Министерство сельского хозяйства республики казахстан



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет1/42
Дата12.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ 
МИНИСТЕРСТВО СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 
MINISTRY OF AGRICULTURE OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ АГРАРНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ 
KAZAKH NATIONAL AGRARIAN UNIVERSITY 
«XXI  ҒАСЫРДЫҢ  ЗИЯЛЫЛЫҚ  ƏЛУЕТІ: АГРАРЛЫҚ 
ҒЫЛЫМНЫҢ  ДАМУЫНА  ЖАС  ҒАЛЫМДАРДЫҢ  ҮЛЕСІ» 
ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ 
КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ 
МАТЕРИАЛДАР ЖИНАҒЫ 
___________________________________________ 
СБОРНИК МАТЕРИАЛОВ 
МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ 
МОЛОДЫХ УЧЕНЫХ 
«ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНЫЙ ПОТЕНЦИАЛ XXI ВЕКА: ВКЛАД 
МОЛОДЫХ УЧЕНЫХ В РАЗВИТИЕ АГРАРНОЙ НАУКИ» 
____________________________________________ 
PROCEEDINGS 
OF THE INTERNATIONAL SCIENTIFIC-PRACTICAL CONFERENCE OF 
YOUNG SCIENTISTS  
«THE INTELLECTUAL POTENTIAL OF THE XXI CENTURY: THE 
CONTRIBUTION OF YOUNG SCIENTISTS TO THE DEVELOPMENT 
OF AGRICULTURAL SCIENCE»  
ІІ
І ТОМ 
Алматы, 4-5 желтоқсан 2015 жыл 

ƏОЖ 631.1(063) 
КБЖ 40 
Ж 66  
Жалпы редакциясын басқарған – Есполов Т.И. 
Редациялық ұжым: Қалиасқаров М.Қ., Кіркімбаева Ж.С., Сыдықов Ш.К., 
Байболов А.Е., Мусоев А.М., Қорғанова Н.Т., Сыздықов Б.М.  
Қазақ    ұлттық  аграрлық    университетінің  85  жылдық  мерейтойына  арналған  «XXI 
ғасырдың зиялылық əлуеті: аграрлық ғылымның дамуына жас ғалымдардың үлесі» атты 
жас ғалымдардың   халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы материалдарының 
жинағы,(4-5 желтоқсан 2015 жыл). – Алматы: ҚазҰАУ, – 332 бет. 
Бұл  жинақта  Қазақстан  жəне  жақын  шетел  жас  ғалымдарының  ізденістерінің 
нəтижелері  келесі  бағыттар  бойынша  келтірілген:  өсімдік  шаруашылығы  технологиясы; 
ветеринария; өнімдерді өндіру  жəне өңдеу технологиясы; орман, жер жəне су ресурстары; 
агроинженерлік мəселелер; энергия үнемдеу жəне энерго тиімді технологиялар; аграрлық 
экономика жəне бизнес. 
ISBN 978-601-241-590-2 
© ҚазҰАУ, 2015. 
© «Айтұмар» баспасы, 2015. 
Под общей редакцией – Есполова Т.И. 
Редакционная  коллегия:  Калиаскаров  М.К.,  Киркимбаева  Ж.С.,  Сыдыков  Ш.К., 
Байболов А.Е., Мусоев А.М., Корганова Н.Т., Сыздыков Б.М. 
Сборник  материалов  Международной  научно-практической  конференции  молодых 
ученых  « Интеллектуальный  потенциал  XXI  века:  вклад  молодых  ученых  в  развитие 
аграрной  науки»,  посвященной  85-летию  Казахского  национального  аграрного 
университета (4-5 декабря 2015 года). – Алматы: КазНАУ, - 332 стр. 
В  сборнике  приведены  результаты  исследований  молодых  ученых  Казахстана  и 
стран  ближнего  зарубежья  по  следующим  на  правлениям:  технология  растениеводства; 
ветеринария;  технология  производства  и  переработки  продукции;  лесные,  земельные  и 
водные  ресурсы;  агроинженерные  проблемы,  энергосбережения  и  энергоэффективные 
технологии; аграрная экономика и бизнес. 
УДК 631.1(063) 
ББК 40 
Ж 66 
ISBN 978-601-241-590-2 
      © КазНАУ, 2015. 
© Издательство «Айтумар», 2015. 


ТЕХНОЛОГИЯ РАСТЕНИЕВОДСТВА 
ƏОЖ 633.15 
Абдрахманов Қ., Узбеков Б.М. 
Қазақ  ұлттық  аграрлық  университеті 
ЖҮГЕРІ ДАҚЫЛЫНЫҢ ТАНАБЫНЫҢ АРАМШӨПТЕРМЕН ЛАСТАНУЫНА 
ҚАТАРАРАЛЫҚ КУЛЬТИВАЦИЯЛАУ ƏДЕСТЕРІНІҢ ƏСЕРІ 
Аңдатпа  
Мақалада  Алматы  облысының  «Агроуниверситет»  ОТШ  жағдайында  жүгері 
танабының  қатараралық  культивациялау  əдістерінің  арамшөптерді  жоюға  тигізетін  əсері 
келтірілген. 
Кілтті сөздер: жүгері дақылы, культивация, арамшөптер, өнімділік. 
Кіріспе  
Дүние  жүзілік  жиналатын  жүгері  дəні  өнімінің 20-25%-ға  азық-түлік  ретінде 
қолданылады.  Жүгері  дəнімен  ұн,  жарма,  барлығы 250-ден  астам  тағам  түр-түрі 
дайындалады. Жүгері дəнінің құрамында 9-12% ақуыз, 65-70% азотсыз экстракты заттар 
(АЭЗ), 4-6% май, 1,8-2,2% клечатка, 1,2-1,5% күлді  заттар, 12-14% су  болады.  АЭЗ 
құрамына 90% крахмал, 10% тростник  қанты  кіреді.  Жүгерінің  агротехникалық  маңызы 
зор. Отамалы дақыл болғандықтан, өзінен кейін егістік жер таза қопсыған, арамшөптерден 
тазарған  жəне  тамыр,  сабақ  қалдықтары  түрінде  органикалық  заттармен  молайтылған 
күйде қалады. Сондықтан жүгері басқа дақылдар үшін жақсы алғы дақыл. 
Жүгері  тамыры  топырақтың  борпас  болуын  жəне  терең  жыртылуын  қалайды. 
Сондықтан  оны  себуге  арналған  жер  күз  айларында  алғы  дақылдар  орылып  алынғаннан 
кейін ПДГ-10 немесе БДТ-4,0 құралдарымен 6-8 см тереңдікте қопсытылады, сонан кейін  
25-27  см-ге,  ал  механикалық  құрамы  ауыр,  сазды,  батпақты  жерлер 27-30 см  тереңдікте 
жыртылады.  Жүгеріні  жаңа  қор  үнемдеу  əдістерімен,  гербицидтерді  тиімді  қолданылып 
өсіргенде,  барлық  аймақтарда  да  қатараралықты  өңдеудің  қысқартылуына  байланысты, 
арамшөптерді тегіс құру, топырақ ылғалын мол сақтау негізгі жыртудың сапасымен тығыз 
байланысты. Топырақты көктемгі өңдеу ылғал сақтауға, ұсақ түйіртпекті борпас топырақ 
қабатын  қалыптастыруға  бағытталуы  керек.  Ол  ерте  көктемгі  тырмалау, 2-3 рет 
қопсытумен бірге қосымша тырмалаудан тұрады.  
Жүгері  егісін  күтіп-  баптау  негізінен  арамшөптермен  күресуге  жəне  топырақтың 
физикалық  жағдайын  жақсартуға  бағытталады.  Тұқымды  сепкеннен  кейін  3-4 күн 
өткеннен  соң,  жеңіл  немесе  орташа  тырмаларымен  топырақ  бетіндегі  қабыршықтарды 
жəне  өсіп  келе  жатқан  арамшөптерді  жою  мақсатында  себу  қатарларына  көлденең 
тырмалау  жүргізіледі.  Осындай  өңдеуді  жүгері  өсімдігі  көктеп  шыққаннан  соң 2-3 
топырақ  кезеңінде  қайталайды.  Əрі  қарай  жүгеріні  күтіп-  баптаудағы  маңызды  шара- 
қатараралықтарды қопсыту жəне үстеп қоректендіру, суару жəне т.б. 
Зерттеудің мақсаты 
Алматы  облысы  тау  бөктері  аймағында  жүгеріні  көктемгі-  жазғы  күтіп  баптау 
мерзімінде  жүргізілетін  агротехникалық  жұмыстардың  танаптың  арамшөптермен 
ластануына жəне жүгерінің өніп-өсуіне əсерін анықтау. 
Ғылыми-зерттеу 
жұмыстары 
Қазақ 
ұлттық 
аграрлық 
университетінің  
"Агроуниверситет"  оқу  тəжірибе  шаруашылығында  "Будан"  ауыл  шаруашылық 
кооперативі жүргізіп жатқан ғылыми зерттеу жұмыстарына қатынасып жүргізілді. 


Зерттеу үлгісі 
1. Қатараралықты 3 рет культивациялау: (бақылау)
І рет 4-5 см тереңдікте, 4-5 жапырақ фазасында 
2 рет 6-8 см бірінші культивациядан 10-12 күн өткенде 
З рет 12-14 см екінші культивациядан 10-12 күн өткенде 
1. Қатараралықты 2 рет культивациялау:
І рет 6-8 см тереңдікте, 4-5 жапырақ фазасында 
2
 
 рет 12-14 см тереңдікте, бірінші культивациядан 10-12 күн өткенде 
2. Қатараралықты 1 рет культивациялау 1 рет гербицидпен өңдеу
1  рет 6-8 см  тереңдікте, 4-5 жапырақ  фазасында  культивациялау,  гербицид  шашу 
бірінші культивациядан 10-12 күн өткенде. 
1.Қатараралықты 2 рет культивациялау 1 рет гербицидпен өңдеу:
1  рет 6-8 см  тереңдікте, 4-5 жапырақ  фазасында  культивациялау,  гербицид  шашу, 
бірінші культивациядан 10-12 күн өткенде. 
2 рет 12-14 см тереңдікте гербицид шашылғаннан кейін 10-12 күн өткенде. 
Мөлдектің  жалпы  ауданы 588 м ,  есебі -386 м .  Қайталымы 3 рет,  мөлдектердің 
орналасуы  бір  ярусты.  Бақылау  нысаны,  шаруашылықтарда  кеңінен  қолданылып  келген 
катараралықты 3 рет қопсыту. 
Зерттеу  жұмыстары  жүгері  дақылын  өсіру  агротехникасының  əдістемелік 
нұсқаулары  негізінде  орындалды.  Жүгері  өсіру  агротехникасы - жалпыға  бірдей 
қабылданған. 
Жүргізілген агротехникалық шаралар 
-  Танапты  күзде  майбұршақ  дақылы  жиналғаннан  кейін  ЛДГ-10  кұралымен 6-8 см 
тереңдікте дискілеу; 
- 2 аптадан  кейін  арамшөптер  өсуін  жалғастырғанда 12-14 см  тереңдікте  БДТ-4,0 
құралымен дискілеу; 
- 2-3 апта мерзім өткенде ПН-5-35 соқасымен 25-27 см тереңдікте танапты жырту; 
-  Ерте  көктемде  тырмалау-топырақтың  физикалық  пісу  мезгілі  жеткенде 3-4 см 
тереңдікте  ЗБСС-1,0  тырмасымен,топырақ  түйіршіктерін  майдалау,  ылгалдың  булануын 
тоқтату жəне арамшөптердің жас өскіндерін жою үшін тырмалау; 
-  Ерте  көктемдегі  тырмалау  жұмыстарынан 2-3 апта  мерзім  өткенде  КГІП-2,2 
құралымен 12-14 см тереңдікте культивациялау; 
- 4-5 см тереңдікте топырақ жылулығы 14-16°С жеткенде қатар аралықтарын 70 см 
тұқым себу; 
-  Тұқым  себілгеннен  кейін 4-5 күн  өткенде  тұқым  себілген  қатарға  көлденеңінен, 
жеңіл тырмамен 3-4 см тереңдікте,топырақ қабыршақтарын жəне арамшөптерді жою үшін 
тырмалау; 
-  Жүгерінің 4-5 жапырақтар  фазасында 4-5 см  тереңдікте  КРН-4,2  құралымен 
қатараралықты қопсыту; 
- Бірінші қатараралық копсыту жұмыстарынан 10-12 күн өткенде,6-8 см тереңдікте 
2-ші культивациялау (КРН-4,2); 
-  Екінші  қатараралық  қопсыту  жұмыстары  жүргізілгеннен  кейін 10-12 күн  өткенде 
12-14 см тереңдікте 3 рет культивациялау (КРІ 1-4,2); 
- Бір рет үстеме қоректендіру 
Р- кг/га мөлшерде; 
- Вегетация мерзімінде 4 рет суғару 300-400 м га мөлшерінде 
Жүгері  егісіндегі  арамшөптердің  жақсы  өніп-өсуіне  қажетті  барлық  факторлардың 
жеткіліктілігі белгілі. Осыған байланысты арамшөптермен күресудің маңызы өте жоғары. 
Арамшөптер  табиғи  ерекшеліктеріне  байланысты  өте  тез  өсіп-дамып  жүгерінің  өсуін 
күннен күнге тежей бастайды. Сонымен қатар жүгері дақылы 8-10 жапырақтар фазасына 


 
дейін  өте  баяу  өсіп,  арамшөптер  əсеріне  өте  сезімтал  келеді.  Міне  осы  мерзім  арасында 
жүргізілетін күтіп-баптау жұмыстары келешек өнімнің мөлшері мен сапасын анықтайды. 
Зерттеу жұмысындағы жүгері дақылының күтіп-баптау əдістеріне байланысты 2-ші 
қатараралық культивациядан кейінгі арамшөптермен ластануы 1 кестеде келтірілген. 
Жүгерінің 4-5 жапырақтар  фазасында 4-5 см  тереңдікке  жүргізілген  (қатараралық 
культивациядан 10-12 күн  өткенде  жүргізілген 2 культивациядан  кейінгі  арамшөптердің 
саны 1 зерттеу  нысаны  бойынша  (З  рет  культивациялау  бақылау) 1м  барлығы 41 дана 
арамшөптер  кездесетіні  анықталды.  Оның 23 данасы  біржылдықтар, 18 данасы 
көпжылдықтар тобына жатады. 
 
Кесте 1 – Жүгері  дақылының  күтіп  баптау  əдістеріне  байланысты  арамшөптермен 
ластануы (2-ші қатараралық культивациядан кейін) 
 
Қатараралықты өңдеу 
əдістері 
Арамшөптер саны 1м
2
 
Арамшөптердің 
ылғалды салмағы 
1 м
2
/г 
Кептірілген 
арамшөптердің 
салмағы 
барлығы 
оның ішінде 
біржыл 
дықтар 
көпжыл 
дықтар 
г 
 

біржыл 
дықтар 
көпжыл 
дықтар 
Қатараралықты З рет 
культивациялау 
(бақылау) 
41 
23 
18 
563 
846 
225 
100 
Қатараралықты 2 рет 
культивациялау 
42 
24 
18 
570 
845 
222 
98 
Қатараралықты І рет 
культивациялау І рет 
гербицид шашу 
37 
21 
16 
498 
720 
195 
87 
Қатараралықты 2рет 
культивациялау 1рет 
гербицид шашу 
38 
20 
16 
490 
715 
193 
86 
 
Арамшөптердің  ылғалды  салмағы  бойынша 563 г/м  біржылдықтар  жəне 846 г/м  
көпжылдықтар болып шықты. Ал кептірілген жалпы салмағы 225 г/м . Қатараралықты 2 
рет культивациялау жоспарланған 2 зерттеу нысаны бойынша арамшөптердің жалпы саны 
42  дана/м ,оның 24 данасы  біржылдықтар  жəне 18 данасы  көпжылдықтарға  тəн  екендігі 
анықталынды.  Арамшөптердің  жалпы  санын  бақылау  нысанымен  салыстырғанда 
айырмашылық  байқалмады.  Келесі 3-ші  зерттеу  нысаны  бойынша 1-ші  қатараралық 
культивациядан 10-12 күн  мерзім  өткенде 2-ші  қатараралық  культивацияның  орнына 
арамшөптерге  қарсы  гербицид  қолданылды.  Осы  зерттеу  нысанындағы 1 м  жалпы 
арамшөптердің  саны 37 дана,  оның 21 данасы  біржылдықтар  жəне 16 данасы 
көпжылдықтар  тобына  жатады.  Яғни  бақылау  нысанымен  салыстырғанда  жалпы 
арамшөптердің  саны 1 м  4  данаға  азайды.  Осындай  айырмашылықтар 4-ші  зерттеу 
нысанында  орындалды.  Арамшөптердің  ылғалды  жəне  кептірілген  салмақтары  бойынша 
аздаған  айырмашылықтар  байқалды.  Оның  басты  себептері  арамшөптерге  гербицидтің 
əсері деп есептеуге болады. 
Жүгері танабы арамшөптердің өсіп-жетілуіне өте қолайлы болғандықтан, оған қарсы 
жүргізілген  қатараралық  қопсыту  жұмыстары,гербицидтер  қолдану  оның  өсіп-жетілуіне 
өте үлкен əсерін тигізетіндігін көптеген ғылыми - зерттеу жұмыстарында қарастырылып 


 
келеді  жəнеде  қазіргі  заман  талабына  сай  оның  тиімді  жолдарын  қарастыру  қажеттігі 
жүгері өнімі мен сапасының күрт төмендеуіне байланысты. 
Қатар  аралық  қопсыту  жұмыстары  тек  арамшөптерді  жойып  қоймай,  топырақтың 
тығыздығын  реттеуге,ылғалдықтың  булануын  төмендеуге  өте  қажет  күтіп-баптау 
мерзіміндегі  агротехникалық  шара  болып  есептелінеді.  Сонымен  қатар  қатараралық 
қопсыту  жұмыстарының  саны  топырақтың  шамадан  тыс  тығыздалуына,  оның  өңдеу 
тереңдігі  мен  саны  мəдени  өсімдіктің  тамырларының  механикалық  зақымдануына (25-
30%)  себепті.Сондықтан  қатараралық  қопсыту  агротехникалық  шараларының  жүргізу 
мерзімі,саны,тереңдігі,оны  гербицидтер  қолдану  арқылы  ауыстыру  біздің  зерттеу 
жұмысымыздың  өзекті  мəселесі.  Осыған  орай  жүгері  танабының  қатараралықтарын 
қопсыту  жəне  оның  əдістеріне  байланысты (3 рет  культивациялау)  арамшөптермен 
ластану деңгейінің көрсеткіштері кестеде келтірілген. 
2  Кестеде  келтірілген  анықтамалар  бойынша  зсрттеу  үлгісіндегі  нысандарда 3 рет 
қатарарлык  қопсыту  жұмыстары  жүргізілгеннен  кейінгі  танаптың  арамшөптермен 
ластануы бойынша бақылау нысанында 1м  арамшөптердің жалпы саны 47 дана оның 26 
данасы  біржылдықтар, 21 данасы  көпжылдықтар  тобына  жатады.  Олардың  жалпы 
ылғалды салмағы 1687 грамм, кептірілгеннен кейінгі салмағы 270 грамды құрайды. 
 
Кесте 2 – Жүгері дақылының күтіп-баптауына байланысты арамшөптермен ластануы 
(3-ші қатараралық культивациядан кейін) 
 
Қатараралықты 
өңдеу əдістері 
Арамшөптер саны 1 м
2
 
Арамшөптердің 
ылғалды салмағы 1 
м
2
/г 
Кептірілген 
арамшөптер-
дің саны 
Барлы-
ғы 
оның ішінде 
Біржыл-
дықтар 
Көпжыл-
дықтар 
г 

Біржылдық-
тар 
Көпжылдық-
тар 
Қатараралықты З 
рет культивация- 
лау (бақылау) 
 
47 
26 
21 
 
702 
 
985 
 
270 
100 
Қатараралықты 2 
рет культивация- 
лау 
59 
33 
26 
871 
1235 
337 
125 
Қатараралықты 1 
рет культивация- 
лау 1 рет гербицид 
шашу 
 
 
48 
 
 
27 
 
 
21 
 
 
699 
 
 
962 
 
 
265 
 
 
98 
Қатараралықты 2 
рет культивация- 
лау 1 рет гербицид 
шашу 
 
 
30 
 
 
18 
 
 
12 
 
 
486 
 
 
549 
 
 
165 
 
 
61 
 
Қатараралықты 2 рет  культивациялау  жүргізілген  нысанда,яғни 3 рет  қатараралық 
қопсыту жұмыстарын жүргізбеген жағдайда 1м  арамшөтердің жалпы саны 59 дана, оның 
33 данасы біржылдықтар жəне 26 данасы көпжылдықтар тобына жатады. Жалпы ылғалды 
салмағы 2106 грамм,кептірілген  салмағы 337 граммға  тең.  Яғни  жүгері  танабында 2 рет 
қатараралық  қопсыту  жұмыстарын  жүргізу  бақылау (3 рет  қопсыту)  нысанымен 
салыстырғанда 1м  арамшөптердің жалпы санын 12 данаға немесе 25% арттырады.Келесі 
зерттеу  нысаны  қатараралықты 1 рет  культивациялау  жəне 1 рет  гербицид  қолданғанда 
танаптағы 1 м арамшөптің  жалпы  саны 48 дана,оның 27 данасы  біржылдықтар  жəне 21 


 
данасы  көпжылдықтар,  жалпы  ылғалды  салмағы 1661 грамм.Арамшөптердің  1м

жалпы 
саны бақылау нысанымен салыстырғанда 2% азаяды.  
Соңғы  зерттеу  нысаны,қатараралықты 2 рет  культивациялап 1 ретгербицид 
қолданылған  жағдайда 1 м  арамшөптердің  жалпы  саны 30 дана,бақылау  нысанымен 
салыстырғанда  арамшөптер  саны 17 дана/ м ,оныңішінде  бір  жылдықтары 8 данаға, 
көпжылдықтары 9 дана/м  азайған.Жалпы  ылғалды  салмақтары 1035 грамм  немесе 652 
грамға  бақылау  нысанымен, 1071 грамға 2 рет  культивация  жүргізілген  нысандармен 
салыстырғанда азайғандығы дəлелденген. 
Қорыта  келе,  жүгері  танабындағы,  жүгерінің  өсу  биіктігіне  байланысты  жүргізуге 
мүмкін 3 дүркін қатараралық жұмыстарды (культивациялау) 2 рет культивациялау жəне 1 
рет гербицид шашу танаптың арамшөптермен ластануын шаруашылықтарда қолданылып 
келген (3 рет  культивациялау)  агрогехникалық  шараға  қарағанда  арамшөптерді  отауда 
(жоюда) тиімді екендігін дəлелдейді. Бақылау нысанымен салыстырғанда арамшөптердің 
жалпы  саны 40% дейін  азаяды.  Зерттеу  жұмыстарының  негізгі  көрсеткіштерінің  бірі  ол 
өсімдіктің  өнімділігі.Ал  зерттеу  жұмыстарының  негізгі  мақсаты  зерттеуге  алынған 
дақылдың өнімділігі мен сапасын жақсарту болын табылады. 
Өнімнің мөлшері мен сапасына танаптың арамшөптермен ластану деңгейі өте үлкен 
əсерін  тигізеді.Біздің  зерттеу  жұмысымызда  қарастырылған  арамшөптерге  қарсы 
жүргізілген  күрес  шараларының  оның  өнімділігіне  тигізген  əсері  келесі  кестеде 
келтірілген. 
 
Кесте 3 – Жүгері  танабының  қатараралықтарын  өңдеу  тəсілдеріне  байланысты 
өнімділігі 
 
№ 
 
Нұсқалардың мазмұны 
Өнімділігі, 
ц/га 
Бақылауға 
+, -, ц/га 
қатараралықты 
культивацияның 
саны 
өңдеу тереңдігі,см 


       3 

Қатараралықты 3рет 
культивациялау 
4-5 6-8 12-14 55.3 


Қатараралықты2 рет 
культивациялау 
6-8 12-14  - 
54.1 
-1.2 

Қатараралықты1 рет 
культивациялау 1 рет 
гердицид шашу 
6-8 
гербицид - 
53.5 
-1.8 

Қатараралықты2 рет 
культивациялау 1 рет 
гердицид шашу 
6-8 
гербицид 12-14 
59.7 
+4.4 
 
3 кестеде қатараралықты 3 рет он күн сайын 4-5 см, 6-8 см, жəне 12-14 см тереңдікте 
қопсыту жүргізілген жағдайда жүгерінің өнімділігі 55,3 ц/га болды. Қатараралықты 2 рет 
культивациялау (6-8 см, 12-14 см)жүргізілген нысандағы анықталынған өнім мөлшері 54,1 
ц/га  немесе  бақылау  нысанымен  салыстырғанда 1,2 ц/га  аз  өнім  жиналынды. 
Қатараралықты 1 рет культивациялап (6-8 см) 1 рет гербицид колданылған нысанда -53,5 
ц/га  бақылау  нысанымен  салыстырғанда 1,8 ц/га  өнім  төмен,  қатараралықты 2 рет 
культивацияланған  нысаннан 0,6 ц/га  өнім  төмендегендігі  анықталынды.  Зерттеу 
нысанындағы ең жоғарғы өнімге қол жеткізілген нысан- қатараралықты бірінші рет 6-8 см 
тереңдікте  қопсыту,  одан  кейін  гербицид  шашып 10-12 күндей  мерзім  өткенде 
қатарараралықты 12-14 см  тереңдікте  қопсыту  жүргізу  арқылы  өнім  мөлшерін 59,7 ц/га 
немесе бақылаумен салыстырғанда 4,4 ц/га өнімді жоғарлатуға мүмкіндік туады. 


 
Қорыта  келгенде  жүгері  танабындағы  қалыптасқан  қатараралықты 3 рет  қопсыту 
жұмыстарын 2 рет қопсыту жəне 1 рет гербицид шашумен алмастыру осы агротехникалық 
жұмысты  орындауға  жұмсалынатын  энергетикалық  шағын  мөлшерін  азайтып  қана 
қоймай,  жүгерінің  оңтайлы  өсіп-өнуіне  жағдайлар  туғызып  оның  өнім  мөлшерінің 
көрсеткішін 59,7 ц/га дейін жоғарлатуға мүмкіндік береді. 
 
Əдебиеттер  
 
1.  Əльдеков  Н.,Балғабаев  Ə.,Есіркепбаев  Т.Жүгері  дақылын  өсірудің  тиімді 
технологиясы.-Алматы:2010.-160 б. 
2.  Ерлепесов  М.Культура  кукурузы  в  Казахстане.-Алма-Ата:Сельхоз  издат,        
1964.-288 с. 
3.  Юмагулова  Г.А.Кукуруза  индустриальная  технология  возделывания.-  Алма-
ата:Кайнар, 1987.-187 с. 
4. Петренко П.В., Юмагулова Г.А. Интенсивная технология возделывания кукурузы 
в Казахстане в условиях неорошаемого земледелия,- Алма-ата:Кайнар, 1987.-121 с. 
5.  Əрінов  Қ.К.,М_ұсынов  Қ.М.,Апушев  А.Қ.,Серекпаев  Н.А.,11  Іестакова 
Н.А.,Арыстанғұлов С.С. Өсімдік шаруашылығы.-Алматы:201 1.-359 б. 
6. Циков В.С.,Матюхова Л.А., Интенсивная технология возделывания кукурузы" М. 
1989.245 е. 
7. Ефимов И.Т. Орошаемая кукуруза.-М: Колос, 1974.-С 220. 
8.  Турешев  О.Т.,  Сыдыков  Д.А.,  Сулейменова  М.Ш.  Влияпие  агротехнических 
условий  на  фотосинтетическую  деятельность  и  продуктивность  кукурузы.//Вестник  с.-х. 
Науки Казахстана. 1992.№7-8. С.64- 67. 
9.  Сулейменов  М.К.,Кирягин  А.Ф.  Рекомендация  по  интепсивной  технологий 
возделывания кукурузы на силос в Северном Казахстане. г. Целиноград: 1988.- 30с. 
10.  Сухимов  Е.О.  Влияние  сроков  посева  и  густоты  стояния  на  урожай  зеленой 
масеы кукурузы // Вестник сельскохозяиственных науки Казахстана. №8. 1975.-10-11 с. 
 
 
Абдрахманов К., Узбеков Б.М. 
 
ЗАСОРЕННОСТЬ ПОСЕВОВ КУКУРУЗЫ В ЗАВИСИМОСТИ ОТ ВЕСЕННЕ- ЛЕТНЕГО 
УХОДА В УСЛОВИЯХ ПРЕДГОРНОЙ ЗОНЫ АЛМАТИСКОЙ ОБЛАСТИ 
 
В  статье  проведены  влияние  методами  культивации  междурядий  кукурузы  для 
ликвидации сорняков в Алматиской области в условиях «Агроуниверситет» ППХ.  
 
Abdrakhmanov K., Uzbekov B. 
 
WEEDINESS SOWINGES OF CORN DEPENDING ON SPRING- SUMMER MERSING IN 
THE CONDITIONS OF A FOOTHILL ZONE ALMATY REGION 
 
The article describes the impact of the methods of cultivation between the rows of corn to 
eliminate weeds in the  Almaty region under «Agrouniversitet» PPF. 
 
 
 
 
 


 
ƏОЖ 633.16:631.4(574.51) 
 
Абибуллаев Д С., Узбеков Б.М. 
 
Қазақ Ұлттық аграрлық университеті 
 
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАУ БӨКТЕРІ АЙМАҒЫНДА ТҰҚЫМ СЕБЕР АЛДЫНДАҒЫ 
ТОПЫРАҚТЫ ӨҢДЕУ ƏДІСТЕРІНІҢ АРПА ЕГІСТІГІНІҢ АРАМШӨПТЕРМЕН 
ЛАСТАНУЫНА ƏСЕРІ 
 
 
Аңдатпа  
Мақалада  Алматы  облысының  тау  бөктері  аймағында  арпа  тұқымын  себер 
алдындағы топырақ өңдеу əдістернің арпа егістігінің арамшөптермен ластануына тигізетін 
əсері келтірілген
Кілт сөздерарпа дақылы,топырақ өңдеу,арамшөптер,өнімділік. 


жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет