МҰнайшы желтоқсан 2013 3 43 Management address 44



жүктеу 0.92 Mb.
Pdf просмотр
бет1/9
Дата07.03.2017
өлшемі0.92 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

МҰНАЙШЫ      

Желтоқсан 2013

3

43

Management address



44

Visit of the President of the People's Republic of China to Kazakhstan



46

PetroKazakhstan at KAZENERGY-2013



48

2013 results. 2014 forecasts.



49

Oil: from subsurface right to… your home



53

New HSE reporting award Programme



54

PetroKazakhstan Olympics - faster, higher, stronger!



56

Santa Claus post-office



57

Calendar of events



Басшылықтың құттықтауы



6

ҚХР Төрағасының Қазақстанға сапары



8

«ПетроҚазақстан» KAZENERGY-2013 форумында



10

Қорытындылар - 2013. Болжамдар - 2014.



11

Мұнай: жер қойнауынан ... сіздің үйіңізге дейін



16

ҚЕҚОҚ бойынша жаңа көтермелеу Бағдарламасы



17

«ПетроҚазақстан» Спартакиадасы - тек қана алға!



20

Аяз Атаның поштасы



21

Оқиғалар күнтізбесі

«Мұнайшы» журналы - «ПетроҚазақстан»

компаниясының қызметкерлеріне арналған

корпоративтік басылым.

Бас редактор:

Бақытжан Исенғалиев



Бас редактордың орынбасары:

Екатерина Гребенникова



Редакциялық топ:

Махаббат Джайлғанова,

Диляра Қасымбекова,

Айнаш Тілеубаева,

Гүләйхан Ембердиева,

Ақтолқын Сұлтангереева.



фотограф:

Андрей Тайгунов.

Журнал «Мунайшы» - корпоративное

издание компании «ПетроКазахстан»,

предназначенное для сотрудников.

Главный редактор:

Бахытжан Исенгалиев



Заместитель главного редактора:

Екатерина Гребенникова



Редакционная группа:

Махаббат Джайлганова,

Диляра Касымбекова,

Айнаш Тлеубаева,

Гульайхан Ембердиева,

Актолкын Султангереева.



фотограф:

Андрей Тайгунов.

Munaishy is a corporate PetroKazakhstan

magazine for the employees.



Chief Editor:

Bakhytzhan Issengaliyev



Deputy Chief Editor:

Ekaterina Grebennikova



Contributors:

Makhabbat Dzhailganova,

Dilyara Kassymbekova,

Ainash Tleubayeva,

Gulyaikhan Yemberdiyeva,

Aktolkyn Sultangereeva.



photographer:

Andrey Taigunov.



содержАНие

24 

Поздравление руководства



25

Визит Председателя КНР в Казахстан



27

«ПетроКазахстан» на KAZENERGY-2013



29

Итоги 2013. Прогнозы 2014.



30

Нефть: из недр и до… вашего дома



35

Новая Программа поощрения БОТОС



36

Спартакиада «ПетроКазахстан» - быстрее, выше, сильнее!



39

Почта Деда Мороза 



40

Календарь событий



МАзМҰНЫ

Байланыстық ақпарат:

Казақстан Республикасы, Алматы,

050059, Фурманов көшесі, 244-а

тел.: +7 (727) 258 1848

Ainash.Tleubayeva@petrokazakhstan.com

Контактная информация:

Республика Казахстан, Алматы,

050059, ул. Фурманова, 244-a

тел.: +7 (727) 258 1848

Ainash.Tleubayeva@petrokazakhstan.com

Contact information: 

244-a Furmanov Street, 050059,

Almaty, Republic of Kazakhstan,

tel.: +7 (727) 258 1848

Ainash.Tleubayeva@petrokazakhstan.com

contents


4

Желтоқсан 2013      



МҰНАЙШЫ

Тұрақтылық – дәреже көрсеткіші. Бұл аксиома спорт пен экономика үшін, денсаулық пен 

жалпы өмір үшін де бірдей әділетті. Міне, екі жыл бойына біздің компаниямыздың барлық 

бөлімшелері өндіріс пен даму бойынша тұрақты жұмысты көрсетіп келеді. «ПетроҚазақстан»  

Қазақстанның ең үздік 100 ірі компаниясының бағалауында жетекші бірінші бестікке бекем 

орнықты.   

 Бұл әрбір қызметкердің және бүкіл компания персоналының үйлесімді еңбегінің жетістігі 

мен жемісі. Әрине, табысқа сыртқы ортамен, Үкіметпен, Парламентпен, өңір басшыларымен, 

бұқаралық ақпарат құралдарымен, серіктестермен, жалпы бүкіл қоғаммен дұрыс құрылған 

қатынасу стратегиясы да септігін тигізіп отыр.

Сондықтан да осы жылы шығарылған «ПетроҚазақстан – ол біз!» фотоальбомы 

қазақстандық қоғамның барлық деңгейлерінде жақсы қабылданып, Мұнай және газ министрі 

Ұ.С. Қарабалин тарапынан жоғары бағаға ие болды, министр бұл кітаптың құндылығы оның 

еңбек адамына арналғанында екендігін атап көрсетті. 

Ал сіздің қолыңыздағы «Мұнайшы» журналы KAZENERGY байқауының нәтижесі бойынша 

Қазақстанның энергетика және мұнай саласындағы ең үздік корпоративтік басылымы деп та-

нылды. Түрлі салалар мен орталардан келген тәжірибелі сарапшылардан құралған қазылар 

алқасы біздің журналды корпоративтік көшбасшы ретінде бірауыздан мақұлдады.  

Жалпы алғанда өткен жыл ел үшін де, компания үшін де елеулі оқиғалармен есте қалды. 

Әсіресе, екі жаққа да аса маңызды болып табылатын ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің 

Қазақстанға ресми сапарын атап өту қажет.  

Сапар қорытындысы бойынша екі ел арасындағы ынтымақтастықтың одан ары дамуының өзекті бағыттары анықталды, ал біздің 

акционерлеріміздің бірі болып табылатын - СНПС ұлттық компаниясы Қашаған ірі халықаралық жобасында үлес бөлігін иеленді. 

Бұл халықаралық энергетика нарығын игерудегі СНПС-ның кезекті табысы, және менің ойымша, мұнда белгілі бір дәрежеде 

«ПетроҚазақстанның» да үлесі бар. Өйткені қазақстандық және қытай мамандарының бірлескен үйлесімді жұмысын көрсетіп, 

қытайлық әріптестердің кәсіби және технологиялық дайындығын көрсетіп отырған да осы біздің компаниямыз.  

СНПС-ның Солтүстік Каспий жобасындағы табысының жауапкершілігі «ПетроҚазақстан» басшылығына табысталды, демек, бұл 

корпоративтік қызметтер мен маркетинг және тасымалдау бөлімшелеріне жаңа стратегиялық міндеттер жүктелгенін айтады.

Келе жатқан Жаңа 2014 жыл басқа бөлімшелерде де жаңа оқиғалар мен жетістіктерге толы болары анық. 

Барлық әріптестеріме, олардың туғандары мен жақындарына дәл осы оқиғалардың ең жақсылары ғана сіздермен байланысты 

болғанын тілеймін.

Жаңа жылдарыңызбен, құрметті достар!

Б. Исенғалиев,

Вице-президент 

бАс редАктордЫң сөзі


МҰНАЙШЫ      

Желтоқсан 2013

5

бАсШЫлЫқтЫң қҰттЫқтАуЫ 

Құрметті достар! 

Міне, 2013 жыл да аяқталуға жақын, бұл жыл-

ды да біз өткен жылдардай жақсы өндірістік 

көрсеткіштермен аяқтап келеміз. Біздің компания 

мақсатымыз бірлігі мен әр-қайсыңыздың қосқан 

үлесіңіздің арқасында алға қарай ұмтылып, сенімді 

әрі тұрақты қарқынмен жұмыс істеп келе жатыр. 

Бұл жылы «ПетроҚазақстанның»  мұнай өндіру 

көрсеткіштері  3,1 млн. тонна құрайды. Компани-

ямыз  Оңтүстік Торғай алқабындағы бірден-бір 

ең ірі мұнай кәсіпорны дәрежесін сақтай отырып, 

жаңа қорларды барлау бағдарламасын белсенді 

түрде жалғастырып келеді, бұл бағдарламаны 2014 

жылы да орындауға міндеттенеді.   

Біз газды пайдаға жарату бағдарламасын енгізген 

Қазақстандағы алғашқы компаниямыз және оны-

мен тоқтап қалмай, осы саладағы жобаларды 

жүзеге асырып келеміз. Мәселен, ағымдағы жылы 2012-2014 жылдарға арналған «ПетроҚазақстан» ілеспе газын өңдеуді дамы-

ту бағдарламасының аясында ең ірі жобалардың бірі - Арысқұм кен орнындағы қуаттылығы жылына 500 млн. м

3

 болатын газды 



кешенді дайындау қондырғысын салу жұмыстары басталып кетті. 2014 жылы Арысқұмда сондай-ақ әрқайсысының қуаттылығы 

20 МВт екі газтурбиналық электр станциясының құрылысы жоспарлануда. Мұның барлығы ҚАМ кен орындары тобының кәсіптік 

нысандарын электр қуатымен қамтамасыз етеді және табиғат қорғау шараларының экологиялық тиімділігін арттырады.    

Бұл жылы біздің компаниямыз үшін аса маңызды болып табылатын Шымкент МӨЗ-ін жаңғырту жобасын жүзеге асыру өз 

жалғасын тапты. Енді, міне, желтоқсан айының басында МӨЗ-ге Еуро-4 және Еуро-5 стандартындағы дизельдік отынды өндіруге 

мүмкіндік беретін дизельдік отынды гидротазалау қондырғысы пайдалануға енгізілмек. Мұнайды қайта өңдеудің жоспарланған 

деңгейі 2013 жылы 4,6 млн. тоннадан асады деп құрайды.  

Компания ішіндегі тиімді жұмысымен қатар мердігер мекемелермен нәтижелі әрекеттесуінің арқасында компания ҚЕҚОҚ 

бойынша көрсеткіштерімен де мақтана алады. Тұрақты оң серпінді одан әрі сақтап қалу мақсатында қазан айында ҚЕҚОҚ және 

ҚҚ департаментімен апаттық жағдайлардың алдын алу және жоюға бағытталған әлеуетті қауіпті жағдайлар туралы хабарлай-

тын бағдарлама енгізілді. «ПетроҚазақстан» компаниялар тобы KAZENERGY Қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік жауапкершілік 

және ашықтық мәселелері жөніндегі үйлестіру комитетінің мүшесі болып, Үйлестіру комитетінің қамқорлығындағы өнеркәсіптік 

қауіпсіздік, еңбекті қорғау және төтенше жағдайларға жауап қайтару мәселелері бойынша жұмыс тобын құрды. 

Біз, бұрынғысынша, қызмет ету аймақтарымызда көптеген әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеміз, мәселен, Оңтүстік 

Қазақстан және Қызылорда облыстарының әкімдіктерімен Ынтымақтастық туралы меморандум аясындағы әлеуметтік жобаларға 

ғана сәйкесінше 1 млн. және 3 млн. доллар бөлінді. Сонымен қатар ҚР ЖЖМ нарығын тұрақтарындыру және компанияның 

әлеуметтік жауапкершілігін қолдау шеңберінде біз әлеуметтік бағдарламалар бойынша мұнай өнімдерін жеткізіп келдік. 

Біздің қызметкерлеріміздің республикалық дәрежедегі ерен еңбектерін атап өтіп, Мұнайшы күніне орай ҚР Мұнай және 

газ министрлігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «Самрұқ-Қазына» медальдарымен, мадақтау қағаздарымен және құрмет 

төсбелгілерімен марапатталған ПҚОП-тың 9 қызметкерін құттықтаймыз.   

Жаңа мақсаттар мен міндеттер және оларды жүзеге асыратын мықты команда - «ПетроҚазақстан» үшін де, әрқайсымыз үшін де 

келе жатқан 2014 жыл бұдан да жемісті болатынына сенімдіміз. Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға табыс,  зор денсаулық, 

тұрақтылық пен көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!  

Вэй Юйсян,

ПҚИ, ПҚҚР және ПҚОП Президенті

Асылбек Кәрібаев,

ПҚОП Бірінші Вице-президенті

 


6

Желтоқсан 2013      



МҰНАЙШЫ

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 

шақыруымен 2013 жылдың 6-8 қыркүйегі 

аралығында Қазақстанға өзінің алғаш 

мемлекеттік ресми сапары аясында ҚХР 

Төрағасы Си Цзиньпин келді. 14 сағаттан 

астам уақыт бірге болған көшбасшылар 

екі жақты қатынастар, өңірлік және 

халықаралық саясат мәселелері бойын-

ша пікір алмасты. ҚХР мен ҚР арасындағы 

екі жақты стратегиялық серіктестікті 

бұдан әрі дамыту туралы Бірлескен 

декларацияға және көлемі 30 млрд. АҚШ 

долларына жуық 20-дан астам басқа да 

саяси құжаттар мен ынтымақтастық ту-

ралы келісімдерге қол қойылды. Со-

нымен қатар мемлекет басшылары 

қазақстан-қытай сауда-экономикалық 

ынтымақтастығының орта мерзімді және 

ұзақ мерзімді дамыту бағдарламасына 

қол қою рәсіміне қатысты. Ресми са-

пар аясында Си Цзиньпин Назарбаев 

Университетінде сөз  сөйлеп,  Қытайдың 

жаңа басшылығының Орталық Азияға 

қатысты дипломатиялық саясатын ба-

яндап берді. Бұдан басқа, мемлекет бас-

шылары біздің елдеріміздің арасындағы 

екі жақты іскерлік ынтымақтастықтың 

тұңғыш механизміне айналатын және 

инвестициялық жобаларды жүзеге 

асыруға көмектесетін Қытай және 

Қазақстан Кәсіпкерлері кеңесінің 

құрылтай съезіне қатысты.

Бұл Си Цзиньпин мен Нұрсұлтан 

Назарбаевтың соңғы жарты жыл 

ішіндегі екінші кездесуі және бұл сөзсіз, 

қазақстан-қытай қатынастарының 

жоғары деңгейі туралы мәлімдейді. Екі 

мемлекет басшысының Алматыға ар-

найы бір ұшақпен келуі қызықты жайт 

болумен қатар  бұл - ҚХР Төрағасы 

мен ҚР Президентінің арасындағы 

сенімділіктің айрықша деңгейі мен 

достықты паш ететін Қытай дипломати-

ясы тарихындағы сирек оқиға.

Саясат, экономика, әлеуметтік және 

мәдени сала - бүгінде біздің елдеріміздің 

өзара қарым-қатынастарының маңыз-

ды айырмашылығы олардың көп 

қырлылығы болып табылады. Қытай-

қазақ өзара әрекеттестіктерінің тағы да 

бір ерекшелігі - оның «халықтық сипа-

ты», халықтың әл-ауқатын жақсартуға 

бағытталуы болып отыр. 



Ұлы жібек жолының 

экономикалық дәлізі 

Соңғы жылдары тағы да бір 

маңызды аспект - қазақстан-қытай 

ынтымақтастығының екі ел шеңберінен 

Орталық Азия өңіріне шығуы айқын 

байқалып отыр және де бұл әсіресе көлік-

логистика саласына қатысты. Осыған 

байланысты сапар аясында Төраға Си 

Цзиньпинмен ұсынылған «Жібек жо-

лы экономикалық дәлізін» жаңғырту 

бастамасын да атап өткен жөн, әрине 

бұл ертеде болған керуен жолының та-

рихи мағынасындағы емес, орталық 

азия кеңістігіндегі жаңа экономикалық 

ықпалдасу тұрғысындағы бастама. За-

манауи жібек жолы бүкіл өңір елдерінің 

өзара әрекеттестіктеріне жаңа жол аша-

ды және оның үш миллиардтық халқына 

пайда әкеледі.

 Біздің елдеріміз қазірдің өзінде-ақ 

бұл бағытта жұмыстар жүргізіп отыр 

- мұнай және газ құбырларының, Ба-

тыс Қытай - Қазақстан - Батыс Еуропа 

автожолдарының, шекара бойындағы 

«Қорғас» халықаралық ынтымақтастық 

орталығы, Алтынкөл - Қорғас жаңа темір 

жол өткелі, «Қорғас - Шығыс қақпасы» 

АЭА көлік-логистикалық кешенінің 

құрылысы және пайдаланылуы сияқты ірі 

инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асы-

рылуда. Бұл жобалар Қытайдан Қазақстан 

аумағы арқылы Еуропа, Орталық Азия, 

Кавказ, Таяу Шығыс, Парсы шығанағы 

елдеріне және кейінгі бағыттағы тауар-

лар транзитін едәуір кеңейтеді. Мәселен, 

соңғы бес жыл ішінде Қазақстан 

арқылы Қытай-Еуропа бағытындағы 

транзиттік жүк ағыны 2 есе  үлкейді, 

ал 2015 жылға қарай, болжамдарға 

сәйкес, бұл көрсеткіш үш есе өсетін бо-

лады. Бірақ «экономикалық дәліз» жа-

сау үшін алда Орталық Азияның бүкіл 

елдерінде бірыңғай жол желісін белсенді 

дамытуға, сауданы қарапайымдандыруға, 

кедергілерді жоюға және шығындарды 

төмендетуге бағытталған үлкен жұмыс 

күтіп тұр.

Қазақстан үшін көлік бөлігі қытайлық 

тауарлардың транзитімен ғана шектеліп 

отырған жоқ - біздің республикамыз 

тауарларды Азия-Тынық мұхит өңірі 

елдеріне экспорттау үшін Қытайдың 

көлік мүмкіндіктерін пайдалануға 

мүдделі. Бұл бағыттағы бірінші қадам 

да жасалды - өткен сапар барысында 

Қазақстанның Ляньюньган қытай теңіз 

портында терминалды жалға алуға және 

құрылысына қатысты келісімділікке қол 

жеткізілді.

Экономикалық өзара әрекеттестік 

Сауда саласындағы ынтымақтастық-

тан басқа - бүгінде Қазақстан Қытайдың 

ТМД елдері ішіндегі Ресейден кейінгі 

екінші сауда серіктесі, ал Қытай - 2011 

жылғы 25 млрд. доллардан, 2015 жылы 

жоспарлап отырған 40 млрд. долларға 

дейінгі үдемелі айналымы бар біздің 

еліміздің ірі сауда серіктесі болып табы-

лады, біздің елдеріміз бірқатар салалар-

да бірлескен жобаларды жүзеге асырып 

отыр.


Өзара әрекеттестіктің ірі салаларының 

бірі, әрине, энергетика болып табылады. 

1997 жылы «Ақтөбемұнайгаз» жобасынан 

басталған ынтымақтастық бүгінгі күні та-

бысты жалғасын тауып келеді және өткен 

он бес жыл ішінде Қытай Қазақстанның 

мұнай-газ саласындағы негізгі 

серіктестерінің біріне айналды. Бүгінгі 

таңда Қазақстан мен Қытай мұнай-газ 

саласында 10-ға жуық бірлескен жоба-

ны жүзеге асырып отыр. Қазақстандық 

«бірінші» сөзі 20-жылдан асқан қытай-қазақ ынтымақтастығының жоғары 

нәтижелілігінің айқын көрсеткіші бола алады. қытай - қазақстанның бірінші сау-

да серіктесі, ал қазақстан - тМд-дағы қытай инвестицияларының ірі нысаны. екі 

ел бірлесіп алғашқы трансшекаралық мұнай және газ құбырын салды. Шекара 

бойындағы «қорғас» халықаралық ынтымақтастық орталығы экономикалық 

ынтымақтастықтың алғашқы трансшекаралық аймағына айналды. құрылысын 

салуға қытай көмектескен Мойнақ ГЭс-і - біздің еліміз тәуелсіздікке қол 

жеткізгеннен кейінгі қазақстан республикасының бірінші ірі ГЭс-і болды. Мұның 

барлығы екі мемлекет халқына пайда әкелумен бірге біздің  арақатынасымыздың 

әрі қарай дамуына сарқылмайтын ынта-жігер берді.

қХр төрАғАсЫНЫң қАзАқстАНғА сАпАрЫ


МҰНАЙШЫ      

Желтоқсан 2013

7

мұнай өңдеуге CNPC, SINOPEC және CITIC 



сияқты қытайлық компаниялар белсенді 

қатысуда. Ал осы жылдың күзінен ба-

стап бірлесе өндіретін көмірсутегі кен 

орындарының қатары тағы да біреуімен 

толықты - өткен сапар барысында CNPC 

қытай компаниясы Қашаған мұнай кен 

орнындағы 8% үлеске 5 млрд. долларды 

инвестициялайды.

Бұдан басқа, энергоресурстарды 

бірлесіп тасымалдау саласында тағы да 

бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылып 

жатыр. Олардың ішіндегі маңыздысының 

бірі - Қазақстанның мұнай кәсіптерін 

Қытайдың құрлықтық бөлігімен қосып, 

алғашқы трансұлттық энергодәлізге 

айналған, жалпы ұзындығы 2,8 мың км. 

Қазақстан-Қытай мұнай құбыры. Ол 

үш компаниялармен басқарылатын 

бірнеше учаскелерден құралған. 

Бірінші учаске - ұзындығы 448 км. 

Кеңқияқ-Атырау учаскесі Қазақстан-

Қытай мұнай құбыры құрылысы бой-

ынша бұдан кейінгі жұмыстың негізін 

қалап, 2003 жылы көктемде пайдалануға 

берілген. Келесі, ұзындығы 962 км. Ата-

су-Алашанькоу учаскесі 2006 жылы жаз-

да пайдалануға берілген. Құмкөл-Атасу 

мұнай құбырымен қосылды. Дәл біздің 

құмкөлдік мұнайымыз Атасу-Алашань-

коу бөлігінің ресурстық қоры үшін негіз 

болды. Ең соңында, бүкіл осы көлік та-

мырын қосқан соңғы тізбе - 2010 жы-

лы күзде енгізілген, ұзындығы 794 

км. Кеңқияқ-Құмкөл учаскесі болды. 

Оның пайдалануға берілуі Қазақстан-

Қытай экспорттық мұнай құбыры 

құрылысының екінші сатысының бірінші 

кезегін аяқтады. Екінші кезек - жылы-

на 20 миллион тонна болатын оның 

толық жобалық қуатына қол жеткізу үшін 

қолданыстағы учаскелерді дамытуды 

көздейді. 2013 жылдың соңына қарай бұл 

сандарға Атасу-Алашанькоу учаскесінде 

қол жеткізілетін болады - ол үшін бұл 

жерде екі қосымша мұнай айдайтын 

станциялар салынды. Бірақ барлық 

трансұлттық мұнай құбырының толық 

қуаттылықта жұмыс істеуі үшін қалған 

учаскелердің де өткізу қабілеттілігін арт-

тыру қажет, осылайша, Атырау-Кеңқияқ 

және Кеңқияқ-Құмкөл бөліктеріндегі 

де құбыр өткізгіштерді кеңейту бой-

ынша жұмыс жүріп жатыр. Атыраудан 

Алашанькоуға дейінгі бүкіл қазақстан-

қытай мұнай құбыры 2015 жылға қарай 

20 млн. тоннадағы өзінің жобалық 

қуаттылығына жетеді деп күтілуде.

Өткен сапар аясында  біздің республи-

камыз үшін тарихи деп атауға тұрарлық 

тағы да бір оқиға болды - 2013 жылы 7 

қыркүйекте Нұрсултан Назарбаев пен 

Си Цзиньпин қатысқан телекөпір фор-

матында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» 

магистралдық газ құбырын газбен тол-

тыру рәсімі өтті. Мұндай теңеу кездейсоқ 

емес, өйткені 1,5 мың км. «Бейнеу-Бо-

зой-Шымкент» газ құбыры, мемлекеттік 

ауқымдағы - Батыс Қазақстан кен 

орнындағы табиғи газды республиканың 

оңтүстік өңірлеріне беруден, отандық 

газды ҚХР нарығына экспортқа шығару 

мүмкіндігіне дейінгі бірқатар міндеттерді 

шешуге мүмкіндік беретін стратегиялық 

маңызды инфрақұрылымдық жоба бо-

лып табылады. Жобаның жүзеге асыры-

луымен ҚР барлық магистралдық газ 

құбырлары, бірыңғай газ-көлік жүйесіне 

біріктірілетін болады, ал оңтүстік 

қазақстандықтарда көгілдір отын 

тапшылығы болмайды.

Ендігі екпін мұнай-газ жобалары-

нан біртіндеп өңдеуші салаларға және 

жоғары технологиялық жобаларға ау-

ысуда. Көмірсутектерді өндіру және та-

сымалдау саласындағы ынтымақтастық 

жолға қойылған, келесі кезекте олар-

ды өңдеу мәселесі жатыр. Екі ел Атырау-

да хош иісті көмірсутегі өндірісі, Аты-

рау облысындағы газ-химиялық кешені, 

Ақтаудағы битум зауыты сияқты жоба-

ларды жүзеге асырып отыр. Қытайда 

да, Қазақстанда да белсенді дамып ке-

ле жатқан машина құрылысы өндірісі 

зор әлеуетке ие және бұл салада тепло-

воздар өндірісі туралы келісімге қол 

қойылды. Бұдан басқа, біздің елдеріміз 

жалпы құны 1,2 миллиард доллар бола-

тын төрт бірлескен энергетикалық жоба 

жасап жатыр. Олар жел-, гидро- және күн 

электр станцияларын қамтиды.



Мәдениет пен білім

Мемлекетаралық қатынастар 

халықтардың өзара орналасу негізінде 

жасалады. Бүгінде қазақстандықтардың 

көбі Қытайды өз көздерімен көргілері 

келеді, ал Қытайдың көп азаматтары 

біздің республикамызға келеді. Жақын 

болашақта біздің елдеріміздің өзара 

қатынасу саны жылына миллион адам 

болуы ықтимал.

Мемлекет басшылары өздерінің соңғы 

кездесуі барысында тату көршілестік 

пен достастықты нығайтуға мүмкіндік 

беретін гуманитарлық және мәдени ал-

масуды күшейту маңыздылығы туралы 

әңгіме қозғады. Бастамалардың ішінде - 

Қазақстанда қытай мәдени орталығын 

және Қытайда қазақ мәдени орталығын 

мүмкіндігінше тезірек құру, сондай-ақ 

ағымдағы және келесі жылы екі елде де 

Мәдениет күндерін өткізу ниеті. Сондай-

ақ Қытай 2017 жылы Қазақстандағы 

қытай туризмі күнін өткізу ұсынысын 

қарастыратын болады. Бүгінде Қазақстан  

Қытайдан келетін қонақтардың ағынына 

есептелген туризм индустриясын 

белсенді жаңғыртып жатыр. Ал қытай 

кәсіпорындары Астанада Ұлттық би 

және балет академиясының құрылуына 

демеушілік жасап отыр.

Алайда білім беру саласы маңызды рөл 

атқаруы тиіс, өйткені жастардың қарым-

қатынасы одан әрі белсенді болған сайын 

болашақта мемлекеттердің татулығы да 

берігірек болады. Біздің елдеріміздің ара-

сында жоғарғы білім туралы құжаттарды 

өзара мойындау туралы келісімге қол 

қойылды. Конфуций институты Астана, 

Алматы, Қарағанды қалаларында жұмыс 

істейді. Сондай-ақ студенттер алмасу-

ды ынталандыру мақсатында жуықтағы 

10 жыл ішінде Қытай ШЫҰ мүше-

елдеріне арналған 30 мың үкіметтік сти-

пендия бөлетін болады және Конфуций 

институттарының 10 мың оқытушысы 

ҚХР-ға білім алуға және дайындықтан 

өтуге шақырылатын болады. Төраға Си 

Цзиньпин Назарбаев Университетіне 

барған сапарында 200 студентті және 

оқытушыларды келесі жылы жазғы ла-

герьге шақырды.

Өңірдегі тыныштықты және ұзақ да-

муды қамтамасыз етуге үлес қосу үшін 

саяси өзара сенімділікті, тату көршілікті 

және достастықты нығайту, өзара тиімді 

ынтымақтастықты ілгерілету, жан-жақты 

стратегиялық серіктестікті кеңейту 

- 2000 жылдан астам өзара қарым-

қатынастар тарихының ішінде әр түрлі 

ұлттары, діндері және мәдениеті бар ел-

дер бірлескен дамуға қол жеткізе оты-

рып, бейбітшілік пен татулықта өмір 

сүре алатындығын көрсеткен екі тату 

көршінің жоспарлары осындай. Табыс-

пен аяқталған сапар екі жақты байла-

нысты  жаңа биіктікке көтерді, алысқа 

болжанған мақсаттар мен келешектерді 

айқындап берді.



8

Желтоқсан 2013      



Каталог: images -> magazine
magazine -> Бас редактордың сөзі обраЩеНИе глаВНоГо редактора chief editor’s page
magazine -> МҰнайшы contents 4
magazine -> МҰнайшы қыркүйек 2013 3 «Мұнайшы» журналы «ПетроҚазақстан» компаниясының қызметкерлеріне арналған корпоративтік басылым. Бас редактор
magazine -> МҰнайшы маусым 2014 3 «Мұнайшы» журналы «ПетроҚазақстан» компаниясының қызметкерлеріне арналған корпоративтік басылым. Бас редактор
magazine -> МҰнайшы 60 Management greetings 63
magazine -> МҰнайшы 54 The Price of Victory 54
magazine -> МҰнайшы 54 2013 results 56
magazine -> МҰНайшы маусым 2013 3 Dear readers and colleagues!

жүктеу 0.92 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет