Микотоксинді саңырауқҰЛАҚ alternaria: сипаттамасы және астық дақылдарына әкелетін зияны аубакирова Д. С., Ремеле В. В. Жшс «Қазақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институты»



жүктеу 34.15 Kb.
Pdf просмотр
Дата21.05.2017
өлшемі34.15 Kb.

http://www.enu.kz

 

 



ӘОЖ 576.8:631.425.4:633.11:581.15 

 

МИКОТОКСИНДІ САҢЫРАУҚҰЛАҚ ALTERNARIA: СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ 



АСТЫҚ ДАҚЫЛДАРЫНА ӘКЕЛЕТІН ЗИЯНЫ 

Аубакирова Д.С., Ремеле В.В.  



ЖШС «Қазақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институты»,  

Астана қ., Қазақстан 

microbiol_lab@mail.ru 

http://www.enu.kz

 

Табиғатта  Alternaria  кеңінен  таралған.  Олардың  көбі  сапрофиттер  және  кез  келген 



органикалық  субстраттарда  дамиды.  Alternaria    саңырауқұлағының  резервуары  өсімдік 

қалдықтары  мен  өлімсіреген  өсімдіктер,  осы  арқылы  саңырауқұлақ  топыраққа  жетеді. 

Аlternaria  alternatа    саңырауқұлағының  күңгірт  түрлі-түсті  түрлері  Невада  мен  Сахара, 

Түрікменстан, Тянь – Шаньның шөлді аймақтарында, Памирдің жоғары таулы жерлерінде 

жайылуы  мүмкін,  бұл  олардың  жағымсыз  немесе  қолайсыз  жағдайлар  тіршілігіне 

бейімділігін  айтады  [1].  Alternaria  саңырауқұлақ  түрінің  конидиі  вегетативті  көбеюге 

арналған  құрылыста  болады,  олар  кез  келген  экстримальды  және  қолайсыз  жағдайларға 

жақсы  шыдайды.  Морфо-культуральды  белгілерін,  микроморфология,  шаруашылық 

жағдайда  саңырауқұлақтың  бөлінген  штаммдары  A.  alternata,  Alternaria  tenius 

саңырауқұлақтары сияқты теңестірілген [2]. 

Мико–фитопатологиялық  тексеріс  көрсеткендей  барлық  ауылшаруашылығының 

дәнді  дақылдары  альтернариямен  зақымданады.  Alternaria  саңырауқұлақты    жасанды 

ортадан  жекелеп  алғанда,  саңырауқұлақ  колонияларының  қалыптасу  қарқындылығы, 

қоректік  ортаның  химиялық  құрамына,  культивирлеу  температурасына  тәуелді  екені 

анықтады.  Басқа  саңырауқұлақтар  да  сияқты  альтернария  қалдық  өсімдіктердің 

минералдануы  мен  іріп  –  шіруіне  қатысады.  Аlternaria  alternata  саңырауқұлағының  түрі 

әрқашан өсімдіктердің  ұрығында болады. Саңырауқұлақтың қарқынды дамуында тұқым 

шығымдылығын  жоғалтады.  Көптеген  жағдайларда  өсімдіктерде  саңырауқұлақтың  бар 

болуы, оның ары қарай өсіп дамуына әсер етпейді. Бірақ альтернария саңырауқұлағының 

кейбір  түрлері  тұқымда  инфекция  сақтап  басқа  тұқымға  береді.  Бұл  жағдайларда 

саңырауқұлақ  бүршікті  зақымдайды  немесе  тамыр  мойнағында  сақталады,  бұл  өсімдік 

гүлдеп және тұрақтылығы төмендегенде немесе тұқым берер кезде байқалады [3]. 

Ресей  аумағында  әр  түрлі  дәнді  дақылдар  тұқымдарының  Alternaria  мен  Fusarium 

саңырауқұлақтарымен  зақымдануы  және  дәндердің  фузариоз  токсинімен  ластануы 

бойынша  мониторинг  өткізілді.  Alternaria  түрінің  арасынан  дәндермен  байланысты 

микобиотта кең мамандырылған A. tenuissima, A.alternata мен   A. Infectoria жинақ түрлері 

екендігі  анықталды.  A.  Tenuissima  түрі  жаппай  таралған  және  дәннен  93%    жиілігі 

анықталған.  A.  Infectoria  жинақ  түрінің  өкілдері  Европа  бөліктері  мен  РФ,Батыс  Сібірде 

кеңінен  таралған,  бірақ  Алыс  Шығыс  аумағында  кездеспейді.  Ресейдің  кейбір 

аймақтарында  аз  жиілікпен  A.alternata    түрі  13%  жиілігінде  кездеседі.  Омбы  облысында 

ашық жұмсақ бидай тұқымын зақымдануын  негізінен Alternaria саңырауқұлағының  - 48% 

және  Helminthosporium  –  10,5  %,  Fusarium  –  9%  жиілікте  кездесетіні  анықталған.  

Украина,  Грузия,  Воронеж  облысындардағы  зерттеулер  қөрсеткендей,  Alternaria  түрінің  

саңырауқұлақтары      барлық  дәнді  дақылдарды  және  күнбағысты  зақымдап  қана  қоймай, 

олардың өнімділігін төмендетеді [4]. 

С.  Сейфуллин  атындағы  КазМАТУ  ғалымдарының  зерттеулері  көрсеткендей, 

Қазақстанда  бидай  тұқымдары  88  пайыз  Alternaria  саңырауқұлағымен  зақымданған. 

Альтернариоз  -  инфекциялы,  бидай  ұрығын  зақымдайтын  аурудың  түрі,  сондай-ақ 

Солтүстік  Қазақстан  зоналарындағы  бидай  тұқымының  альтернариозы  патогенді  ауру 

болып  табылады,  бүршіктердің  өлуіне  ықпал  етеді,  өнім  шаруашылығының  төмендеуіне 

басты  себеп  болады  [5].  «Қара  ұрық»  инфекциясының    қоздырғышы  жетілмеген 

саңырауқұлақ  тобы  болып  табылады  (класс  Deuteromycetes):  A.  alternata  (синонимы  A. 



http://www.enu.kz

 

 



tenius  Ness,  A.  grossulariae  Jacz.,  A.  lini  Dey.).  Аlternaria  alternata  саңырауқұлағының 

инфекциясы  зақымданған    мицелий  жер  асты  бөлігінен  сабаққа  жылжып,  ұрықтың  даму 

фазасына  ұрық  ішіне  кіреді  және  қарайтады.  Ауру  бидайдың  пісу  мерзімінде,  әсіресе 

тұрып  қалған  нандарда  білінеді.  Масақ  қабыршақтарында,  масақ  пен  дәнде 

саңырауқұлақтардың  спорасының  пайда  болуының    тұтқырлығы  пайда  болады  [6]. 

Солтүстік  Қазақстанда  60-шы  жылдардың  басында  инфекция    әр  түрлі  климатты  – 

топырақ  зоналарында  кеңінен  тарады,  Alternaria  саңырауқұлағының  түрімен  бидай 

тұқымдарының  зақымдануы  74  пайызға  дейін  жетті.  Микологиялық  тексеріс  боынша, 

Солтүстік және Шығыс Қазақстанда бидай тұқымдары альтернариозбен 50-ден 70 пайызға  

дейін  зақымданған.  2006-2007  жж  Солтүстік  Қазақстан  мен  Қостанай  облысының  өнім 

тұқымын тексеруін өткізгенде, саңырауқұлақ инфекциясының қозғышынан зақымданған, 

соның ішінде альтернариозбен зақымданғандар 10-20 пайызға жетті [7]. 

А.Г.  Разумовскийдің  (А.Ф.  Коршунованың  автор.  цит.)  зерттеу  нәтижесі  бойынша 

Alternaria  саңырауқұлағымен,  яғни  альтернариозбен  зақымданған  дәндер  өздерінің 

химиялық  құрамы  мен  нан  пісіру  сапасын  өзгертеді.  Зақымданған  дәндер  жылтырлығы  

саудан  гөрі  5  пайызға    төмен,  ұнның  газ  тәрізді  және  газ  ұстағыш  күші  11-12  пайызға 

төмендейді  [8].  Alternaria  саңырауқұлағы  ауылшаруашылық  мәдениетінде  тұқым  

шаруашылығы  үшін  зиянды,  тұқымның  өсіп  көтерілуін  төмендетеді.  Alternaria 

саңырауқұлағының  түрлері  табиғатта  кеңінен  тарған,  қажетті  ауылшаруашылық 

дақылдарын зақымдайды, тұқымның альтернариоз ауруын шақырады, дәннің өнімділігін, 

сапалы көрсеткіштерін, тұқым өсімін  төмендетеді, сондықтан ауруға қарсы өсімдіктерді 

алу мақсатында физиологиялық және биологиялық жан жақты зерттеуді талап етеді. 

Микотоксиндер  өсімдік  пен  жануарлар,  адамдар  үшін  улы  табиғи  заттар  болып 

табылады.  Микотоксиндердің  негізгі  продуценттеріне  5  түрдің  өкілі  енеді:  Asperegillus, 

Penicillium,  Fusarium,  Alternaria,  и  Claviceps.  Интеграл  шамасы  сияқты  «фитопатоген-

өсімдік»  арақатынасы  өте  қиын.  Фитопатогендік  саңырауқұлақтар  микотоксиндерді 

синтездеуде  вирулентті  қасиеттерін  күшейту  үшін  деп  алсақ,  онда  осы  шамада 

өсімдіктерде осы метаболиттердің шектейтін микотоксин эффектің барына болжау заңды. 

Микотоксин  пайда  болуына  синтетикалық  немесе  осы  процестің  табиғи  ингибиторының 

және де бәсекелес антогонист - штамының ізденіс жолымен шек қоюына болады. Қажетті 

қорғаныс механизмнің сапасы ретінде фитопатогенге тұрақты селекция қызмет ете алады. 

Бұл экологиялық шығындар мен өнімдермен байланысты, таза шаруашылық жоспарларын 

шешетін  маңызды  бағыт  перспективасы  болып  табылады.  Микотоксиндерді  селективті 

агент  ретінде    қолданғанда  клеткалық  деңгейде  селекция  тұрақтылығы    ерекше 

қызығушылық тудырады [9].  

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

1.

 

Мирчинник Т.Г.  Почвенная микология. Учебник – М.: Изд-во МГУ, 1988. – С. 114-115.  



2.

 

Сулейменова  Ж.О.,  Айтхожина  Н.А.,  Альтернариоз  сельскохозяйственных  культур 



Алматинскй  области  //  Ботаническая  наука  на  службе  устойчивого  развития  стран 

Центральной Азии: мат. межд. науч. конф. «Инфопресс», - Алматы, 2003. - С.277-278. 

3.

 

Жизнь растений / Под ред. М.В. Горленко. – М.: Просвещение, 1979. - Т.2.- С.406- 408.  



4.

 

Гарбар  Л.И.  Влияние  протравителей,  стимуляторов  и  их  смесей  на  поражаемость 



корневыми гнилями яровой пщеницы а период вегетации. –Омск. – 2000. – С.26-27 

5.

 



Исенова  А.  К.,  Муранец  А.П.,  Карамшук  З.П.  К  вопросу  этиологии  альтернариоза 

мягкой  пшеницы.  //  Пути  интенсификации    производства  зерна:  Труды.  –  Целиноград.  - 

1992 . - С. 30-33 

6.

 



Ишакова  Т.И.,  Берестецкая  Л.И.,    Гасич    Е.Л.,  Власов  Д.Ю.  Учебно-методическое 

пособие  по  диагностике  основных  грибных  болезней   хлебных  злаков  //  ВИЗР.-  Санкт  – 

Петербург, 2001.-76 с. 

7.

 



Койшыбаев М. К. Пшеница не должна болеть // Агровестник «Астана – нан». – 2008. - 

№ 1 (1). – С. 12-14.  



http://www.enu.kz

 

 



8.

 

Коршунова  А.  Ф.,    Чумаков  А.Е.,    Левитин  М.М.    Защита    пшеницы    от    корневых 



гнилей. - Л.: 1976. – С. 58-60. 

9.

 



Mitchell R.E. Annu Rev. Phitopatol. -1984. –Vol.22. –P.2-15-245. 

 

Каталог: repository -> repository2014
repository2014 -> Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ
repository2014 -> Гендерлік зерттеулер методологиясының ерекшеліктері қиқымбаев М. Ж
repository2014 -> Жыраулар поэзиясы – хандық дәуір айнасы А. Д.Әлтай
repository2014 -> Қазақ әдебиетіндегі шәкәрімтану немесе ақын шығармашылығының зерделенуі А. К. Жундибаева
repository2014 -> Бейнелілік құрылымдағы өлең және шешендік өлең Б. Жылқыбекұлы
repository2014 -> ҚАйымның МҰрасы қалай жинақталды?
repository2014 -> Әлем әдебиетінің таңдаулы драматургиялық туындылары – М.Әуезов аудармаларында
repository2014 -> Айтулы алаштанушы
repository2014 -> С. бегалин мұрасын жариялаудағы тұрсын жұртбай
repository2014 -> Мұратбек тоқТАҒазин әзілхан нұршайықов және қазақ журналистикасы

жүктеу 34.15 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет