Міндеттердің бірі болып табылады



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет2/6
Дата06.05.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6

Қарағанды - әсем қала 
  
Әр  адамның  туып-өскен  жері  әсем  көркімен  ерекше 
әсер беріп тұрады. Туған өлкеміз Қарағандының зәулім биік 
үйлері,  аса  көркем  мәдени  ошақтары  мен  ғылымның 
тұңғиығына  баурап  тұратын  білім  ордалары,  жұпар  иісі 
аңқыған  саябақтары  қаламыздың  мәртебесін  көтеріп, 
жүрегімізде мақтаныш сезімін ұялатады. 
Көркіңде күн сәулелі арай бар ма, 
Шуақ боп қонған биік сарайларға. 
Қазынаң көмір деген өмір берген
Бақыт  пен  байлық  сыйлап  талайларға  -  деп  жерлесіміз 
Т.Бейсембек ақын жырлағандай, қаламыздың әсем көркі біз 
үшін  бақыт  пен  байлықтың  белгісі  болып  табылады. 
Сондықтан  әр  адам  күн  сайын  туған  қаласының  көркеюіне 
үлес  қосуы  тиіс.  Ол  көшелерде  тазалық  сақтаудан, 
көгалдандыру 
жұмысына 
қатынасудан, 
жасыл 
табиғатымызды  аялаудан  және  қаламыздың  ғажайып 
жерлерін құрметтеуден басталады. 
Күн  сайын  шырайланып  келе  жатқан  қаламыздың 
тамаша бейнесіне қарай отырып, жарқын болашағымыздың 
баяндылығын  елестетуге  болады.  Қаламыздың  барша 
әлемге  танымал  әсем  қала  болатынына  бүгінгі  таңдағы 
қарқынды құрылыс жұмыстары айқын дәлел бола алады. 
Құрметті  достым!  Сен  тұратын  қала  Қазақстандағы 
аса  көркем  қалалардың  қатарына  жатады.  Сондықтан  қала 
архитектурасы туралы берілген жалпы мағлұмат сенің туған 
өлкең туралы біліміңді молайтады.  
 
 
 
 

 
27 
 

 
Қала архитектурасы туралы жалпы мағлұмат 
 
Осы күнгі Қарағанды қаласы көмір бассейнінің орталық 
бөлігінде  орналасқан  бұрынғы  шахтерлер  кенттерінің 
орнына  салынды.  Аймақта  көмір  өнеркәсібінің  дамуы 
электрлендіру  ісінің  де  дамуын  қажет  еткендіктен,  тұңғыш 
энергетика 
кәсіпорны 
Нұра 
өзенінің 
аңғарында 
Қарағандының  солтүстік-шығысында  35  км  жерде, 
Самарқан кенті (қазіргі Теміртау) маңында салына бастады. 
Кейіннен  ол  Қарағанды,  Теміртау,  Саран,  Абай,  Шахтинск 
қалалары,  жұмысшы  кенттері  енетін  Қарағанды-Теміртау 
қала агломерациясының өзегіне, сондай-ақ өткен ғасырдың 
30-жылдары 
қалыптаса  бастаған  Қарағанды-Теміртау 
өнеркәсіпті ауданының орталығына айналды. 
1934-38  ж.ж.  «Мособлпроект»  мемлекеттік  жобалау 
институты  300  мың  тұрғынға  арналған  Жаңа  қала  салуды 
көздеген  бас  жоспарлар  жасаған  (арх.  А.Кузнецов, 
А.Карнаухов),  бірақ  оны  алғашқы  бесжылдықтардағы 
экономикалық  қиындықтарға  байланысты  жүзеге  асыру 
мүмкіндігі  болмады.  Ұлы  Отан  соғысының  аяқталу 
қарсаңында мұнда шахталар төңірегінде 30-ға тарта кенттер 
бой  көтерді.  Бұл  кезде  Қарағандыда  тұрғын  үй  қорының 
90%-ы  ағаштан,  шикі  кірпіштен,  шымнан  соғылған 
тұрмысқа жайсыз үйлерден тұратын. 
Үй-жайлардың террикониктермен қатар орналасуы 200 
мыңға  жуық  тұрғынды  орналастырудың  қалыптасқан 
жүйесін түбегейлі қайта құруға бағытталған қала құрылысы 
міндеттерін 
мейлінше 
тез 
шешуді 
қажет 
етті. 
50-жылдары  Қарағандыда  Жаңа  қаланың  қазіргі  замандық 
қоғамдық 
орталықтарының 
жүйесі, 
дамыған 
көлік 

 
28 
магистральдары  мен  көшелері  бар  солтүстік  бөлігі 
қалыптасып, 
әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық 
қызметтегі 
нысандар  пайда  болды.  Алайда  құрылыс  индустриясының 
нашар  дамуы  салдарынан  қаланың  өсу  қарқыны  халық 
санының шапшаң көбеюіне ілесе алмады. 
Тұрғын  үй  мәселесін  шешу  мақсатымен  көмірсіз 
аумақтарда  Жаңа  Тихоновка,  Майқұдық,  Федоровка 
кенттері, т. б. салынды. Қарағандыда 1959 ж. үй құрылысы 
комбинаты іске қосылып, 1960-1980 ж. азаматтық тұрғын үй 
құрылысы  индустриалдық  негізде  дамыды.  Жаңа  қала 
шапшаң  бой  көтеріп,  онда  көп  қабатты  жайлы  үйлері  бар 
тұрғын  аймақтар  пайда  болды.  1968  ж.  Қарағандыны  650-
700  мың  тұрғынға  арнап  дамытудың  жаңа  бас  жоспары 
бекітілді  (Орт.  ғылыми-зерттеу  институты,  Мәскеу  қ.,  арх. 
В.Шкварников, А.Хохлов). 
Ол  кезеңге  дейін  Қарағандының  аумақтық  дамуы 
мәселесінің  негізгі  қағидасы  –  жаппай  құрылыс  салуды 
темір  жол  бойымен  оңтүстік-шығысқа  қарай  көмірсіз 
аймаққа  орналастыру  болып  шешілген  еді.  Жаңа  бас 
жоспардың  негізгі  идеясы  —  тарихи  қалыптасқан  және 
абаттандырылған  Майқұдық,  Жаңа  қала,  Пришахтинск 
аудандарын  біріктіретін  біртұтас  қала  тұрғызу.  Қаланың 
архититектуралық  жобалық  құрылымына  9-12  қабатты 
үйлерден  тұратын  және  20-25  мың  халқы  бар  тұрғын 
аудандар негіз етіп алынды. 
1994  ж.  бас  жоспарға  түзетулер  енгізіліп,  Оңтүстік-
Шығыс  жоспарлық  ауданының  нақтылы  жоспарлану 
жобасы  жасалынды,  бірақ  ол  бекітілмеді.  2004  ж. 
қаласалушылық  жағдайлар,  ресурстық  мүмкіндіктері  мен 
оны  кезенді  іске  асыруды  кешенді  талдау  үшін  қаланың 
шаруашылық-экономикалық және аумақтық-қызметтік даму 
бағыттарын  анықтау  мақсатында  бас  жоспардың  бірінші 

 
29 
кезеңі  –  қаланың  ұзақ  мерзімдік  даму  тұжырымдамасы 
дайындалды. 
Қарағанды  қаласы  аумақтарына  құрылыс  салудың 
архитектуралық-жоспарлық  шешімдерінің  тұжырымдамасы 
бойынша  бекітілген  мерзімге  дейінгі  аралық  өсу  630  мың 
адам  деп  есептеліп,  дамудың  жайлы  жағдайында  2030 
жылға  қарай  қала  халқы  1,2  миллионға  дейін  өсуі 
межеленген.  Қазіргі  кезде  Қарағанды  қаласының  аумағы 
ескі  шекарасы  бойынша  58  мың  гектар  жерді  алып  жатыр. 
Азаматтық тұрғын үй құрылысы шапшаң жүргізіліп жатқан 
қаланың  Оңтүстік-Шығыс  аймағы  Қарағандының  осы 
заманғы орталығын қалыптастырды. Әзірше Қарағандының 
орталығы  Жаңа  қала  болып  отыр.  Мұнда  Үлкен  Бұқпа 
өзенінің қос қапталында орналасқан аумақта мәдениет және 
демалыс  саябағы  бар,  қаланың  басты  көшелері  —  Бұқар 
жырау,  Нүркен  Әбдіров  данғылдары,  Ленин,  Гоголь 
көшелері,  Бейбітшілік  бульвары.  Мұнда  әр  кезеңде 
салынған  үйлер  бірыңғай  архитектуралық-композициялық 
мақсатты көздеп тұрғызылған. 
Бұқар  жырау  даңғылы  мен  Әлиханов  көшесінің 
түйіскен  жерінде  қаланың  басты  әкімшілік  алаңы 
орналасқан.  Бас  алаңда  салынған  Одақтар  үйі  (1965)  мен 
ОртҚазгеология  ғимараттары  өзіндік  бір  монументті 
қақпаны - БЛКЖО-ның 30 жылдығы атындағы саябаққа кіре 
берісті  құрайды.  Әкімшілік  орталыққа  жапсарласа  сауда-
тұрмыс  орталығы  орын  тепкен.  Бұл  архитектуралық-
композициялық  шоғырда  «Қазақстан»  конақ  үйі  (1974), 
«Орбита»  мейрамханасы  (1973),  Орталық  әмбебап  дүкен 
(1973,  2005),  Тұрмыстық  қызмет  үйі  (1981),  «Абзал»  сауда 
үйі  (2004)  топтасқан.  Бұқар  жырау  және  Әбдіров 
даңғылдарының түйіскен жерінде спорт-сауық кешені бар. 

 
30 
Мұнда  цирк  (1982),  мұз  айдыны  сарайы  (1971),  спорт 
сарайы  (1958),  жеңіл  атлетика  манежі  (1975)  ғимараттары 
салынған.  Бұқар  жырау  даңғылы  мен  Бейбітшілік 
бульварында 
бірқатар 
архитектуралық-композициялық 
шоғырлар ірге тепкен: облыстық әкімшілік (1977), қалалық 
әкімшілік  (1938)  ғимараттары,  вокзал  (1956),  кеншілердің 
мәдениет  сарайы  (1950),  драма  театры  (1962).  Жаңа  қала 
Қарағандының 
болашақ 
орталығы 
Оңтүстік-Шығыс 
ауданымен  Республика  даңғылы  және  Бұқар  жырау 
даңғылының  жалғасы  –  көпір  арқылы  байланыстырылған. 
Орталық  базар,  көптеген  сауда  орталықтары  осы  көпір 
маңыңда  шоғырланған.  Қаланың  басты  көліктік  күре 
тамыры  Бұқар  жырау  даңғылы  Университет  көшесімен 
жалғасып,  Қарағанды  мемлекеттік  университеті  кешенімен 
шектеседі. 
Өнеркәсіп  құрылысын  жобалауды  әр  түрлі  бұрынғы 
одақтық жобалау мекемелерімен бірлесе отырып, жергілікті 
«Қарағанды  құрылыс  жобалау»,  «Қарағанды  қала-ауыл 
жобалау»  институттары  жүзеге  асырады.  Өнеркәсіп  және 
азаматтық  тұрғын  үй  құрылысы  жобаларын  үйлестіре 
отырып,  жергілікті  органдар  архитектуралық  пішіндердің 
неғұрлым тартымды болуына баса назар аударды. Қаланың 
бейнесін  қалыптастыруда,  денсаулық  сақтау  мәселелерін 
шешуде көгалдандырудың алар орны айрықша.  
Қарағанды  қаласының  орталық  бөлігін  жобалағаны 
және  тұрғызғаны  үшін  бір  топ  сәулетшілер  мен 
құрылысшылар 1978 ж. Ш. Уәлиханов атындағы Қазақ КСР 
Мемлекеттік  сыйлығына  ие  болды  (Н.И.Блищенко, 
М.О.Жандәулетов, 
А.Д.Жигайло, 
Э.Г.Меликов, 
С.И.Мордвинцев,  А.И.Пятрин).  Қарағанды  сәулет  өнері 
мектебінің  негізін  қалаушылар  –  Т.Я.Бараг,  А.М.Генин, 
И.И.Бреннер,  И.С.Иванова,  С.П.Кудрявцева,  Э.Г.Меликов, 

 
31 
С.И.Мордвинцев, Р.А.Сейдалин, В.Н.Уклеин, Э.И.Хидиров. 
Қарағандыда  ҚР  Сәулетшілер  одағының  40-тан  аса  мүшесі 
қызмет атқарады (2006 ж.). 
 
 
 
 
 
«Абзал» сауда кешенінің сыртқы көрінісі 
 
 
 
 Тапсырма 
 

 
«Әсем 
қала 

Қарағанды» 
тақырыбына 
шығармашылық жұмыс жасаңыз. 

 
«Қарағандының  көрікті  жерлері»  атты  фотоальбом 
дайындаңыз. 
 
 

 
32 
Қарағанды – білім мен ғылым ордасы  
 
                
Жұмағы жан адамның, гүл бағы балалардың, 
 
 
Көгілдір гүлзарыңды, көктемге балағанмын. 
 
 
Даласы даналардың, қаласы даралардың
 
 
Кеніші  қазағымның  –  Қарағандым!  –  деп, 
белгілі  жерлес  ақынымыз  С.Ақсұңқарұлы  жырлағандай, 
біздің 
сүйікті 
қаламыз 
Қарағанды 
белгілі 
қоғам 
қайраткерлері мен көрнекті ғалымдарды үлкен өмір жолына 
баулыған білім мен ғылым орталығы болып табылады. 
Қарағанды қаласында  қазіргі заманның қойып отырған 
талаптарына  сай  білімнің  мол  қорын  игеруге,  ғылымның 
терең  сырларын  меңгеруге  мүмкіндік  мол.  Қаламызда 
орналасқан 
оқу 
орындары 
мен 
ғылыми-зерттеу 
институттары  жаңа  технологияларға  негізделген  сапалы 
білім беруімен, аса зор ғылыми нәтижелерге қол жеткізумен 
әлемге  әйгілі  болып  отыр.  Қарағандылық  ғалымдардың 
мемлекетіміздің  экономикасы  мен  әлеуметтік  саласын 
дамытуға  қосып  отырған  үлестері  мол.  Мұның  өзі  барша 
қарағандылықтардың 
мерейін 
үстем 
етіп, 
беделін 
арттыратыны  сөзсіз.  Жерлестеріміздің  қол  жеткізген 
табыстары әрқашан мақтаныш сезімін оятып, елі, жері үшін 
еңбек  етіп  жатқан  азаматтарымызды  ерекше  құрметтеуге 
міндеттеуі тиіс. 
Құрметті  достым!  «Сен  де  -  бір  кірпіш  дүниеге, 
кетігін  тап  та,  бар  қалан!..»    -  деп,  ұлы  Абай  атамыз 
айтқандай,  келешекте  сенің  бір  мамандықтың  иесі  болып, 
қаламыздың  өркендеуіне,  Отанымыздың  көркеюіне  үлес 
қосатынына  біз  сенеміз.  Сондықтан  қаламызда  орналасқан 
орта арнаулы және жоғары оқу орындары туралы мағлұмат 
алып, ғылымда қол жеткізген жетістіктерден хабардар болу 
аса қажет деп білеміз. 

 
33 
Қазақстанда білімді дамыту бойынша жүргізіліп жатқан 
шаралар  мамандар  даярлау  сапасын  арттыруды,  қарқынды 
ғылыми-зерттеу 
қызметімен 
ықпалдастырылған 
инновациялық білімді қамтамасыз етуді көздейді. 
 
 

 
Орта арнаулы оқу орындары 
 
Қарағанды гуманитарлық колледжі 
 
Қарағанды  гуманитарлық  колледжі  мектеп  және 
мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемелеріне  педагогикалық 
кадрларды  1976  жылдан  бастап  дайындап  келеді.  Колледж 
түлектері  бастауыш  сынып,  музыка,  бейнелеу  өнері  және 
сызу 
мұғалімдері, 
мектепке 
дейінгі 
мекемелердің 
тәрбиешілері қызметін облыс көлемінде ғана емес, сонымен 
қатар  таяу  және  алыс  шетелдерде  балабақшалардың 
меңгерушісі және әдіскері болып жұмыс істеуде. 
ҚазССР халыққа білім беру министрлігіне қарасты 1976 
жылы  Қарағанды  педагогикалық  училищесі  ашылған. 
(Бейбітшілік  бульвары,  22)  8-жылдық  білім  негізінде  - 
музыка,  бастауыш  сынып,  бейнелеу  өнері  сызу  пәндерінің 
мұғалімдерін  даярлайды.  Училищеде  қала  мектептерінің 
музыка,  бейнелеу  өнері  және  сызу  пәндері  мұғалімдерінің 
семинары  жұмыс  істеді.  Педагогикалық  училищеде  45  оқу 
сыныбы,  7  оқу  лабораториясы  мен  шеберханасы  болды. 
1985  жылға  дейін  училище  1060  маман  даярлап  шығарды. 
1987-88 оқу жылдарында училищеде 800 оқушы оқыды, 150 
оқытушы  қызмет  істеді.  Колледж  1994  жылдан  Қарағанды 
облысы  бойынша  колледждердің  базалық  оқу  орны  болып 
бекітілді.  1995  жылы  педагогикалық  колледж  болса,  1997 

 
34 
жылы 
гуманитарлық 
колледж 
болды. 
Қарағанды 
гуманитарлық  колледжі  облыстағы  орта  кәсіптік  оқу 
орындары  ішінде  базалық  колледж  болып  табылады.  ҚР 
Білім  және  ғылым  министрлігінің  арнайы  шешімімен  ол 
1989  жылдан  бастап  облыстағы  училищелер  мен 
колледждердің базалық оқу орны болып бекітілген болатын. 
Соған  байланысты  мұнда  жалпы  білім  беру  пәндері 
бойынша 
оқытушылардың 
облыстық 
әдістемелік 
бірлестіктері  құрылып,  жұмыс  істеуде.  Ол  жалпы  білім 
беретін  пәндер  бойынша  12  әдістемелік  бірлестікті  
біріктіріп,  жұмыстарын  ұйымдастырады.  Бірлестіктер 
қызметінің  негізгі  бағыттары  «Білім  беру  туралы»  Заңды 
жүзеге  асыруға,  білім  берудің  мемлекеттік  стандарттарын 
орындауға, 
алдыңғы 
қатарлы 
педагогикалық 
және 
ақпараттық  технологияларды  енгізуге,  педагогикалық 
шеберлікті  арттыруға  бағытталған.  Колледждің  үрмелі 
оркестрін 
құруға 
оркестрдің 
бірінші 
жетекшісі 
М.А.Покасовтың  сіңірген  еңбегі  ерекше.  Республикадағы 
бірден-бір  қыздар  оркестрі  осы  жылдар  ішінде  мыңнан  аса 
концерт  беріп,  республикамыздың  көптеген  қалаларында 
өнер  көрсетіп  жүр.  1991  жылы  мамыр  айында  Мәскеуде, 
2001 жылы мамыр айында өткен үрмелі музыка фестиваліне 
қатысты. 
Колледждің  алғашқы  директоры,  «ҚазССР  оқу-ағарту 
ісінің үздігі» белгісінің, Ы.Алтынсарин атындағы медальдің 
иегері Леонид Федрович Моргачев.  
30 жыл тарихы бар колледж ұжымы алдыңғы  қатарлы 
педагогикалық  әдістемелерді  енгізуде  бастамашы  болып 
келеді. 
 
 

 
35 
 
Қарағанды кен-механикалық  колледжі 
 
Қарағанды  кен-механикалық  колледжі  осыдан  75  жыл 
бұрын  құрылған.  1930  жылдың  қазан  айында  КСРО 
үкіметінің  Орталық  Қазақстанның  кен  байлығын  игеруді 
бастау 
туралы 
қаулысы 
қабылданды. 
Қарағанды 
облысының  құрылуымен  қатар  көмір  саласы  ерекше 
дамыды.  Әлеуметтік-мәдени  мақсаттағы  объектілер,  көмір 
шахталары,  өндірістік  объектілер  құрылысы,  көмір  өндіру 
мен  көмірді  өңдеу  үшін  алдымен  техникалық  сауатты 
ұлттық  мамандар керек болды. 1931 жылдың қазан айында 
жаңа көмір бассейнінде тұңғыш оқу орны – Қарағанды кен-
көмір  техникумы  ашылды.  Бастапқыда  ол  Киров  атындағы 
шахта  аумағындағы  ескі  үйде  орналасты.  Кеншілерді 
дайындау  тек  екі  мамандық:  «Көмір  орындарын  игеру» 
және  «Кен  электромеханикасы»  бойынша  жүргізілді. 
Алғашқыда  техникумды  16  жас  бітіріп  шықты.  Қарағанды 
көмір  бассейнінің  әрі  қарай  дамуы  үшін  қашанда  білікті 
мамандар қажет болды. 
1935  жылы  техникум  оқушылар  санының  көбеюіне 
байланысты  Үлкен  Михайловка  поселкесінің  совхоз  үйіне 
ауысады. Қарағанды қаласының Жаңа қала құрылысы 1934 
жылы басталып, кең далада төрт көп қабатты тұрғын үйлер, 
аурухана  мен  кен  техникумы  тұрғызылды.  Ол  кезде  бұлар 
Сарыарқадағы  аспанмен  таласқан  зәулім  үйлер  болып 
көрінетін. 1938 жылы оқу орны қазіргі орналасқан жеріндегі 
жаңа мекенге көшірілді. 
Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  да  мамандар  дайындау 
ісі тоқталған жоқ. Қарағандыға Мәскеу мен Днепропетровск 
кен  институттары  көшірілді.  Олар  кен  техникумының 
бірінші корпусы мен жатақханасына орналасып, сабақ күні-

 
36 
түні, қиын жағдайларда үш кезекпен оқылып жатты. Соғыс 
біткен  соң  басқыншылықта  болған  аудандарды  қалпына 
келтіру  және  еліміздің  үшінші  көмір  ошағын  дамыту  үшін 
отын қажет болды. Техникум көмір өнеркәсібіне өндірістің 
маман  ұйымдастырушыларын  дайындауды  жалғастыра 
берді.  Оқушыларды  қабылдау  саны  өсті.  Қажет  жаңа 
мамандықтар  енгізіліп,  ашық  кен  жұмыстары,  шахталық 
көлік, маркшейдерлік жұмыс және бухгалтерлік есеп кешкі 
бөлімдер  ашылды.  Ал  1955  жылы  сырттай  оқу  бөлімі 
ашылып,  сосын  оқу  корпусы  кеңейтіліп,  кабинеттер  мен 
лабораториялар жабдықталды. 
Колледжді  ірілендіру  және  мамандар  даярлау  жағынан 
сақтау  мақсатында,  сол  сияқты  оқушыларды  толықтыру, 
аймақтық  әлеуетін  сақтау  үшін  колледж  бөлімі  болып 
табылатын кешкі энергоқұрылыс, Абай кен техникумы мен 
Ақмола  ОКП  техникумдарын  біріктіру  жүргізілді.  Қазір 
колледжде жас техник мамандарды әзірлеу жер асты көмір 
орындарын  игеру,  кен  кәсіпорындарының  құрылысы,  кен-
электр  механикасы,  автомобильдерді  жөндеу  және 
техникалық  қызмет  көрсету,  автокөлікте  тасымалдауларды 
ұйымдастыру  мен  жол  қозғалысын  басқару,  жылу-электр 
станцияларының 
жылу-энергиялық 
жабдықтарын 
пайдалану  және  жөндеу,  бухгалтерлік  есеп  және  кеден  ісі 
мамандықтары 
бойынша 
жүзеге 
асырылады. 
Қазіргі  уакытта  колледждің  бөлімшелері  және  жақсы  оқу 
материалдық  базасы  бар.  Оқу-көрнекі  құралдарымен, 
макеттермен,  жаңа  техникалық  оқу  жабдықтарымен, 
автоматты  басқару  тәсілдерімен,  әрекетті  құралдарымен, 
компьютерлік және бағдарламалық оқыту бөлмелерімен оқу 
бағдарламасына сәйкес жабдықталған. 85 оқу бөлмелерінде 
сабақтар  қазақ  және  орыс  тілдерінде  өтеді.  Колледжде  екі 
оқу  шахтасы,  техникалық  және  ағаш  шеберханалары,  тир, 

 
37 
жеңіл  атлетикалық  манеж,  полигондар,  ішкі  шахталық 
көліктер, кен механикасы мен автоматикасының автодромы 
бар.  Білікті  мамандар  дайындаудағы  үлкен  жетістігі  үшін 
Қарағанды  кен  техникумы  1967  жылы  Еңбек  Қызыл  Ту 
орденімен 
марапатталды. 
Колледж 
басшылығы, 
педагогикалық  ұжымы  және  оқушылары  бұл  дәрежені  әр 
дайым мақтан тұтады. 
Қарағанды  кен-механикалық  колледжі  Қазақстан 
Республикасы  білім  және  ғылым  министрлігінің  арнаулы 
орта  оқу  орындарының  кен-металлургия  мамандықтарын 
біріктіріп  отыратын  базалық  колледжі  болып  табылады. 
Республикалық  оқу-әдістеме  бірлестігі  мұнда  әрдайым 
семинарлар,  пленумдар,  олимпиадалар  өткізіп  отырады, 
әдістемелік  көмек  көрсетеді  және  барлық  аймақтық 
техникумдар,  колледждер,  училищелердің  жұмыстарын 
жинақтап қорытады.  
 
Қарағанды медицина колледжі 
 
Қарағанды  медициналық  училищесі  1935  жылы  7 
желтоқсанда 
РСФСР 
Денсаулық 
сақтау 
халық 
комиссариатының  бұйрығымен  ашылған.  Алғашқыда  ол 
медбикелер даярлауға арналған екі жылдық мектеп ретінде 
ашылса,  соғыстан  кейін  фельдшер,  акушер,  санитарлық 
фельдшер, тіс дәрігері, фармацевт мамандықтары бойынша 
медбикелер  даярлай  бастады.  1937  жылға  дейін  акушерлік, 
1941-60  жылдарға  дейін  фельдшерлік-акушерлік  мектеп, 
1980  жылдан  Қарағанды  медициналық  училищесі  және 
қазіргі  уақытта  Қарағанды  медициналық  колледжі  атымен 
аталған. 
Жетпіс жылға жуық  тарихы бар колледж өткен мерзім 
ішінде  66  рет  түлек  ұшырып,  22  мыңдай  маман  даярлап 

 
38 
шығарған  екен.  Колледжде  11  аудитория,  мәжіліс  және 
спорт залдары, 35 оқу бөлмесі,  лаборатория мен клиникаға 
дейін кабинет және 50 орындық оқу залы мен екі компьютер 
сыныбы  бар,  Компьютерлер  «Интернетке»  қосылған. 
Барлық кабинеттер нормативті талаптарға сай құралдармен 
жабдықталған,  оқу  үрдісінде  осы  заманғы  техникалық  оқу 
құралдары  пайдаланылады.  Кітап  қоры  35  мыңнан  астам, 
жыл сайын Қазақстан  мен Ресейде шығарылатын жаңа оқу 
құралдармен  толықтырылып  отырады.  Бүгінде  колледж 
жаңа  талапқа  сай  «Акушерлік  таным»,  «Емдеу  ісі», 
«Медбике  ісі»,  «Лабораториялық  диагностика»,  «Гигиена 
және 
эпидемиология», 
«Фармация» 
мамандықтары 
бойынша  орта  буынды  медицина  кадрларын  даярлайды. 
Сондай-ақ, осы оқу орны базасында орта білімді  медицина 
мамандарының  біліктілігін  арттыру  бөлімі  де  жұмыс 
істейді. 
Колледж  Қарағанды  медициналық  академиясымен, 
облыстық  денсаулық  сақтау  басқармасымен  және  облыс 
колледждері  оқытушыларының  әдістемелік  кеңесімен 
тұрақты  байланыста  болады.  Сонымен  қатар  колледж 
оқушыларының  спорттың  көптеген  түрлерімен  айналысуға 
мүмкіндік жасалған, яғни оның 200 шаршы метр спорт залы 
мен  спорт  алаңында  түрлі  спорт  секциялары  жүргізіледі. 
Тарихы  мен  тәлімі  тең  түсетін  байырғы  оқу  орнының 
ұжымы  білікті  де  білімді  медбикелер  даярлау  үрдісіндегі 
жетістіктерін молайта түсуде. 
 
Тәттімбет атындағы өнер колледжі 
 
1952  жылы  Қарағандыда  балалар  музыка  мектебінің 
негізінде музыкалық училище ашылды. Онда бес бөлімде – 
фортепиано, шекті аспаптар, халық аспаптары, үрлей ойнау 

 
39 
аспаптары  және  хор  дирижерларын  даярлау  жүзеге 
асырылады.  Оңтайластыру  кезінде  Тәттімбет  атындағы 
училище  мәдени-ағарту  училищесімен  біріктіріліп,  қазір 
Тәттімбет атындағы өнер колледжі деп аталады. 
 
 
 

 
Жоғары оқу орындары
 
 
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды 
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Болашақ желтоқсан 2016 жыл
2017 -> Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң
2017 -> Мектепті сақтау – ауылды сақтау Намыс қайда? Шаңырақ
2017 -> «еуразиялық гендік қОР» ғылыми-өндірістік білім беру орталығы
2017 -> Еуропалық тұрғыдан көптілдік құзыреттілігін дамыту жолдары
2017 -> Қазақстандағы трансұлттық мультисауаттылық: ұрпақаралық оқыту
2017 -> Қараша 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Қыжыл баспасөЗ – 2017

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет