Монография «Тұран-Астана»



жүктеу 1.64 Mb.
Pdf просмотр
бет16/27
Дата09.01.2017
өлшемі1.64 Mb.
түріМонография
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27

1.2.4  ЕЛБАҒУ.  АБАЙ  ОЙЛАРЫ
Абай қазақ елі тағдырын, бір гана Тобыкты тайпасы шеңберімен, 
тіпті,  тек  қазақ  халқы  мүдделерімен  ғана  шектемей,тереңірек, 
ауқымы, талғамы  әлемдік деңгейге де  құлаш  сермей,  ой  орісін 
баптап жайлаған саясатшы ретінде де өзін таныстыра білді. КПСС 
жаппай  қуғын-сүргін  үстемдігі  заманында  бір  ғана  бірден  бір 
«данышпан»  саясат  деп,  тек  лениндік  партияның  таптық, 
пролетарлық саясаты на табындық қой. «КПСС пен халық біртүтас» 
деген жалған қагиданы жөргектен бастап қүлағымызга қүйып, ми 
жылғаларына сінірмекші болды. КСРО жайлаған халыктар санасын 
КПСС  саясаттың  не  түрлі  «меруерттей»  тізілген  «айла  мен 
амалдың»темір  қүрсауында  қысып  үстап,  санамызды  жалған 
дақпыртпен, сагым куған ұрандармен уландыруға тырысып бақгы.
203

Тілті миф заманынан келе жатқан аңыз-ертегі эңгімелердің өзш де 
«партиялық», «таптық» тұрғыдан қарауға мэжбүр етті гой. Хан- 
төрелер эулетін қанаушы таптың өкілі деп, таптық жауымыз деп, 
маңына жуымадық, жаксы мен жаманы бір қалыпта кегп. КПСС 
ұлттық  қағидасы  мен  саясаты  халықтардың  шынайы,  адал 
достығы игілігіне ақ ниетпен қызмет атқара алмады. КСРО-ның 
құрамына  кіретін  халықтардың  рухани,  мэдени  өмірі  Кремль
қалауынша «социалистік мазмұн жэне ұлттықтұр» деген жалған 
дақпырт пен алдамшы саясаттың кұрсауында, иелігінде, қарауында, 
бағуьшда болды. Абайды қоғам қайраткері, көреген саясатшы деп 
бастан  айтып  келеміз.  Осы  ойды  Абай  шыгармалары  арқылы 
негіздеп дэлелдемекке бет алдық. Абай қандай саясатты қолдады, 
жүргізді?  -деген  сұрақ  еріксіз  көмейге  келіп  тіреледі.  Кімнің 
саясатын,  орыс  патшалығы  экімшілігінің  бе?  Туған  халкының 
мүдделерін қорғады ма?!  Сұрақтар көп. Сұрақтардың өзектісі - 
Патш алық  Ресейдің  отарлау  саясатын  қолдады  ма?  Бай-
феод алдардыңру-тайп алыққа негізделген саясатын жақтады ма?
-  деген  сұрақ та суырылып  алға ұмтылады.  Жоғарыда:  «Тарих 
қойнауынан»;  «Алаш  мәселесі»;  «Әйел тағдыры»  атты  Бірінші 
бөлімнің тармақтарында Абайдың қоғамдық көзқарастары қандай 
саясатты жақгап, қорғағаны туралы айтып, өз іүсінігімізді жегкізуге 
талаптандық. Абай «таптық мүдде саясатына» көтеріле алмады
деген  пікір  де  болды.  Пролетарарлык  саясатгы  дэріптеп,  хан- 
төрелер түқымына қарсы таптық өшпенділік рухында тэрбиелендік 
қой. Мыңжылдық тарихымызға «ескінің қалдығы» деп жиренішпен 
қарап, мүны да эр саққа жүгіртіп,таптыққа бейімдедік, біртіндеп 
ұмыта бастадық. Қазақ халқының шынайы тарихы - тек орыстың 
Октябрь революциясынан басталады деп, не кенеуі, не арнасы жок 
қағидаға  бар  ар-үятымызды,  білім  мен  ғылымды,  өнер  мен 
мәдениетті  бағындырып,  тарихымызды  өрескел  бұрмалап, 
«партиялықгы», «кеңестікті» мадактап, шашбауын көтергенге мэз 
болдық. ¥лы  Абай айтқандай:
204

Ендігі жүрттың сөзі - үрлық-қарльщ,
Саналы  жан  көрмедім  сөзді ұгарлық.
Осы  күнде,  осы  елде дәнеме жоқ 
Мейір қанып,  мәз  болып  қуанарлық.
Қандай  да  мемлекет,  жүз  жерден  өзін  конституцияшыл,  не 
дем ократияш ы л,  құқықш ыл  деп  санам асы н,  халықтың 
қолдауынсыз,бұның тұракгылыгы баянсыз. Саясатгы В.И. Ленин
түсінігімен үгып тарқатып келдік, яғни экономиканың жиынтық 
көрінісі деп есептедік. Немесе экономиқалық үстем таптың билігін 
жүргізегін құрад^еп озбырлыққа жол ашылып, заңды заңсыздықгы 
шоқпарына айналдыруға жол ашты. КПСС кемелденген социализм 
туралы ілімін «жалпыхапыктық мемлекет» теориясымен қорғауға 
тырысып бақты.  Ал  шындығында «жалпыхалықтық»  мемлекет 
КПСС-тің КСРО-ға кіретін халықтарды жаныиггап, езгілеуцің area 
оғы, шапса қылышы болды. Бұган куэ - Қазақстанда орын алған 
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің аяусыздықпен жанышталуы. 
Абайдың философиялық сөздерінің эрбірін  жеке-дара алғанда, 
барлығының өн бойы сатылап, бірінен келесіне ауысқан сайын - 
өзекгісі, тағдырлы мэселесі бар ма? - деп, сұрак қойып, жауабын 
берсек: адамтану, қогамтану мәселелері. Абай логикасына жүгінсек: 
«Иэ,  осылай  дсп  кабылдаймыз»  десек.  Сонда  ғана  Абай  - 
«жұмбақгығы» сырын ашып, ғылыми-теориялық қағидаларының 
мэнін үғуга, «ниеттеніп білмекке»  «бет қойған» болар едік.
Адамтану - Абай түсінігінде, талдауында адамның: тіршілік 
қамы, еңбегі, арман-тілегі, сезім, ақыл, сана дүниесі, мінез-қүлқы, 
ой саптау мен ойлау мәдениеті. Қоғамтану қысқа түйіндеп айтсақ- 
«ел багу»: қогамдық, саяси-элеуметгік, өндірістік қатынастары; ішкі 
жэне сыртқы саясат мэселелері. Сүрыптан түйіндесек, үш мэселе: 
Экономика, Саясат пен Ғылым. Қазақ халқының білімге өте зэру 
екендігін сөз етеді. Қазақ ел ін ең алдымен орыс халқының өнерінен, 
ғылымы  мен  шаруашылығынан  өнеге-тэрбие алуға шақырады. 
Мэселен, Жиырма бесінші сөзін мүқиятоқып талдағанда, мынабір 
таң қапарлық жағдайға тап боласың. Абай екі Россияны - патшашыл
205

шенеуніктік  Ресей  мен  орыс  халқының  Ресейі  барын  терең 
аңғарады. Бұны жоғарыда патша экімшілігі өкілі - жандаралмен 
Абайдың кездескен сәтгерінде анық байкалады. Абай пікіріне қүлак
асайық.
«Орысша оку керек, хикмет (керемет, ғажайып, сыр, ақыл/қалам 
иесі/) те, мал да, өнер де, ғылым да - бэрі орыста тұр. Залалынан 
қашық болуға, пайдасына ортақ болуға, тілін, оқуын, ғылымын 
білмек керек. Оның үшін олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. 
Сен оның тілін білсең, көкірек-көзің ашылады. Әрбіреуцің тілін өнерін 
білген  кісі  соныменен  бірдейлік  дағуасына  (Теңдікке  үндеу 
хақысына  ие  болады  /қалам  иесі/)  кіреді,  аса  арсыздана 
жальшбайды... Орыстың ғылымы, өнері - дүниенің кілті, оны білгенге 
дүние арзанырақ түсед і. Лэкин осы күнде орыс ғылымын баласына 
үйреткен жандар соньщ қаруымен тағы қазақгы андысам екен дейді. 
Жоқ,  олай  ниет керек емес.  Малды  қалай  адал  еңбек  қылғанда 
табады екен, соны үйретейін, мені көріп жэне үйренуішлер көбейсе, 
ұлықсыған орыстардың жұртқа бірдей законы болмаса, законсыз 
қорлығьша көнбес едік.  Қазаққа күзетші  болайын деп, бізде ел 
болып, жүрт білгенді біліп, жұрт қатарына қосылудың қамын жейік 
деп ниеттеніп үйрену керек.» 
(Соифа,  119-120 66.).
Абай талдауьгада:  орыстың «тілін, оқуын, ғылымын білмек 
керек»;  «білгенге дүние  арзанырақ түседі»;  «ниеттеніп  үйрену 
керек» - деген ойлау аялдамалары бүгінде де көп ойға қалдырады. 
Мәселен  100 пайыз «сауатты» қазақтың қанша пайызы қазақша, 
үлтгық сауаттылыққа жатады деген пікір КПСС билігі заманында 
тіпті ойға кіріп те шықпайтын. Себебі, бірінші орында қазақша 
сауаттылық емес, орыстандыру пайызы түрды емес пе? Қазір қазақ 
мемлекегі саяси жэне экономикалық тәуелсіздігінің тірегі -казактьщ 
қазақша сауатгылыгына да байланысты. Қазақтілі, қазақхалкының 
қазақша  сауаттылығының  тағдыры  XXI ғасыр табалдырығын 
аттап түрған тәуелсіз Қазақ елі үлттык мемлекеті алдындағы ең 
жауапты, тағдырлы мэселенің бірі болып тұр. Сондықтан болар, 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Жарлығымен  Тілдерді
206

қолдану  мсн  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасы  бекітілді. 
Қазақстан Республикасы Президента Баспасөз қызметінің<<Тіддерді 
қолдану  мен  дамытудың  мемлекеттік  багдарламасы  туралы» 
Елбасы Жарлыгынатүсіндірмесінен мемлекеттік тілді қоддану мен 
дамытуга  арналған  бағдарламада  белгіленген  шараларды
келпрсиік:
«Мемлекеттік багдарлама мынандай бағьггтарда іс-шарапарды
жүзеге асы руды көздеиді:
-  қогамдық  өмірдің  барлық  саласында,  эсіресе,  ғылым, 
білім,мэдениет, б^қаралық ақпарат құралдары, мемлекетгік басқару, 
сот ісін жүргізу салаларында мемлекеттік тілді барынша дамыгу;
- іс жүргізуді кезең-кезеңмен мемлекеттік тілге көшіру үшін 
нақты база жасау;
- республика азаматтарының мемлекеттік тілді еркін жэне тегін
меңгеруі үшін жағдаи жасау;

анатілінде сөйлеу, тэрбие беру, оқыту жэне шыгармашылық 
тілін еркін таңдау үшін қажеггі жағдайлар қалыптастыру» 
(Қараңыз: 
Егемен Қазақстан.  Үлттық қогамдық-саяси газет. № 17 (22003). 
26 қаңтар,  сейсенбі,  1999 жыл).
Патшалық  Ресей  отары  болған  жағдайдың  өзінде  қазақ 
халқының қолы көп нәрсеге жететінін Абай ерекше ескертті ғой. 
Мүмкін, қазақ ішінен гыл ыми да сауатты, саяси да белсенді, өнерлі, 
жаңа технологияга да икемді, эрі бейім адамдар көптеп шығып,
қазіргі аитып жүрген мэдениетп, эрі оқыған ғылым мен технология 
заманына  сай  білімді,  қоғамдық  басшы  элита  қалыптасса, 
халықгында жалпы сауаты, білімі жетіле түсіп, тәуелсіздік, азапгшыл
V #
оиы да оянып, үлтгық намыс пен тәуелсіз сана деңгеиіне көтерше 
түскен болар еді. «Орыстың... законсыз қорлығына көнбес едік» 
деуінде Абайдың саяси-әлеуметтік астарлы ой үшқыны бар емес
пе?!
Абай саясатының ерекшелігі - халықтық, үлтгықтамырымен 
тығыз байланысында. Мүхтар Эуезов айтатын Абайдың «тікелей 
халыктығы қасиеттері», мүның саяси көзқарасы мен іс-қимылының
207

халықгық багытын танытады. Осыған дэлел тарихи деректі жэне 
ғылыми-теориялық негізді Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» 
роман-эпопеясынан  және  Абайдың  тікелей  өз  шығармаларын 
мұқият оқып, танысып, зерттесек, молынан кездестіруге болады.
Осы  жайды  бастан  айтып,  дәлелді  негіздеп  келеміз.  Абай 
саясаты ны ң  халы қты қ  сипаты н  М ұхтар  Ә уезов  әдеби- 
көркемтанудың құралдарымен: эпизод, сюжет, кейіпкер, образ, тип, 
тарихи тұлға, тарихи ауқымды көріністер т.б. ғылыми ұғымдар, 
қағидалар, өзіне тэн «менікісі» арқылы шебер бейнелеген. Бұл жерде 
«менікісі» танымдық та, логикальщ та қызмет аткарып тұрғанын 
ескеру  қажет.  Мүхтар  Әуезовтің  «Абай»,  «Абай  жолы»  роман- 
эпопеясының  төртінші  кітабының  «Қастықта»  атты  бесінші 
тарауында 
(Қараңыз:  Жиырма  томдыц  иіыгармалар  жинагы. 
Алтыниіы  том.  Абай  жолы.  Роман-эпопея.  Төртінгиі  кітап.
Алматы:  Жазушы,  1980.  223-296 бб.)
Абай  қоғам  қайраткері,  күрескер,  азат  ойшыл  жэне  әділ 
саясатшы  ретінде  ерекшелене,  даралана  бейнеленген.  Сөз  етіп 
отырган  тарауда  Абай  Абайдың  саяси  қызметі,  кемелденген 
ойшылдыгы, ақындыгы көреген саясаткерлігімен толықгырылып, 
шиеленіскен күрес, тікелей қоғамдық іс үстінде көреміз. Өмірдің 
өріне шыққан Абайдьщ осы бір оте күрделі кезеңін: «Абай - тарих 
жэне уақыт куәгері» - деп түйсек, фил ософиялык түрғыдан қарасақ: 
ізденіс тақырыбы мазмұнына сэйкес. Себебі, «Абай», «Абай жолы» 
роман-эпопеясы  заман  сырын  бейнелеп,  қазақ  халкынын 
жартыгасьфлық дамуы тарихы шежіресін тарқатады.
Жартығасырлық тарихтың беташары «Қарашоқы трагедиясы».
Бүл болса Абайдың «қиянатшыл дүниеден» алған саяси сабагынын 
алғаш қадамы. Абай - шэкірт бала он үш жаста, ал Арқатга өткелі 
отьфған  Шербешнай  сиязы  түсында  жасы  елуден  асқан  шағы 
болатын.  Рушылдық  қоғамды  айықпас  дертке  ұшыратқан 
қайшылықтар  түйіншектері  элі  де  шешілмей  келе  жатқанын 
ескертеді.  Қарқаралы дуаны  бірінші кітапта;  Балқыбек  сиязы  - 
екінші; Қарамола Шербешнай сиязы үшінші кітапта, міне, тарих
208

белестері осындай. Арқатта өткелі отырган Шербешнай сиязына 
Абай куэгер болып қатыспакшы. Осы оқиғалардың бэріне ортақ 
бір гана мәселе: ол - жер мен жан дауы. Абай әкесі Құнанбаймен 
бірге Қарқаралы дуанына (бірінші кітапта) барған сапарында жас 
бозбала кезі  еді.  Абайдың бала  көңілі  элі де рушылдық  қарым- 
‘ 
қатынастардың шырмауынан шықпаған еді. Ауыл ішінен шыгып 
саясат элеміне бой ұрмаған кезі. Бірақ-та, ру жуандарының саясат 
туралы  ойларымен  алғаш  бетпе-бет  жүздескен  кезеңі.  Әкесі 
нөкерлерімен бірге аттанган алғаш сапары болатын. Сонда ғой ру 
саясаты майталманы Алшынбай дуан мәжілісінде қаралган мәселе 
жэне жалпы рушылдық қоғамга тэн қайшылықтардың сипатын: 
«Алысар  болсаң,  аянбассың.  Алысқан  соң  да  аянбас»  деп 
түиіндеген. Жуан атаның саясатын: «Кішіреймейсің, кешірім етесің» 
деп  тұжырымдап,  анықтаған 
(3  т.  «Абай».  Бірінші  кітап,  123
б.).
  Осы бір-екі ауыз қазақ сөзі сапына орныққан танымдық, эрі 
логикалық қызметіне ойлы көз жіберсек, Мүхтар Әуезовтің ойлау 
мэдениеті өрісі логикалық абстракция деңгейінен көрінетіндігіне 
таңданбасқа болмайды. Бұқара халыққа етене жақын, эрі күнделікті 
ас-суына  айналған  қарапайым  қазақ  сөзіне  Мұхтар  Әуезов 
логикалық абстракцияға философиялық жалпылық мэн бергенін 
сараптағыш  сана  еріксіз  аңғарады.  Ғалым-жазушының  ойлау 
лабораториясында қазактың «жуан, ысылмаған» - «алысу», «кешіру» 
деген сөздері қоғамтану өңірінде жемісті еңбек үстінде көрінеді. 
Семей жандаралымен келісіп, Маковецкий (уезд начальнигі /қалам 
иесі) Семей уезіне қараған он алты қазақ болысының бәрінің басын 
осы Арқатга қосып отыр. Мұнда қаралатын мәселе Тобықты (төрг 
болыс)  мен  Көкен  елінің  жер дауы.  Бұл  Шербешнай  сиязында 
Абайдың  «куэлік  сөзі»  және  бүған  тікелей  байланысты 
қабылданатын шешім - Абай саясатын дараландыра, ерекшелендіре
көрсетеді.
«Абай куэлігі басталатын кезек жетгі. Ендігі қалың жиынның 
ойы да, көзі де Абайдьщ өзіне төнгенін, тэуір үмітпен сенгенін Абай
209

анық аңдап тұр»- деп бастап, Абай сөзінің сияз саясатына ықпалы
туралы ойын Мұхтар Әуезов эрі жалғастырады.
«Қазақ жолымен болатын талай жиындарда жас кезінен-ақ көп 
сөйлеп жүрген  Абай, бұл топтан да қорғанып тұрган жоқ.  Бірақ 
өмірінде  дэл  осы  жолы  қатты  қобалжып,  қиналатын  шақта 
тұрғандай. Сыртган, көлденең жұрттан, қалың топтан қысылып, 
қобалжыған күйі емес. Әдетте куэлік оңай да, би болу қиын. Бұдан 
бұрынғы сан жиын бүгінгіден Абайға әлденеше есе ауыр болса 
.  керек  еді.  Онда  бүл  оң  ба,  теріс  пе  кесім  айтып,  қиын  түйінді 
шешетін. Ақылмен, абырой, атақбарымен де жауалекер болатын. 
Бірақ сондай кезеңдердің өзінде де дэл казіргідей Абай қысылған 
емес. Өмірдің өрін едәуір жүріп келіп Абай, енді айналаға коз тастап, 
өтекен мен кеткенге, бүгін мен болашаққа өз кеудесінде танығанын, 
шынын ашпақшы. Бүл жиынға айтатын ендігі сөзіне Абай баскаша, 
ерекше бір бекініспен келіп түр. Өз үгымынша қазіргі Абай анау 
отырған, түксие қараған, жапғыз көзді Оразбайдың алдында тұрған 
жоқ.  Екі  жүз елу знактары  мойындарында салбыраған,  ары  да, 
адамшылыгы да саудалы сан бидің алдында түрған жоқ. Керек десе, 
ендігі Абай сөзін хатқа түсіргелі отырған үлықтардың да алдында 
түрган жоқ. Абай өзін заманымен беттесіп түрған адамшатүсінеді. 
Бір есептен эке мен бала болып айтыспақшы. Тағы бір жөннен өзі 
эке болып, бала буынмен бет ашып, шынға жетіспекші» 
(6 т. Абай 
жолы.  Төртінші  кітап.  277-278  б б .).
Міне,  Абай  саясаты 
рушылдық  қауызбен  бүркемеленген  қазақшылық  жолынан 
қоғамдық, елдік саясаттың өлкесіне, гуманизм санасына ауысқанын 
көр ем із.«Зам аны м ен  беттесед і»,  «эке  мен  бала  болып 
айтыспақшы», «эке болып» келер буынға эділ, жаңа саясаттан сабақ
беріп отырганын байқатады.
Абай  саясаты  негізгі  бағыттарымен  таныстырып,  «куэлік
сөзіне» Мүхтар Әуезов қоғамдық, саяси-әлеуметтік мэн оереді. 
Абай сөзінің диалектика тіл імен айтсақ, тарихилығы мен логикалығы 
ерекшеленіп байқалады. Абай тарих куэлігіне сүйеніп, қарсыласына 
қорғану үшін ешбір дерек те,  мұрша да бермейді,  мүмкіндік те
210

қалдырмаиды, әділет, ақиқат жолын қорғаиды. Осы орайда Абай 
сөзіқде айрықша сезіліп, көңіл аударатьшьг, бұның жаңашылдығы - 
ескі мен жаңаның бітіспес қайшылықтары арпалысы. Жаңашыл 
деудің сыры Абай шаруашылықтың отырықшылыққа бейімделген 
түрін  жактап,  бай-феодалық  қоғамның  көне  шаруашылығы 
құрылысының  надандыққа  жол  беріп  отырған  ескілігін  өлтіре 
сынаған.  Бай-феодалдардың  саяси  демеушісі,  эрі  идеологы 
Оразбайдьщ жалшы-малшыны кемітіп, мүдделестерін, жақгастарын 
желікпріп, арандатушылық саясатыньщ қолшоқпары егпекші болған 
қаскөйлік пиғылын Мүхтар Әуезов нанымды, саясаттьщ алдамшы, 
екі жүзді пиғылын шебер бейнелеген. Міне, содан көрініс:
«Оразбай  Уақтың  аты  аталғанда,  еліріп,  сұрланып,  қатты 
қозданып алды.
-  Шиқылдаған  арбасына  мәстегін  жеккен  өңшең  егінші,
масақшы, күрек-шоттан қорегін іздеген ку кедей! Аталы ел больш,
қырық жамау болған басымен «Көкен еліміз» деп көкиді дейді. Осы
«ұстасканда кімімен үстасамын» десең де, көзге түсер қүйқалы
жері  жоқ.  Өңшең  «қүм  жиылып  тас  болмас,  құл  жиылып  бас
болмас»  дейтін,  сайда  саны,  қүмда  ізі  жоқтар.  Енді  шапқанда
солардың  қырық  руы  бір  араға  жиылған  қара  қорда  көпірін
бұздырайын деп отырмын. Өңшең тырмашы, балташы, орақшы,
соқашы, диқаншы дей ме, ылғи ыңыршақ мінген, ырымы жаман
суырларды сойгызайын деп отырмын!  - дейді» 
(Сонда,  230-231 
бб.).
Кедей-кешиікке көрсеткен қоқан-лоқылық қыры міне осындай. 
Енді бай-феодалдардың саясатшысы, эрі идеологи ретінде Оразбай 
мырза өзін қалай көрсетеді. Мүхтар Әуезов қаламынан шыққан 
күйінде танысайық.
«Жаулыққа,  аямасқа өз тісін басып  алып,  енді  барлық бай- 
жуанды шетінен мае кыла қоздырып, қыздырып отыр. Оларға бір 
жағынан ескертіп кояды. «Анау ергіп келген жігітгеріңе, қарашы - 
қосшыларыңа,  сойыл  соғарларыңа,  менің  осы  айтқандарымды 
ұгындырыңдар!» - дейді. «Неге баратынын, неліктен баратынын,
211

кімдерге  соқтығатынын  біліп  барсын!  -  дейді» 
(Сонда,  231 
б./Қараңызшы,  қоғамдық  психология  мен  қоғамдық  сананы 
мүйіздестіріп, түйістірген  сәтін  қалай сэйкестіре,  бара-бар етіп 
бейнелеген.  Біз  эдейілеп  келтірген  сюжет  пе,  эпизод  па, 
дұрысырагы, әлеуметтік-панорамалық мазмұнды саяси оқиғаның 
тууы, дамуы жэне щешімі. Себебі, қалың бүқараның іс-қимылында 
қоғамдық  жаңа  серпін  барын  аңғартады.  Жатақ  халқы  еңбек 
нәтижесін  қорғауга  бар  екенін  іспен  де,  ақылмен  де  танытты: 
«Ойлан» деп, қарсыласын ескерткен дей. Міне, осы сәтке де жетпк. 
Жүмыр бас  не  айтар  екен.  Иэ,  ең  алдымен  «мұңымызды  үғып, 
қамқоршы болуға жарар ма екен?» - деп, үйқыдан оянган жатак 
кедейлері жан-жагына тіршілік көзімен қарай бастаған еңбекші 
бүқараға  тікелей  жақындадық.  Сырт  қарағанда  қара  дүрсін, 
қарапайым, ескерусіз қалатын оқиғаға көңілің толмайды. Ал «ойлы 
көзбен»  барлап,  саралап  қарасақ,  Мүхтар  Әуезовтің  адамдық 
жасампаздық  күштері:ойшылдығы,  зердесі,  шығармашылығы 
(екінші бөлімде бүл мәселенің философиялық сипатына арнайы 
тоқтаймыз  /қалам  иесі/)  қасиеттері:  эдеби-көркем,  ғылыми 
еңбекқорлығы,  сараптағыш  санамен  «тереңнен  толгайтын 
пэлсапалығы»,  сезгіш,  оқитын,  тоқитын,ысылып,  жетіліп 
кемелденген ойлагыш, танығыш ақыл-парасатының мэдениегімен
танысамыз.
Ақыл тоқгатып, тарих керуені сэті қиылысына дөп келіп отырган 
-« Абайдың куэлік сөзіне» ойлау аялдамасын жасайық. Ең алдымен 
сонда сезім мен ақыл дүниесіне байқалатыны: ажуа-мазақ,табалау, 
қорлау,  жерлеу  психологиясымен  таныстырады.  Бұган  еселеп 
қоссақ:  ащы,  уы тты ,  өткір  жэне  тапқы р  халы қ  тілі  мен 
дипломатиясын шебер қолданғанын, пайдаланғанын көреміз. Ал, 
ақыл  мен  ойға  ілінетіні:  ажуа,  дөрекі,  үрыс  сөзердердің
ығындатығылып  түрған  байлыққа  масаттанған,  үстем  жуан 
топтардың психологиясы  мен  қоғамдық  санасын,  жатақка деген 
бүның  қаскөйлік  ылаңын  Мүхтар Әуезов  диалектиканың жан- 
жақтылық қағидасын орынды қолданып, логикалық абстракция
212

дәрежесінде көркем сөз өрнегімен шебер бейнеленген. Абайдың
тарихи «куэліксөзі» төңірегіне қоғамдық-саяси көзқарастық мэні 
бар көптеген мәселелер шоғырланған. Осы себепті, «Өмірдің өрін 
едэуір жүріп келген» Абайдың «куәлік сөзіне» толығырақ, мэн, 
мазмұн бере тоқталық. Міне, сол «куэлік сөзі» Абайдың Мұхтар 
Әуезов қаламынан шыққан қаз қалпында:
- «Ағайын  жұрт, бір дуан елді бір араға шоқтай жиган әлек
сөздің жөніне мені куэға тартпақсыздар. Мен сол куэлікті айтқалы
келдім.  Кесік  айтатын  мен  емес.  Осында  мансап  иесі  аса  көп
адамбас  косыпсыздар.  Мансаппен  адам  қасиет  таппайды.
Адаммен мансап қасиет табады. Әділет жол талсын, opic алсын
деймін.  Қаншалық ащы болса да,  әлдекімге ауыр тисе де, жұрт
жарасын емдейтін дэрі сол эділет қана» 
(Сонда, 278 б.)
 деп, Абай
куәлік созінің саяси багытын да, дау таласы мен шешімі кандай
болады, алдын ала ой түйінін қорғау кажетгігін де айтты. «Әділет
жоп тапсын, opic апсын» деп, кесік тұжырымыдца ұсынды. Сонымен
дау тоңірегіндегі қайшыльпсгар туралы әңгіме басталып кетгі. Абай 
тікелей куэлік созіне көшті.
- «Тобықтының  Кокен  елін  осы  коктемде шапқанын  менен 
сұраудың қажеті жок. Оны жалған дейтін жан жоқ. Неге шапты? 
Кокен  елі  неліктен  озіне  Тобықтының  шабуылын  жасатарлық 
қарсылыққа  шықты?  Осыған  келейік!  -  деп  алып,  Абай  енді 
бүгінемес, коп бұрын болған күйлерге ауысты.
I   Мен  -  Тобықтының  ұлымын.  Ешкімге  сатылғам  жоқ. 
Сондықган да, Тобықтының терісін айтам, тентегін, зорлығьга, 
бұзықгығын айтам. Ол Тобьпсгьшың қалың елін қорлағаным емес, 
қайта  жазығы  жоқ  копш ілігін  арамға  апарып,  итеріп 
жығыпарандагқан аз Тобыктының азғындығын айтам. Коп елді аз 
арамнан, зорлықшыддан, сотқардан, Кокеннің коп елінің коз алдында 
ақтап  алам  деп  айтам.  Кімді  атаймын,  «зорлықшы,  сотқар, 
қиянаткер, бүлік басы Тобықтыны» атаймын. Әділет соны тілесе
агаңның  да  болсын  айыбын  айт.  Ең  әуелі  айыпкер  деп  мен  ен 
алдымен кешегі откен өз экем Құнанбайды атаймын! - деп, Абай
213

қатты үнмен өте бір ауыр шындықты басыгі айтып қалғанда, өзінің 
бұл  күнге  шейін  ауырлап  тұрған  демі  жеңілейіп, тынысы  кеңи
бергендей болды...
Осыдан эрі Абай елу-алпыс жыл бойында момын ел, шаруаның
елі  - Уақтың талай  қоныстарын  бастығы  Құнанбай  болып,  көп
Тобықгы тартып алып жүргенін айтты.
Өз әкесі  Құнанбай  Уақтан  тартып  алған  Жымба,  Арқалық, 
Күшікбайды түгелімен «даусыз Уақжері» деп  кесіп берді. Кеше 
Оразбайлар алғызбаймын деп, землемерге бөлік жүргізбеймін деп 
әлек-бүлік басгаған Ақжал, Төреқүдық, Қарақұдық, Обалы, Қоғалы 
деген қоныстардың бэрі - Көкен елінің қай ауылының, қай атасының 
мекені екенін Абай бүлжытпастан санап берді. Елу жылдан бері 
тартып жеп, баса қонып, бастыра жайлап, зорлығын өткізіп алған 
Тобықты, бүгін Көкен елі өсіп көбейіп, еңбек етер өз жерін қайта 
сұраса,  оны  қаралайды,  қылмысты  етеді.  Қала  берсе,  шауып
шанышады, жазалап жаралайды» 
(Сонда, 279-280 бб.).
Міне, Абайдың куэлік сөзі «болысу сөзі ғана емес, айьптгау сөзі 
болып барады» - деп, Мұхтар Эуезов Шербешнай сиязында Абай 
саясаты  жеңіске  жеткенін:  «Ақыры  Арқаттағы  Шербешнайда 
Тобықгының Оразбай бастаған бар жуаны мойыны астынан келіп
жығылды» 
(Сонда,  284 б.).
Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Монография өиделіп, толықтырылган бесінші басылымы
buuk -> Қүрал болумен бірге, сол кездегі иіаруаиіы
buuk -> {С Қырыкбай Мніанұлы Алдабергенов Ерлаи Мұхтарұлы Арын
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Р. Ерментаева
buuk -> Б 63(5К) ■f 94 Jew шттшш f t i f f щ
buuk -> КітлихлиАсъі Жүсіпбек Аймауытов
buuk -> Бағдарламасы бойынша шығарылды
buuk -> Д. филология ғьш ы мдары ны ң кандидаты
buuk -> Казакстан республикасыньщ б1Л1м жэне рылым министршг1

жүктеу 1.64 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет