МҰра ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес ċ ģ ė Ē ĝı Ĝ ĝē 100 ÎÌ 4



жүктеу 1.84 Mb.
Pdf просмотр
бет16/19
Дата11.01.2017
өлшемі1.84 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

625. ҮКІЛІМ-АЙДАЙ, ҚОҢЫРЖАЙ

Есік алды қара су бойламадым,

Бұл жалғанның өтерін ойламадым.

Үкілім-айдай, қоңыржай!

Бұл жалғанның өтерін білген болсам,

Құлын-тайдай тебісіп ойнамадым.

Үкілім-айдай, қоңыржай!

626. ҮРИАЙ-АЙДАЙ

Ақ үйге ат байладым жанастырып,

Кеттің бе, жиырма бес, адастырып,

    үриай-айдай.

Түспейтін жүйрік аттан сері едім,

Өттің бе, жастық шағым, біз бейбақтан,

    үриай-айдай.

Жағасында Балқаштың қамысы бар,

Ер жігіттің бойында намысы бар,

    үриай-айдай.



352

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Жастық шағым есіме түскен шақта,

Еріксізден қабырғамды қайыстырар,

    үриай-айдай.

627. ҮРИАЙ-АУ

Дүние қудым сені-ау, жалықпай-ақ,

Судағы ұстатпадың-ау балықтай-ақ, Үриайа-ау.

Біреуге мал мен басты-ау бірдей берер,

Қойды ғой кейбіреуді-ау жарытпай-ақ, 

 

 



 

 

 



    Үриай-ау.

Дүние ойлап тұрсам-ей жалған екен,

Ғаламды он сегіз мың-ау алған екен, Үриай-ау.

Жібіндей машинаның-ау қайран әнім,

Шалдығып шабан аттай-ау қалған екен, 

      


 

 

Үриай-ау.



628. ҮРИЯ-АЙ

(1-нұсқа)

Өлең басы бісміллә жаратқаннан-ай,

Ер жігітке нұр жауар талаптанған, үрия-ай.

Талабыңның барында талпына бер-ай,

Талапсыз жан әр жерде қарап қалған, үрия-ай.

Қайырмасы:

Қарқараны жайлаған,

Жағалай бие байлаған,

Қыз-бозбала жиылып,

Құлын, тайдай ойнаған.

Өкінемін дүние-ай жалғаныңа-ай,

Қай пендені жеткізген арманына, үрия-ай.


352

353


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Орынбай мен Кеншімбай айтысыпты-ай,

Жетісуға жандарал барғанында, үрия-ай.

Қайырмасы.

Айт дегенде өлеңді аярым жоқ, үрия-ай,

Желісім бар азырақ, аяңым жоқ, үрия-ай.

Тіршілікте ойнап-күл, қыз-бозбала-ай,

Өте шығар бұл жалған аялы жоқ, үрия-ай. 

Қайырмасы.

629. ҮРИЯ-АЙ

(2-нұсқа)

Ахауға салушы едім тоқсан түрлі,

Айрылса ел жұртынан, үрия-ай, ер де мұңды.

Тоты құс қапасынан ұшқаннан соң,

Бағасы болмайды екен, үрия-ай, торғай құрлы.

Қайырмасы:

Ой-хай, елім-ай,

Айхау, дүние, жерім-ай.

Кәлмай сәулем,

Кә-ли-ме-ли-ли ме-ли-ляй

Кә-ли-мяй,ай.

Алысқа аз ойлаған болмас жолдас,

Қас қылған татқан тұзға, Үрия-ай, ай жігіт оңбас.

Жапанда қанша биік болсадағы,

Саяға да рақатсыз, Үрия-ай-ай, бұлбұл қонбас.



Қайырмасы.

23-0262


354

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



630. ҮРИЯ-АЙ, КӨКЕК

Әуеде ұшып жүрген көкек деген, ай,әй, көкек-ай,

Бауырында балапаны секектеген,

 

 



 

үрия-ай, көкек, әгугәй.

Ойымда үш ұйықтасам бар ма менің, ай, әй,

 

 



 

 

 



      көкек-ай,

Айырылып қалқатайым кетед деген,

 

 

 



үрия-ай, көкек, әгугәй.

Қайырмасы:

Әй,әй, көкек,

Әй,әй, көкек,

Түспейді еркін қолға көңілге алған,

Үрия-ай, көкек, әй, көкек-ай.

Салғаным оң қолыма қола жүзік, ай, әй, 

     көкек-ай,

Өткенді неге керек жіпке тізіп,

 

 

 



үрия-ай, көкек, әгугәй.

Кетсе де ауылың шалғай, қимас қалқа, ай, әй,

     көкек-ай,

Өзіңнен жүргемін жоқ күдер үзіп,

 

 

 



үрия-ай, көкек, әгугәй.

Қайырмасы.

631. ФАТИМЕ

Жібек шашың желкілдер-ей тарағанда,

Жорға сұлу көрінер жарағанда.

Қайырмасы:

Фатиме, алтын сабақ, жез түйме.



354

355


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Жерден алтын тапқандай-ей қуанамын,

Езу тартып күлімдеп қарағанда.

Қайырмасы.

Күміс қасың болғанда-ей, алтын шашың,

Қаламменен сызғандай қиғаш қасың.

Қайырмасы.

Мұндай сымбат тұрғанда бір өзіңде,

Жабыттамай аулыңды кім шыдасын.

Қайырмасы.

632. ХАЙЛӘЙЛІМ

Торы айғыр торғын жалды далада тұр,

Қамқа, торқа, қатипа қалада тұр.

Хайлім, хайләйлім.

Тұсынан ауылыңның ән салғанда,

Сүйені-ақ үйіңе қара да тұр.

Келемін жоғартынан төмен өктеп,

Көдені жұлып алдым, қойжелкек деп.

Үйіңе түйе болып сүйкенейін,

Жүгіріп шық алдымнан «Әтчу-шөк!» деп.



633. ХАЛАЛЫМ-АЙДАЙ, ҚОҢЫРЖАЙ

Бір жұлдыз бар әуеде айдан қалған,

Қайқы мүйіз ақ серке қойдан қалған,

   Халалым-айдай, қоңыржай.



356

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Осы ауылда кім жаман, құрбым жаман,

Көн етігін кие алмай тойдан қалған,

 

 

Халалым-айдай, қоңыржай.



634. ХАЛАУЛІМ-АЙ

Өлең басы бісміллә, оу, деп айтамыз-ау,

Жарытымсыз жаман сөз неге айтамыз,

    айхой, 

халаулім-ай.

Бәрімізді жаратқан, оу, Жаппар құдай-ау,

Құдайды айтпай әуелі нені айтамыз,

    айхой, 

халаулім-ай.

«Айт» дегенде өлеңді, ау, айта алмаймын-ау,

«Айт» дегеннің көңілін қайтармаймын,

    айхой, 

халаулім-ай.

Айтар кісі алдыма, оу, кез келгенде, оу,

Топтан шыққан торыдай жайтаңдаймын,

    айхой, 

халаулім-ай.

635. ХАЛАУЛЫМ-АЙ

Қамыстың-ай, ат байладым сабағына,

Жігіттің жолдас болма жаманына, ой, 

    халаулым-ай.

Жігіттің жолдас болсаң жаманына,

Дұшпанның тастап кетер табанына, ой,

    халаулым-ай.

Көк аспан күн жауарда бұлттайды,

Ағайын алыс жүрсе, суықтайды.

Болғанға бір күн жолдас, қырық күн сәлем,

Шын досын ер азамат ұмытпайды.


356

357


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

636. ХАЛДӘРИҒА

Салғаным сал торы атқа өмілдірік,

Өрістен жылқы айдадым төгілдіріп.

Кеткенде аулың алыс, қимас қалқам,

Кеттің ғой қабырғамды сөгілдіріп.

Қайырмасы:

Халдәриға-ай,

Қалдың құрбым,

Ой, дүние-ай.

Ей қалқа, сен ар жақта, мен бер жақта,

Жылайды екі арман да екі жақта.

Айрылдым қандай күні сен қалқамнан,

Көремін енді қашан, қай уақытта.



Қайырмасы.

637. ШАҚПАҚ-ОЙ

Өлең деген немене үйренген соң, Шақпақ-ой,

Ақын болар өлеңге ізденген соң, Шақпақ-ой,

Атқа салған ноқта ғой.

Арпа жеген аттай боп аңсайды екен, Шақпақ-ой,

Құрбы-құрдас бір жүріп үйренген соң,

      

Шақпақ-ой,



Атқа салған ноқта ғой.

Екі ішекті домбыра қу қарағай,

Күйге келмес құлағын бұрап алмай.

Гүл жазыңның барында күліп-ойна,

Өтіп дәурен барады, бір қарамай.


358

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



638. ШАҺИБАЗ

Ауылыңа шығып ем Қарқарадан,

Қарқараның басынан ән тараған, Шаһибаз.

Ат арытып алыстан келгенімде,

Қарсы жүрші керіліп, қалқа, маған, Шаһибаз.

Қайырмасы:

Сары самаурын сан қайнап,

Сағындым, сәулем, сені ойлап.

Қиыр қыстап, шет жайлап,

Келер ме екен дәм айдап.

Қара судың жағасы қара барқын,

«Қарақ», «шырақ» деуші едім сөздің салтын,

 

 



 

 

 



       Шаһибаз.

Басы күміс сөзімнің, аяғы-алтын,

Айтқызбай-ақ түсінген көңіл парқын, Шаһибаз.

Қайырмасы.

639. ШҰБАР АҒАШ

Сен маған, қалқатай, мен саған жоқ, ахау,

Екі ауылдың ортасы жайнаған шоқ, а, құрбым.

Ат өксітіп алыстан келгенімде, ахау,

Жұртың жатыр құлазып, ауылың жоқ, а, құрбым.

Қайырмасы:

Шұбар ағаш—ақ жайлау,

Қашан қалқа, сөз байлау?

Келсең, келші, дей берші,

Не болары құдайда-ау.


358

359


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Айт дегенде өлеңді аяңдадым, ахау,

Сөзі менен әуенді баяулады, а, құрбым.

Іздегенде, ғашық жар, ауылыңды, ахау,

Ат өксітіп алыстан таба алмадым, а, құрбым.

Қайырмасы.

640. ШЫНАР-АЙ

Жақсы қандай, ендеше, жаман қандай, ахау,

Жүйрік қандай, байқасаң, шабан қандай.

Қайырмасы:

Шынар-ай!

Әркім де сізге құмар-ай.

Әркім құмар болса, болсын-ай,

Қайтіп көңілім тынар-ай.

Сүйгеніңді біреу сүйсе,

Қайтіп жүрек шыдар-ай.

Жазатайым жаманға ісің түссе, ахау,

Ақырзаман басыңа таянғандай.

Қайырмасы:

Шынар-ай!

Әркім де сізге құмар-ай,

Әркім құмар болса, болсын-ай,

Өзім сүйген Шынар-ай!



641. ШІРКІН-АЙ

(1-нұсқа)

Сағындым жүрек, жарып тапқан анам,

Сарғайып мені күтіп жатқан анам.

Шіркін-ай!



360

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Кеше гөр, көре алмасам ақ сүтіңді,

Түнде ұйқыңды төрт бөліп баққан адам,

Шіркін-ай!

Қайырмасы:

Қайран менің елім-ай,

Елде жүріп, ойнап-күліп,

Салған сайран, күнім-ай.

Дариға-ай көрер ме екем қайран елді,

Кіндік кесіп, кірімді жуған жерді.

Шіркін-ай!

Көріп өлсем, арманым болмас еді,

Асқар тау, жасыл жайлау, өзендерді,

Шіркін-ай!



Қайырмасы.

642. ШІРКІН-АЙ

(2-нұсқа)

Қонғаны ауылымның бидайық-ты, ахау,

Алтайдан орай жауып, күн айықты, 

 

 



 

шіркін-ай, күн айықты.

Кез келген қиуада, қос қалқатай, ахау,

Өлеңді қайтіп айтсам лайықты, 

 

 

 



шіркін-ай, айтсам лайықты.

Мінгенім дәйім менің сары болса, ахау,

Төгілген күміс жіптей жалы болса, 

 

 



 

шіркін-ай, жалы болса.

Ақша бет, оймақ ауыз, қарақат көз,

Жігіттің дәл өзіндей жары болса, 

 

 

 



шіркін-ай, жары болса.

360

361


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

643. ШІРКІН-АЙ

(3-нұсқа)

Киейін ақ тымағым-ай, ей, шоқтай-шоқтай-ай,

Басайын ауса түйем, шіркін-ай, 

    тоқтай-тоқтай-ай.

Кеткенде жерің шалғай-ай, ей, қарағым-ей,

Жүрейін өлеңменен, шіркін-ай, 

    жоқтай-жоқтай-ай.

644. ШІРКІН-АЙ

(4-нұсқа)

Жылқы айдаймын көшкенде-ей дөненменен,

Алма мойын арғымақ, шіркін-ай, дәурен-ай,

 

 



Көбеңменен, айдай-ай.

Жас өспірім, жеткіншек балаларға,

Айтар сөзім мінеки, шіркін-ай,

 

 



дәурен-ай, өлеңменен, айдай-ай.

Дәйім менің мінгенім-ей, құла серек,

Өзім әнші топ жарған, шіркін-ай,

 

 



дәурен-ай, бұла сергек, айдай-ай.

Сары майдай сақтаған-ей өлеңіңді,

Осындайда айтпасаң, шіркін-ай,

 

 



дәурен-ай, неге керек, айдай-ай.

645. ШІРКІН-АЙ

(5-нұсқа)

Мінгенім дәйім менің-ей Сусылсары,

Жел соқса сусылдайды, шіркін-ай,

   аттың 

жалы-ей-ау.


362

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Кеткенде алыс аулың-ей, қарағым-ай,

Жүрмейді тамағымнан, шіркін-ай,

   жалғыз 

тары-ей-ау.



646. ІБІГӘЙ-АУ

Аулым көшіп барады-ей белден асып,

Белден асқан бұлтпенен-ей, ібігәй-ау, 

     араласып-ай.

Аулың алыс кеткенде-ей, қимас қалқам,

Ақ қағазбен жүрейік-ей, ібігәй-ау, амандасып.



647. ІДІГАЙ

(1-нұсқа)

Өлеңді айта алмадым білсем-дағы,

Аралап халық ішін жүрсем-дағы.

Азырақ білгенімше ән салайын,

Құрбылар, келеке қып, күлсең-дағы.

Қайырмасы:

Ахау, ідігай,

Қызық-ай, қыздар-ай.

Ахау Урия-ай,

Урия-ай, Урия-ай.

Өлеңді айту керек білгеннен соң,

Тамаша, сауық құрып жүргеннен соң.

Жел сөзді білгеннен соң неге аяйын,

Жиылып, өңшең бағлан келгеннен соң.

Қайырмасы


362

363


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

648. ІДІГАЙ

(2-нұсқа)

Өлеңім ағайынды, абысынды,

Қамшымның сазға тастап сабы сынды.

Жүруші ем жас күнімде асау тайдай,

Қартайып енді менің сағым сынды.

Қайырмасы:

Ой, ідігай,

Әттең, қалқа, қайтейін,

Күнім-ай, ау.

Өлеңді айт дегенде іркілмеймін,

Кісіні жақсы көрген, шіркін, деймін.

Алдында көпшіліктің ән салғанда,

Жорғадай жолға түскен бүлкілдеймін.



Қайырмасы.

649. ІДІГАЙ ГӨЙ

Ей, ахау, қолымда бір қамшым бар алтындаған,

Кей жаман ұстай алмай қалтылдаған.

Қайырмасы:

Ідігай-гәй, гөй,

Ідігай гөй-ау.

Кеткенде аулың алыс, қимас қалқа,

Көзіңнен айналайын жалтылдаған.

Қайырмасы.


364

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



650. ІДІГАЙ, ШІРКІН, КҮНІМ-АЙ

Ауылың көшіп барады бел тұрғанға-ей,

Биік ағаш майысар жел тұрғанда.

Ідігай, шіркін, күнім-ай, ау.

Күнмен айын өзгенің не қылайын-ей,

Көз алдымда бұралып сен тұрғанда.

Ідігай, шіркін, күнім-ай, ау.

651. ІЛІГ-АЙ

Қара көк жылқы ішінде жетер екен,

Күлмеген, ойнамаған бекер екен-ай.

Қайырмасы:

Іліг-ай қызық-ай,

Қалалакім-ай, әли-лай,

Қалар бір күн-ай дүние-ай.

Жастық шақ көк семсердің жүзіндей боп,

Аз күнде жалт-жұлт етіп-ай өтеді екен-ай.



Қайырмасы.

Қара көк жылқы ішінде сылаң қаққан,

Өмілдірік, кежімін сәндеп жапқан.

Қайырмасы.

Оралыңның барында күл де ойна,

Қызыл түлкі дүние бұлаң қаққан.

Қайырмасы.


364

365


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

652. ІЛІК-АЙ, СӘУЛЕМ, ІЛІК-АЙДАЙ

Өлең басы бісміллә шетен дейді-ай, оу,

Бісмілләсіз айтқан сөз бөтен дейді-ай, ой.

Қайырмасы: 

Ілік-ай, сәулем,

Ілік-айдай,

Келсе шамаң,

Күліп-ойна-ай!

Бісмілләні аузыңа үш келтірсең-ау,

Шайтан қашып жолыңнан кетер деймін-ау.

Қайырмасы.

Ақын емес, мен өзім ақ маңдаймын-ау,

Ақынмын деп ешкімге мақтанбаймын-ау.

Қайырмасы.

Айтар кісі алдыма кез келгенде-ау,

Қыбыладан қызыл жел соққандаймын-ау.

Қайырмасы.

653. ІРКУЖАН

Жылқы айдаймын көшкенде кер кекілмен-ай, угай,

Ауық-ауық аймалап жел бетімнен.

Қайырмасы:

Іркужан жан-жан-ай,

Үкілі бағылан-ай.


366

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Көш жөнекей шырқатып ән салғанда-ай, угай,

Қыз-келіншек шаттанып тербетілген.



Қайырмасы.

Қыздың аты қыз емес—қызыл бидай, ай-угай,

Түнде жүрем қыз үшін көңілін қимай.

Қайырмасы.

Белде белбеу қалмады, баста бөрік-ай, угай,

Қызды ауылдың жеңгесін сыйлай-сыйлай.

Қайырмасы.

654. ЯКУЛАЙ

Басынан құламаның құлай жаттым,

Өзіңді көрінгеннен сұрай жаттым.

Якулай, якулай, якулай,

Қалқатай.

Көз көрген құрбым еді бір келер деп,

Төрт болып екі көзім, сынай жаттым.

Якулай, якулай, якулай,

Қалқатай.

655. ЯПЫРАЙ, ЖЕҢГЕМ-АЙ

Ал қызыл боп көрінер-ей қашқан түлкі,

Қайда қалмас жігіттің, япырай, жеңгей-ай,

Жиған мүлкі, айдай-ай.

Қабағыңды түймеші, асыл жеңгем,

Арылмасын ауылдан, япырай, жеңгей-ай,

Ойын-күлкі, айдай-ай.


366

367


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

656. ЯПЫРМАЙ

Айдап келдім-ой, жылқымды бие бауға, ахау,

Оралады-ой, ақшабақ жібек ауға.

Қайырмасы:

Жаным-ай,

Арнап салған әнім-ай,

Япырмай.


Жалғыз тұрған-ой жапанда сен бәйтерек, ахау,

Бұтағыңа-ой мен келдім ұялауға.



Қайырмасы.

Күміс ерді-ой көтеріп атқа салдым, ахау,

Атадым да-ой атыңды хатқа салдым.

Қайырмасы.

Жас жүректің-ой обалы бір өзіңде, ахау,

Шыбын жанды-ой сен үшін отқа салдым.

Қайырмасы.

657. ЯПЫРМАЙ, АҒАЖАН

Дәйім менің мінгенім ала құнан-ей,

Ала құнан үркеді, япырмай, ағажан.

Аяғынан, әгөй-га-яй.

Шынты бейілің, шын көңілің менде болса-ей,

Табысайық ақ қорым, япырмай, ағажан.

Аяғынан, әгөй-га-яй.


368

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



658. ЯПЫРМАУ-Ә

Мінгенім дәйім менің Сусылсары-ай,

Сусылдар шапқан сайын аттың жалы-ай.

Япырмау-ә.

Кеткенде аулың алыс-ей, қалқатай-ай,

Өтпейді тамағымнан жалғыз тары-ай.

Япырмау-ә.

Мінгенім дәйім менің ұзын құла ат-ай,

Бұлғынның екі жағы малға суат-ай.

Япырмау-ә.

Кеткенде ауылың алыс-ей, қалқатай-ай,

Айтайын әнге салып дәтке қуат-ай,

Япырмау-ә.


368

24-0262


370

370

ТОМҒА ЕНГЕН МӘТІНДЕРГЕ  ТҮСІНІКТЕМЕ



1. Жетісу қазақтарының 54 халық әні.

Бұл қолжазба жинаққа (ОҒК. №1586 бума. 54 казахских 



народных песни Семиречья. Ноты и тексты. Тетрадь №№1-3. 

(Запись производилась с 16 апреля 1956 г. по 15 марта 1957 г.) 

Песни записаны по сообщению Байбатырова Мукаша, акына-

певца Талды-Курганской обл., Капальского района, колхоза 

им. «Абая». Запись Кереевой Зауре. Алма-Ата, 1957 г.) әнші 

М.Байбатыровтың орындауынан фольклорлық мұралар, әсіре се 

халықтық ән-өлеңдер (лирикалық, ғұрыптық) үлгілері енген. 

Қолжазбаның бірінші дәптерінде (түптелген кеңсе қаға-

зын да) орындаушының өмірбаяны мен 21 әннің (№№1-20), 

екін 


шісінде—20 (№№20-39), үшіншісінде 15 (№№40-54), 

бар 


лы 

ғы 54 халық әнінің нотасы, олардың машинкада те-

ріліп, нөмірлен ген мәтіндері қамтылған. Онда Жетісу, Батыс 

Қазақстан (№7), Семей (№№11, 28), Жамбыл облыстарынан 

(№№15, 45) жи налған ән үлгілері туралы және ӘӨИ Өнер 

сек торы  қызметкер ле рінің  (Б.Ерзакович,  М.М.Ахметова, 

З.Кереева) қолжазбалар ды бағалап, қорға қабылдағаны тура-

лы пікірлері тіркелген.

Томға аталған қолжазба бойынша(1-дәптерден): «Тоты 

қыздың әні», «Қатқан шалдың әні», «Әлеулім, қыздар», 

«Жайқоңыр Алатау», (2-дәптерден):  «Гәккәй», «Ақылың, 

әділің», «Сұр желгенше», «Жанға жайлы», «Біз колхозшы 

еңбекші ел», «Басыңнан байқап»,«Қайран заман», «Ахау, 

айта», «Әрине», «Зібіляй ләйлім», «Үрия-ай», (3-дәптерден): 

«Кең сала», «Майда мамыр», «Жеті қыздың әні», «Ау-жаным» 

секілді ән мәтіндері ұсынылды.



372

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



2. Қазақ әндері.

Бұл жинаққа (Қазақ әндері / Құрастырған — Мәмбет 



Бес 

тібаев.—Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әде-

биет баспасы, 1957. — 91-б.) жалпы тыңдарманды бейжай 

қалдырмайтын туған жер, отан, бейбіт өмір, жаңа тұрмыс, 

жастық шақ, ғашықтық-сүйіспеншілік, адамгершілік т.б. 

та 


қырыптардағы халық әндері мен халық композиторлары-

ның, сондай-ақ кеңестік Қазақстанның кәсіби композиторла-

ры әндері мәтіндерінің үлгілері топтастырған. Атап айтқанда, 

«Жас келін», «Көк айдай», «Ақ Айша», «Қанатталды», «Топ 

шеңгел», «Жетісу жерім-ай», «Жаз болса», «Жариям айдай», 

«Жан ерке», «Ғашығым», «Ақ тамақ», «Ахау, бикем», «Жо-

нып алды» сияқты ән-өлеңдер бар.

Томға мәтіндер осы жинақтың негізінде дайындалды.



3. Синьцзян қазақтарының халық әндері.

Ән жинағына (Синьцзян қазақтарының халық әндері / 



Құрастырған — Ә.Бафина.—Алматы: Қазақтың мемлекеттік 

көркем әдебиет баспасы, 1959. — 52-б.) махаббат, туған ел, 

отан тақырыбындағы 46 халық әнінің нотасы мен мәтіндері 

енген. Олардың арасында «Сарыарқа», «Туған жер», «Ал-

тай», «Гүлдерайым», «Қорлаш», «Қалқаш-ау», Сұлуғай», 

«Көз салма, құрбым, әркімге», «Тіл бұлбұлы», «Хайләйлім», 

«Керім-ау, айдай», «Қарлығашым», «Гүлсара», «Ел қайда, пе-

ризат», «Бұлбұл құсым», «Жеті арал», «Ей-ей-ау», «Сәулем-

ай», «Дүние», «Шіркін-ай». «Угай», «Угай, жар», «Ідігай», 

«Қос қара көз», «Майда жал», «Қара көз», «Құралай көз», 

«Ай-айым», «Қызыл жел», «Ақ алма», «Көкем», «Ләйлән», 

«Сұрмерген», «Үкілім-ай» т.б. ән-өлеңдер кездеседі.

Томға мәтіндер осы жинақтың негізінде дайындалды.



4. Моңғолия қазақтарының халық әндері.

Жинақ (Моңғолия қазақтарының әндері / Әндерді жинап, 



құрастырған—Қабыкей Ақмерұлы, өлеңдерін редакторлаған—

Имашхан Байбатырұлы, Музыкасын қараған—Құсайынұлы. 

Өлгий, 1983. —335-б.) Моңғол Халық Республикасының Баян-

Өлгий аймағын мекендеген қазақтардың халық әндерінің 



372

373


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

бұрынғы-соңғы басылымдарының («Монголия қазақтарының 



халық әндері (1965); «Монголия қазақтарының халық әндері» 

(1972) негізінде толықтырылып, баспаға дайындалған.

Кітапқа күйші-композитор, МХР-дің еңбек сіңірген артисі 

Қабыкей Ақмерұлының ұзақ жылдар бойы Алтай, Алтан 

цөгц, Булган, Бугат, Дәлүүн, Ногооннуур, Толбо, Улаанхус 

сұмдарынан (аудандарынан) және Өлгий қаласынан жина-

ған материалдары пайдаланылған. Алдыңғы жинаққа—52, 

соңғысына—86 ән кірсе, 1983 жылғы жинаққа—319 қара өлең 

үлгісіндегі халық әндері, сондай-ақ кейінгі композиторлардың 

ән-өлеңдері енген.

Ән мәтіндерін жеткізген және жаздырғандардың қата рын-

да С.Дінәсіл, К.Аяған, А.Сләмхан, Ш.Бүтікей, Л.Мамық, 

Сырдықан, Ж.Сілетай, Қ.Имамағызам, Ә.Күлтән, З.Зандыбай, 

Ш.Калидан, З.Төлек, Н.Зайнолда, С.Зақан, Шүки, Ж.Ыбырай, 

С.Жабай, Ж.Шамша, К.Балапан, А.Жұқа, О.Кәлел, Ө.Мүтәй, 

К.Мәлике, Ж.Қонай, Б.Мәуледан, Е.Шынғышбай, Ш.Ақыбай, 

М.Мұхани, М.Әбіш, А.Зүбәйра, К.Қабидолда, Б.Якула, 

Ж.Қау 

мен, Бөкеш, Нәсірдолла, Ж.Қауап, Тотай, Бобан, 



Жә 

ке, Сәли, Жанымхан, С.Өмірхан, К.Кәлел, К.Ташкен, 

Ж.Қанасбай, З.Шамай, Р.Абай, Т.Үмітхан, Ж.Ақбала, Дәмелі, 

Муса, Ү.Белдеубай, К.Махфуза, С.Нұрмұхамбет, Ж.Қапсөк, 

Ә.Нәзима, С.Жайнар, Қанышқан, К.Монбай, О.Бәтиқа, Ж.Қи-

батдолда, Ж.Төлеухан, С.Нүскей, К.Захан, К.Әузәр, К.Мария, 

Т.Муса, Ү.Сынап, М.Әнікей, Қауан, К.Сақай, К.Базархан, 

А.Шамшерхан, З.Қуанған, М.Замза, Б.Сағдолда, Қ.Қымыз, 

Б.Имашхан т.б. бар.

Ұсынылған томға «Абай көк» (бірнеше нұсқасы), «Ай-ай, 

сәулем-ай», «Айдай» (екі нұсқасы), «Ай қараңғы, түн жарық», 

«Айдай, тамаша», «Ақ саусақ, қыпша бел», «Ақ жайқын көл», 

«Ақ көйлек», «Ақ сия-ай», «Ақ торғай», «Ақ Жайық пен Сұр 

Жайық», «Ақ саусақ», «Ақ шоқы», «А, құрбым, айдай-ау», «А, 

қал қа-ау», «Ақау» (екі нұсқасы), «Ақау-ай», «Ақау, керім», 

«Ақау, лилилай-ау», «Ақау, ләйлім», Ақау, әлиләй», «Ақау, 

мосым», «Ақау, арман», «Ал, қаракер», «Алтын сырға, жез 

түйме», «Алма мойын», «Ал, гідіг-ай», «Алтыным-ай, күмісім-


1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет