МҰра ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес ċ ģ ė Ē ĝı Ĝ ĝē 100 ÎÌ 4



жүктеу 1.84 Mb.

бет12/19
Дата11.01.2017
өлшемі1.84 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

457. ҚОС БАЛА

Желісіне жел жетпес киігім-ай,

Ай жүзіне қол жетпес биігім-ай.

Қайырмасы:

Қос бала теңгелі-ай,

Ән салайық, кел бері-ай.

Бір жаманға қор болып кете ме деп,

Қу ішімнің өртеніп күюін-ай.

Қайырмасы.


260

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



458. ҚОС БҰРАҢ БЕЛ

Егіндей боп ендеше, егіндей боп,

Жаңа шыққан егіннің көгіндей боп,

 

 



 

қос бұраң бел.

Алыс аулың кеткенде қос бұраң бел,

Кім көрінер көзіме өзіңдей боп,

 

 

 



қос бұраң бел.

Қаршығаның ұясы қарағайда,

Бөктергінің ұясы жадағайда,

 

 



 

қос бұраң бел.

Бағаласам, бағаңа жан жетпейді,

Артық туған өзіңдей бала қайда,

 

 

 



қос бұраң бел.

459. ҚОС КЕЛІНШЕК

Қырандай ем қайрылып, ей, баулымаған,

Қандай жанның көңілі ауды маған.

Қайырмасы:

Қос келіншек,

Және айналып, жанай кел.

Егіз киік секілді-ей, екеуім-ай,

Айналайын көзіңнен жаудыраған.

Қайырмасы.

460. ҚОС КҮРЕҢ

(1-нұсқа)

Көзіңнен айналайын, қарағым-ай,

Қараймын ұрса ма деп қабағыңа-йау.


260

261


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қайырмасы:

Қос күрең қалқа,

Күнде ойна осындайда-ай.

Елжіреп іші бауырым бара жатыр-ай,

Көрінген сағымдай боп тамағыңа-йау.

Қайырмасы.

461. ҚОС КҮРЕҢ

(2-нұсқа)

Берейін сөйлеп-сөйлеп, сөйле десең,

Болады ішім қапас сөйлемесем-е-ау.

Жел сөздің Құдай берген арқасында,

Серкедей қой бастаған болдым көсем-е-ау.

Қайырмасы:

Қос күрең ауыл қайда,

Кез болдық осындайда-е-ау.

Жігітке қандай жақсы-ау өлең деген,

Құлағым өлең десе елеңдеген-е-ау.

Жел сөзді аяйды ғой кейбір адам,

Ішіне сақтап қалар жөн білмеген-е-ау.

Қайырмасы.

462. ҚОС КҮРЕҢ ТЕҢГЕЛІ-АЙ

Аяғыма кигенім кебіс еді,

Жылқы ішінде қос күрең тебіседі.


262

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы:

Ей, қос күрең теңгелі-ай,

Ән салайық кел бері-ай.

Шытыра көйлек сылқылдақ,

Сал өзімдей былқылдап.

Мұнан бұрын өлеңді айтқаным жоқ,

Не деп айтсам өлеңді келіседі.

Қайырмасы.

463. ҚОС ҚАРА КӨЗ

Дәйім менің мінгенім күрең арда,

Ардаңдатып жүруші ек ақша қарда.

Қаздай қалқып жүруші ек айдын көлде,

Кешегі қалқатайдың ауылы барда.

Қайырмасы:

Қос қара көз айдай,

Өзің де ойлан, аха-хай.

Айтпай болмас өлеңді үйренген соң,

Қылған қайырың сел болар күңіренген соң.

Арпа жеген атдайын аңсайды екен,

Өз құрбыңмен бір жүріп, үйренген соң.

Қайырмасы.

464. ҚОС ПЕРИЗАТ

Айт дегенде өлеңді тоқталар ма, ей,

Шын жүйріктің басында ноқта бар ма,

    Хәйлилиләй.



262

263


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Осындайда айтпасақ біз өлеңді-ей,

Күнде мұндай жиналған той болар ма,

    Хәйлилиләй.



Қайырмасы:

Бірің қайың, бірің тал,

Бірің шекер, бірің бал.

Ұлы тойда кез болғай,

Қос перизат әнге сал.

Ақын өлең айтады, соққан желдей-ей,

Жүрген жері жақсының рулы елдей.

    Хәйлилиләй.

Қанша ойласам ойыма өлең түспес-ей,

Әзілдесер қасыма құрбым келмей,

    Хәйлилиләй.

Қайырмасы.

465. ҚҰБАЖАЙ

(1-нұсқа)

Құбажайға салайын баяулатып,

Мал табады ер жігіт жаяулатып.

Қайырмасы:

Құбажай,


Жеткіз, Тәңірім, арманға-ай.

Алты қырдың астынан ән шырқасам,

Дәтің қайтіп шыдайды ояу жатып.

Қайырмасы.


264

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Құбажайға салайын ширатылып,

Кескен қайың құлайды қиратылып.



Қайырмасы.

Тіршілікте, жігіттер, күл де ойна,

Өтіп жалған барады шұбатылып.

Қайырмасы:

Құбажай,


Қоңыр салқын малға жай.

466. ҚҰБАЖАЙ

(2-нұсқа)

Айт дегенде өлеңді үстеуші едім,

Тоят алмай тотыдай түспеуші едім.

Қайырмасы:

Құбажай,


Кім жетеді арманға-ай.

Теңбіл көктің баласы затым тұлпар,

Тұнық судан таңдамай ішпеуші едім.

Қайырмасы.

Айта берсем өлеңді зырлаушы едім,

Жаман жерге мойнымды бұрмаушы едім.

Қайырмасы.

Теңбіл көктің баласы қаз мойын-ау,

Өлең айтпай тойларда тұрмаушы едім.

Қайырмасы.


264

265


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

467. ҚҰДАША-АУ

(1-нұсқа)

Созғанмен қол жетпейді туған айға,

Қайрылып құрық салдым асау тайға.

Алыстан ат арытып келгенімде,

Көзіңнің қырын салшы біздің жайға.

Қайырмасы:

Ей, құдаша-ау,

Құлпырасың құндыздай,

Жымыңдайсың жұлдыздай.

Қарағым, айналайын, асыл туған,

Үстіне жібек киіп, белін буған.

Бағаңа, бағаласам, жан жетпейді,

Секілді ақ балапан тұйғын қуған.



Қайырмасы.

468. ҚҰДАША-АУ

(2-нұсқа)

Жылқымды айдап салдым шилі өзекке,

Жығылды атым тайып қу тезекке.

Кісінің сыйласқандай баласы едік,

Өлең айт тәуір-тәуір бұл кезекте.

Қайырмасы:

Ей, құдаша-ау,

Құлпырасың тұлпардай,

Сыртың сұлу сұңқардай.



266

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Құдаша, аулың қайда, аулың қайда,

Келіпсіз тамашалап біздің жайға.

Дүние екі айналып қайта келмес,

Қалайық ойнап-күліп осындайда.



Қайырмасы.

469. ҚҰДЕКЕ-АЙ

Мінгенім дәйім менің, ей, күрең дөнен,

Құйрығы күрең дөнен күлтеленген, е-ау.

Кеткенде ауылың шалғай, ей, қимас қалқа,

Көзіңнен айналайын күлімдеген, е-ау.

Құдеке-ай, ауылың қайда-ай,

Кез болдық осы тойда-ай, е-ау.

Мінгенім дәйім менің, ей, құла қасқа,

Қаздырдым қырдан құдық құламасқа, е-ау.

Кеткенде ауылың алыс, ей, қимас қалқа,

Беріп кет орамал шыт жыламасқа, е-ау.

Құдеке-ай, ауылың қайда-ай,

Кез болдық осы тойда-ай, е-ау.

470. ҚҰРАЛАЙ КЕР

Алып келген базардан он бір тақтай,

Сыртың сұлу көрінер арғымақтай-ау.

Бағаласам, бағаңа жан жетпейді,

Жанып тұрған Меккеде шамшырақтай-ау.

Қайырмасы:

Құралай кер,

Ат өксітіп келгенім

Бірталай жер.



266

267


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

471. ҚҰРАЛАЙ КӨЗ

(1-нұсқа)

Бірге өсіп, біте қайнап жүрмесем де,

Сыртыңнан ғашық едім, көрмесем де.

Шынымен көңіліңіз бізде болса,

Жеткізе көр қолымды сермесем де.

Қайырмасы:

Уа, шіркін, құралай көз,

Қалды-ау кейін.

Өкінбе өткен іске

Дегендейін.

Қос қара ат парлап жектім сырлы арбаға,

Аулыңа құмар едім бір бармаға.

Қалқатай, берген уәдең рас болса,

Аударма көңіліңді бөтен жарға.

Қайырмасы.

472. ҚҰРАЛАЙ КӨЗ

(2-нұсқа)

Көшкенде жылқы айдаймын қиқу салып,

Қолыма бір сылқылдақ шыбық алып-ай.

Сенімен бір ойнасам мен ойнаймын,

Мойыныңды бозжорға аттай бұрып алып-ай.

Қайырмасы:

Ал, шіркін, құралай көз, қалды-ау кейін,

Мысалы, дүние жалған дегендейін-ай.


268

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Ұшады көл жағалай, көк көбелек,

Дертімді өшірейін су себелеп.

Түскенде сен есіме, әттең, қалқа,

Жортамын аш бөрідей, тау сағалап.



Қайырмасы.

473. ҚҰРБЫЛАР

Дәйім менің мінгенім, құла қасқа-оу,

Қырдан құдық қаздырдым құламасқа-еу.

Екеу-ай, саған қашан жетем-ай.

Ауылың алыс кеткенде, қимас қалқа-ау,

Орамал-шыт беріп кет, жыламасқа-ей.

Екеу-ай, саған қашан жетем-ай.

Қайырмасы:

Жылқы ішінде ала жүр,

Ұстай алмай бала жүр.

Қайда жүрсең, ей, қалқатай,

Осы әніме сала жүр.

474. ҚҰРБЫЛАС СЫРТЫҢНАН

Қолыма қалам алып, оу, жазамын хат,

Болсам да өзім арзан, сөзім қымбат,

 

 



құрбылас, сыртыңнан.

Өзіңді көрмегелі, оу, көп күн болды,

Жүрсің бе есен-аман, екі асыл зат,

 

 



құрбылас, сыртыңнан.

Қайырмасы:

Ғашық едім былтырдан,

Тамашаңа таң қалып,

Талай құрбың ұмытылған.



268

269


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Мінгенім астымдағы, оу, торыша атым,

Мінеді бос тартпалап орыс атын,

 

 



құрбылас, сыртыңнан.

Өзіңді көріп жүрген, оу, көптен бері,

Барады сенде кетіп қоныс ақым,

 

 



құрбылас, сыртыңнан.

Қайырмасы.

475. ҚҰРБЫМ ЖАЙ

(1-нұсқа)

Тау нұраған, ендеше, тау нұраған-ай,

Таудың тасы, ей, оу, етекке саудыраған.

 

Құрбым жай, қарағай,



 

Қайтсем жақын, япырмай, барам-ай.

Бағаласам-ау, бағаңа жан жетпейді, ахау,

Айналайын-оу, көзіңнен жаудыраған.

 

Құрбым жай, қарағай,



 

Қайтсем жақын, япырмай, барам-ай.



476. ҚҰРБЫМ ЖАЙ

(2-нұсқа)

Емен екен, ендеше, емен екен,

Емен жолын мен көрдім, төмен екен.

 

Құрбым жай, қарағай,



 

Қайтсем жақын-ай, ей, япырмай, барам-ай.

Көмекейің көсілген ақын болсаң,

Нұр тауында сөйлеген немене екен.

 

Құрбым жай, қарағай,



 Қайтсем жақын-ай, ей, япырмай, барам-ай.

270

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Жерде Мәді болғанда, көкте Ғайса,

Балаң халал тұрады неке қиса.

 

Құрбым жай, қарағай,



 

Қайтсем жақын-ай, ей, япырмай, барам-ай.

Сөз соңында айтамын, қалқам, сізге,

Нұр тауында сөйлеген батыр байша.

 

Құрбым жай, қарағай,



 

Қайтсем жақын-ай, ей, япырмай, барам-ай.



477. ҚҰРБЫМ-АЙ

(1-нұсқа)

Ауылым көшіп барады, Ылай көлге,

Дүрия бешпент жарасар, қынай белге-ай.

 

Құрбым-ай, салшы әнге бұлбұл-ай.



Ауылың алыс кеткенде қимас қалқа-ай,

Көздің жасын көл қылып, жылай берме-ай. 

 

Құрбым-ай, салшы әнге бұлбұл-ай.



478. ҚҰРБЫМ-АЙ

(2-нұсқа)

Басында ана таудың қос қараған-ай,

Сол таудан дария шалқып, су тараған-ай, 

     құрбым-ай.

Әнші қыз, жігіт, бәрі сонда-ай,

Япырау, неге келдің сол арадан-ай, құрбым-ай.



Қайырмасы:

Сыпыра қайың, шоқ талдай,

Осы әнге сал, тоқталмай.

Көңілдегі досың болса, шақырып,

Қасыңа ал, құрбым-ай.


270

271


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

479. ҚҰРБЫМ-АЙ

(3-нұсқа)

Ертелі-кеш келсең де, келмесең де, құрбым-ай,

Нағыз жүрек ынтық боп сен дегенде, құрбым-ай.

Кішкенеден бірге өскен сәулем едің, құрбым-ай,

Емін тауып жазсаңшы, құрбым-ай,

Бұл дертімді, құрбым-ай.



Қайырмасы:

Құрбым-ай, бұл дертімді, құрбым-ай.

Сен ар жақта, жан сәулем, мен бер жақта,

Достар күнде ойнайды, тал шарбақта.

Жатсам-тұрсам есімнен бір кетпейсің,

Қосылсам деп сенімен қай уақытта?



Қайырмасы.

480. ҚҰРБЫМ-АЙ

(4-нұсқа)

Ауылым көшіп барады кең жайлауға, 

     құрбым-ай,

Келіп-кетіп жүрсеңші сайрандауға, айдай.

Алыс ауылың кеткенде сағындырма, 

     құрбым-ай,

Асығасың ақырғы сөз байлауға, айдай.

Қайырмасы:

Ей, құрбым-ай,

Салдың әуре басыма-ай.

Сағынамын асыға-ай,

Келші, құрбым, қасыма-ай.


272

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



481. ҚҰРБЫМ-АЙ

(5-нұсқа)

Сен дескендей, құрбым-ай, ахау, мен дескендей-ау,

Жағаласқан болмайды белдескендей, құрбым-ай.

Бір сені ойлап жүрмін-ай.



Қайырмасы:

Суға бір түстік, су іштік,

Неге түстік, неге іштік.

Ойнамасақ, күлмесек,

Неге туып, неге өстік.

Жаман тамда құлаған, ахау, ешкі ойнайды-ау,

Күн батпаймын дегенге кеш қоймайды, 

     құрбым-ай.

Бір сені ойлап жүрмін-ай.

Жаманменен мүбәдә жолдас болсаң,

Бес тиындық басыңда ес болмайды-ай, құрбым-ай,

Бір сені ойлап жүрмін-ай.

Қайырмасы:

Ана бір таудың аршасы-ай,

Басына бұлт қонсашы-ай.

Ауылың жақын болғанша,

Көңілің жақын-ай, болсашы-ай.

482. ҚҰРБЫМ-АЙ

(6-нұсқа)

Тойлау базар, той базар тойлай келдім,

Алтын сақа қолға алып ойнай келдім, 

     құрбым-ай.



272

273


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Тамырым жоқ бұл тойда, танысым жоқ,

Айтысам деп өзіңмен ойлай келдім, құрбым-ай.

Қайырмасы:

Әсем көмей бұлбұл-ай,

Ән еркесі дүлдүл-ай.

Кер маралдай керілген,

Алма мойын құрғыр-ай.

483. ҚҰРБЫМ-АЙ

(7-нұсқа)

Жылқы ішінде жүрелік домбыра алып,

Бір шеберге тиегін жондыралық, құрбым-ай.

Шын көңілің, шын пейілің менде болса,

Екі ауылды бір жерге қондыралық, құрбым-ай.

Қайырмасы:

Су ағады бүлдірген,

Қыз қарайды жабықтан.

Сүйер едім бетіңнен,

Ұяламын халықтан.

Есік алды бүлдірген,

Қыз бен жігіт бір жүрген.

Ебін тауып ойнаса,

Қыз бетінен сүйдірген.

484. ҚҰРБЫМ-АЙ

(8-нұсқа)

Құрбы сәні келмейді ойнап-күлмей-ей,

Қыздың сәні келмейді барша кимей, құрбым-ай.

18-0262


274

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Алыстағы махаббат арман болар-ей,

Екі ғашық сырласып бірге жүрмей, құрбым-ай.

Жас қартаяр, қартаймас құрбы көңіл-ей,

Құрбысыз күн не керек құрысын өмір, құрбым-ай.

Қимас құрбы туыстан болар жақсы-ей,

Құрбың келсе, көңілден ашылар сыр, құрбым-ай.

Бұл өмірде не тату, құрбы тату-ей,

Бір-біріне әзілін етер тарту, құрбым-ай.

Сыйласпайтын пәндеменен сөз байласпа-ей,

Асыл күлкің аяғы болар ашу, құрбым-ай. 



485. ҚҰРБЫМ-АЙ

(9-нұсқа)

Сән болмайды жүйрікке қамшылаған,

Зәмзам артық дариядан тамшылаған, құрбым-ай.

Отыз үйрек, қырық қаз алыстағы,

Нәсілі артық сұңқардың қаршығадан, құрбым-ай.

Қайырмасы:

Саяхатта елдері,

Самал салқын белдері.

Үйрек ұшып, қаз қонған,

Дария шалқар көлдері-ай.

Сайрандап сал айдаймыз,

Шалқар көлді жайлаймыз.

Аман-есен шыққан соң,

Сауық құрып ойнаймыз.


274

275


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

486. ҚҰРБЫМ-АЙ

(10-нұсқа)

Сен ар жақта, қалқатай-ей,

 

 

мен бер жақта, құрбым-ай,



Кері арғымақ шұлғиды-ай, құрбым-ай,

 

 



баушарбақта, құрбым-ай.

Құнан атан қолымда-ей,

 

 

егіледі, құрбым-ай,



Жапырағы жел соқса-ай, құрбым-ай,

 

 



төгіледі, құрбым-ай.

Бір бәйтерек жаһанда-ей,

 

 

егіледі, құрбым-ай,



Жапырағы жел соқса-ай, құрбым-ай,

 

 



төгіледі, құрбым-ай.

Аулың алыс кеткенде, ей,

 

 

қалқатай, құрбым-ай,



Сынбаса да қабырғам-ай, құрбым-ай,

 

 



сөгіледі, құрбым-ай.

487. ҚҰРБЫМ-АЙ

(11-нұсқа)

Бір қамшым бар қолымда алтындаған,

Ұстай алмай кей адам қалтылдаған.

Кішкентайдан бірге өскен, әттең, құрбым,

Айналайын көзіңнен жалтылдаған.

Қайырмасы:

Құрбым-ай,

Құр сөзіңмен жүрмін-ай,

Өтер дәурен бір күні-ай.



276

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Күн шығады аспаннан алтын арай,

Құрбыда да құрбы бар талай-талай.

Жатсам ұйқым келмейді, сені ойласам,

Көзім талды жолыңа қарай-қарай.



Қайырмасы.

488. ҚҰРБЫМ-АЙ

(12-нұсқа)

Майдақол жігіт болсаң алжібектей-ай,

Жарамас қатты қолы тікенектей-ай,

    құрбым-ай.

Бос белбеу, бота тірсек бозбала көп-ай,

Болмайды жігіт жарқын сыннан өтпей-ай,

    құрбым-ай.

Қайырмасы:

Сыпыра қайың, шоқ талдай,

Осы әнге сал тоқтамай.

Көңіліңдегі кісің болса,

Шақырып қасыңа ал тоқталмай.

Қараойдың қаңбақ ұшар желіменен-ай,

Өзеннің мұз қатады селіменен-ай,

    құрбым-ай.

Кәрі мен жас ойнаса, жараспайды-ай,

Әркімді алсын Құдай теңіменен-ай,

    құрбым-ай.

Қайырмасы.


276

277


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

489. ҚҰРБЫШЫМ-АЙ

Алма мойын ала үйрек ұшар сайдан, ой-ау,

Бозторғайдың ажалы-ау күйкентайдан-ай.

 

Екі бала құрбышым-ай,



 

Есен де аман жүрмісің-ай.

Өлең даусын сағынып жүргенімде, ай-ау,

Ала үйрек, алма мойын-ау, келдің қайдан.

 

Екі бала құрбышым-ай,



 

Есен де аман жүрмісің-ай.

Жанда аманат жүргенде, малда аманат, ой-ау,

Біреу құйрық болғанда біреу қанат.

 

Екі де бала құрбышым-ай,



 

Есен де аман жүрмісің-ай.

Көріскелі, көргелі келдік жаңа, ой-ау,

Аман-есен жүрсің бе сау-сәлемет.

 

Екі де бала құрбышым-ай,



 

Есен де аман жүрмісің-ай.



490. ҚҰРЫШ ҚАНАТ ҚАУЫРСЫН

Тоқым салма жауырға жалды екен деп, ахау,

Жолдас болма жаманға малды екен деп, еркем-ай.

Сынса дағы сырлы аяқ сыны кетпес, ахау,

Күдер үзбе жақсыдан жарлы екен деп, еркем-ай.

Қайырмасы:

Құрыш қанат қауырсын,

Ән салуға тәуірсің.

Құлағымнан кетпейді,

Әнге салған дауысың.


278

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



491. ҚЫЗҒАЛДАҚ ҚЫЗДАР-АЙ

Сары қурай сыбызғы тартқаныма,

Сыр шертемін тойда өлең айтқанымда.

Аз ғана күн өзіңмен ойнап-күліп,

Екі көзім төрт болды-ау қайтқанымда.

Қайырмасы:

Ей, қызғалдақ қыздар-ай,

Көңілімді бұзғаны-ай.

492. ҚЫЗДАР-АЙ

Сен дегенде, қалқатай, неден жаздым,

Сары қурайдың сабағын белден қаздым.

Қайырмасы:

Қыздар-ай,

Әттең-әттең, қыздар-ай.

Қыздар отыр болмай-ай,

О, шіркін, оророй, қыздар-ай.

Кеткенде аулың алыс, ей, қалқатай,

Жығылып Салторыдан өле жаздым.

Қайырмасы.

Алып келген базардан қуқыл мақпал,

Он түйме омырауда былқылдап қал.

Қайырмасы.

Аулың шалғай кеткенде, әттең, қалқа,

Есен-аман жүрмісің, сылқылдақтар.

Қайырмасы.


278

279


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

493. ҚЫЗЫЛ ЖЕЛ

(1-нұсқа)

Айналайын көзіңнің қарасынан,

Артық туған қазақтың баласынан.

Күндіз-түні аулыңнан шықпас едім,

Дұспандардың қорқамын табасынан.

Қайырмасы:

Қызыл жел-ай,

Сағынсаң, сәулем,

Өзің кел-ай!

Сен ар жақта, қалқатай, мен бер жақта,

Көзім талды телміріп, сіздің жаққа.

Сүйем деп айтқан сөзің рас болса,

Келіп-кетіп жүре көр біздің жаққа.



Қайырмасы.

494. ҚЫЗЫЛ ЖЕЛ

(2-нұсқа)

Ауылым көшіп барады-ау, таудан асып,

Таудан асқан бұлтпенен араласып.

Қайырмасы:

Қызыл жел, айдай,

Аман ба екен біздің ел, айдай.

Ауылың алыс кеткенде-ау, қалқатайым,

Самал желмен жүрейік амандасып.

Қайырмасы.


280

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Дарияның бойында жалғыз терек,

Қайратқа сай адамға ақыл керек.



Қайырмасы.

Алыс ауылың кеткенде қайдан табам,

Бір өзіңдей адамды елден зерек.

Қайырмасы.

495. ҚЫЗЫЛ ЖЕЛ, АЙДАЙ

Алыс жүрсең, аңсаймын, ей, құрбым, сізді,

Сізде ұмытпай жүрерсіз, әттең, бізді.

Қайырмасы:

Қызыл жел, айдай,

Есенде ме екен біздің ел-айдай.

Тай-құлындай айқасып, ойнақ салған,

Есіме алып жүремін өткен күзді.

Қайырмасы.

496. ҚЫМБАТТЫМ

Алып келген базардан алтын балдақ,

Тор бестімен келемін суға жалдап.

Тор бестінің құйрығын талдап өріп,

Жануарды жараттым саған арнап.

Қайырмасы:

Өлең айт деп ым қақтың,

Бұл өнерден кім қапты.


280

281


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Бәрін айт та бірін айт,

Денсаулық қой қымбатты.

Қаратаудың басында бұлағы бар,

Көлге біткен көкорай шалғыны бар.

Ән айтты деп, қымбаттым, сөге көрме,

Тарқамаған жастықтың құмары бар.

Қайырмасы.

497. ЛӘЙЛӘН

Ләйлән деп өз атымды әкем қойған,

Әкеміз қуанғаннан бір ат сойған.

Ер жеткенде қалқаға ғашық болып,

Дариға-ай, сол ғашығым кетпейді ойдан.

Қайырмасы:

Әккигай, әккигай,

Әппақ етің қояндай.

Арманда боп біз жүрміз,

Қызығыңа тоя алмай.

Ауылым Бөпекенің етегінде,

Сал торы ат жүгендеулі жетегімде.

Қор болып бір жаманға барам, әке,

Арманда дүниеден өтемін бе.

Қайырмасы.

498. МАЙДА ЖАЛ

Жүк артса, жарасады, қара нарға,

Салайын құйқылжытып майда жалға.


282

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Шырқатып, тамылжыта салған әнім,

Қалықтап жетер ме екен қалқажанға.

Бұл әнім қалқажанға ұнар ма екен,

Жүректің нәзік сырын ұғар ма екен.

Тұтанып, жүрегіне ғашық оты,

Сол қалқа бізге мойын бұрар ма екен.




1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал