахау, ке рім», 

«Екі-ай бел», «Ай, қара көз» секілді ән-өлеңдер алынды.

7. Жетісу әуендері.

Бұл жинаққа (Медеубекұлы С., Мүптекеев Б. Жетісу 



әуендері. — Алматы: «Өнер» баспасы, 1998. —240-б.) аталған 

аймақтан жазылған музыкалық фольклордың түрлі жанр-

лары (бесік жыры, тойбастар, сыңсу, қоштасу, жоқтау, жа-

рапазан, қара өлеңдер, т.б), осы өңірден шыққан халық 

композиторларының  (Кенен, Шалтабай, Пішән, Қапез, т.б.), 

сондай-ақ 138 халық әнінің нотасы мен мәтіндері енген.

Томға осы жинақтың негізінде «Айнам-ау», «Ахахау, 

айдай-ай», «Әй-әй, бөпем», «Қарағай», «Ай, бұлдбұл», «Ахау, 

жалған», «Вот так, Шалабек», «Үрия-ай», «Әләлім, әләлім-ай», 

«Алма жай», «Ауылыңды-ай», «Гүлсім-ай», «Ілік-ай, сәулем, 

ілік-айдай», «Абай күнім-ай», «Ей-ау», «Ей, аяулым-ай», 

«Қалы-күлік-ай», «Құрбылас, сыртыңнан», «Ой, жан сәулем», 

«Угайдой-ай», «Сырлы-ау, ләйлім», «Ахау, игай, қоңыржай», 

«Ей, ахау» т.б. ән-өлең мәтіндері іріктеліп алынды.



8. Алтай-Тарбағатай өңірінің халық әндері.

Көптомдық «Шыңжаң қазақтарының рухани мәдениет 

үлгілері» топтамасының (жеті томдық) халық әндеріне 

арналған томдарына (Алтай-Тарбағатай өңірінің халық әндері. 



Бірінші кітап / Жинақтап құрастырған—Долда Кенешұлы.—

Алматы: Атамұра, 2008. —288-б.; Алтай-Тарбағатай өңірінің 

халық әндері. Екінші кітап / Жинақтап құрастырғандар: 

Долда Кенешұлы, Біләл Ысқақов. —Алматы: Атамұра, 2009. 

—360- б.) аталған аймақтардан жиналған халық мұраларының 

үлгілері топтастырылған.



376

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Мәтіндер Д.Кенешұлының жинауында Қазақстанға жетіп, 

белгілі мемлекет және қоғам қайраткері И.Тасмағамбетов-

тің қолдауымен, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консер-

ваториясының Ғылыми кеңесінің мақұлдауымен, профессор 

Б.Ысқақ, музыка зерттеушісі Г.Қозыбақова және Е.Өміров, 

А.Жайым, Ұ.Есдәулет сияқты азаматтардың атсалысуымен 

жарық көрген. Екі томдық жинаққа (1-томда—198; 2-томда—

225 ән-өлең) 423 ән мәтіні кірген.

Қос томдағы халық мұрасы: Б.Ыдырышұлы, Т.Сұлтан-

ғалиұлы, М.Оянғанқызы, Г.Сұлтанқызы, Қ.Ағзайұлы, А.Ті-

леубекқызы, М.Тұрыққызы, Т.Мұратқызы, Г.Бақанқызы, 

М.Байдоллақызы, Х.Сарайқызы, Н.Омарқызы, Қ.Тұр-

ғыл 


 

ұлы, Қ.Қамжанұлы, З.Сапиұлы, К.Нұрмоллаұлы, 

Ә.Қа 

пашұлы, С.Қайырқанқызы, А.Аланқызы, Т.Сәрсен-



бай 

 

ұлы, Ү.Жүнісқызы, Г.Оқанқызы, М.Қасенұлы, Қ.Қаб-



дол  тілеу жанұлы, 

М.Жанғалиұлы, 

Б.Сақажанұлы, 

Р.Әбу-


қызы, С.Мырзахметұлы, Ә.Мәшенұлы, Ж.Назарұлы, 

Р.Нұр   мұ хамедқызы,  С.Қали,  А.Қаламқызы,  Е.Сүлейбекұлы, 

Қ.Кә 

білтайұлы, Х.Ақмәдиұлы, Ә.Ақайұлы, Ш.Халықұлы, 



О.Сұл таншәріп, М. Әміреұлы, Т.Белгібайұлы, Ш.Солтанбай-

ұлы, Б.Тағайұлы, Ө.Қасымұлы, Н.Көбеген 

қызы, Ш.Жәңгір-

ұлы, Б.Ошынтайқызы, С.Қойшыбайқызы, С.Иісханұлы, 

Р.За  ғытбайұлы,  Қ.Ұмысайұлы,  Б.Орынхан қызы,  Т.Кәрия, 

М.Әну арұлы, Н.Дәлелханқызы, С.Қайыр байұлы, Қ.Қабиұлы, 

И.Жатқанбайұлы, Қ.Көкейұлы, М.Жақсыбайқызы, Б.Айдар-

қызы, К.Оспанқызы, Р.Мейір 

харұлы, Т.Мәулітханұлы, 

Қ.Омар 


қызы, М.Мұсаханұлы, А.Қалайқызы, Қ.Көкейұлы, 

Т.Дәу 


ітұлы, М.Ноғайқызы сынды өнер иелерінен жазылып 

алынған.


Томға алғашқы жинақтан: «Ағажан Алтай», «Алтын тау», 

«Жеті арал», «Сары арқа», «Күшішім, айдай», «Угәй, жар», 

«Сұр қызылдай», «Саңғырбай», Өтеді жастық, өмір-ай», «Ой, 

қайқа», «Құрбымжай», «Деп айтам», «Ахау, айдай», «Сәмен 

шал», «Нүрия-ай», «Еркем-ай», «Бозторғай», Ахау, айдай, 

«Ай, жаным, қалар көңілің, қой жаным», «Үкіл-ай, кер», 



376

377


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

«Жалғыз  қайғы», «Бұлбұлым», «Ауылым қалды-ау, кейін-

ай», «Арман-ай», «Әләулім», «Ән салайық», «Туған жер», 

«Құрбылар», «Құрбым-ай», сондай-ақ екінші жинақтан: 

«Қайран, жалған», «Бозторғай», «Қызыл жел», «Самал-ай», 

«Көңіл жай», «Минәш», «Шақпақ-ой», «Енді аман бол», «Ай-

дай», «Жай толқын», «Игөй-гәй», «Ойланшы өзің», «Мәтәри, 

сабаз-ай», «Әгугәй, жамал», «Халаулым-ай», «Қапиза тентек», 

«Айхай, ел», «Япырмай», «Құдаша-ау», «Ал, бұраң бел», «Су-

сары үйрек», «Ау, замандас», «Әй-ау», «Болли ботам», «Арман-

ай», «Бұраң бел», «Аппақ етің», «Бұлбұл-ай», «А, күнім», «Ал-

тын сырға, қима бел», «Ақерке», «Жанбала», «Ойпырым-ай», 

«Асыл бекзат», «Сұр жорға», «Құдаша-ау», «Ақ торғай», «Угай-

ау» т.б. осы сияқты ән-өлең мәтіндері сұрыпталып алынды. 



9. Қоңыр әуен.

«Шыңжаң қазақтарының рухани мәдениет үлгілері» 

топтамасының  (Қоңыр әуен. / Құрастырушылар алқасы: Ах-

метбек Әнуарбекұлы, Нұртай Қиясбекұлы, Уахап Ахметұлы, 

Смағұл Бөденбайұлы, Кемелқазы Смағұлұлы, Қалихан Қа-

биханұлы, Ұланбек Қабдоллаұлы, Сәуле Шеризатқызы.— 

Шыңжаң, Іле халық баспасы, 2009. –177-198-бб.) 4-бөлімінде 

«Қоңыр әндер» деген тақырыппен 11 халық әнінің нотасы 

мен мәтіні берілген. Олар «Шыңжаң халық радиостанциясы 

және Іле облыстық мәдениет-көркемөнер зерттеу орнының 

мұрағатынан алынған.

Томға осы жинақтың негізінде «Алқоңыр», «Жайқоңыр», 

«Халалым-айдай, қоңыржай», «Қоңыр қаз-үйрек», «Қоңыр 

қаз», «Майда қоңыр», «Үкілім-айдай, қоңыржай», «Қоңыржай-

Гүлжай», «Әніме «Майда қоңыр» салайын-ай» секілді ән-

өлеңдері іріктеліп алынды.



Томға енген:

Жетісу қазақтарының 54 халық әні: 67, 75, 110, 114, 165, 

179, 202, 241, 324, 336, 353, 369, 384, 413, 438, 500, 585, 598, 

629. 


378

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қазақ әндері: 33, 36, 65, 121, 253, 322, 327, 340, 343, 356, 

360, 393, 422, 567.



Синьцзян қазақтарының халық әндері: 19, 25, 34, 81, 150, 

155, 223, 246, 250, 265, 291, 303, 308, 318, 342, 355, 359, 388, 

391, 396, 404, 420, 431, 437, 456, 463, 471, 493, 497, 498, 539, 

555, 560, 566, 583, 588, 593, 600, 604, 606, 607, 624, 632, 636, 

641, 647.

Моңғолия қазақтарының халық әндері: 2, 3, 5, 8, 9, 10, 13, 

18, 22, 23, 27, 41, 42, 44, 46, 47, 48, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 

59, 60, 61, 62, 63, 69, 71, 72, 76,79, 82, 85, 87, 88, 96, 99, 102, 

103, 104, 108, 113, 118, 119, 127, 129, 130, 133, 135, 137, 138, 

142, 143, 152, 157, 160, 161, 162, 166, 168, 173, 174, 175, 176, 

180, 181, 182, 183, 184, 185, 186, 187, 188, 189, 190, 191, 192, 

193, 194, 201, 205, 206, 211, 213, 220, 221, 222, 225, 228, 231, 

236, 237, 238, 240, 245, 248, 249, 252, 254, 259, 261, 263, 266, 

272, 273, 274, 275, 278, 279, 280, 281, 282, 283, 284, 285, 287, 

289, 290, 292, 293, 296, 298, 302, 306, 310, 312, 317, 319, 320, 

321, 328, 330,331, 333, 337, 338, 344, 350, 351, 352, 357, 358, 

361, 363, 365, 370, 371, 375, 377, 378, 379, 380, 381, 382, 385, 

386, 387, 389, 390, 394, 397, 401, 406, 410, 411, 415, 418, 419, 

424, 425, 428, 429, 433, 439, 440, 441, 442, 445, 450, 455, 457, 

459, 460, 462, 482, 483, 484, 485, 486, 487, 489, 490, 491, 492, 

495, 502, 506, 510, 511, 512, 513, 516, 519, 521, 522, 525, 528, 

529, 532, 536, 537, 540, 542, 543, 544, 553, 561, 564, 567, 568, 

569, 570, 571, 572, 573, 574, 575, 577, 579, 582, 584, 605, 613, 

614, 615, 616, 617, 622, 623, 631, 643, 644, 645, 646, 648, 649, 

650, 651, 653, 654, 655, 657, 658. 



Балқаш өңірінің әндері: 29, 92, 156, 247, 255, 270, 315, 326, 

341, 366, 417, 426, 446, 452, 453, 465, 466, 496, 533, 552, 557, 

559, 576, 581, 589, 592, 620, 626. 

Қазығұрт әуендері: 11, 17, 36, 49, 91, 125, 234, 244, 258, 271, 

304, 334, 345, 443, 444, 530, 545, 546, 578, 599, 602.



378

379


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Жетісу әуендері: 7, 14, 16, 24, 26, 28, 32, 45, 64, 66, 70, 73, 

78, 80, 90, 100, 105, 107, 109, 112, 123, 124, 128, 131, 132, 134, 

141, 144, 145, 147, 151, 153, 158, 159, 167, 198, 199, 200, 203, 

209, 212, 214, 219, 224, 229, 232, 233, 239, 242, 251, 257, 260, 

269, 276, 277, 286, 288, 297, 305, 309, 313, 316, 329, 339, 348, 

349, 362, 368, 373, 383, 395, 398, 399, 405, 407, 409, 414, 416, 

421, 427, 430, 434, 435, 436, 474, 488, 514, 515, 518, 520, 526, 

547, 554, 558, 563, 590, 591, 594, 595, 603, 609, 611, 612, 628, 

630, 634, 638, 640, 652. 

Алтай-Тарбағатай өңірінің халық әндері (1-кітап): 4, 6, 12, 

15, 35, 37, 40, 43, 86, 93, 94, 98, 101, 111, 115, 116, 120, 122, 

136, 139, 148, 154, 163, 170, 171, 172, 196, 197, 204, 210, 215, 

227, 235, 262, 264, 267, 294, 295, 299, 307, 314, 325, 332, 354, 

374, 402, 403, 408, 449, 461, 464, 469, 470, 472, 473, 475, 476, 

477, 478, 501, 504, 507, 508, 517, 527, 531, 538, 551, 556, 562, 

565, 587, 601, 608, 618, 619, 621, 627, 639. (2-кітап): 1, 20, 21, 

30, 31, 38, 39, 50, 68, 74, 83, 84, 89, 95, 97, 106, 117, 126, 140, 

146, 149, 164, 169, 177, 178, 195, 207, 208, 216, 217, 218, 226, 

230, 243, 256, 268,300, 301, 311, 323, 335, 347, 364, 367, 372, 

376, 392, 400, 412, 423, 432, 458, 467, 468, 479, 480, 481, 494, 

503, 505, 509, 523, 524, 534, 535, 541, 548, 549, 550, 580, 586, 

596, 610, 635, 637, 642, 656.

Қоңыр әуен: 77, 346, 447, 448, 451, 454, 499, 625, 633. 


МӘТІНДЕРДЕ КЕЗДЕСЕТІН ТАРИХИ, ДІНИ 

ЕСІМДЕР ЖӘНЕ РУ АТАУЛАРЫ



Алла  (Аллаһ)—бүкіл ғарышты, тіршілік дүниесін және 

қиямет қайымды жаратушы, ислам дінінде баршаға бірдей, 

жалғыз және құдіреті күшті Құдай есімі. Құран Кәрімде 

айтылғандай: «Ол Алла біреу-ақ, Алла мұңсыз (әр нәрсе Оған 

мұқтаж). Ол тумады да, туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес».

1

 



Мұсылмандардың түсінігі бойынша, Алла Тағала әлемді, 

жерді, өсімдіктерді, жануарларды және адамды жаратты. Ол 

адамдардың тағдыры—жазмышты белгілейді. Қияметте Алла 

барлық өлгендерді тірілтеді де, пәнидегі істерін таразылап, 

біреулерін—жұмаққа, енді біреулерін—тозаққа жібереді. 

Адамдарды дұрыс жолға түсіру үшін Алла Тағала оларға 

мезгіл-мезгіл пайғамбарларды жіберіп тұрған. Мұхаммед 

(с.ә.с.)


2

—Алланың адамдарға жіберген соңғы Елшісі; оған 

Алланың Құраны Жәбірейіл періштенің дәнекерлігімен жи-

ырма үш жылда толық түсті. Алланың нақты бейнесі жоқ 

және ол бейнеленуге тиіс те емес. Намаз оқып, сәждеге бас 

қою арқылы ғана оған берілгендікті білдіруге болады. Ал 

табынудың басты орны—Меккедегі Қағба, онда аспаннан Алла 

жіберді деп есептелетін қасиетті қара тас бар. Алла Тағаланың 

құдіреттілігін, әділеттілігін, қайырымдылығын, т.с.с. өзіне 

ғана тән қасиеттерін оның тоқсан тоғыз есімі көрсетеді. Мыса-

лы: Акбар (ең ұлық), Тағала (ең жоғары), Кәрім (жомарт), Рах-

ман (мейірімді), Рахым (рақымды), Халық (жаратушы), Шәріп 

(қасиетті), Ахад (жалғыз), Самад (мәңгі), Жаппар (құдіретті), 

1

 Құран Кәрім. 112- «Ихлас» сүресі. 



(с.ә.с.)—салла Аллаһу әләйһи уассалам /а /—Алланың оған жақсылығы 

мен жарылқауы болсын.


381

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Ғафұр (кешірімді) т.б. Алланың атын зікір ету рәсімі Аллаһу 

акбар деген мадақ сөзді отыз төрт рет, Әлхамдулилаһи, Сұбхан 

Алла сөздерін отыз үш реттен айтып, тасбих тастарын санама-

лау арқылы жүзеге асады.



Пайғамбар (Мұхаммед пайғамбар)—ең соңғы пайғамбар, 

Ислам дінінің негізін салушы. Мұхаммед (с.ә.с.) 570 жылы 

Мекке қаласында дүниеге келген. Пайғамбардың әкесі Абдул-

ла Мұхаммед өмірге келместен екі ай бұрын қайтыс болған. Ал 

анасы Әмина Мұхаммед алты жасқа толғанда дүниеден өтеді. 

Мұхаммед Мұстафа (с.ә.с.) алғашында сүт анасы Халима-

ның, онан соң атасы Ғабдулмүтәліптің, ол қайтыс болған соң 

ағасы Әбутәліптің тәрбиесінде болған. Алғашқы уахи хазірет 

Мұхаммед Меккеден үш шақырым жердегі Хира үңгірінде 

ғибадат етіп отырған түні таң алдында рамазан айында түсті. 

Мұхаммед 610 жылдары 40 жасында Алланы, яғни бір Құдай-

ға табынатын дін—Исламды уағыздай бастайды. Мұхаммед 

(с.ә.с.) Ислам дінін жария еткенде арабтардың басым көпшілігі 

пұтқа табынатын. Олар Ислам дініне қарсылық білдіріп, түрлі 

қастандық жасады. Сондықтан б.д. 622 жылы Мұхаммед (с.ә.с.) 

өзінің жақтастарымен бірге Меккеден Мәдина қаласына қоныс 

аударады. Бұл жыл Ислам жыл санауының басы деп есептеледі. 

Оның арабша атауы—«хижра», яғни «қоныс аудару» деген 

сөз. Мұхаммед Мұстафа (с.ә.с.) бин Абдулла 633 жылы Мәдина 

қаласында қайтыс болды. Мұхаммед пайғамбардың «Мұстафа» 

(таза, нұрлы, сипатты), «Расул» (елші), «Хабибулла» (Алланың 

сүйіктісі), «Сағидулла» (Алланың көмекшісі) т.б. эпитет 

есімдері бар.

Адай—Кіші жүздің он екі ата Байұлы бірлестігіне енетін 

басты рулардың бірі. Қыдырқожа әулетінен тарайтын Байұлы-

да: Есентемір, Адай, Беріш—үш ру бөлек аталып, өзінше бір 

топ құрайды. Ел аузында «Есентемір, Адайсың, Берішіңмен 

қалайсың» деген сөз де бар. Адай руы Байұлы ішінде халқының 

саны жағынан да алдыңғы орындардың бірін алады. ХІХ ға-

сырдың орта шеніндегі есеп бойынша Адайлар қырық мың түтін 


382

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

болған. Осы Адайлар негізінен үлкен екі атадан—Құдайке мен 

Келімбердіден тарайды.



Алаш (ежелгі түрік сөзі — бауырластар, қандастар, туыс-

тар)—көне заманда, түркі халықтары бөліне қоймаған қауым 

кезінде дүниеге келген ұғым. Орта ғасырлық және одан ерте 

кезеңдегі деректерде қазақтың өз алдына ел болып хан 

дық 


құрғанға дейінгі ежелгі тайпаларының ортақ атауы.

Қазақ халқының басын құрайтын ежелгі тайпалардың 

көпшілігі Оғыз қағанға бағынғанын ескерсек, «Алты Алаш» де-

ген ұғымды оғыздың алты ұлына ерген ел деп те түсінуге бола-

ды. Бұл тұрғыдан алғанда Алаш деген ортақ түріктік атау Ал-

тын Орда (Қыпшақ мемл.) ыдырағаннан кейінгі кезде қайтадан 

жаңғырған бауырлас түрік халықтарының басын біріктіру 

ұраны, ортақ атауы да болған сияқты.

Ескі шежіре деректерінде Алаш атауы қазақ халқының 

синонимі ретінде келтіріледі. Мысалы, Қадырғали Жалаи-

ри өз еңбегінде қазақтың орнына Алаш атауын қолданады. 

Шежірелердің бірінде Алашқа өзбек, түрікмен, қарақалпақ, 

қырғыз, қазақ, ноғайды жатқызады. «Қамбар батыр» жырын-

да («Тамашаға жиылсын, Алты Алаштың баласы»), Бұқар 

жыраудың Абылай ханға айтқанында («Он сан Алаш бала-

сын, жұмсап бір тұрсың қолыңмен»), Махамбеттің («Алты 

сан Алаш ат бөліп, тізгінін берсе қолыма») өлеңдерінде Алаш 

сөзі қазақ атауының баламасы ретінде берілген. «Атамыз—

Алаш, керегеміз—ағаш» деген қазақ халқы ұлттық тәуелсіздік 

жолындағы күресінде ежелгі Алаш ұғымына қайта оралып, оны 

бостандық пен бірліктің ұраны етіп алды. Соның дәлелі ретін-

де «Алаш қозғалысы», «Алашорда», «Алаш» деген ұғымдарды 

атауға болады. «Алаш азаматы» деу қазақ халқының ауыз 

бірлігіне, елдің, жердің тұтастығына меңзейді.



Әли—Оспаннан кейін билік басына келген төртінші әділет-

ті халифа. Хазірет Әли—Мұхаммед пайғамбардың немере інісі, 

әрі оның Фатима атты қызын алған күйеу баласы. Мұсыл-

ман елдерінің ауыз әдебиетінде Әли—орасан, алып күш иесі. 



382

383


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Жаулары Әлидің айғайынан-ақ өліп, талып қалатын болған-

мыс. Фольклорлық туындыларда оның зұлпықар, қамқам, 

самсам деген үш қылышы болғаны айтылады. Әлидің есімі 

көптеген шығыс шығармаларында, оның ішінде діни дастан-

дарда жиі ұшырасады. Әдетте, хазірет Әли сол дастандардың 

басты кейіпкері, жеңілмейтін батыр, халықтың қамқоршы-

сы, мұсылмандардың қорғаны, бетке ұстар қаһарманы ретінде 

көрінеді. Дастандарда Әли өткен замандарда атақты Рүстем нің 

өзі жеңе алмаған жауларды жеңген деп дәріптелген.



Ғайса  (Айса, Иса) — (Иусус) Иса Мәсіхтің есімі христиан 

дініндегі сияқты исламда да ілтипатпен еске алынады. Құран 

Кәрімде Иса пайғамбарға біраз орын берілген, оның анасы 

Мәрия хазіретке арналған сүре бар. Алайда, ислам қағидасы 

бойынша, Иса (ә.с.)—бар болғаны Алланың сүйікті құлы, 

«кітап түсірілген» төрт пайғамбардың бірі. Христиандар Иса-

ны Құдайдың ұлы деп есептейді, оның өзін Құдай дәрежесінде 

дәріптеп, оған құлшылық жасайды.

Кейбір дін зерттеушілері (әсіресе, еуропалықтар) Мұхаммед 

пайғамбардың христиандарға жылы ықыласпен қарағанын 

айтады. Шариғат зерттеушілері Исаны «Мұхаммедтің дүниеге 

келерін алдын ала білген» және Аллаға шын жүрегімен беріл-

ген хақшыл Пайғамбар ретінде мойындайды. Ислам ғалымда-

ры «Иса Құдай емес, оған еруші жұрт адасты» деп санайды.



Зылиха мен Жүсіп  («Жүсіп—Зылиха») — Шығыстағы 

көп елге тараған ғашықтық дастан. Негізінен Інжіл мен Құ-

ран Кәрімде баяндалатын Жүсіп пайғамбар туралы оқиғаға 

құрылған. Сюжеті Шығыстың көп ақындарының шығар-

маларына өзек болған. Оның ауызша нұсқаларымен бірге, 

жазба нұсқалары да бар. Дастанның көне қолжазбалары Бри-

тания музейінде және 

Будлин 


кітапханасында сақталған. 

«Жүсіп—Зылиханың» сюжетіне дастан жазған ақындар көп 

болған. Солардың ішінде халық арасына кең тараған әрі ке-

мел нұсқасы—Абд әр-Рахман (Әбдірахман) Жәми жырлаған 

дастан. Қазақ халқы арасына «Жүсіп—Зылиха» жыры ерте 


384

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

кезден-ақ кеңінен тараған. Мысалы, Алтын Орда дәуірі әде-

биетінің аса көрнекті өкілі Дүрбек ақын да оғыз-қыпшақ 

тілінде «Жүсіп—Зылиха» дастанын жазған. Дүрбектің өмірі 

туралы көп мәлімет сақталмаған. Дүрбек «Жүсіп—Зылиха» 

дастанын 1409 жылы жазған. Дас танның 1516 жылы көшіріл-

ген ең көне нұсқасы Түркияның Топқани кітапханасында, ал 

1563 жылы көшірілген 2-нұсқасы Париждегі Француз ұлт-

тық кітапханасының сирек қолжазба лар қорында сақтаулы 

тұр. Дастан Жақып пайғамбардың он бір баласы арасындағы 

күншілдіктен туған қайғылы жәйттерді баян 

даудан баста-

лып, Жүсіптің ұзақ жылдар жат елдерде жү ріп, жан төзгісіз 

қайғы-қасірет көргені суреттеледі. Шығарма ның соңын Жүсіп 

Мысыр еліне патша болып, сүйік ті сі Зылиха сұлуға үйле не-

ді. Дастанның негізгі идеясы—ел би 

леу 


шілер арасындағы 

тәж бен тақ үшін, байлық пен мансап үшін жиі-жиі болатын 

қанды соғыстардың, ағайын адамдар ара  сын дағы бақталас-

тық пен алауыздықтың, шектен тыс қатыгез дік  тің зардап-

тарын көрсету. «Жүсіп—Зылиха» дастанының сюжетін өз ге 

ақындар да нәзира үлгісімен қайта жырлаған. Мы салы, қа зақ 

ақыны Жүсіпбек Шайхысыламұлы да осы сю жетті арқау ет-

кен «Жүсіп—Зылиха» қиссасын жазып, оны Қа зан баспала-

ры нан бірнеше рет (1898, 1901, 1913) бастырып шығарған.

Қаракесек—шежіре бойынша, Орта жүздегі Арғын тай-

пасының «бес мейрам» аталатын рулар бірлестігіне кіреді. 

Халық арасындағы кей шежіреде Болатқожаны даралап «төрт 

қаракесек» (Болатқожа, Қамбар, Жалықбас, Шұбыртпалы), 

басқаларында «үш қаракесек» (Шұбыртпалы кірмейді) деседі. 

Арғыннан—Болатқожа; Болатқожадан—Қаракесек; одан—

Майқы, Бошан, Тапас болып жіктеледі. Қаракесектің рулық 

ұраны мен таңбасы бүкіл Арғын тайпасымен бірдей болғаны-

мен, Арғын ішінде Болатқожаның шешесі Қарқабат атын ұран 

еткен.


Қуандық—Арғын атадан: Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, 

Шегендік. Бегендіктен: Қозған, Тәңірберді, Сырық деген бала-

лар өрбиді.

1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет