МҰра ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес ċ ģ ė Ē ĝı Ĝ ĝē 100 ÎÌ 4



жүктеу 1.84 Mb.

бет10/19
Дата11.01.2017
өлшемі1.84 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19

370. ИГАЙ-ГАЙ СӘУЛЕМ

Атыңнан айналайын алтын сәулем-ай,

Бір жүру өзіңменен ол бір дәурен-ай,

Игай-гай, сәулем, айдай-ау.

Келмейді жатсам ұйқым, тұрсам күлкім,

Жүргенім менің бүйтіп сенің әурең-ай,

Игай-гай, сәулем, айдай-ау.

Қайырмасы:

Сағынған сәулем-ай,

Бірге өскен дәурен-ай.

Атыңнан айналайын асыл затым-ай,

Жарасқан тал бойыңа сәулем атың-ай,

Игай-гай, сәулем, айдай-ау.

Кеткенде аулың алыс, алтын сәулем-ай,

Келмеді-ау бір жапырақ жазған хатың-ай,

Игай-гай, сәулем, айдай-ау.

Қайырмасы.


212

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



371. ИГӘЙ СӘУЛЕ

Қарағым, айналайын, қырғи қабақ,

Сен едің суда жүзген алтын шабақ.

Салсам да күміс қармақ, ілінбейсің,

Қайтейін қылығыңды-ей, ақтамақ.

Қайырмасы:

Ей, игәйгөй,

Игәй сәуле.

Етпе әуре,

Іриай-ай.

Ішінде ну орманның сен бір талсың,

Аяққа құйып қойған шекер-балсың.

Бағаңа, бағаласам, жан жетпейді,

Басқадан артық туған неткен жансың.

Қайырмасы.

372. ИГӨЙ-ГӘЙ

Ауылым көшіп барады Алдиярға,

Арқандағы ат жақсы мал жиярға, игөй-ау.

Жазатайым жаманға ісің түссе,

Жарамайды қолыңа су құюға, игөй-ау.

Қайырмасы:

Бақшадағы қызыл гүл,

Әркімде бар терең сыр.

Жүректе арман мұзбен тең,

Ерітуді өзің біл.


212

213


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Айналайын көзіңнен күлімдеген,

Басқан ізің ешкімге білінбеген.

Айдын көлде ойнаған ақ шабақтай,

Алтын қармақ салсам да, ілінбеген.

Қайырмасы.

373. ИЛИГАЙ, ӘТТЕҢ, ШІРКІН

Бір келеді дүние, бір кетеді, ау,

Сұм жалғанның түбіне кім жетеді-ай.

Қайырмасы:

Илигай,


Әттең, шіркін,

Дүние-ай!

Қалады-ау бір күн,

Күліп-ойна-ай!

Адам түлкі болғанда, ажал—бүркіт, ау,

Қуып барып бір дөңге індетеді-ай.



Қайырмасы.

374. ИЛИГӘЙ, СӘУЛЕМ

Ой, ахау!

Ендеше өлеңде өнер, өнер де өнер,

Шын жүйрік өрге салса, өршеленер.

Илигай, сәулем, илигай-ау.

Барында оралыңның күл де ойна,

Шамшырақ жанып тұрған бір күні сөнер.

Илигай, сәулем, илигай-ау.



214

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Ой, ахау!

Барады ауылым көшіп таудан асып,

Бұлтпенен таудан асқан араласып.

Илигай, сәулем, илигай-ау.

Кеткенде жерің шалғай-ой, әріптес,

Жүрейік ақ қағазбен амандасып.

Илигай, сәулем, илигай-ау.

375. ИУА, ШІРКІН

Қатар ұшқан қаз едің-ей қаңқылдаған-ай,

Көлге қонып, самалда саңқылдаған.

Қайырмасы:

Иуа, шіркін,

Енді есен бол-ай.

Аулың шалғай кеткенде, ей, әттең қалқам-ай,

Сағынам ғой жүзіңді жарқылдаған.

Қайырмасы.

376. КӘЙ-ӘЙ-АУ

Қаратаудың басынан арша ап жүрмін, кәй-әй-ау,

Көтере алмай аршамды шаршап жүрмін, кәй-әй-ау,

А, жалған,

Өткенің бе, кәй-әй-ау.

Алыс аулың кеткенде, қимас қалқам, кәй-әй-ау,

Бір көруге өзіңді аңсап жүрмін, кәй-әй-ау,

А, жалған,

Өткенің бе, кәй-әй-ау.


214

215


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қаратаудың басында бір топ шынар, кәй-әй-ау,

Бір көрдім де өзіңе болдым құмар, кәй-әй-ау,

А, жалған,

Өткенің бе, кәй-әй-ау.

Алыс ауылың кеткенде, қимас қалқам, 

      

 

 



кәй-әй-ау,

Құмарланған көңілім қашан тынар, кәй-әй-ау,

А, жалған,

Өткенің бе, кәй-әй-ау.



377. КӘЛӘЛІМ АЙДАЙ, ҚОҢЫР ЖАЙ

Бір жұлдыз бар әуеде айдан қалған,

Қайқы мүйіз ақ серке қойдан қалған.

Кәләлім айдай, қоңыр жай.

Осы ауылда кім жаман, құрбым жаман,

Көн етігін кие алмай тойдан қалған.

Кәләлім айдай, қоңыр жай.

378. КӘЛӘЛІМ БИ-БИ-АЙ

Аулыңды сағынармын-ау,

Әніңе табынармын-ай.

Өзіңді іздей-іздей-ау,

Сарғайып сабылармын-ай.

Қайырмасы:

А-ей, кәләлім би-би-ау,

Кәләлім би-би-ау,

Кәләлім би-би-ау-ай.



216

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



379. КӘЛИЛӘУ ДИДАУ

Өлеңді қиыстырам әнге парлас,

Сөз болса қанағатсыз құлақ салмас, ах-уай.

Өлеңді өрнегімен қиыстырған,

Сөзінде айтушының қаяу болмас, ахау-ай.

Қайырмасы:

Қалилау-дидау, ди-ди-дау,

Кәлилау-дидау, ди-ди-дау.

Дида-ку-ди-дай,

Аку дидай-аку-ай.

Білмеске өлең тұр ғой сөзде қиын,

Шығады қиыстырған сөзден түйін, ах-уай.

Қара сөз қанағатсыз сылдырласа,

Есепке алынбаса о да қиын, ах-уай.

Қайырмасы.

380. КӘРИРӘ, ЖАН СӘУЛЕМ

Өлеңді айтпай болмас, ей, үйренген соң,

Сел болар қылған қайырың күңіренген соң.

Кәрирә, жан сәулем.

Аттай боп арпа жеген аңсайды екен,

Бір жүріп екі жақсы үйренген соң.

Кәрирә, жан сәулем.

Көзіңнен айналайын оймылдаған,

Не сақтап, нені қалқа, қойдың маған.

Кәрирә, жан сәулем.



216

217


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қарағым, қандай жанды жарылқайсың,

Пәнде жоқ бір өзіңді ойға алмаған.

Кәрирә, жан сәулем.



381. КӘРИРӘ-АУ

Дәйім менің мінгенім торы құнан-ей,

Торы құнан үркеді тобығынан.

Қайырмасы:

Кәрирә-ау райрым,

Карирә-ау рай.

Шын көңілің, шынты бейлің менде болса,

Табысайық ақ сайдың қорымынан.

Қайырмасы.

Дәйім менің мінгенім сары құнан,

Үркеді сары құнан сауырынан.

Қайырмасы.

Шын көңілің, шынты бейлің менде болса,

Табысайық, қалқатай, ауылыңнан.

Қайырмасы.

382. КӘСИРА—МӘРУСИЯ

Қыз емес, қыздың аты—қызыл өрік,

Беріпті екеуіне тәңір көрік.


218

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы:

Кәрсира—Мәрусия,

Ухади отсуда.

Ойымда еш алаң жоқ жүрген едім,

Бұзылдым қапелімде сені көріп.

Қайырмасы.

383. КЕГЕНІМ

Мінгенім көш алдында құла тайым,

Құйрығын құла тайдың шұбатайын.

Түскенде сен есіме, қайран елім,

Көңілді өлең айтып жұбатайын.

Қайырмасы:

Кегенім!


Келемін!

Иіліп сәлем беремін.

Өлеңім он жасымнан өрге жүзген,

Қоңыр қаз су жағалай көлде жүзген.

Шынжырым жеті атамнан үзілмеген,

Ағыздық сүттен бұлақ іргемізден.



Қайырмасы.

384. КЕҢ САЛА

Ахау, қызы едің әлдекімнің ардақтаған,

Әкеңнің оң жағында бұлғақтаған,

Саусағың сымға тартқан ақ күмістей,

Қолыңда алтын жүзік бармақтаған.


218

219


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қайырмасы:

Тарыдай тал бойында бір мінің жоқ,

Өзіңе бұл уақ тақау жан жақпаған.

Ахау, аузыңда отыз тісің інжу-маржан,

Қолында лағыл жүзік қайдан алған.

Бетіңе шам тасындай түсер сағым,

Ажарың аппақ екен жауған қардай.

Қайырмасы.

385. КЕР ТОРЫ АТ

Дәйім менің мінгенім, ей, торым еді,

Жүрген жерім торымен қорым еді.

Қайырмасы:

Кер торы ат,

Құрушы едік салтанат.

Құрбылардан айрылған қиын екен,

Табылмады тау-тастан соның емі.

Қайырмасы.

386. КЕРНЕЙ САЛ

Айналайын көзіңнен күлімдеген-ей,

Тал бойыңнан ешбір мін білінбеген.

Қайырмасы:

Кел-кел, керней сал,

Осы әніме тура сал.


220

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Көңіліме ұялап көгершіндей,

Жатсам, көзім түн бойы ілінбеген.



Қайырмасы.

387. КЕРІМ-АУ, АЙДАЙ

(1-нұсқа)

Әндебайдың баласы, атым—Торым,

Қызбен жолдас болғам жоқ бұдан бұрын.

Керім-ау айдай,

Кермиық-ау, аулың қайда-ай.

Қайырмасы:

Керімаймен келісіп жүргенімде,

Айырды ғой мойныма іліп құрым.

Керім-ау айдай,

Сағындым, сәулем, сені ойлай.

Дәйім менің мінгенім кер балағым,

Ренжуден тартады сол қабағым.

Қайырмасы.

Қолым жетпей қор болдым сұм заманда,

Қияметтік қимасым, хош, қарағым.

Қайырмасы.

388. КЕРІМ-АУ, АЙДАЙ

(2-нұсқа)

Көк ала үйрек ұшады көлге қарсы,

Жануардың ұясы желге қарсы.


220

221


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Сағынғанның белгісі сол емес пе,

Орамалға тамады көздің жасы.

Қайырмасы:

Керім-ау, айдай,

Сағындым, сәулем,

Сені де ойлай.

Ауылымның қонғаны Қарағайлы,

Жалған сөз тату досқа жарамайды.

Сағынғанда сені ойлап, қимас қалқам,

Ішкен асым бойыма тарамайды.



Қайырмасы.

389. КИГАЙ-АУ, ҚАЛҚАШ, ҚАЗИЗА

Тоқым салсам жарасар, ей, тел күреңге-ай,

Сіз кеткен соң телмірдім мен біреуге-ай.

Кигай-ау, қалқаш, Қазиза-ай, ау.

Сағынғаннан төрт болып, ей, екі көзім,

Қарайғанға қадалып телміруде-ай.

Кигай-ау, қалқаш, Қазиза-ай, ау.

390. КИГӘЙ-АУ ҚАЗИЗА

Келемін жоғартыңнан-ай, ей, жолмен саулап,

Келеді таңдайымнан өлең қаулап.

Әккигәй,


Кигәй-ау Қазиза.

Ішінде шаршы топтың-ай, ей, тартынбаймын,

Тайлақтай мұрындықсыз-ай омыраулап.

Әккигәй,


Кигәй-ау Қазиза.

222

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



391. КӨЗ САЛМА, ҚҰРБЫМ, 

ӘРКІМГЕ

Көкала үйрек көлдерде байпаңдаған,

Бір сырым бар, өзіңе айта алмаған.

Томағасын сыпырған лашындай,

Айналайын көзіңнен жаутаңдаған.

Қайырмасы:

Әккигай, әрине,

Көз салма, құрбым, әркімге.

Айналайын, қарағым, айтқан сөзің,

Әурелеген жанымды тек қана өзің.

Мені тастап, басқаға мойын бұрсаң,

Жылауменен ағарар екі көзім.

Қайырмасы.

392. КӨЗІҢНІҢ МӨЛДІРІН-АЙ

Барады ауылым көшіп Қызылжарға,

Таң ата шолпан туар сызылғанда.

Көзіңнің мөлдірін-ай.

Осы әнге тамылжытып сала берем,

Көңілім сені ойлап бұзылғанда.

Көзіңнің мөлдірін-ай.

Қайырмасы:

Құлындай керім, майда жал,

Бар ма екен біздей ынтызар.

Ішінде топ қарағай уәделескен,

Көзіңнің мөлдірін-ай.


222

223


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Ұшады аққу көлден тайраңдаған,

Дариға-ай, өткен өмір айланбаған.

Кеткенде ауылың алыс, қимас қалқа,

Жүзіңді сағындым ғой жайраңдаған.

Қайырмасы.

393. КӨК АЙДАЙ

Ей, қалқа, сен де көркем, мен де көркем,

Қосылса екі көркем болады тең.

Дөңбекшіп төсегімде жата алмаймын,

Түскенде сен есіме, сұлу еркем.

Қайырмасы:

Бір ағашта екі алма,

Мен де алмайын, сен де алма.

Анық досым сен болсаң,

Мен кеткенде сен қалма.

Ей, көк айдай, көк айдай,

Күткен сәулем қыз қандай-ай.

Ей, қалқа, сен де шынар, мен де шынар,

Ертеден жаным сүйіп, болдым құмар.

Татымды сөз мәнісін ұғар болсаң,

Тапсаңшы бір лажын көңіл тынар.

Қайырмасы.

394. КӨК АЛА ҮЙРЕК

Жарға ойнаған он жаста лақтайсың,

Он бес жаста толқыған сынаптайсың.

 

Ақ алмас,



 

Қалды-ау кейін қайран жас.



224

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Жиырмаға келгенде кәмел толып,

Өзіңді-өзің менсініп ұнатпайсың.

 

Ақ алмас,



 

Қалды-ау кейін қайран жас.



Қайырмасы:

Қыпшақский мағы еркей-ай,

Ән шіркіннің бұлбұлы-ай.

Мақпал-ай, мақпал,

Әгей көккей-әгей-көккей.

Көк ала қоңыр үйрек секілденген-ой, үй,

Қайтқанда елге таман,

Ахау, шіркін, бикөкемдей-ау.

Ойлап тұрсам дүние шолақ екен,

Ақыл-қайрат жас күнде мол-ақ екен.

 

Ақ алмас,



 

Қалды-ау кейін қаламқас.

Жиырма бес, отыз бес, қайран он бес,

Үш күн қонған үшеуі қонақ екен.

 

Ақ алмас,



 

Қалды-ау кейін қайран жас.



Қайырмасы.

395. КӨКЕЖАН, ИГАЙ

Қараймын қарайғанға бұта ма деп-ай,

Бақырға бау қайнаттым, көкежен, игай, 

    тұта 

ма 

деп-ай.


Аузыңа жарты мейіз жарып салып-ай,

Қараймын тамағыңа, көкежен, игай, 

    жұта 

ма 


деп-ай.

224

225


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Ал, жаным, есім де сен, досым да сен-ай,

Болмай ма қол бұлғасаң, көкежен, игай, 

    келсін 

десең-ай.

Бар дейді жан қалтаңда жарты мейіз-ай,

Болмай ма бүтін берсең, көкежан, игай, 

    жесін 

десең-ай.

Өзіңіз бұрынғының жігітісіз-ай,

Құдай-ау, дәл өзіңіз, көкежан, игай, 

    үміттісіз-ай.

Болғанда алтын сандық, күміс кілті-ай,

Ашатын алтын сандық, көкежан, иғай, 

    кілтімсіз-ай.

396. КӨКЕМ

Барады аулым көшіп Көлме көлге,

Көлме көл көп жер дейді көрмегенге.

Қалқатай, қыс көрмесек, жаз көрерміз,

Көк шығар, жер жарылып өлмегенге.

Қайырмасы:

Көкем-көкем,

Қайтер екем.

Айналып, қалқам сені,

Көрер ме екем?

Әуеде ұшып жүрген сұқсыр үйрек,

Оятқан беттен желпіп, қолдан сүйеп.

Қалқатай, қыс көрмесек, жаз көрерміз,

Түскенде мен есіңе жүрме жүдеп.

Қайырмасы.

15-0262


226

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



397. КӨКЕМ-АЙ

(1-нұсқа)

Айналайын, қарағым, ұтымыңнан,

Құмырсқа бел үзілген мықыныңнан.

Көкем-ай,

Жүрсің бе аман-есен-ай.

Бағаласам, бағаңа жан жетпейді-ей,

Қандай жанның жаралдың тұқымынан.

Көкем-ай,

Көп шалқайма бекерге-ай.

Күміс ерді көтеріп атқа салдым-ей,

Атыңды атап, қалқатай, хатқа салдым.

Көкем-ай,

Көп шалқайма бекерге-ай.

Аулың алыс кеткенде қимас қалқам-ай,

Бір сен үшін жанымды отқа салдым.

Көкем-ай,

Көп шалқайма бекерге-ай.

398. КӨКЕМ-АЙ

(2-нұсқа)

Ендеше, меніменен, меніменен-ау,

Көрінер бешпет сұлу жеңіменен.

Қайырмасы:

Көкем-ай,

Ойнар кезің екен-ай.

Кейінгі қадір білмес, жастар өсті-ау,

Әркімді алсын құдай теңіменен,


226

227


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қайырмасы.

Қараша үй сыртың сұлу әйнегіндей-ау,

Көзіме көрінесің әлдекімдей,

Қайырмасы.

Сенімен әр мақтауға сыйғызайын-ау,

Қапаздың алма мойын шәйнегіндей.

Қайырмасы.

399. КӨЛСАЙДАН АҚҚУ ҰШАР

Өлеңді, оу, жақсы айтады жайын білген,

Қақ жарар қара суда жайын жүрген-ай.

Ойна да күл бұл өмірде аз ғана күн,

Тұрады жан құдайың әзірмін деп-ай.

Көлсайдан аққу ұшар байпаңдаған,

Қалқаға бір сөзім бар айта алмаған-ай.

Су құйып-ау сырлы аяққа тұндырғандай,

Көзіңнен айналайын жаутаңдаған-ай.

Көлсайдың-ау тұнығында балық жүзген,

Балықты бірге ауладық, жаным, сізбен-ай.

Кеткенде-ау сен алысқа, сәлем айттым,

Жолшыдан келіп жүрген, барып жүрген-ай.

400. КӨҢІЛ ЖАЙ

Қонғаны ауылымның ой болса екен,

Қорадан-ау, өріп шығар қой болса екен,

Ахау, бүгін, көңіл жай-ау.



228

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Өзіңмен ойнап-күліп отыратын,

Бірінде екі күннің той болса екен,

Ахау, бүгін, көңіл жай-ау.

Отырсам жаныңызда әнге басып,

Той болып өлеңменен әзілдесіп,

Ахау, бүгін, көңіл жай-ау.

Кез келіп отырғанда сәулетайым,

Қалсақ бір күліп-ойнап, әзілдесіп,

Ахау, бүгін, көңіл жай-ау.

401. КҮЛӘШ-АЙ

(1-нұсқа)

Әнің салсам,

Әніңе салсам.

Әніңе салып,

Аулыңа барсам.

Қайырмасы:

Ей, ақау айым,

Қалқатайым.

Күләш-ай,

Ей, мінезің сенің өзгеше-ай.

Басынан байқап,

Көңілім жай тап,

Ұйықтаса, сәулем,

Оятсам шайқап.

Қайырмасы.


228

229


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Әзілдеп сөзің,

Қиғаштап көзің.

Құмарым тартар,

Бір келсе кезің.

Қайырмасы.

Бәлсініп бір созбай,

Әдепті бұзбай,

Жан қалқа, сәулем,

Уәдеде тұра ғой.

Қайырмасы.

402. КҮЛӘШ-АЙ

(2-нұсқа)

Көрейін байқап,

Жүруші ем тайқап,

Ұйықтасаң, сәулем,

Оятамын шайқап.

Қайырмасы:

Ай, ахау айым,

Өтті-ау уайым, Күләш-ай,

Ал, құлыным, Зәурен-ай, ей.

Әзілдеп сөзің,

Қиғаштап көзің,

Құмарың тарқар,

Бір келсе кезің.



Қайырмасы.

230

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



403. КҮЛЗИПА ЖАЙ

Басында Баянауыл бір топ арқар,

Аққан су жоғарыдан төмен сарқар.

Құрбыласым, Күлзипа-жай.

Осында топ ішінде әнге салсам,

Көңілім жабырқаған, сонда тарқар.

Құрбыласым, Күлзипа-жай.

Ақ үйдің ат байладым кермесіне,

Жалғанның көз жетпейді келмесіне.

Құрбыласым, Күлзипа-жай.

Болғанша таудай талап, бір бақ артық,

Алланың таласпаймын бермесіне.

Құрбыласым, Күлзипа-жай.

404. КҮЛІМ КӨЗ

Сәулемнің кішкентайдан білем жайын,

Басқаның мен не қылам, күн мен айын.

Жатсам түстен кетпейді, тұрсам естен,

Көзіме елестейді, сағат сайын.

Қайырмасы:

Әзілдеп сөзің, күлімдеп көзің,

Құмарым тарқар, бір келсе көзің.

Ей, ахау ләйлім, өтті-ау қайғың, Күләш-ау,

Ей, қызық дәурен!

Асылым айналайын, гауһар тасым,

Бұраң бел, қарақат көз, қиғаш қасым.

Кеткенде аулың алыс сені ойлап,

Өтпейді тамағымнан ішкен асым.


230

231


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қайырмасы:

Жайылған қой ма, бұралған бой ма,

Замандас, құрбым, айттырмай ойла.

405. КҮМІС ҚҰМҒАН-АЙ

Өлең деген-ай немене-ай ой емес пе-ай,

Қызды сұлу көрсеткен бой емес пе-ай.

Мұнда айтпаған өлеңді қайда айтамыз-ай,

Бастарымыз қосылса, той емес пе-ай.

Қайырмасы:

Ай, күміс құмған-ай,

Отта тұрған-ай,

Айналайын көзіңнен

Ашып-жұмған-ай.

Ай, Бекзаттарым-ай,

Жекжаттарым-ай,

Жекжатшылап аулыңа

Кеп жатқаным-ай.

Біріншіден-ай, не жаман-ай, өсек жаман-ай,

Екіншіден, сүймеген төсек жаман-ай.

Ер жігіттің-ай бойында-ай болмаса өнер-ай,

Жақсы екен ғой жүргені есен-аман-ай.

Қайырмасы.

406. КҮНДЕ ҚЫЗЫҚ СӘУЛЕМ-АЙ

Баға жетпес жақсыға бір гауһар тас-ей,

Он алты, он жетіге келгенде жас күнім-ау.


232

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы:

Құмармын өзіңе,

Қой мақпал көзіңе.

Армансыз өтер ем,

Бұйырсаң өзіме.

Сынығындай алтынның, қарағым-ай, ей,

Көрген сайын болды-ау көңілім мас, күнім-ау.

Қайырмасы.

407. КҮНІМ-АУ, АЙДАЙ

Көрінер қызы сұлу Қосқұлақтың-оу,

Ішінде берекесі ешкі-лақтың.

Қайырмасы:

Үрия-оу, ай-ай,

Күнім-ау, айдай.

Той тойлап, тамашалап мен отырмын-оу,

Шығады даусы қайдан қос перизаттың.

Қайырмасы.

Айтамын не деп өлең, жаным, саған-оу,

Ежелден артық еді сенің бағаң.

Қайырмасы.

Бағаңа бағаласам жан жетпейді-оу,

Ту ұстап, тұлпар мінген ата-бабаң.

Қайырмасы.


232

233


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

408. КҮНІШІМ, АЙДАЙ

Айтайын-ау, айт дегесін, ари-айдай,

Білейін қайдан сені бойдай талай.

Қайырмасы:

Әй, угәй, әй, угәй,

Күнішім айдай-ау.

Сөйлей бер-ау, қызыл тілім, жақ барында,

Маңдайда таудай талап, бақ барында.

Қайырмасы:

Әй, угәй, әй, угәй,

Күнішім айдай-ау

Барында-ау.

Тіршілікте ойна да күл,

Бұйрықсыз шыбын шақпас сақтарында.



Қайырмасы.

409. ҚАЗЫНА-АЙ

Ауылым көшіп барады Алматыға,

Кім көнбейді тағдырдың салғанына,

Ей, Қазына-ай.

Бір кетпейсің есімнен, есіл қалқам-ай,

Кетер ме екен біреудің қармағына,

Ей, Қазына-ай.

Қайырмасы:

Ой, Қазына-ай,

Жазғы таңның, ей, азын-ай.


234

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Үріккен аққу, ой, қонбайды,

Қайта айналып, ей, сазына!



410. ҚАЙЛАЙЛІМ

(1-нұсқа)

Басында Қаратаудың қос барабан,

Сол жерден дария шалқып су тараған.

Қайырмасы:

Қайлайлім,

Қайлилайлім-ләйлім.

Әсем қыз сұлу жігіт—бәрі сонда,

Япырым-ау неге келдім сол арадан?

Қайырмасы.

411. ҚАЙЛАЙЛІМ

(2-нұсқа)

Сен дегенде, қалқатай, ойым бөлек, қайлайлім,

Он жасымнан өлеңге болдым зерек, 

 

 



 

 

            қайлайлім-ау.



Тал шыбықтай бұралып сен тұрғанда,

     қайлайлім,

Қима белі өзгенің кімге керек, қайлайлім-ау.

Қайырмасы:

Әне, гүл-гүл тамаша,

Міне, бұлбұл тамаша.

Келші жайнап, келші сайрап,

Келші, құрбым, оңаша-ау.


234

235


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

412. ҚАЙРАН ЖАЛҒАН

Сонау алыс Сауырда қалды-ау сүйген жар,

Аттанарда қош десе алмай болдым-ау зар,

Қайран жалған.

Кербаланың шөліндей құлазиды,

Кең деуші еді бұл дүние, не деген тар,

Қайран жалған.

Таңдай Татыр шетіне жетемін бе,

Құлакер ат тепеңдейді жетегімде,

Қайран жалған.

Таңдап сүйген Алаштан дегдарым-ай,

Ақ жүзіңді бір көре алмай кетемін бе,

Қайран жалған.

Көш асады қайқайып қарлы таудан,

Егей-егей ел едік біз нарды сауған,

Қайран жалған.

Айырды ма шынымен туған жерден,

Бота боздап, сорлаған ел көшіп-ауған,

Қайран жалған.



1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал