Министерство культуры и спорта республики казахстан казахская национальная академия искусств им. Т. Жургенова международный общественный фонд им. Н. Тлендиева



жүктеу 5.04 Kb.

бет5/22
Дата09.01.2017
өлшемі5.04 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

 
ЛИТЕРАТУРА: 
1
 
Назарбаев Н.А. «Стратегия «Казахстан-2050»: новый политический курс состоявшегося 
государства» 
2
 
http://www.kakprosto.ru/kak-82228-chto-takoe patriotizm#ixzz3nCNgZBw6 
3
 
http://www.inform.kz/rus/article/2699390 
4
 
Аравин Ю.  Гений ХХ века.  Газета «Казахстанская правда», апрель 2015 г. 
5
 
Аманжол  Б.  Казахский  оркестр  Нургисы  Тлендиева  //  Тілендиев  Нұрғиса  «Ата 
толғауы». Күйлер. –1 том. –Алматы: «Өнер», 2005. 
6
 
Искакова Г.Н.  Национальные истоки песенного творчества Н.Тлендиева: дисс… канд. 
искусствовед.: 17.00.02. – Алматы, 2012. -С. 43. 
7
 
Айтуарова  А.Т.  Народные  традиции  в  массовой  музыке  Казахстана  (на  примере 
творчества Нургисы Тлендиева): дисс. канд. искусствовед.: 17.00.02. –Алма-Ата, 1992. 
 
 
 
Құлбаев А.Б. 
Т.Жүргенов атындағы  
Қазақ Ұлттық өнер академиясының 
Театр өнері факультетінің деканы  
Алматы қ., Казақстан 
 
САЗ ТӘҢІРІСІ – НҰРАҒА! 
 
 
Аннотация: В статье описаны поиски в творческой карьере композитор. 
Annotation: The article describes the search in the creative career of the composer. 
 
 
Алатаудың мұз құрсанған асқақ биік шыңындай, бораны мен жанға жайлы көкорай 
шалғыны,  тау  шыңымен  таласа  өскен  қарағай,  шырша,  аршаларының  арасында  ерте 
көктемнен  суық  күзге  дейін  жазы  жайлауда,  қысы  қыстауда  ән  мен  күйдің  сарынында 
тербеліп өскен Нұрағаның музыкаға араласуы балғын балалық шағынан басталған екен... 
Тума  талантты  дер  кезінде  танып  өз  қамқорлығына  алған  дара  тұлға  –  Ахмет  Қуанұлы 
Жұбанов  екендігін  көп  оқырман  біле  бермес.  Бұл  кездесудің  өзіндік  сәттілігі  бес  жасар 
Нұрғисаның  қалақтай  домбыраны  ертеден  қара  кешке  дейін  әкесінің  бауырлары  – 
Шортанбай,  Қадырқожа,  Өмірәлі,  Шаштай  сынды  шертпе,  төкпе  күйшілерден,  ауылдың 
айтыскер ақын, әнші сал-серілерінің әуезді әндерін жеке орындауында. Домбыраны серік 
етіп  Жетісу  өлкесіне  кеңінен  таныс  Жамбыл,  Кенен,  Үмбетәлі  ақындармен  қатар 
Сүйінбай,  Сарыбай  сынды  от-ауызды,  орақ  тілді  шешен  жыраулардың  әндерімен  әуезді 
жырларын бойына сіңіріп домбыра тарту шеберлігіне шыңдалу шақтың бірінде дара тұлға 
Ахмет  Қуанұлы  естіп  жақын  келеді.  Ал,  Нұрғиса  болса  малға  арналып    үйілген  шөптің 
үстіне  шығып  алып,  аспанға  қарап  жеке  қиялда  қанатына  шомылып,  зеріккендегі  ермегі 

37 
 
домбыра тартып уақыт өткізу болатын. Сондай бір сәттен шабытты шағында көшеде өтіп 
бара  жатқан  кісі  бұрылып  келіп  орындаушылық  өнеріне  риза  болғанын  айтып, 
Нұрғисаның оқуына, кәсіби қадамының алғашқы баспалдығын аттауына үлкен күш салған 
(сонда  Нұрғиса  бес  жаста  ғой)  қазақ  музыкасының  алыбы,  профессианал,  композитор, 
академик  Ахмет  Қуанұлы  Жұбанов  екенін  балғын  жас  кейін  біліп,  рухани  ұстазым  деп 
өмірінің  соңғы  тынысына  дейін  құрмет  тұтқан  екен.  Өсе  келе  кәсіби  деңгейінің 
шыңдауына  үлкен  қамқорлық  жасаған  ұстаздары  Мухан  Төлебаев,  Латиф  Хамиди, 
Бақытжан Байқадамовтардың еңбектерін де айта кеткен орынды деп санаймын. 
Мен Нұрағаның домбырада күй тартуын сонау студенттік кезімде көріп таныстым. 
Ол  кезде  Алматы  консерваториясының  актерлік  бөлімінің  студентіміз,  курс  жетекшісі 
Асқар  Тоқпанов.  1968  жылдың  ерте  көктемінде  Асқар  Тоқпановтың  «Тазша  бала» 
спектаклін  Қуыршақ  театры  қоюға  дайындап  жатқан  кезі  екен.  Аталмыш  қойылымда 
балалардың ойын ойнау сәттеріне дыбыс жазу керек болыпты. Асқар ағамыз курсты түгел 
қуыршақ  театрына  алып  барды.  Ол  кезде  Қуыршақ  театры  Панфилов  паркінің  ішіндегі 
ғимаратта жұмыс атқарады екен. Әдебиет бөлімін сатирик Оспанхан Әубәкіров басқарады 
екен,  ол  кісімен  таныстырды.  Содан  соң  музыкамен  көркемдеуші  –  Нұрғиса  ағамен 
таныстырды.  Студенттер  жағы  танымал  өнер  адамдарымен  жүздесіп,  қатар 
отырғанымызға  қуаныш  пен  ризашылығымызда  шек  болмады.  Екі  дара  тұлға  да  Асқар 
ағамыздың  шығармашылығына  ризашылығын  айтып  біздерге  мақтаса,  ол  кісілердің 
шығармашылығын, әзіл-сықақтарын орындаушылық шеберліктері мен композиторлық ән 
күйлерін  айтып  үлкен  кездесуде  отырғандай  әсерде  болдық.  Спектакльге  дауыс 
дыбыстарын жазғаннан кейін Асқар ағамыз Нұрғисадан «Әй, Нұрғиса, мына студенттерге 
сен бір-екі күй тартып бер! Бұндай кездесу өте сирек болады!» - деп сұранған соң, Нұраға 
домбырасын  қолға  алып  күйлердің  ерекшілігін  айта  отырып,  Құрманғазы,  Сүгір, 
Тәттімбет,  Дина,  т.б.  шығармаларын  орындап  тыңдаушылардың  құлақ  құрышын 
қандырғаны  бар...  Ал  режиссер  Әмен  Әбжанұлы  Хайдаровтың  «Қарлығаштың  құйрығы 
неге  айыр?»  атты  мултьфильмді  жатқа  білмейтін  жастар  мен  қазақ  халқы  кем-де  кем 
шығар.  Сол  мультфильмнің  көркемдік  жағының  көркін  келтіріп  тұрған  Нұрағаның 
орындауындағы  домбыра  сазы  десек,  оған  ешкімнің  де  таласы  бола  қоймас.  Нұраға 
туралы  естелік-эсселер  өте  көп,  себебі  халқының  біртуар  сүйікті  ұлы  дара  тұлғасының 
шығармашылық  іс-әрекеті  әрдайым  халқының  көз  алдында.  Атақты  театр  сыншысы, 
Қазақстанның  еңбек  сіңірген  қайраткері,  Мемлекеттік  сыйлықтың  иегері,  профессор 
Ә.Сығайдың  мына  бір  естелік  сөзін  осы  орайда  қайта  жаңғыртқанымыз  жөн  болар... 
Себебі,  Әшекең  көп  жылдар  Мәдениет  министрлігінде  тұщымды  қызмет  атқарып, 
жауапты іс-шараның бел ортасында жүрген азаматтардың бірі әрі бірегейі еді ғой... 
«Қазақ  топырағына  аса  жақын,  ұлттық  қабілетімізге  жараса  қалғандай,  төл 
табиғатымыз тудырған сырлы да сазды мақамдарға халық құлағы қашанда елеңдеулі. «Ән 
–  көңілдің  ажары»  деген  әдемі  сөзді  де  шығарған  сол  ел-жұртымыз.  Олай  болса,  атақты 
Нұрғисаның  осы  салдары  тынымсыз  ізденістерін  әрдайым  толықтырып  келе  жатқан 
әріптес,  замандас,  інілері  де  жан  баурайды.  Кенжебек  Күмісбеков,  Мыңжасар 
Маңғытбаев,  Әсет  Бейсеуов,  Ілия  Жақанов  шығармалары  көпшілік  көңіліне  әлдебір 
сабақтастықты,  алуандастықты,  өзара  ұқсастықты  ұялатқандай.  Ұқсастық  дегенді  бірін-
бірі  қайталау  деп  ұқпасақ  керек,  керісінше  сарындастықты,  сабақтастықты  халық 
шығармашылығымен  нәзік  байланыстыра  отырып,  ел  тілегіне  етене  еңбек  жасаған  аса 
талантты  топқа  назар  салар  едік.  Бар  тапқан-таянғандарын  жұртына  тарту  етіп,  өздері 
бақилық  боп  кеткен  кешегі  Шәмші  Қалдаяқов,  Әблахат  Еспаев,  Садық  Мұхамеджанов 
есімдері  де  осы    төңіректен  табылары  заңды  жағдай.  Адамзат  баласы  қызықпыз  ғой  өзі, 
кейде психологиямыз түсініксіз. Көп нәрсені  өзіміз қолдан қиындатамыз, өмірден алшақ 
әдеттерді  қиялдан  тудырамыз.  Жоғарыдағы  азаматтардың  көбінің,  керек  десеңіз,  арнайы 
дипломы болмағаны да рас. 
Ал,  көл-көсер  талантын  елеп-ескерген  ел  ілтипатын  есепке  алар  тұста  сараңдық 
танытқанымызды  ашып  айтайық.  Кейінгі  ұрпаққа,  бәлкім,  сабақ  болар.  Дипломсыз 

38 
 
композитор,  көбінше  әуескойлық  дәрежеде  қалады-мыс,  сондықтан  кәсіби  одаққа  мүше 
болуға хақылы емес деген бұлдыр да сылдыр пәлсапа айтылып келеді.  
Бұл  күндері  даңқы  мемлекетімізден  тыс  жерлерге  мәшһүр  «Отырар  сазы» 
фольклорлық-этнографиялық оркестрі адам баласы жүрегін рухани ляззатқа бөлеп келеді. 
Аталған оркестр әу баста шағын ансамбль еді. Сол талантты ұжымды осындай биік кәсіби 
көркемдік  дәрежеге  жеткізген  дара  тұлғалы  композитор,  дирижер  Нұрғиса  Тілендиев 
екендігі  сан  жүректерге  берік  ұялаған.  Бұл  тұста  да  дағдылы  сабыр-күбір  саябыр  таба 
алмағаны  жасырын  емес.  «Ой,  тәңірі,  Құрманғазы  оркестрінің  көшірмесі  кімге  қажет. 
Тілендиевтің  өзінің  жеке  басына  керек  болған  шығар?  Оған  арнайы  жазылған  (шалқып 
жатқан) шығармаларың қайсы сонда?», деген сияқты күдікті пікірлер, аңдап байқасаңыз, 
әлі күнге дейін шаң беріп қояды.  
Сонымен  сексенінші  жылдардың  басында  Мәскеу  жұртшылығын  өзінің  сиқырлы 
өнерімен тәнті еткен, өзіне ғашық еткен қазақ халқының атақты музыка дүлділі Нұрғиса 
Тілендиев  сахна  тұғырында  кеудесі  шалқақ,  еңсесі  биік  қалпында  дүйім  жұртты  шабыт 
құдіретіне бас идірген-ды. Сол кездегі партия кеңес белсенділері қазақ халқының Нұрғиса 
сынды  құйын  құдіретіне  ғажап  қолдау,  қошемет-құрмет  көрсетті.  Соның  нәтижесінде 
Нұрғиса Атабайұлына «КСРО халық артисі» деген жоғары атақ берілді. Қалай болғанда да 
астыртын  жүріп  жатқан  қайсыбір  жайсыз  әрекеттерді  таппай,  жаппай  отырып  халқы 
сүйген  Нұрғиса  осылайша  Одақ  көлемінде  зор  абыройға  ие  болған  еді.  Олар  қанағат 
көңілімен  берді  ме,  жоқ  әлде,  ол  талантымен  тұқыртып  алды  ма?  Алайда,  мәселе  онда 
емес. Басты мәселе – өршелене қол соққан Мәскеу жұртшылығының ыстық ықыласы мен 
ізгі ілтипатында еді. Қазақ халқына керегінің өзі де сол ғой.  
Одақтың  үлкен  жиындарда  барлық  бауырлас  республикалардан  даңқты 
орындаушыларды,  көркем  ұжымдарды  Мәскеуге  шақырып,  кезінде  керемет  концерттер 
өткізу  тұрақты  дәстүр  болатын.  Сондай  бір  концерттердің  бірінде  «Отырар  сазы» 
оркестрімен  қосылып,  біздің  әйгілі  тенор  Әлібек  Дінішев  Мәриям  Жагорқызының 
«Дударай»  әнін  орыс,  қазақ  тілдерінде  шырқауы  тиіс  болды.  Оркестрмен  дүрілдеп  ән 
жүріп  жатқанда,  балетмейстер  Зәуірбек  Райбаевтың  басқаруындағы  «Салтанат» 
ансамблінің сәмбі талдай сайысқан сұлу қыздары айдынға бауырын төсеп жүзе жөнелген 
кербез аққуларша мың бұрала билеп, бүтін бір сахналық композициялық көрініс түзулері 
керек еді. Берілген уақыт тым тапшы. Үш жарым-ақ минут. Бірер күнгі әзірлік кезеңдері 
бітті. Бүгін концерт.  Қазақстанға әдетте Ресей, Украина, Белорусьтен кейін кезек тиетіні 
дәстүрлі  дағды.  Аталған  республикалар  өнер  жарыстыру  мәселесінде  ешкімнен  кем 
түспейтіні  айтпаса  да  түсінікті.  Өздері  Мәскеуге  жақын,  сахнаға  халықты  қаптатып 
жібергенде,  Кремль  сарайының  төбесін  аспанға  атып  жіберердей  көз  алдыңа  ғаламат 
жәрмеңке елестейді.  
Не керек, оркестрге қосылған әншіні де, жеке тұсында бұрала билеген бишілерді де 
мыңдаған  көрермендердің  алдында    тиісті  ырғағында,  көрсете  алған  дирижер  Нұрғиса 
Тілендиев  сатырлай  соғылған  алақандардың  астында  қалды.  Концерттің  режиссерлері 
Ансимов,  Шароев  сынды  ірі  өнер  қайраткерлері  қазақстандық  шағын  топты  шын 
жүректерімен қызу құттықтап жатты... 
Жетпісінші  жылдарда  экранға  шыққан  түрлі-түсті  «Қыз  Жібек»  фильмінің 
музыкалық  көркемделуіне  назар  салып  бағыңыз.  Күй  бұлағы,  ән  нөсерінің  не  екендігін 
сонда  ұғасыз.  Көкмайсалы,  қызылды-жасылды  гүл  жамылған  қазақ  даласын  ән  селі,  күй 
тасқыны жауып кеткендей. Кең дала саз төгіп, тау-тас, орман-тоғай күй шертіп жатқандай. 
Гүл майысқан құрбы қыздармен сейіл құрған Қыз Жібек көшін жағалай жортқан Төлеген 
мырзаның  екпініне  сай  саз  өрнектелген  Нұрағаң  қиялы  неткен  дархан,  неткен  жомарт! 
Кеудеңді  қазақ  әуенінің  асқақ  ауқымы  қуанышқа  толтырады.  Естеріңізде  ме,  алыста 
жүзген қос аққуды жағалауға жақындатқан домбыраның шешен үні. Қазақы әуездің қалың 
колориті, ұлттық ажары мәртебеңді көкке көтере жөнелгендей еріксіз сергисіз, серпілесіз, 
сілкінесіз.  

39 
 
Фильмдегі «Көш-керуен», «Туған жер» деп аталатын музыкалық сәттер жатқан бір 
телегей-теңіз,  жыр,  дастан,  поэма  емес  пе?  Тағы  да  көптеген  көркемфильмдерге  әуен 
ойлап туып, саз үйлестірген Нұраға жүрегі,  шын мәніндегі әнші жүрек, күйші жүрек. 
Иә,  композитор,  дирижер  Нұрғиса  Тілендиев  өмірде  де,  өнерде  де  тек  өз  жан 
қалауымен  жүріп-тұрған  кісі.  Сылдырап  сөйлеп,  жылтырап  күліп,  көп  алдында 
көлгірсігенін көрген емеспіз. Гүжілдеген қопал даусымен турасын бір-ақ кесіп айтады да, 
қасқайып  тұрар  еді.  Дипломатияның  бас  ауыртар  арифметакаларына  жаны  қас  болды. 
Бірақ,  жаны  өте  нәзік  еді.  Үлкен  таланттарға  тән  ірі  мінезбен  кейде  ерсілеу,  ретсіздеу 
кетіп қалған тұстарында,  «кешір  айналайыны»  да кезек күттірмей-ақ  дап-дияр тұратыны 
түк  жасырын  емес-ті.  Қатар  жүрген  әріптестерінің  сыртынан  ғайбат  сөйлеп,  кісіліктен 
төмен  пішін  көрсеткенін  байқаған  емеспіз.  Қашан  қарасаң  күле  сөйлеп,  ұсақ-түйек 
әңгімелерден  аулақ  жүрері  –  оның  төл  мінезі-тін.  Демек,  ол  өз  халқының  Нұрғисасы 
екендігін,  әлқисса,  жақсы  түсініп  өткен  әзиз  жан.  Халқы  да  оны  әрқалай  еркелетті. 
Талантты перзенттерін аялады, аймалады. Сондай өзара қимастық махаббатынан да барып 
ән туды, күй шықты. 
Нұрғиса Тілендиев шын мәнінде халық композиторы еді. Композиторларға «халық 
артисі»  деген  атағы  аса  жараспайтын  сияқты.  «Халық  суретшісі»  «Халық  сәулетшісі» 
деген секілді «Халық композиторы» деген дербес атақ белгіленсе әлдеқайда орынды болар 
ма  еді  деген  ой  орала  береді.  Ол  депутат  та  болған.  Мемлекеттік  сыйлықтың  да  иегері. 
Бірақ  Нұрғиса  Тілендиев  белгілі  бір  науқандық  сәттерге,  даталарға  арнау  жазуға  үйір 
болмаған  суреткер.  Компартия  туралы  одалар,  хатшыларды  мадақтап  опералар  жазып, 
көзге түсуді мақсат тұтпаған таза талант. Қайсыбір әріптестеріндей французша, жапонша, 
қытайша  сазсымақ  шығарып  әлектенбеген  кісі.  Ол  –нағыз  өз  халқының  композиторы, 
көшелі  ұлт  өнерінің  көрнекті  ұлт  өкілі.  Қазақ  халқының  ұлттық  музыка  өнері  несімен, 
қалай  ерекшеленеді  деген  сауалға  жауап  ретінде  ұсынарың  да,  тыңдатарың  да  Нұрғиса 
Тілендиев  шығармалары  бола  қалса,  ешкімнің  алдында  төмен  қарамайтыныңыз, 
керісінше,  еңсеңіз  көтеріле  түсері  айдай  әлемге  анық.  Ол  дүлей  шабыт  үстінде  жүріп, 
Абай  әлемі  тақырыбына  да  арнайы  ән  циклдарын  жазған.  Олай  болса,  мың  жаса,  жаны 
жайсаң, көзі тірісінде нәзік жүрегі саз деп соққан, сезімі тоқтаусыз күй ағытқан халқының 
шын  еркесі,  ұлт  өнеренің  нағыз  серкесі,  Құрманғазы  мен  Динаның  көзі,  құрметті  де 
құдіретті Нұр – аға!» 
Асыл  ағамыз  бүгінде  арамызда  жоқ  болғанымен,  Н.Тілендиевтің  өмірі  озғанмен 
талантты шығармаларының тозбасы анық! Жасай бер талант иесі! 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
 
Тоқпанов А. «Бүгінгі күнге дейін». –Алматы: «Жалын», 1976. 
2.
 
Нұрғиса Тілендиевтің 85 жылдығына арналған «Нұрғиса Тілендиев және бүгінгі қазақ 
өнері»  атты  ғылыми-практикалық  конференция  материалдары.  –Алматы:  Т.Жүргенов 
атындағы ҚазҰӨА, 2010. -13-15 бб.  
 
 
 
 
 
 
 

40 
 
Бәбіжан Б., 
П.И.Чайковский атындағы 
 Алматы музыка колледжінің ұстазы 
Алматы қ., Казақстан 
 
ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ. НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВ ЖӘНЕ КЕНЕН ӘЗІРБАЕВ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТАРЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС 
 
Аннотация:  В  данной  статье  рассматривается  музыкальное  мышление 
композитора  Нургисы  Тлендиева,  а  так  же  его  творческая  связь    с  его  наставником 
Кененом Азербаевым.  
Annotation: This article discusses the composer's musical thinking Nurgisa Tlendiev, as 
well as his creative relationship with his mentor Kenen Azerbaev.  
Меніңше, бұл адам
«Дың» еткен дыбыстан жаралған... 
                                                                               Кеңшілік Мырзабеков  
 
Композитор  Нұрғиса  Тілендиев  туралы  қалам  тартпас  бұрын  ол  туралы  көп 
ойланып,  ізденуге  тура  келді.  Шын  мәнінде,  оның  әндерінің  өміршеңдігі,  тақырып 
аясының кеңдігі, қайталанбас ырғақтары, күйлеріндегі музыкалық тартымдылық, есте тез 
қалатын  жан  тербетерлік  әуендер  кез  келген  сауатты    музыкантты  ойға  қалдыратыны 
анық. Не себепті оның әндері мен күйлері есте тез қалып, журекке бір тыңдағаннан қона 
кетеді?  Осы  сауалға  жауап  іздеу  мақсатында  Нұрағаң  туралы    1999  жылы  жазылған 
«Қаhарман Нұрғиса» атты естеліктер жинағы қолыма тиді (құрастырған С.Әбдрайымұлы) 
[1].  Мұнда  көптеген  ақындардың  арнау  өлеңдері,  композитор  туралы  замандастарының, 
аға-іні,  бауырларының  естеліктері  жарияланған.  Солардың  ішінде  Кеңшілік 
Мырзабековтың  өлеңі  (басы  эпаграф  ретінде  алынған)  және  жазушы  Балғабек 
Қыдырбекұлының  естелігі  менің  сауалыма  жауап  ретінде  жазылғандай  болды.  Ия, 
Нұрағаңның  тұла  бойы  дыбыстан  жаралғаны  туралы  осы  естеліктер  кітабында  көп 
жазылды,  және  оған  ешкім  де  күмән  келтірмейді.  Ал  жазушы  Балғабек  Қыдырбекұлы 
композитор  Нұрғиса  Тілендиевтің  шығармаларының  өміршеңдігің  оның  халық 
музыкасынан,  ұлттық  ой-пайымынан  ауытқымауында  деп  дәл  келтіреді:  «...Нұрғиса 
әндерінің  жанға  жайлы,  жұрттың  бәрі  айтатын  болып  келетін  себебінің  бірі  осы  қазақ 
әндеріне  тиісті заңдылықты өте жақсы меңгергендігінде» - дейді. Ән халыққа ұнау үшін, 
көңілінен шығу үшін оның құрылысы, тақырыбы, тіпті сөзі де  халық туғанынан сусындап 
өскен  халық    әндеріне  етене  жақын  болу  керек  деген  ойды  жазушы  ағамыз    жақсы 
жеткізген.  Бұл  ой  менің  көптен  бері  ойлап  жүрген  ойыммен  тоғыса  кетті.  Демек,  бар 
сиқыр  композитордың  бала  күнінен  тыңдап,  санасына  түйіп  алған  халық  музыкасында 
болғаны ғой. 
 
Композитордың  әкесі  Тіленді  Жетісуға  аты  әйгілі  күйші  болғаны  белгілі.  Үйінен 
әнші,  күйшілер  легі  үзілмейтін  Тіленді  күйші  Кенен,  Шашубайлармен  де  етене  жақын 
араласқаны  белгілі.  Нұрғиса  Кененді  алғаш  көргенде,  оның    алпысты  алқымдаған  шағы 
екен.  Төрт    жасар  бала  әкесі  үйіне  әкелген  қонақтың  әнін  сүйсіне  тыңдап,  зердесіне 
тоқиды [2,26]. Оның сол кезде тыңдаған Кененнің  «Бозторғай»  әні,  өзінің де дәл сондай 
атаумен  ән  шығаруға    септігін  тигізгені  айдан  анық.  Дәстүр  жалғастығы  бойынша  осы 
өлкенің тағы бір айтулы композиторы Нұрағаңның шәкірті  болып есептелетін Алтынбек 
Қоразбаев та «Бозторғай» деген ән шығарған.  
Кенен  Әзірбаев  шығармашылығының  жан-жақтылығы  Нұрғиса  Тілендиев 
шығармашылығында  да  көрініс  табады.  Кенекеңнің  арнау  әндері,  мерекелерге  арналған 
әндері,  соғыс  тақырыбандағы  әндер  Нұраға  шығармашылығымен  жалғасады.  Кенен 
атамыздың  «Біздің  Отан  жеңеді»,  «Жеңіс  жылғы  шаттық  ән»  деген  әндері  Нұрғиса 
Тілендиевтың «Болмасын соғыс, болмасын», «Дубосеково зиратында» тағы да басқа соғыс 
тақырыбындағы  әндерінің  тууына  септігін  тигізгені  сөзсіз.  Ал,  Кенекеңнің  «Алатау 

41 
 
алабында»,  «Ойжайлау»  деген  әндері    Нұрекеңнің    «Алатау»,  «Саржайлау»  деген  туған 
өлкесіне деген сағынышта әуендерін тудырған. 
1932  жылы  Тіленді  қайтыс  болғанда  Кенен  атамыз  оған  арнап  жоқтау  әнін 
шығарады: 
«Өтті-ау дәурен жалған-ай, 
Көңілімде менің қалғаны-ай. 
Қапылыста қу дүние, 
Мені әуреге салғаны-ай. 
Асқар белім, ардағым, 
Ажал салды-ау қармағын. 
Басқа түсті қара тас, 
Осы ма еді алмағың 
Басқа түссе, көрермін, 
Мен де бір күні өлермін. 
Асқар белім, Тілендім, 
Енді қайтып көрермін» - деген екен  [2,27]. 
Жалпы,  Нұрғиса  Тілендивтың  Кенекеңді  ұстаз  санағаны,  оны  үздіксіз  45  жыл 
тыңдап,  ән күйлерімен  әбден  сусындағаны  оның  шығармашылығынан  сезіліп-ақ тұрады.  
Тек  заманға  лайықты  туған  махаббат  туралы,  сезім  туралы,  той  туралы,  балалар  әндері 
сияқты әндер композитордың жаңа өзіндік ізденістерінің нәтижесі.  
Композитор  Нұрғиса  Тілендиев  Кенекеңнің  алдында  інілік  те,  балалық  та, 
шәкірттік  те  парызын  орындаған.  Кенен  Әзірбаевтың  100  жылдық  тойына  арналған 
Жамбыл облыстық „Еңбек туы” газетіндегі құнды мақалалар мен естеліктер жарияланған. 
Сол газеттегі Нұрағаңның макаласы тұтасымен ғылыми еңбек десе болады. Ондағы жүйе, 
ой, 
мақсат 
толығымен 
ашылған. 
Н.Тілендиев 
Кенекеңнің 
күйшілігінің, 
композиторлығының,  әншілігінің,  ақындығының  қайдан  келгендігін  ашықтап,  көңіл 
толарлықтай  деректер  келтіреді.  Енді  сол  мақаланың  түйінді  ойларын    келтіріп  көрейік. 
Мақала  авторы    өзін  толғандырып  жүрген  Кенекеңнің  әншілігі  қайдан  дарыған  деген 
сауалға былай деп жауап береді: «...Кененнің ән өнеріндегі алғашқы ұстазы, өзі айтқандай, 
сүйікті  анасы  Ұлдар  шешейден  бастап,  сол  өзі  өскен  сауықшыл  халық  ортасы,  сезімтал 
түйсігі  үнемі  сыбырлап  сыр  ақтарып  тұратын  сол  өзі  өскен  табиғат  аясы  деуіміз  керек. 
Шын талант – табиғат перзенті. Ал, табиғат- өнердің таусылмас кені» – дейді автор. Кенен  
есейген  кезде  Арқаның  ақиық  әншісі  Балуан  Шолақтың  өз  туған  жеріне  келіп  (Балуан 
Шолақ  1864  жылы  Шу  өңірінде,  Хан  тауының  етегінде  дүниеге  келген),  Жетісу  жерін 
аралап Кененмен жүздескен сәтін, Нұрағаң «бұлқынған бұлақтың көзін ашқандай болды»  
деп  суреттейді.  Сөйтіп,  композитор  арқа  ардагерлерінің  әні  Жетісуға  Балуан  Шолақ 
арқылы  және  оның  зерек  шәкірті  Кенен  арқылы  жетті  деп  пайымдайды.  Кененнің  сол 
сәтте шығарған «Балуан Шолақпен кездескенде»  атты өлеңін келтіреді: 
      «Көзіңнің қырын салшы, Балуан аға
      Даңқыңыз талай елге барған, аға 
      Бала едім жаңа талап ақын-әнші
      Әніңді үйренетін алуан, аға» - деп келтіреді [3]. 
Кенекең өзінің өнерін қайдан дарығаны туралы «Менің ұстаздарым» атты өлеңінде 
анық  айтады. Мұны да мақала авторы ой елегінен өткізіп, орынды келтірген: 
           «Анам Ұлдар әнші екен, әкем де ақын, 
            Ұстазым Сарыбас ақын дүрілдеген 
            Шашубай мен Шолақтың әнін естіп, 
            Мен де сондай болсам деп дірілдегем». 
Нұрағаңның  осы  мақаласындағы  композитордың  күйшілік  өнер  және    Байсерке 
туралы толғанысы,  газеттің сол нөміріндегі Төрткен Кененова апамыздың «Атамның жеті 
күйі»  атты  мақаласымен  жалғасып  –  Кенекеңнің  күйшілігін  халыққа  жаңа  қырынан 
танытады. 
 

42 
 
Әншілік  пен  күйшілікті  сазгер  ретінде  қатар  меңгерген    Нұрағаң  ұстазы  Кенен 
Әзірбаевтың тек әнші-композитор емес, күйші екенін де дәлелдеп жазады. Өзі де осы екі 
өнерді  қатар  ұстануға  тырысады.  Бұл  жағынан  қазіргі  кезде    осы  екі  өнерді  қатар 
дамытып,  дәстүрді  жалғастырып  келе  жатқан  композитор  Ермұрат  Үсеновты  айтуға 
болады.  Жалпы  Нұрғиса  Тілендиев  ұстазы  Кенен  Әзірбаевтың  өнерін  бойына  сіңіріп, 
өзіндік  бояу  қосып,  оны  екі  арнада  да  одан  әрі  қарай  жалғастырып,  кейінгі  ұрпаққа 
жалғастырған  дарабоз  композитор.  Енді  Нұрағаңның  шығармашылығын  насихаттап, 
сазгерлік жолын  жалғастыру кейінгі ұрпақтың еншісінде.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
 
Әбдрайымұлы С. «Қаhарман Нұрғиса». –А.: Санат, 1999. 
2.
 
Искакова Г.Н. Национальные истоки песенного творчества Н.Тлендиева.                –
Алматы, 2012. 
3.
 
«Еңбек туы» Жамбыл облыстық газеті. 1сәуір, 1984. 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал