МҰра ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес ċ ģ ė Ē ĝı Ĝ ĝē 100 ÎÌ 4



жүктеу 1.84 Mb.
Pdf просмотр
бет13/19
Дата11.01.2017
өлшемі1.84 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19

499. МАЙДА ҚОҢЫР

Ұшып жүрген әуеде ақ сауысқан,

Жыл он екі болғанда, ай ауысқан.

Қайырмасы:

Майда қоңыр көңіл жай,

Ай-дой,

Сыңғырлаған күлкіңді-ай!



Оралыңның барында ойна да күл,

Тіршіліктің қызығын кім тауысқан.



Қайырмасы.

Күн жауарда көк аспан бұлттайды,

Алыс жүрсе, ағайын суықтайды.

Қайырмасы.

Бір күн жолдас болғанда қырық күн сәлем,

Шын досын ер азамат ұмытпайды.

500. МАЙДА МАМЫР

Келмейді мінсем түскім қызған аттан,

Әлі де дәмелімін перизаттан.


282

283


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Кездесіп сол қалқамен сөз сөйлесем,

Ішкендей сусын қанар зәуқыйраттан.

Алыстан дүбірің шықты тұлпардайын,

Жақыннан иісің шықты жұпардайын.

Сіз болып қызыл түлкі қырдан шықса,

Ілермін қан шығармай сұңқардайын.

Ай-ай.


501. МАРҒҰЛАН

Қыран бүркіт ұшады қыр айналып-ей,

Дариядан су ағады ылайланып.

 Марғұлан-ай,

 

Зарығып сізді салған ән-ай.



Осындайда балалар ойна да күл-ай,

Кім бар, кім жоқ келгенше жыл айналып.

 Марғұлан-ай,

 

Зарығып сізді салған ән-ай.



Ұшып жүрген әуеде ақ сауысқан-әй,

Жыл он екі болғанда, ай ауысқан,

 Марғұлан-ай,

 

Зарығып сізді салған ән-ай.



Осындайда, балалар, ойна да күл-ай,

Бұл жалғанның қызығын кім тауысқан.

 Марғұлан-ай,

 

Зарығып сізді салған ән-ай.



502. МАРҚАКӨЛ

Сұр шоқы, бөлек төбе, қызыл жартас,

Жатады мекен етіп мал менен бас.


284

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Алысқа сапар шегіп біз барамыз,

Талап қып әр нәрседен өрімдей жас.



Қайырмасы:

Ей, Алқакөл,

Қайран Алтай, Марқакөл,

Қалды-ау кейін қайран ел.

Әуелі хат жазайын анамызға,

Әлпештеп мені өсірген панамызға.

Міндетті абыроймен атқарған соң,

Ауылға аман-есен барамыз ба?



503. МӘТӘРИ САБАЗ-АЙ

Алып келген базардан асыл айна,

Қайғы ойласа, көңілің жасымай ма.

Қайырмасы:

Осылай, өтеді заман-ай,

Мәтәри сабаз-ай.

Құрбыңменен әзілің жарасқанда,

Дариядай көңілің тасымай ма.

Дүние біраз күндік мекен екен,

Тастап та күні біткен кетеді екен.

Қайырмасы.

Қалайық тіршілікте күліп-ойнап,

Бұл дәурен бәрімізден кетеді екен.

Қайырмасы.


284

285


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

504. МЕКЕН-АЙ

Ауылымның қонғаны үлкен қырат-ей,

Екі жағы Ертістің малға суат, хәулім-ай.

Ауылың алыс кеткенде, беу, қарағым-ай,

Осы әнімді сала жүр дәтке қуат, хәулім-ай.

Қайырмасы:

Хәулімләйдің мекені-ай,

Мекен алыс екен-ай.

Аттандырып, қош деген,

Ол да мерей екен-ай.

505. МИНӘШ

Көйлегің көлбеңдейді кең болған соң-ай,

Ойнайды екі асыл зат тең болған соң, үй, үй.

Тәк Минәш, еркем-ай,

Асылға шапса қылыш, өте ме-ай.

Сырымды саған айтпай кімге айтайын,

Көзіме көрінгенім сен болған соң, үй, үй.

Тәк Минәш, еркем-ай,

Асылға шапса қылыш, өте ме-ай.

Көшкенде жылқы айдаймын Ақтабанмен-ай,

Болмайды жаман жақсы мақтағанмен-ай, 

 

 



 

 

 



        үй, үй.

Тәк Минәш, еркем-ай,

Алға шапса қылыш, өте ме-ай.

Сүймесе несі қызық екі жастың,

Күйеу боп босағаны аттағанмен, үй, үй.

Тәк Минәш, еркем-ай,

Асылға шапса қылыш, өте ме-ай.


286

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



506. МІНГЕН АТЫМ—ӨЗ АТЫМ

Мінгенім дәйім менің ал қара кер,

Жігіттер екі-екіден-ай, ән сала бер.

Өз атым.


Барында оралыңның ойна да күл,

Жұтады бәрімізді-ай, бұл қара жер.

Өз атым.

Қайырмасы:

Мінген атым—өз атым,

Сүйіп мінер боз атым.

Тиірменнің тасындай

Қызыл тілім озатын.

507. НҰҒИ-АЙ

Ауылым қонды Алтайдың күн бетіне-ей,

Жазу жаздым ақ қағаз бір шетіне-ой.

Қайырмасы:

Нұғи-ай, Нұғи-ай,

Әншіл Зүбила-ай,

Угай, Ғазиза-ай.

Бүгін айтпай өлеңді қайда айтамыз-ай,

Осы отырған үлкендер құрметіне-ой.



Қайырмасы.

Есік алды қара су қайраңдаған-ай,

Бастан дәулет-бақ қайтса, ойланбаған-ай.

Қайырмасы.


286

287


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

508. НҮРИЯ-АЙ

Өлеңді айт дегенде-ау, жөнелейін,

Несіне бейпіл сөзден-ау бөгелейін,

Нүрия-ай.

Отыр ғой өлең айт деп-ау ағаларым,

Тасындай диірменнің-ай дөңгелейін,

Нүрия-ай.

Дүние дүниеден-ау, дүние жалған,

Күлмеген, ойнамаған-ау қалып қалған,

Нүрия-ай.

Барында тіршіліктің-ау ойна да күл,

Өтеді бәрімізден-ау мына жалған,

Нүрия-ай.

509. О, ҒАЛИЯ

Бір қамшым бар қолымда ат қамшылар,

Ал күреңнің бетінен қан тамшылар, әләйлім.

 

О, Ғалия, ғашық жар, қан тамшылар-ай.



Сіз көйлекшең болғанда, біз жейдешең,

Жақындасып келгенде не жан шыдар, әләйлім.

 

О, Ғалия, ғашық жар, не жан шыдар-ай.



Бір қамшым бар қолымда алтындаған,

Ұстай алмай кей жаман қалтылдаған.

 

О, Ғалия, ғашық жар, қалтылдаған-ай.



Алыс ауылым кеткенде екі-ай, қалқам,

Айналайын көзіңнен жалтылдаған, әләйлім.

 

О, Ғалия, ғашық жар, жалтылдаған-ай.



288

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



510. ОЙ, АСЫЛ БЕКЗАТ

Келдің қайдан-ай, сәулем-ей, келдің қайдан-ай,

Алма мойын ала үйрек ұшар сайдан-ай.

Қайырмасы:

Ей, асыл, бекзат құрбышым-ай,

Аман да есен жүрмісің-ей.

Жаз құсындай, ей, қос бұрым, айқасалық-ей,

Мен қоңыр қаз алдыңнан қанат жайған-ай.

Қайырмасы.

Қыран бүркіт ұшады қиялауға,

Шешен жігіт сөйлейді қия дауда.

Қайырмасы.

Түлеп ұшқан Алтайдан сұңқар едім,

Қай жеріне қонайын ұялауға.

Қайырмасы.

511. ОЙ, АСЫЛ-АЙ

Қудым сені дүние он жасымнан-ай,

Денем ауыр тартады қорғасыннан.

 

Ой, асыл-ай,



 

Арманда едім қосылмай.

Су төгілмес үстінен майда қоңыр-ай,

Қартайған соң танбай ма жорғасынан.

 

Ой, асыл-ай,



 

Арманда едім қосылмай.



288

289


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

512. ОЙ, БҰРАҢ БЕЛ-АЙ

Айналайын-ай көзіңнің, ей, қарасынан-ой,

Хат жазайын-ай қасыңның арасынан-ай.

 

 



 

Ой, бұраң бел-ай.

Дүрия мешпет-ай үстіңнен шешіп берген-ой,

Айналайын-ай қолыңның саласынан-ай.

 

 

 



Ой, бұраң бел-ай.

513. ОЙ, ЕЙ-АУ

Мінгенім дәйім менің Сусылсары,

Сусылдар шапқан сайын, ой, аттың жалы-ей-ай.

Кеткенде аулың алыс екі-ай, қалқам,

Болмайды бір өзіңдей, ой, жанның бәрі-ей, ай. 

514. ОЙ, ЖАН СӘУЛЕМ

Қаршығаң қыран болса, тырна алады-ау,

Жел соқса, қамыс басы ырғалады-ау,

Ой, жан сәулем, ырғалады-ай-ау!

Бұрынғы өткендерден қалған бір сөз-ау,

Базардан байдың қызы сырға алады-ау,

Ой, жан сәулем, сырға алады-ай-ау!

Сырғалы бойжеткеннің біреуі сен-ау,

Өзіңнен қандай жастар құр қалады-ау,

Ой, жан сәулем, құр қалады-ай-ау!

Өзіңді ат арылтып іздеп келіп-ау,

Отырмын бенітіңді ырғағалы-ау,

Ой, жан сәулем, ырғағалы-ай-ау!

19-0262


290

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Алыстан әдейі іздеп келгенімде-ау,

Өзіңдей тауып алдым бір баланы-ау,

Ой, жан сәулем, бір баланы-ай-ау!

515. ОЙ, ЖАНЫМ-АЙ

Бұлт астынан күн батар қырдан асып,

Гүл жайнаған өмірге болдым ғашық, 

 

 



 

 

            ой, жаным-ай.



Жастық дәурен барады-ау бастан өтіп,

Аз ғана күн жүрейік қолтықтасып, ой, жаным,

 

 

 



Әзіліңді қой, жаным-ай.

Қайырмасы: 

Ой, жаным,

Тойладым.

Қызығына-ау жалғанның

Тоймадым-ау.

Терең судың бетінде балық жүрер,

Құдай берген нәсібін теріп жүрер, ой, жаным-ай.

Жақсылармен ойнасаң, шаттанарсың,

Жамандардан көңілің қалып жүрер, ой, жаным,

 

 



 

Әзіліңді қой, жаным-ай.



Қайырмасы.

516. ОЙ, ҚАЙША-АЙ

Атым шыққан Бүркітбай батыр едім,

Шырт ұйқының ішінде жатыр едім, 

 

 



 

 

     ой, Қайша-ай.



Келіп қалды жолдастар дүбірлетіп,

Соларменен ілесіп тентіредім, ой, Қайша-ай.



290

291


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қайырмасы:

Самарқанда сандал бар,

Сандал ағаш қайда бар.

Қара көз, қалқам, қайтейін,

Жолың болсын, барсаң бар.

517. ОЙ, ҚАЛҚА

Қарасу қайнатқанмен іркіт болмас,

Білімді жүректегі, ой, қалқа, іркіп болмас-ау.

Мысалы, әр нәрсенің сол сияқты,

Қарақұс қайырғанмен, ой, қалқа, 

 

 



 

 

   бүркіт болмас-ау.



Ән салсаң, өзімдей сал баяулатып,

Ер жігіт мал табады жаяулатып.

Астынан алты қырдың ән шырқасаң,

Шыдайды дәтің қайтіп, ояу жатып.



518. ОЙ, ҚАРАҒАЙ

Дүние, өтеріңде сынаптайсың-ай,

Таулардан жылжып аққан бұлақтайсың.

Қайырмасы:

Ой, қарағай, 

Шауып өткен марал-ай,

Кәрілік келді-ау жағалай,

Жастық өтіп барады-ай.

Басынан талай ердің аттай теуіп-ай,

Сұм жалған, қайда барып тұрақтайсың.

Қайырмасы.


292

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Дүние, қудым сені жалықпай-ақ-ау,

Судағы ұстатпайсың балықтай-ақ.



Қайырмасы.

Біреуге мал мен бақыт қатар беріп-ау,

Біреуді қойдың, Құдай, жарытпай-ақ.

Қайырмасы.

519. ОЙ, ҚҰРБЫМ, ОЙ СӘУЛЕМ

Айналайын көзіңнен, ей, бұлбұлым-ай,

Тас бастаудың суындай, ой, құрбым, ой, сәулем,

    мөлдірім-ай-ау.

Көрмегелі жүзіңді-ей көп күн болды-ай,

Аман-есен жүрмісің, ой, құрбым, ой, сәулем,

    білгірім-ай-ау.

Айналайын қарағым, ей, жүрсің бе аман,

Өзім көрген аман ба, ой, құрбым, ой, сәулем,

    бала-шағаң-ай.

Көрмегелі жүзіңді-ей көп күн болды-ай,

Сәлем жолдап жүруші ем, ой, құрбым, ой, сәулем,

    мен 

де 


саған-ай.

520. ОЙ, СӘУЛЕМ-АЙ

Тоқым салдым жарасар тел күреңге-ай,

Сіз кеткен соң телмірдім-ай мен біреуге,

    Ой, 


сәулем-ай.

Сағынғаннан төрт болып екі көзім-ай,

Қарайғанға қадалып-ай телміруде,

 

   Ой, 



сәулем-ай.

292

293


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қайырмасы:

Жаңбыр жауар себелеп,

Гүлге қонар көбелек.

Жас күніңде ойна да күл-ай,

Бұдан басқа не керек-ай.

Айналайын, қарағым, алтыным-ай-ау,

Ақ жүзіңді көргенде-ау балқыдым-ай,

    Ой, 


сәулем-ай.

Көрмегелі көп айдың жүзі болды-ау,

Есен-аман жүрмісің-ау, жарқыным-ай,

    Ой, 


сәулем-ай.

Қайырмасы.

Елдік деймін, ендеше, елдік деймін-ау,

Сұлу қызға жарасар белдік деймін,

    Ой, 


сәулем-ай.

Қайырмасы:

Тауда жүрер кекілік,

Тастан тасқа секіріп.

Жас күніңде ойна да күл,

Кейін жүрме өкініп-ай.



521. ОЙ, ХОЙ-ХОЙ

Қыздың аты қыз емес, қызыл алма, ой-хой-хой,

Жігіт таңдап жүрмін деп босқа қалма.

Қайырмасы:

Еһеһай,


Әри-әри-әрине,

Әнім солай еһ-уай.



294

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Жігіттердің айласы осал емес, қыздар-ай,

Болжаусыздан біреуге босқа барма.



Қайырмасы.

Қыз емес, қыздың аты—қызыл қыршын,

Ойнаған қызықтырып ойның құрсын.

Қайырмасы.

Жеріңді жататұғын анық айтпай,

Қойдың ғой сипалатып теңнің бұршын.

Қайырмасы.

522. ОЙГИГАЙ, СӘУЛЕМ-АЙ

Мен жерімді мақтауға әнім дайын-ей,

Қызу еңбек қайнаған күн-күн сайын.

Қайырмасы:

Ойгигай, сәулем-ай,

Қонса жақсы аулың-ай.

Тал-терегі мәуелеп бір-бір сайдың-ей,

Өң береді өлкеге қызыл қайың.

Қайырмасы:

Ойгигай, сәулем-ай,

Мұнда отырған аулың-ай.


294

295


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

523. ОЙЛАНШЫ ӨЗІҢ

Жан сәулем, дүние өтеді-ау,

Қолынан оймақсыздың ине өтеді,

 

 



екеуің, ойланшы өзің.

Барында оралыңның-ау ойна да күл-ау,

Түбінде бұл жалғанның кім жетеді,

 

 



екеуің, ойланшы өзің.

Мінгенім дәйім менің Аққаракер,

Беліме буынғаным оқалы зер,

 

 



екеуің, ойланшы өзің.

Барыңда оралыңның ойна да күл,

Жалмайды бәрімізді сұм қара жер,

 

 



екеуің, ойланшы өзің.

524. ОЙПЫРЫМ-АЙ

Алып келген базардан-ай асыл айна,

Қайғы ойласа көңілің, ойпырма-ай, жеңгей-ау,

Жасымай ма, айдай.

Жеңгеңменен әзілің-ай, жарасқанда,

Дариядай көңілің, ойпырым-ай, жеңгей-ау,

Тасымай ма, айдай.

Көрінеді ақ тісің-ай, маржан тісің,

Сендей сұлу болсашы, ойпырым-ай, жеңгей-ау,

Сүйген кісім, айдай.

Ақ жеңеше, сүйкеніп-ай өте шықсаң,

Отта тұрған қазандай, ойпырым-ай, жеңгей-ау,

Қайнайды ішім, айдай.


296

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



525. ОЙПЫРМАЙ, ЖЕҢГЕЙ-АУ

Тауға шығып байқайық, ей, жер биігін,

Мінер ме еді орыстың, ойпырым-ай, жеңгей-ау,

    сұр 


киігін 

айдай-ау.

Қосар болсаң, құдаяу-ей, жақсымен қос,

Тарттырмашы жаманның, ойпырым-ай, жеңгей-ау,

 

 

 



            тірі күйігін айдай-ау.

526. ОЙХОЙ, ЖАНЫМ

Көрінген көтеріңкі-ау биік аспан,

Әлемге ай менен күн, ей, ахау, нұрын шашқан,

 

 



 

       охой, жаным, охохой.

Құр етпес тірі еткенді-ау деген Алла,

Жан берген күліп-ойна деп, ей, ахау, әуел бастан,

 

 

 



        охой, жаным, охохой.

Қайырмасы:

Ей,


Ахау, бүрлен,

Кісіде арман болмас,

Ей, ахау, сізбен жүрген,

Охой, жаным, охохой.

Қарағым айналайын, оу, қыри қабақ,

Сен едің суға жүзген, ей, ахау, алтын шабақ,

 

 

 



        охой, жаным, охохой.

Салсам да күміс қармақ, оу, ілінбейсің,

Қайтейін қылығыңды, ей, ахау, беу, ақтамақ,

 

 



 

        охой, жаным, охохой.



Қайырмасы.

296

297


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

527. ОҚАЛЫ ҚЫЗ

Дүние баяны жоқ, бұл бір жалған-ау,

Бұл дәурен бұраңдаған, бізге қалған-ай, 

     қалқа-ау.

Оқалы қыз, қыр мұрын,

Болады екен таныс кім бұрын?

Барында тіршіліктің күл де ойна-ай,

Тимейді еркін қолға, көңіл қалған-ай, қалқа-ау.

Оқалы қыз, қыр мұрын,

Болады екен таныс, кім бұрын?



528. ОСЫЛАЙ ЖАМАҒАТЫМ-АЙ

Мінгенім астымдағы ұзын құла ат-ей,

Қобданың екі жағы малға суат-ай,

 

 



осылай жамағатым-ай.

Кеткенде аулың алыс, жерің шалғай-ей,

Сала жүр осы әніме дәтке қуат-ай,

 

 



осылай жамағатым-ай.

Қайырмасы:

Ақ күмбез аулым бар-ай,

Ақ жарқын бауырым бар-ай.

Шыныққан шын жүйріктей,

Қауымым бар-ай,

Осылай жамағатым-ай.



529. ОСЫЛАЙ ЗАМАН, ОСЫЛАЙ

Айт дегенде өлеңді-ей іркілмеймін-ау,

Жақсы көрген адамды «шіркін» деймін-ау.

 

 



Осылай заман, осылай-ау.

298

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Көпшіліктің алдында-ей ән салғанда-ау,

Жолға түскен жорғадай бүлкілдеймін-ау,

 

 

Осылай заман, осылай-ау.



Мадақтайын, мадақтайын-ей сөңкіл көлім-ау,

Он жасымнан ойын сап өскен жерім-ау,

 

 

Осылай заман, осылай-ау.



Бір аз ғана жырлайын-ей салтанатты-ау,

Бақыт қонған дәл бүгін құтты елім-ау,

 

 

Осылай заман, осылай-ау.



530. ӨГЕМ БІР ЕЛДІҢ ЖАЙЛАУЫ

Әнге қосам жерімнің ақ бұлағын,

Жел тербеген әдемі бал құрағын.

Қайырмасы:

Өгем бір елдің жайлауы,

Сөзіңнің бар ма байлауы.

Айналайын атыңнан, туған елім,

Сен дегенде жүрегім жарылады.

Қайырмасы.

Жаз жайлауда болады жайын семіз,

Қайырады күйісін малың семіз.

Қайырмасы.

Тау самалы жаныңды жадыратып,

Таң сәріде соғады салқын лебі.

Қайырмасы.


298

299


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

531. ӨТЕДІ ЖАСТЫҚ ӨМІР-АЙ

Айт дегенде өлеңді-ай жөнелейін,

Бейпіл сөзден мен неге, шіркін-ай, бөгелейін-ай.

Өлеңді айт деп үлкендер-ай бұйырған соң,

Диірменнің тасындай, о, шіркін, дөңгелейін-ай.

Қайырмасы:

Ұста бір соққан темірді-ай,

Жаққан оған көмірді-ай.

Сарғышта тартқан жапырақ,

Өтеді жастық өмірде-ай.

532. ӨТЕДІ-АУ ПӘНИ АМАЛ ЖОҚ

Дүние, ойлап тұрсам, олақ екен,

Бәйтерек, басын кессе, шолақ екен.

Қайырмасы:

Өтеді-ау пәни амал жоқ.

Отыз бес, жиырма бес, қайран он бес,

Үшеуі үш күн қонған қонақ екен.



Қайырмасы.

Жастық шақ басымыздан барады өтіп,

Өткіздік дүниені сайран етіп.

Қайырмасы.

Кәрілік жеңіп барады енді бізді,

Жүруші ек жастық шақта екпіндетіп.

Қайырмасы.


300

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



533. ӨТТІ-АУ ДҮНИЕ ЗАМАНЫМ

Үйір болдық жел сөзге жасымыздан,

Жақсы болсаң кім кетер қасымыздан.

Құмға айдаған жылқының мұнарындай,

Өтіп кетті дүние басымыздан.

Қайырмасы:

Өтті көбі жалғанның,

Жерге тимес табаның.

Ырғалақтай ырғалған,

Өтті-ау, дүние-ай, заманым.

Аққу ұшып барады қасымыздан,

Өмір өтіп барады басымыздан.

Бас қосқанда, көпшілік, ойна да күл,

Қартайған соң келмейді жастық қайтып.

Қайырмасы.

534. ПАЙ-ПАЙ

(1-нұсқа)

Әуеде ұшып жүрген, пай-пай, көк кекілік,

Үзді ғой шідерімді, пай-пай, ат секіріп, айхай.

Кеткенде аулың шалғай, пай-пай, 

    қимас 

қалқам-оу,

Қалдым ғой арт жағында, пай-пай, 

    қатты 

өкініп, 

айхай.


Қайырмасы:

Сары-ай керім, сандал көгім,

Әншейін айта салған, пай-пай,

Қалжың сөзім, айхай.



300

301


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Ұшады көк ала үйрек, пай-пай, көл дегенде, 

     айхай,

Бал татыр сілекейің, пай-пай, шөлдегенде, 

     айхай.

Кеткенде ауылым шалғай, пай-пай,

     қалқатайым,

Құриды ынтызарым, пай-пай, сен дегенде, 

     айхай.

Қайырмасы.

535. ПАЙ-ПАЙ

(2-нұсқа)

Алдында есігімнің, пай-пай, жусан ба екен,

Белімді тал жібекпен, пай-пай, бусам ба екен, 

     айхай.

Жиырма бес, қайран он бес, пай-пай, 

     өттің-кеттің,

Артыңнан қос ат алып, пай-пай, қусам ба екен,

      


айхай.

Қайырмасы:

Сары-ай белім,

Сандал керім,

Немене ойнап-күлмей, пай-пай,

Жүргендерің, айхай.

Ей, қалқа, сен деп едім, пай-пай, сен деп едім,

Көңілімді шын сүймесем, пай-пай, бермес едім,

     айхай.

Секілді көл жағалай, пай-пай, құс аңдыған,

Бұл жерге сен болмасаң, пай-пай, келмес едім,  

 

    айхай.



Қайырмасы.

302

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



536. ПАЙ-ПАЙ

(3-нұсқа)

Мінгенім топтан таңдап боз көк ала,

Сала алмас біздің әнге, пай-пай өзге бала, ай-хай.

Арадан қыл өтпейтін қимас қалқа,

Барамын аулыңа, пай-пай, сізге бола-ай-хай.

Қайырмасы:

Ей, екі-ай құла, жалын сыла,

Өкінбе өткен іске, пай-пай,

Қайрын сұра, ай-хай.

Қалқатай, сен дегенде ойым бөлек,

Өлеңге он жасымнан, пай-пай, 

   болдым 

зерек-ай-хай.

Ойымнан жатсам-тұрсам бір шықпайсың,

Көзіңнен айналайын, пай-пай, 

   дөп-дөңгелек-ай, 

хай.


Екі-ай жирен, жалын түйген,

Сен едің сері қалқам, пай-пай,

Жаным сүйген, ай-хай.

Сары әйнегім, сандал көгім,

Немене сен жоқ жерде, пай-пай,

Көрген күнім, ай-хай.



537. ПАЙ-ПАЙ

(4-нұсқа)

Біржан әнге салады буын-буын,

Он жасымнан көтердім қыздың туын.

Жая менен жамбасты жемес Біржан,

Енді тауып іше алмай арпа суын.


302

303


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қайырмасы:

Пай-пай-пай-пай-пай-пай-пай-пай-пай-пай.

Апарғаным базарға егіз тауық,

Міне алмадым байлардан семіз тауып.

Жорға менен жүйрікті мінбес басым,

Қоңыр шолақ міндім-ау өгіз тауып.



Қайырмасы.

538. ПАЙ-ПАЙ-ПАЙ

Сарыалаға мінгеннен-ау салдым өрге,

Өй, өй, өй, өй, өй!

Сай өрлеген шығады-ау сары белге,

 Пай-пай-пай-пай!

 

Па-па-па-пи, пай-пай-пай-пай!



Сенен бұрын баратын атым семіз,

Өй, өй, өй, өй, өй!

Барсаң сәлем айта бар ондағы елге,

 Пай-пай-пай-пай!

 

Па-па-па-пи, пай-пай-пай-пай!



539. ПАРҒАНА

Қыз бой жетсе, бұралып, толады екен,

Қынама бел кигені болады екен.

Қызық жастық мезгілден өтіп кетсе,

Зағпырандай сарғайып, солады екен.

Қайырмасы:

Пияла есік, жез топса,

Ашылар, жабылар жел соқса.


304

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Осынау әнге салғанда,

Сол Парғана қыз шықса.

Бір айтарым онан соң құла мойын,

Қыз алдында қу жігіт қылады ойын.

Қыз да оған қылымсып, бұраң қағып,

Назданады бұралтып тұла бойын.



Қайырмасы:

Алтын сақа салмақтай,

Қаралғысы бармақтай.

Айтар сөзім көп еді,

Жолықпадық аулақта-ай.


Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 1.84 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет