МҰра ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес ċ ģ ė Ē ĝı Ĝ ĝē 100 ÎÌ 4



жүктеу 1.84 Mb.
Pdf просмотр
бет1/19
Дата11.01.2017
өлшемі1.84 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Астана 2013

Майлыбаев Бағлан, кеңес төрағасы 

Асқаров Әлібек, жауапты хатшы 

Абдрахманов Сауытбек

Атабаев Қамбарбек 

Аяған Бүркітбай 

Әбжанов Хангелді

Әбусейітова Меруерт 

Әжіғали Серік 

Әлімбай Нұрсан

Байпақов Карл 

Байтанаев Бауыржан

Балықбаев Тахир 

Дүйсембаев Еркін 

Есім Ғарифолла

Жақып Бауыржан

Жұмағалиев Асқар 

Жұмағұлов Бақытжан

Қасқабасов Сейіт

Қозыбаев Ілияс 

Құл-Мұхаммед Мұхтар

Құрманбайұлы Шерубай

Мұхамадиұлы Арыстанбек

Мыңбай Дархан 

Нысанбаев Әбдімәлік

Салғараұлы Қойшығара

Самашев Зейнолла

Сұлтанов Қуаныш

Тұяқбаев Қанат 

Шеңгелбаев Бақытжан

«МӘДЕНИ МҰРА» ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОБАСЫН 

ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС 

ċ ģ ė Ē ĝı Ĝ ĝē

-

100



ÎÌ

ċ ģ ė Ē ĝı Ĝ ĝē

-

100



ÎÌ

4

УДК 821.512.122

ББК 84 (5 Қаз)-5

Б 12

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 

Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік 

маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының

Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері:

Қасқабасов С.A. (төраға), Қорабай С.C. (төрағаның орынбасары)

Жұмасейітова Г.Т. (жауапты хатшы), Әзібаева Б.У., Әлбеков Т., 

Әлібекұлы А., Күзембаева С.А., Қалижанов У.,

Қосан С., Мамыраев Б.Б.

Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының 

Ғылыми кеңесі ұсынған

Томның редакция алқасы:

Қалижанов У., Қирабаев С., Күзембай С., Әзібаева Б., Қорабай С.,

Әлбеков Т. (жауапты редактор), Алпысбаева Қ., Рақышева Ж.,

Орынғали Қ.



Томды құрастырып, баспаға дайындағандар:

Әлбеков Т., Орынғали Қ. (жауапты шығарушы), Оралбек А., Байғазы А.



Б 12  Бабалар сөзі: Жүзтомдық.—Астана: «Фолиант», 2013.

       Т. 100: Ән-өлеңдер.—440 бет.

ISBN 978-601-292-757-3

«Бабалар сөзі» сериясының 100-томына халық ән-өлеңдерінің ай-

мақтық үлгілері, әсіресе Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Моңғолияның Баян 

Өлгий өлкесі мен Қытайдың Шыңжаң өңіріндегі қазақтардың музыка  лық 

мұралары енді.

УДК 821.512.122

ББК 84 (5 Қаз)-5

ISBN 978-601-292-757-3 (т. 100) 

© Әдебиет және өнер институты, 2013

ISBN 9965-619-60-3  

© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2013


4

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Мәде-

ни мұра» Ұлттық стратегиялық жобасы аясында жарық көретін 

«Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын 

әзірлеуді аяқтайды.

Серияның бұған дейін баспаға ұсынылған тоқсан тоғыз 

то 


мы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді 

бөлігі болып саналатын эпостық шығармаларға, ертегілерге, 

шет елдердегі қазақ фольклорына, қара өлең, жұмбақтар мен 

мақал-мәтелдер, аңыздар, шежірелер т.б. жанрларға арнал-

ды. Дәлірек айтқанда, «Хикаялық дастандардың»—он үш, 

«Діни дастандардың»—жеті, «Ғашықтық дастандардың»—он 

бір, «Тарихи жырлардың»—он бір, «Батырлар жырының»—

жиырма, «Мақал-мәтелдердің»—бес, «Қара өлеңнің»—екі, 

«Шежірелік жыр-аңыздардың»—үш, «Ертегілердің»—бес 

то 


 

мы, «Тарихи аңыздардың»—төрт томы, Ауызекі әңгіме-

лер 

дің»—үш, «Ғұрыптық фольклордың»—екі томы және 



«Жұм 

бақтардың», «Балалар фольклорының», «Қазақ миф-

те

   


рінің», «Моңғолия қазақтарының фольклорының», «Топо-

ним дік аңыздардың», «Күй аңыздың», «Аңыздық шежіре лер-

дің», «Аңыздық жырлардың», «Өтірік және мысалдардың», 

«Магиялық фольклордың», «Түс жору және ырымдардың», 

«Хикаяттардың», «Ән-өлеңдердің»—бір-бір томы баспаға 

дайын  далып, басылым көрді. Бұл жинақтардың он екі томында 

Қы   тайдағы,  біреуінде  Моңғолиядағы  қазақтардың  фольк лор-

лық мұралары қамтылды.



6

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Серияның соңғы 100-томы фольклорлық мұралардың ара-

сында өзіндік орны бар, халық жадында аса мол сақталған— ән-

өлеңдерге арналды. Топтаманың 99-томында музыкатану шы-

жинаушылар: А.Затаевичтің, Б.Ерзаковичтің, Б.Ғизатовтың, 

В.Дернованың және Л.Хамидидің, Ғ.Құрманғалиевтың, сон-

дай-ақ 1960-1970 жылдарда ел ішіне шыққан ғылыми экспе-

дициялар барысында жазылған ән-өлеңдер үлгілері енген болса, 

бұл томға аталған жинаушылардың еңбектерінде аз қамтыл ған 

аймақтардың, әсіресе Оңтүстік Қазақстанның, Жетісу өлке-

сінің, Шығыс Қазақстанның, Моңғолия Республикасының 

Баян Өлгий өлкесі мен Қытай Халық Республикасының Шың-

жаң өңірі қазақтарының ән мұралары топтастырылды.

Халықтың мәдени мұралары, өнері саясатқа, шекараға 

тәуелді бола бермейтінін Қазақстанның көрші елдермен 

жүргізіп отырған қазіргі қарым-қатынасы, мәдени байланыс-

тары көрсетіп отырғаны баршаға мәлім. Әсіресе, көршілес 

жатқан Қытай-Қазақ елдері өздерінің ішкі-сыртқы саясатта-

ры бар жеке мемлекеттер болғанымен, Тәңір тауы мен Алтайға 

дейінгі аралықты бойлай шекаралас, қоныстас отырған жұрт—

бір халық, біртұтас ұлт екендігі, әлі күнге шейін шекара-

ның екі жағында бір рудың, тіпті олардан тараған бір ата ның 

ұрпақтары мекендеп жүргендігі, сондықтан олардың рухани 

жақындастығы, ән-өлеңдердегі сақталған бірегей дәстүр үзіле 

қоймағаны да белгілі. Сондықтан кейбір ән мәтіндерінің нұс-

қалары қазақтар тығыз қоныстанған жерлердің бәрінде кез десе 

беретіндігін заңдылық деп есептеуге болады. Мысалы, Қазақ-

стан өңірлерінде қалыптасқан ән-өлеңдердің лирикалық, тари-

хи, философиялық сипаты басым болса, шетелдік қазақтарға 

тән музыкалық мұраларда көшпелі тұрмыс-салт, туған жер мен 

өскен елге деген сағыныш, баянсыз махаббат, орындалмаған 

аңсар-арман, дархан көңіл, табиғат тынысы т.б. тақырыптар 

басым болып келеді.

«Бабалар сөзі» жүзтомдық сериясын түйіндеп отырған 100-

том зерттеуші З.Керееваның әнші-ақын М.Байбатыровтан 

жазып алған «Жетісу қазақтарының 54 халық әні» қолжазба 

жинағы (1957), сондай-ақ М.Бестібаевтың «Қазақ әндері» 



6

7

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН



(1957), К.Төлеутаевтың «Балқаш өңірінің әндері» (1989), 

Р.Темірбаевтың «Қазығұрт әуендері» (1991), С.Медеубекұлы 

мен Б.Мүптекеевтің «Жетісу әуендері» (1998), Қ.Ақмерұлының 

«Моңғолия қазақтарының әндері» (1983), Ә.Бафинаның «Синь-

цзян қазақтарының халық әндері» (1959), Д.Кенешұлы 

ның 


«Алтай-Тарбағатай өңірінің халық әндері» (1,2-кітаптар, 2008), 

А.Әнуарбекұлы, Н.Қиясбекұлы т.б. құрастырған «Қоңыр әуен» 

(2009) жинақтарында жарияланған халық әндері мәтінде рінің 

негізінде дайындалды.

Бұл ретте қалың оқырманның назарына салатын бір мә-

селе—ең алдымен, халық әндерін жинау, жариялау осы екі 

томдық басылыммен шектелмейтіндігін ескерту, құлаққағыс 

ету. Себебі 2012-2013 жылдары М.О.Әуезов атындағы Әдебиет 

жә не өнер институты ұйымдастырып, Моңғолиядағы, Ресейдегі, 

Өзбекстандағы, Қарақалпақстандағы, Қытайдағы қазақтар ты-

ғыз қоныстанған өлкелерді аралап қайтқан экспедициялар-

дың жинаған мәліметтеріне, материалдарына қарағанда, әлі де 

халық жадында сақталғанмен, хатқа түсірілмеген музыка лық 

мұралар аз емес. Тіпті, Қазақстан көлемінде де сарқыла жина-

лып болған жоқ. Мәселен, Шыңжаңда жарық көрген «Қазақ 

ауыз әдебиетінің қазынасы» көптомдығының «Халық әндері» 

(17-том. 2011) жинағына енген 683 ән мәтіні жүйеленіп, бұл 

томда қамтылмады.

Екіншіден—халық әндерін жүйеге түсіру, текстологиялық 

сараптаулар жүргізу, хронологиялық тұрғыда мерзімдеу т.б. 

жұмыстардың өте күрделі екендігін қаперге салу. Себебі бүгінгі 

таңда ән мұраларды ешбір ғылыми дәлелсіз ХІХ ғасыр мен 

ХХ ғасырдың басында өмір сүрген халық композиторлары-

ның, әнші-ақындардың, сал-серілердің авторлығына телу үр-

дісі белең алғандықтан, оларды бір-бірінен ажырату, тұжы-

рымды пікір айту ұзақ уақытты, зерделі зерттеулерді талап 

етеді. Сондықтан бұл томды дайындауда жинаушылардың мә-

ліметтері ғана назарға алынды.

Топтаманың ұстанымдарына сәйкес, томға енген мәтіндер 

әліпби бойынша жүйеленіп, реттік санмен нөмірленді. Томның 

ғылыми қосымшасына: томға енген мәтіндерге түсініктеме, 

 


8

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

мәтіндерде кездесетін тарихи, діни есімдер және ру атаулары, 

сөздік, жер-су атаулары, томға енген мәтіндерді жинаушылар 

мен жариялаушылар туралы мәлімет, шартты қысқартулар, 

пайдаланылған әдебиеттер, мұрағат және қолжазба қорлары 

және томның орыс, ағылшын тіліндегі түйіндемесі енді.

Томның көлемі—27,5 б.т.



8

10

10

1. А, КҮНІМ

Дәйім менің мінгенім Шұбалаңкер,

Қос сақина қолыңда бұрама зер.

Қайырмасы:

А, күнім, бұлбұлым,

Қалайша сәулем көңілім.

Алыс ауылың кеткенде, қалқатайым,

Көзге күйік болады ойнаған жер.

Қайырмасы.

Дәйім менің мінгенім қарала тай,

Неге міндім, шіркін-ай, тағаламай.

Қайырмасы.

Кәмшат бөрік шекеме қырын киіп,

Жүруші едім мен-дағы жан жаратпай.

Қайырмасы.


12

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



2. А, ҚАЛҚА-АУ

А, қалқа-ау,

Ғашық болдым әуел баста.

Ғашық оты мағлұм,

А, қалқау, кәрі жасқа.

Қайырмасы:

 Әйи-яю


 Әйи-яю-ай.

Бірге өстім кішкентайдан біте қайнап,

Көңіліңде бар ма,

Уәде, а, қалқа-ау, менен басқа?

Әріптес сен дегенде қуанамын,

Еңкейіп жез шәйнекпен су аламын.

Кеткенде ауылы алыс, ей, қарағым,

Мойнында асасы жоқ дуанамын.



Қайырмасы. 

3. А, ҚҰРБЫМ, АЙДАЙ-АУ

Есік алды қара су бойламадым-ей,

Бұл жалғанның өтерін ойламадым.

Қайырмасы:

А, құрбым, айдай-ау.

Бұл жалғанның өтерін білген болсам-ай,

Құлын-тайдай айқасып ойнамадым.



Қайырмасы.

12

13

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



4. А, ШІРКІН

Ат жақсы арғымақтан, шабыс болса,

Жат жақсы ағайыннан, а, шіркін, 

 

 



 

 

        таныс болса-ай.



Дұшпаның досыңменен табалайды,

Аяғың бір нәрседен, а, шіркін, шалыс басса-ай.

Жүгірсе аттың бәрі бурылдай боп,

Ойнаса жанның бәрі, а, шіркін, 

    құрбыдай 

боп-ай.


Дауысың бесенеден беп-белгілі,

Сайраған таңертеңгі, а, шіркін, 

    бұлбұлдай 

боп-ай.


5. А, ШІРКІН, ЖАНАЙ-АУ

Ақша қарда жорытқан қояндайсың-ей,

Шөп-шөп сүйсем бетіңнен, оянбайсың.

Қайырмасы:

А, шіркін, жанай-ау.

Екі көзің күн нұры жарқыраған-ей,

Қандай жанға өмірлік баяндайсың.



Қайырмасы.

Ары өтейін аулыңнан, бері өтейін-ей,

Ақ алмасын арудың тере өтейін.

Қайырмасы.

Шын пейіл, шын көңілің менде болса-ей,

Алтын қобыз қолға алып әндетейін.

Қайырмасы.


14

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



6. А, ШІРКІН, ҚҰРАЛАЙ КӨЗ

Ертісте емес, ауылым Шеміршекте,

Қыздарда емес көңілім, әй, гигой, 

    келіншекте-ай.

Ойнап-күліп жүруші ем қыз-келіншекпен,

Әттең, шіркін, қалыпты еріншектеп-ай.



Қайырмасы:

А, шіркін, құралай көз қалдың кейін,

Өкінбе өткен іске деген дейін-ай.

Ендеше сусыл сары, сусыл сары,

Жүргенде сусылдайды-ай, гигой, 

   аттың 

жалы-ай.

Түскенде сен есіме, әттең, қалқа-ау,

Құриды саған деген ынтызарым-ай.

Қайырмасы:

А, шіркін, құралай көз, қалдың кейін,

Өкінбе өткен іске деген дейін-ай.

7. АБАЙ, КҮНІМ-АЙ

Қалам алдым қолыма, ей, өрнекпенен,

Бір ғанибет жақсыны көрмек деген.

Қайырмасы:

Абай, күнім-ай,

Ай—күнім-ай,

Апыма (ай) ой, айгагай



14

15

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Бір белгісі өнердің, ей, көрінеді,

Жіп тартатын мәшине шөлмекпенен.



Қайырмасы.

Мына сөздің келпеті, ей, келген жері,

Бәрі де анық адамға өлмек деген.

Қайырмасы.

Бағаң артық баласың, ей, әуес қылар,

Кімдер мініп жорғаны терлетпеген.

Қайырмасы.

8. АБАЙКӨК

(1-нұсқа)

Бойында бұл Қобданың ши бар ма екен,

Оюда шебер ойған мін бар ма екен?

Қайырмасы:

Ей, Абайкөк,

Жерің шалғай-ей,

Амал жоқ.

Ант ішкен айрылмастай екі қалқа,

Көретін қайта айналып күн бар ма екен?



Қайырмасы.

Немене өлең деген ермек деген,

Саудагер ел ішінде көлбектеген.


16

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы.

Кеткенде ауылым алыс, ей, қарағым,

Зар болдым көлеңкеңе елбектеген.

Қайырмасы.

9. АБАЙКӨК

(2-нұсқа)

Қараойда ма аулың, боз талда ма, Абайкөк,

Қарай-қарай артыңа, көз талды ма, Абайкөк?

«Әй-ау» десем артыңа қарамайсың, Абайкөк,

Шыныменен көңілің бек қалды ма, Абайкөк?

Қайырмасы.

Есік алды монша сай,

Басына бұлбұл қонсашы-ай.

Күнде жиын, күнде той,

Заман сондай болсашы-ай.

10. АБАЙКӨК

(3-нұсқа)

Берейін әнге салып жамағатқа, үй Абайкөк,

Бұл өлең мұра болған азаматқа, ей.

Жерің шалғай, ей, амал жоқ.

Осында үлкен де отыр, кіші де отыр, үй,

      


Абайкөк,

Көрсем да артық болмас саламатпа-ай,

Жерің шалғай, ей, амал жоқ.


16

17

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Сөйлейін сөйле десең, халқым қалап, үй,

     


Абайкөк,

Елімнің мерекесін құтқа балап-ей!

Жерім шалғай-ей амал жоқ.

Өсе бер ортақ дәулет күнде мыңнан, үй,

      

Абайкөк,


Мәпелеп еңбекті елім тұр аймалап, ей,

Жерім шалғай, ей, амал жоқ.



11. АБАЙКӨК

(4-нұсқа)

Күміс те алтын, мыс та алтын, алтын да алтын,

Сыр болмайды жақсыда айтылмайтын.

Қайырмасы:

Абайкөк, гүлім-ай деп,

Өтті-ау жалған, қайтейін,

Дүние-ай деп.

Бәрі бірдей сыртынан алтынмын дер,

Отсыз, ойсыз жел сөзбен сарқылмайтын.



Қайырмасы.

Досым жайлы, ей, қалқа, досым жайлы,

Ынтымағы жаманның қосылмайды.

Қайырмасы.

Алды-артын ойлайтын ер-азамат,

Дүниеге мастанып отырмайды.

Қайырмасы.

2-0262


18

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



12. АҒАЖАН—АЛТАЙ

Елім кетіп аңырап-а, ай, жерім қалды,

Асқар асу, шұрайлы белім қалды.

Қайырмасы:

Ағажан, Алтайдай жер қайда-ай.

Өр Алтайдан дүркіреп ел көшті ғой,

Ақ даланың бойынан оқ есті ғой.



Қайырмасы.

Қара арғымақ сүрініп қу томарға,

Қара нардың бұйдасын жау кесті ғой.

Қайырмасы.

13. АЙ ҚАРАҢҒЫ, ТАҢ ЖАРЫҚ

Өлең де өнер, жігітке өнер де өнер, жан сәулем,

Өрге шапса, шын жүйрік өршеленер.

Қайырмасы:

Ай қараңғы, таң жарық,

Ей, құрбылар ойнашы-ай.

Осындайда құрбылар күл де ойна, жан сәулем,

Жанып тұрған шырағың бір күн сөнер.

Қайырмасы.


18

19

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



14. АЙ, БҰЛБҰЛ

Ұстағаным қолыма қалам еді-ай,

Бәрімізден бұл жалған қалады енді-ай!

Қайырмасы:

Ай, бұлбұл,

Қызыл гүл,

Өтіп дәурен барады,

Тіршілікте ойнап-күл.

Сен сұрасаң өлеңді, мен айтайын-ай,

Жазып алғын осылай, балам, енді-ай!

Қайырмасы.

Өлең деген, ендеше, өлең деген-ау,

Өлең десе, құлағым елеңдеген-ау.

Қайырмасы.

Өрнегіне келтіріп әуен қоссаң-ау,

Өлеңің өзгермеген, көнермеген-ау.

Қайырмасы.

15. АЙ, ЖАНЫМ, ҚАЛАР КӨҢІЛІҢ,

ҚОЙ ЖАНЫМ

Басы еді өлеңімнің сексен сегіз,

Шықпайды тауға бидай екпесеңіз.

Қайырмасы:

Ай, жаным, қалар көңілің,

Қой жаным, қой.


20

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Кез болған қиуада қимас қалқам-ау,

Берейін өлең айтып сөкпесеңіз.



Қайырмасы.

Басынан қара таудың қарай жаттым-ау,

Беліме күміс белбеу орай жаттым.

Қайырмасы.

Кез болған қай ауылда-ей, құрбылар-ау,

Жол тосып жолаушыдан сұрай жаттым.

Қайырмасы.

16. АЙ, КҮНІМ-АЙ

Асыл құмған, ендеше, асыл құмған-ай,

Айналайын көзіңнен, ай, күнім-ай, 

    ашып 

жұмған-ай.

Әкең сұңқар болғанда, шешең—тұлпар-ай,

Неге жаман боласың, ай, күнім-ай, содан туған-ай.

Әруағына сиынған Биекенің-ай,

Жаман білмес жақсының, ай, күнім-ай, 

    кім 


екенін-ай.

Қайда жүрсе жақсының жаттығы жоқ, ай,

Жақсы болсаң боларсың, ай, күнім-ай, 

    бір 


мекенім-ай.

17. АЙ, ҚАРА КӨЗ

Жарапсың ғой, жаным-ау, сірә, зерек,

Замандасым, басқадан жөнің бөлек.


20

21

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы:

Ай, қара көз,

Қалмасын айтылмаған

Ойдағы сөз.

Күндіз ойдан кетпейсің, түнде түстен,

Тал бойыңда мінің жоқ жасыл желек.



Қайырмасы:

Ай, бұлбұлым,

Жүрмісің сау-сәлемет

Қызыл гүлім.

Айналайын қарағым, қара қасым,

Қос иықта бұралған қолаң шашың.



Қайырмасы.

Өзіңменен бір болсам бұл өмірде,

Болады ғой бақытты менің басым.

Қайырмасы.

18. АЙ-АЙ, СӘУЛЕМ-АЙ

Барады көшіп аулым Көлме көлге,

Көлме көл алыс дейді.

Ай-ай, сәулем-ай, көрмегенге-ай.

Түскенде сен есіме, ей, қарағым,

Жүремін әрең шыдап,

Ай-ай, сәулем-ай, өлмегенге-ай.


22

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қалқатай етің аппақ қояндайсың,

Ән салсам үй сыртынан,

Ай-ай, сәулем-ай, оянбайсың-ай.

Бірге өскен кішкентайдан, замандасым,

Дәм тартып әлдекімге,

Ай-ай, сәулем-ай, баяндайсың-ай.



19. АЙ-АЙЫМ

Қалқаның сағынғанда салған әні,

Үзілтіп, үлбіретіп толғағаны.

Келешек өмір ісін болжаймын деп,

Езілтіп, ет жүректі қозғағаны.

Қалқатай, айым да сен, күнім де сен,

Қасқа тісің көрінер, күлімдесең.

Бойыма ішкен асым тарамайды,

Көзіме жарты сағат көрінбесең.

20. АЙДАЙ

(1-нұсқа)

Айт дегенде өлеңді-ай, аяйын ба,

Жаңа келдім жақсының, айдай, маңайына-ай.

Ән салайын құрбының-ай көңілі үшін,

Бір серпілмей мұндайда, айдай, қалайын ба-ай.

Қайырмасы:

Айдай, айдай,

Атқан таңдай.

Екеуің айдай,

Жаққан шамдай-ай.


22

23

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Етігімнің өкшесі-ай айнала жез,

Айналайын көзіңнен, айдай, дөңгелек көз-ай.

Екі ауылдың екеуіміз-ай ардағы едік,

Жел айдаған қаңбақтай, айдай, болдық қой кез-ай.



Қайырмасы.

21. АЙДАЙ

(2-нұсқа)

Жоғартыннан келеді бесті мінген,

Ұзақ жерге кетеді кешке жүрген.

Бағаласам, бағаңа жан жетпейді,

Жақсы ауылдың баласы есті білген.

Қайырмасы:

Ат байладым шарбаққа,

Ауылыңа бармаққа.

Суда балық сен болсаң,

Ілінерсің қармаққа.

Жоғартыннан келеді бие мінген,

Құйысқанын салмайды, түйе мінген.

Бағаласам, бағаңа жан жетпейді,

Жақсы ауылдың баласы жүйе білген.

Қайырмасы.

22. АЙДАЙ

(3-нұсқа)

Аулым көшіп барады Алмалыға,

Ой бөлмеймін шын істің, айдай,

   Жалғанына-ай.



24

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Бір кетпейтін есімнен есіл, қалқам,

Жетер ме екен қол созған, айдай,

   Арманына-ай.

Аулым көшіп барады Алмалыға,

Кім көнбейді Алланың, айдай,

   Салғанына-ай.

Бір кетпейтін есімнен есіл, қалқам,

Кетер ме екен біреудің, айдай,

   Қармағында-ай.

23. АЙДАЙ

(4-нұсқа)

Айтагенің айтайын ән баяулы,

Жарлы болар жігіттің айдай жаны, аяулы-ай.

Тіршілікте қалайық күліп-ойнап,

Өтіп жалған барады, айдай, күн санаулы-ай.

24. АЙДАЙ

(5-нұсқа)

Шәлкөденің басында алмалы едім,

Қымыз емес ашыған саумал едім-ай.

Қалың шөбің, Шәлкөде, бір көрінсе,

Шәй көрпеде жатқандай аунар едім-ай.

Қайырмасы:

Арқадан соққан жасыл жел, айдай,

Торғайдай тозған қайран ел қайда-ай?!

Елім барды-ай кейінгі Көлме көлге,

Алыс дейді Көлме көл көрмегенге-ай.


24

25

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Артта қалған Сәбетте-ау, қайран елім,

Ұшар қанат менде жоқ сен дегенде-ай.



Қайырмасы:

Арқадан соққан самалың,айдай, 

Өтіп бір кеткен заманым, айдай.

25. АЙДАЙ, АЙДАЙ

(1-нұсқа)

Сен сен еді, сен еді сен кеткен соң,

Сеңгір таудан ит үрмес ел кеткен соң.

Ат тұяғын тай басар дегендейін,

Сендей болар ма ер жеткен соң.

Қайырмасы:

Айдай-айдай,

Қаршыға алған шығады,

Қоян аулай.

Базардан алып келген күміс қасық,

Емілдің өте алмадым суы тасып.

Аулың алыс кеткенде, алыс сәулем,

Жүрейік ақ қағазбен амандасып.



Қайырмасы.

Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 1.84 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет