Министрлiгi министерство образования и науки республики



жүктеу 3.45 Mb.
Pdf просмотр
бет1/52
Дата11.09.2017
өлшемі3.45 Mb.
түріСборник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52

 

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  БIЛIМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  



МИНИСТРЛIГI 

МИНИСТЕРСТВО  ОБРАЗОВАНИЯ  И НАУКИ  РЕСПУБЛИКИ  

КАЗАХСТАН 

 

 



 

 

АЙМАҚТЫҚ ӘУЛЕМЕТТІК - ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

АКАДЕМИЯЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ  ИНСТИТУТЫ 

 

 

РЕГИОНАЛЬНЫЙ СОЦИАЛЬНО- ИННОВАЦИОННЫЙ 



УНИВЕРСИТЕТ 

АКАДЕМИЧЕСКИЙ ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 



 

 

 

― БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНЫҢ 

 БҤГІНІ МЕН КЕЛЕШЕГІ‖   

атты Халықаралық ғылыми-практикалық  

конференциясының жинағы 

 

 



Сборник трудов международной научно- 

практической конференции  



―РЕАЛИИ И ПЕРСПЕКТИВЫ  РАЗВИТИЯ  

НАУКИ И ОБРАЗОВАНИЯ‖ 

 

 



ІІ ТОМ 

 

 



 

 

 

 

 

 

Шымкент, 2015  

 

УДК 001:37 



ББК 72 

       Б94 

 

―БІЛІМ  МЕН  ҒЫЛЫМНЫҢ  ДАМУЫНЫҢ  БҤГІНІ  МЕН  КЕЛЕШЕГІ‖ 

атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жинағы. ІІ ТОМ  - 

Шымкент,  2015. – 475 бет. 

 

Сборник трудов Международной научно-практической конференции  



―РЕАЛИИ И ПЕРСПЕКТИВЫ  РАЗВИТИЯ НАУКИ И ОБРАЗОВАНИЯ‖ 

ТОМ ІІ – Шымкент, 2015. – 475 стр. 



 

ҦЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАСЫНЫҢ ҚҦРАМЫ  

СОСТАВ ОРГКОМИТЕТА  

 

Ж. К. Оңалбек 

 

тӛраға ,  педагогика ғылымдарының докторы



профессор 

С.Р. Боранбаев 

 

тӛраға орынбасары, филология ғылымдарының 



докторы, профессор 

Е. И. Қыстаубаев 

 

тӛраға орынбасары, техника ғылымдарының 



кандидаты, доцент 

С. Ш. Тлеубаев 

 

философия ғылымдарының докторы, профессор 



А.Б. Кҥздеубаева 

 

педагогика ғылымдарының кандидаты 



Р. Т. Қожабекова   

 

филология  ғылымдарының кандидаты, 



конференцияның жауапты хатшысы 

Ш.Д.Болғанбаева 

 

әулеметтік ғылымдарының магистрі 



Ж.Е. Арыстанова   

 

педагогика ғылымдарының магистрі, конференция 



координаторы 

 

 «Білім  мен  ғылымның  дамуының  бҥгіні  мен  келешегі»  атты 



Халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  конференцияның  еңбектер  жинағында 

педагогика,  психология,  экономика,  мәдениет  және  ӛнер,  әлеуметтану, 

саясаттану, дене тәрбиесі және спорт, математика, физика, техника, филология, 

тарих және философия салаларындағы ғылыми мақалалар қамтылған. 

Еңбектер  жинағы  ғылыми  қызметкерлерге,  магистранттарға,  колледж 

оқытушыларына,  мұғалімдерге,  жоғары  оқу  орындарының  студенттеріне 

арналған. 

УДК 001:37 

ББК 72 

 

ISBN 978-9965-07-641-1 



 

   Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті 

                                              Академиялық инновациялық институты 


 

Қҧрметті конференцияға қатысушылар! 



Қадірменді  қонақтар! 

 

«Білім мен ғылымның дамуының бүгіні мен келешегі» атты Халықаралық 

ғылыми-тәжірибелік конференцияны ашуға  рұқсат етіңіздер. 

ХХІ ғасырда білім мен ғылым саласында болып жатқан ӛзгерістер болашақ 

мамандар  даярлауда  жоғары  мектептің  алдына  жаңа  міндеттер    қойып  отыр. 

Осыған орай, бүгінгі әлеуметтік білім беру кеңістігіне сай бейімдеп  білім алу, 

жалпы ғаламдық танымды, ойлауды дамыту, ӛзінше ғылыми тұжырым жасауға, 

олардың  қажетіне  қарай  ғылым  жетістігін  сұрыптауға,  студенттің  ӛзінің  іс 

әрекетінің  субъектісі  болуына  мүмкіндік  туғызу  -  кӛкейкесті  мәселе  болып 

табылады.  Ӛйткені,  тек  жоғары  білімді  маман  ғана  қоғам  мен  экономиканың, 

әлеуметтік және мәдени ӛркендеудің  кӛшбасшысы бола алады.  

Жоғары білім - маманға білім, іскерлік және дағды ғана беріп қоймайды, ол 

жеке  тұлғаны  қалыптастырады.  Заман  талабы  ӛзгерген  сайын  жоғары  оқу 

орындарына қоғам тарапынан қойылатын талап та ӛзгерді.  

Еліміздегі  жоғары  білімді  дамыту  стратегиясы  Қазақстан  Республикасы 

Конституциясының  қағидаларына,  Білім  туралы  заңға,  ел  Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстан - 2030» жолдауына  негізделеді. 

Бұл  құжаттарға  сәйкес  Қазақстан  Республикасындағы  жоғары  білім 

мемлекеттің ұзақ мерзімдік бағдарламасы арқасында ерекше орын алады. ХХІ- 

ғасырдың  шынайы  кілті    жаһандану  білім  саласына  да  келіп  жетті.  Соның 

арқасында  әлемдік    экономиканың  интеграциялануы,  жаңа  ақпараттық 

технологиялардың  пайда  болуы  оның  пайдалану  ӛрісінің  кеңейгені  белгілі. 

Негізгі    мектептегі  білім  алу  ғылымның  іргетасы  және  мемлекет  дамуының 

алтын қазығы екені белгілі. 

Тәуелсіз  еліміздің  кезең-кезеңмен  атқарып  жатқан  білім  саласындағы  іс-

шаралары  мемлекеттің  ӛре  мен  қуатының  ізденісін  аңғартады.  Жаhандану 

заманында  интеллектуалды  азамат    қалыптастыру,  қойылған  міндеттер 

бойынша  жастардың дүниетанымын ӛзгертіп, олардың жаңаша ойлау қабілетін 

арттыруға, білімге деген құштарлығын оятуға, Отансүйгіштік қасиетін одан әрі 

дамытуға  бағытталып  отыр,  бәсекеге  қабілетті  азаматтарды  даярлауға  ғана 

қатысты емес, оларды ел экономикасын, мәдениетін алға тартатын күш ретінде 

орнықтыруға да байланысты.  

Бүгінгі  басты  талап  -  білім  жүйесін  әлемдік  дамыған  инновациялық 

технологиялармен  жабдықтау,  білім  мен  ғылымның  халықаралық  стандартын 

меңгеру,  сапалы  білім  беруге  қол  жеткізу,  қоғам  сұранысына  жауап  беретін 

білікті маман даярлау болып табылады. 



 

Конференция жҧмысында шығармашылық сәттілік тілеймін

 

 

Конференцияны ҧйымдастыру алқасының тӛрағасы, п.ғ.д.,профессор  

Оңалбек Жарылқасын Керімбекұлы  

 


 

ӘОЖ 340:328.3 



 

ОБЪЕКТИВТІК ЖӘНЕ СУБЪЕКТИВТІК МАҒЫНАДАҒЫ АДАЛДЫҚ  

 

Магистрант Қадірсізова К.С. аға оқытушы Есеналиев А.Е.,  

аға оқытушы М.Қ.Ерманқҧлов 

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті 

Шымкент қ., Қазақстан 

 

Адалдық  пен  теріс  пиғылдылық  –  бұл  қоғамның  адамгершілік 

критерийлеріне  қатысты  субъект  әрекетін  қоғаммен  пайымдалуы.  Тым 

асырылған  теріс  пиғылдылықтың  (кешірілмейтін  теріс  пиғылдылық)  кейбір 

жағдайларында  заңшығарушы  оны  құқықбұзушылық  деп квалификациялайды, 

бірақ, осы жердің ӛзінде субъект кінәсі барлық кездері ескерілмейді, осылайша 

кінәсіз  және  зиянсыз  (шығынсыз)    құқықбұзушылар  пайда  болады.  Бұл 

жағдайларда  субъектінің  теріс  пиғылдылығының  болу  не  болмауы  ғана 

ескеріледі.  Заң  шығарушымен  құқықбұзушылыққа  жатқызылмаған,  тұлғаның 

субъективтік  құқығының  бұзылуы  кезінде  кінәсінің  ешқандайда  бір  маңызы 

болмайды /2/.  

Субъективті  азаматтық  құқықтарды  жүзеге  асырудың  шегі  ретінде 

аталған норманың мазмұның құрайтын мүмкіндіктерді жүзеге асыру бойынша 

ӛкілетті тұлғалардың қызметіннің заңмен белгіленген шекарасын түсіну қажет. 

Азаматтық  құқықты  жүзеге  асыру  шектері  әркелкі  кӛп.  Шектерді  нақты 

түсіну  үшін  субъективті  азаматтық  құқықтарды  жүзеге  асырылуы  шектерінің 

құрылуына  әсер  ететін  факторларды  классификациялауға  болады:  Біріншіден, 

азаматтық  құқықтарды  жүзеге  асыру  заңмен  қорғалатын  құқықтың  басқа 

субъектілерінің мүдделерін бұзбауы тиісті (ҚР АК 8 бап 3 тармақ); Екіншіден, 

азаматтық құқықтарды жүзеге асыру айналадағы ортаға зиян келтiрмеуге тиiсті  

(ҚР  АК  8  бап  3  тармақ);  Үшіншіден,  азаматтар  мен  заңды  тұлғалар  ӛздерiне 

берiлген  құқықтарды  жүзеге  асырған  кезде  адал,  парасатты  және  әдiл  әрекет 

жасауы  тиісті    (ҚР  АК  8  бап    4  тармақ);  Тӛртіншіден,  азаматтар  мен  заңды 

тұлғалардың басқа жаққа зиян келтiруге, құқықты басқа түрлерде қиянат жасап 

пайдалануға, сондай-ақ құқықты оның мақсатына қайшы келетiндей етiп жүзеге 

асыруға бағытталған әрекеттерiне жол берiлмейдi (ҚР АК 8 бап  5 тармақ). 

Әнгіме  құқықты  асыра  пайдаланушылық  туралы,  оны  келесі  түрлерге 

бӛлуге болады: 

1)

 

басқа  тұлғаға  зиян  келтіру  пиғылмен  мақсатты  орындалуға  бағытталған 



әрекет түрінде жасалған құқықты асыра пайдаланушылық; 

2)

 



объективті  басқа  тұлғана  зиян  келтіретін,  зиян  келтіру  пиғылы  болмай 

жасалған құқықты асыра пайдаланушылық. 

2  тармақ  қызмет  ету  аясына  түсетін  құқықты  асыра  пайдаланушылық 

басқада  түрлеріне  жатқызуға  болады,  атап  айтқанда,  бәсекелестікті  шектеу 

мақсатында  және  нарықтағы  үстемдік  жағдайын  асыра  пайдалану  жолымен 

тұлғаның  ӛзінің  азаматтық  құқықтарын  асыра  пайдаланушылық,  яғни 

контрагенттерге  қарсы  немесе  одан  қауіпті  тұтынушыларға  залалкес 


 

монополистердің ӛздеріне қолайлы жағдай жасау /2/. ҚР АК 11 бабына сәйкес 



заңды  бәсекелестiктi  шектеуге  немесе  жоюға,  негiзсiз  артықшылықтар  алуға, 

тұтынушылардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерiне  қысым  жасауға 

бағытталған  монополистiк  және  қандай  болса  да  басқа  қызметке  жол 

берiлмейдi. 

Құқықты  оның  мақсатына  қайшы  келетiндей  етiп  жүзеге  асыруға 

бағытталған әрекеттерi. 

Аталған  құқықты  асыра  пайдаланушылықтың  түрі  В.С.Емнің  ұсынған 

классификациясында жоқ, ӛйткені ол кездері РФ АК құқықты оның мақсатына 

қайшы келетiндей етiп жүзеге асыруға қарастырылмаған болатын, ал ҚР АК 8 

бабында ол кӛрсетілген. Сол себептен, В.С.Ем құқықтың әлеуметтік мақсатына 

қайшы келуін құқықты асыра пайдаланушылық анықтамасына қосып жіберген 

/3/. 


Шын мәнінде, шиканада, басқа түрдегі құқықты асыра пайдаланушылық, 

әрине,  құқық  мақсатына  қайшы  жүзеге  асырылады.  Сонымен  қатар,  бұл 

белгінің азаматтық құқықты жүзеге асыру шегінің кез келген бұзушылығында 

табуға  болады  (үшінші  тұлғалардың  мүдделерін  бүұзу,  қоршаған  ортаға  зиян 

келтіру,  адалдық,  парасаттылық  пен  әділ  әрекет  ету  принциптерін  бұзу  және 

т.с.с.).  

Сол  себептен  біз  кез  келген  құқықты  оның  мақсатына  қайшы  келетiндей 

етiп  жүзеге  асыруға  бағытталған  әрекеттерi  атамаймыз,  бірінші  екі  түр 

мазмұнымен қамтылатын құқықты асыра пайдаланушылық болып табылатында 

айтудамыз. 

ҚР АК 8 бабының 5 тармағына сай ҚР АК 8 бабының 3-5 тармақтарымен 

қарастырылған талаптарды орындамау кезінде (яғни, құқықты жүзеге асырудың 

шектерін 

бұзу, 


сонымен 

қатар 


құқықты 

асыра 


пайдаланушылық 

жағдайларында), сот оған тиісті құқықтарды қорғаудан бас тартуы мүмкін.  

Бұдан кӛретініміз, құқықты асыра пайдаланушылықтың жалғыз салдары – 

осы құқықты қорғаудан айырылу ғана.  

Сонымен  қатар,  әдібиеттерде  құқықтарды  қорғаудан  соттың  бас  тартуы 

кең мағынада түсініледі, және оны қорғаудан бас тартуымен қоса, шығындарды 

ӛтеу мен келісім шарттың заңсыз деп тануы және т.б. қосылған.  

Мысалы,  В.С.Емнің  айтуынша  құқықты  асыра  пайдаланушылық 

жолымен  құқық  бұзушылықты  жасау  кезінде  азамттық  құқықтарын  қорғаудан 

бас тарту түріндегі шамалы анық санкция беріледі (ҚР АК 10 бап 2 тармақ); ол 

ӛз  кӛрінісінің  нақты  түрі  бар:  қорғаудың  нақты  әдісінен  бас  тарту;  құқықты 

жүзеге  асыру  барысында  құқықты  асыра  пайдалану  есесінен  жеткен 

нәтижелерге  ӛкілетігінен  айыру;  жалпы  субъективтік  құқығынан  айыру; 

шығындарды ӛтеу бойынша міндеттемелер жүктеу; келісім шартты заңсыз деп 

тану және т.б. /4/. 

С.Д.Радченко,  О.А.Поротикова,  және  А.В.Волковтың  зерттеулеріне 

негізделген  құқықты  қорғаудан  бас  тартудың  кӛрініс  табуның  жеке  түрлерун 

қарастырып ӛтеміз.  

Кӛптеген  ғалымдар  субъективті  құқығынан  айыру  құқықты  пайдалану 

үшін санкция ретінде мойындайды. 



 

О.С.Иоффе мен В.П.Грибанов санкция ретінде жалпы құқықтан айыруды 



қарастыратын, бірақ, сонымен қатар, құқықты орынсыз пайдалану нәтижесінде 

алынған нәтижелеріне құқықтарынан сол мезетте жалпы айыру /5/. 

Бірақ бұл ҚР АК 8 бабының 5 тармағына сай келмейді. Құқықтан айыру 

санкциясын  қолдану  үшін  ол  қолданылуы  мүмкін  заңда  нұсқалған  нақты 

жағдайларда орын алады. 

Әрекет  етуге  мәжбүрлеу.  Кейбір  авторлардың  пікірінше,  егер  құқықты 

асыра  пайдаланушылық  әрекетсіздік  түрінде  жүргізілсе,  онда  ондайды  тоқтау 

әрекет етуге мәжбүрлеу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін /6/. 

Бұл  мүмкін  бе?  Әрекет  жасауға  мәжбүрлеу  тек  Заңда  тікелей  нұсқау 

берілген  жағдайда  ғана  қолдыналуы  мүмкін  (ҚР  АК  9  және  399  баптары).  ҚР 

АК  8    бабында  ол  қарастырылмаған.  Сот  түлғаны  ӛз  мүддесінде  әрекет  етуге 

мәдбүрлей  алмайды.  Ол  тек  ӛкілетті  тұлғаның  мүдделеріне  қайшы  келетін 

әрекеттерін қорғаудан бас тарта алады. 

Мәмілені  жарамсыз  деп  тану.  Құқықты  асыра  пайдалану  себептері 

бойынша  мәмілелерді  жарамсыз  деп  тану  мүмкіндігіде  кейбір  авторлармен 

және сот тәжірибесімен қарастырылған болатын. 

Сонымен  қатар,  әдебиеттерде  мәмілені  жарамсыз  деп  тану  құқықты 

қорғаудан бас тарту мазмұнымен қамтыла алмайды деп айтылған. Нәтижесінде 

тұлғаның арам пиғылы бар құқықты асыра пайдаланушылықпен салыстырғанда 

мәмілені жарамсыз деп тану туралы бап қолданысы объективті сипатта /7/.  

Осы  айталғанан  келесідей  қорытынды  шағаруға  болады.  Субъективтік 

құқықты  жүзеге  асырудың  шегін  бұзудың  жалғыз  салдары  осы  құқықтарды 

қолғауда соттың бас тартуы.  

Бұл  үшінші  тұлғалардың  мүдделерін  бұзуға  да,  қоршаған  ортаға  зиян 

келтіругеде,  адамгершілік,  парасаттылық  пен  әділдік  принциптерін  бұзуғада, 

құқықты асыра пайдалануғада қатысты.  

Басқа қалған құқық шаралары: шығынды ӛтеу, әрекет жасауға мәжбүрлеу, 

мәмілену жарамсыз деп тану және басқалары ҚР АК 8 бабы аясынан тысқары 

қалуда, ол құқықты қорғаудан бас тарту жағдайы мен тәртібін реттейді. 

Егер, құқықты асыра пайдаланушылық құқық бұзушылық түрінде болса, 

онда  құқықбұзушылық  салдарын  қолдану  ҚР  АК  8  бабы  бойынша  емес  басқа 

АК  нормалары  бойынша  қолданылады,  атап  айтқанда:  шығынды  ӛтеу 

нормалары (ҚР АК 9,350 баптары);  мәмілені жарамсыз деп тану (ҚР АК 157-

162 баптары) және т.б. 

Құқық  субъектісі  әрекеттерін  оған  тиісті  құқықтарды  қорғаудан  бас 

тартуға  тиісті  дәрежелілігін  әжептеуір  анықтауда  оның  әрекеті  азаматтық 

құқықбұзушылық болуын анықтау ережесі принципиалды емес.  

Азаматтық  құқықбұзушылық  орын  алған  кезде  азаматтық-құқықтық 

жауптылықты  қолдану  міндетті,  егер,  азаматтық  құқықты  жүзеге  асыру 

шектерін  бұзуда  осы  құқықты  қорғау  бойынша  бас  тарту  ғана  қолданылады, 

істің  мән-жайы  ашылмайды,  және  оның  азаматтық-құқықтық  жауаптылыққа 

жауаптылыққа  әкелетін  құқықбұзшулық  белгілерінің  бар 

-жоқтығы 

анықталмайды.  ҚР  АК  8  бабын  қолдануда  құқық  субъектісінің  заңды 

субъективтік  құқығы  бар  екендігін  анықтайды,  бірақ  ол  оны  адалдық, 


 

парасатылық  мен  әділ  әрекет  ету  принциптерін  бұзумен  қолданады  немесе 



құқықты асыра пайдаланушылыққа жол береді.  

Құқықты  асыра  пайдаланды  деген  негіздемемен  басқа  тұлғаға  қатысты 

талапты  ұсыну  мүмкін  емес.  Бұндай  талап  шығындарды  ӛтеу  туралы 

нормаларға,  мәмілені  жарамсыз  деп  тану  нормасына  және  т.с.с.  негізделуі 

мүмкін, тек АК 8 бабына емес.  

ҚР  АК  8  бабының  4  тармағын  қолдану  сот  тәжірибесінде  кең  тараған. 

Бірқатар  жағдайларда  норманы  қолдану  негізделген  және  ақталған,  бірақ  ҚР 

АК 8 бабының 4 тармағына сілтеме жасау негізделмеген істерде кездеседі.  



Әдебиеттер 

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы: «Қазақстан», 1998, 96-

б. 

2.  Богданова  Е.Е.  Добросовестность  и  право  на  защиту  в  договорных 



отношениях: Монография. М.: ЮНИТИ-ДАНА: Закон и право, 2010. С. 21-28. 

3.  Российское  гражданское  право:  Учебник.  В  2  томах.  Т.  I.  Общая  часть. 

Вещное  право.  Наследственное  право.  Интеллектуальные  права.  Личные 

неимущественные  права  /  Отв.  ред.  Е.А.  Суханов.  М.:  Статут,  2010.  С.  397 

(автор главы – В.С. Ем). 

4. Грибанов В.П. Осуществление и защита гражданских прав. М., 2000. С. 98-

100 

5.  Иоффе  О.С.,  Грибанов  В.П.  Пределы  осуществления  субъективных 



гражданских прав. – Советское государство и право. 1967. №7. С. 81-84. 

6. Скловский К.И. Собственность в гражданском праве. М., 2008. С. 811 

7.  Скловский  К.И.  Проблемы  собственности  и  владения  в  гражданском  праве 

России. М., 1999. С. 47 

8. Қазақстан  Респyбликасының  Бзаматтық кодексі. 27.12.1994 ж. 

9. Қазақстан Респyбликасының Бзаматтық іс жүргізy. 13.07.1999 ж. 



Резюме 

 Понятия 

добросовестности, 

разумности 

и 

справедливости 

упоминаются  в  законодательстве  нередко  вместе,  как  взаимосвязанные 

понятия. Эти понятия основываются на принципах морали и нравственности, 

характеризируют  субъективные  отношения  субъекта  права  к  совершаемым 

им  действиям  и  являются  внутренними,  субъективными  пределами 

осуществления  субъективных  гражданских  прав.  Каждый  из  них 

характеризируется своим собственным содержанием и имеет в гражданском 

праве самостоятельное значение 

Summary 

The  concepts  of  good  faith,  reasonableness  and  fairness  referred  to  in  the 

legislation often  together as interrelated  concepts. These  concepts  are based  on  the 

principles  of  morality  and  characterize  subjective  relationship  to  the  subject  of  law 

and  his  actions  are  internal,  subjective  limits  of  the  subjective  civil  rights.  Each  of 

them is characterized by its own content and has a civil law self-importance. 

 

 



 

 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 



ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

АӘИУ-нің магистранты Казмамбетова А. 

Ғылыми жетекшісі п.ғ.к. Утебаева А.Т.  

Резюме 

В этой статье рассматриваются особенности формирования учащихся 

познавательного восприятие. 

Summary 

/This article deals with features of cognitive  perceptions formation by the pupils. 

 

Қазіргі  нарықтық  –экономикалық  кезеңдегі  талаптар  оқушылардың  оқу-

танымдық  іс-әрекетін,  белсенділігін  қалыптастыруда  олардың  қабілеттерін 

дамытуға, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етіп, ізденісіне, талабын 

ұштауға білім деңгейін жетілдірудің маңызын алға қойып отыр. Оқушылардың 

оқу-танымдық іс-әрекеті - күрделі процес. Ол іс-әрекет мақсатын, мазмұны мен 

қорытындысын, түрлері мен әдістерін, мотивтерін, деңгейлерін қамтиды. Оқу-

танымдық іс-әрекет - шәкірттің білімге деген ӛте белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол 

танымдық  қажеттіліктен,  мақсаттан,  таным  қисындарынан  және  әрекетті 

орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. 

Мектептегі  оқу-тәрбие  үрдісі  оқушылардың  оқу-танымдық    әрекеті 

негізінде  жүзеге  асады,  ал  оқу-танымдық,  әрекеті  негізінде  оқушылардың 

танымдық белсенділігі қалыптасады. Белсенді танымдық іс-әрекеттің кӛздейтін 

ісі,  білімнің  қоғамдық  мәнін  ұғыну,  қоғамға  қызмет  ету  қарқынын  үдету 

қажеттілігіне негізінде дамиды. Белсенділіктің  жоғары кӛрінісі оқушылардың 

алған білімдерін ӛмірде пайдалана білуі болып табылады. 

Балалардың  оқу-танымдық  іс-әрекеті  жеке  тұлғаның  танымдық 

қызығушылығы  қажетсінуін,  белсенділігі  мен  ізденімпаздығын  қамтитын 

танымдық,  еріктік  сезімталдық  үрдістер  мен  мотивтері  бірлігі  нәтижесінде 

оқушылардың  интеллектуалды,  жеке  қасиеттерін  және  кәсіби    біліктерін 

дамытатын оқу материалының мазмұны мен қажетті кӛлемін  игеруді кӛздейтін 

жан-жақты оқу жұмысы. Демек - оқу танымдық іс-әрекет -оқушылардың негізгі 

іс-әрекеті  болып  табылатын  күрделі  құбылыс.  Ол  оқу  шешіліп,  мақсаткерлік 

мотив,  танымдық  ақпаратты  қабылдаудан  бастап  күрделі  шығармашылық 

үрдістің  қалыптасуымен  аяқталатын  түрлі  сезімдік  кӛріністермен  және  т.б. 

сипатталады. 

Сонымен  қатар,  оқушылардың  танымдық  іс-әрекеті  -  жеке  тұлғаның 

танымдық қызығушылығы мен қажетсінуін, белсенділігі мен ізденімпаздығын 

қамтитын танымдық,  еріктік, сезімталдық үрдістері мен мотивтері бірлігі 

нәтижесінде оқушылардың интеллектуалдық, жеке қасиеттерін және кәсіби 

маңызды  біліктерін  дамытатын,  оқу  материалының  мазмұны  мен  қажетті 

көлемін  игеруді  көрмейтін  жан-жақты  оқу  жұмысы  -  деп  анықтама  беруге 

мүмкіндік болды. 

Осы  анықтама  негізінде,  оқу-танымдық  іс-әрекет  -  оқушылардың  негізгі 

іс-әрекеті  болып  табылатын  күрделі  үрдіс  бола  отырып,  ол  оқу  міндеттерінің 



 

шешіліп,  мақсаткерлік,  мотив,  танымдық  ақпаратты  қабылдаудан  бастап, 



күрделі  шығармашылық  үрдістің  қалыптасуымен  аяқталатын  түрлі  сезімдік 

кӛріністермен т.б. сипатталады деген тұжырым жасауға болады. 

Оқу-танымдық  белсенділік  дегеніміз  -  оқушының  оқуға,  білуге  деген 

ынта-ықыласының,  құштарлығының  ерекше  кӛрінісі.  Мысалы:  мұғалімнің 

баяндап  тұрған  жаңа  материалын  түсінү  үшін,  оқушының  оны  зейін  қойып 

тыңдауы,  алған  білімін  кеңейту  үшін  ӛздігінен  кітап  оқып  бақылау  тәжірибе 

жасау сияқты жұмыстар жасауы қажет. Ӛйткені ӛтілген материалдарды саналы 

қайталауда,  жаңадан  білім  алуда,  оның  жолдары  мен  дағдыларына  үйренуде 

белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық 

кезеңінде орын алуы қажет. 

Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, 

сонда  оқушыларды  ақыл-ой  қабілеттерінің  мынадай  элементтері  дамиды: 

зеректік, зейінділік, байқағыштық, ойлау және сӛйлеу дербестігі т.б. 

Сонымен  оқу-танымдық  белсенділікті  қалыптастыру  проблемаларының 

пайда болуы мен дамуын талдай отырып, тӛмендегідей қорытынды жасалады: 

- танымдық белсенділікті қалыптастыру, түрлі пәндерді оқыту барысында 

оны дамыту идеясының пайда болуы мектептердің даму бағыттарының түрліше 

болуымен байланысты; ӛзіндік жұмыс, ӛзіндік ізденіс арқылы сан қырлы білім 

алуы ретінде қарастырады; 

жоғарыда  кӛрсетілген  тұжырымдамаларда  ауыл  мектебіндегі  жоғары 

сынып  оқушыларының  танымдық  белсенділігін  қалыптастыру  мәселесі 

зерттелмеген. 

Оқу-танымдық 

іс-әрекет 

белсенділігінің 

кӛрсеткіштері 

ретінде 

мыналарды бӛліл кӛрсетуге мүмкіндік береді: 

1. Білімді ӛз бетінше алуы және оны түрлі нақты жағдайда қолдана білуі. 

2. алдынғы қатарлы білімдерге қол жеткізу. 

3. Танымдық тапсырмаларды шешу біліктері. 

4. Ӛз бетіндік оқу әрекетіне қызығушылығы, әрекет тәсілдерін білуі. 

5.  Тұтас  педагогикалық  үрдісте  мұғалімнің  оқуы  мен  мақсатты  ӛзара 

әрекеті. 

6. Әрекетке бейімделуі мен ӛзін-ӛзі бақылау. 

Оқу-танымдық белсенділік пен жалпы танымдық іс-әрекет проблемасына 

арналған  кӛптеген  еңбектер  мынадай  қорытынды  жасауға  әкелді:  танымдық 

ізденімпаздық  пен  белсенділік  жеке  тұлғаның  алуан  қырлы  болмыс-бітімі 

болып  табылады,  ол  сезімталдық,  танымдық  және  еріктік  үрдіс  нәтижесі, 

танымдық  мотив пен  ӛзбеттілік  әрекет тәсілдерінің  жиынтығы,  танымға деген 

тұрақты  құлшыныс  болып  табылатын  танымдық  әрекетке  бейімделуімен 

сипатталады. 

Оқушылардың  ұжымдык  танымдық  іс-әрекеттерінің  оқушылардың 

тұлғалық  қасиеттерін  дамытуға  жетелейтін  оқу  процесінің  қарама-

қайшылықтарын 

шешу 


үшін 

мүмкіндіктері 

мол. 

Бұл 


жӛнінде 

Т.Е.Конникованың  және  оның  шәкірттерінің  мектептерде  жүргізілген  зерттеу 

жұмыстарының нәтижелерінде кӛрініс тапқан. Бұл зерттеулер сабақ барысында 

оқушылардың  тұлғалық  қасиеттерін  дамытуға  кӛмектесетін  ұжымдық 



10 

 

танымдық  іс-әрекеттердің  мол  мүмкіндіктерін  кӛрсетіп  берді.  Ұжымдық  іс-



әрекеттер барысында оқушыларда меңгертілетін материалдардың кӛлемі артып, 

оларды  терең  түсінулеріне  мүмкіндік  жасалады.  А.Синицкая  зерттеулері  жас 

ӛспірім  балалармен  жүргізілетін  біріккен  жұмыстардың  сапасы  жеке 

жүргізілетін  жұмыстарға  қарағанда  жоғары,  яғни  сабақтарда  әдеттегідей  жеке 

жүргізілетін  жұмыстар  барысында  оқу  материалының  60-70%-і,  ал 

оқушылардың  ӛзара  әрекеттесуі  арқылы  89%-і  меңгертіледі.  Сапалы 

ұйымдастырылған  ұжымдық  оқу  іс-әрекеті  ӛз  бетінше  ойлауды  дамыту  үшін 

барынша  қолайлы  жағдай  жасайды.  Мұндай  тұжырымды  Л.А.Ростовецкая  ӛзі 

жүргізген  эксперименттік  жұмыстарының  нәтижесінде  жасаған.  Зерттеушілер 

ұжымдық  оқу  іс-әрекеттерін  ұйымдастырудың  мүмкіндіктерін  іске  асырудың 

жоғары  сатысы  бірін-бірі  оқыту  екендігін  айқындады,  ӛйткені  ол  оқушыларға 

оқу барысында белсенділік және ізденімпаздық танытуға мүмкіндік туғызады. 

Сонымен  бірге  жеке,  фронтальды  оқытуға  қарағанда  оқушылардың 

есептер  шығару,  жаттығулар  орындау  барысында  күштерін  біріктіруі 

ұғымдарды,  біліктерді  және  дағдыларды  қалыптасыртуға  оқу  уақыты  аз 

жұмсалады.  Қазіргі  уақытта  кооперация  қатынастары  мен  ойдың 

интелектуалдық  құрылымының  мазмұнының  арасында  ішкі  байланыстың  бар 

екендігі  дәлелденіп  отыр.  Оқушылардың  ӛзара  әрекеттестігін  ұйымдастыру 

нәтижесінде  дәстүрлі  оқыту  барысында  кездесетін  кейбір  қиыншылықтар 

азаюда.  Бұл  сабақ  үстінде  жұмыс  істемейтіндердің,  үй  тапсырмасын 

орындамайтындардың  азаюымен  және  керісінше  оқушылардың  танымдық 

белсенділіктерінің, 

шығармашылық 

ізденімпаздықтарының 

артуынан 

байқалады. 

Қорытындылай  айтарымыз  ұжымдық  танымдық  іс-әрекеттер  белгілі  бір 

дәрежеде оқу материалдарын меңгеруі, оқу барысындағы осал жерлер жӛнінде 

оқушыдан  кері  ақпараттарды  жедел  алу  сияқты  ӛзекті  дидактикалық 

проблемаларды  шешуге  мүмкіндік  жасайды;  оқушының  тұлғалық  қасиеттерін 

ӛз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылады. 

 


Каталог: files -> gylym
files -> Сборник текстов на казахском, русском, английском
files -> №4(76)/2014 Серия экономика
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
files -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012
gylym -> Ғылымға арналған «Дөңгелек үстел»
gylym -> Хабаршы №5 филологиялық Ғылымдар әож 81'366-512. 1 11/13
gylym -> Министрлiгi министерство образования и науки республики

жүктеу 3.45 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет