МҰра ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес ċ ģ ė Ē ĝı Ĝ ĝē 100 ÎÌ 4



жүктеу 1.84 Mb.
Pdf просмотр
бет11/19
Дата11.01.2017
өлшемі1.84 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19

413. ҚАЙРАН ЗАМАН

Қайтейін, қай-қайтейін қайран заман,

Барады өтіп заман, тайраңдаған.

Жалған, қайран жастық,

Қарғыған ақ еліктей қайран жастық.

Кәрілік қуып жетті ойға алмаған,

Жалған, қайран жастық.


236

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Барады жиырма бес желіп өтіп,

Күн қайыратын қуып жетіп.

Жігіттік бір кеткен соң қайтып келмес,

Дүние кімді алдамас күліп өтіп.



414. ҚАЛАУЛЫМ-АЙ

Байладым-ай үш көтеріп үзігіңді,

Соқты екен қандай ұста дүзігіңді, ай,

    қалаулым-ай.

Кездіктей-ай ұста соққан тойтармалап,

Көреді қандай адам қызығыңды-ай,

    қалаулым-ай.

Өлеңді айтушы едік бір кісідей,

Мылтықтың сырты сұлу дүмбісіндей-ай,

    қалаулым-ай.

Ойнасаң-ай біздермен жарасады,

Құнан мен қара жорға жүрісіндей-ай,

    қалаулым-ай.

415. ҚАЛИЛА-АУ

Хат жаздым қалам алып, шырағым-ай,

Лебізің таудың таза бұлағындай.

Қайырмасы:

Қалила-ау, қалила-ау, қалила-ай.

Көзіме көрінесің жарқ-жұрқ етіп-ай,

Киіктің тауда ойнаған лағындай.



Қайырмасы.

236

237


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Ей, қалқа, ақ дидарың айдан аппақ-ай,

Көрген жан кете алмайды айналсоқтап.

Қайырмасы.

Аршын төс, алма мойын, қарағым-ай,

Жүремін ылғи ғана сені ойлап.

Қайырмасы.

416. ҚАЛҚА БАЛА

Айналайын, қарағым, қара қасым,

Қос иықта бұралған қолаң шашың-ай.

Өзіңменен бір болсам бұл өмірде,

Болады ғой бақытты менің басым-ай.

Қайырмасы:

Қалқа бала, қалқа бала,

Қалқа бала дегенде, шалқалама-ай.

Айналайын елімнің қабағынан,

Дәм тарттырған қастерлі табағынан-ай.

Алқаласа, асқақтай күй төгілер,

Кеудемдегі жыр-қобыз шанағынан-ай.

Қайырмасы:

Ән қалаған,

Алқалаған,

Қарқарадан қызығым

Тарқамаған.


238

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



417. ҚАЛҚАЖАН

Қамшым басы қарағай қанымаған,

Тұрып орын бермейді танымаған.

Сыйласқандай сыйлы елдің баласы едім,

Мақтап өлең айта гөр, жаным, маған.

Қайырмасы:

Желеулеткен,

Желдей ескен

Далада,


Біз бір бөкен.

Базар барып, базардан шайдан қайттым,

Жусап жатқан төстегі малдан қайттым.

Сен есіме түскенде, беу, қарағым,

Мініп жүрген астымда жорғамды айттым.

Қайырмасы.

418. ҚАЛҚАМ-АУ

Бәсі қымбат базарда алашаның, қалқам-ау,

      

қалқам-ау,



Қызы сұлу төменгі қарашаның, ахау-ахау.

Ән дауысын сағынып жүргенімде, қалқам-ау,

      

қалқам-ау,



Даусы қайда шығады құдашаның, ахау-ахау.

Қайырмасы:

Ай қараңғы, күн бұлт,

Келдім жетіп қасыңа.

Жетіп келдім қасыңа,

Қыздар-ау, қыздар-ай.


238

239


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

419. ҚАЛҚАТАЙЫМ

Басы еді өлеңімнің-ей, айым-қайым-ей,

Бітеді саздау жерге-ай тал мен қайың-ей.

Көп айдың көрмегелі-ей жүзі болды-ей,

Жүрмісің аман-есен-ай, қалқатайым-ай.

Қайырмасы:

Ахай айым, қаулілі лайым,

Кез болса осындайда-ай,

Қалқатайым-ай.

Қалқатай, сен дегенде-ей неден жаздым-ей,

Сабағын сарымсақтың-ай белден қаздым-ай.

Кеткенде ауылың алыс-ей, қимас қалқам-ей,

Еске алып бірнеше рет-ай хаттар жаздым-ай.



Қайырмасы.

420. ҚАЛҚАШ-АУ

Қарайғаннан қарайып, қамыс қалды,

Ауылы қалқатайдың алыс қалды.

Аулыңа алыс қалған қарай-қарай,

Қайрылып, қаршығадай мойным талды.

Бір еді қалқаменен тілегіміз,

Айқасқан айрылмастай білегіміз.

Алыстан амандығың естілгенде,

Тулайды қуанғаннан жүрегіміз.

421. ҚАЛЫ-КҮЛІК-АЙ

Ойыма түспей отыр, ахау, өлең деген,

Құлағым өлең десе елеңдеген, ахау, игагәй.


240

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

О, тоба, жетпіс жасың, ахау, қиын екен,

Бұрынғы әуенім жоқ дегенменен, ахау, игагәй.



Қайырмасы:

Оу, келді-ау заман,

Қалды-ау құлан,

Қалы-күлік-ай.



422. ҚАНАТ ТАЛДЫ

Гүл бақша көңілді, бір әсем әнді,

Тілейтін бұлбұл едім сайрағанды.

Ән шырқап бой жаза алмай, шалқыта алмай,

Қалықтап, қайран дүние, қанат талды.

Әнім ед сүйіп салған «Қанатталды»,

Бұл әнім балқытушы ед тыңдағанды.

Өмірден өз еркіме орын таппай—

Кейінге «Қанат талды» әнім қалды.

423. ҚАПИЗА ТЕНТЕК

Қасың қара Қапиза қаламдайын,

Сіз тұрғанда мен кімге алаңдайын.

Бағаласа, бағаңа жан жетпейді,

Сәйпіл-Мәлік, бұрынғы Жамалдайын.

Қайырмасы:

Ой, Қапиза тентек-ау,

О, Қалқа еке-ау.

Есімнен еш кетпейді салған әнің,

Сіздей болып кезіксе сүйген жарым.


240

241


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Жүрегіме лебізің жылы тиіп,

Балқыттың ғой бойымды, құрбыжаным.

Қайырмасы.

424. ҚАРА КӨЗ ҚАШЫҚ-АЙ

Алтайдың бір асуын асып келдім,

Жайқалтып жапырағын басып келдім.

Қайырмасы:

Қара көз қашық-ай,

Бай—Алтай асу-ай.

Толықсып қара көзім құшағымда,

Арнамнан Қобда өзендей тасып келдім.

Қайырмасы.

425. ҚАРА КӨЗІМ

Аулым көшіп барады белден асып,

Белден асқан бұлтпенен араласып-ай.

Алыс аулың кеткенде, әй, қарағым,

Ақ қағазбен жүрелік амандасып-ай.

Қайырмасы:

Қаракөзім,

Бар ма есіңде кешегі

Айтқан сөзім-ай.

Аулым көшіп барады ылай көлге,

Шағи мешпет жарасар қынай белге-ай.

16-0262


242

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Аулың алыс кеткенде қара көзім,

Көз жасыңды көл қылып жылай көрме-ай.



Қайырмасы.

426. ҚАРА ҚИҒАЙ

Теріп жеген-ай нәсібін-ай біз бір қарға-ай,

Жаратылған-ай нәпсісіз адам бар ма-ай?

Дүниенің-ай түбінен-ай жеткеніңше-ай,

Былай бұра-ай тартқанша сынады арба-ай.

Қайырмасы:

Қара бидай-ай,

Қайда жүрсең-ай,

Аман жүр, қара қиғай-ай.

Қара кердің-ай мойынында-ай қайыс шылбыр-ай,

Талға қонып-ай сайрайды пәйне бұлбұл-ай.

Сен ортада-ай болғаныңда-ай, мен салықты-ай,

Ашып-жауып-ай ала алмай болдым ділгір-ай.



Қайырмасы:

Қалқа бала-ай,

Жаңа үйреткен-ай бүркіттей

Шалқалама!



427. ҚАРАГӨЗАЙЫМ

Өлеңді айт дегенде аяу бар ма,

Пышақта ұста соққан қаяу бар ма.

Өлеңді айт дегенде қоя бермей,

Тоны тозған, аты арық жаяу бар ма.


242

243


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қайырмасы:

Қарагөзайым,

Мен қимаймын, жаным-ау.

Мен де өзіңдей,

Жан сыйлаймын, угай-ай.

Өлеңді айтқан жақсы білген құлға,

Кім берер ақ теңгесін қара пұлға.

Төрт бұрышы төңіректің болар тұлға

Сыйлаған ата-анасын адал ұлға.

Қайырмасы.

428. ҚАРАҒАЙ

Боз інген-ді, ендеше, боз інген-ді,

Сөйлейін деп аузыма сөзім келді-ау.

Қайырмасы:

Қарағай,


Шауып өттім аралай,

Алды-артыма қарамай.

Кішкентайдан бірге өскен құрбым едің,

Құдай айдап тілдесер кезің келді-ау.



Қайырмасы.

Боз келтірген, тағы да боз келтірген,

Қисық-қисық ағашты тез келтірген.

Қайырмасы:

 

Қарақ-ай,



Қарағымның жамалы-ай,

Жан күйдіріп барады-ай!



244

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Бір көрсем деп сағынып жүруші едім,

Айналайын құдайдан кез келтірген.



Қайырмасы:

Қарағай,


Желіп өттім аралай,

Жан-жағыма қарамай.



429. ҚАРАЙ КЕРІМ

Қолаң шашты, қой көзді, қиғаш қасың,

Сені ойласам, қиналар ғазиз басым-ай.

Нұр сипатың есіме түскен сайын,

Тамағымнан өтпейді ішкен асым-ай.

Қайырмасы:

Қарай керім,

Қақпан белім.

Күнде той, күнде жиын-ай,

Жүрген жерім-ай.

Мінген атым астымда қарай керім,

Жер ошақтай қазылар басқан жерің-ай.

Нұр сипатың есіме түскен сайын,

Мен несіне аяйын аттың терін-ай.

Қайырмасы.

430. ҚАРА-АЙ КӨЗ

Жер қайда, ей, сөңкіл көлдей жайлағанға,

Шыңғыртып-ей жас құлынын байлағанға-ай.


244

245


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Келмейді, ей, жатсам ұйқым, тұрсам күлкім,

Қалқаны-ей кейін қалған ойлағанда-ай.

Қайырмасы:

Қара-ай көз,

Келсе-ай тез.

Жайдары-ай, жаймашуақ,

Мінезіңіз-ай.

431. ҚАРАКЕР ЖОРҒА

Қолымда бір қамшым бар күмістеген,

Күмісін бұл шіркіннің кім істеген-ай.

Тарыдай тал бойыңда бір мінің жоқ,

Бола ма сізден артық біліс деген-ай.

Қайырмасы:

Па, шіркін,

Қаракер жорға.

Тисе қолға,

Кетер ем сапар шегіп

Алыс жолға-ай!

Көйлектің бүрме салдым әдібіне,

Адамның кез келмегін бәдігіне-ау.

Адамның кез келтірсе бәдігіне,

Жетпейді бес тиындай қадіріңе-ау. 



Қайырмасы.

432. ҚАРАКӨЗ

(1-нұсқа)

Ұшып жүрген әуеде көк көбелек,

Қанатыммен өтейін су себелеп.


246

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Сен есіме түскенде, әбзал қалқам,

Аш бөрідей жортайын, тау жебелеп.



Қайырмасы:

Қаракөз сәулем, көз көрген,

Түнде ұйқысын төрт бөлген.

Шақырғанда бармай қап,

Сұм басым, пай-пай,

Сөзге ерген.

Таққаным тал бойыма қару-жарақ,

Хат келмеді қалқадан жалғыз парақ.

Сен есіме түскенде, әбзал қалқам,

Кетейін дуана боп ел аралап.



Қайырмасы.

433. ҚАРАКӨЗ

(2-нұсқа)

Басында-ау Шегетайдың бір түп мия,

Келемін-ау кербестімен жылқы жая.

Ауылыңа келу оңай, қайту қиын,

Туыстар-ау, кете алмаймын көңілін қия-ай.

Қайырмасы:

Қаракөз, қасыңыз жайдары-ай,

Жайма шуақ мінезің-ай.

Мінгенім-оу, дәйім менің, дөнен болса,

Майысқан ақша маңдай көрер болса.

Ел-жұртым-ай, бір-екі ауыз ән салайын,

Шынымен қалағаның өлең болса-ай.


246

247


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қайырмасы.

Қос өзен-ай ағып жатқан, тауым болсын,

Жағалай сай-салаға ауыл қонсын.

Келгенде-ай шалғай жерден елді аңсап,

Тілеуім-ай тілеп жүрген қабыл болсын-ай.

Қайырмасы.

434. ҚАРАКӨЗ ҚҰРҒЫР ГҮЛ ЖАЙНАР

Ай, қарағым, айналайын қиғаш қасың,

Қима бел, жазық маңдай, сүмбіл шашың.

Ай, есімнен жатсам-тұрсам бір шықпайсың,

Өтеді-ау, сені ойласам, жарым жасым-ай.

Қайырмасы:

Қаракөз құрғыр гүл жайнар,

Кәмел белбеу бір байлар.

Қаракөз еске түскенде,

Ет жүрегім зыр қайнар.

Ай, қарағым, айналайын қаранғаның,

Дидарың асыл тастан жаралғанын.

Ай, толықсып туған айдай нұрын шашып,

Түрленіп тоты құстай таранғаның.

Қайырмасы.

435. ҚАРИДАШ ҚАЛҚА, ЕЛ ҚАЙДА?

Ауылым Сөгетінің жағасында,

Қарайды жақсы азамат шамасына.


248

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы:

Қаридаш қалқа,

Ел қайда-ай?!

Арасы жақсы-жаман жер мен көктей,

Жаманның таласпаймын бағасына.

Қайырмасы.

Азамат мына сөздің артын ойла,

Жібердім сенен сәлем нағашыға.

Қайырмасы.

436. ҚАРҚАРА

Басында керегенің оймақ тұрар,

Жігітке кедейшілік қой бақтырар, угәй-әй.

Алғаны ер жігіттің жақсы болса,

Бұралып тал шыбықтай ойнап тұрар, угәй-әй.

Қайырмасы:

Угәй-әй,


Ел жайлауы—Қарқара,

Мекен болған қалқама.

Жәрмеңкеде ән салған,

Бар қызығым, угәй, жаным, тарқама.

Жарасқан жамалына қарқарасы,

Сұлуға әркімнің-ақ бар таласы, угәй-әй.

Жігіттер, сұлуларға таласпаңыз,

Бұйырса, жаны сұлу жар табасыз, угәй-әй.



Қайырмасы.

248

249


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

437. ҚАРЛЫҒАШЫМ

Хат жаздым әр ойды ойлап, сіздің жаққа,

Сәлем айт, ұшқан құстан біздің жаққа.

Өзіңмен ойнап-күліп жүрген кезде,

Болушы ем отырғандай алтын тақта.

Қайырмасы:

Қарлығашым, жастықтың әсерімен,

Ой, сәулем, әуреленді ғазиз басым.

Қарағай, қайың, арша, тал, мойылым,

Лақтай жарға ойнаған қалды ойыным.

Көп айдың көрмегелі жүзі болды,

Жүрмісің есен-аман, қаз мойыным.

Қайырмасы.

438. ҚАТҚАН ШАЛДЫҢ ӘНІНІҢ СӨЗІ

Мен өзім шал да болсам, қатқан шалмын,

Сақалға меруерт, маржан таққан шалмын.

Бозбала ішің күйсе, тұз жалаңдар,

Қойнына талай сұлу жатқан шалмын-ай.

Қайырмасы:

Аспан шарлар бозторғай,

Сол бір қызық заман-ай,

Ай, қыздар-ай, қош есен бол-ай.

Молдеке, қоя тұршы иманыңды,

Берейін мал-мүлкім мен жиғанымды-ай.

Қасыма қыз молдасын әкеп қойсаң,

Кетейін соған тастап қу жанымды-ай.



Қайырмасы.

250

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



439. ҚАУЛИЛИ-ЛАЙ

(1-нұсқа)

Таң-таң атар, таң атар таң жағынан,

Шаң шығады құланның ойнағынан, қаулили-лай.

Белге соққан жыландай үш бұралып,

Тұрар ма едім қалқаның оң жағынан, 

     қаулили-ай.



Қайырмасы:

Самал салқын жел соқса,

Үйрек ұшып, қаз қонса.

Таңдап алған перизат,

Сағынғанда кез болса.

Айналайын көзіңнен күліп тұрған,

Көрген сайын көңілді бөліп тұрған, 

    қаулили-лай.

Сымбатыңа тамаша көңілім толды,

Кезең жерде кез болып жолықтырған, 

    қаулили-лай.

Қайырмасы.

440. ҚАУЛИЛИ-ЛАЙ

(2-нұсқа)

Жылқы айдаймын көшкенде-ей Жалбаспенен,

Ортан жілік бітеді жамбаспенен.

Қайырмасы:

Қаулили-лай,

Қайран заман,

Ой, дүние-ай.



250

251


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Көрмегелі көп айдың-ей жүзі болды,

Аман-есен жүрмісің мал-баспенен.

Қайырмасы.

441. ҚАУЛИЛИ-ЛАЙ

(3-нұсқа)

Жылқымды айдап салдым теріскейге,

Мал шіркін айдамаса өрістей ме-ай.

Қайырмасы:

Өрістей ма, қаулили-лай,

Қаулили-ли-лай-ау.

Өрісте мал ішінде ән салғанда,

Осы әнім шырқап салған келіспей ме-ай?

Қайырмасы.

442. ҚИСЫҢҚА, ҚИЯСЫҢҚИ

Кигенім аяғыма кебіс еді,

Қос күрең жылқы ішінде тебіседі.

Күлдариға.

Тойда өлең мұнан бұрын айтқаным жоқ,

Өлеңді не деп айтсам келіседі.

Күлдариға.

Қисыңқа, қиясыңқи қиюа-қиюа,

Қарлығаш мәуе ағашқа салар ұя.

Күлдариға.



252

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



443. ҚОҒАЛЫ-АЙ

Боз беткейлі, ендеше, боз беткейлі,

Боз беткейден, ендеше, мал кетпейді.

Қайырмасы:

Қоғалы-ай,

Қоңыр салқын-ай малға жай.

Шөбі жұмсақ, шаруа жері шүйгін,

Бағаналы Мансарға жер жетпейді.

Қайырмасы.

Маусым-мамыр болғанда, маусым-мамыр,

Мал құдықтан су ішер абыр-сабыр.

Қайырмасы.

Самал соқса, қызылдың аптабымен

Күн қызады, жер бусап, жасыл адыр.

Қайырмасы.

444. ҚОҒАМНЫҢ ЖАЙЛАУЫ

Бұлтты күн, ендеше, бұлтты күн,

Ақ қозыға жарасар түбітті жүн.

Қайырмасы:

Қоғамның жайлауы-ай,

Сөзіңнің бар ма байлауы-ай.


252

253


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Оралыңа бір келсе ойна да күл,

Өтіп-кетіп қалады қызықты күн.

Қайырмасы.

Ай көрінер ақ үйдің маңдайынан,

Аузымды ашсам, бал тамар таңдайымнан.

Қайырмасы.

Ақындықпен өлеңді мен айтпаймын,

Мен айтамын өлеңді қандайынан.

Қайырмасы.

445. ҚОЙШЫ ӘНІ

(1-нұсқа)

Қойым семіз болсын деп тауға бақтым,

Таудың сәні келсін деп сырнайлаттым,

   сәулетай, 

сәулетай.

Тау басынан ертемен кездеспесе,

Жас жүректің обалын саған арттым,

   сәулетай, 

сәулетай.

Қайырмасы:

Сырнай даусы тау сәні, шай-шай-шай,

Құлағымнан кетер ме,

Сырнайлатқан сәулетай, сәулетай.

Қап бүркендім басыма күн жауғанда,

Сен келер деп қасыма түс ауғанда,

   сәулетай, 

сәулетай.



254

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Келші, келші, қалқатай, қамықпаймын,

Мен сендікпін дейтұғын сертің қайда,

   сәулетай, 

сәулетай.



Қайырмасы.

446. ҚОЙШЫ ӘНІ

(2-нұсқа)

Айдағаным ешкі еді,

Мінген атым бесті еді.

Сол қалқамен уәде

Бүгінгі түн кеш еді.

Бір ағашта қос алма,

Мен алмаймын, сен де алма.

Жақын жерде той болса,

Мен барғанда сен қалма.

447. ҚОҢЫР ҚАЗ

Қоңыр қаз көл жағалап ұшады өрлеп,

Салғандай түрлендіріп әніне өрнек.

Ән салсаң, қоңыр қаздың әніне сал,

Көтеріп көңіліңді көкке сермеп.

Қайырмасы:

Ахау үй,


Сен—қоңыр қаз, мен—шаһбаз,

Айтқанмен

Таусылмайды іштегі наз.


254

255


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қоңыр қаз көл жағалап қаңқылдаған,

Сахара сазға қонып салқындаған.

Көңілді жабырқаңқы көтергендей,

Әнге сал қоңырқаздай саңқылдаған.

Қайырмасы.

448. ҚОҢЫР ҚАЗ-ҮЙРЕК 

(1-нұсқа)

Жапалақ жалпылдайды жар басында,

Немене жоқтың күні бар қасында-ай.

Дос болып, қас қылғаннан сақ қылғайсың,

Қасқыр да қас қылмайды жолдасына-ай.

Қайырмасы:

Қоңыр қаз-үйрек,

Қанатын сүйреп.

Өмірің өте шығар,

Үй деп, бүй деп-ай!

Дүние дастан,

Әуел бастан.

Ақылды дұшпан жақсы-ай,

Жаман достан-ай!

449. ҚОҢЫР ҚАЗ-ҮЙРЕК

(2-нұсқа)

Ауылым көшіп барады белден асып-ой,

Бұлтпен белден асқан араласып-ой, угәй.

Өлең-той, жиын-думан болған кезде-ой,

Өлеңмен отырайық көңіл ашып-ой, угәй.


256

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы:

Қоңыр қаз-үйрек,

Күлім көз әйнек.

Келіп ем мен алыстан,

Әдейі іздеп-ай, угәй.

450. ҚОҢЫР ҚАЗ-ҮЙРЕК

(3-нұсқа)

Жапалақ жалпылдайды жар басында,

Немене жоқтың күні бар қасында-ай.

Дос болып қас қылғаннан сақтағайсың,

Қасқыр да қас қылмайды жолдасына-ай.

Қайырмасы:

Қоңыр қаз, үйрек,

Қанатын сүйреп.

Өмірің өте шығар,

Үй деп, бүй деп-ай.

Дүние дастан,

Әуел бастан.

Ақылды дұшпан жақсы-ай,

Жаман достан-ай.

451. ҚОҢЫРЖАЙ

(1-нұсқа)

Салдым сайран Қобданың күн бетіне,

Жазу жаздым ақ қағаз бір бетіне.

Қайырмасы:

Халалакуләйлім,

Халалакуләлім,

Қоңыржай.



256

257


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Ақындықпен өлеңді біз айтпаймыз,

Көпшіліктің айтамыз құрметіне.

452. ҚОҢЫРЖАЙ

(2-нұсқа)

Өлеңді айт дегенде іркілмеймін,

Тұлпардай топтан озған желкілдеймін.

Қолқаңыз маған салған өлең болса,

Алдыңда желмей, шаппай бүлкілдейін.

Өлеңді сасқанымнан айта алмаймын,

Бастасам барып тұрған майталманмын.

Бұл жерде үлкен отыр, кіші отыр,

Көңілін үлкен-кіші қайтармайын.

453. ҚОҢЫРЖАЙ-ГҮЛЖАЙ

(1-нұсқа)

Ағашы таулы жердің қара барқын,

   Қоңыржай-Гүлжай,

Қалқатай, айналайын жүзің жарқын.

Тарыдай тал бойыңда бір мінің жоқ,

   Қоңыржай-Гүлжай,

Аузыңнан шыққан сөздің бәрі алтын.

Қарағай қамшым сабы қанымаған,

   Қоңыржай-Гүлжай,

Бермейді тұрып орын танымаған.

Кісінің сыйласқандай баласы едік,

   Қоңыржай-Гүлжай,

Тигізбе салғырт сөзді, жаным, маған.

Алқызыл көрінеді қашқандағы,

   Қоңыржай-Гүлжай,

Жігіттің жары Құдай сасқандағы.

17-0262


258

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Даусым тымауратып келмей отыр,

   Қоңыржай-Гүлжай,

Аққудай ән салушы ем аспандағы.

454. ҚОҢЫРЖАЙ-ГҮЛЖАЙ

(2-нұсқа)

Қонғаны ауылымның Аласа-ды,

   Қоңыржай-Гүлжай,

Жайылып аласадан мал асады, айхай!

Бағаңа, бағаласам, жан жетпейді,

   Қоңыржай-Гүлжай,

Сыртыңнан көрген адам таласады, айхай!

Жан қалқа, сен де ақ маңдай, мен де ақ маңдай,

Таңырқап көрген адам қаққан таңдай.

Бағаңа, бағаласам, жан жетпейді,

Ақ жүзің ағаш үйге шам жаққандай.

455. ҚОЛАҢ ШАШ

Айым да сен, қарағым, күнім де сен, жаным-ай,

Қасқа тісің ақсияр күлімдесең, жаным-ай.

Қайырмасы:

Жаңа салған әнім-ай,

Қара мақпал қолаң шаш-ай,

Әттең, сенің сәнің-ай.

Ай мен күндей жанымда сен жүргенде, жаным-ай,

Ауыт басып, адасып сүрінбес ем, жаным-ай.



Қайырмасы.

258

259


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

456. ҚОРЛАШ

Дәйім менің мінгенім, ала құнан,

Сыры мәлім сәулемнің қабағынан.

Артық туған ардақты аяулымның,

Иіскер ме едім үлбіреген тамағынан.

Қайырмасы:

Ай қараңғы, кеш жарық,

Ебін тауып

Ойнашы-ау.

Үйдің арты терең сай, қалың бүрген,

Ішінен түлкі аралап, қасқыр жүрген.

Артық туған, аяулы сіздей жанмен,

Адамда арман бар ма ойнап-күлген.



Қайырмасы.

Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 1.84 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет