МҰра ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес ċ ģ ė Ē ĝı Ĝ ĝē 100 ÎÌ 4



жүктеу 1.84 Mb.

бет14/19
Дата11.01.2017
өлшемі1.84 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

540. ПЕРИЗАТ

Шырқап-шырқап берейін әнге басып,

Кім жүрмейді жақсымен араласып.

Қайырмасы:

Перизат, баурым,

Қайда тұрады аулың?

Жиын топта бас қосқан көп жамағат,

Осы әніммен берейін көңіл ашып.

Қайырмасы.

Баста десе өлеңді, бала бастар,

Бастай алмай отырған есіл жастар.

Қайырмасы.


304

305


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Бастай алмай отыр ғой есіл жастар,

Бастап-бастап берейін, құрдастар.

Қайырмасы.

541. ПҮЛІС-АЙ

Өлең айтқым келмейді ерінгенде,

Бойым байсал тартады керілгенде.

Жерден алтын тапқандай қуанамын,

Тақияңның төбесі көрінгенде.

Қайырмасы:

Көйлегі гүлді пүліс-ай,

Ауылымның бұрысы-ай.

Көз алдымнан кетпейді

Қалқатайдың жүрісі-ай.

Қара шашың толқиды бұрымдағы,

Ғашық едім өзіңе бұрындағы.

Қонсаң келіп қолыма, бағар едім,

Сылап-ойнап сұңқардай тұғырдағы.

Қайырмасы.

542. РИАЙ-АУ

Өлең де бар біздерде, өнер де бар-ей,

Мінілмеген жылқыда дөнен де бар-ай.

Таң атқанша өлеңді айтып-айтып-ей,

Таң атқан соң үйіңе жөнел де бар-ай.

20-0262


306

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы:

Ахахай-ау, риай-ау,

Жазайын хат.

Көңілім шат,

Қос перизат, риай-ау.

Қош болғайсың, қалқатай, қош болғайсың-ей,

Шаршы топтың ішінде дос болғайсың-ай.

Аулың алыс кеткенде, ей, қалқатай-ей,

Жас күндегі мінезді еске алғайсың-ай.

Қайырмасы.

543. РИЯУ-АЙДАЙ

Ер жігіт ақылы көп, ей, елді билер,

Тасты да қолы білген ұндай илер.

Қайырмасы:

Рияу айдай, жарқын-ай,

Ахау, білім іздеп талпын-ай.

Құрбылар жас күнінде-ей өнер үйрен,

Басыңды есіктегі-ей төрге сүйрер.

Қайырмасы.

544. РИЯЙ-АХАУ

Дүние қудым сені он жасымнан,

Тартады денем ауыр қорғасыннан.

Рияй-ахау, иряй-ай.



306

307


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Үстінен су төгілмес майда қоңыр,

Танбай ма қартайған соң жорғасынан.

Рияй-ахау, иряй-ай.



545. САҒЫНДЫМ ҒОЙ ЕЛІМДІ

Білте бермен, тағы да білте бермен,

Қолаң қара шашың бар күлтеленген.

Қайырмасы:

Қазығұрт жерімді,

Сағындым ғой елімді.

Көмекейің көсілген ақын болсаң,

Қара дауыл өлеңді сілте бермен.

Қайырмасы.

Ақ қалалы, ендеше, ақ қалалы,

Аттың басқан жерінде дақ қалады.

Қайырмасы.

Оралыңның барында ойна да күл,

Өлгеннен соң саудырап жақ қалады.

Қайырмасы.

546. САҒЫНДЫМ, КӨКЕ, АМАН КЕЛ

Естен кетпес етікпен су кешкенім,

Жауқазындай жадырап бірге өскенім.


308

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Жаманменен сан ойнап, сан күлгенім—

Өзіңменен бір ауыз тілдескенім.



Қайырмасы:

Арқадан соққан самал жел,

Сағындым, көке, аман кел.

Жаз жайлауға көшеді ел арбамен,

Ішім толып жүреді арманменен.

Қайсыбірін айтайын өлең қылып,

Жүремін де тағдырдың салғанымен.

Қайырмасы.

Балдыберек ауылым етегінде,

Жаман жүрер жақсының жетегінде.

Қайсы бірін айтайын өлең қылып,

Өстіп жүріп өмірден өтемін де.

Қайырмасы.

547. САҒЫНДЫРҒАН ТУҒАН ЖЕР

Ай астынан соғады алтын күрек,

Не демейді қызыл тіл, бұл көкірек,

    құрдасжан.

Артта қалған ағайын есіме алып,

Не себептен болады көңіл көмек,

    құрдасжан.

Қайырмасы:

Құлжа, Сүйдім, Сайрам көл,

Сағындырған туған жер.


308

309


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Сағынғанда сарғайып,

Сағындырма, бұраң бел.

Ай да бірдей жігітке, күн де бірдей,

Ер көңілі болмайды түнделемей,

    құрдасжан.

Менің көңілім ел-жұртқа басылады,

Арт жағыңды айналып, алдың көрмей.



Қайырмасы.

548. САМАЛ-АЙ

(1-нұсқа)

Басына Қаратаудың түсер сағым-ай,

Болғаның сенің жақсы менің бағым-ай.

Қайырмасы:

Игәй, самал-ай,

Шалқыған шаттық заман-ай.

Құрбыжан өлең тілеп отырғанда-ай,

Мүдірмей аз сөйлесін тіл мен жағым-ай.

Қайырмасы.

Қарағым, бірге өстің бала жастан-ай,

Сіз-біз деп бетке түзу қарамастан-ай.

Қайырмасы.

Пәледен басың аман, ден сау болса-ай,

Кісі өлмес аштықпенен жалаңаштан-ай.

Қайырмасы.


310

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



549. САМАЛ-АЙ

(2-нұсқа)

Басында Қаратаудың арша ап жүрмін, ахау,

Аршамды көтере алмай, шаршап жүрмін-ай,

     самал-ай.

Кеткенде шалғай ауылым қимас қалқа, ахоу,

Көруге дидарыңды аңсап жүрмін-ай,

     самал-ай.

Қайырмасы:

Су бойында жел қайық,

Лашын қуған бидайық.

Ел-жұртынан айырылған,

Уа, дариға, біз ғарып.

Әуеде ұшып жүрген көк лашын, ахау,

Өмірге жайып тұрған кең құлашын-ай,

     самал-ай.

Өмірдің алға жүзген кемесінде, ахау,

Әніңіз, ей, қалқатай, көкке ұлассын-ай,

     самал-ай.

Қайырмасы.

550. САМАРҚАНДА САНДАЛ БАР

Шырқап-шырқап салуға ән келмейді-ей,

Аяғымды басуға сән келмейді, әгугай.

Шырқап-шырқап осы әнге салғанымда-ей,

Өзің теңдес құрбылар пар келмейді, әгугай.

Қайырмасы:

Самарқанда сандал бар,

Сандал ағаш қайда бар.


310

311


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қаракөз қалқам, қайтейін,

Жолың болсын, барсаң бар.

Қаратаудың басынан құлап түстім-ей,

Қалқатайды сағынып жылап түстім, әгугай.

Ауылың алыс кеткенде, қимас қалқа-ай,

Төсегімнен түсе алмай құлап түстім, әгугай.

Қайырмасы.

551. САҢҒЫРБАЙ

Менің атым сұрасаң, Саңғырбаймын, беу, беу, беу,

Малға кедей болғанмен, әнге баймын, беу, беу, беу.

Қайырмасы:

Бақырбай,

Ойпырмай, халім-ай.

Қанша мың сом болғанмен жан қалтамда, 

     беу, 

беу, 


беу,

Түбі тесік қалтамның, байымаймын, беу, беу, беу.



Қайырмасы.

Керегенің басында оймақ тұрар, беу, беу, беу,

Кедейшілік жігітке қой бақтырар, беу, беу, беу.

Қайырмасы.

Алған жары жігіттің жақсы болса, беу, беу, беу,

Тал шыбықтай бұралып, ойнап тұрар, 

     беу, 

беу, 

беу,


Қайырмасы.

312

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



552. САРДОҢҒАЛ

Басың биік, Сардоңғал, аса алмадым,

Жапырағын жайқалтып баса алмадым.

Сен есіме түскенде, беу, қарағым,

Буынымды бекітіп баса алмадым.

Аулым көшіп барады көл шетіне,

Малға жайлы болсын деп ыстық күнде.

Сен жүргенде қасымда, сүйген сәулем,

Ойымдағы сырымды айта алмадым.

553. САРЫ АЛТАЙ

Домбырам екі ішекті қолға алайын,

Құбылтып неше алуан ән салайын-ей.

Қайырмасы:

Сары Алтай, жерім-ай,

Сағындым елім-ай.

Өлеңді атамыздан арылмаған,

Мен неғып бұл өнерден құр қалайын-ей.

Қайырмасы.

554. САРЫ БЕТКЕЙ

Өлеңді-ай, оу, айта алмай-ай, оу, арындаған,

Қуырдақ ас болмайды жалындаған-ай.

Дүрия-ай, оу, қанша-ау болсаң, оу, бәрің мейман,

Пенде жоқ бірін-бірі сағынбаған-ау.


312

313


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Ендеше, оу, сары беткей, оу, сары беткей,

Жатады сары беткей қары кетпей-ау.

Ойнап-күл, оу, тіршілікте, оу, келсе шамаң,

Бетіңнен қызылшағы, әрі кетпей-ау.

555. САРЫАРҚА

(1-нұсқа)

Жүруші ем Сарыарқаны қоныс етіп,

Адастым қиыр қонып, теріс кетіп.

Күнде той, күнде думан, қайран елім,

Барады әсіресе сонысы өтіп.

Қайырмасы:

Ай, елім-ай,

Сарыарқа—менің жерім-ай!

Ит жүгіріп, құс салған,

Айдында шалқар көлім-ай!

Көл-ай, көл-ай, көл-ай, көлім-ай!

Сарыарқа, сағындым ғой туған жерді,

Кіндік кесіп, кірімді жуған жерді.

Ойласам, екі көзден жас келеді,

Асыр сап, көбелегін қуған жерді.



Қайырмасы.

556. САРЫАРҚА

(2-нұсқа)

 Шіркін-ай!

 Сарыарқа-ай,

 

Не деп айтам, ей, қалқа-ай.



314

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Ақындардың жалыны-ау, жыр қанаты, 

Қызғалдақтай қырдағы, ырғалатын.

 Шіркін-ай!

 Сарыарқа-ай,

 

Не деп айтам, ей, қалқа-ай.



Үлкен-кіші жиналып-ау, бас қосқанда,

Қалдырайын мен-дағы жыр қанатын.

 Шіркін-ай!

 Сарыарқа-ай,

 

Не деп айтам, ей, қалқа-ай.



557. САРЫАРҚА

(3-нұсқа)

Самалы салқын Арқаның сары белі,

Қаракесек, Қуандық жайлайды елі, Сарыарқа.

Қарқаралы, Бесқызыл—жердің көркі,

Сұлу Көкше бауырында сексен көлі, Сарыарқа.

Қайырмасы:

Сарыарқа—сұлу сары бел,

Самалы салқын қоңыр жел.

Еске түссе, сағынам,

Туып-өскен қайран жер.

558. САРЫАРҚА—МЕНІҢ ЖЕРІМДІ-АЙ

Қарағым, айналайын келдің қайдан,

Ақ үйрек алма мойын ұшар сайдан,

 

Халалакім иғай,



 Иғай,

 Халалакім иғай!



314

315


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қайырмасы:

Сарыарқа—менің жерімді-ай,

Сағындым ғой жан елімді-ай.

 Айдой!


 

Үйрек ұшып, қаз қонған

 

Айдын да шалқар көл-ай,



 

Көл-ай! Көлімді-ай-ау!

Қарағым, мекеніңді айтып қойшы-ай,

Адамның жат болмағы осындайдан.

 

Халалакім иғай,



 Иғай,

 

Халалакім иғай!



Қайырмасы.

559. САРЫАРҚАНЫҢ САЗДАРЫ-АЙ

Айт деп отыр балалар неменені,

Қырғи салып ілдірем бөденені.

Маған салған қолқаңыз өлең болса,

Сындырмайын өлеңмен беделіңді.

Қайырмасы:

Сарыарқаның саздары-ай,

Саңқылдайды қыздары-ай.

Жақсы ауылдың баласы,

Міне, осындай жайдары-ай.

Өлең деген немене өнерпазға,

Ауру жолдас болады өмірі азға.

Білгеннен соң өлеңді мен айтайын,

Кім бар, кім жоқ ендігі келер жазда.

Қайырмасы.


316

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



560. САУЫҚШЫЛ БІЗДІҢ ЕЛ

Жігіті біздің елдің сылқым-сері,

Думан мен ойын-күлкі жүрген жері.

Құлын-тайдай асыр сап, ойнақтаған,

Әркімнің өзіне ыстық туған жері.

Қайырмасы:

Сауықшыл, сайраншыл,

Біздің ел.

Қыздары біздің елдің балдырғандай,

Қарасаң, жүрегіңе от жандырғандай.

Сапырған сабадағы сары қымыз,

Ұрттасаң бар шөліңді қандырғандай.

Қайырмасы.

561. САЯДАҒЫ БҰЛБҰЛ-АЙ

(1-нұсқа)

Аулым көшіп барады Алмалыға,

Кім көнбейді Алланың салғанына, бұлбұл-ай.

Бір құдірет қолымда болса күшім,

Жеткізер ем аңсаған арманыңа, бұлбұл-ай.

Қайырмасы:

Саядағы бұлбұл-ай,

Сайра, сәулем, құрбым-ай.

Ұйықтасам естен кетпейді,

Бірге жүрген құрғыр-ай.


316

317


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

562. САЯДАҒЫ БҰЛБҰЛ-АЙ

(2-нұсқа)

Айт дегенде айтайын «Ақтабан-ай»,

Келмей қоймас бәйгеден баптаған-ай, угәй-ай.

Көрмегелі көп айдың жүзі болды,

Аман-есен жүрмісің, сау-сәлемет, угәй-ай.

Қайырмасы:

Саядағы бұлбұл-ай,

Сағындырған құрбым-ай.

563. САЯДАҒЫ БҰЛБҰЛ-АЙ

(3-нұсқа)

Тау құлаған, ендеше, тау құлаған,

Таудың тасы етекке саудыраған,

    құрбым-ай.

Бағаласаң, бағаңа жан жетпейді-ау,

Айналайын көзіңнен жаудыраған,

    құрбым-ай.

Қайырмасы:

Саядағы бұлбұл-ай,

Сағындырғын құрбым-ай.

Алыс кетсем егерде,

Сағындырып жүргін-ай.

Айналайын, қарағым, ұтымыңнан,

Құмырсқа бел үзілген мықыныңнан,

    құрбым-ай. 



Қайырмасы.

318

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



564. САЯЛЫ ӨЗЕН БҰЛҒЫН-АЙ

Бұл Бұлғынның асуын асып келдім,

Жапырағын жайқалған басып келдім,

    құрбым-ай.

Сен есіме түскенде, ей, қарағым,

Атыңды атап өлеңге қосып келдім,

    құрбым-ай.

Қайырмасы:

Саялы өзен Бұлғын-ай,

Сайрандаған бұл күн-ай.

Ұлы тойдың үстінде

Ән салайық бұлбұл-ай.

Жүруші едік Бұлғынды қыстап-жайлап,

Жағасына жағалай бие байлап, құрбым-ай.

Талай күнді өткізіп сайрандатып,

Қыз-бозбала жүруші ек күліп-ойнап, 

 

 



 

 

        құрбым-ай.



Қайырмасы.

565. СӘМЕН ШАЛ

Бойдай талай, Сәмен шал,

Жаспа-ай, жаным-ай, халалакім-ей, ірі ей-ау.

Бұл бір өнер жігітке өлең деген-ау,

Бұл жалғанда ойда жоқ, өлем деген, Сәмен шал.

Жаспа-ай, жаным-ай, халалакім-ей, ірі ей-ау,

Күнің барда күл де ойна, шіркін, жастар-оу.

Өтіп барады дүние, міне, осылай, Сәмен шал,

Жаспа-ай, жаным-ай, халалакім-ей, ірі ей-ау.


318

319


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

566. СӘУЛЕМ-АЙ

(1-нұсқа)

Жастықтың ең қымбатты белеңінде,

Күндіз-түн мен болармын жүрегіңде.

Ішкендей тас бастаудан бірге сусын,

Сақтаулы махаббатың жүрегімде.

Қайырмасы:

Сәулем, сәулем, сәулем-ай,

Салдың неге әуреге-ай.

Егіндей боп, ендеше егіндей боп,

Жайқаласың егіннің көгіндей боп.

Аулың алыс кеткенде, қимас қалқам,

Кім көрінер көзіме өзіңдей боп.

Қайырмасы.

567. СӘУЛЕМ-АЙ

(2-нұсқа)

Аулымның қонғаны, ахау, ала татыр,

Оқтай зулап дүние бара жатыр, сәулетай,

 

 



 

бара жатыр, сәулетай.

Аулыңның тұсынан ән салғанда,

Ақбоз үйге сүйеніп қара да тұр, сәулетай,

 

 

 



қара да тұр, сәулетай.

568. СӘУЛЕМ-АЙ

(3-нұсқа)

Дәйім менің мінгенім ұзын құла ат-ей,

Екі жағы Ертістің малға суат, сәулем-ай.


320

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Аулың алыс кеткенде, әттең, қалқаш-ей,

Осы әніме сала жүр дәтке қуат, сәулем-ай.



Қайырмасы:

Маякский ақ жайлау,

Қашан, құрбым, сөз байлау.

Ғашық болып өзіңе,

Жатсам ұйқым келмейді-ау.

Алыста жүр аулың, жуықта жүр-ей,

Жауайын деп ақша қар бұлттап жүр, сәулем-ай.

Кішкентайдан бірге өскен, ей, қалқатай-ей,

Бір өзімнен көңліңді суытпай жүр, сәулем-ай.

Қайырмасы.

569. СӘУЛЕМ-АЙ

(4-нұсқа)

Сен де арманда, қалқатай, мен де арманда,

Екі арманда жылайды айрылғанда, сәулем-ай.

Қарай-қарай артыңнан көзім талды,

Нең кетеді артыңа қайрылғанда, сәулем-ай.

Қайырмасы:

Мінген атым сұр ма екен,

Ат ағашта тұр ма екен?

Жайлаудағы жан сәулем,

Аман-есен жүр ме екен?

Алып келген базардан күміс құмған,

Дариядан өтеді көзін жұмған, сәулем-ай.


320

321


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қыл өтпестей арадан тату едік,

Қастық қылған біздерге қай антұрған, 

    сәулем-ай.



Қайырмасы.

570. СӘУЛЕМ-АЙ

(5-нұсқа)

Олай да өттің аулымнан, бұлай да өттің, ахау,

Олай-бұлай өткенде келмей кеттің, сәулем-ай.

Айрылмаймын дейтұғын сертің қайда, ахау,

Не себептен сертіңе жетпей кеттің, сәулем-ай.

Қайырмасы:

Ахау, айдай, қаламқас,

Қара мақпал, қолаң шаш.

Ақ жүзіңді көргенде,

Дидарыңа болдым мас.

571. СӘУЛЕМ-АЙ

(6-нұсқа)

Ай болмаса аспанда адасады,

Көтермесе көңілді, кір басады, сәулем-ай.

Жақсылардың кеудесі алтын сандық,

Кілт болмаса, сандықты кім ашады, сәулем-ай.

Қайырмасы:

Саядағы бал қурай,

Сайра, сәулем, құрбым-ай.

Жатсам, ұйқым келмейді,

Елестеген құрғыр-ай.

21-0262


322

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Аулым менің сұрасаң бел тұрғанда,

Орамалың желпілдер жел тұрғанда, сәулем-ай,

Көзіме ешкім, қалқатай, көрінбейді,

Қарсы алдымда күлім көз сен тұрғанда, сәулем-ай.



Қайырмасы.

572. СӘУЛЕМ-АЙ

(7-нұсқа)

Айналайын көзіңнен жайнап тұрған-ей,

Бұлбұл құстай өлеңге сайрап тұрған, сәулем-ай.

Ер жігітте жалғанда арман болмас-ей,

Бір өзіңмен бұралтып ойнап тұрған, сәулем-ай.

Қайырмасы:

Сұлу едің елдегі,

Аққу едің көлдегі.

Лажым бар ма қайтейін,

Маған көңіл бермеді.

573. СӘУЛЕМ-АЙ

(8-нұсқа)

Қара таудың басынан көш келеді-әй, угай,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Сәулем, айдай сәулем-ай.

Шын туыстан айрылған қиын екен-әй, угай,

Екі көзден мөлдіреп жас келеді.

Сәулем, айдай сәулем-ай.

Ұшып жүрген аспанда ақ сауысқан-әй, угай,

Жыл он екі ай болғанда, ай ауысқан.

Сәулем, айдай сәулем-ай.



322

323


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Оралыңның барында күл де ойна-әй, угай,

Бұл жалғанның қызығын кім тауысқан.

Сәулем, айдай сәулем-ай.



574. СӘУЛЕМ-АЙ

(9-нұсқа)

Арғымақтан ат жақсы шабыс болса,

Ағайыннан жат жақсы таныс болса, сәулем-ай.

Досың күліп, дұшпаның табалайды,

Бір нәрседен аяғың шалыс болса, сәулем-ай.

Аяғыма кигенім кебіс еді,

Жылқы ішінде қос күрең тебіседі, сәулем-ай.

Ауылың алыс кеткенде, ей, қарағым,

Не деп қоссам өлеңге, келіседі, сәулем-ай.

575. СӘУЛЕМ-АЙ

(10-нұсқа)

Аулым көшіп барады бел тұрғанда,

Биік ағаш солқылдар, сәулем-ай, 

   жел 


тұрғанда-ай.

Күн мен айын өзгенің не қылайын,

Тал шыбықтай бұралып, сәулем-ай, 

   сен 


тұрғанда-ай.

576. СӘУЛЕМ-АЙ

(11-нұсқа)

Сөйлеп-сөйлеп тастайын сөз келген соң,

Сөйлесін деп Тәңірім сөз берген соң.

Мұнда айтпаған өлеңді қайда айтамыз,

Өңшең бағлан жиналып кез келген соң.


324

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы:

Атлас көйлек ноқталы-ай,

Қалқам көңілі жоғары-ай.

Әдейі іздеп келгенде,

Есіңе алсаң, болғаны-ай.

Айтқан жақсы өлеңді білген құлға,

Ақ теңгесін кім берер қара пұлға.

Ата-анасын сыйлаған адал ұлға,

Төңіректің төрт бұрышы болар тұлға.

Қайырмасы.

577. СЕН АҚ ҚОЯН ҚОРЫМДАҒЫ

Қалқатай, сен ақ қоян-ей қорымдағы-ей,

Қайтейін кезікпесем-ай сорымдағы-ай.

Бергенде өзің көңіл-ей, қалқатай-ей,

Болайын мен де құрбан-ей жолыңдағы-ай.

Қайырмасы:

Сен ақ қоян секектеген,

Ойымда бар ма менің-ау

Кетед деген-ай.

Ақ қоян есік алды секеңдеген,

Артынан мен қаршыға жетем деген.

Ойымда үш ұйықтасам бар ма менің,

Айрылып қалқатайдан кетем деген.



Қайырмасы.

324

325


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

578. СОЛҚЫЛДАР, СОҚСА ЖЕЛ

Қызыл-қызыл таулардың қиясы бар,

Қиясы бар жерлердің миясы бар.

Қайырмасы:

Ақ саусақ, қыпша бел,

Солқылдар, соқса жел.

Ерінбей-ау өлеңді айтар едім,

Алпыс пенен жетпістің ұяты бар.

Қайырмасы.

Айналайын қарағым, айнам жақсы,

Залалыңды тигізбе, пайдаң жақсы.

Қайырмасы.

Бір сөз айтсаң жаманға, қорс етеді,

Қорғасындай балқыған қайран жақсы.

Қайырмасы.

579. СУ ІШІНДЕ МЕТРЕ

Бай да өткен, қара да өткен, жарлы да өткен,

Жас бала, кемпір мен шал—бәрі де өткен-ай.

Балалар, тіршілікте күліп-ойна.

Өлмесе ата-бабаң, қайда кеткен-ай.

Қайырмасы:

Су ішінде метре,

Шыға алмайды шетіне.


326

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Осындайда, үй-үй, ойнап-күл,

Өткен іске-ей өкінбе.

Ақ үйдің ат байладым кермесіне,

Пәнденің кім таласар бермесіне-ай.

Балалар, тіршілікте күл де ойна,

Мен кепіл өткен жалған келмесіне-ай.



Қайырмасы.

580. СУСАРЫ ҮЙРЕК

Өлең сайлап, ендеше, өлең сайлап,

Жаңбыр жауса, бетеге өсер қаулап.

Қайырмасы:

Ей, аршын төс,

Алма мойын, кекілді,

Сусары үйрек секілді.

Бөгде көзден жасқанып қапы қалма,

Кім бар дейсің жас кезде сөзден аулақ.



Қайырмасы.

Алып келген базардан темір шелек,

Ойнағаның, күлгенің елден бөлек.

Қайырмасы.

Алыс ауылың кеткенде, қимас қалқам,

Айналайын көзіңнен дөп-дөңгелек.

Қайырмасы.


326

327


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

581. СҰЛУ БАНУ

Екі ішекті домбырам қолға алайын,

Қоңырлатып азырақ ән салайын.

Көлден ұшқан аққудай секілденіп,

Жер бауырлап азырақ жорғалайын.

Қайырмасы:

Өлеңді мен айтайын,

Сұлу Бану, шәмшит Бану,

Ләйлім жалған өтті дәурен.



582. СҰЛУ ҚЫЗДЫҢ СЫНЫ

Баға жетпес жақсыға бір гауһар тас-ей,

Он алты-он жетіге келгенде жас күнім-ау.

Қайырмасы:

Күнде базар елім-ай,

Шаттық көңіл жерім-ай.

Пісіп тұрған жәнаттың алмасындай-ей,

Алма мойын, ай жүзді, қиылған қас, күнім-ау.

Қайырмасы.

Бір сұлу бар жапанда шынарланған-ей,

Жанның бәрі сол қызға құмарланған, күнім-ау.

Қайырмасы.

Сол сұлудың сипаты тілден келмес-ей,

Әсем тағып, мойнына тұмарланған, күнім-ау.

Қайырмасы.


328

ӘН-ӨЛЕҢДЕР




1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал