Министерство сельского хозяйства республики казахстан



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет2/42
Дата12.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

Кіріспе  
Алматы  облысының  тау  бөктері  тау  бөктері  аймағында  мал  шаруашылығы  жақсы 
даму  алуда.  Малды  жем-шөппен  қамтамасыздандыру  жəне  мал  азығының  сапалық 
көрсеткіштерін жақсарту бүгінгі күннің мал шаруашылығындағы өзекті мəселелерінің бірі 
деп  есептелінеді.  Арпа  дəні  жəне  сабаны  мал  түрінің  бəріне  құнды  жем-шөп.  Осыған 
байланысты арпа өнімін арттыру фермерлердің басты міндеттерінің бірі болуда. 
Ауыл  шаруашылық  дақылдардың  жақсы  өніп-өсуіне  топырақты  негізгі  өңдеу 
жеткіліксіз.  Себебі  күзде  топырақты  негізгі  өңдегеннен  кейін  келер  дақылды  сепкенге 
дейін қардың, ауылшаруашылық машиналар мен құралдарының, трактордың салмағынан 
топырақ тығыздалады, сондықтан оны себер алдында өңдеп, қопсыту қажет. 
Егін себер алдында топырақ өңдеудің алдына мынадай талаптар қойылады: 
-танапты  өсімдік  қалдықтарынан,  арамшөптерден,  зиянды  жəндіктер  мен  ауру 
қоздырғыштардан тазарту. 
-себілген  тұқымдардан  жылдам  жəне  біркелкі  көктеп  шығу  үшін  қолайлы  жағдай 
жасау. 
Егін  себер  алдындағы  топырақ  өңдеу  жүйесі  көптеген  жағдайларға,оның  ішінде 
топырақтың  гранулометриялық  құрамына,  құрылымына,  құрылысына,  негізгі  өңдеу 
тəсіліне, дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне тікелей байланысты. 
Республиканың  оңтүстік  жəне  оңтістік-шығыс  аймағында  жерді  соқамен 
жыртқаннан  кейін  ерте  көктемде  жер  өңдеу,  топырақты  тырмалаудан  басталады. 
Тырмалаудан  кейін  егін  себер  алдындағы  топырақ  өңдеу  жүйесі  келесі  дақылдың  себілу 
мерзіміне  байланысты.  Ерте  себілетін  дақылдарға  ылғал  жабысқаннан  кейін  топырақты 
тұқым сіңіру тереңдігіне культивациялайды. 
Оның  негізгі  мақсаты – қыстап  жəне  көктемде  өсіп  шыққан  арамшөптерді 
жою,топырақтың беткі тұқым сіңірілетін қабатын қопсыту. Культивациямен бір мезгілде 
танап  тырмаланады.  Гранулометриялық  құрамы  ауыр  топырақтарда  жəне  арамшөптері 
басым жерлерде культивациялау тереңірек жүргізіледі. 
 Зерттеудің мақсаты  
Алматы  облысының  тау  бөктері  аймағында  тұқым  себер  алдындағы  топырақты 
өңдеу  əдістерінің  арпа  дақылының  өніп-өсуіне,  арамшөптермен  ластануына  жəне 
топырақтың агрофизикалық қасиеттеріне тигізетін əсерлерін анықтау. 
Зерттеу  объектісі  «Агрономия»  кафедрасының  ғылыми-зерттеу  жұмыстары 
жүргізетін танабында арпаның «Арна» сорты. 
Зерттеу үлгісі 
I Күзде 20-22 см тереңдікте (ПН- 5-35) жыртылған танап 

10 
 
1.Тұқым  себер  алдында 10-12 см  тереңдікте  култивациялау(КРН-4.2) +тұқым 
себілгеннен кейн бастыру   
2.Тұқым  себер  алдында 10-12 cм  тереңдікте  қопсыту  (БДТ-4.0)+тырмалау,  тұқым 
себілгеннен кейін бастыру (прикатывание)(бақылау)  
3.Тұқым  себер  алдында 8-10 см  тереңдікте  дискілеу  (ЛДГ-10) +тырмалау,  тұқым 
себілгеннен кейін бастыру   
4.Тұқым себер алдында тырмалау (ЗИГ-ЗАГ), тұқым себілгеннен кейін бастыру  
II Күзде өңделмеген   танап   
1.Тұқым  себер  алдында 10-12 см  тереңдіте  култивациялау  (КРН-4.2)+тырмалау 
(бақылау)  
2. тұқым себер алдында 10-12 см тереңдіте қопсыту (БДТ-4.0)+тырмалау  
3. Тұқым себер алдында 8-10 см тереңдіте дискілеу(ЛДГ-10)+тырмалау  
4.Тұқым себер алдында 6-8 см тереңдікте дискілеу (ЛДГ-10)+тырмалау  
Қайталанымы 4 рет, мөлдектердің жалпы ауданы 7,2x20=144 м
2
, есепті ауданы-100 
м
2
.  Ауыспалы  егістіктің  үлгісіне  сəйкес  алғы  дақыл  күздік  бидайдан  кейінгі  егілген 
аралық  дақыл  сүрлемдік  жүгері  жиналып  алғаннан  кейінгі  танапты  ЛДГ-10  агрегатымен  
6-8 см тереңдікке сыдыра  жырту жұмыстары жүргізілді.  
Зябь  жырту  жұмыстарының  алдында  бірінші  агрофонның  барлық  мөлдектеріне 
фосфор 60 кг/га мөлшерінде топырақ бетіне шашылып ізінше 20-22 см тереңдікте ПН-5-35 
агрегатымен жырту жұмыстары жүргізілді. 
Екінші  агрофондағы  (зябь  жыртылмаған)  барлық  мөлдектерде  күзде  фосфор 
тыңайтқышы шашылмады.  
Зябь  жыртумен  бірге  тырмалау  жұмыстары  жүргізілді.  Зерттеуге  арпаның  Алматы 
облысының тау бөктерінде аудандастырылған арпа сорты Арна алынды. Тұқым сапасы I 
репродукция талаптарына сай тұқым себу СЗ-3.6 тұқым сепкішімен 120 кг/га мөлшерінде 
жүргізілді.Көктемде топырақтың физикалық пісу мерзімінде күзде аударылып жыртылған 
агрофондағы  мөлдектерде  ылғал  жабу  мақсатымен  тырмалау  жұмыстары  жүргізілді. 
Тұқым себердің алдындағы топырақты өңдеу əдістері зерттеу үлгісіне сəйкес орындалды. 
Көктемгі тұқым себердің алдындағы топырақты өңдеуден бұрын əр зерттеу мөлдектеріне 
20  кг/га  азот  тыңайтқышы  (қолмен)  шашылды.  Арпаның  түптену  фазасында 
арамшөптерге  қарсы 2.4 Д  амин  тұзы  қол  гербицид  бүркігішпен 1,8 кг/га  мөлшерінде. 
Суғару  жұмыстары  масақтану  фазасында 1 рет  жаппай  суғару  əдісімен  жүргізілді 
(мөлшері 300-400 м
3
/га).  Өнімді  жинау  əр  мөлдектен 1 м

( 6рет  қайталаным) 
анықталынып,  жаппай  «Енисей»  комбайынымен  орып  жиналынды.  Қандай  да  дақыл 
болмасын  оның  өнімінің  сапасы  мен  мөлшері  танаптың  арамшөптермен  ластануына 
тікелей    байланысты.  Арамшөптердің  сыртқы  ортаға  бейімділігі  мəдени  дақылдан 
біршама жоғары болғандықтан олармен күрес шарасын уақытылы жүргізілмеген жағдайда 
жақсы  нəтижелерге  қол  жеткізу  мүмкін  емес.  Əсіресе  арамшөптермен  күрес  мəдени 
дақылды күтіп-баптау мерзімінде өте тиянақты жəне əсерлі болуы керек 
Көп  жағдайда    шаруашылықта  дұрыс  ұйымдастырылмаған  жəне  ғылыми  негізінде 
дəлелденген арамшөптермен күрестің жоқтығы өте қиын жағдайларға алып келеді. 
Күзде танап 20-22 см тереңдікте аударылып жыртылған агрофонда, көктемде тұқым 
себер  алдында  танапты 10-12 см  тереңдікте  культивация  жүргізілген  зерттеу  нысанында 
арпаның  түптену  фазасында    1  м

23.1  дана  арамшөптер  болғандығы  анықталынды,  ал 
танапты  БДТ-4.0  құралымен 10-12 қопсытылған  зерттеу  нысанында-20.1  дана/м
2
  немесе 
бақылау нысанымен салыстырғанда 3.1 данаға (13%) төмен. Танапты ЛДГ-10 құралымен 
8-10  см  дискілеу  жүргізілген  зерттеу  нысанындағы  арамшөптер  саны  культивациямен 
салыстырғанда 1 м

- 4.1 данаға,  БДТ-4.0  қопсытқанда – 6.9 данаға  артық  болғандығы 
көрінеді.  Тырмалау  жұмыстары  орындалған  нысандағы  арамшөптердің  саны 1 м-30.5 

11 
 
данаға  жетті.  Яғни  алғы  зерттеу  нысандарымен  салыстырғанда 1 м
2
  танапта 
культивациядан (бақылау) 7.4, қопсытудан -10.4, дискілеуден-3.3 данаға жоғары. 
 
Кесте 1 - Тұқым  себер  алдындағы  топырақты  өңдеу  əдістерінің  арпа  танабының 
арамшөптерімен  ластануына əсері, 2015 ж. 
 
Зерттеу нысандары 
 
Түптену 
 
Сабақтану 
 
Масақтану 
Өнімді жинар 
алдында 
дана/м

г/м
2
дана/м
2
г/м
2
дана/м
2
г/м
2
  дана/м
2
  г/м
2
 
Күзде 20-22 
смтереңдікте 
аудартып жыртылған 
танап  
Тұқым себер алдында 
10-12 см тереңдікте 
культивациялау + 
тырмалау, тұқым 
себілгеннен кейін 
бастыру (бақылау) 
 
 
 
23.1 
 
 
 
1,7 
 
 
 
 
 
31,3 
 
 
 
33,4
 
 
 
 
 
37,8 
 
 
 
45,4 
 
 
 
35,4 
 
 
 
68,4 
Тұқым себер алдында 
10-12  см тереңдікте 
қопсыту + тырмалау 
тұқым себілгеннен 
кейін бастыру 
20,1  1,5  26,7 30,1
31,4 40,2 31,2  60,7 
Тұқым себер алдында 
8-10 см тереңдікте 
дискілеу + тырмалау, 
тұқым себілгеннен 
кейін бастыру 
27,2  2,3  33,8 35,3
38,1 46,1 37,4  67,3 
Тұқым себер алдында 
тырмалау, тұқым 
себілгеннен кейін 
бастыру 
30,5  2,8  38,4 39,7
40,7 49,2 39,0  69,1 
Күзде өңделмеген 
танап  
Тұқым себер 
алдында10-12 см 
тереңдікте 
култивациялау + 
тырмалау (бақылау) 
40,1  3,1  51,7 48,2
61,4 61,0 58,1  80,1 
Тұқым себер алдында 
10-12 см тереңдікте 
қопсыту + тырмалау  
35,3  2,9  47,5 45,1
50,3 58,1 55,3  78,2 
Тұқым себер алдында 
8-10 см 
дискілеу+тырмалау 
44,2  3,7  53,1 49,8
64,2 64,2 60,1  83,0 
Тұқым себер алдында 
6-8  см тереңдікте 
дискілеу+тырмалау 
45,1  3,9  55,2 51,7
66,1 66,7 61,0  85,1 
 

12 
 
Күзде танапты өңдемеген агрофондагы зерттеу нысандарындагы арамшөптердің саны, 
күзде  өңделген  агрофонмен  салыстырғанда  екі  есеге  дейін  жоғарылайтындығы 
анықталынды.  Нақты  айтқанда  тұқым  себер  алдында  культивация  жүргізілген  зерттеу 
нысанында 1 м - 40.1 дана, қопсыту жүргізілген нысанда – 35.3 дана дискіленген (8-10 см) 
– 44.2 дана жəне  (6-8 см) 45.1 дана арамшөптер түрі анықталынды. Арпаның келесі өсу 
фазасы  сабақтануда  анықталынған  барлық  зерттеу  нысандарында    көрсеткіштер 1 м
2
 
жерде  арамшөптердің  санының 8-10 дана  түрлерінің  артқандығын  көрсетеді.  Арпаның 
түптену  фазасында (50-60%) арамшөптерге  қарсы  барлық  зерттеу  нысандарында  бірдей 
мөлшерде 2.4 Д амин тұзы қолданылды. Осыған байланысты арамшөптердің саны мен өсу 
динамикасы  біршамаға  əлсіреді.  Қолданылған  гербицид  арамшөптерді  толық  дəрежеде 
(70-80%)  жоя  алмады.  Оның  басты  себебі  гербицид  қолданылғаннан  кейінгі  күндердегі 
жауын-шашынның ықпалы деп есептеуге болады. Өнімді жинар алдында арамшөптердің 
барлық  зерттеу  нысандарында  күннен  күнге  өсу  қарқынының  жоғарылауын  байқауға 
болады. Сондықтан арпаны ору жұмыстарын қыска мерзімде өткізу қажет деп есептейміз. 
Əрбір  орындалған  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  негізгі  мақсаты  ауылшаруашылық 
дақылынан  сапалы  жəне  арзан  өнім  алу  болып  табылады.  Өнімнің  мөлшері  мен 
сапалылығы  өсірілетін  дақылға  оның  өніп-өсу  талаптарына  сай  жағдайлар  қалыптасқан 
жағдайда  қол  жеткізуге  болады.  Біздің  зерттеу  нысанындағы  арпа  егістігіндегі  тұқым 
себердің алдында орындалатын топырақты өңдеу əдістерінің оның өсіп-дамуына тигізген 
əсерлерін  алдағы  жарияландырымдарда  баяндалды.  Осы  алынған  мəліметтердің  арпа 
өнімінің құрылымы мен сапасына əсері болуы қажет. Осы көрсеткіштер біздің төмендегі 
кестеде көрсетілген арпаның өнімділігінде байқалады. 
 
Кесте – 2 Тұқым  себер  алдында  топырақты  өңдеу  əдістерінің  арпа  дақылының 
өнімділігіне əсері, 2015 ж. 
 
№ 
Зерттеу нысандары 
Өнімділігі, ц/га 

 

Күзде 20-22см тереңдікте аудартып жыртылған 
танап   
 
Тұқым себер алдында 10-12см  тереңдікте 
культивациялау +тырмалау,тұқым себілгеннен кейін 
бастыру(бақылау) 
 
19,2 

Тұқым себер алдында 10-12  см тереңдікте 
қопсыту+тырмалау тұқым себілгеннен кейін бастыру 
21,3 

Тұқым себер алдында8-10 см тереңдікте дискілеу + 
тырмалау ,тұқым себілгеннен кейін бастыру 
18,1 

Тұқым себер алдында тырмалау, тұқым себілгеннен 
кейін бастыру 
18,0 
II 

Күзде өңделмеген танап  
Тұқым себер алдында10-12 см тереңдікте 
култивациялау +тырмалау(бақылау) 
 
18,1 

Тұқым себер алдында 10-12 см тереңдікте қопсыту 
+тырмалау  
19,2 

Тұқым себер алдында 8-10 см дискілеу+тырмалау  
17,3 

Тұқым себер алдында 6-8  см тереңдікте 
дискілеу+тырмалау 
17,0 
 
Кестеден  зерттеу  үлгісінің  екі  агрофонындағы  арпа  өнімділігі  бірдей  болмағанын 
көруге  болады.  Ең  жоғарғы  арпа  өнімі 21.3 ц/га  күзде  танапты 20-22 см  тереңдікте 

13 
 
аударып  жыртып,  көктемде  тұқым  себер  алдында  БДТ-4.0  құралымен  танапты 10-12 см 
тереңдікте  қопсытып,  тырмалап,  тұқым  себілгеннен  кейін  бастыру  жұмыстары 
жүргізілген  зерттеу  нысанында  болды.  Қалыптасқан  технологиямен  (бақылау) 
салыстырғанда  өнім  мөлшері 2.1 ц/га  артық.  Тұқым  себер  алдында  танапты  ЛДГ-10 
агрегатымен 8-10 см тереңдікте дискілеу жəне тырмалау жүргізілен зерттеу нысандарында 
өнім мөлшері 18.1 жəне 18.0 ц/га немесе бақылау нысанымен салыстырғанда 1.1 жəне 1.2 
ц/га төмен мөлшерде өнім қалыптасады. Күзде танапта өңдеу жүргізілмеген агрофондағы 
зерттеу  нысандарының  өнім  мөлшері  культивациялау (бақылау)  жүргізілген  жағдайда – 
18.1 ц/га. БДТ-4.0 құралымен қопсытылғанда – 19.2 ц/га, ал ЛДГ-10 құралымен  8-10 жəне 
6-8  тереңдікте  дискілеу  жүргізілген  нысандарда 17.3 жəне  17.0 ц/га  өнім  жинауға 
мүмкіндік туады. 
Қорыта  келгенде  белгілі  себептермен  күз  айы  мезгілінде  зябь  жырту  жұмыстары 
жүргізілмей  қалған  жылдары  көктемде  тұқым  себердің  алдында  танапты  БДТ-4.0 
құралымен 10-12 см  тереңдікте  қопсытып  тырмалап  тұқым  себу  арқылы  Алматы 
облысының  тау  бөктері  аймағында  арпадан 19.2 ц/га  өнім  жинауға  мүмкіндік  туады  деп 
есептеуге болады.   
 
 Əдебиеттер  
  
1. Əрінов  Өсімдік шаруашылығы Алматы 2012. 
2.  Əуезов  Ə.Ə.,  Атақұлов  Т.А.,  Сүлейменова  Н.Ш.,  Жаңабаев  Қ.Ш.  Егіншілік, 
оқулық, Алматы 2005. 
3.  Иванников  А.В.,  Шрамко  Н.В.,  Мұқажанов  К.М.  Солтүстік  Қазақстан  егіншілігі, 
Астана 2004. 
4.  Əуезов  Ə.Ə.,  Сүлейменова  Н.Ш.,  Оразымбетова  Қ.Н.  Егіншілік  практикумы, 
Алматы, 2006.  
5. Əуезов Ə.Ə. жəне т.б. Егіншілік анықтама-сөздігі, Алматы 2004. 
6.  Жаңабаев  Қ.Ш.,  Қазақстанда  жиі  кездесетін  арамшөптер  жəне  олармен  күрес. 
Алматы, 1994 
7. Баранов М.С., Жуховицкая З.Р. Агротехника и гербициды против сорняков, Алма-
Ата, 1962.- С. 18-35 
8. Дмитриев В.С. О так назывемых формул и борьбе с засорением овсюгом //, 1995.- 
С. 34-56  . 
9. Рекомендации Ресурсосберегающие технологии возделывания сельскохозяйствен-
ных культур Чаглы,  2010 
10.  Ахметов К.А., Вольская Н.А., Канафин Б.К. Состояние засоренности посевов в 
севооборотах.  В  кн.:  Технологии  возделывания  зерновых  и  кормовых  культур  в 
почвозащитном  земледелии.  Сборник  научных  трудов//КазНИИЗХ  им.А.И.Бараева. - 
Алматы: изд. Казахской академии сельскохозяйственных наук, 1994.- С. 28-38                                            
 
 
Абибуллаев Даурен Серикович, Узбеков Бекжумаш Мамаевич 
 
ЭФФЕКТИВНОСТЬ ПРИЕМОВ ПРЕДПОСЕВНОЙ ОБРОБОТКИ ПОЧВЫ В БОРЬБЕ С 
ЗАСОРЕННОСТЬЮ ПОСЕВОВ ЯЧМЕНЯ В УСЛОВИЯХ ПРЕДГОРНОЙ ЗОНЫ 
АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ 
 
В  статье  приведены  результаты  исследований,  влияние  предпосевной  обработки 
почвы  на  засоренность  посевов  ячменя  в  условий  в  предгорной  зоне  в  Алматинской 
области  

14 
 
Abibullaev Dauren, Uzbekov Bekzhumash 
 
ЕFFICIENCY OF METHODS PRESEEDING PROCESSING OF THE SOIL IN FIGHT 
AGAINST THE CONTAMINATION SEEDING OF BARLEY IN THE CONDITIONS OF 
THE FOOTHILL ZONE OF АLMATY REGION 
 
The article presents the results of research, the impact of tillage on weed infestation of 
crops of barley in the conditions of a foothill zone in Almaty region  
 
 
 
ƏОЖ 633:631.6 
 
Абилдаева Д., Ержанова К. 
 
Қазақ ұлттық аграрлық университеті 
 
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУДЫҢ КҮЗДІК 
БИДАЙДЫҢ ӨНІМДІЛІГІНЕ ƏСЕРІ 
 
Аңдатпа   
Мақалада  Алматы  облысы  жағдайында  тамшылатып  суғарудың  күздік  бидайдың 
өнімділігіне əсері келтірілген 
Кілт сөздер: күздік бидай, тамшылатып суғару, өнімділік 
Кіріспе  
Алматы  облысы  жағдайында  дəнді  дақылдардың  ішінде  күздік  бидай  дақылы  ең 
негізгілерінің  бірі  болып  саналады.  Ауыл  шаруашылығы  дақылдарын  қазіргі  заман 
талабына сай нарықтық экономикалық бəсекеге байланысты шығынды аз жұмсап, өнімді 
жоғарылату бүгінгі ғылымның басты бағытына ие [1]. 
Қазақстанның  бəсекеге  қабілеттілігі  дүние  жүзіндегі 50 бəсекеге  қабілетті  елдің 
қатарына кіру негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан 
Назарбаев  биылғы  Қазақстан  халқына  Жолдауында  аграрлық  саланы  жедел  дамыту 
жөнінде арнайы тапсырмалар беріп, бағдарын анықтады. Нақтылай түссек, оның біріншісі 
–  еңбек  өнімділігін  арттыру,  екіншісі – елдің  азық-түлік  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету, 
үшіншісі – елдің  экспорттық  əлеуетін  іске  асыру.  Міне,  осы  міндеттерді  жүзеге  асыру 
Қазақ мемлекетінің əрбір азаматына парыз екені сөзсіз. 
Сумен  қамтамасыз  ете  алмау  экономиканың  дамуына  орасан  кедергісін  келтіреді. 
Бұл  негізінен  су  қорына  деген  күннен  күнге  артып  отырған  су  дефицитімен  тікелей 
байланысты,  сонымен  бірге  мемлекет  аралық  суды  жүйелеу,  су  қолданудағы  қатаң 
лимиттер, аудандағы өзен суларының ағысының өзгеруі, суармалы егістіктердің сорлануы 
осы жəне тағы да басқа мəселелердің пайда болуымен қалыптасып отыр.  
Сондықтан  суды  тиімді  жəне  үнемді  пайдаланатын,  ылғал  үнемдейтін 
технологияларды өндіріске енгізу үлкен бір өзекті мəселенің бірі. 
Ayылшaрyaшылығындa  дəндi  дaқылдaрдың  өнiмдiлiгiн  aрттырyдa  əртүрлi  суару 
тəсілдерінің  биологиялық  ерекшелiктерiнiң  aтқaрaтын  орны  мaңызды. Cоңғы  жылдaры 
cyaрмaлы  егiншiлiк  жaғдaйындa  күздік  бидайдың  өсіру  технологиясын  жетілдіру 
жеделдетіп  үстінде болғандықтан өнiмдiлiгi жоғaры көрcеткiштердi көрcетyде [2, 3].  
Зерттеу нəтижелері  
Тамшылатып  суару  Қазақстанда  əлі  күнге  дейін  толық  зерттелмеген.  Алматы 
облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы Қазақ егіншілік жəне өсімдік шаруашылығы 
ғылыми-зерттеу  институтында  алғаш  рет  күздік  бидайды  тамшылатып  суару 

15 
 
технологиясы  зерттеліп  жатыр.  Тəжiрибелiк  жұмыc  күздiк  бидaйды  тамшылатып 
суарудың өнімділігіне əсерін aнықтay мaқcaтындa жүргiзiлдi. 
Күздiк  бидaйдың  өнiмi  олaрдың    өнiм  құрылымынa  тiкелей  бaйлaныcты  болaды. 
Өнiм  құрылымының  негiзгi  көрcеткiштерi:  бидaй  дəнiнiң  пicy  кезеңiндегi caқтaлғaн 
өciмдiктер caны,  бiр  өciмдiктегi  өнiмдi caбaқтaр caны,  бiр  өciмдiктегi  дəндер caны  мен 
оның caлмaғы жəне 1000 дəннiң caлмaғы (кесте). 
 
Кеcте  – Суғару тəсілдерінің күздiк бидaйдың өнiм құрылымынa əceрi 
 
Суару тəсілдері 
Өнiмдi 
түптiлiгi, 
дaнa 
Негiзгi 
мacaқтың 
ұзындығы, 
cм 
Негiзгi 
мacaқтaғы 
дəн caны, 
дaнa 
Негiзгi 
мacaқтaғы 
дəннiң 
caлмaғы, гр 
Бiр түптегi 
жaлпы 
дəннiң 
caлмaғы, гр
Дəстүрлі (бақылау) 
4 10 53 2,5 8,0 
Тамшылатып 
суғару  
5 11,2 58 3,1 10,0 
  
Aтaлғaн көрcеткiштердi aнықтaғaнымыздa бiр шaршы метр жердегi ортaшa еcеппен 
aлғaндaғы  негiзгi  мacaқтың  ұзындығы  бaқылay  нұcқacындa – 10 cм;  тамшылатып  суару 
нұсқасында – 11,2 cм болды. 
Негiзгi caбaқтaғы дəн caны мен caлмaғы бойыншa бaқылay  нұcқacындa - 53 дaнa, 2,5 
г.; сəйкесінше тамшылатып суару нұсқасында – 58 дaнa, 3,1 г. болды. 
1000  дəннiң caлмaғы  күздiк  бидaйдың  өнiмдiлiгiне  тiкелей  əcер  ететiн  өнiм 
құрылымы  болып  еcептелетiнiн  белгiлi,  тəжiрибеде 1000 дəннiң caлмaғы  бойыншa 
бaқылay нұcқacындa - 48,56 г.; тамшылатып суару нұсқасында – 50,51 г болды (сурет).   
 
 
Сурет  – Суару тəсілдеріне байланысты салыстырмалы 1000 дəннің салмағы, гр 
дəстүрлі  суару; 
48,56
тамшылатып  
суару; 50,51
47,5
48
48,5
49
49,5
50
50,5
51
дəстүрлі  суару
тамшылатып  суару

16 
 
 
Күздiк  бидaйдың  өнiм  құрылым  ерекшелiктерiн  aнықтaй  келе, aлынғaн  өнiмдi 
еcептегенiмiзде  ең  жоғaрғы  өнiмдiлiк  тамшылатып  суару  нұсқасынан  алынды (55,4 ц/гa) 
болды бaқылay нұcқacымен салыстырғанда 13,1 ц/гa aртық өнiм aлынды. 
 
Əдeбиeттер 
 
1. Cыдық Д.A. жəне т.б. Күздiк бидaй cорттaрының егiлy əдicтемелiгiне бaйлaныcты 
өнiмдiлiгi. ж.Жaршы, 2008, №12, 53-55 б. 
2.  Оcпaнбaев  Ж.О.,  Жaпaев  Р.Қ.  Күздiк  бидaйдың  cорттaрының  cебy  тəciлдерiнiң 
өciмдiктiң фитоcинтетикaлық қызметiне əcерi. ж.Жaршы, 2005, №12, 38-40 б. 
3.  Рекомендации  по  возделыванию  сельскохозяйственных  культур  при  капельном 
орошении / М.: ФГНУ «Ростформогртех», 2003. – с.46 
 
 
Абилдаева Д., Ержанова К. 
 
ВЛИЯНИЕ КАПЕЛЬНОГО ОРОШЕНИЯ НА УРОЖАЙНОСТЬ ОЗИМОЙ ПШЕНИЦЫ В 
УСЛОВИЯХ АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ 
 
В статье приводятся данные влияния капельного орошения на урожайность озимой 
пшеницы. 
Ключевые слова: озимая пшеница, капельное орошение, урожайность 
 
Abildaeva D., Erzhanova K. 
 
INFLUENCE OF DRIP IRRIGATION OF PRODUCTIVITY OF WINTER WHEAT IN THE 
CONDITIONS OF ALMATY REGION 
 
The article presents data on the influence of drip irrigation on the yield of winter wheat 
Keywords: winter wheat, drip irrigation, yields 
 
 
УДК: 632.954: 635.64 (574.51) 
 
Амиркулова А.Ж., Утарбаева А.Ш., Чебоненко О.В. 
 
РГП «Институт молекулярной биологии и биохимии имени М.А. Айтхожина» 
 
РОЛЬ  КАТАЛАЗЫ И ПЕРОКСИДАЗЫ В РАСТИТЕЛЬНОМ ОРГАНИЗМЕ 
 
Аннотация   
В  работе  изучались    активность  фермента  каталазы  и  пероксидазы.  Было 
исследовано  активность  окислительных  ферментов  при  создании инфекционного  фона и 
при протравливании протравителем сертикор.  
Ключевые слова:  Фунгицид, Fusarium, сертикор, пероксидаза, каталаза, активность 
фермента, патогены, пшеница, активные формы кислорода (АФК), побеги. 
Введение  
Живые  организмы  подвержены  воздействию  неблагоприятных  факторов 
окружающей  среды.  Растения,  в  силу  своего  прикреплённого  образа  жизни,  особенно 

17 
 
сильно  зависят  от  воздействия  стрессоров.  Одним  из  наиболее  распространенных 
неблагоприятных  факторов  среды  является  кислородная  недостаточность,  а  также 
возникающий при возвращении в нормальные условия аэрации окислительный стресс. 
Последние эксперименты показали, что в клетках растений в условиях реаэрации и 
при гипоксии накапливаются активные формы кислорода (АФК), аккумулируясь в районе 
клеточных  стенок  и  в  апопласте.  У  растений,  произрастающих  в  условиях  недостатка 
кислорода, накопление АФК в клетках выражено слабее. По-видимому, подобный эффект 
связан  с  работой  антиоксидантной  системы,  в  частности  с  ферментом  каталазой, 
осуществляющей распад молекул Н
2
О
2
[1]. 
Содержание  АФК  находится  под  многоуровневым  контролем  ферментов 
антиоксидантной  системы.  Вызвать  окислительный  стресс,  характеризующийся 
повышением  концентрации  АФК,  помимо  патогенов  и  разнообразных  абиотических  и 
биотических  факторов,  могут    также  соединения,  являющиеся  внутриклеточными 
мессенджерами. В растительных клетках к таким эффектам  может приводить, например, 
фунгициды  и  патогены.  Разные  абиотические  и  биотические  стрессоры  способны 
изменять  про – антиоксидантное  равновесие  в  результате  активации  пероксидаз  и 
каталазы, ответственных за  стресс – индуцируемое образование АФК [2]. 

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет