Монография «Тұран-Астана»



жүктеу 6.05 Mb.

бет9/28
Дата09.01.2017
өлшемі6.05 Mb.
түріМонография
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28

87

солдаттан қашып, қазақ ішіне, Қарқаралы қазағының ішіне келген 
Бергіс ішіндегі Ырғызбайдың сүйек-шатыс бір ауылына келген-ді. 
Олар сол жылы Өскенбайдың асы болғанда, бүл жігітке:

Сен бір мықты адамның ығында болсаң, жақсы болар, - деп 
Қүнанбайға әкеп, таныс етіп, табыс қылған.
Ғабитқан  жас  та  болса,  молдалығы  жетік  кісі  саналып, 
Құнанбай қолындатұрып қалған.
Мінезі  -  аңқау,  тілі  -  қызық,  өзі  майда,  сүйкімді  адам.  Бүл 
ауылдың үлкен-кішісі аса бір газіз адам санап жақсы көретін» 
(3- 
том, Бірінші кітап,  108 б.).
 Тарих деген - осы татар баласы қазақ 
жеріне  сіңіп,  білім  жолында  еңбек  еткендердің  бірімен, 
міне,осыл айша танысгық. Тек бірінші кітаппен шектелмей, тарихтық
пен тарихилыққа сүиенсек, өмір өзен сияқты тұиыққа тірелмеи, 
сасық суға айналмай, тірлікті эрі қарай жалғастырады емес пе?! 
Енді 40 жылдан астам уақыт өткен соң, тагы бір өмір жаңалыгы, 
тарихтың  тағы  бір  жаңа  серпінімен  танысайық.  Бұл  -  бірінші 
кітаптағы  көрініс,тарих  көшімен  бірге  жылжып  отырып,  қазақ 
хапқының өміріндегі мүлдем жаңа қала өмірімен таныстырады.
«Қаланың толып жатқан Есберген, Кәріпжан,Төлепбектәрізді 
Абай білетін жалгыз ат-арбалы ұсақ саудагерінің бірі өз үйлерінің 
маңындагы байларға соншалық кіріптар екен.  Бүлар мойнынан 
шырмалган шыбын тэрізді де, анау эрбір жатақ үйлерінің оргасында 
екі қабат бойымен, қызыл шатыр, көк шатырымен биіктеп түрған 
бай үйлер бүйідей, не өрмекшідей екен. Ол үй айналага мешітжігімен
аитса,  махаллаға  өзінің торын  қүрып  тастап,  қыр  мен  қапаның 
саудасын  өз  қолымен  жүргізбей  жаңағы  ондаған,  жүздеген 
жалынышты  ұсақ  саудагер  арқылы  жүргізеді.  Сол  байлар 
мыналарды  тагы  да  басқа  неше  түрлі  жолмен  тұсап  жүреді. 
Мысалы, қырдан Есбергендей, Төлепбектей үйі бар, қора-жайы 
кеңдеу, тэуір қала жатагының қақпасына қыста, жазда елдің үлкен 
керуені келсе,солар экелген тері-терсек, қыл-қыбыр, жүн-жабагы, 
киіз бен аңтерісі, немесе аяқты мал болсын, бэрін жаңагы үлкен 
байлар осы саудагерлердің қақпасынан басқа жаққа кетіртпеуге
88

тырысады.Саудагердің  үйінде  қонып  жатып,  қалың  тобымен 
ошарылып қалып, ел керуені де Есбергенге кіріптар болады. Ал 
Есбергендер  ұдайы  көніп  алған  дағдысы  бойынша,  анау  көк 
шатырлы бай үйлеріне мьгаау керуендерді алдап соғуға, аунатып 
жеуге, приемная алдап, безбеннен жеп, қақпайға салуға амалсыз 
жәрдемдес болады.
Сырт  қарағанда,  өз  үйлерінің  алдында"көпіртіп  сауда 
жүргізбейті н, шүбыртып керуен түсірмейтін, қақпалары үнемі берік, 
жабық атақты қажылар, байлар бар. Бірақ олардың шын жайларына 
Абай Есбергенде, Тәлепбекте, Кэріпжанда қонақта болып, дэмге 
шақыруымен  барып,  әбден  қанып  шықты» 
(6-т.,  төртінші 
кітап, 342-343  бб.).
 Осы  айтылғанга  алып,  қосатын  жоқ.  Үлы 
Мұхтар Әуезов Абай заманынан көрген келеңсіз жайлар дэл сол 
қалпында, бірақ қазактың қазіргі жағдайында қайталанып, эр үйдің 
сүреңін алып тұр ғой. Бүгінгі ауылда Есбергендейлерге сататын 
«тері-терсек, қыл-қыбыр, жүн-жабагы қалган жоқ» /Қазіргі байлар 
бұған не айтар екен?/.
Қазақ сөзінің көркемдік шеберлігін, қогамдық-саяси, элеуметгік- 
экономикалық,  психологиялық сезімдер  толғаныстарын,  терең 
ойшылдық  (философиялық)  қасиеттерін,  ғылыми-теориялық
мүмкшдіктерін  жан-жакты  меңгерген  сөз,  қалам  зергері,  үлы 
суреткер ғалым-жазушы Мүхтар Әуезов.
«Абай», «Абай жольг» роман-эпопеясының тарихи мазмұнымен 
мәнін үғуға Абай әлемін жетік меңгеру үшін ұлы ойшыл өзі айтатын
- Абай шығармаларынан «энциклопедиялықтүсінік» алуға болады 
деген қағидасын басшылықкаалуымыз қажет.«Энциклопедиялық 
түсінік» көзімен қарап түйін-пікірді айтсақ, қазақхалқы XIX ғасыр 
мен XX ғасыр басындагы тіршілігінің санғилы қоғамдық, саяси- 
әлеумепгтік, мэдениет бояуларымен салынып, дараланған кейіпкер- 
тұлға  портреттерін,  панорамалық  еуреттерін,  көріністерін 
тамашалаймыз. Ендеше, бірнеше көрініетерден түсініктер, сабақтар 
алайық.
89

Саяси өмірден: «жағыну мен жалыну», «қүлдық психологиясы» 
көріністерін, патшашыл әкімшілік өкілі - жандаралға деген сый- 
құрмет  туралы  Мұхтар  Әуезовтің  сөз  қаламы  бояуларымен 
салынған элеуметгік портретгермен танысайык.
«Ынта, пейілдері тек жоғарғы ұлық жаққа ауып  алған, өзге 
адамға көз де, көңіл де тоқтата алмай алактаған болыстар, Абайды 
байқаған жоқ. Бірен-саран жақын жерден танығаны болса, онымен 
ерін ұшымен ғана амандасады «ұлық», «біздің ұлық», «жандарал», 
«ояз»,  «біздің ояз»,  «элгі біздің нашэндік» десіп, тьгным алмай 
іштерінен пысып тұр. Абай сәл тұрып жаңагыдай болыстар ажарьш 
аңғарған  кезде  ұлықтар  үй  жағында  жиі  қозгалған  қарбалас 
басталды. Жез қылыштар, жарқырауық түймелер, оқалы погондар 
болыстардың  көздеріне  жарқ-жүрк  етіп,  оттай  ыстық  болып 
басылды. Бұндағы сапқа түрған барлық қазақ болыстары, шапшаң 
сыбьфласьш, шолақ-шолақ үндермен дабырлап, қожьфап қалды.
- Ал, келе жатыр!
- ¥лықкеледі!
- Ояздар!
- Ал, жандарал шығады!
- Пай-пай! Осы ұлықтың осындай бір айбаты-ай!
- Қошаметші нөкерінің өзін қарашы!
- Көздің алмасын сорады ғой!
- Қайтіп ықгатып сілкіндірмесін!
«Ұлықтың пысы да, мысы да басады» деген осы ғой. Тіпті, 
арқама  шейін  тоңазып  кетті!»  -  деп,  өздері  болыс  болмаса  да, 
біржуанның  шылауында  қошеметші  болып  жүретін  билер, 
атқамінерлер тыным ала алмай тұр.
Енді біраздан соң жасауыл, жандарм, урядниктердің бэрі қаптап 
шыққан тобы болыстар қоршауының екі шетінен келіп, қақ жарылып 
тұра қалды. Сонан ары осы жарылған топтың тап ортасында көптен 
күткен ұлық қонақтар көрінді.  Үлкен тендер, крест, медальдар 
таққан, жарқыраган сәнді тобы шыға келді. Ең алдында келе жатқан 
шалқақ төсті биік бойлы қасқабас төре. Ол келбетті адам. Дөңгелек
90

жирен сақалы бар. Екі иығын жаңа эполет басқан, төсінде оқалы
аскельбант. Толықтау қарнын көлденең буған оқа белбеу. Төсінен
Қиғаш түскен  әсем бауға ілінген  қаралы  күміс сапты сэнді сұлу
қылыш бар. Бүл ұлықты өзге қошеметші қорціаудың бәрі жалгыз
оқшау бөліп, алдына салыпты. Арт жағын ала полковник шеніндегі
үш-төрт ояз келеді. Солардың тобына ілесе, штатский кара фрак
сөртектер  киген  советниктер,  хат  жүргізушТлер  қозғалды.
«Жандарал»,  «жандарал»  десіп,  болыстар  қатары  сусылдаған
сыбырмен үн берісіп қалды. Қамыс-құрақ басын ақырьш жел желпіп
судырлатып өткендей, қысқа сыбыр қазақ тобын түтел айналып 
шықты.
-  Жандарал!
-  Ақ жандарал!
I  «Ақ жандарал» десе дегендей!
-  «Өзі де аппақ марқасқа ғой! Айдыны да, келбеті де келіскен 
екен!» - десіп, бағанағы қошеметшілер элі де тыным ала апмайды» 
(Бесінші  том.  Абай  жолы.  Үшінші  кітап,  377-378  бб.).
  Әркім 
осы суретті тамашалап қарап, ойлап барып, өз бағасын бере жатар. 
Жандарал бастаған топтың хал-ахуалы мынадай болса, жалшы- 
малшыларға деген бүлардың қамқорлығы қандай екен - деген сауал 
тіл үшына еріксіз оралады.
Енді үш кітап бойы кездеспеген үрпақгың жаңа буыны: Асқар 
Сеитов,  Мақсұт  Әбенов  (интернатта  түрып  оқитын  кедей 
бапалары), Нығмет, Жәлел  Қүнанбаевтарды таныстырудың қажеті 
жоқ шығар. Әлеуметтік өмірде өзін көрсете бастаған Ресей орта 
жэне жоғары мектептерінің түлектері.  Бүларды Мүхтар Әуезов 
«қаратаяктар» дейді - қазіргі  қазақ интеллигенциясының алғаш 
өкілдері. Солар мына адамдар:  Сақып  Сақпаев - адвокат, Бэшір 
Баспақов - мал дәрігері, Қадыр Нүржанов, Әзімхан Жабайханов - 
төрелер.  Ортабуын  -  Данияр  Қондыбаев  -  банк  қызметкері, 
«кеңселерге енді-енді түсе бастаған жас «қаратаяқтар» Самалбек, 
Нүрлан, Орманбек т.б. Қазақ елінің жаңа өкілдері, Затон жүкшілері: 
Сеиіт,  Сейіл,  Ақшолақ,  Жәпек,  Әбен;  былғары  зауытының
91

жұмысшылары: Исқақ, Құсакт.б. танысамыз. Ал кейіпкерлердін 
жалпы саны мыңнан асып жығылады. «Қырсықтіршіліктің» алуан 
түрлі көріністерін кітап арқылы емес, өмір жүзінде көріп, тамсанып, 
не шіміркеніп, оқиға желісінен қалыспай, бірге еріп жүргендей күй 
сезімде  болып,  шаршап-шалдыккандай  жагдайды  сезгендей
боласьщ. 

 ,;■> 
'  - 
"ftW— І7
EKIHLUI
  багы/и.Роман-эпопея  мазмұнын  ашып,  сырын 
тарқататын  деректері.  Роман-эпопеяның  мазмұнын  құратын, 
экономикалық,  қоғамдық,  саяси-элеуметтік  окиғалардың  бел 
ортасында болып, заман түлға-бітімін үгуга жегекшілік жасап, ақыл
қосатын  ои  толганыстары,  талгамдарымен,  аирыкша  көрінетін 
кейіпкер-тұлғалардың іс-эрекеттерімен танысамыз. Заман сырын 
ашып,  тарихын  тарқататын  68  (алпыс  сегіз)  тарихи  кейіпкер- 
түлгалардың өмір күнделігін роман-эпопеяның төрт кітабы желісі 
бойынша жасадық.
Сұрылталып алынған тарихи түлғалардың есімдерімен таныс 
болайық.  Бұлардың  іс-қимылдарымен  оқырман  қажет етсе,  өзі 
таныса жатар. Әрбір жеке түлғаға арналып жасалған күнделігі, яғни 
бір кітап немесе төрт кітап бойы кейіпкермен бірге болып, бүлардың 
іс-әрекеттеріне тікелей байланысты оқигапар.
Кейіпкер-түлғалар  «Абай»,  «Абай  жолы»  роман-эпопеясы 
бойынша мына төмендегі ретпен берілген:
1.  Абай  18. Байсал 35. Зейнеп 52. Мұхаметжан
2.  Абылгазы  19. Бейсембі 36. Зере 53. Майбасар
3.  Ақылбай 20. Бектоғай 37. Зылиха 54. Маковецкий
4.  Айтқазы 21. Бөжей 38. Кэкітай 55. Оразбай
5.  Афтаф22. Біржан39. Күлбадан56. Оспан
6.  Әзімбай 23. Данияр 40. Күнту 57. Павлов
7.  Әзімхан 24. Дәмежан 41. Көкпай 58. Рахым
8.  Әбділдэ 25. Дәркембай 42. Кішкене молда 59. Салтанат
9.  Әмір 26. Дәрмен 43. Қаражан 60. Сармолла
10. Әйгерім 27. Дәулеткелді 44. Қаратай 61. Сеит
92

11. 
Эбен 28. Девяткин 45. Қумаш 62. Сейіл 12. Әбді 29. Ділдэ 
46. Құнанбай 63. Сүйіндік
13. Әбіш 30. Ербол 47. Досовский 64. Тэкежан
14. Әлпейім 31. Еркежан 48. Мағаш 65. Тррымбала
15. Базаралы 32. Есберген 49. Мағрипа 66. ¥лжан
16. Байкөкше 33. Есентай 50. Мэкен 67. Шэке
17. Баймағамбет 34. Жиренше 51. Мэніке 68ЛИұбар
13.
 Кейіпкерлер  заман  сырын  ашады  деудің  мәнісі 
философиялық сипатьгна байланысты. Қалайша? Әдеби шыгарманы 
оқығанда  көркем  ойлау  көбінесе  кейіпкерлерді  жағымды  жэне 
жағымсыз  образдарға  сұрыптау,  осы  тұрғыдан  көркемдік  пен 
қайшылықты мэселені басым көпшілік жағдайда шешуге келіп 
тіреледі. Философиялық тұрғыдан талдап, зерттегенде кейіпкерді 
тарихи тұлға-дерек деп алудың өзіндік заңдылығы бар. Тарихты 
жасаушы күш - ол адамньщ өзі. Алда бұл мәселені көзқарастық он 
бағыт  және  адамның  өзіндік  жасампаздық  күштері  көзімен 
талдағанда айқындала түседі. Қазіргі сәтге кейіпкер-тұлга Мұхтар 
Әуезов айтқандай, Абай дэуірі тарихы туралы «энциклопедиялық 
түсініктің» танымдық та, логикалық та тірегі. «Тұлға» ұғымының 
ғылыми-теориялық, эдістемелік сипаты алда арнайы сөз болмақ.
ҮШІНШІ 
багыт.
 
Ж оғарыда 
айтқан 
мыңдаған 
кейіпкерлер,тарихи түлғалар ішінен таңдап, сұрыптап, жан-жақгы 
танысып барып, 68 кейіпкерді тарихи тұлға дерек сапасында қарап, 
165 кейіпкерден тұратын «портрепгтер галереясын» жасадық. Өнер 
саласында сурет галереясы: эр салалы, эр тақьфыпты; уақыт жэне 
дәуірге; жеке-дара қыл қалам зергеріне т.с.с. арналады емес пе? 
Логиканың ұқсастық (аналогия) эдісіне арқа тұгып, біз де Мұхтар 
Әуезовті ң «Абай»,«Абай жолы» роман-эпопеясы тарқататьш жарты 
ғасырлық тарихқа байланыстыра отырып, тарихи, әдеби-көркем 
деректерге сүйеніп, тек қана ұлы сөз зергері  Мұхтар Әуезовтің
қаламьшан туған портретгерімен  жақьш танысайық. Кейіпкерлердің 
портреттік  галереясында: табиги, адамдық, әлеуметтік суреттері 
қоғамдық  бояулармен  Мұхтар  Әуезов  шеберханасында  қалай
93

жасалады екен, осыған ұқыптылықпен ои тоқтатып, мэн берелік. 
Мыңдаған портретгердің ішінде Абай портретін сөз қаламымен 
салуда Мұхтар Әуезов қазақ мэдениетінде қолданбаған қоғамдық 
бояулардьщ көптеген түрлерін пайдаланып, ұлтгық мәдениетіміздің 
деңгейін дүниежүзілік сатыға көтерді. Өркениег өңірінде Абай алемі 
туып қалыптасты. Қоғамдық бояу деген - «қисыны» бар сөздің көп 
мэнділігі - көркемдіктің терең философияльщпен сабақгастығы, жан- 
жақты байланыстары.
Екінші кітап бойынша -17,18;үшінші- 148,365,385;төртінші-
7,51,135-136,151,173,271,283,319,320,326,327-328,346 бетгерден
сөз қаламымен салған портретгермен бетпе-бет танысуға болады.
Еңбегіміз зая болмас үшін, мүмкін жұртқа септігіміз гиер деген 
ниетпен ұлы Мұхтар Әуезовтің қаламынан шыққан сөз бояуларына 
бір  сэт  таза  ниетпен  көңіл  қоялықшы.  Қоғамдық  бояудың 
сұлулығын, әсерлігін эркім өзі таба жатар. Оқырманды портреттер 
галереясымен таныстыруцы орынды шығар деп таптық. Осы жайда 
портреттердің біразын алдарыңызға жайып салмакпыз, байқаңыз, 
мұқият больщыз - демекпіз. Үлы бабамыз Абай айтқандай: «ғапыл 
қалмаңыз».
Ұлы ойшыл Абайдың тарихи тұлға бітімін жазушы суреткер 
Мұхтар  Әуезов  қаламынан  шыққан  қаз  қалпьгада тарихтың  эр 
кезеңіне  сай  портреттік  суретімен  бетпе-бет  және  толығырак 
танысайық.
«...Абай байқамапты. Бұның бар өлеңін Мәкіш тыңдап отыр 
екен. Бөтен біреудің өлеңі емес, інісінің өз өлеңі екенін де біліп
ОТЬфЫПТЫ.
-  Абай,  осы  сен  ақынсың-ау!  - деді де,  күліп жіберді.  Абай 
Мэкішті ұмытып кеткен екен. Әуелі үркіп қалғандай, қысылып:
- Е, оны қайдан білдің? - деді.
- Естіп келем ғой... Жасырайын деп пе ең? - деп, Мәкіш күлдіде,
- жэне Ербол бар, барлық жас құрбың да көп айтады ғой.«Жарыска 
түспегені болмаса, анық ақын» - дейді, рас па сол? - деді.
Абай енді күліп жіберді.
94

* Сонмеы - рае* Акынмын!
- Кандай елец айтасын?
- Эй, М ж т м Л , вленім меніц желге кетіп жур ғой
- О капай?
опшмастай алмста
Ал айнымастпн касымла, жалымда калар - жалгьп күнігім гана. 
соны айтқан соң, желге кеткенмсн бір смей і іемене?
■ Күйігіц не? О не деген еойң? С'еиле камлай  күйік болушы 
еді?- деп, Мэкіш Абайга in налай да, сынай да карады. іиісінің кабаіы 
шытыиды  да,  өңі  тағы  куац  гартты  Голықша біткен  доцгслек 
жүііиде  бірде-бір  әжім  жоқ  Кееек  сүлу  бітіміне  бүл  күнле 
үзацқырап шмқкан қыйық мүрты да жақсы жарясады  Селлір кара 
сақалм да бетінін келемін бүзбай, сзл үтарьгп кана барыгі токтагіты.
Қазір Мәкіш барлап караган і пакта Дбайлың мүрын мсн бетінде 
аіырақ жыл гмрап білінген майла жүмеақ бір нүр білінеді.  Жака 
гана толып  жеткен  жігітгіктін  анык сүлу ажары.  Оггы, саналы 
көздерінің ак, карасы айкын.  Ажары  газа, көздері әрі көрікті, әрі 
ыетыктиеді.
гартып
кара қасы
түскен
Екінші кітап. 21-22 66 )
  Дэл осы сәттегі жазуш ы-суреткер Мүхтар 
Әуезовтін сөз қаламынан шыққан бояуларлы түгелдей каз калпында 
қайталап  шыкпасақ,  Абайдьщ тарихи-түлға бітімінің бояулары
сипатын
үзінді келтіруге тура келді.
Енді өмір таукыметі Абайдьщ табиги да. кісілік те тулгасын 
жүлмалап, һін калдмрған шактағы, есею шағы поргреі ін ұсынайык: 
«...Абайдың  казір  самайына  ақ  кіре  түскен.  Нұрлы  көздерінің
w  
д д ү   іг  - t v  - 
іМ г
і
Үи 
і “  
*  ___ ё сг.Л
аиналасына түскен эжімдер оаиқалады.
...Жүзінде ойлы  мысқыл бар. Салқьш, кең, саналы даналық 
тәрізді биіктеп түрған ой  шабыты байқалады» 
(Алтыншы там.
Төртінші кітап,  33
 /  
6.).
95

Күйзеліс, дағдарыс, қапалыққа қамалған, дэрменсіздік деңдеп 
қайғыға душар еткен шаққа тэн (ия, тек осы сәттегі /қалам иесі/) 
психологиялық поргретін қалай жасаған десеңізші, міне оқыңыз: 
«Абай бұл күнді (Әбіштің аурулығы туралы телеграмма келген 
күн /қалам иесі/) күні бойын  жэне осы түнді де оңашада жапа- 
жалғыз,  қайғыда,  ауыр қасірет тебіренткен  күйде толас таппай 
өткізді. Біресе зор кеудені сілкінте, қалтырата шыққан ыстық жальш 
күрсіну естіледі. Бірде сыбырлап, элденені сөйлеп кетеді. Қапалық 
сөздері жиі-жиі сыбырлап, асыгып айтып-айтып кегеді. Оқга-текте 
бар зар, шерінің қайырмасындай етіп, алыстағы асыл баласының 
атын  соншалық  ынтазарлықпен  қатты  сыбырлап  атай  береді. 
«Әбішім, Әбіш, Әбіштайым менің» - деп қалады. Шошыған ата 
көңілі тынымсыз. Таң алдында жалғыз өзі аласұрғандай, әлекте 
отырған халінде,  ендігі көңіл  жалыны  әлдеқандай  бір сөздерге 
оралады. Қатар жолды күйге қайтады. Бұл сэгге де шерден туған 
қасірет өлеңі оралып, кұрылады.
Ол күрсінуден, жальгаудан... Шарасыз сенделуден туған күй... 
Сөзбен  шыққан жан жалыны.  Жүректен атылған, сол жүректің 
ыстық қаны.  Бусанып, толқып  аға берген  ыстық кандай  сөздер 
құралып жатьф. Оган ақыл, сана басшы да емес, қазы да емес. 
«Я, кұдай, бере гөр, Тілеген тілекті! Қорқытпай орныктыр, 
Шошыған жүректі. Шын жүрек елжіреп, Алладан тілеймін, Шын 
қалқам осы күн, Болып түр керек-ті.
Жүрегім суылдап, Сүйегім шымырлап, Талмастан тілеймін, 
Қүпия  сыбырлап!..»  - деген  әлденеше  шер,  зар толқып-толқып 
ашыла түскендей болады.
Қандай сөзбен, не айтып жатқанын да Абай түгел андап жатқан 
жоқ. Әйтеуір тынымсыз да толассыз бір қауіп, шошыған жүректі 
қатал түяқпен қатты сыгымдап алган. Шеңгелдеп қысып, сәт сайын 
зэр-зарын төктіреді.  Қанша жазғанын,  нелер айтқанын,  кеудеге 
симас  қанша  шер тіпінің  қағазға  түспей  қалганын  Абай  андай 
алмайды. Бірақ Әбіштің жайын ойласа, осылайша оңаша, қүпия 
сыбьфлап, күйлі шер шертпеске шарасы жоқ. Бұдан былай да ендігі
96

өмір күйіндей, көңіл күйі, қайғылы көңіл көй-гөйі осы түннің осы 
жырларынан басталардай» 
(Сонда,  180-181 66.).
Жоғарыда айтқандай, Абайдың әлемдік тарихи тұлға бітімі 
тұтастығын сақтау мақсатында «Эпилогтан» да, туған-туысының, 
жақын-жаранның, елінің жадында қандай із қалдырғаны туралы тағы 
да жазушы-суреткер сөз қаламынан шыққан, ұлы ойшылды соңғы 
сапарына аттандырған кезінен соңғы қимастық, қоштасу сәтіндегі 
панорамалық  суретімен  де  танысайық.  Қазақ  қоғамы  саяси- 
әлеуметтік өмірі  бел  ортасында жүрген  Абайдың азаматтық іс- 
қимылын  да,  адамдық  портреттік  суреттерін  де  келтірген 
болатынбыз.  Міне,  портреттер  галереясынан  ең  көріктілерінің 
көріктісі деп, ұсынып отырған Мұхтар Әуезов сөз қаламы салған 
Абай портретінің кейбірі емес-ау, кешіріңіз, «кейбіреуі емес-ау!», ең 
керемет  бояулары  салған,  танысалық.  «Өмірден  Абай  кетті» 
(Сонда,441  б.)
  деп,  дана  адамның  өмірі  мен  ісіне,  заманы  мен 
ортасына тарих  өзінің  соңғы  нүктесін  қойып,  Абайға деген  ел 
құрметін  «Эпилогта»  -  ұлы  жазушы-суреткер,  ғалым,  ойшыл 
Мұхтар  Әуезов  былай деп  тебірене толғайды:  «Соңғы  күндері 
жансыз,  елсіз  мүлгіп  тұрған  Жидебай  бойында  бар  қозғалыс, 
қыбыр-қимыл тек сол жел ырғалтқан шөп басының қимылы. Осы 
Жидебайға кәрі эже Зеренің, асыл ана Ұлжанның бауырында қүлын- 
тайдай қайғысыз, қамырықсыз өскен бала - Абай еді. Ол ойнап,
шапқылап жүретін 
т а қ ы р л а р , ұсақ тастақ төбелер, қалың шидің
қоршауында биікгей тұрған дөңестер болушы еді.
Қыстаудан күншығысқа қарай созылған құла берісте сондай 
бір кішкене төбешіктің үстіне, жақын заманда салынған биік, кең 
төртқүлақты бейіт бар. Оның басына Оспан аты жазылған. Жаз 
ортасынан бері сол Оспан бейітінің қасына жэне де сандықгап қойған 
Абайдың бейіті - жаңа бейіт орнаған.
Бүгін осы бейіттің басына өте көп елдің көштері соғып өтті.
ата-аналар,  тай-қүнанға  мінген  балалар, 
әсіресе, қой, сиыр айдаған малшы, жалшы жалпы жұрг. Таң агқалы 
көп ел келіп өтті.
97

Түс ауа бергенде зиратқа Абайдың өз ауылының барлық еркек- 
эйел, кәрі-жас, ес білген жандары шұбырды. ¥зақ салқар арбалы, 
атты, жаяулы халық селі шұбатыла созыльш келген-ді.
Ү жен төрт қүлақгы бейітгің іші кең, сырты көлеңкелі тақыры 
бар,  мол  болатын.  Осы  орындардың  бэрін  толтыра  кернеген 
жұртгағы да тегіс егіліп, еңіреп жылауда. Сол жылаумен көп уақыт 
өткен  соң,  енді  дэл  осы  сәтте  осы  қабьф  қасында  айтылатын 
арнаулы  сөз,  шын  зар  бірен-саран  жақынның  кеудесінде туып,
айтылатын тэрізді.
Көп жылауцы аяктап келген кезде зор қоңьф сарынмен бірересек 
эйел дауыс айтып кетті. Жұрттың бэріне анық естілген, қайталап 
айтылған «қос қоңыр, қос қоңыр!» - деген сөз.
«Бұл  кім?  Кім  дауыс  айта  бастады ?»  -  деп  сырттан 
сұрастьфғанда мола ішіндегі кейбір үлкен сыбырлап жауап қатып: 
«Зейнеп» - дейді. Жастау эйелдер, артгағы әйелдерге білдіргенде
«Молда апаң» - дейді. 
!t
...Тағы бір кезек Зейнеп үні басылабере, өзгеше сүлу, салқын, 
бірақ сондай биік шырқап, тамаша қалқып сорғалаған бір дауыс 
кетті. Ол  жылаған Әйгерім еді...
Әйгерім үшін осы жоқтауды Дэрмен жазған еді. Ал шерлі, күйлі, 
көркем сазды Әйгерім өз жүрегінен тудьфған... ӘйгерімАбайға көп 
айтатын, күнде айтатын жоқгау қып созған жоқ» 
(Сонда,442-443 
бб.).
 
.’.і
«... Абайдьщ қабырьша қадал а қарап, аппақ больш, реңі қашқан 
Дәрмен отыр еді. Бұның қасында Дәркембайдың баласы, оқыған 
жас Рахым бар. Одан әрі - Абайдың бір кездегі жас қонақ достары, 
оқып жүрген балалар - Үсен, Мүрат, Шәкет отьф.
...Адал жар жоктауымен Абай жаңаша жолға өтті. Ол өлмеске 
қадам басты! Әйгерімнің эні мен соған оралып айтылған Дәрмен 
жьфы, Абай туралы кейін туатын бар өнердің басы еді. Жаңа туған 
әннен бастап Абай жаңатуысқа ауысқан» 
(Сонда,  445 б.).
Мүхтар  Әуезовтің  Абайға  деген  сый-қүрметін  өз  сөзімен 
түйіндесек: «Бұл күнде өзім түсінген Абайды тану ғылымьшың бір 
нәтижесі - «Абай» романы деп білемін.
98

Еюнші нәтижесі - Абай жөніндегі монография» - 
j
 іейді.
ТӨРТІНШІ багыт.
  МұхтарӘуезов ойлау лабораториясында
тарих пен ақыл сарабы талгамынан өткен танымы мен логикасы 
қызметімен беттесіп танысканда, ойлау мәдениетіміз нэрлене, баии 
да  түседі.  Осы  орайда  ж оғарыда  сөз  болған  мыңдаған 
кейіпкерлердің, жүздеген тарихи гүлғалардың іоәрекетгері, тіршілік 
харакеттері уақыт талабы мен қажеті тұғырынап көрініп, заман
сыры мен тарих жүгін қазіргі ұрпактарга қалай жеткізеді екен деген 
сұрақтар бірінен соң бірі иін тіресе алға ұмтылып, алды-артыңцы 
қамалап мазаңды кетіреді. Абайдың - «ақыл», «кайрат», «жүрек», 
«ой-сана»,«ғылым»,  «білім»,  «білмек»,  «білсем»,  «ниеттеніп 
бшмекке» т.б. гылыми-теориялық қагидалар төңірегіне шоғырланып,
тұтасып,  бірігіп  Абай  жұмбақгығының сырын ұғуға мүмкіндік 
береді.
Роман-эпопея шеңберінде адамдардың іс-эрекеттері, ақыл-ойы, 
зердесі арқылы үшкіл өзін қалай көрсетеді, таныстырады екен. Иә, 
бұл өте ауқымды философиялық деңгейден көрінетін мэселе, біздің 
ойымызша, Мүхтар Әуезов шығармашылығының ғылыми түлгалы 
бағыты. 
Сондықтан да: «Кірер де,  шыгар да есігіңді ұмытпа?» 
дегендейін,  ізденісіміздің  тақырыпты,  мазмүнды  деген 
қырының бірі - Мүхтар Әуезов Абай әлемінің тарихшысы атты
мәселе.Зерттемек,  талдамақ  тақырыбымыз  не  түрлі 
бүрмалауды  басынан  өткерген,  кугы н-сүргін  көрген 
қайшылықты мәселе.  Себебі:  Патіиалың Ресейдің қазақ жерін 
отарлау  саясаты,  бүның  табиги  жалгасы  -  кешегі  қүлаган 
КПСС  империясының  қалдыгы  әлі  де  болса  тірі,  бүрынгыдай 
қылышын ала жүгірмесе де,  саяси қулыгын асырып,  «қүлдық», 
«жагыну» психологиясынан арыла алмай жүрген цазац халцын 
уысынан  шыгармауга тырысады.
Қазіргі  қазақ  халқының  мемлекеттік  тәуелсіздігі  ескінің 
қыспағынан  шыга алмай,  жаңаны  орнықтыруға шаруашылыгы 
да,тиын-тебені де жетіспей тұр. Бреудің ер-тұрманын арқалауға 
мәжбүр  болып,  өз  аргымагын  баптай  алмаған  көрінеді. 
Сондыктанда, қоғам өмірінің қай саласында болмасын ескеретін
99

жайт сэті түссе, орыстың ұлы державалық санасының өре тұруы 
мүмкін. Екінші жағынан, орыс патшалығының отарлау, КПСС-тің 
«данышпан», үлттық саясатынан зэбір-жапа шеккен қазақ халқының 
езілген, жаншылған өзіндік ұлттық санасы: «Ия, сонда мен баяғы 
зар шеккен қалпымнан айықпаймын ба?!»- деп, кеңірдегімізден 
алса не шара.  Бұған қоса «қазақ тілді»,  «орыс тілді» болып, екі 
ағымга  қақ  жарылып,  бүлініп  жатқан  қазақ  халқы:  «эй,  сен  - 
мәңгүртсің» - деп, өзінің қандасының жағасынан алса, бір-бірін 
түсінісе алар ма? Болмаса, қашан түсінісе алар екен? - деген сұрақ 
еріксіз көмейге келіп тіреледі. Сонда: «Мынау не қылған халық?» - 
деп үлы бабаларымыз, ата-аналарымыз аруағы жағаларын үстап:
- «Теріе батамды берем!»- деп, жанынды азаптаса-шы? Не шара?! 
Иә,  сонда  осындай  тағдырлы  шым-шытырық  қиылысқа  келіп 
тірелген өміріміз қапасқа қамалған шағындажүрек жалғарлық нэр, 
ақылыңа қайрат боларлық күш - ол ұлы даналар - Абай мен Мүхтар 
Әуезовтің сарқылмас мұралары.
Қашанда сорлайтын да, зар кешетін де - «Бірлігі», «Берекесі», 
«Шын пейілі» шайқалған қазақгың өзі ғой.
Туысқаның,  достарың - бәрі екі ұшты,
Сол  себепті досыңнан  дұшпан  күшті.
Сүйсе
  - 
жалган,  сүймесе  -  аянбаган,
Бұл не деген заманга ісім түсті?! - 
деген ұлы Абайдың сөздері еліміздің қазіргі хал-ахуалы тамырын 
дэл басып: «Е, ауруының емі - “Бірлік” екен», - деп ескертіп тұрған 
жоқ па? Ал, Абайдың осы ойын Мүхтар Әуезов «Абай», «Абай
жолы» роман-эпопеясында танымдық жэне логикакалық қүрал 
сапасында пайдаланғаны туралы бастан айтып келеміз. Ғалым- 
жазушы диалектиканы көркем танымның теориясы, әрі логикасы 
сапасында шебер қолдануын жазушы қызметі бабында көрелік.
Қазақ халқының батырлық, даналық түлға бітімін бейнелейтін 
Базаралы  мен  Дәркембай  іс-эрекеті,  дүниетанымы,  сараптагы 
шойлау  мәдениеті  сырт  көзге  кездейсоқ пайда  болған  тіршілік 
(тарих) қиылыстарында өздерін қалай көрсетіп, таныстырады екен. 
Мүхтар Әуезов көзімен қарап, көріп, ішінде бірге болайық.

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал