Міндеттердің бірі болып табылады


мемлекеттік университеті (ҚарМУ)



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет3/6
Дата06.05.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6

мемлекеттік университеті (ҚарМУ) 
  Академик 
Е.А.Бөкетов 
атындағы 
Қарағанды 
мемлекеттік  университеті  1972  жылы  педагогикалық 
институттың  негізінде  құрылды.  Университетті  ашу 
салтанаты педагогикалық  институттың /Ерубаев көшесі, 16 
үй/ акт залында өтті. Алғашқы ректоры болып Е.А.Бөкетов 
сайланды.  1972  жылдын  бірінші  қыркүйегінде  университет 
жоспарлары мен бағдарламалары жөніндегі алғашқы жұмыс 
күні басталды. 
Сол  жылы  жаңа  білім  ұясының  күндізгі  бөліміне  625 
студент,  ал  сырттай  бөліміне  375  студент  оқуға 
қабылданды. Өткен күнге көз жіберіп, уақыт елегінен өткізу 
көңілге  үлкен  тебіреніс  әкелері  сөзсіз.  Білім  ұясындағы 
алғашқы  жылдарда  қиындықтар  да,  күрделіліктер  де 
кездесті. Университеттегі алғашқы оқу жылында мұнда 280 
оқытушы еңбек етті, олардың арасыда 82 ғылым кандидаты, 
төрт  доктор  болды.  Болашақ  мамандарға  терең  де  сапалы 
білім  беру  жолында  көпшілікке  аты  жақсы  таныс 
Т.Әбдіразақов, 
Г.Мейрамов, 
Қ.Жуасов, 
А.Игіліков, 
Т.Қамзабаев, Д.Шаймұқанов, сияқты педагог ұтаздар үлкен 
еңбек  сіңірді,  жоғары  жауапкершілік  танытты.  Өткен  отыз 

 
40 
бес 
жыл 
уақыт 
ішінде 
Қарағанды 
университеті 
республикадағы  ірі  жоғары  оқу  орындарының  біріне 
айналды.  Мұнда  жоғарғы  білім  алушы  студенттер  қатары 
өткен  уақытпен  салыстырғанда  екі  есеге  дейін  өсті.  1997 
жылы  университетке  Қарағанды  педагогикалық  институты 
қосылды.  Бұл  да  ірі  оқу  орны  болатын.  Педагогика 
институтында 8 факультет бар еді, оларды ірілендіріп, төрт 
факультет  құрды.  Ендігі  жерде  Қарағанды  университетінің 
14  факультетінде  109  мамандық  бойынша  жоғары  білімді 
мамандар  даярлайды.  Ал  мамандықтар  ішінде  мамандану 
түрлері  одан  да  көп.  Жекелеп  айтқанда:  математика 
факультетінде 
қолданбалы 
математика, 
физика 
факультетінде 
жылу 
физикасы 
мен 
электроника, 
интроскопияның физикалық тәсілдері мен аспаптары, химия 
факультетінде  өнеркәсіп  экологиясы  деген  мамандықтар 
бар,  биология  факультетінде  биология  мен  географиядан 
басқа  экология  мамандығы  ашылды.  Философия  және 
психология  факультеттерінде  философия,  саясаттану, 
әлеуметтану, психология мамандықтары бар. 
Әдістемелік-оқу 
және 
ғылыми-зерттеу 
шығармашылығымен 
айналысатын 
1000–нан 
астам 
оқытушылар, жұмыс істейді. Оның ішінде 400–ден астамы - 
ғылым докторлары мен кандидатары.  
Қазіргі  уақытта  ҚР  білім  және  ғылым  министрлігінің 
арнайы  қаулысымен  ҚарМУ  аккредитациялық  шаралар 
жөнінде әдістемелік құралдар әзірлейтін еліміздегі кешенді 
жоғары  оқу  орны  болып  бекітілді.  2005  жылдың  16 
қыркүйегінде 
Е.А.Бөкетов 
атындағы 
ҚарМУ 
Ұлы 
Хартияның толық құқылы мүшесі атанды. ҚарМУ-дың Ұлы 
Хартияның  құрамына  енуі  университет  дамуының  барлық 
деңгейі мен бағыттарында жүргізіле бастаған инновациялық 
үрдістің  игі  жалғасы  болып  табылады.  Сонымен  бірге 

 
41 
отандық білім беру жүйесіне халықаралық сапа стандартын 
енгізу бойынша жүктелген міндеттеме ретінде саналады. 
 
 
 
ҚарМУ-дің сыртқы көрінісі 
 
 
Қарағанды мемлекеттік Медицина Академиясы 
(ҚММА)
 
 
Қарағанды  мемлекеттік  Медицина  институты  1950 
жылы  құрылды.  Тұңғыш  сабақ  емдеу  факультетінің  екі 
курсында  өткізілді.  1959  жылы  санитарлық-гигиеналық 
факультет  ашылды.  Ал  1960  жылы  педиатрия  факультеті 
жұмысын бастады. Кейін стоматология факультеті ашылды. 
Институтқа  1961  жылы  I  категория  берілді.  Негізінен  1988 
жылға  дейін  медицина  институты  18  мыңнан  астам  маман 
даярлады.  Оның  жанында  адам  анатомиясы,  гистология, 
хирургия, терапия, т.б. мамандықтар бойынша аспирантура 
бар. 
Оқу  орнында  ұстаздық  еткен  азаматтардың  көпшілігі 
Мәскеуден  және  КСРО-ның  өзге  қалаларынан  жер 

 
42 
аударылып  келген  кеңес  медицинасының  көрнекті  өкілдері 
болатын.  Солардың  арқасында  отандық  медицинаның 
ғылыми  негізі  қаланып,  дәрігер  кадрларын  дайындаудың 
тамаша  үрдістері  қалыптасты,  технологиясы  жасалды.  Бұл 
орайда  профессорлар  Н.Альбертон,  Ю.Беляев,  А.Брофман, 
Н.Шрайбер,  А.Штейнберг  және  тағы  басқа  ғалымдардың 
еңбегі зор.  
Уақыт  өткен  сайын  институт  керегесі  кеңи  түсіп, 
материалдық  базасы  нығайды.  Алғашқыда  бір  ғана 
факультет,  жүз  студент,  23  оқытушы,  11  кафедра  ғана 
негізін  құраған  институтта  келе-келе  факультеттер  саны 
жетеуге  жетіп,  жарты  ғасырға  жуық  уақыт  ішінде  60 
мыңдай  білікті  мамандар  түлеп  ұшқан.  Ғылыми  ізденіс, 
шығармашылық 
жұмысқа 
өріс 
ашылды. 
Институт 
құрылғаннан соң ізінше ашылған аспирантура, клиникалық 
ординатура  ұлағатты  ұстаздар  ізбасарларының  көбеюіне 
мүмкіндік  туғызды.  1961  жылы  институт  Республика 
көлеміндегі кәсіби деңгейі жоғары дәрігерлер дайындайтын 
бірінші  дәрежелі  оқу  орны  мәртебесін  алды.  Санитарлық-
гигиена,  стоматология,  орта  буын  медицина  мамандарын 
дайындайтын  факультеттер  ашылып,  соған  орай  көптеген 
кафедралардың  тұсауы  кесілді.  1989  жылы  институтта 
Шығыс бөлімі ашылып, онда тұңғыш рет қазақ жастары ана 
тілінде дәріс ала бастады. Қазіргі таңда институтты қазақша 
оқып, бітірген 822 маман республиканың түкпір-түкпірінде 
қызмет етуде. 
1992  жылдан  бастап  оқу  орны  өз  қабырғасында 
шетелдік  жастарды  оқыта  бастады.  Академия  дипломын 
алған  шетелдіктердің  қатары  бүгінде  58-ге  жетіп  отыр. 
Емдеу, 
педиатрия 
және 
санитарлық-гигиена 
факультеттеріне  ортақ  білім  беру  сатысы  ролін  атқаратын 
жалпы  медициналық  факультет  ашылды.  1992  жылы 

 
43 
Орталық  Азияда  бірінші  болып,  ТМД  көлемінде  үшінші 
болып  оқу  орнында  медициналық-биология  факультеті 
ашылды. 
1997 жылы оқу орны Қарағанды мемлекеттік медицина 
академиясы  болып  қайта  құрылыды.  Академияның 
құрамына  Көкшетау,  Жезқазған,  Қарағанды  колледждері 
енген.  Сондай-ақ  оның  өз  гимназиясы  да  бар.  Облыстық 
әкімшілік  №1  қалалық  аурухананы  да  академияға  берген. 
Қазір  мұнда  бес  факультетте  27  кафедра  жұмыс  істейді. 
Академия ғалымдары кейінгі кезде «Орталық Қазақстанның 
экологиясы  мен  халқының  денсаулығы»  деген  үлкен 
ғылыми 
тақырыппен 
айналысып 
жүр. 
Компьютерлендірілген  кластар,  профилакторийлар,  спорт, 
демалыс  базалары  студенттердің  жан-жақты  маман  болып 
шығуына,  жақсы  тынығып,  демалуларына  да  мүмкіндік 
береді.  
 
 
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті 
(ҚарМТУ) 
 
Қарағанды  мемлекеттік  техникалық  университеті 
инженер  кадрлар  даярлау  жөнінде  Қазақстан  мен  ТМД 
елдеріндегі  аса  ірі  жоғары  оқу  орнының  бірінен  саналады. 
Ол  Қарағанды  кенішін  игеру  жұмысы  өте  жоғары  қарқын 
алған  кезеңде  1953  жылы  әуелінде  кен  институты  болып 
құрылған  болатын.  Әуел  баста  институтқа  «Пайдалы  қазба 
орындарын  ұқсату»  және  «Кен  электромеханикасы» 
мамандықтары  бойынша  200  студент  қабылданды.  1955-
1956  жылдары  институттың  үлкен  комплексінің  құрылысы 
басталды.  Өнеркәсіп  пен  құрылыстың  талаптарын  орындау 
мақсатында институтта жаңа мамандықтар ашыла бастады. 

 
44 
Сөйтіп,  «Жер  асты  құрылыстарын  салу»,  «Өнеркәсіп 
және  азаматтық  құрылыс»,  «Кен  машиналары  мен 
комплекстері»  мамандықтары,  бірқатар  экономикалық 
мамандықтар  ашылды.  1958  жылы  политехникалық 
институт  болып  қайта  құрылды.  Халық  шаруашылығына 
инженер  кадрларын  даярлауда  және  ғылыми  зерттеулерде 
жеткен  табыстары  үшін  Қазақстан  Компартиясы  Орталық 
Президиумының 1976 жылғы 18 ақпандағы Указы бойынша 
институт  Еңбек  Қызыл  Ту  орденімен  марапатталды.  Сол 
жылы  бесжылдықтың  тапсырмаларын  орындауда  жеткен 
табыстары  үшін  СССР  Жоғарғы  Советі  Президиумы  мен 
Министрлер Советінің қаулысы бойынша институт Құрмет 
дипломымен марапатталып, Қазақ ССР-ның Алтын Құрмет 
кітабына жазылды.   Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 
1996 
жылғы 

мамырдағы 
№573 
қаулысымен 
политехникалық 
институт 
Қарағанды 
мемлекеттік 
техникалық 
университеті 
(ҚарМТУ) 
болып 
қайта 
ұйымдастырылды. 
Қарағанды  мемлекеттік  техникалық  университетінде 
еңбек  ететін  профессор-оқытушылар  құрамының  50 
пайызының  ғылыми  дәрежесі  мен  атағы  бар,  соның  ішінде 
42  ғылым  докторы,  Қазақстан  Республикасы  Ғылым 
академиясының, 
халықаралық 
ақпараттандыру 
академиясының,  халықаралық  экология  және  қауіпсіз  өмір 
сүру 
академиясының 
30 
академигі 
мен 
мүше-
корреспонденті,  200-ден  аса  ғылым  кандидаттары, 
доценттер. 
Қазір 
Орталық 
Қазақстан 
аумағында 
жоғары 
техникалық білім беретін төрт оқу орны шоғырланған. Олар 
ҚарМТУ-мен  бірге  Қарағанды  металлургия  институты, 
Жезқазған  университеті,  Систематика  және  бизнес 
институты.  Бұларда  65  техникалық  мамандық  бойынша 

 
45 
инженерлер  даярланады.  Соның  ішінде  Қарағанды 
мемлекеттік  техникалық  университет  50  мамандық  түріне 
баулиды. Солардың ішінде экономиканың негізгі буындары, 
кен  ісі,  машина  жасау,  көлік,  құрылыс,  геология, 
автоматтандыру,  ақпараттық  технология  тәрізді  салаларға 
мамандар  даярлайды.  ҚарМТУ-дың  білім  беру  құрамына 
балалардың  «Байт»  компьютер  мектебі,  дарынды  балалар 
үшін  «Мұрагер»  мектеп-интернаты,  техникалық  лицей, 
ақпараттық технология және бизнес колледжі, орта мектеп, 
лицей,  гимназия  және  колледж  бітірушілерге  арналған 
жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті, сондай-ақ 
он  бірінші  сынып  оқушыларына  арналған  жексенбілік 
бастауыш  инженерлік  мектеп  жұмыс  істейді.  Оларға 
инженерлік білім алуға ниет білдірген әр жас еш кедергісіз 
қабылданады. 
 
 
ҚарМТУ-дің сыртқы көрінісі 
 

 
46 
Қазақ тұтынушылар одағы Қарағанды  
экономикалық университеті (ҚЭУ) 
 
Қарағанды кооператив институты 1966 жылы құрылған 
және республика тұтыну кооперациясы жүйелі жоғарғы оқу 
орны  болып  табылатын.  Бастапқыда  ол  облыстық  партия 
мектебі  үйінде  орналасқан.  Онда  небәрі  екі  лекциялық  зал 
мен  22  оқу  дәрісханалары  болған.  Студенттер  бір 
жатақханада  тұрған.  Тек  1979  жылы  жаңа  корпус  салынып 
бітіп,  1982  жылы  студенттер  қалашығы  қазіргі  кейіпке 
көшті.  
Институт  алғашқыда  тұтыну  кооперациясы  мен 
мемлекеттік  сауда  үшін  250  экономист  және  бухгалтер 
мамандарын әзірлесе, кейінгі кезде бес мамандық бойынша 
кадрлар  дайындаған.  Мұнда  оқытудың  барлық  формалары 
бойынша үш мыңға тарта студент оқиды. 
Ал  1996-1997  оқу  жылында  «Товартану  және  тұтыну 
товарларының  саласын  сараптау»,  «Стандарттау  және 
сертификациялау»  мамандықтарына  мамандар  даярлай 
бастады.  
1991  жылдан  бастап  Қазақ  тұтыну  кооперациясы 
институты  деп  аталған.  Республикада  жоғарғы  оқу 
орындары  арасында  институт  бірінші  болып  нарық 
қатынастарына 
көшіп, 
сол 
1991 
жылдың 
өзінде 
шаруашылық есеппен өзін-өзі қаржыландырудың жекелеген 
элементтерін  енгізе  бастаған.  Қазір  ол  толық  осы  әдіспен 
жұмыс  істейді.  Қазақ  тұтынушылар  одағының  1995  жылғы 
5  қазандағы  қаулысымен  оған  қаржы-шаруашылық 
дербестігі  берілді.  Студенттер  күндізгі  және  сырттай  оқуға 
тек  ақылы  негізде  ғана  қабылданып,  оқыту  шығындарын 
толық  төлейді.  Мұның  өзі  профессор-оқытушылар 
құрамының  еңбегін  ынталандыру  және  институттың 

 
47 
материалдық-техникалық  базасын  нығайту,  сабақ  сапасын 
арттыру  үшін  белгілі  бір  жағдайлар  жасауға  мүмкіндік 
туғызды. 
1993  жылдың  шілде  айында  Ғылыми  кеңесте 
қабылданған  кооперативтік  білім  беру  тұжырымдамасына 
сәйкес  институт  көп  деңгейлі  құрылымға  көшірілді.  Ол 
бастауыш,  орталау  және  негізгі  жоғары  білім  беру  болып 
үшке  бөлінеді.  Осынау  жүйені  іске  асыру  үшін 
экономикалық  колледж  ашты.  1997  жылы  бұынғы  Қазақ 
тұтыну  кооперация  институты  Қарағанды  экономикалық 
университеті болып құрылды.  
Қазір  университет  негізінен  басты-басты  11  мамандық 
бойынша  білім  береді.  Ал  осылар  өз  кезінде  сала-сала 
бойынша  17  қосалқы  мамандықтарға  бөлшектенеді.  Өмір 
талабына  сәйкес  университетте  экономика  және  басқару, 
есеп-қаржы  және  бизнес  пен  құқық  факультеттеріне  қоса 
біліктілікті арттыру және педагогика факультеттері ашты.  
 
 
 
ҚЭУ-дің сыртқы көрінісі 

 
48 

 
Техника және жаратылыстану ғылымдары
 
 
1952  ж.  Қарағанды  ғылыми-зерттеу  көмір  институты 
(ҚҒЗКИ)  құрылды.  Оның  басты  міндеті  алдағы  уақытта 
өндіріс  технологиясы  мен  механизациялауды  жақсарту, 
жұмыс жүріп жатқан шахталарда жаңа технологиялық және 
өндірістік  процестерді  игеру  және  бұған  қатысты 
мәселелерді  уақытында  толық  шешу,  жаңа  техниканы 
неғұрлым  тиімді  пайдалану  болды.  1953  ж.  ҚҒЗКИ-ға 
механизациялау  құралдарын  жасап  шығаратын,  тазарту 
және  дайындық  жұмыстарын,  сондай-ақ  кауіпсіздік  пен 
жұмыс 
жағдайларын 
жақсарту 
жөніндегі 
арнайы 
конструкторлық-тәжірибе  бюросы  (КСРО  Мемлекеттік 
сыйлығының  лауреаты  С.С.Макаровтың  басқаруымен) 
берілді.  1972  ж.  ҚҒЗКИ  мен  жергілікті  филиалдардың 
бірігуінің негізінде тұтасып жатқан қалың көмір қабаттарын 
қазу 
және 
байыту 
процесінің 
технологиясы  мен 
механизациялауды  жүзеге  асыруда  басты  сала  болып 
табылатын 
Бүкілодақтық 
ғылыми-зерттеу 
және 
конструкторлық-жобалау 
көмір 
институты 
құрылды. 
Институттың  өңдеу  жұмыстарын  енгізу  лаваның  қуатын, 
дайындық  жұмыстарының  қарқынын  күшейтуге,  көмірді 
өңдеу  кезінде  концентраттың  шығымын  арттыруға 
мүмкіндік  берді.  КШЭ  комбайны,  4  КМГЗ  гидротөсем 
кешені,  сыртқа  тасымал  жұмысы  бекітпелері  (КВР),  беткі 
топырақ  тасымалы  құрылғылары  (НТУ),  адамдар  мен 
жүктерді  таситын  құрылғы  (УДЛГ),  кенді  тазартқыштар 
(ОУ-1), 
скважиналардың 
дұрыстығын 
қадағалайтын 
құрылғы  (ИКСЕ-55)  және  т.б.  әзірленіп,  жаппай  жасап 
шығаруға 
дейін 
жеткізілді. 
Қиын 
жұмыстар 
механизациясының  мәселелерін  шешу,  құрудың  жаңа 

 
49 
жүйелерін  пайдаланатын  техниканы  жасап  шығару  үшін 
1958  ж.  Қарағанды  ғылыми-зерттеу  конструкторлық-
жобалау  және  тәжірибелік  Гипроуглегормаш  институты 
құрылды.  Осы  институттың  ғалымдары  проходкада 
пайдаланатын  «Қарағанды  —  7/15»  атты  комбайн  жасап 
шығарып,  оны  өнеркәсіптік  өндіріске  енгізді.  Соның 
көмегімен проходка қазу бойынша бассейнде 2 рет әлемдік 
рекорд  жасалынды.  Бұл  комбайнды  құруға  ат  салысқан 
авторларға  (Б.А.Бреннер,  Г.К.Қосжанов,  А.Н.Шманев, 
Н.П.Юдин)  1967  ж.  КСРО  Мемлекеттік  сыйлығы  берілді. 
ҚазКСР  Министрлер  Кабинетінің  «Жер  қойнауын  кешенді 
игеру  мәселелерін  ұйымдастыратын  институт»  жөнінде  13 
қыркүйек 
1991 
жылғы 
№530 
қаулысы 
бойынша 
Қ.И.Сәтбаев  атындағы  ҚазКСР  ҒА  Геология  ғылымдары 
институты,  ҚазКСР  ҒА  Тау-кен  институты,  ҚазКСР  ҒА 
Математика  және  механика  институты  негізінде  «Жер 
қойнауын  кешенді  игеру  институты»  құрылды.  Оның 
құрамына  пайдалы  қазбаларды  байыту  зертханасы,  газ-
көмір  табиғи  көздерін  жер  асты  өңдеу  лабораториясы, 
қосылыс  құрамы  мен  табиғи  және  техногенді  рудаларды 
байыту  лабораториясы,  «Анкерлі  бекіту»  тобы  енді. 
Ғылыми жұмыстардың басты бағыттары: пайдалы қазбалар 
кен  орындарын  кешенді  зерттеу,  руда  және  көмір  кен 
орындарын 
жан-жақты 
игеруде 
дәстүрлі 
емес 
технологиялық әдістерді құру, теориялық тұрғыда негіздеу, 
минералды  шикізат  және  энергетикалық  ресурстарды 
үнемдеу, тау-кен өндірісіне жан-жақты болжау жасау.  
Орталық  Қазақстанда  Қазақстан  және  ТМД  елдерінің 
ең  ірі  оқу  орындарының  бірі  Қарағанды  мемлекеттік 
техникалық  университеті  техникалық  кадрлар  дайындау 
орталығы  және  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  нәтижесі 
бойынша  республикамыздың  басты  оқу  орындарының 

 
50 
қатарына 
жатады. 
Университет 
ғалымдарының 
зерттеулерінде  (академик  Ә.Сағынов,  проф.  М.Ә.  Ермеков, 
Г.Г.Пивень,  С.С.Жетесов  және  т.б.)  ғалымдар  ұжымының 
қатысуымен бірнеше ірі бұрыннан келе жатқан бағыттармен 
қатар  гидрокөлемді  импульсты  жүйелердің  жалпы 
теориясын  құру,  тиімділігі  өте  жоғары  тау-кен  көлігі 
жүйелерін  құрудың  теориялық  зерттеулерін  жинақтап 
қорытындылау, қатты дененің бір бағытта деформациялану 
теориясын  терендету,  программалау  және  мониторингті 
оптимизациялаудың  компьютерлі  технологияларын  құру 
сияқты  нарық  талабы  ұсынып  отырған  күрделі  мәселелер 
орын алады. 
 

Химия және металлургия ғылымдары 
 
Жылдам  дамып  келе  жатқан  химия  және  металлургия 
өндіріс  салаларына  кең  көлемде  ғылыми  көмек  көрсету 
үшін  1958  ж.  Қарағанды  қаласында  ҚазКСР  ҒА  химия 
метталлургия  институты  құрылды.  Институттың  негізгі 
ғылыми-зерттеу  бағыты  Қазақстанның  темір  рудалы  және 
ферробалқыма  шикізаттарын  кешенді  пайдалану  болып 
табылады. Оның құрамына республиканың марганецті және 
қоңыр темір тасты рудаларды металлургиялық қайта өңдеу 
технологияларының 
негізін 
жасап 
шығару 
кіреді. 
Қазақстандағы  негізгі  темір  рудалы  кен  орындардың 
концентраттары  мен  руданың  металлургиялық  қасиеттері 
зерттеліп,  оларды  тиімді  пайдаланудың  ұсыныстары 
берілді. 
«Лисаковскінің 
фосфорлы 
кен 
рудасын 
металлургиялық  қайта  өңдеу»  бағдарламасын  жүзеге 
асыруда  республиканың  ең  ірі  институтынан  басқа  20-дан 
астам ғылыми-зерттеу және жобалау институттары, жоғары 

 
51 
оқу  орындары  (ЖОО)  және  өнеркәсіп  кәсіпорындары 
қатысты.  Зерттеулер  металлургия  технологиясын  құру, 
сонымен  қатар  кен  шикізатын  қалпына  келтіретін  жоғары 
қуатты  өлшемдегі  реагенттерді  алу,  әрі  пайдалану,  сусыма 
материалдардың  жылжу  процесін  және  металлургиялық 
отынның  жануын  тездету  мәселелерін  де  қамтыды. 
Институт  ғалымдарымен  жасалып  шығарылған  Лисаковск 
рудаларын кешенді өндеудің жаңа технологиясы Қарағанды 
металлургия  комбинатына  енгізілді,  ал  авторлар  ұжымына 
(М.Ақбиев,  В.В.Бургов,  В.В.Емушинцев,  В.А.Мирко, 
Г.Л.Цимбал және т.б.) 1984 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы 
берілді.  Институтта  өндірілген  полиметалды  руданы 
өңдеудің  жаңа  қалдықсыз  технологиясының  отандық  және 
шетелдік  тәжірибеде  аналогы  жоқ.  Институт  ғалымдары  
жоғарыкремниилі  руданы  (жезқазған,  қарағайлы  рудалары 
және  т.б.)  автоклавты  байыту  технологиясын  ұсынды.  Осы 
технология  бойынша  АҚШ,  Канада,  Австрия,  Швеция 
елдерінен  16  патент  алынды.  1978  жылдан  бастап 
Лисаковск  темір  рудаларын  кешенді  өңдеу  бойынша 
институтта 
екі 
республикалық 
конференция, 
жану 
электрофизикасы  бойынша  8  бүкілодақтық  семинар, 
халькогендер 
және 
халькогенидтер 
химиясы 
мен 
технологиясы  бойынша  екі  бүкілодақтық  кеңес  өтті.  Оған 
еліміздің  көптеген  қалаларынан  ірі  ғалымдар,  оның  ішінде 
А.В.Новоселова,  В.И.Спицын сынды академиктер катысты. 
 
ҚР  Министрлер  Кабинетінің  2000  ж.  20  қазандағы 
№1576 қаулысы бойынша Химия-металлургия институтына 
ҚР  ҰҒА-ның  корреспондент-мүшесі  Жантөре  Әбішевтің 
есімі берілді. Ж.Әбішев атындағы ХМИ әлемдік стандартқа 
сай жоғары сапалы өнім шығаратын жаңа технология және 
өндіріс  үшін  негіз  болды.  ХМИ  ғалымдарының  жүргізген 
зерттеулерінің 
арқасында 
ферросилико-алюминийді 

 
52 
рудатермиялық  пештерде  алу  процесі  барлық  жағынан 
түбірімен  қайта  қаралды,  бұл  Екібастұздағы  арзан 
техногендік қалдықтардан тікелей карботермиялық тәсілмен 
руда-термиялық пештерде өндірістік ауқымда ферросилико-
алюминийлі  әлемдік  металлургиялық  тәжірибиеде  алғаш 
рет  қолданылып,  іске  косуға  мүмкіндік  берді  (Екібастұз 
бассейнінің  көмірлі  рудалары).  Жауапкершілігі  шектеулі 
серіктестік  Ғылыми  өңдірістік  кешен  «Күкірт  қышқылы» 
(«Майқұдық  өнеркәсіптік  аймағы»)  базасында  «таза», 
«химиялық  таза»,  «аккумуляторлық»,  күкірт  қышқылы 
маркаларын  алуға  мүмкіндік  беретін  өндіріс  жұмыс 
жасайды.  Жоғарыда  аталған  жұмыстары  үшін  2001  ж.  ҚР 
Минералды  шикізат  кешенді  өңдеу  Ұлттық  орталығының 
және 
Ж.Әбішев 
атындағы 
Химия-металлургия 
институтының 
ғалымдар 
ұжымы 
(Ж.Н.Әбішев, 
А.А.Жәрменов, 
С.О.Байсанов, 
М.Ж.Толымбеков, 
С.Е.Дүйсембаева,  Б.П.Хасен)  ҚР  Мемлекеттік  сыйлығын 
иеленді.  Институт  ғалымдарымен  боры  бар  флюстер 
қолдану  арқылы  төменкөміртекті  феррохромның  өздігінен 
шашылатын  қоқырларын  тығыз  кесекті  материал  түрінде 
алу  және  оны  құрылыс  қиыршықтасы  ретінде  пайдалану 
мәселесі  шешілді.  Ақтөбе  зауытында  арнайы  қиыршықтас 
өңдеп  шығаратын  арнайы  учаскесі  ұйымдастырылды. 
Қазіргі кезде Ақтөбеде 150 000 тонна, Челябинскіде 60 000 
тонна  қиыршықтас  шығарылуда.  Сонымен  қоса,  қоқырды 
магнитті сұрыптау арқылы бұрын қалдықтармен жоғалатын 
металдың 
20-30%-ы 
бөлініп 
алынады. 
Институтта 
металдардың  өзіндік  құнын  төмендету  және  сапасын 
жақсарту  үшін  зерттеулер  жүргізілді  және  Шұбаркөл 
разрезінің  тас  көмірі  негізінде  тиімділігі  жоғары 
металлургиялық  отын  өндіру  технологиясы  әзірленіп, 
сапалы  тотықсыздандырғыш  (арнайы  коксты)  алудың 

 
53 
мүмкіндігі  анықталды.  «Спецкокстрой»  ЖШС  өңдірістік 
жағдайларда 
термототықтыру 
арқылы 
кокстеу 
технологиясы 
жетілдірілді. 
Жалпы 
«Қазақстан 
ферроқорытпалары  сапасының  бәсекелестік  қабілеті  мен 
әлемдік  деңгейін  қамтамасыз  ететін  арнайы  мақсаттағы 
материалдар:  флюстердің  және  арнайы  кокстың  жаңа 
түрлері 
технологияларын 
әзірлеу 
және 
өндірісін 
ұйымдастыру»  атты  еңбегі,  ғылым,  техника  мен  білім 
саласына қосқан үлестері үшін институттың А.А.Ақбердин, 
А.С.Ким,  В.А.Ким,  К.З.Сәрекенов  сияқты  ғалымдары  2003 
ж.  ҚР  Мемлекеттік  сыйлығын  иеленді.  Институт 
ғалымдарының  іргелі  зерттеулері  қатты,  сұйық,  газ  тектес 
күйдегі  бейтарап  бөлшектердің  біркелкі  теориясын  жасап, 
оларды  технологияны жетілдіруді  қолдануға,  қара  мыс  пен 
мыс  катанкасы  сапасын  арттыруға  мүмкіндік  берді. 
Бейтарап  бөлшектер  теориясы  көмегімен  пластикалық 
деформацияға келтіретін пайдалы қуаттық шығындар алғаш 
рет  есептелді.  «КАЗКАТ»  зауытындағы  экономикалық 
қарқын  мыс  катанканың  температурасын  бақылауды 
енгізуден,  оның  сапасы  мен  өндіріс  көлемін  арттырудан 
жылына 892,9 млн теңге табыс тапты, сонымен бірге зауыт 
EN ISO 9001: 2000 халықаралық сертификатын алды. Еңбек 
авторлары  В.П.Малышев,  Н.С.Бектұрғанов,  Т.Сүлейменов, 
А.М.Нұрмағамбетовалар 
2005 
ж. 
ҚР 
Мемлекеттік 
сыйлығына  ие  болды.  Сондай-ақ,  Қазақстанда  әлемдік 
жоғары  технологиялық  нарығында  тұрақты  изотоптар 
шығаруды  қамтамасыз  ететін  жұмыстар  кешені  үшін 
«Қазқараметавтоматика»  АҚ  директоры  Т.Намазбаев  пен 
осы  мекеменің  бұрынғы  директоры  Д.Мұқанов  та  ҚР 
Мемлекеттік сыйлығын иеленді (2005). 

 
54 
Орталық  Қазақстан  химия  ғылымының  дамуы  мен 
ғалымдарын  даярлауға  Е.А.Бөкетов  атындағы  ҚарМУ-дың 
химия факультеті ерекше үлес қосып келеді. 
О.Ш.Құрманалиев, 
М.Ш.Шәріпов, 
М.И.Жәмбеков, 
Е.К.Гафуров, 
А.В.Казанцев, 
А.С.Масалимов, 
К.А.Аяпбергенов,  М.З.Угорец,  М.И.Бакеев,  М.Ж.Бүркеев, 
М.И.Байкенов, 
А.Д.Кагарлицкий, 
Б.Ф.Минаев, 
Ш.К.Әмірханова  негізін  қалаған  факультеттің  ғылыми 
мектебі жыл сайын мемлекеттік тапсырыс шеңберіңде іргелі 
және қолданбалы зерттеулер жүргізуде.  
Химия-металлургия 
институтының 
органикалық 
профилінің  лабораториясы  негізінде  1983  ж.  Қарағанды 
қаласында  Органикалық  синтез  және  көмір  химиясы 
институты  ашылды.  Оның  ғылыми  бағыттары:  жаңа 
мономерлерді,  беттік  белсенді  заттарды  және  хош  иісті 
заттарды  синтездеу  мақсатымен  ацетилен  мен  оның 
туындыларының айналымдарын зерттеу; химиялық өнімдер 
алу  үшін  көміртегі  оксиді  мен  коксохимия  өнімдерінің 
айналымдарын  зерттеу;  гетерофункционалды  органикалық 
қосылыстардың  тотығу,  гидролиздену,  тотықсыздану  жаңа 
электрокаталитикалық  және  каталитикалық  реакцияларын 
зерттеу;  Орталық  Қазақстанның  өсімдік  шикізат  құрамын 
зерттеу  негізінде  қоршаған  ортаға  зиянсыз  жаңа 
пестицидтерді жарату.  
Сонымен 
қатар 
ҚР 
ҰҒА 
академигі 
З.М. 
Молдахметовтың  ғылыми  мектебімен  атқарылып  отырған 
органикалық 
қосылыстардың 
құрылысын 
теориялық 
зерттеу  жұмыстары  кең  ауқымда  белгілі  екенін  атап  өту 
керек.  «Қазақстанның  табиғи  шикізатының  негізінде  жаңа 
технологиялық  белсенді  заттарды,  металл  қосындыларын 
және  олардың  ультрадисперсті  ұнтақтарын  алудың  электр 
химиялық  әдістері  мен  технологиялары»  жұмысы  үшін 

 
55 
институт  ғалымдары  А.М.Ғазалиев,  С.Д.Фазылов  2003  ж. 
ҚР Мемлекеттік сыйлығына ие болды. 
ҚР  білім  және  ғылым  министрлігінің  фитохимия 
институты 
Қазақстан 
Республикасы 
Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың 
жеке 
қамқорлығымен 
Қазақстан 
Республикасы  Министрлер  Кабинетінің  07.04.1995  жылғы 
№430 
қаулысына 
сәйкес 
Қарағанды 
қаласында 
ұйымдастырылған.  Қазіргі  кезде  өсімдік  шикізатын 
фитохимиялық  зерттеу  және  оның  негізінде  дәрі-дәрмек 
жасау  саласында  фитохимия  институты  республикадағы 
жетекші  ғылыми  орталықтардың  бірі  болып  табылады. 
Аталған  ірі  ғылыми-өндірістік  орталықтың  құрамына 
химиялық,  фармакологиялық,  биологиялық  бағыттағы  16 
ғылыми-зерттеу зертханасы, ауданы 44 га ботаникалық бақ, 
дәрілік  өсімдіктердің  тұқымын  өсіретін  питомник,  ауданы 
1570  гектардан  астам  тауарлық  дәрілік  шикізаттық 
тәжірибелік  шаруашылығы  және  тәжірибелік  фармацевтік 
өндіріс  енеді.  Институтты  ҚР  ҰҒА  академигі,  химия 
ғылымдарының 
докторы, 
профессор 
С.М.Әдекенов 
басқарады. 
Іргелі 
зерттеулер 
жүргізу 
барысында 
Қазақстаңда  өсетін  өсімдіктердің  494  түрін  зерттеген 
институт олардың ішінен 1000-нан аса қосылыстарды бөліп 
алып,  идентифицирлеген.  Алынған  табиғи  қосылыстардың 
негізіңде 
терпеноидтар, 
флавоноидтар, 
алколоидтар, 
эвдистероидтардың  600-ден  астам  жаңа  туындылары 
синтезделді.  Биологиялық  белсенді  қосылыстар  үшін 
орталықтандырылған 
сақтауды 
қалыптастыру 
және 
бірыңғай  жалпы  мемлекетгік  есеп  жүргізу  мақсатымен, 
сондай-ақ ҚР ғалымдарының санаткерлік меншігін ҚР БҒМ 
Фитохимия  институты  негізінде  қорғау  мақсатымен 
биологиялық белсенді қосылыстардың Республикалық банкі 
құрылды.  3060  биологиялық  белсенді  қосылыстардың 

 
56 
мәліметтер  базасы  құрылып,  өсімдік  тектес  дәрілік 
заттардың  стандартгы  үлгілерінің  банкі  қалыптасқан. 
Фитохимия  институтының  ғылыми-зерттеулері  арнайы 
бағдарлама  негізінде  жүргізіледі.  Бұл  бағдарлама  бойынша 
дәрілік шикізаттарды өсіру биологиялық белсенді заттарды 
таба 
білуден 
қолданысқа, 
яғни 
өндіріске, 
фитопрепараттардың  дайын  дәрілік  формасын  жасауға 
дейінгі  іргелі  зерттеулердің  кешенді  көпаспектілі  жобасы 
іске  асырылды.  Осының  нәтижесінде  өсімдік  шикізатынан 
40-тан  астам  отандық  жаңа  дәрілік  препараттар  жасалды.  
Сесквитерпендік  лактон  негізінде  жусан  өсімдігінен  ісікке 
қарсы  жаңа  отандық  «Арглабин»  дәрісін  әзірлеу 
институттың  ірі  жетістігі  болып  табылады.  Бұл  дәрі 
Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан Республикаларында 
ресми  тіркелген  және  қазіргі  уақытта  Ресей  Федерациясы 
мен Украинада тіркеуден өтуде. «Арглабин» дәрісі әлемнің 
11  елінде,  оның  ішінде  Жапонияда,  Қытайда,  АҚШ-та, 
Ұлыбританияда,  Германияда,  Швейцарияда,  Австрияда, 
Италияда,  Нидерландыда  және  Швецияда  патенттелген. 
Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 
жеке  тапсырмасы  бойынша  Қарағанды  қаласында  алғашқы 
ісікке  қарсы  отандық  «Арглабин»  дәрісінің  жылына  2 
миллион  ампуласын  шығаратын  Қарағанды  фармацевтік 
кешенінің бірінші кезегі іске қосылды. 

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Болашақ желтоқсан 2016 жыл
2017 -> Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң
2017 -> Мектепті сақтау – ауылды сақтау Намыс қайда? Шаңырақ
2017 -> «еуразиялық гендік қОР» ғылыми-өндірістік білім беру орталығы
2017 -> Еуропалық тұрғыдан көптілдік құзыреттілігін дамыту жолдары
2017 -> Қазақстандағы трансұлттық мультисауаттылық: ұрпақаралық оқыту
2017 -> Қараша 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Қыжыл баспасөЗ – 2017

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет