МҰра ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес ċ ģ ė Ē ĝı Ĝ ĝē 100 ÎÌ 4



жүктеу 1.84 Mb.

бет15/19
Дата11.01.2017
өлшемі1.84 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

583. СҰЛУҒАЙ

Алып келген базардан алтын қалақ,

Есен-аман жүр ме екен біздің қарақ.

Уәделі сөзіңді ести алмай,

Алаң болып жүреміз сізге қарап.

Қайырмасы:

Сұлуғай,


Сұлу жоқ сіздей ұруда-ай,

Амал жоқ мойын бұруға-ай.

Қалың дейді Қалбаның қарағаны,

Сұлу дейді бестінің жарағаны.

Алыстан ат терлетіп келгенімде,

Не болады қалқаның қалағаны.



Қайырмасы.

584. СҰР ЖЕЛГЕН

Айт дегенің айтайын, әри айдай-ау,

Қайдан сені білейін-ай болдау талай,

    сұр 


желген.

Қайырмасы:

Қанша пәлен,

Қанша пәлен десе де,

Қимайды екен көз көрген.

Кішкентайдан бірге өскен сәулем едің-ау,

Көз қырыңды сала жүр, жүрсем жанай,

    сұр 

желген.


Қайырмасы.

328

329


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

585. СҰР ЖЕЛГЕНШЕ

Көшкенде сұр жорғаны салдыртасың,

Бір жорға қосарға алып болдыртасың.

Тарыдай тал бойыңда-ау бір мінің жоқ,

Сырыңды қандай жанға-ау алдыртасың-ау.

Қайырмасы:

Ақақай сұр желгенше,

Қос қалқа, қош, аман бол-ай,

Біз келгенше-ай.



586. СҰР ЖОРҒА

Ұшып жүрген әуеде сары ала қаз-ай,

Айдын көлдің ортасы көкорай саз, құрбым-ай.

Сен іздеген, қалқажан, мен сұраған-ай,

Күліп-ойнап қалайық бір-екі-ай жаз, 

     құрбым-ай.



Қайырмасы:

Мінген атым сұр жорға,

Амал бар ма қу сорға.

Мойның бұрып қарасаң,

Нең кетеді бір жолға.

Ұшып жүрген әуеде сен ақ сұңқар-ай,

Ұстай алмай талайлар боп жүр іңкәр, 

     құрбым-ай.

Кішкентайдан бірге өскен, замандасым-ай,

Құрған орға боларсың қай күн душар, 

     құрбым-ай.

Қайырмасы.


330

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



587. СҰР ҚЫЗЫЛДАЙ

Сұр қызылдай,

Сізді көріп көңілім бір бұзылды-ай.

Өр Алтайдың басынан-ай желдетті ғой.

Күзді күні болғанда ел кетті ғой-ай,

Әнге салып шырқайық-ай, замандастар.

Ойнап-күліп отырсаң, нең кетеді-ай.

Сұр қызылдай,

Сізді көріп көңілім бір бұзылды-ай.

588. СҰР МЕРГЕН

Ізі жатыр бұлғынның, өзі қайда,

Шын ғашықты бір көрсең о да пайда.

Шын сүйгенім жалғанда өзің едің,

Мені тастап кетерсің әлдеқайда.

Қайырмасы:

Ахау айдай, сұр мерген,

Неге керек тілге ерген.

Қанша пәлен дегенмен,

Қимайды екен көз көрген.

Аулым көшіп барады таудан асып,

Таудан асқан бұлтпен араласып.

Аулың алыс кеткенде, қимас қалқам,

Әлдекімге кетерсің бауыр басып.

Қайырмасы.


330

331


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

589. СҮЙГЕН ЖАРЫМ

Әулиеге Ұрынқай тиіп тұрар,

Өзге таудан тұлғасы биік тұрар.

Сен есіме түскенде, сүйген жарым,

Ішім жалын, сыртым от күйіп тұрар.

Қайырмасы:

Жата алмаймын көп ойлап,

Сағындым, жаным, сені ойлап.

Қайда кеттің шет жайлап,

Көрер ме екем дәм айдап.

Қоңыр үйрек ұшады көл жағалап,

Малын баққан қонады ел жағалап.

Өзің еске түскенде тұра алмаймын,

Сағынамын сарғайып, сені ойлап.

Қайырмасы.

590. СЫРҒАЛЫ ЖЕҢГЕЙ

Ендеше, қарағайлы, қарағайлы,

Топ жылқы қарағайды аралайды,

   жаным, 

жеңеше-ай.

Ән салып, әзілдесіп отырайық,

Үндемей қойғаныңыз жараспайды,

   жаным, 

жеңеше-ай.

Қайырмасы:

Сырғалы жеңгей, сыртыңнан

Таныс едім былтырдан.

Тамашаға таң қалып,

Талай адам ұмтылған.


332

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Ендеше, теріскейлі, теріскейлі,

Топ жылқы теріскейді тегіс жейді,

   жаным, 

жеңеше-ай.

Бас қосып бағландар отырғанда,

Ән салмай отырғаның келіспейді,

   жаным, 

жеңеше-ай.



Қайырмасы.

591. СЫРЛЫ-АУ, ЛӘЙЛІМ

Сыртың сұлу, сымбатың, оу, салған ұста,

Ақ жүзіңді көргенде, ау, мейірім түсті, алуай.

Кейбір ханның жүгіндей, оу, түрленесің,

Қап тауының басында, ау, жанар құстай, алуай.

Қайырмасы:

Басынан байқап,

Тұрамын тайсап,

Ұйықтасаң, қалқа,

Оятамын шайқап.

Оу, сырлы-ау, ләйлім,

Батты-ау қайғың, бұраң бел,

Оу, қымыран дәурен, алуай.

Қарға қыран болмайды, оу, шымшық алмай,

Қышыған жер басылмас, ау, шымшып алмай,

      алуай.

Көңіл шіркін, әсілі, оу, көншімейді,

Бір отырып оңаша, ау, сыр шығармай, алуай.

Қайырмасы.


332

333


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

592. ТАҢ КЕЛЕДІ

Биік таудың басынан таң келеді,

Көк жорғаның артынан шаң келеді.

 

 



Кідіги, қалқам, үриай.

Айт дегенде өлеңді қоя бермей,

Осындайда кей адам паң келеді.

 

 



Кідіги, қалқам, үриай.

593. ТАЛМА БЕЛ

Қаршығам қазға салған темір қанат,

Көргенше бір өзіңді болмас тағат.

Қалқам-ай, қайғы ойлап жүдей көрме,

Тағы да көрісерміз сау-сәламат.

Қайырмасы:

Қош, талма бел,

Жарым-ай.

Барады аулым көшіп Ертіс бойлап,

Жүруші ек қалқатаймен күліп-ойнап.

Көрмесек қайта айналып, қош есен бол,

Санамен сарғаярмын бір сені ойлап.

Қайырмасы.

594. ТОЙ БАЗАР

Той базар, той базар тойлай келдім-ай,

Алтын сақа қолға алып, ойнай келдім, құрбым-ай.

Танысым көп бұл тойда, бауырым көп-ай,

Айтысам деп өзіңмен ойлай келдім, құрбым-ай.


334

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы:

Су ағады арықтан,

Қыз қарайды жабықтан.

Сүйер едім бетіңнен,

Ұяламын халықтан.

Ойға барсам—ой тегіс,

Қырға барсам—қой семіз.

Өтіп кетті-ау біздерден

Қайран жастық—он сегіз.

Тауда өскен бүлдірген,

Қыз бен жігіт бір жүрген.

Ебін тауып ойнасаң,

Қыз бетінен сүйдірген.

Жүруші едің қолыңа домбыра алып-ай,

Домбыраның тиегін жондыралық, құрбым-ай.

Шыныменен көңілің болса менде-ай,

Екі ауылды бір жерге қондыралық, құрбым-ай.

Қайырмасы.

595. ТОП ДУАДАҚ

Топ дуадақ дегенде, топ дуадақ,

Топ дуадақ жайылар көк қуалап.

Қайырмасы:

Айым-ай!


Ағарып атқан таңым-ай!

Жанап бір өтші, қалқа, жаныма-ай.



334

335


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Уәделі жеріңе келші, сәулем,

Ауылыңның тұсынан өтсем жанап.

Қайырмасы.

Топ дуадақ дегенде, топ дуадақ,

Бір өзіңді, жан қалқам, сүйдім қалап.

Қайырмасы.

Шоқ түскендей жүрегім өртенеді,

Айдай жүзің толықсып тұрсаң қарап.

Қайырмасы:

Айым-ай!


Ағарып атқан таңым-ай!

Жанап бір өтші, қалқа, жаныма-ай.

Құралай,

Саған да көңілім бұрады-ай,

Мәнісін айтшы, қалқа, бұ қалай?!

596. ТОП ШЕҢГЕЛ

(1-нұсқа)

Айт дегенде өлеңді аял болмас,

Аялаған жаныңды алмай қоймас.

Тәуір сыйлап өлең айт, құрбыларым,

Күнде осындай тамаша даяр болмас.

Қайырмасы:

Есік алды топ шеңгел,

Топ шеңгелге келсең, кел.

Топ шеңгелге келгенде,

Өзіңе-өзің сенсең, кел.


336

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Айдап салдым жылқымды теріскейге,

Кесте тіксе, жарасар мәліскейге.

Бір қиырға ауылың кеткен шақта,

Әнге салсам сағынып, келіспей ме.



Қайырмасы.

597. ТОП ШЕҢГЕЛ

(2-нұсқа)

Сен де он бесте, құрбым-ау, мен де он бесте,

Екі он бесте қосылса, тең келмес пе.

Қалқатайдың бергені жарты мейіз,

Бөліп жесек екеуіміз, олжа емес пе.

Қайырмасы:

Есік алды топ шеңгел,

Топ шеңгелге келсең, кел.

Топ шеңгелге келуге,

Өзіңе-өзің сенсең, кел.

Қалам алып хат жаздым тәрбиялап,

Бүркіт салған жүреді тау қиялап.

Жаһан түзге сен біткен бір бәйтерек,

Бұтағыңа жүрмесін қарға ұялап.

Қайырмасы.

598. ТОТЫ ҚЫЗДЫҢ ӘНІ

Әуелде әкем қойған, атым—Тоты,

Сұлу қыз, жақсы әйел—ердің досы.

Болғанда сен іздеген, мен сұраған,

Іздеген сұрағанға, ақау, деген осы-ау.


336

337


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Ақау, тотыдай тоқсан түрлі түрленемін,

Көктемде қызғалдақтай гүлденемін.

Жаратқан, қосар болсаң, жақсыға қос,

Қосылсам теңім тауып, ақау, бірге өлемін-ай.

599. ТӨРТКҮЛДЕ ЕЛІМ, 

ҒАШЫҚ ЖАРЫМ

Ақ үйдің ай көрінер маңдайынан,

Кетпейді берген қантың таңдайымнан,

    ашық 

жар.

Қайырмасы:

Төрткүлде жерім,

Сағындым, елім.

Сүмбіл шаш, бота көзің,

Беу, дариға-ай!

Қасыңа келген адам кете алмайды,

Пейіштің жаратылдың қандайынан,

    ашық 

жар.

Қайырмасы.

Деген соң әуел анар, әуел анар,

Бидайдың басын алса, түбі сабан,

    ашық 

жар.

Қайырмасы.

Тілеймін әр уақытта жақсылықты,

Азаматы ауылымның болсын аман,

    ашық 

жар.

Қайырмасы.

22-0262


338

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



600. ТУҒАН ЖЕР

(1-нұсқа)

Алтай, Сауыр, Майлыны мекен еткен,

Текес, Тянь-Шань о шеті Күнес кеткен.

Тарбағатай, Барлықта ата-бабам,

Кіндік кесіп, кір жуып, терін төккен.

Қайырмасы:

Айхай ел, туған жер,

Туысқандар, бізге кел!

«Суында көгереді,—деген,—жекен»,

Өсіп-өнген туған жер ыстық екен.

Халқың қазақ ешқашан ұмытпайды,

Көргенше, қош, аман бол, қайран мекен!

Қайырмасы.

601. ТУҒАН ЖЕР

(2-нұсқа)

Ауылым көшіп барады белден асып,

Сары жайлаудың жай қалған жерін басып,

 

 



 

 

 



     шіркін-ай.

Көз тоймайды көркіңе қарай берсем, туған жер.

Бұл араға сағынып келгенімде-ай,

Отырайық өлеңмен көңіл ашып, шіркін-ай.

Көз тоймайды көркіңе қарай берсем, шіркін-ай.

Қайырмасы:

Туған жерім осындай,

Шарықтайды ән мен күй.


338

339


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Көз тоймайды көркіңе,

Айналайын, туған жер.

602. ТУҒАН ЖЕРІМ—ҚАРАТАУ

Мен өлеңді айтамын бейім қылып, айнам-ау,

Қыз болдым да қор болдым, кейін тұрып, 

 

 



 

 

 



     айнам-ау.

Қайырмасы:

Туған жерім—Қаратау,

Мың жылқының аймағы.

Қыз болмастан, шіркін-ай, ұл болғанда, айнам-ау,

Өз елімде жүрмес пе ем сейіл құрып, айнам-ау.

Қайырмасы.

Дөнен шұбар деуші едім, дөнен шұбар, айнам-ау,

Аузымды ашсам, көңілімнен өлең шығар, 

 

 



 

 

 



        айнам-ау.

Қайырмасы.

Кішкентайдан бірге өскен құрбым едің, айнам-ау,

Сөйлесуге өзіңмен болдым құмар, айнам-ау.

Қайырмасы.

603. ТҰРЛАУ ҚАЙЫҢ

Қызы сұлу көрінер Айт-Бозымның,

Берекеті ішінде қой-қозымның.


340

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы:

Тұрлау қайың,

Осы әнімді салып ал,

Қалқатайым-ай.

Тамашалап, той тойлап мен отырмын,

Даусы қайдан шығады жампозымның?



Қайырмасы.

Көк ала үйрек ұшады көлге қарсы,

Жануардың ұясы желге қарсы.

Қайырмасы.

Сен алысқа кеткенде, аяу қалқам,

Орамалға ағады көздің жасы.

Қайырмасы.

604. ТІЛ БҰЛБҰЛЫ

Жайнаған сәулем едің, қызыл гүлдей,

Ғашықтық әлсіретті, тілді күрмей.

Дертінен жан жарасы жазылар ед,

Алдымнан шыға келсең шыққан күндей.

Қайырмасы:

А, шіркін,

Жастық—бір от, жалындаған.

Тіл—бұлбұл,

Жүрек күйін әнге салған.


340

341


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

От салған жүрегіме сәуле нұрың,

Сән берген өміріме, қызыл гүлім.

Сырлассам өзіңменен емін-еркін,

Дариға-ай, шешілер ед жүрек сырым.

Қайырмасы.

605. ҮЙ-БАЙ, СӘМЕН ШАЛ

Айт дегенің айтайын-ей айдай он бес,

Асауынан үйреткен тайдай он бес.

Қайырмасы:

Үй-бай, Сәмен шал,

Пай-пай, күнім-ау.

Дүние-ау,

Халалакім-айдай,

Риай-ау.


Құлын-тайдай алысып ойнайтұғын-ай,

Қайта айналып келмейді-ау қайран он бес.



Қайырмасы.

606. УГАЙ

Сен дегенде, қалқатай, ойым бөлек,

Жас күніңнен ақылға болдың зерек.

Қарағанда жалт етіп, жанды еріткен,

Айналайын көзіңнен дөп-дөңгелек.

Қайырмасы:

Угай, угай, әй угай,

Ақ қазына, дариға-ай!


342

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Күміс ерді көтеріп атқа салдым,

Атыңды атап, қалқатай, хатқа салдым.

Жатсам ұйқым келмейді, тұрсам күлкім,

Бір сен үшін жанымды отқа салдым.



Қайырмасы.

607. УГАЙ ЖАР

(1-нұсқа)

Қараймын қарайғанға қабан ба деп,

Атымды қамшылаймын шабам ба деп.

Сұраймын өткеннен де, кеткеннен де,

Ауылы қалқатайдың аман ба деп.

Қайырмасы:

Угай жар, угай қарақ,

Әнге сал.

Түйгенім орамалға он екі құрт,

Ауылын сол қалқаның көрдің бе, жұрт?

Ауылын қалқатайдың көргеніңе,

Берейін шүйіншіге орамал шыт.

Қайырмасы.

608. УГАЙ ЖАР

(2-нұсқа)

Угай жар, угәй қоңыр әнге сал,

Айт дегесін айтайын, ари-айдай-ай,

Қайдан сені білейін, бойдай талай.



342

343


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Угай жар, угәй қоңыр әнге сал,

Қырғын болса қырық жыл, ажалды өлер-ау.

Аттың басын тартпашы, бозбалалар,

Угай жар, угәй қоңыр әнге сал.

609. УГАЙ-АЙ

Өлең де жоқ, ән де жоқ салмағанға, ахоу,

Армандамын аулыңа бармағанға, угәй-ай.

Жатсам ұйқым келсейді, тұрсам күлкім, ахоу,

Ойнап-күліп мейірім қанбағанға, угәй-ай.

Қайырмасы:

Қасың қара көзбенен,

Алдайсың жылы сөзбенен.

Табиғаттың күштісі-ай,

Табыстырған сізбенен-ай.

Көк балдырған дегенде, көк балдырған, ахоу,

Жолда жүріп жолаушы ат шалдырған, угәй-әй.

«Әй! Әй!» десем, артыңа қарамайсың, ахоу,

Қарамастай көңліңді кім қалдырған, угәй-әй.

Қайырмасы.

Алатаудың басында қайрақ жатыр, ахоу,

Ауыл малын жайлауға айдап жатыр, угәй-әй.

Күндіз-түні қасыңнан шықпас едім, ахоу,

Қу тіршілік қолымды байлап жатыр, угәй-әй.

Қайырмасы:

Угәйімді айтармын,

Жағдайымды байқармын.

Жағдай жақсы болса егер,

Өлең айтып қайтармын.


344

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



610. УГАЙ-АУ

Өлең деген жігітке ермек деген-ай,

Бір бәйтерек қураса дөңбек деген, угагай.

Жерің шалғай кеткенде, қимас қалқа-ай,

Зар болдық қой өзіңнің көлеңкеңе, угагай.

Қайырмасы:

Угай, әнге салып жүр,

Бізді есіңе алып жүр.

Ары қарамай, бері қара,

Неден көңілің қалып жүр?

Дәйім менің мінгенім құла қасқа-ай,

Қырдан құдық қаздырдым құламасқа.

Жерің шалғай кеткенде, қимас қалқа-ай,

Шыт болса да, беріп кет жыламасқа, угагай.

Қайырмасы.

611. УГАЙДОЙ-АЙ

Дүние опа қылмайды, оу, жинағанмен,

    үгой, 

күнім-ай,

Бір күн тастап кетесің қимағанмен,

    угайдой-ай.

Көңіл асқар болғанда, оу, тән бұқара-ай,

    үгой, 

күнім-ай,

Кім де болса жолдас бол сыйлағанменен,

    угайдой-ай.

Өнер шықпас жаманнан, оу, қапелімде,

    үгой, 

күнім-ай,

Қамшы салып шолақты қинағанмен, 

    үгайдой-ай.



344

345


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

612. УГӘЙ-УГӘЙ, АРМАН-АЙ

О, жаным,

Қары ма, жас па, қары ма, жас па-ай,

Танимын дауысыңды жаза баспай.



Қайырмасы:

Ой, дүние, шіркін, жалған-ай,

Угәй-угәй, арман-ай.

Әуселім ештемеден басылмайды-ау,

Жылқыда ала тұяқ араласпай.

Қайырмасы.

Дүние бір қисық жол бұраңдаған,

Бақ тайса, ерге дәулет құралмаған.

Қайырмасы.

613. ҮЙ-ҮЙ, ЖЕҢЕШЕ-АУ,

АҒА-ЕКЕМ ҰРСАР

Өлең айтқым келмейді ерінгенде,

   үй-үй, 

жеңеше,


Бойым байсал тартады керілгенде-ай,

   аға-екем 

ұрсар-ау.

Жерден алтын тапқандай қуанамын,

   үй-үй, 

жеңеше,


Тақияңның төбесі көрінгенде,

   аға-екем 

ұрсар-ау.


346

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



614. ҮКІЛІ ЖЕҢГЕЙ

Ән форымға келмейді шырқап салмай,

Жігіт сәні келмейді қаршыға алмай,

 

 



үкілі жеңгей наздары-ай.

Осы отырған көпшілік сөге ме деп,

Бүгежектеп мен жүрмін ән шығармай,

 

 



үкілі жеңгей наздары-ай.

Жылқы сайға тұра алмас жел келгенде,

Жер шаңды аяқ тартады ел келгенде,

 

 



үкілі жеңгей наздары-ай.

Ауыздағы жел сөзді аяймыз ба,

Ұлы жиын, мереке кез келгенде,

 

 



үкілі жеңгей наздары-ай.

615. ҮКІЛІ ҚҰРБЫМ

Аты шығар әр жерде жүлде алғанның,

Пайдасы жоқ жігітке көп арманның.

Қайырмасы:

Үкілі-ай құрбым, үкілі-ай, яй.

Аз ғана күн қалайық күліп-ойнап,

Арманы жоқ жалғанда сені алғанның.

Үкілі-ай құрбым, үкілі-ай, яй.

616. ҮКІЛІ ҮЙРЕК

Ақ тісің аузыңдағы тізіліп тұр,

Көңілім сізді көріп бұзылып тұр, үкілі-үйрек.


346

347


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Кеткенде аулың шалғай-ей, қарағым,

Омыртқам от, өзегі үзіліп тұр, үкілі-үйрек.

Қайырмасы:

Үкілі үйрек, қоңыр қаз,

Жабырқамай көңілің жаз.

Ғашық едім сыртыңнан,

Бір өзіңе болып мәз.

Ақ тісім— аузымдағы маржан тісім,

Болар ма мұнда душар сүйген кісім.

Сүйкеніп сүйген жаным өте шықса,

Қазандай қатты от жаққан қайнайды ішім.

Қайырмасы.

617. ҮКІЛІ-АЙ

Есік алды қара су ағындаған-ай,

Жастық оты бойыңда жалындаған-ой.

Үкілі-ай, үкілі-ай,

Үкілім айдай-ау.

Айдындағы аққудай арайлым-ай,

Бір адам жоқ өзіңе табынбаған-ой.

Үкілі-ай, үкілі-ай,

Үкілім айдай-ау.

618. ҮКІЛІ-АЙ КЕР

Айт дегесін айтайын мендей болып,

Кескен терек қалады жеңдей болып-ай.

Ауылың алыс кеткенде, қимас қалқа,

Кім көрінер көзіме сендей болып-ай.


348

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы:

Үкілі-ай кер, қасың қара, көзің сүз,

Майда қоңыр, құдаша, мінезің-ай.

Көк ала үйрек ұшады көл дегенде,

Сілекейің бал татыр шөлдегенде.

Ауылың алыс кеткенде, қимас қалқа,

Ынтызарым құриды сен дегенде.

Қайырмасы.

619. ҮКІЛІ-АЙ, ҚҰРБЫМ

Баста десе өлеңді бастағандай,

Ұрмай-соқпай жаманды жасқағандай, угәй-ай.

Өзі өлсе де жақсының, сөзі өлмейді,

Алтын үйіп артына тастағандай, угәй-ай.

Қайырмасы:

Үкілі-ай, құрбым, шашың кез,

Жан-ай құрбым,

Және айналып, жанай кел.

Жылқы деген мал жақсы жүріс болса,

Айтқан сөзің өрлейді дұрыс болса, угәй-ай.

Ауылыңның кетеді-ай берекесі,

Арасында ағайын ұрыс болса, угәй-ай.



Қайырмасы.

620. ҮКІЛІМ

Даусым ә дегенде жөнеледі,

Азырақ әнге келмей бөгеледі.


348

349


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қайырмасы:

Үкілім, үкілім,

Тілеймін, қалқам-ай,

Ғұмырыңды-ай.

Құрбылар, осындайда ойна да күл,

Қолыңнан қартайған соң не келеді?!



Қайырмасы.

Аулым екі таудың арасында,

Құрбым-ау, мен шақырсам, барасың ба?

Қайырмасы.

621. ҮКІЛІМ АЙДАЙ

Ой, үкілі-ай,

Үкілім айдай, бүрлен-ай.

Ән сал десем балалар, ән салмайды-ай, ей,

Заман ақыр болғанда жан қалмайды-ой,

Үкілім айдай, бүрлен-ай.

Қылышынан қан тамған Қалиды алған-ай,

Соларды алған бар Құдай кімді алмайды-ой,

Үкілім-ай, үкілім айдай, бүрлен-ай.

Өлең де өнер кісіге, өнер де өнер-ай,

Өрге салса, шын жүйрік өршеленер-ай.

Үкілім айдай, бүрлен-ай.



350

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Осындайда, балалар, ойна да күл-ай,

Мың күн жанған шырағым бір күн сөнер-ой,

Үкілім-ай, үкілім айдай, бүрлен-ай.

622. ҮКІЛІМ АЙДАЙ, БҮРЛЕН-АЙ

Айналайын, қаракөз күлімдеген-ей,

Жаман атың ешқашан білінбеген.

Ей, үкілі-ай, үкілім-айдай,

Бүрлен-ай.

Жақсылықтың нышаны тал бойыңда-ей,

Жаман атқа әрқашан ілінбеген.

Ей, үкілі-ай, үкілім-айдай,

Бүрлен-ай.

623. ҮКІЛІМ АЙДАЙ, ҚОҢЫР ЖАЙ

Есік алды қара су бойламадым,

Бұл жалғанның өтерін ойламадым.

Үкілім айдай, қоңыр жай.

Бұл жалғанның өтерін білген болсам,

Құлын-тайдай тебісіп ойнамадым.

Үкілім айдай, қоңыр жай.

624. ҮКІЛІМ-АЙ

Дәйім менің мінгенім құла құнан,

Үркеді құла құнан құлағынан.

Ондай көңіл сен берсең, әбзал, қалқам,

Аулыңның жолығайық бұлағынан.


350

351


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қайырмасы:

Үкілім-ай, қос мырза,

Сылқым-ай, ашылды,

Ұйқым-ай.

Дәйім менің мінгенім құла қасқа,

Құдыққа шеге қақтым құламасқа.

Кеткенде жерің шалғай, беу қарағым,

Беріп кет орамал шыт жыламасқа.



Қайырмасы.


1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал