Министерство культуры и спорта республики казахстан казахская национальная академия искусств им. Т. Жургенова международный общественный фонд им. Н. Тлендиева



жүктеу 5.04 Kb.

бет14/22
Дата09.01.2017
өлшемі5.04 Kb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22

ЛИТЕРАТУРА: 
1.
 
Официальный сайт Джея Фридмана http://www.jayfriedman.net/ 
2.
 
Официальный сайт «Всероссийской ассоциации тромбонистов» www.russian-
trombone.com 
3.
 
http://www.jayfriedman.net/articles/mahler_3 
4.
 
Форум тромбонистов. www.tromboneforum.org 
5.
 
Михеева Л. Густав Малер (1860 – 1911) краткий очерк жизни и творчества. Популярная 
монография. –Л.: Музыка, 1972. 
 
 
 
Еспенова Т.Т.,  
Т.Жүргенов атындағы  
Қазақ Ұлттық өнер академиясы 
г.Алматы, Қазақстан 
 
ҰЛЫ  ДАЛАДА - МЕРЕЙЛІ ЖЫЛ 
 
Аннотация:  В  данной  статье  рассматриваются  новые  принципы  социальной 
политики  Казахстана  в  стратегии  «Казахстан-2050»  и  проекте  «Мәңгілік  ел». 
Анализируется понятие «патриотизм», в свете 550-летия Казахского ханства, 20-летия 
Ассамблеи  народа  Казахстана,  20-летия  Конституции  РК,  70-летия  Победы  в  Великой 
Отечественной войне. 

103 
 
Abstract:  New  principals  of  social  policy  of  Kazakhstan’s  strategy  “Kazakhstan-2050” 
and project “Mangilik el” are considered in this article. A definition of “patriotism” is analyzed 
in the light of 550 anniversary of Kazakh Khanate, 20 years of Kazakhstan’s nation Assembly, 20 
years  of  the  Constitution  of  Republic  of  Kazakhstan  and  70  years  of  Victory  in  the  Great 
Patriotic War.  
 
 
Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа  
қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек.  
Бұл, ең алдымен, елге және оның игіліктеріне  
деген мақтаныш сезімін ұялатады. 
Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050»  
 
Ұлы  дала  адамзат  дамуындағы  ұзақ  эволюциялық  процесстің  куәгері  болды. 
Дамудың бес формациясын да бастан кешкен қазақ даласындағы қоғамдық қатынастар XV 
ғасырда біртұтас Қазақ хандығының құрылуымен жалғасты. Қазақ хандығының құрылуы 
және  нығаюы  түрлі  хандықтарға  қарап  келген  қазақ  тайпаларын  қазақ  хандығына 
топтастырды. Қазақтың этникалық территориясын біріктірді, осы арқылы қазақтың халық 
болып қалыптасу барысы біржолата аяқталды. 
Алғашқы  қауымдық  қоғам  кезінен  осы  күнге  дейін  осы  ұлан  ғайыр  өлкеде  тарих 
жазылып  жатты.  Тас  ғасырының  құпия  артефактілерінен  талай  маңызды  деректер  алып, 
андроновшылардың мекендерін зерттеп, жылқы малының дүние жүзінде алғаш рет Ботай 
мекенінде  қолға  үйретілгенін  анықтап,  сақтардың  алғашқы  әскери  демократиялық 
мемлекет  құрғанын  еске  түсіре  отырып,  осыдан  550-жыл  бұрын  құрылған  алғаш  Қазақ 
мемлекетін, қазіргі уақытта, Елбасымыздың берік саясатының арқасында әлемнің бірқатар 
елдері танып отыр.  
Керей  мен  Жәнібек  құрған  сонау  берік  хандық  өз  дамуында  талай  қиын-қыстау 
кезеңді  басынан  өткізіп,  тағдырдың  сынынан  дана  билеушілердің  арқасында  әрдайым 
жеңіп  шығып  отырған.  Еліміз  аңсаған  тәуелсіздікке  1991  жылы  жеткен  кезде  еліміздің 
көшін  бастаған  Н.Ә.Назарбаев  міне  25  жылға  жуық  уақыт  халқымыздың  тілеуімен  ел 
басқарып келеді. Осы жылдар ішінде экономикамыздың деңгейі еселеп дамып, Қазақстан 
ірі  алпауыт  елдердің  қатарында.  Экономикасы  дамыған  50-елдің  қатарына  кіріп, 
«Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасының орындалу барысында әлемнің дамыған 
30 елінің ішінде болу - ендігі мақсат. Бұл халықтық жоспардың аясында «Нұрлы жол», 5 
институционалды реформаны іске асыруға бағытталған 100 нақты қадам бағдарламаларын 
қолға  алу  арқылы  халықтың  әл-ауқатын  көтеру  көзделіп  отыр.  Ел  болып  жұмылып 
атқаратын істің бағытын көрсеткен бұл бағдарламалар Елбасының көреген саясаты.  
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа 
саяси  бағыты»  атты  халыққа  жолдауында  республика  дамуының    жаңа  белестері 
анықталып,  өмірлік  маңыздылығы  бар  бастаулар  қолға  алынып  отыр.  Бұл  бір  жағынан 
мерзімінен  бұрын  орындалған  «Қазақстан-2030»  бағдарламасында  жоспарланған 
реформалардың  жалғасы  болғанымен,  бұл  бағдарламадағы  орындалуы  тиіс  шаралар 
елімізді  интеграциялық  процестерге  терең  араластырып,  жаңа  деңгейге  көтеретін 
реформа. Өйткені  оның негізінде жаһандық саясат  пен экономикадағы үрдістердің терең 
талдануы жатыр.   
«Кезінде  тағдырдың  жазуымен  қасиетті  қазақ  даласына  сан  түрлі  ұлт  өкілдері 
қоныс тепті. Бүгінге олар тегі басқа болғанымен теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны 
бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды. Туған елінің туының астында бірігіп, туған 
жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді әр уақытта. Осылай 
елдігіміздің  ертеңі  ошақтың  ұштағаны  секілді  «бір  халық,  бір  ел,  бір  тағдыр»  деген  үш 
сөзге  сыйып  отыр»,  деді  Н.  Назарбаев.  Елбасының  осы  екі  ауыз  сөзіне  сыйып  тұрған 
толеранттық ұғым әрбір қазақстандық үшін біліп жүретін дүние.  

104 
 
2015  жыл  Қазақстан  Республикасында  Қазақстан  халқы 
Ассамблеясы  жылы  болып  анықталып,  ел  аумағында  ірі  шаралар 
ұйымдастырылуда.  Осыдан  20  жыл  бұрын  құрылған  бұл  ұйым, 
қазіргі  уақытта  конституциялық  мәртебеге  ие  болып,  ҚР 
Парламентінің  төменгі  палатасы  Мәжіліске  9  депутат  сайлау 
құқығына ие болды.   
  
Қазақстан 
халқы 
Ассамблеясының 
басты 
міндеті 
мемлекеттік 
ұлттық 
саясатты 
іске 
асыру, 
Қазақстан 
Республикасындағы  қоғамдық-саяси  тұрақтылықты  қамтамасыз  ету,  мемлекеттік  және 
азаматтық  қоғам  институттарының  этносаралық  қатынастар  саласындағы  өзара  іс-
қимылының  тиімділігін  арттыру  болып  табылады[1].  Халықтың  бірлігін  сақтап  қалуда 
үлкен  іс  атқарып  жатқан  өзге  елде  жоқ  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  құрылуы  да 
Елбасының  өлшеусіз  еңбегінің  жемісі.Талай  ұлттың  тағдырын  бір  арнаға  тоғыстырған, 
140  ұлт  пен  этнос  өкілдері  мекен  еткен  осынау  бір  қасиетті  жер,  біздің  Отанымыз,  деп 
мақтанышпен айтамыз.  
«Қазақстан-2050»  бағдарламасында  Елбасы  140  ұлт  пен  этносы  тату  тұратын, 
көптеген  діни  конфессиялары  бар  Қазақстан  елінің  тұрақты  дамуының  кепілі  жаңа 
қазақстандық  патриотизм  деп  атап  кеткен.  Жалпы  патриотизм  дегеніміз  -  бұл  елдікті, 
мемлекеттілікті саналы түрде сезіну. Мәселен, кез келген адамның өзі туып-өскен жеріне 
бауыр басуы, ана тілін толық  меңгеріп, оған құрметпен қарауы, өз Отаныңның мүддесін 
ойлау,  туған  жеріңе  деген  адалдық  пен  азаматтық  сезімдер,  өз  еліңнің  саяси, 
экономикалық,  әлеуметтік,  мәдени  саладағы  жетістіктерін  мақтан  ету,  өз  Отаныңның 
бостандығы мен тәуелсіздігін қорғау, ата-бабаларың мен Отаныңның тарихына құрметпен 
қарау,  сондай-ақ  өзіңнің  табанақы,  маңдай  теріңді  туған  еліңнің  гүлденуіне  арнау  – 
бұлардың барлығы да қазақстандық патриотизм деген ұғымның ішіне келіп сыяды. 
Қазақстан  патриотизмінің   іргетасы  –  барлық   азаматтардың  тең  құқылығы   және 
олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі[2]. 
Яғни  жаңа  қазақстандық  патриотизм  қалыптасқан  мемлекет  мәнмәтінінде    - 
Қазақстанның  әлемдегі  орны,  ролі,  болмысы  мен  маңыздылығын  түсіне  біліп,  оның 
дамуына  үлес  қосуға  тырысу.  Ол  дегеніміз  азаматтардың  мемлекетке,  билік 
институттарына, азаматтық қоғамға деген сенімінің жоғары болуы.  
Жаңа қазақстандық патриотизм прагматикалық үлгіде болуы тиіс,  - дейді Елбасы. 
Бұл өмір талабынан туындап отыр. Жастарға бұл өте маңызды мұрат. Өйткені патриотизм 
оқудың,  еңбектің,  шығармашылықтың  нақты  көрсеткіші.  Адам  өз  алдына  жеке  тұлға 
ретінде  даму  мақсатын  қойып,  оған  жету  жолдарын  мемлекетпен,  қоғаммен 
байланыстырады. Еліміздегі әр азаматтың жеңісі бүкіл елдің жеңісі болып табылады.  
Біз  бірлігіміз  бен  ынтымағымыздың  арқасында  өзге  Азиялық  елдердің  көшін 
бастап,  аймаққа  бейбітшілік,  экономикалық  тұрақтылық,  әлеуметтік  даму  орнатамыз. 
Қазақстан халқы бұл жоспардың іске асу барысын байқап отыр. Біріншіден, биылғы жылы 
Қазақстан  Республикасы  көршілес  Ресей,  Беларус  елдерімен  Еуразиялық  экономикалық 
Одақ құрып, интеграциялық үрдістерді кеңейтіп жатса, екіншіден, Еліміздің Дүниежүзілік 
сауда ұйымына мүше болып қабылдануы нағыз тарихи оқиға болып отыр. 
Ел  аумағында  аталып  жатқан  халқымыздың  жүрегіне  патриоттық  сезім  ұялатын 
тағы  бір  мерейлі  той,  ол  әрине  биылғы  жылы  аталып  өтпек,  
бүкіл қазақ еліне мақтаныш – Қазақ хандығының 550 жылдығы. 
Әйгілі  тарихшы,  әдебиетші  Мұхаммед  Хайдар  Дулатидің 
«Тарих-и-Рашиди» еңбегінде Қазақ хандығының құрылу мерзімі 
1465 жыл деп көрсетілген.  
Өзін Мырза Хайдар деп атаған Мұхаммед Хайдар ауқатты 
да  беделді  дулат  тайпасынан  шыққан.  Оның  ата-бабалары 
Шағатай  ұлысының  шығыс  бөлігінде  билеуші  әулеттің  ханзадаларын  билікке  әкеліп, 
тақтан  құлатқан құдіретті  әмірлер  болған[3,225б.].  Оның  «Тарих-и-Рашиди»    еңбегіндегі 

105 
 
қазақ  билеушілері  жайлы  хабарламалары  -  ортағасырлық  мұсылман  тарихнамасындағы 
Қазақ хандығы ерте тарихының қисынды баяндамасы. 
Қазақ  мемлекеттілігінің  тарихы  сонау  қола  ғасырында  өмір  сүрген  сақ,  үйсін, 
қаңлы, ғұн және осы тайпалардың басын біріктірген ортағасырлық мемлекеттерден бастау 
алады. Ежелгі халықтардың мекенін мұра етіп алған Түрік қағанаты, бұл ұлы далада өзінің 
мемлекетін  құрып,  кең  аумақты  билеген.  Түрік  қағанатының  жерінде  кейін  де  пайда 
болған оғыз, қарлұқ, Қарахан мемлекеттерінің жинақтаған ел билеудегі тәжірибесі кейінгі 
ұрпақтарға  беріліп  отырған.  Бұл  тарихи  процеске  өзгерістер  әкелген,  қазақ  жеріндегі 
келесі тарихи кезең Шыңғыс хан есімімен байланысты.  Ал осы Шыңғыс хан ұрпақтары 
ұлыстарының ыдырауы нәтижесінде Қазақ хандығы құрылған болатын.   
Қазақ  хандығының  құрылуына  қазақ  жеріндегі  Шыңғыс  ұрпақтары  арасындағы 
билікке  тартыс,  Әбілхайыр  ханның  сыртқы  жаумен  күресте  дәрменсіздік  көрсетуі, 
Әбілхайырдың  ел  ішінде  қатал  тәртіп  шараларын  орнатуы,  Көшпелі  өзбектер  мен 
Моғолстан  арасындағы  жерге  талас  сияқты  саяси-экономикалық,  әлеуметтік  факторлар 
әсер  етті.  Керей  мен  Жәнібек  бастаған  ұла  даланың  қуатты  феодалдық  топтары  жаңа 
мемлекеттің шаңырағын Қозыбасы жерінде тігеді. Содан бергі уақытта талай қиын-қыстау 
заманды  бастан  кешірген  қазақ  елі  70  жылға  жуық  Ресей  патшалығының  бодандығында 
болды.  Аңсаған  тәуелсіздігімізді  1991  жылы  алып,  алғаш  тәуелсіз  Қазақстан 
Республикасын құрғанымен, алғашқы қазақ жеріндегі мемлекет бұдан 550 жыл бұрын ту 
көтеріп,  250  жылға  жуық  уақыт  бойы  дербес  өмір  сүрді.  Сонау  жылдардан  бергі 
тарихымыздың  сырлары  әлі  күнге  дейін  еліміздің  тарихшылары  мен  тарих 
институттарының ат салысуы нәтижесінде зерттеліп жатыр.  
Елбасының  Жарлығынан  кейін  Қазақ  хандығының  550  жылдығына  орай 
тарихымыз  жан-жақты  зерттеліп,  «Қазақ  хандығының  құрылу  тарихы»  және  «Қазақ 
хандары» атты кітап жарық көрген болатын. Осыған байланысты еліміздің тарихшылары 
әлемнің  мұрағаттарын  тағы  бір  зерттеп,  Қазақ  хандығына  қатысты  маңызды  мәліметтер 
табуда. Мысалға, Ватикан еліне сапар шеккен зерттеушілер XVI ғасырға жататын картаны 
тапқан.  «Қазақ  хандығы  туралы  мәліметтерді  зерттеп,  оларды  ашатын  кез келді.  Бүгінде 
әлемдік  қауымдастықта  жуырда  табылған  жаңа  деректерді  талқылап  жатыр.  Олар  әлі 
толық зерттелмеді. Сонымен қатар қазақстандық ғалымдар Ресей, Қытай, Иран, Франция 
және,  АҚШ  ғалымдарымен  бірге  қазақ  мемлекеттігінің  тарихымен  байланысты  жаңа 
тарихи  фактілерді  ашып  жатыр.  Жуырда  XVI  ғасырдағы  Қазақ  хандығының  картасы 
табылды», – деді Бүркітбай Аяған [4].  
Қасиетті  жеріміздің  тарихын  әлі  зерттеп,  зертделеу  қажеттігі  келешек  ұрпақ 
бойына  отансүйгіштік  сезім  ұялатады.  Тамыры  терең  тарихымыздың  әлі  күнге  дейін 
белгісіз  қырлары  көп.  Мысалға  айта  кететін  болсақ,  әлі  күнге  дейін  хандарымыздың 
ғұмырнамасы, тіпті олардың жерленген жері белгісіз болып келеді. 
Еліміздің биылғы жылы атап өтпек тағы маңызды іс шарасы ол 
Конституциямыздың  20 жылдығы. Қай елде болмасын Конституция - 
Ата 
заң, 
халық 
бірлігінің 
негізі, 
адам 
құқықтарының 
мызғымастығының  кепілі.  Қолда  бар  жетістіктерге  жетуге  мүмкіндік 
берген де осы Конституция.  
Тарихқа  үнілер  болсақ  Қазақ  жерінде  бес  Конституция 
қабылданды. Ол 1926 жылы қабылданған Қазақ АКСР Конституциясы, 
1937 жылы қабылданған Қазақ КСР  Конституциясы, 1978 жылғы Конституция,  28 қаңтар 
1993 жылы қабылданған Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы және жылда 30 
тамыз  1995  жылы  халықтық  референдумда  қабылданған  Қазақстан  Республикасының 
Конституциясы.  
Ел үшін бұл маңызды құжаттың мәртебесін асқақтату үшін, оқу жылының басында 
республикамыздың  түгел  дерлік  оқу  орындарында  Конституцияның  тарихы  баяндалып, 
ондағы  адам  және  азамат  құқықтары  мен  бостандықтары  таныстырылып,  еліміздің 
басқару аппаратының қызметі түсіндіріледі.  

106 
 
Бiз,  ортақ  тарихи  тағдыр  бiрiктiрген  Қазақстан  халқы,  байырғы  қазақ  жерiнде 
мемлекеттiлiк құра отырып..., - деп басталатын Конституциямыздың преамбуласында 
Мәңгілік ел идеясы көрініс тапқан. 
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістен міне 70 жыл уақыт өтті. 
Бұл  қасиетті  мейрам  біздің  еліміздің  барлық  ұрпақтарын 
біріктіріп,  фашизмге  қарсы  күресте  кеңес  халқының  ерлігі  мен 
табандылығының  нышаны  болып  қалады.  Ол  бүкіл  халықтың 
ерлігі. Ендеше біз сол халықтың ұрпағы ретінде, бұл ерлікті мәңгі 
есте сақтап, жеңістің маңыздылығын түсінуіміз қажет.  
Жеңіс бұл жастарды, ересектерді,  қарияларды біріктіретін мейрам. Әр отбасынан 
осы соғыста бостандықты қорғауға аттанған аталар, әкелер бар. Жеңіс күні  – бұл әскери 
уақытта  соғысқан,  не  тыл  жұмыстарында  еңбек  еткен  барлық  адамдарға  тағзым  ету 
мүмкіндігі. Олардың қатары жылдан-жылға сиреп бара жатыр.  
Қазақ  халқы  Ұлы  отан  соғысы    кезінде  350  мыңнан  450  мыңға  дейін  азаматынан 
айырылды.  Бұл  тізімге  республика  сыртынан  әскерге  алынғандар,  еңбек  әскерінен 
оралмағандар, түрлі жарақаттардан қайтыс болғандар алынбады[5,108].  Біз осы батыр ата 
бабаларымыз  туралы  жарқын  естелікті  балаларымызға  жеткізіп,  олардың  ерлігіне 
лайықты болуымыз қажет.  
 
Елім менің аңсаған
Тас бұғаудан босаған, 
Құтты болсың отауың, 
Берік болсын оу босағаң. 
Н.Ә.Назарбаев 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
 
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты. http://www. akorda. kz/ 
2.
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан-2050» 
Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына 
Жолдауы. 2012 жылғы 14 желтоқсан. http://strategy2050.kz 
3.
 
Кляшторный  С.Г.  Казахстан:  летопись  трех  тысячилетий/  С.Г.Кляшторный, 
Т.И.Султанов. –Алма-Ата: Рауан, 1992. –373 с. 
4.
 
«Қазақстан тарихы» веб-порталы. http://e-history.kz 
5.
 
Шаймерденова  М.Д.  История  Казахстана  /  М.Д.Шаймерденова.  –Алматы:  Парасат, 
2012. –218 с. 
 
 
Қаратаева Д.Ғ., 
І. Жансүгіров атындағы  
Жетісу мемлекеттік университеті, 
Талдықорған қ., Қазақстан 
 
 
XX ҒАСЫРДАҒЫ 20-30 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ 
ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ 
 
Аннотация: В статье изложены исторические события, связанные с репрессией 
казахского народа, политикой советского правительства. 
Annotation: 
The article describes the historical events associated with the repression of 
the Kazakh people , the policy of the Soviet government. 
 
Ұлттың  мүддесі  дегеніміз  ұлттың  толыққанды  өмір  сүруін  қамтамасыз  ететін 
игіліктер. Рухани қажеттігін өтей білген ұлттың материалдық игіліктері де қорғалмақшы. 
Демек,  ұлттық  мүддесін  қорғай  білген  мемлекеттің  тәуелсіздігі  өміршең  болмақ.  Осы 

107 
 
орайда  ұлттық  сананы  көтеру  ісінде    негізгі  салмақ  тарих  ғылымына  түсетіндігін  де 
мойындаймыз.  Себебі,  тарих  –  өткен  уақыт  шындығын  зерделейтін,  кісілік  келбетті 
сомдайтын  іргелі ғылым. 
Ұлт  мүддесі  ұлт  зиялыларының  деңгейіне  қарай  қорғалмақ.  Қазақ  зиялылары 
әрқашанда  ұлт  мүддесін  қорғай  білді.  Сондықтан  да  олар    сталиндік  саяси  қуғын-сүргін 
құрығына  жаппай  ілікті.  1917  жылғы  қазан  төңкерісінен  басталған  ұлт  саясатының 
қудалануы  КСРО  ыдырағанға  дейін  жалғасын  тапқандығы  да  тарихтан  мәлім.  Қазақ 
зиялыларының  көрген  қасіретін,  рухани  жан  азабын  жеткізу  өте  ауыр.  Сталиндік  саяси 
қуғын-сүргін  қоғам  өмірінің  барлық  саласын  қамтығандықтан,  тіпті  оның  құрығына 
әйелдер  мен  балалар  да  ілікті.  Осы  тұста  кеңестік  үлгідегі  тоталитарлық  тәртіптің  қазақ 
әйелдерінің  теңдігі  мәселесін  мемлекеттік  деңгейде  көтеріп,  оны  өз  саяси  мақсат  – 
мүддесіне орай шешкендігіне де ерекше назар қажет.  
        Кез-келген мемлекеттің негізгі мақсаты – ұлттық рухы биік тұлғаларды қалыптастыру 
проблемасы  екендігі  де  шындық.  Ұлттық  рухы  биік  жан  тұлғалық  деңгейге  жетіп  игілік 
пен ізгіліктің шапағатын өз айналасына тигізіп қана қоймайды, ұлтын өрге сүйрейді, келер 
ұрпақтың  есті  болып  жетілуіне  өзіндік  үлесін  қосады.  Ұлттық  рухы  биік  тұлғаны 
қалыптастыру  үшін  өткен  тарих  даналығына  зер  саламыз.  Өкініше  орай,  кеңестік 
тоталитарлық  жүйе  дәуірлеп  тұрған  өз  уақытында,  КСРО  құрамындағы  ұлттардың  өздік 
санасын  өзінің  «идеологиясына»  сай  қалыптастыруға  барлық  күшін  жұмсады.  Соның 
салдарынан  бірнеше  ұрпақ  этникалық  өздік  сана  жадынан  айрылып,  «кеңес  өкіметінің 
балалары»  санасымен  тәрбиеленді.  Оның  салдары  әлі  күнге  дейін  күнделікті  өмірден 
көрініс беріп те жататындығы ешкімге құпия емес. 
Қазақстан  тарихының  өркениетті  көзқарас  шеңберімен  зерделейтін  өзекті 
мәселелері  жеткілікті.  Кеңестік  үлгідегі  тоталитарлық  тәртіптің  ұлт  санасына  салған 
«жаралары»  жеткілікті.  Одан  арылу  үшін  уақыт  ғана  емес,  уақыт  ағынымен  бірге 
ұлтшылдық  келбетті  қалыптастырып  үлгеруіміз  қажет.  Осы  мақсатта  өткен 
тарихымыздың  өзекті  мәселелерін  ақылмен  пайымдауға  да    күш  саламыз.  Соның  бірі 
1920-1930 жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің ұлттық рухымызды тұншықтырған тұстары. 
Ұлт  еңсесін  түсіріп,  тексіздікке  жол  ашқан  кеңестік  билікті  ақылмен  зерделеу  қазақ 
тарихының кісілік келбетін дәйектемек.   
    ХХ  ғасырдың  20-30  жылдарындағы  саяси  қуғын-сүргін  құқық  қорғау  органдарының 
қолымен жасалды. Осы мақсатта, ең алдымен, қуғындаудың заңдық негізі әзірленді. Оған 
дәлел  ретінде  сол  жылдары  қабылданған  заңдарды  алға  тартамыз.  Кеңес  мемлекетінің 
заңдары  қазан  төңкерісінен  бастап-ақ  тоталитарлық  жүйенің  орнығуына  жол  ашты. 
Кеңестік  құқық  «биліктен  айырылған  қанаушы  таптарға»  қарсы  бағытталғандықтан, 
адамдар  шыққан  әлеуметтік  тегі  үшін  жазаланды.  Кеңестік  заңдар  «кеңестік  тәртіпті» 
нығайтуға, социалистік экономиканы құруға, еңбекшілер бостандығы мен демократиялық 
құқықтарын  қамтамасыз  етуге,  бұқараны  коммунистік  санамен  тәрбиелеуге  тиіс  болды 
[1].  Сөз  жүзінде  заңдардың  сипаты  демократиялық  бағытта  болғанымен,  іс  жүзінде 
адамдарды жікке бөліп  «таптар  арасындағы күресті»  өмірге  әкелді. Бұл адам баласының 
мәдениетіне,  адамзат  өркениетіне  аса  қауіпті  еді.  Кеңестік  тоталитарлық  тәртіпті 
жамандау  мақсат  емес,  алайда  оның  миллиондаған  адам  өмірін  құрбандыққа  қиған 
саясаты ұлт санасына ізін салып та кетті. Кеңестік жүйеде өмір сүрген халықтардың саяси 
қуғын-сүргін зобалаңына ұшырамағаны кемде кем.  
Кеңестік тоталитарлық қоғам ұлт мүддесін аяққа басу, ұлт рухын әлсірету мақсатында 
саясат  жүргізіп,  «кеңес  халқын»  қалыптастыру  ісін  қарқынды  қолға  алды.  Енді  саяси 
қуғын-сүргіннің адам құқығын аяққа басқан заңдық негіздерін зерделесек: КСРО-да 1920-
1930  жылдардағы  саяси  қуғын-сүргін  социалистік  құрылысты  орнықтырудағы 
шаруашылық механизмінің ажырамас бөлігіне айналды.  
1928-1931  жылдары  жалған  айып  пен  жала  жабу  әдісі  күшейіп,  айыпкерді 
«мойындатудың» әдіс-тәсілдері жетілдіріліп, ОГПУ-дің қолында репрессияны жүргізудің 
даяр  механизмі  болған.  Осы  механизм  1930  жылдары  толықтай  күшіне  енген. 

108 
 
Нәтижесінде  саяси  қуғын-сүргін  жалпылама  бағыт  алды.  Сот-  тергеу  органдарының 
жазалаушы қызметі саяси-шаруашылық науқандар барысында қарқынды деңгейде жүрді. 
Астық,  ет  дайындау,  бай-кулактарды  тап  ретінде  жою,  социалистік  меншікті  қорғау 
науқандары  кезінде  жоспарды  орындай  алмаған  халыққа  қарсы  қолданылған 
репрессиялық  шаралар  өте  көлемді.  Юстиция  халық  комиссариаты  екі  апта  сайын  сот-
тергеу  органдарынан  экономикалық  науқандарға  қатысты  қылмыс  туралы  мәліметтерді 
сұрап  отырған.  Сол  кезде  азаматтар  үстінен  қозғалған  қылмыстық  істердің  басым 
көпшілігі заңсыз болған. Дәлел келтірсек: «... 1928 жылы сотталған шаруалар өз өнімдерін 
сатпаған  және  алыпсатарлықпен  айналыспаған.  Олардың  көпшілігінде  астықты  сату 
туралы  рұқсат  қағаз  болғанымен,  олардың  үстінен  заңсыз  түрде  қылмыстық  істер 
қозғалған»  [5],  -  деген  мазмұндағы  деректер  мұрағаттарда  жиі  кездеседі.  Мәселен, 
Қылмыстық  Кодекстің  61  бабының  3  тармағы  науқан  жоспарын  орындамау  мақсатында  
ұйымдасқан  топты  жазалауға  бағытталғанымен,  осы  бап  бойына  жеке  адамдар  да 
сотталған.  Айыпқа  тартылған  тұлғаны  «қылмыскер»  атандыру  үшін  бірін-бірі 
танымайтын,  әр  ауылдан  шыққан  «айыпкерлерді»  топтап,  байланысы  жоқ  бірнеше  істер 
біріктірілген.  Ал  астық  жинау  науқанында  кеңес  өкіметіне  наразылық  білдіргендерді 
«террористік іс-әрекет» жасады деп айыптаған. Олар Қылмыстық Кодекстің 58 бабының 8 
тармағымен ату жазасына кесілген. Тіпті, ауылдарында бай-кулак қаламағандығын айтқан 
ауылдық  кеңес  төрағалары  да  атылған.  Ал  «науқан  жоспарын  орындауға  шамамыз 
жетпейді»  деп  шындықты  айтқан  тұлғалар  Қылмыстық  Кодекстің  58  бабының  10 
тармағымен сотталған. Нәтижесінде түрмелерге адам сыймай, сотталғандар адам төзгісіз 
жағдайда  «жазаларын»  өтеген.  Түрмелер  мен  еңбекпен  түзету  лагерлерінде  азапты  өмір 
туралы  мұрғаттарда  көптеген  құжаттар  сақталған.  Түрмелерде  адам  санының  шамамдан 
тыс болуын билік   «таптық күрестің шиеленісуінен» деп түсіндірген. Кейбір түрмелерде 
қылмыстық іс қозғалмай сотталған азаматтар да болған.  
Егер  1920-1950  жылдардағы  саяси  қуғын-сүргін  болмаса,  осындай  құбылыс  өмірге 
келер ме еді? Адам құқығын аяққа басқан заңсыздықтардың салдарынан ел арасында сот-
тергеу  органдарына  үрей,  сенімсіздікпен  қарау  үрдіс  алған.  Күні  кешеге  дейін  КСРО 
бұғауынан  шыққан  елдер  сот-тергеу  органдарына  сенімсіздікпен  қарады.  Өйткені  олар 
партияның  айтқанын  орындап,  биліктің  құралы  ғана  болды.  Саяси  қуғын-сүргінге,  ең 
алдымен, ұлтжанды зиялылар ұшырады. Мұрағат құжаттары зиялылардың көзін жоюдың 
астарында  саяси  мән  жатқандығын  дәлелдейді.  Тіпті,  «халық  жауы»  атанып  атылған, 
лагерге  айдалған  тұлғалардың  отбасы  мүшелеріне  дейін  репрессияға  ұшырады.  Өйткені, 
кеңестік  саясаттың  түпкі  мазмұнына  кедергі  болар  отбасы  құндылығы  еді.  Билік 
құрылымдары кез келген отбасы мен жеке адам өміріне белсене араласты. 
Қазақстандық  әйелдерді,  оның  ішінде  қазақ  әйелдерінің  саяси,  құқықтық  және 
әлеуметтік жағдайын өзгерту шаралары саяси қуғын-сүргінге ұласты. Саяси шаралар мен 
экономикалық  науқандар  барысындағы  саяси  қуғын-сүргін  құрығынан  әйелдер  де  аман 
қалмады.  Саяси  қуғын-сүргінге  қазақтармен  қоса,  Қазақстанда  өмір  сүрген  өзге  ұлт 
өкілдері де ілікті.  
«Ер  адамдармен  бірдей  тең  құқықты  иеленген»  (әйел  теңдігі  саясатын  айтып 
отырмыз) әйел – аналар ер адамдармен бірдей дәрежеде қудаланды, ату жазасына кесілді, 
түрмеге жабылды, 8-25 жыл аралығында еңбекпен түзету лагерлерінде «жазаларын» өтеді. 
Өйткені,  оларға  ЧСИР  (Отанын  сатқандардың  отбасы  мүшелері)  деген  жалған  айып 
тағылды. Міне, отандық тарихтың ең қайғылы, қасіретті беттерінің бірі. Қазақ тарихында 
мұндай сұмдық бұрын- соңды болмаған-ды. Қазан төңкерісіне дейінгі оқыған, зиялы қазақ 
қыздары  қоғамдық  қызметтерден  әдейі  шеттетіліп,  ғасырдан  ғасырға  жалғасқан  отбасы 
құндылығына  саяси  мән  берілді.  1928  жылы  тұрмыстық  қылмысқа  қатысты  заңдардың 
барлығы  бір  жүйеге  келтіріліп,  РСФСР  Қылмыстық  кодексінің  «Рулық  тұрмыс 
қалдықтарын  құрайтын  қылмыстар  туралы»  деп  аталатын  10-тарауында  жинақталған. 
1926-1929  жылдардағы  тұрмыстық  қылмыс  түрлерін  талдағанда,  оның  шамамен  60 
пайызы қазақ қыздары мен әйелдеріне қатысты қозғалған [7]. Қазақ әйелдерін социалистік 

109 
 
құрылысқа  тарту  саясаты  мақсатты  түрде  жүргізілген.  1927  жылы  жарияланған 
«Қазақстан кәсіподақтарындағы әйелдер арасындағы жұмыс туралы» деп аталатын кітапта 
«Партияның  басты  мақсаты  жұмысшы  табының  ішіндегі  әйелдердің  ерекше  мәдениетін 
қалыптастыру болып табылады. Теңдік туралы, әйелдерді дамыту туралы мәселелерді біз 
ортақ  мақсат,  шешімдерден  шығара  отырып  шешуіміз  қажет»  деп  жазылған  жолдар 
кеңестік  биліктің  әйелдерге  бағытталған  саясатының  негізгі  мазмұнын  көрсетеді.  Әрбір 
ұлттың  мінезін  ескере  отырып,  оны  өзіне  тиімді  тұрғыда  идеологиялық  өңдеуден  өткізу 
тұрғысында  белсенді  шаралар  жүргізілді.  Осы  мақсатта  кітапшалар,  газет-журналдар 
көптеп  шығарылған  («Жетісу  әйелдері»,  «Әйел  теңдігі»,  «Азат  әйел»  және  т.б. 
айтуымызға  болады).  Әйелдерді  партияға  кіргізу  арқылы,  олардың  қызметін  өсіріп, 
социалистік  құрылысты  насихаттатқызды.  Сонымен  қатар,  партия  өзінің  жүргізген 
шараларының орындалу деңгейін қатаң бақылап отырған.  
1920-1930  жж.  Қазақ  өлекелік  БК(б)П  комитетінің  жанындағы  әйелдер  бөлімі, 
әйелдердің  саяси  –  құқықтық  және  экономикалық  жағдайын  өзгертуге  бағытталған 
саясатты  жүргізетін,  партия  нұсқауын  орындаушы  органға  айналады.  Қазақстандағы 
делегат  әйелдердің  жиналыстары  әйелдерді  республиканың  өндірістік  және  қоғамдық 
өміріне  тарту  ықпал  етіп,  нәтижесінде  жылдан  жылға  делегат  әйелдердің  саны  артқан. 
Әйелдер  клубтары  мен  жиналыстарының  негізгі  мақсаты  мен  міндеті  «ескі  тұрмыс 
қалдықтарымен күресу»  ісіне қазақ қыздары  мен әйелдерін тарту болатын. 1925 жылдан 
бастап  құрылған  қызыл  отаулар  да  әйелдер  арасында  кеңес  билігінің  саясатын 
«ұғындыру»  жұмысымен  қарқынды  айналысқан.  Сонымен  қатар,  олар  әйелдер  арасында 
«кеңестерге  қарсы»  көңіл-күйді  үнемі  қадағалап,  жоғарыға  мәлімдеп  отырған.  Мәселен, 
1926 жылы республикада 13 көшпелі қызыл отау болса, 1930 жылы  олардың саны 74-ке 
өскен.  Мұрағаттардағы  партия  құжаттарында  «мұсылман  әйелдері  үгіт-насихат 
жұмыстарына  онша  назар  аудармайды,  олардың  арасында  кеңестерге  қарсы  көңіл-күй 
басым» деген жолдар жиі кездеседі. Кеңес өкіметі қазақ қыздарының «надандығын» нағыз 
ұлтжанды  зиялылардың  басын  біріктірген  Алашорда  үкіметіне  кінә  етіп  те  артқандығы 
тарихымыздан белгілі.   
Мұрағаттағы ОГПУ бөлімінің арнайы жазбаларында барлық округтерден  «арнайы 
мәлімделер» жинақталып,  «жоғарыға» жіберіліп отырған. ОГПУ бөлімі  «жазбаларының» 
«Интеллигенция»  деп  аталатын  екінші  бөлімінде  жергілікті  жерлердегі  зиялы  қауым 
өкілдері  мен  олардың  бала-шағаларының  «кеңестерге  қарсы»  пиғылдағы  әңгімелері 
жинақталған. Деректер келтірсек: «1929 жылы Зүбәйра Ілиясова малды сойып алу керек. 
Себебі, оны бәрібір өкімет тартып алады», Қызылорда округі, №15 ауылдың атқамінерлері 
Нұртаза  Шоқаев  пен  оның  ағасы  Мырзеке  Қалымбетов  «Парижде  жүрген  Мұстафа 
Шоқайдың  өздеріне  жақын  арада  қазақ  халқы  орыстардың  езгісінен  азат  етіледі. 
Коммунистердің  тәркілеу  саясатынан  қайғырмаңыздар.  Кеңес  өкіметі  Қазақстаннан 
қуылғаннан  кейін  малдарыңыз  қайтарылады,  бұл  жақын  арада  болатын  жағдай»  деген 
өсектер таратуда. Экономикалық науқандар кезінде ауыздан сөз «саяси мәнге» ие болып, 
талай  адам  жазықсыз  жау  атанған.  Мысалы,  Орал  округі,  Жаңғалы  ауылының  тұрғыны 
Фатима  Бакирова  «Билік  басындағылар  байлардың  малын  тәркілеп,  ал  коммунистер 
тәркіленген мүліктерді арақ қылып ішеді» дегені үшін сотталған [5, 23 п.].  Ол кісінің арғы 
тағдыры беймәлім.  
Бұл  оқиға  олардың  сан  жағынан  өсуін  тежеді.  Олар  өздері  үшін  де,  «халық 
жаулары»  болып  кеткен  күйеулері  үшін  де  жауапкершілікке  тартылды.  АЛЖИР-де 
қапаста  ән  айтып,  «Қалың  қазақтың  әйелдерінің  тас  болған  жүрегін  жібітіп,  көңілдеріне 
күн  сәулесін  ұялатқан»  Жанбике  Шанина,  қамауда  жүріп  өлең  жазған  Күләндам 
Қожанова,  Мағжан  өлеңдерін  тұтқын  әйелдердің  көңіліне  медеу  еткен  Мәриям 
Есенберлина,  8  жыл  бойы  АЛЖИР  мен  Нижний  Тагил  лагерінде  тұтқында  жүріп 
дәрігерлік  қызметпен  айналысқан  Дәмеш  Жүргенова,  бес  баласынан  айырылса  да, 
өзгелерге  сүйеніш  бола  білген  Күнжамал  Майлиналардың  ерліктеріне  кейінгі  ұрпақ 
тағзым  етеді.  Қазақ  әйелдеріне  тән  ең  жақсы  қасиеттерімен  көрінген  Гүлбахрам 

110 
 
Сейфуллина,  Мәриям  Тоғжанова,  Рәзия  Мендешева,  Әзиза  Рысқұлова,  Рабиға 
Аспандиярова,  Бибіжамал  Сырғабекова,  Айша  Қабылова  және  тағы  басқа  рухы  қайсар 
қазақ  әйелдері  болды.  Сонымен  бірге  қандықол  сталинистердің  қолынан  Телжан 
Шонановтың  жұбайы  Шахзада  Шонанова  қаза  тапты.  Сондай-ақ  түркі  халық  партиясы 
дегенді  құрдыңдар  деп  айыпталғандардың  қатарында  Ғанижамал  Қабдалиева  1937–1947 
жылдары Сібірге айдауда болды [11]. 1937–1938 жылдардағы сталиндік саяси репрессия 
кезінде  құрбан  болған  осы  айтулы  азаматтарымыз  жайлы  бүркемеленген  шындықты 
ашып, халыққа жеткізу жолында «Әділет» қоғамы игілікті істер атқарып келеді. Қоғамның 
алғашқы  төрағасы  марқұм  Санжар  Оразұлы  Жандосовтың  атына  жіберілген  құжат  — 
КСРО Жоғарғы соты Әскери коллегиясының Алматы қаласында 1938 жылы ақпан-наурыз 
айларында  өткен  көшпелі  сессиясының  азалы  сыр  шертетін  қаралы  тізімді  жүйелей 
келгенде,  аталып  отырған  жылдың  25-ақпанынан  13-наурызына  дейінгі  аралықта  631 
адамның  атылғаны  анықталды.  Жендеттер  күн  сайын  орта  есеппен  43  адамды  атып 
отырған.  Атылған  азаматтардың  ұлттық  құрамына  назар  аударсақ,  қазаға  ұшыраған  631 
адамның  70–75  пайызы  қазақ  интеллигенциялары  екен  [12].  Халқының  мұңын  мұңдап, 
жоғын  жоқтайтын  қайраткер  ұлдарынан  айырылғаннан  кейін  оның  ұлттық  интеллектісі 
мен күш-қуаты төмендейтіні анық. Тізімге қарағанда, ақпан-наурыз айларында сол кездегі 
қазақтың  асыл  арыстарының  бас  көтеретіндері  ұсталып,  атылған.  Бәрі  жоғарыда  аталған 
таныс есімдер, ұлт қорғандары мен мақтаныштары еді. 
Осылайша  тізбектеліп  кете  беретін  «мәлімдемелердің  ізімен»  жаппай  жазалау 
жүргізілген.  Жазықсыз  жазаланған  әйелдер  түрмелер  мен  еңбекпен  түзету  лагерлерінде 
қанша қорлық көрсе де, психологиялық тұрғыдан адам айтып жеткізе алмас рухани ауыр 
азап  шексе  де  күйеулері  мен  балалары  үшін  өмірмен  арпалысып,  қиындыққа 
қайсарлықпен төзе білген ерекше әйелдер болатын. Олардың рухы биік еді. Биік рухымен 
ұлттың рухын асқақтатты. 
Сталин  ішкі  және  сыртқы  қауіпті  сезініп,  ауыр  өнеркәсіп  пен  жедел 
индустрияландыруды  дамыту  арқылы  қорғанысты  нығайтуға  ұмтылды.  Есебі  жоқ  адам 
шығыны оны ойландырмады. Зерттеушілер дәлелдегендей, социалистік құрылыс жаппай 
жазалау, қудалау саясатымен нығайтылды. Сотталғандардың еңбегі тегін пайдаланды. Ірі-
ірі  құрылыс  обьектілері    жазықсыз  жандардың  көз  жасымен  салынды.  Ең  сұмдығы 
адамдар «халық жауын» әшкерелеуге деген ұмтылыспен тәрбиеленіп, репрессиялық сана 
нормаға  айнала  бастады.  Бірақ  сонда  да  адамдар  адами  құндылықтардан  айырылмады. 
Сонымен саяси қуғын-сүргін салдарынан ұлттың рухы тұншықтырылды. Әсіресе, отбасы 
бірлігіне  қарсы  бағытталған  саясаттың  астарында  үлкен  мән  жатты.  Ол  ұлттың  тектілік 
келбетін  жою  болатын-ды.  Әрбір  ұлттың  ғасырлар  қойнауынан  келе  жатқан  ұлттық 
құндылықтарын  қасақана  жою  арқылы  тамырсыз  адамдарды  (өзіндік  көзқарасы, 
ұстанымы  болмайтын  жандар)  қалыптастыру  саясаты  қарқынды  жүрді.  Нәтижесінде  тап 
күресі  деген  адам  ақылына  сыймайтын  ұғым  өмірге  енгізілді.  Осы  мәселені  де  тереңнен 
зерделеуіміз керек. Өйткені, қазақ қоғамының өзіндік өмір сүру салтына сай қалыптасқан 
әлеуметтік құрылымы большевиктер саясатына мүлдем сай келмеді. Нәтижесінде таптық 
көзқарастар қазақ қоғамының дәстүрлі әлеуметтік құрылымын, түйіндеп айтқанда, адами 
құндылықтар  жүйесін  бұзды.  Ахмет  Байтұрсынов,  Әлихан  Бөкейханов,  Міржақып 
Дулатов сынды көптеген Алаш зиялылары тап күресінің қазақ ұлтының өмір сүруіне зор 
қауіп  төндіретіндігін  дәлелдеді.  Тіпті,  Алаш  зиялылары  қазақ  қоғамында  тап  күресінің 
болмағандығын, оның тамырын жаймау себептерін ғылыми тұрғыдан зерделеді. Өкінішке 
орай,  кеңестік  тоталитарлық  тәртіп  ұлттық  құндылықтарды  жою  саясатымен 
қаруланғандықтан,  өзіне  қарсы  келгендерді  (отбасы  мүшелерімен,  туған-туыстарымен 
қоса) саяси қуғын-сүргінге ұшыратты.  
Саяси қуғын-сүргін салдарынан конформизм, бюрократизм, жағымпаздану секілді 
көптеген  адами  дамуға  кереғар  теріс  түсініктер  өмірден  орын  алып,  тамырын  тереңге 
жайды.  Алаш  зиялыларының  «большевиктер  ылаңы  көпке  кетер,  биліктен  кеткенше 

111 
 
талайды  былғап  кетер»  деген  мазмұндағы  даналығының  ақиқатына  біз  куә  болып 
отырмыз. 

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал