Міндетті түрде, жаппай сыра атау лының барлығын алкогольді өнімдермен



жүктеу 0.67 Mb.
Pdf просмотр
бет1/6
Дата11.09.2017
өлшемі0.67 Mb.
#13958
  1   2   3   4   5   6

ИӘ

 – Міндетті түрде, жаппай сыра атау-

лының барлығын алкогольді өнімдермен 

теңестіріп, алкогольді өнімдерге сай 

шектеулер қою керек. Өйткені бүгінде 

емін-еркін саудаланып жатқан алкоголь-

сіз сыралар халықтың денсаулығын жап-

пай улап жатыр. Сыртына «алкоголь сіз» 

деп жазылған сыра мен энергети калық 

сусындар кең қолданыста жүрген діктен, 

алкогольді өнімдермен қатар халық 

денсаулығына зияны тиюде. 

Бүгін де сырт көзге сыраны емін-еркін 

пайда лануға тыйым салынған секілді 

болып көрінгенімен, алкогольді өнім 

өндіру шілердің қулығының арқасында 

халық арасында аталмыш өнімдер өте 

кең қол 


даныста. Сыраның сыртында 

«алко голь сіз» деп жазылғанымен, оның 

кәдім гі алкогольді сырадан еш айыр-

машылығы жоқ.   



ЖОҚ 

– Жоқ, жаппай сыраның бәрін ал-

когольді өнімдермен теңестіріп, со ған 

лайық шектеулер енгізілуіне қарсы-

мын. Құрамында алкоголдің құрамы 

0,5 пайыздан төмен сыралар «алкоголь-

сіз өнім» деп жазылған. Ендеше, біз 

оған қалайша тыйым саламыз?! Құ-

рамында алкоголі болмаса, оған тыйым 

салудың қажеті қанша?!

Негізі, алкогольді сыраларға қа-

тысты шектеулер бұрыннан бар. Біздің 

елімізде алкогольді сыралар Ресейден 

де бұрын алкогольді ішімдіктер қа-

тарына еніп, шектеулер қойылған. 

Құрамында 0,5 пайыз алкоголь бар 

сыралардың барлығы алкогольді өнім 

саналады. Алкогольді өнімдерге қа-

тысты шектеулердің барлығы осы 

санаттағы сыраларға қатысты саналып, 

қоғамда аталмыш шектеулер қол-

данылып жүр.   



Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

№127 (579) 

22 шілде

жұма


2011 жыл

3-бетте

Әміржан ҚАЛИЕВ, 

Алкоголь өнімдерін өндірушілер және 

сатушылар қауымдастығының президенті:

Сәуле ДИҚАНБАЕВА, «

Салауатты 

өмір салтын қалыптас тыру проблема лары» 

ұлттық орталығының бас директоры:

ОЙ-КӨКПАР 



Ресейдегідей сыраны алкоголь өнімдеріне теңестіріп, оған шектеулер қою керек пе?

Ресей елі сыраны алкогольді өнімдердің 

қатарына теңестіріп, «алкогольді өнімдерге 

қойылатын шектеулердің барлығы сыраға да 

қатысты болуы керек» деп арнайы заң қабылдады. 

Сондықтан көрші елде бұдан былай кәмелеттік 

жасқа толмағандар сыраны емін еркін пайдалана 

алмайды, сыраға жарнама жасалмайды, қоғамдық 

орындарда қолданылуына да тыйым салынады. 

Бұрынғыдай кез келген орындарда сатылымға 

түспейді. Тек таңертеңгі 8:00 бен кешкі 23:00 

аралығында ғана сатылуына рұқсат. Рас, сыраға 

қатысты мұндай тыйым біздің елімізде де бар. Бірақ 

«алкогольсіз сыра» деген атауды желеу еткен сыра 

түрлері елімізде емін-еркін саудаланып, 

жарнамаланып, айналымда жүр. Осы орайда 

жаппай сыра өнімдерін алкогольді өнімдермен 

теңестіріп, шектеу қоюға қалай қарайсыз деген 

сауалды мамандардың талқысына 

салып көрген едік... 

ОҚИҒА


Облыстық төтенше жағдайлар департаменті ма-

ман дарының хабарлауынша, жарылғыш заттар туралы 

ақ парат алдымен Қаскелең қалалық өрт сөндіру бөлі-

міне келіп түскен. Кімнің хабарлағаны туралы мә лімет 

жоқ. Өрт сөндірушілер оқиға орнына Қорғаныс ми-

нистрлігіне қарасты №61993 әскери бөлімінің саперлік 

тобын жұмсайды. Саперлер табылған жа рыл ғыш зат-

тарды қауіпсіз жерге шығарып, жоюға жөнелтті. 

Өткізілген арнайы іс-шаралар барысында миналардың 

оқу-жаттығу құралдары екені анықталған. Нақты 

айтқанда, олар танкіге қарсы қолданылатын 53 дана 

және жаяу әскерге қарсы қолданылатын  19 дана 

жарыл ғыш  зат. 

Нұрлан СЕРПЕРБАЕВ, 

Алматы облыстық төтенше жағдайлар 

департаментінің баспасөз қызметінің жетекші 

маманы: 

– «Долан ауылындағы жұмыс істемейтін «Ұлан» 

лагерінен әртүрлі жарылғыш заттар табылды» 

делінген ақпарат Қаскелең қаласының №1 өрт 

сөндіру бөліміне 20 шілде күні сағат таңғы 09.00 

шамасында түсті. Екі адамнан тұратын арнайы топ 

шұғыл түрде оқиға орнына шықты. Содан кейін 

арнайы шақырылған саперлік топ миналарды 

залалсыздандырды.

Ардақ ҚҰЛТАЙ

Балалар лагерінен 

70-тен астам 

мина табылды

Алматы облысының Қарасай ауданына 

қарасты Долан ауылындағы «Ұлан» балалар лагері 

ғимаратының жертөлесінен 70-тен астам мина 

табылды. Абырой болғанда, бұл демалыс орны 

біраз уақыттан бері жұмыс істемей тұр.

6-б

етте

Талас ОМАРБЕКОВ:

Тарих жазу үшін 

адалдық керек

С.БОНДАРЕНК

О, Б.О

ТАРБ


АЕВ (фо

то)


ТҮЙТКІЛ

Ұстаз атына сызат түссе...

«Үш күннен кейін тозаққа да 

үйренесің» демекші, оңтүстікқазақстан-

дықтар сыбайлас жемқорлық дертінің 

ушыққанына да үйреніп қалды. 

Көрермендер күн сайын жаңалыққа енді 

кім ұсталды екен деген сұраулы жүзбен 

телміретін болды. 

Жақында заңдылықтың сақталуын қадаға-

лаушы орган аталған «дерттің» деректерін ұсын-

ғанда облысымыздың көрсеткіші республикада 

алдыңғы орынға жайғасқанына жағамызды 

ұстап, аса таңғала қойған жоқпыз. Әрине, итің 

ұры десе, намыстанатын ұлттың ұрпағы үшін бұл 

Жалғасы 5-бетте 

Шадияр МОЛДАБЕК

ауыр айыптау екені рас. Дегенмен шырылдаған 

шындық та осы екенін мойындаудан басқа амал 

жоқ.


Абай ЖАМБЫЛҰЛЫ, 

облыстық соттың төрағасы:

– Салыстырмалы түрде алсақ, биыл 

сыбайлас жемқорлыққа қатысты түскен 

қылмыстық істер саны төмендеген. Мәселен, 

өткен жылдың алғашқы жартысында 84 іс 

түскен болса, биыл бұл «дертке» қатысты 

істер саны 63-ке жетті. Қаралған қылмыстық 

істерге орай шығарылған 48 үкімнің 11-і 

әйел азаматтарға қатысты. Былтырғы 61 үкім 

бойынша 16 әйел сотты болған еді. Ал 

салаға қатысты айтар болсам, соңғы кездері 

жемқорлыққа байланысты білім саласының 

қызметкерлері алдына жан салмай келеді. 

«Әкесін ұрғанды көрсек те, арбаға байлап 

қойып сабағанды алғаш көруіміз» деген екен бір 

бей 


бақ. Сол айтпақшы, сыбайлас жемқорлық 

дер ті нің ушыққаны жаңалық болмай қалғанымен, 

олардың көшін ұстаздар қауымы бастап жүргені 

масқара көрініс емес пе?! Осыдан кейін ұстаз 

деген есімде не қадір, не қасиет қалды десеңізші! 

Былыққа батқан саланы жөнге салады деген 

облыстық білім басқармасының қазіргі бастығы 

Мыр забек Туғанбаев мырза жүйені сауықтыру 

былай тұрсын, орынтағында теңселіп, атынан ауа 

жаздап әрең отыр. Облыстың бас ұстазына қатар-

дағы қарапайым ұстаздар да сеніңкіремейтін се-

кілді. Әйтпесе, ашынған педагогтар мектеп дирек-

торының кемшілігін айтып, сонау ауданнан облыс-

тық әкімшіліктің емес, облыстық білім басқарма-

сының алдына жиналуы тиіс емес пе еді?! 

Қазақстан экономикасы 7 пайызға өсті

Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 

төрағалығымен Қазақстанның 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық 

дамуының маңызды мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізілді. 

Кеңестің жұмысына Премьер-министр Кәрім Мәсімов, Президент Әкімшілігінің 

басшысы Аслан Мусин, Президенттің көмекшісі Бақыт Сұлтанов, ауыл 

шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, экономикалық даму және 

сауда министрі Қайрат Келімбетов қатысты. Кеңес барысында 2011 жылғы 

әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері, егін жинауға әзірлік және оны 

өткізу мәселелері талқыланды.

– Бізге елдің әлеуметтік-экономикалық 

дамуын, келе жатқан астық жинау науқанына 

облыстардың дайындық мәселелерін талқылау 

ке рек, – деді Президент кеңесті аша отырып. – Ай-

дың басында біз экономикалық қоры тынды жа-

садық. Қазақстан экономикасы 7,1 пайызға өсті. 

Өндірістің 6 пайыздай өсуі – қуантарлық жағдай. 

Бұл 7 пайыздың 2,6 пайызы индус триялық бағ-

дар 


ламалардың есебінен қамтамасыз етілді. 

Міне, индустриялық бағ дарламалар бізге осын-

дай пайда әкеліп отыр. Біз индустриялық бағдар-

ламалардың жарты жылдық қорытын 

дысын 

жасадық. 50-ден ас там өндіріс іске қосылды. 160 



мың адам жұ мысқа орналасты. Жұмыссыздық 

5,3 пайызға төмен деді. Былтыр біз 152 жобаны 

жүзеге асырдық. Биыл 300-ге жуық жобаны іске 

асырамыз. Машина жасау 30 пайызға артты. 

Жаһандық дағдарысқа байла 

нысты АҚШ-та, 

еуропалық елдер 

де және өзге де көптеген 

елдерде жағдайы оңай болып отырған жоқ. 

Мемлекет өз қарызын қайтаруға дәрменсіз. 

Бюджеттік шығындар қысқарып, жалақы мен 

зейнетақы төмендеп жатқан кезде, біз 1 шілде-

ден бастап бюджет қызметкерлерінің жалақы сын 

көтердік. Жалпы алғанда, дағдарыс кезінде біз 

оны екі есе көбейттік. Біздің халық аралық резерв-

теріміз артып келеді. Соған қарамастан, әлемдік 

экономикадағы ахуал аз қауіп төндірмейді. 

Биылғы жыл – Тәуелсіздігімізге 20 жыл. Біз қалай 

өткіземіз, қалай аяқтаймыз? Үстіміздегі жылы 

астық бітік шығуы мүмкін. Бір жарым жылға 

дейін қор жинауға болады. Біз астық жинау 

науқанына қаншалықты дайынбыз? Қысқа әзірлік 

қалай жүріп жатыр? Осы мәселе лердің барлығы 

талқылануы тиіс, – деді Мемлекет басшысы.    

Кеңес барысында 2011 жылдың бірінші 

жартыжылдығының әлеуметтік-экономикалық 

қорытын дылары және үстіміздегі жылдың аяғына 

дейінгі болжамдары туралы Премьер-министр 

Кәрім Мәсімов баяндама жасады. 

– Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, дағдарыс ке-

зеңінде сіздің қабылдаған шешімдеріңіздің 

арқасында және дағдарысқа қарсы кезеңде сіз-

дің тапсырмаларыңыздың арқасында индус-

триялық бағдарламаларды дамыту туралы, 

Кедендік одақ құру және дағдарысқа қарсы 

шаралар бойынша 2011 жылдың бірінші жар-

тысы айтарлықтай нәтиже бергенін атап өткім 

келеді. Мен тағы да бірқатар цифрларға назар 

аудартқым келеді: сіз атап өткен дей, жалпы ішкі 

өнім көлемі бірінші жартыжылдықта 7,1 пайызға 

өсті. Сіз сәуір айында Үкіметке министрліктер мен 

ұлттық компаниялар арасында жауапкершілік 

болуы үшін карта, бағдарлама әзірлеу жөнінде 

тапсырма бергеніңіздей, экономика министрлігі 

оны әзірлеп, Үкімет отырыстарында қабылданды. 

Қазірдің өзінде жарты жылдың қорытындысы 

бойынша жалпы ішкі өнім 7,1 пайызға өсіп, 

шамамен 9,5 триллион теңге ні немесе 65 мил-

лиард АҚШ долларын құрады. Анық тама цифр: 

былтырғы 2010 жылы ЖІӨ 21,6 триллион тең-

гені немесе 148 миллиард АҚШ долларын құ-

раған болатын. Бірінші жартыжылдықта мемле-

кеттік бюджетке былтырғы жылдың осындай 

кезеңімен салыстырғанда 28 пайызға артық 

табыс түсті. Бұл салықтың жиналуы мен эконо-

мика 


ның өскенін көрсетеді. Бірінші жарты-

жылдықта мемле 

кеттік бюджеттің дефициті 

былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда екі 

есеге жуық, яғни 44 пайызға қысқарды.   

2011 жылы республикалық бюджет қаржы-

сының басым бөлігі сіздің Жолдауыңыздағы, 

«Нұр Отан» партиясының съезіндегі Үкіметке 

бер ген тапсырмаларыңызға сәйкес жұмсалып 

жатыр. Қаржы секторының жағдайына байла-

нысты, екінші деңгейдегі банк активтері жылдың 

басынан бері 2,5 миллиард АҚШ долларына 

немесе 361 миллиард теңгеге, яғни 3 пайызға 

артты. Бұл былтырғы осындай кезеңдегі қаржы 

секторындағы ахуалды ескеретін болсақ, жақсы 

көрсеткіш.  Елдің халықаралық резервтері 2011 

жылдың алты айында былтырғы кезеңмен салыс-

тырғанда 37,7 пайызға немесе 73 миллиардтан 

астам АҚШ долларына өсті. Оның ішінде Ұлттық 

қордың активтері шетелдік валюта бойынша 38,5 

миллиард АҚШ долларын құрап, 45 пайызға 

ұлғайды. Экономиканың нақты сек 

торының 

дамуын алғанда, өнеркәсіп өндірісі 6% – 5,8%-

ға жуық өсті, өңдеуші саланың – 8,7%-ы, тау-кен  

4,1% артуы қуантарлық жағдай. Яғни сіздің 

тапсыруыңыз бойынша бұл бағытта өңдеуші 

саланың артып отырғанын қазіргі кезде көріп 

отырмыз. Әсіресе, машина жасау саласы 30 

пайызға артты, бұл сіздің тапсырмаңыз бойынша 

қазіргі кезде жүзеге асырылып жатқан индус-

триялық бағдарламаның тиімді болып отырғанын 

көрсетеді. Біз 2011 жылы былтыр және жылдың 

басында іске қосылған кәсіп 

орындардың 

нәтижесін көреміз. 



Жалғасы 2-бетте   

Анатолий ЧУБАЙС, 

«Ресей нанотехнологиялар 

корпорациясы» ААҚ бас директоры:

– «Ресей – қасиетті нанодер жава,

Ресей – сүйікті наноел.

Құдіретті нано, ұлы нано,

Нано-Нана, нанана, нанана!

(блогосферадағы Ресей 

әнұранына нанотехнологиялар 

тұрғысынан жасалған пародияға үн 

қосып, Twitter-ге жазғаны)

(www.newsru.com сайтынан)

...де

дiм-ай, а

у!

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ресми 

ақпарат солай. Алайда ақпарат агенттіктерінің хабар-

лауына қарағанда, оқиға «Солтүстік шұғыласы» тұр-

ғын үй кешенінің 23 қабатынан төменге құлдилаған. 

Лифт абырой болғанда 1-қабатқа жетпей тоқтаған. 

Же делсаты кабинасында сегіз адам болыпты. Бәрінің 

зәресі ұшқан, бірақ дін-аман. Мәліметке қарағанда, 

елордадағы тұрғын үй лифтілерінің барлығы жыл 

сайын техникалық куәландырудан өткізіледі. Ал оқи-

ғаға себеп болған «Солтүстік шұғыласы» тұрғын үйінің 

жеделсатысы 2011 жылғы наурыз айында тексерілген 

деген ақпар бар. Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда 

Астанадағы лифт шаруашылығында 10-нан астам 

компаниялар қызмет көрсетеді. Ал тұрғын үйлерде 

жұмыс істеп тұрған лифтілердің жалпы саны үш мыңға 

жуық. 

Тоқтала кететін тағы бір тосын оқиға, сәрсенбінің 



түнінде елорданың сол жағалауындағы құрылысы 

жүріп жатқан жаңа опера театрының ғимаратынан 

құрылысшы құлап, ауруханаға түскен. Жаңа опера 

театры қаланың сол жағалауындағы «Хан шатыр» 

ойын-сауық орталығына қарсы бетте салынып жатқан 

болатын. Құрылыс жұмыстары барысында «Мако-

контракшен» ЖШС-нің 55 жастағы жұмысшысы бес 

метрлік биіктіктен құлапты. 



Қанат ҚАЗЫ

Лифт құлап, 

үш адам зардап шекті

Астанадағы көп қабатты үйлердің бірінде лифт 

құлап, екі ересек адам мен бір бала зардап шекті. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне 

қарағанда, Астананың Есіл ауданында орналасқан 

«Солтүстік шұғыласы» тұрғын үй кешенінде жүк 

лифтісі 4-тен 2-ші қабатқа құлап, тоқтаған. Соның 

салдарынан лифт ішінде болған үш адам зардап 

шеккен, оның бірі – үш жаcар сәби. Зардап 

шеккендер ауруханада медициналық тексеруден 

өткеннен кейін үйлеріне қайтарылды. 

АЙТӨБЕЛ-ДАТ!

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

146,21

207,93

5,23

22,66

1,41

12571,91

1933,36

1536,79

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№127 (579) 22.07.2011 жыл, жұма        



www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

САЯСИ БЮРО

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Басы 1-бетте

АҚОРДА


Қазақстан экономикасы 7 пайызға өсті

Қазіргі кезде әлемдік конъюнктураға 

байланысты бірінші жартыжылдықта 7 

пайыз өсімге қол жеткізіп, тапсырманы 

орын дай алдық. Мен тағы бір мәселеге 

ерекше назар аудартқым келеді. Бұл – 

кәсіпкерлікті дамыту, бизнесті жақсарту. 

Сіз кедергілерді  азайту туралы нақты 

тапсырмалар бердіңіз, соған сәйкес заң 

жобасы сіздің қол қоюыңызға жіберілді. 

Жалпы алғанда, бірінші жартыжылдықта, 

1 шілдедегі жағ дай бойынша, шағын және 

орта бизнестің белсенді субъектілерінің 

саны 8 пайызға артты. Жалпылай алған да, 

қазір біздегі 678 мың шағын кәсіпкерлік 

субъек тісінде 2,5 млн адам жұмыс істейді. 

Бұл ең 

бекке қабілетті халықтың үштен 



бірінен астамын құрайды. Сіздің тап-

сырмаңызды орындау мақсатында «Биз-

нестің жол картасы» бағдарламасы қабыл-

данды. 2011 жылғы 2 шілдедегі жағдай 

бойынша, жалпы бағдарлама ая сында 1,2 

млрд АҚШ доллары көле мінде 436 өтініш 

қанағаттандырылды. Бұл – шағын және 

орта бизнес үшін жақсы цифрлар.      

Біз сіздің тапсырмаңыз бойынша олар-

мен тұрақты түрде кездесіп отырмыз. Әри-

не, жақсартылуы тиіс мәселелер бар, бірақ 

бұл – мейлінше оң бағыт. Соңғы бес ай 

бойынша Қазақстанда сыртқы сауда 

айналымы 40%-ға ұлғайды. Сізге соңғы 

бес ай бойынша Кедендік одақ жұмысы 

нақты нәтижелер беріп отырғанын айтқым 

келеді. Біздің Ресей Федерациясына 

бағыт талған экспортымыз 60%-ға өсті, 

Бела руське шығаратын өнім көлемі 2,3 

есеге көбейді. Демек, қазақстандық кә-

сіпкер лерге өз өнімдерін еш кедергісіз 

экспорт тауға зор мүмкіндік беріліп отыр. 

Сіздің нұсқауыңыз бен маусым айының 

басында Мәскеуде үш ел бизнесі өкіл-

дерінің және үш ел үкімет басшылары ның 

қатысуымен кездесу өтті. Онда кәсіпкерлер 

Президент тердің 

Кеден дік 

одаққа 

байланысты ерекше қарқынмен шешім 



қабылдап, мемлекеттер ара 

сындағы 


кедендік шекараны ашуы үлкен жаңалық 

болғанын айтты. Бұл өте ауқым ды процесс 

болған 

дықтан, әрине, мәселелер де 



туындады. Сіз тапсырғандай, үш ел 

басшыларының ше шім шығар ғанындай, 

Қазақстан Кеден 

дік одақтың оңтүстік 

шекарасына жауап бере 

ді, бұл жерде 

белгілі бір жұмыстар жүргізілуі тиіс. Тұрғын 

үй құрылысы сала 

сындағы сіз берген 

тапсырмалар орын 

далуда. Барлығы 

жоспарға сәйкес іске асырылып отыр. 

2011 жылдың алты айында тұрғын үй 

құрылы сының барлық көзіне 1,2 млрд 

АҚШ доллары бағыт талды, алты айда 2,7 

млн шаршы метр тұрғын үй салынды. 

Саладағы жаңа бағыт тәжірибе түрінде 

жүргізілуде, оның нәтижесі 2012 жылы 

болмақ. Тұрғын үй-коммуналдық шаруа-

шылық бойынша барлық жоспар 

қабылданды.

– Бұл – біз қолға алған жаңа маңызды 

бағыт. Бүгінде түсіндіру жұмыстары жетпей 

жатыр. Біз ескі үйде тұратын халыққа 

көмек 

тесіп отырмыз. Мемлекет оларға 



бағдарламаға қатысуды ұсынады. Мемле-

кет орталықтандырылған ком 

муника-

цияларды өз мойнына алады, ескі үйлерді 



жөндеуде қожайындардың 50 пайыздық 

үлесі болады. Қалғанының бәрін мемлекет 

өз жауапкершілігіне алады. Бірқатар 

облыста бұл процесс жақсы жүріп жатыр. 

Мысалы, Шығыс Қазақстанда, басқа 

облыстарда, Астанада. Ал жұмыс істемей 

жатқан басқа аймақтарда барлығы тоқтап 

тұр, – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

– Сіз алдағы жылыту маусымына 

дайын    дыққа  қатысты  нақты  тапсырмалар 

бердіңіз. Туындаған мәселелер мен даму, 

құрылыс саласы бойынша сіз берген 

тапсырмаларды есепке ала отырып, вице-

премьер Әсет Исекешев барлық дерлік 

облыс ты аралап шықты. Бұл мәселе – 

әкімдердің жеке жауапкершілігі. Әр облыс-

та біз дайындықтың жоғары дең 

гейде 


екенін көріп отырмыз. Солтүстік Қазақ-

станда кейбір мәселелер болды, онда 

құбыр жарылған болатын, біз бұл мәселені 

шешу үшін резервтік қаржы бөлдік. Жалпы 

алғанда, мен жоғары дайындықты көріп 

отырмын, тамыз айында бұл мәселені тағы 

пысықтаймыз. Отынмен қамтамасыз етуде 

бүгінде ешқан дай мәселе жоқ. 

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, сіз 

халық 


ты әлеуметтік қорғау мәселесі 

бойынша теңдессіз шараларды қолға 

алған әлемдегі жалғыз Президентсіз. 

Еуропалық одақтың, ТМД-ның кез келген 

елін алып қарауға болады. Соңғы үш жыл-

да зейнетақы – 2,5, бюджеттік ұйым дарда 

жалақы екі есе көбейді. 2011 жылдың 1 

қаңтарынан бас 

тап зейнетақы 30%-ға 

өсті, мемлекеттік базалық зейнет 

ақы 

50%-ға өсті, шілденің 1-інен бастап бюд-



жеттік сала жұмысшы 

ларының еңбек-

ақысы 30%-ға көбейді, барлығы сезініп 

жатыр. Біз бұл инфляцияға айтарлықтай 

әсер ете ме деп қауіп 

тенгенбіз, бірақ 

ондай әсер байқалмады. Нұрсұлтан 

Әбішұлы, еңбекпен қамту саласы бойын-

ша сіз Үкіметке еңбекпен қамтудың 2020 

жылға дейінгі бағдар ламасын әзірлеуді 

ұсынған болатынсыз. Бағдарлама қабыл-

данды, сіз қажетті заңды өзгер тулерді ен-

гіздіңіз, заңды күшіне енді. 2011 жылға 

ресурстар бө лінді. Қазір әрбір облыста 

комиссия шең берінде нақты жұмыстар 

жүргізіп жатыр мыз. Маңғыстау және Оң-

түстік Қазақстан облыстары бойынша біз 

жұмыстарды тексердік. Үкімет деңгейін де 

барлық мәселе қарас тырылып, қабыл-

данды. Жекелеген жерлер 

де бірқатар 

кешеуілдеу бар. Облыстық және аудан дық 

әкімдер қандай мүмкіндіктер беріліп 

отырғанын түсіне бермейді. Тамыз айы 

бойы біз бұл жұмыстарды жетілдіреміз. 

Білім сала 

сында, мемлекеттік бағдар-

ламаға сәйкес, балабақшамен қамту 

деңгейі ұлғайып келеді. Бұл бағдарлама 

белсенді іске асы 

рыл 

уда, мектеп 



құрылысы, кәсіби-тех никалық білім беру 

саласында сіз берген тапсыр 

малар 

бойынша жұмыс жалғасып жатыр. 



Денсаулық сақтау саласы бойынша 

бірқатар маңызды көрсеткішке  тоқталғым 

келеді. Сіз бөлген кейбір ресурстар мен 

бағдарламалар өз нәти 

жесін бере 

бастады. Ағымдағы жылдың алғашқы 

жартысында республикада ана өлімі көр-

сеткіші – 45%-ға, нәрестелер мен балалар 

өлімі 15%-ға азайды, қан айна 

лымы 


жүйесі ауруларының көрсеткіші – 6%-ға, 

туберкулезбен ауыру көрсеткіші 11%-ға 

азайды. Нұрсұлтан Әбішұлы, бұл – сіздің 

шешімдеріңіздің нақты нәтижесі. Мен 

ойлаймын, резервіміз әлі де үлкен, бюд-

жеттік комиссия аясында, әртүрлі кеңестер 

аясында біз тиісті жұмыстарды жүргізетін 

боламыз, яғни резерв бар, жұмысты жақ-

сартатын мүмкіндіктер де бар. Нұрсұлтан 

Әбішұлы, сіз тапсырғандай, денсаулық 

сақтау бойынша екі пойыз іске қосылды, 

облыстарға 11 жылжымалы медициналық 

кешен жүріп жатыр, бұл – сіз көрген 

машина лар. Тағы 39 жыл жымалы ме-

дициналық кешен сатып алынып, іске 

қосылатын болады. Бұл пойыздар мен 

кешендер айтарлықтай сұранысқа ие 

болып отыр. Сіз «Халықтық IPO» бағ дар-

ламасы бойынша да тапсырма берген 

болатынсыз. Кеше біз «Самұрық-Қазына» 

директорларының кеңесін өткізіп, осы 

бағдарламаны қарас 

тырдық. Тамыз 

айының соңында біз Үкіметте бұл мәселені 

талқылап, қыркүйектің 1-інде сіздің 

қарауы ңызға ұсынамыз. Мәселе – түсін-

діру жұмыстары мен халықтың қар жылық 

сауаттылығы жеткілікті назар аударуды 

қажет етіп отырғандығында. Әзірше 

халықтың 26%-ы ғана мұны түсінеді. Біз 

жыл соңына дейін түсіндіру жұмыстарын 

жүргізбекпіз. Ал келесі жылдың басында 

тиісті жұмыстарды қолға аламыз.

– Индустриялық бағдарлама бойын-

ша, «Бизнестің жол картасы» бойынша, 

еңбек 


пен қамту бойынша, тұрғын үй 

құрылы 


сының жаңа бағдарламасы 

бойынша, ауызсумен қамту бағдарламасы 

бойынша түсіндіру жұмыстары бақылауда 

болуы керек, бұқаралық ақпарат құ-

ралдары осы туралы айтып, халыққа 

түсіндіруі тиіс. Дағдарыс уақытында біз 

«Жол картасы» бағдарламасы қалай іске 

асып жатқанын көрсетіп отырдық, ал қазір 

ол жоқ. Біздің жұмысшыларымыз осы 

жөнінде халық алдында сөз сөйлеуі тиіс

тиісті министр ліктер мен ведомстволар 

белсенді жұмыс істеуі керек, – деді 

Нұрсұлтан Назар баев.

Сонымен қатар еліміздің ауыл шаруа-

шылығы министрі Асылжан Мамытбеков 

жиын-терін барысы туралы баяндама 

жасады.

– Биылғы жылдың есебі бойынша, 



егістіктердің жалпы өткен жылғыдай 

аумағы 21,2 млн гектарды құрап отыр. 

Оның 16,3 миллионын дәнді дақылдар 

құрайды. Бұл көрсеткіштің 14,1 млн гек-

тары бидайға тиесілі. Майлы дақылдар 

– 1,8 млн гектар, мақта өнімдері 15 мың 

гектар алқапты алып жатыр. Бұған қоса 

қант қызылшасы – 21,1 мың гектар, 

картоп және басқа да көкөністер 177,5 

мың гектар алқапқа егілген. Жалпы алған-

да, егістік алқаптарының диверсифи ка-

циясы жүріп жатыр деуге болады.  Өткен 

2010 жылмен салыстырғанда жем дақыл-

дары – 39 мың, күнбағыс – 63 мың, соя 

– 8 мың, зығыр – 73 мың, бұршақ тұ-

қымдас дақыл дар 26 мың гектарға артық 

егілген. Осы орайда өнімділікті қамтамасыз 

ету мақсатында агроөнеркәсіп саласын 

тиімді қаржылан 

дыру тетіктері жетіл-

діріліп, арнайы шаралар қолға алын ды. 

Биыл «ҚазАгро» қаржысы есебінен 177 

млрд теңге бөлу қарас тырылған. Негізгі 

болжам бойынша, бұл жыл ауыл 

шаруашылығы саласы үшін қолайлы жыл 

болмақ. Соны мен қатар көктемгі егістік 

және жиын-терін жұмыс тарына 94 млрд 

теңге бөлін ген. Мұнымен қатар қосымша 

қара 

жаттың көмегімен әлеу 



меттік-

кәсіпкерлік  кор пора циялардың  (ӘКК) 

кепілдік беруімен жеңілдетілген талаптар 

бойынша 17 млрд теңгенің жо басын қар-

жы лан дырдық. 

Осының 


арқа сында 

көптеген ұсақ ауылшаруашылық өнімін 

өндірушілер «ҚазАгро» арқылы дер кезін-

де қажетті несиеге қол жеткізіп, толық-

қанды да сапалы егіс жұмыстарын жүр-

гізуге мүмкін дік алды.  Қаржы мәселесінің 

оңтайлы шешілуі алдағы уақытта өнім-

діліктің артуына да айтарлық тай септігін 

тигізеді деп отырмыз.

Былтыр еліміздің батысында құрғақ-

шылықтан зардап шеккен алқаптарда 

биыл «Продкорпорация» ресурстарын 

жұмылдыра отырып, көктемгі егіс жұмыс-

тарын дер кезінде жүзеге асыра алдық. 

Егуге берілген дақылдар шаруалар ара-

сында қажетіне орай тиімді үлестірілді. 

Негізгі қаржының 17 млрд теңгесі ай-

мақтық тұрақты қорларды құруға жұм-

салмақ. Бұл қаржыға кезінде шаруа ларға 

тиісті тауарлар сатып алынатын болады. 

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы маман-

дарын қолдау мақсатында шағын несиелік 

бағдарламалар жетілдірілуде. Еліміздің 

егін егумен айналысатын ай мақтарында 

агрометеорологиялық жағдай дұрыс 

қалыптасып келеді. 

Қазіргі уақыттың өзінде Оңтүстік Қа-

зақстан облысында жиын-терін жұмыс-

тарының 22%-ы игерілді. Аймақтағы 

орташа өнімділік 14,7 центнерді құрайды. 

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,5 

центнерге артық. Бүгінде барлық тауар 

өндіруші жанар-жағармаймен толық қам-

тамасыз етілген. Техникалық дайындық 

92%-ды құрап отыр. Бұл былтырғыға 

қарағанда 6%-ға артық. Бүгінгі таңда 

аймақтар жем-шөп дайындау маусымына 

әзір. Биыл жақсы көрсеткіштерге қол 

жеткізіп, шөптің кемінде  бір жарым жыл-

дық қорын жинақтап алу жоспарда тұр. 

Бұл – мал  шаруашылығын тиімді қам-

тамасыз етуге бағытталған шаралар дың 

бір парасы. Қазіргі уақытта біз бес бағытта 

нақты жұмыс жүргізудеміз. Бұлардың 

ішінде саланы заңды-құқықтық тұрғыдан 

қамтамасыз етуге, инфрақұры лымдарды 

жетілдіру мен халықаралық стандарттарға 

көшуге басымдық беру деміз. Бұл ретте 

арнайы индикатор бойын ша әр аймақтағы 

іс-шаралар бақылауға алынып, қанша 

мал басы бар, олардың қаншасы асыл 

тұқымды, қанша қора-жай, қанша мал 

реп родукторы қажет екені де есепке алы-

нып отыр. Осыған байланысты әр аймақ-

тың, әр ауданның өзінің ин дикативті көр-

сеткішіне сай жұмыс жүр гізуіне жағдай 

жасап отырмыз. Осы жұ мыстар барысы 

бойынша әр тоқсан сайын Премьер-

министр деңгейінде се лек торлық жиындар 

өткізілуде. Биыл 17 мың орындық борда-

қылау алаңын тап 

сыруды жоспарлап 

отырмыз. 40 мың бас малды күтіп-бап-

тауға арналған жаңа фермерлік шаруа-

шылықтар құрылады. Бұл – жаңа бизнес, 

халықтық жоба. 

Сонымен қатар қазіргі кезде біз астық 

қабылдайтын орындар мен оны сақтайтын 

қамбаларды арнайы құрылғылармен 

жабдықтап, дайындау үстіндеміз. Кейбір 

аймақтарда астықты сақтайтын арнайы 

орындардың тапшы болуына байланысты 

біз аргентиналық, канадалық  әдіс бойын-

ша астықтың біршама бөлігін полимерлі 

қаптарда сақтайтын боламыз. Бұл – жаңа 

технология, әрі арзан, әрі тиімді. Бірінші 

рет бұл әдіс 2009 жылы қолданылған.

Келелі жиынды қорытындылай келе, 

Мемлекет басшысы бірінші жартыжыл-

дықта ел экономикасының 7%-ға өсімін 

жыл бойы қамтамасыз етуге база жасал-

ғанын атап өтті. 

– Жалпы ішкі өнім өсіп келе жатыр, 

бұған қоса оның жан басына шаққандағы 

көрсеткіші де өсу үстінде. Бұл – халқымыз-

дың тұрмысын жақсартуға бағытталған 

іс-шаралар. Ең бастысы – индустриялық 

бағ дар ламаның жұмыс істеп тұруы. Жаңа 

іске қосылған кәсіпорындар арқылы біз 

жаңа 160 мың жұмыс орнын аштық, жұ-

мыс  сыздықты азайттық. Барлық бағытта 

жұмыстар жүргізілуде. Ауылдық жерлерде 

еңбек еткісі келетіндерге шағын несие 

беріп отырмыз. Екінші мамандық алғысы 

келетін дерді де арнайы оқытып, оларды 

жұмысқа орналастырамыз. Бұл – өте ау-

қымды бағ дарлама. Осы бағытта барлық 

облыс тық, аудандық, қалалық әкімшілік 

Үкімет пен министрліктермен тығыз 

байла ныста жұмыс істеуі тиіс. Бүгінде әлем 

елдерінде зейнетақы мен жалақы қыс-

қарып жатқанда біз әлеуметтік саланы 

берік ұстап отыруы мыз қажет. 1 қаңтардан 

бастап зейнетақыны – 30%-ға,  базалық 

зейнет ақыны – 50%-ға, 1 шіл деден бастап 

бюд 


жеттік мекеме қыз 

меткерлерінің 

жалақысын 30%-ға кө тердік. Бұл ақша лар 

елдің қолына тие бастады. 

Біз Еуропада, жалпы Еуроодақта, 

мемлекеттік қарызға батқан Грецияда, 

өзге елдерде қандай қиындықтардың 

орын алғанын көріп отырмыз. Қазақстан 

экономикасы болса дұрыс таңдап алған 

жолдың нәтижесінде тұрақтылыққа ғана 

қол жеткізбей, жұмысымыздың әлеуметтік 

маңызының артып отырғандығын көрсетті. 

Бүгінде еліміздегі машина жасау саласы 

30%-дық қарқынға жетті. Біздің жоба-

лары мыз ойдағыдай жүзеге асып келеді, 

дегенмен әлемдік нарықтағы жағдай 

ауысып тұрады. Қазақстан әлемдік эконо-

миканың бір бөлігі болғандықтан, бұл 

факторлар бізге де әсер етпей қоймайды. 

Сондықтан да Үкіметпен болған үлкен 

жиында мен осы бағыттағы жұмыстардың 

аналитикалық жағының мықты болуын 

қадап айттым. Бізде әрдайым дағдарыстан 

шығу жоспары дайын тұруы қажет. Қазіргі 

уақытта әлемде дағдарыстан кейінгі ес 

жию жүріп жатқанымен, оның қайталан-

басына кепілдік жоқ. Осының бәрін біз 

болжап, зерт теп отыруымыз керек. Әрине, 

өмірдің өзі жоспарларымызға өзгерістер 

енгізіп отыр. Дегенмен мен Жолдауларымда 

айтқан басым бағыттар кезең-кезеңімен 

жүзеге асып келеді. Біздің тұрақты бағы-

тымыз бар.

Ендігі мәселе – негізгі басымдық бе-

рілетін сұраныстағы тауарлар мен қызмет 

көрсету және жұмыс түрлерінің бірыңғай 

тізімін жасау. Біз жұмыс орындарын ашып 

жатырмыз, енді сол жерлерден шыққан 

өнімдерді өз ішімізде және экспортқа 

шығару жағын есептеуіміз  қажет. Қандай 

бос тетіктерді пайдалана аламыз – бәрін 

таразыға салуымыз керек. Шағын бизнесті 

біз үнемі қолдап отырамыз. Бүгін мен 

лицензияларға қатысты заңға қол қойдым. 

Біз түрлі лицензияларды беруді  30%-ға 

қысқарттық. Үлескерлерге қатысты құ-

рылыс бойынша  450 нысанды аяқтадық. 

Биылғы 2011 жылға енді 49 нысанды 

аяқтау қалды. Ауыл шаруашылығы бойын-

ша өткен жылға қарағанда бұл жыл мол 

өнімді жыл болмақ. Бірақ мол өнімді 

жинау  үшін де жақсы дайындық қажет. 

Бірақ жанар-жағармайға қатысты бір 

мәселені анық білгеніміз жөн. Бұл бағытта 

біздегі баға арзан деп мақтана алмай мыз.

Қорықтардың эмблемалары қандай?



Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.67 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет