Міндеттердің бірі болып табылады


Биология және медицина ғылымдары



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет4/6
Дата06.05.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6

Биология және медицина ғылымдары 
 
Биологиялық  зерттеулердің  қайнар  көзі  Е.А.Бөкетов 
атындағы  Қарағанды  мемлекеттік  университеті  болып 
табылады.  Биология  факультетінің  ғалымдары  тұңғыш  рет 
өсімдік 
және 
жануарлар 
әлемінің 
көптүрлілігі 
мәселелерімен, 
аумақтың 
антропологизациялануына 

 
57 
байланысты 
географиялық-ландшафтық 
өзгерістерін 
зерттей  бастады.  Кейінгі  жылдары  (2005  ж.)  Қазақстан 
Республикасының 
бейімделу 
физиологиялық 
лабораториясының  негізінде  ғылымдағы  іргелі  зерттеулер 
грантының  бағдарламасы  бойынша  урбанизацияланған 
ортаның 
бейімделу 
механизмін 
физиологиялық 
зерттеулерге байланысты жұмыстармен айналысуда.  
Облыс  өнеркәсібінің  қарқынды  дамуы  әр  түрлі  ауыл 
шаруашылық 
салаларында 
жұмыс 
жағдайларының 
әлеуметтік-гигиеналық 
зерттеулерді, 
әсіресе, 
кәсіби 
аурулардың  алдын  алу  және  емдеу  жұмыстарын  жүргізу 
қажеттілігі  туындады.  Осы  зерттеулерді  жүзеге  асыру 
мақсатында 
1958 
ж. 
ҚазКСР 
Денсаулық 
сақтау 
министрлігінің  Кәсіби  аурулар  және  еңбек  гигиенасы 
институты  құрылды.  Осы  институттың  қызмет  етуінің 
арқасында  гигиеналық  ғылымның  дамуына  және  кәсіби 
аурулар түрімен күресуге едәуір үлес қосылды. Көп жылдар 
бойы  институтты  ҚР  ҰҒА  академигі,  профессор 
Ғ.Ә.Құлқыбаев басқарды. Облыста алғаш рет көмір бассейні 
кеншілерінің  тұрмыс  жағдайы  мен  еңбек  шарттарының 
санитарлық-гигиеналық  кешенді  зерттеуі  жүргізілді.  Көмір 
өнеркәсібінің  өңдірістік  орындарында  еңбек  шарттарының 
өзгеру 
заңдылықтары 
анықталды. 
Пневмокониоз 

кеншілердің  негізгі  кәсіби  ауруларының  өтуі  мен  даму 
ерекшеліктері, 
металдардың 
біріккен 
әсерінің 
заңдылықтары 
табылды 
және 
полиметалл 
кендері 
шандарының  әсер  ету  механизмі  субжасушалы,  жасушалы 
және мүшелік деңгейде зерттелді.  
Республика  бойынша  профессор  С.В.  Лохвицкий  ең 
алғаш  саусақтардың  микрохирургиялық  реплантациясын 
жасады,  микрохирург  мамандар  кадрын  оқытып  шығарды. 
Бұл  облысаралық  микрохирургия  орталығын  және  соған 

 
58 
сәйкес  бөлімді  ашуға  мүмкіндік  берді.  Медицина 
ғылымдарының докторы, профессор Ғ.Ғ.Мейрамовтың қант 
диабетінің  алдын  алу  және  емдеу  сұрақтарына  арналған 
ғылыми 
еңбектері 
бүкіл 
әлемге 
таралды. 
Су 
қоймаларындағы  және  ағынды  сулардағы  судың  құрамы, 
қасиеті,  тазалық  дәрежесі  және  өнеркәсіп  орындарындағы 
сарқын  суды  сыртқа  ағызу  бойынша  кешенді  зерттеулер 
жүргізілді. 
Қазақстандағы 
өнеркәсіптің 
негізгі 
салаларындағы  жұмысшылар  арасында  кәсіби  дерматоз, 
вибрациялық  аурулардың,  пневмокониоз  ауруларының 
таралуы,  өту  ерекшеліктері  зерттелді.  Кәсіби  патология 
ерекшеліктері анықталып, алдағы уақытта жұмысшылардың 
ауырмауына  жағдай  жасау  шаралары  қолға  алынды. 
Қарағанды көмір бассейні шахталарындағы антрокосиликоз 
ауруы 1985 ж. 1957 жылмен салыстырғанда жеті есе азайды.  
ҚР  Үкіметінің  2002  ж.  29  қазандағы  №  1370  қаулысы 
негізінде  Еңбек  гигиенасы  мен  физиология  институты 
Кәсіби  аурулар  мен  еңбек  гигиенасының  ұлттық  орталығы 
болып  (Республикалық  мемлекеттік  қазыналық  кәсіпорын) 
қайта құрылды. Кәсіби аурулардың еңбек гигиенасы ұлттық 
орталығының  3  филиалы  Өскемен,  Ақтөбе,  Шымкент 
қалаларында 
ұйымдастырылды. 
«Инфракрос-Экос» 
Ресейдің 
ЕМК 
(Еншілес 
мемлекеттік 
кәсіпорын) 
ғалымдарымен  біріккен  Халықаралық  жобасы  және 
«Байқоңыр» 
космодромынан 
ұшырылған 
ракета-
тасымалдаушылардың  тұрғындардың  денсаулығына  әсерін 
бағалау», Әлемдік даму банкінің қолдауымен Халықаралық 
бағдарлама  —  «Тағам  өнімдері  мен  қоршаған  ортадағы 
сынапты  биологиялық  залалсыздандыру  технологиясы  мен 
мониторингінің  талдауы»,  «Семей  полигонының  адам 
ағзасына әсерінің жақын және алыс уақыттағы зардаптары» 
тәрізді  іргелі  мәселелерді  зерттейтін  Бельгия,  Франция 

 
59 
ғалымдарымен 
біріккен 
«ІNTAS» 
«Radiacion 
Віоmes:Longtern  and  Current  effects  on  an  ecosystem» 
Халықаралық  жобасы  аяқталды.  «Орталық  Қазақстанның 
геохимиялық  картасы»  Германия  ғалымдарымен  ХҒТО 
(Халықаралық 
ғылыми-техникалық 
орталық) 
гранты 
бойынша біріккен зерттеулері жүргізілді. 
 

 
Гуманитарлық  ғылымдар 
 
Қоғамдық  ғылымдары  саласындағы  зерттеулердің 
дамуы  жоғарғы  оқу  орындарында  тарих,  философия, 
политэкономия  кафедраларының  құрылуымен  байланысты. 
Профессор  Д.А.Шаймұхановтың  «Создание  и  развитие 
черной металлургии в Казахстане», «Комсомол Караганды в 
борьбе за уголь» атты кітаптарында Орталық Қазақстанның 
арнайы жағдайында өндірістің негізгі салаларының құрылу 
жолдары  мен  өсуі  талқыланып  көрсетілген.  Профессор 
Т.Ә.Әлімбаевтың  «Общество  и  природа»,  «Экологические 
проблемы  Казахстана»,  «Экология  и  политика»  атты 
ғылыми  еңбектерінде  алғаш  рет  Қазақстан  экологиясының 
мәселелерінің  тарихи  аспектілері  зерттелген.  Барлық 
халықтардың  достығы,  олардың  бірігіп  қызмет  етуі,  өзара 
көмек 
көрсетуі, 
қарағандылықтардың 
ұлтаралық 
байланысы,  патшалық  Ресейдің  дамымай  қалған  шеткі 
аймақтарының  мысалында  жүзеге  асыру  мәселелері 
Ә.Ж.Жұмасұлтановтың 
«Казахстан  в  экономическом 
сотрудничестве 
народов» 
атты 
монографиясында 
қарастырылған.  
Тәуелсіз  Қазақстанның  мемлекеттік  құқықтануына 
проф. Е.Қ.Көбеев те өз зерттеулерін арнаған. Оның ғылыми 
еңбектерінде  Қазақстан  Республикасының  конституциялық 

 
60 
құрылымының негізін зерттеу нәтижелері, азаматтық қоғам 
мен  әлеуметтік  мемлекеттің  қалыптасу  мәселелері 
талқыланады. 
Қазақстандағы 
доктриналық 
конституционализмінің  зерттелуіне  заң  ғылымдарының 
докторы С.К.Амандықованың зерттеулері арналған. 
Профессор 
Т.Ә.Әбдіразақовтың 
монографиясында 
экономикалық 
жүйелердің 
дамуы, 
Қазақстан 
экономикасының 
әлемдік 
қоғамға 
интеграциясының 
мәселелері  талқыланады.  Оның  еңбектері  Қазақстан 
өңдірісінің  кешенді  дамуы  мен  еңбек  күштерін  тиімді 
орналастыру  мәселелеріне  арналған.  Көп  жылдар  бойы 
проф.  Ә.Ә.Әлімбаев  басқарған  ҚР  ҰҒА  Қоғамдық 
ғылымдар  орталығының  Орталық  Қазақстан  бөлімшесі 
Орталық  Қазақстандағы  іргелі  әлеуметтік-экономикалық 
ғылымдардың зерттеулеріне көмек көрсетті. Экономикалық 
зерттеулердің  дамуына  проф.  Ш.Қ.Қашықов,  проф. 
С.Қ.Досмағамбетов,  проф.  Б.А.Ахметжанов,  профессор 
Е.Б.Аймағамбетов,  профессор  Р.С.Кәренов  үлес  қосты. 
Нарықтық 
жағдайлардағы 
экономикалық 
дамудың 
әлеуметгік аспектілері проф.  Т.П.Притворованың еңбегінде 
қарастырылады.  Қазақстан  экономикасының  экспортты-
шикізатты  бағытталуының  тұрақты  даму  мәселелері  проф. 
С.Н.Алпысбаеваның  «Региональный  рынок:  особенности 
формирования  и  развития»,  «Устойчивое  социально-
экономическое  развитие  региона»  атты  еңбектерінде 
қарастырылған.  
 
Педагогика  ғылымдарының  докторлары  С.Т.Каргин, 
В.В.Егоров,  Л.А.Шкутиналардың  ғылыми  еңбектерінде 
педагогикалық 
және 
ақпараттық 
технологиялардың 
интеграциясы  негізінде  кәсіби  мамандарды  даярлау 
мәселелері  ашылған,  сонымен  қатар  жоғары  оқу 
орындарында  студенттердің  білімдерінің  сапасын  қазіргі 

 
61 
инновациялық технологияларды пайдалана отырып, басқару 
мәселелері қарастырылған.  
 
Е.А.Бөкетов 
атындағы 
Қарағанды 
мемлекеттік 
университетінің 
тарих 
факультеті 
мен 
Сарыарқа 
археологиялық 
институтының 
ғалымдар 
ұжымы 
(Р.М.Жұмашев, В.В.Евдокимов, В.Г.Ломан, С.А.Жауымбаев 
және  т.б.)  «Мәдени  мұра»  бағдарламасын  жүзеге  асыруда. 
Орталық  Қазақстанның мәдениеті  мен тарихының танымал 
өкілдері  жөнінде,  сәулет  өнерінің  ескерткіштерін  зерттеу 
және  археологиялық  қазба  жұмыстары  жүргізілуде. 
Қазақстанның 
мәдениеті, 
ежелгі 
тарихы, 
тарихи 
демографиясы  (профессор  В.В.Козина),  Қазақстанның  20 
ғасырдағы  экономикалық  тарихы  сияқты  көптеген 
мәселелер  (профессор  З.Г.Сақтағанова)  қарастырылып, 
ғылыми-зерттеулер жасалды.
 
 
 
 
Бақылау сұрақтары  
 

 
Қарағанды  қаласындағы  қандай  арнаулы  оқу 
орындарын білесіз? 

 
Қарағанды  қаласындағы  қандай  жоғары  оқу 
орындарын білесіз? 

 
Қарағанды  гуманитарлық  колледжі  қай  жылы 
құрылды? 

 
Е.А.Бөкетов  атындағы  Қарағанды  мемлекеттік 
университеті қай жылы құрылды?  

 
Қарағанды  қаласындағы  фитохимия  институты 
қандай жетістіктерге қол жеткізді? 

 
Медицина  ғылымы  саласы  бойынша  қарағандылық 
ғалымдардың қосқан үлесі қандай? 

 
62 
Қарағанды – мәдениет пен өнер орталығы 
 
«Ел іші - өнер кеніші» - деп, дана халқымыз айтқандай, 
Қарағанды қаласы да өнерімен, мәдениетімен дара тұрған ел 
ортасы  болып  табылады.  Қалада  орналасқан  мәдени 
ошақтар  талантты  жастардың  өз  өнерлерін  дамытуға  мол 
мүмкіндік  береді,  соның  нәтижесінде  бүгінгі  таңда 
қарағандылықтар  дүниенің  әрбір  түкпірінде  өз  өнерлерін 
көрсетіп,  халықтың  ризашылығына  бөленіп  жүр.  Сонымен 
бірге  туған  жердің  мәртебесін  көтеріп,  оны  әлемге  әйгілі 
етуде.  Қарағандылық  өнер  адамдарының  өзінің  туған 
қаласына  деген  сүйіспеншілігі  қашанда  биік  тұрады.  Оның 
дәлелі кең далада шарықтала шырқалған мына ән жолдары 
болып табылады: 
 Қазақтың жер ортасы – Қарағандым, 
Саяңды жас сәбидей паналадым. 
Дәл сендей әлемді мен шарласам да
Жаныма жақын қала таба алмадым. 
Туған  өлкемізде  өнер  мен  мәдениеттің  дамуына 
жасалынып  отырған  жағдай  болашақ  ұрпақтың  рухани 
тұрғыдан  кемелденуін  қамтамасыз  етеді,  әрқайсымыздың 
өнер 
мен 
мәдениетке 
сыйлы 
қатынасымызды 
қалыптастырады, таланттарды құрметтеуге тәрбиелейді. 
Құрметті  достым!  Әрбір  қарағандылық  үшін  өнер  мен 
мәдениет  саласында  қол  жеткізген  игі  жетістіктер  әрқашан 
зор  мақтаныш,  асқан  мәртебе  болып  табылады.  Сондықтан 
сенің  ол  туралы  мағлұматын  болу  керек.  Төменде 
қаламыздағы  мәдениет  ошақтары  мен  өнер  адамдары 
туралы мәліметтер беріледі.  
 
 
 

 
63 

 
Мәдениет ошақтары 
 
Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестік 1938 ж. 
Қарағандыда  облыстық  филармония  ретінде  құрылды. 
Оның  іргетасын  қалаушылардың  алғашқы  легінде: 
Қ.Байжанов, 
3.Жұбатова, 
Б.Орлов, 
А.Әлиева, 
М.Көшкімбаев,  т.б.  болды.  1990  ж.  Қали  Байжанов  есімі 
берілді. Оның құрамына симфониялық, Тәттімбет атындағы 
академиялық қазақ халық аспаптары және  «Биг-Бенд» джаз 
оркестрлері,  «Мерей»,  «Әуен»,  Халықаралық  «Шабыт» 
фестивалінің  лауреаты  «Арқа  сазы»,  қобызшылардың 
«Шағала»,  домбырашылардың  «Жігер»  және  дабылды 
аспаптардың  «Шындауыл»  ансамбльдері,  шекті  аспаптар 
квартеті  және  «Аққу»  фольклорлық  би  ансамблі  кіреді. 
Бірлестікте дарынды өнер шеберлері еңбек етеді.  
 
 
 
«Шалқыма» концерт залының сыртқы көрінісі 

 
64 
Бірлестік  артистері  облыстарға,  ТМД  және  шетелдерге 
гастрольдерге  шығып  тұрады.  Концерттер  «Шалқыма» 
концерт залында және цирк ғимаратында өтеді. 
Тәттімбет  атындағы  академиялық  қазақ  халық 
аспаптары  оркестрі  1988  ж.  құрылды.  1990  ж.  Тәттімбет 
есімі  берілді.  Оркестр  тұсауын  КСРО  халық  артисі, 
Мемлекеттік  сыйлықтың  иегері,  профессор  Ш.Қажығалиев 
кесті.  1992  ж.  ол  оркестрді  басқаруға  шақырылды.  Оның 
басшылығымен  республиканың  музыка  тәжірибесінде 
тұңғыш  рет  А.Жұбанов  пен  Л.Хамидидің  «Абай», 
Брусиловскийдің  «Қыз  Жібек»  операларының  концерттік 
варианты оркестрдің орындауында сахнаға шықты. Оркестр 
АҚШ,  Чехия  мен  Словакия,  Иран,  Ирак,  Түркия,  Оңтүстік 
Корея, 
Франция, 
Швеция, 
Швейцария, 
Өзбекстан, 
Түрікменстан,  Ресей  елдерінде  гастрольдік  сапарда  болып, 
өнер  көрсетті.  2000  ж.  оркестрге  «Академиялық»  құрметті 
атағы  берілді.  1983  ж.  ашылған  симфониялық  оркестрдің 
маңызы ерекше болды. Алғашқы дирижері  – Қазақстанның 
халық артисі Т. Әбдірашев.  
 
 
 
Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық 
аспаптары оркестрі  

 
65 
Джаз  оркестрі  1994  жылы  құрылған.  Ресейде  өткен 
фестивальдің  (2003  ж.)  лауреаты  атанды.  1999  жылы 
Алматыда  өткен  джаз  музыкасының  Халықаралық 
фестиваліне 
қатысып, 
үздіктер 
қатарынан 
аталды. 
Қазақстанның 
еңбек 
сіңірген 
артисі 
Д.Қайроллин, 
күйсандық  майталманы  А.Пронин  табысты  концерттер 
өткізді.  Джаз  оркестрінің  репертуары  өте  бай,  оңда  қазақ 
композиторларының  шығармалары  да  бар.  Оркестрдің  бас 
дирижері  әрі  көркемдік  жетекшісі  Игорь  Андрейченко. 
«Аққу»  фольклорлық  би  ансамблі  1993  ж.  хореограф 
Қ.Мұқатованың  жетекшілігімен  құрылған.  Бағдарламасын 
жасап,  би  қоюға  әр  жылдары  балетмейстерлер:  Қазақстан 
Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек 
сіңірген  қайраткері  М.Тілеубаев,  «Самұрық»  ансамблінің 
көркемдік  жетекшісі  Г.Адамова,  Қазақстанның  еңбек 
сіңірген  артисі  Т.Ізім,  өзбек  балетмейстері  Зухра  ханым 
көмектесті.  Оның  репертуарында  қазақтың  және  әлем 
халықтарының  билері  бар.  Халықаралық  «Шабыт» 
фестивалінің лауреаты. Көптеген шет елдерде табысты өнер 
көрсетті.  Францияда  өткен  Халықаралық  фестивальдің 
лауреаты (2003 ж.).  
«Мерей»  ансамблі  1956  жылы  құрылған  музыкалық 
лекторийдің  заңды  жалғасы.  Алғашқы  ұйымдастырушылар 
А.Галкина,  В.Петлюк,  Н.Дмитриенко,  Н.Сигарева.  Қазір 
құрамында 
Э.Кичикян, 
И.Гракова, 
С.Мұсайын, 
Г.Жақыпбаева т.б. бар. Көркемдік жетекшісі Б. Пропищан. 
«Әуен»  ансамблі  1995  жылы  Қазақстанның  еңбек 
сіңірген 
мәдениет 
қызметкері 
М.Рымжановтың 
басшылығымен құрылды. Құрамында әншілер Т.Ыдырысов, 
3.  акешева  т.б.  бар.  Концертмейстері  Г.Серкебаева. 
Ансамбльдің  директоры  әнші  М.Мұхажанова.  Көркемдік 
жетекшісі А. Севастьянов. 

 
66 
С.Сейфуллин  атындағы  облыстық  қазақ  драма 
театры.  Қазақ  сахарасында  драма  өнері  кең  қанат  жайып, 
қазақ драма театрлары әр-әр жерлерде ашыла бастады. Сол 
алғашқылардың  бірі  болып  уығын  қадап,  шаңырағын 
көтерген  өнер  ордасының  бірі,  қасиетті  де  киелі  Сарыарқа 
өңірінде  қоныс  тепкен  Қарағанды  шаһарындағы  Сәкен 
Сейфуллин  атындағы  облыстық  қазақ  драма  театры.  Бұл 
күнде  мәуелі  бәйтеректей  қанатын  кеңге  жайып,  қазақ 
өнерінің  өсіп-өркендеуіне,  кемелденуіне  зор  еңбек  сіңіріп, 
еліміздің  алдыңғы  қатарлы  кәсіпқой  театрларымен  “иық 
тірестіріп” 
қасиетті 
“Қара 
шаңырақ” 
атанды.  
Сонау  “Нәубет”  кезі  атанған  1932  жылы  қазан  айында 
Атығай  Шанин  мен  Қанабек  Байсейітовтің  “Зәуре” 
пьесасымен  шымылдығын  айқара  ашып,  кеншілер  мен 
қызметкерлерді,  қала  халқын  зор  қуанышқа  бөледі. 
Негізінен  театр  арнайы  ашылғанға  дейін  Қарағанды 
қалалық  партия  және  комсомол  ұйымдарының  ынтасымен 
ұйымдастырылған бұл ұйым (1932 жылы, сәуір) алғашында 
көркемөнерпаздар 
үйірмесі 
деп 
аталды. 
Кеншілер 
қаласында  ашылған  өнер  ордасы  сәл-пәл  кейін  жұмысшы-
жастар  театры  (ТРАМ)  атанды.  1934  жылы  жұмысшы-
жастар  театрына  бір  топ  талантты  жастар  келіп  қосылды. 
Білікті де білгір маман-режиссер Р.Ильматов, Қазақстанның 
еңбек  сіңірген  әртістері  Ә.Шәймерденов,  Т.Жабаев, 
М.Бектенов,  Р.Бектенова  сынды  халық  мектебінен 
сусындап,  нәр  алған  тамаша  актерлер  театр  шоқтығын 
биіктете түсті. Жас коллектив кәсіпқой өнер табалдырығын 
Н.В.Гогольдің  “Үйлену”  комедиясымен  аттады.  Бұдан 
кейінгі  Б.Майлиннің  “Майдан”,  “Талтанбайдың  тәртібі”, 
“Шұға”,  “Тартыс”,  С.Сейфуллиннің  “Қызыл  сұнқарлар”, 
А.Шаниннің 
“Шахтада”, 
І.Жансүгіровтың 
“Кек”, 

 
67 
А.Шаниннің  “Арқалық  батыр”  атты  пьесалары  –  кәсіпқой 
театр репертуарының алғашқы тізімі. 
1936  жылы  Қарағанды  қазақ  жұмысшы  жастарының 
қалалық  театры  Қарағандының  жеке  облыс  болуына  орай, 
облыстық  музыкалық  драма  театры  болып  қайта  құрылды. 
Театрдың  шығармашылық  құрамы  Қазақстанның  еңбек 
сіңірген 
әртістері 
М.Әбдікәрімов, 
Ж.Шаймерденова, 
Т.Жабаев,  М.Бектенов,  Н.Атаханова,  әртістер  Р.Жұматаев, 
Н.Қамалов  және  режиссер  Гатауллин  сияқты  жас 
таланттармен  толықтырылады.  Осы  жылы  Москвада 
өткізілген  Қазақ  өнері  мен  әдебиетінің  он  күндігіне 
республикалық  музыкалық  драма  театрының  құрамында 
Қарағанды  театрының  жетекші  әртістері  де  өз  өнерлерін 
көрсетті.  Бұл  жылдарда  М.Әуезовтың  “Еңлік-Кебек”, 
“Шекарада”,  Ғ.Мүсіреповтың  “Қозы  Көрпеш  -  Баян  сұлу”, 
“Қыз  Жібек”,  “Аманкелді”,  Ә.Әбішевтің  “Отан  үшін”  т.б. 
пьесалардың сахнада қойылуы шығармашылық ұжымының 
марқайып, 
көркемдік 
шеберліктің 
біраз 
сатыға 
көтерілгендігін  байқатады.  Қарағанды  театрының  өсу 
жолындағы елеулі бір кезең - қырқыншы жылдар. Ұлы Отан 
соғысы  жылдары  театр  творчестволық  ерлік  еңбектің 
үлгісін  көрсетті.  Театр  репертуары  халықтар  достығын, 
бірлігін,  бостандығын  жырлайтын  идеялық  мәні  зор 
спектакльдермен  байытылды.  М.Әуезовтің  “Қарақыпшақ 
Қобыланды”, “Сын сағатта” және Ә.Әбішевпен бірге жазған 
“Намыс 
ұлы”, 
Л.Леоновтың 
“Шапқыншылық”, 
К.Симоновтың  “Орыс  мәселесі”,  “Орыс  адамдары”, 
А.Островскийдің  “Жазықсыз  айптылар”,  Ә.Әбішевтің 
“Достық  пен  махаббат”  сияқты  пьесаларының  қойылуы 
сонау  ауыр  жылдары  театр  коллективі  тарапынан  Отан 
игілігіне бағыштаған үлкен үлес еді.  

 
68 
1964  жылы  қазақ  драма  театрына  С.Сейфуллин  есімі 
берілді. 
70 жылдары театр репертуары идеялық және көркемдік 
мазмұны  жағынан  құнды  М.Әуезовтың  “Еңлік-Кебек”, 
А.Островскийдің  “Найзағай”,  М.Кәрімнің  “Ай  тұтылған 
күн”,  Қ.Мұхаметжановтың  “Бөлтірік  бөрік  астында”, 
К.Бекхожиннің  “Ұлан  асу”,  С.Жүнісовтың  “Тырау-тырау 
тырналар”, Б.Тілегеновтің “Аяқталмаған ән”, Е.Уахатовтың 
“Алтын  көрсе  періште...”,  С.ІІІаймерденовтің  “Қайдасын 
Зурина”,  Ә.Әбішевтің  “Белгісіз  батыр”  сияқты  түрлі 
жанрдағы 
пьесалармен 
байытылды. 
1982 
жылы 
С.Сейфуллин  атындағы  облыстық  драма  театрына  50  жыл 
толды.  Осы  мүшел  тойына  байланысты  СССР  Жоғары 
Советінінң  Президиумы  театрды  “Халықтар  достығы” 
орденімен  марапатталды.  Кейінгі  жылдары  театрдың  бас 
режиссері  Әлімбек  Оразбеков  келгеннен  бері  театр 
репертуарындағы  көптеген  спектакльдер  талай  сынақтар 
мен  фестивальдарда  жүлделі  орындар  жеңіп  алған. 
Жезқазған  қаласында  өткен  Ж.Жабаевтың  мерейтойы 
құрметіне  өткізілген  байқауда  «Бір  түп  алма  ағашы» 
(авторы  Ә.Оразбеков)  бірінші  орынды  жеңіп  алса, 
М.Әуезовтің  мерейтойы  құрметіне  арналған  17  театр 
қатысқан  халықаралық  фестивальде  «Қорғансыздың  күні» 
екінші  орынды  жеңіп  алды.  Ал  Қарағандыда  өткен  VI 
республикалық фестивальде Г.Гориннің «Атың шықпаса…» 
спектаклі гран-прийге ие болды. 2000 жылы Ғ.Ғаппаровтың 
«Қиямет–қайым  Киота»  спектаклімен  Каир  қаласына  өнер 
сапарымен 
болып 
қайтты. 
Шетелдік 
көрермендер 
спектакльдің 
қойылу 
шеберлігіне, 
режиссердің 
тапқырлығына тәнті болды, үлкен абырой – атақпен оралды. 
Осы  спектакль  Павлодарда  өткен  VII  өнер  фестивалінде  1 
орынды жеңіп алды. 

 
69 
Қасиетті  қара  шаңырақ,  шежіреге  толы  Сәкен 
театрының қысқаша тарихы осындай. 
 
 
 
С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма 
театрының сыртқы көрінісі 
 
К.С.Станиславский  атындағы  облыстық  орыс 
драма  театры  -  Халықтар  достығы  орденді  Қарағанды 
мемлекеттік орыс драма театры (Бейбітшілік бульвары, 19). 
1930  ж.  Семейде  жергілікті  халық  арасында  үгіт  және 
мәдени-бұқаралық  жұмыс  жүргізу  жөніндегі  көшпелі  театр 
ретінде құрылған, 1932-35 ж. «Түрксіб көшпелі театры» деп 
аталды,  1936  жылдан  Қостанай  ұжымшар-кеңшар  театры. 
1936  ж.  Байқоңыр  кеншілеріне,  Қарағанды,  Балқаш 
шахтерлері 
мен 
құрылысшыларына, 
Жезқазған 
жұмысшыларына өнер көрсетті. Ұлы Отан соғысы жылдары 
театрдың  репертуары  едәуір  кеңейтілді  (К.Симоновтың 

 
70 
пьесалары  бойынша  «Орыс  адамдары»  және  «Праганың 
талшын  ағаштарының  көлеңкесінде»  деген  спектакльдері, 
А.Корнейчуктің «Майдан», Л.Леоновтың «Шапқыншылық» 
деген  пьесалары  бойынша  қойылған  спектакльдер). 
Көшірілген  госпитальдерге,  шахталар  мен  рудниктер 
ұжымдарының  жұмысшыларына  қызмет  көрсету  үшін 
концерттік бригадалар кеңінен пайдаланылды. 
Соғыстан  кейінгі  жылдары  Қазақстанның  жаңадан 
игерілген  тың  аудандарында  және  Омбы  облысының 
оңтүстік 
аудандарында 
мәдени-бұқаралық 
жұмысты 
ұйымдастыруға 
пәрменді 
түрде 
қатысты. 
Театр 
репертуарларында:  Н.Ановтың  «Мұрагерлері»,  А.Подобед 
пен  С.Македонскийдің  «Құрылысшылары»,  Ә.Әлімжанов 
пен  М.Симашконың  «Төтенше  комиссары»,  А.Арбузовтың 
«Кінәлілері»,  А.Дударевтің  «Қатардағы  жауынгерлері», 
В.Чичковтың  «Осы  бір  қызық  мінезді  орыс  адамы», 
В.Константиновтың  «Дүлей  апаты»,  Г.Рябкиннің  «Сәнді 
үлгілер  маусымы»,  С.Ласкиннің  «Акселераттары»,  сондай-
ақ  орыс  және  шетел  жазушыларының  драматургиялық 
шығармалары  бар.  Ұжымда  әр  жылдары  ҚазКСР  халық 
артистері 
В.Караваев, 
А.Демидова, 
В.Борисов, 
В.Корниенко,  ҚазКСР  еңбек  сіңірген  артистері  К.Рауш, 
Г.Подзолкин, Д.Горева, Н.Белкин, И.Калачанов, И.Кошелев, 
А.Зимарева,  Д.Белов,  Т.Зеленин,  В.Макуш,  Т.Давыдова, 
Л.Спасский  т.  б.  еңбек  етті.  Театрдың  алғашқы  директоры 
және бас режиссері ҚазКСР халық артисі В.Портнов болды, 
одан кейінгі бас режиссерлер ҚазКСР еңбек сіңірген артисі 
К.Рауш  (1937-1951),  РКФСР  еңбек  сіңірген  артисі 
А.Ходырев  (1952-55),  МКСР  еңбек  сіңірген  артисі 
А.Москалев  (1956-57),  ҚазКСР  еңбек  сіңірген  артистері 
А.Подобед (1958-1963), Г. Жезмер (1963-66), ҚазКСР халық 
артистері  Р.Андриасян  (1966-1972),  М.Зильберман  (1972-

 
71 
79),  ҚазКСР  еңбек  сіңірген  өнер  қайраткері  Н.Воло  жанин 
(1979-1985), ҚР еңбек сіңірген қайраткері Г.Оганесян (1986-
2006). 
Театр 
республикалық 
конкурстар 
мен 
фестивальдердің 
бірнеше 
мәрте 
лауреаты 
атанды. 
Гастрольдік  сапармен  ҚР  және  ТМД  елдері  қалаларына 
шықты.  Театр  репертуарынан  М.Әуезовтің  «Қарагөз», 
А.Островскийдің  «Белугиннің  үйленуі»,  Лопе  де  Веганың 
«Махаббат  машақаты»,  Ж.Ануйдың  «Жүксіз  жолаушы», 
Л.Разумовскаяның 
«Қымбатты 
Елена 
Сергеевна», 
А.Касонаның  «Ағаш  тік  тұрып  солады»,  К.Чапектің 
«Макропулостың  қаржысы»,  А.Галиннің  «Сирена  мен 
Виктория»  т.  б.  отандық  және  шетел  драматургтарының 
шығармалары  орын  алған.  Театр  орналасқан  ғимарат 
архитектура ескерткіші болып табылады, 1962 ж. салынған 
(архитектор  Л.Б.Воробьев,  А.М.Левшин)  және  осы  жылы 
театрға К.С.Станиславский есімі берілді. 
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Болашақ желтоқсан 2016 жыл
2017 -> Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң
2017 -> Мектепті сақтау – ауылды сақтау Намыс қайда? Шаңырақ
2017 -> «еуразиялық гендік қОР» ғылыми-өндірістік білім беру орталығы
2017 -> Еуропалық тұрғыдан көптілдік құзыреттілігін дамыту жолдары
2017 -> Қазақстандағы трансұлттық мультисауаттылық: ұрпақаралық оқыту
2017 -> Қараша 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Қыжыл баспасөЗ – 2017

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет