МҰҒалім көшбасшылығын дамыту сапалы білім негізі


САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ЕТІСТІК



жүктеу 1.62 Mb.
Pdf просмотр
бет5/13
Дата11.01.2017
өлшемі1.62 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ЕТІСТІК

Оңтүстік Қазақстан oблысы Мақтарал ауданы №8 Н. Оңдасынов 

атындағы жалпы орта мектебі қазақ тілі пәні мұғалімі Бердалиева Ұлжалғас 

Сабақтың тақырыбы: Етістік

Сабақтың мақсаты: Етістік заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретінін ұғындыру.

Пәндік нәтиже: Етістіктерге дұрыс сұрақ қоя білу, осы білімдерін күнделікті өмірде тілдік қарым-қатынас жасау кезінде 

дұрыс пайдалана білуге үйрету.

Тұлғалық нәтиже: Дұрыс сөйлем қоя білу, осы білімдерін күнделікті өмірде тілдік қарым-қатынас жасау кезінде дұрыс 

пайдалана білуге үйрету.

Жүйелі-әрекеттік нәтиже: Есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорын дамыту, зейіндерін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, Венн диаграммасы, қималар, слайд

Сабақтың әдісі: түсіндіру     Сабақтың түрі: саяхат сабақ    Пәнаралық байланыс: музыка, дүниетану, әдeбиеттік оқыту

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: 

II. Психологиялық дайындық

1) оқушыларды түгелдеу

2) оқу құралдарын тексеру

III. Үй тапсырмасын тексеру

-үйге қандай тақырып берілді?

-Өтілген тақырыптарды қайталау

-Бүгін, балалар, бізде ерекше сабақ, біз «Ертегілер еліне» саяхатқа шығамыз. Ол үшін өтілген тақырыптар бойынша 

білімдеріңізді тиянақтап, пысықтап өтейік.

Қызығушылығын ояту

«Кім жылдам?» ойыны

-Сөйлем дегеніміз не?

-Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

-Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

-Лепті сөйлем дегеніміз не?

-Мәтін дегеніміз не?

-Түбір дегеніміз не?

-Қосымша дегеніміз не?

-Жұрнақ дегеніміз не?

-Жалғау дегеніміз не?

-Зат есім дегеніміз не?

- Жалқы есім дегеніміз не?

-Жалпы есім дегеніміз не?

IV. Жаңа сабақ  - Міне ертегі еліне де келіп жеттік.

Ертегі еліне кіру үшін мына қақпаның есігін ашу керек.

Есікті ашу үшін бізге не керек? 

-Білім


-Егер біз мына жұмбақтың шешуін тапсақ, Білім кілтін тапқанымыз болады.

Жұмбақ


-Оймен, кәне өсейік,

Ойлы жұмбақ шешейік.

Оқысан, аласың,

Оқымасаң, наласың,

Қатарынан қаласың.

Ол не?


Бұл еді «Сөз табы» деп аталатын патша басқарады екен. Оның 9 баласы бар екен (атап өту). Ол өзінің 9 баласына 9 елді 

басқаруға бөліп беріпті. Біз өткен сабақта «Зат есім» деп аталатын баласымен танысқамбыз. ( Зат есім ережесін айтып 

өту)

Ал, бүгін «Етістік» деп аталатын баласының елді мекенімен танысамыз.



1. Етістік дегеніміз – заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді айтамыз. Оның сұрақтары «Не істеді?», «Қайтті?», 

« Не қылды?»

Бұл елде бір сүретші өмір сүріпті. Ол әртүрлі заттардың, жануарлардың суретін салады екен. Дегенмен, суреттерде іс-

қимылдар болмай, суреттердің бағаламай қойыпты. Сонда ол амал іздеп, үлкен қариядан ақыл сұрайды. 

Қария оған:

-Егер, сен суретінде заттардың қимылын бейнелесең, суретіңе нәр кіріп, халық бағалайды.

-Қане, балалар, барлығымыз бірлесіп осы суретшіге көмектесіп көреік.

(Жануарлардың суреттеріне сөйлем құрайды)

1 – жаттығу. 

Қой маңырайды. Сиыр мөңірейді. Жылқы кісінейді. Түйе боздайды. Мысық мияулайды. Ит үреді. Әтеш шақырады. Қаз 

қанқылдайды.

2. Сергіту сәті

3. «Құлыншақ» ертегісі (тыңдалады)

4. 2 – жаттығу

Өлеңді мәнерлеп оқы. Етістіктерді теріп жазып, сұрақ қой.

Көктем келді: құс келді,

Күн ұзын, түн қысқа енді.

Көктем келді: су ақты,

Күннің көзі шуақты.

Көктем келді: гүл өсті,

Көбелектер гулесті.

5. «Жансыз суреттер» ертегісі

-Біз енді жансыз суреттріне келдік.

-Қане, балалар суретті бейнелерге жан беріп, сөйлетіп көрейік.

1) Топқа бөлу

Ол үшін үш топқа бөлініп, суреттер бойынша шығармашылық жұмыстар жасаймыз.

I топ «Қыран» тобы бірінші сурет бойынша жұмыс жасайды.

II топ «Сұңқар» тобы екінші сурет бойынша жұмыс жасайды.

III топ «Лашын» тобы үшінші сурет бойынша жұмыс жасайды.

(Әр топ өздерінің жазған шығармасын оқып шығады)



6. «Биопоэма» әдісі бойынша жұмыс

1. Аты:


2. Сипаттайтын сөз:

3. Жақсы көретіні:

4. Қорқатыны:

5. Басынан өткізген сезім:

6. Болашақьан күтетіні:

7. Мекен жайы:

8. Тегі:

7. «Көжек» ертегісі

Бір кішкентай қоянның көжегі орманда адасып қалыпты. Қараңғы түсіп, үйіне барар жол таппапты.

-Егер біз мына жұмбақтың шешуін шешіп, етістіктерді тапсақ, оған көмек бергеніміз болады.

4-жаттығу

Жіппен келеді,

Үзсең, сөнеді.

Ал, енді балалар ертегілер елімен қоштасып, өз сыныбымызға келейік. 

V Қорытындылау

-Біз қандай сөз табымен таныстық?

-Етістік дегеніміз не?

-Қане енді, зат есім мен етістікке байланысты Венн диаграммасын құрып көрейік

Бағалау


VI Үйге тапсырма беру. 5-жаттығу.

* * * * *



САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ХАЙУАНАТТАР БАҒЫНА САЯХАТ

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы №1 жалпы орта 

мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі  Иманүсенова Гүлдана

Сабақтың тақырыбы:Хайуанаттар бағына саяхат

Мақсаты:Балаларға әр аңның атын дұрыс атауға жаттықтыру және олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін 

бекіту. Балалардың сөздік қорын байыту.Тілдік мәдениетін жетілдіру.Аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстыру. 

Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Аңдардың суреттері, хайуанаттар бағының көрінісі, құрастырма суреттер.

Шаттық шеңбері:

Тәрбиеші:Балалар алдымен жаңа сабағымызға көшпес бұрын мына суреттерімізге қарап алайық,

І слайд (Аңдардың суретін көрсету)

-Балалар хайуанаттарды адамдар жақын көру үшін хайуанаттар бағына барады екен.

Хайуанаттар бағы дегеніміз не екен? Ол-үлкен бақ. Онда жануарлардың көптеген түрлері бар. Олардың 



барлығын адамдар торларда ұстайды. Өйткені олар жыртқыш аңдар.

1. Д/О: «Сипатта» Ойынның шарты: Ортаға бір бала шығады, басына маска кигізеді, балалар масканы сипаттап 

айтады, бала өзінің қандай аң екенін табады.

Балалар бұл аңдардың көбісі орманда, өзен де, таулы жерлерде мекендейді.Сондықтан біз оларды аялауымыз керек. 

Біздің елімізде аңдардың ішінен «Қызыл кітапқа» енген аңдар да бар.Олардың қатары сирек болып бара жатқан соң 

оларды адамдар қорғауға алған.

Сергіту сәті.(Күн ұйықтайды)

Жұмбақ шешеді.-Күн.

-Дөңгелек,ыстық, үлкен.

-Сары


-Күлімдеп тұр.

-Қараңғы, суық болады.

Бойларын сергітіп алады.

Күн ұйықтайды.Күн оянады.Жел соқты.

Жаңбыр жауды.

Найзағай тарсылдады.

Күн ашылды, жел басылды.

Кәне енді балалар біз құрастырма суреттерімен жұмыс жасайық.

Ортаға 2-3 бала шығарып, оларға қиылған аңдардың суреттерін құрастырып аңдардың атап, тіршілігі туралы айтқызу.

Қимылды ойын: «Кішіпейілді тығылмақтар».

Санамақпен бір бала көз жұмады. Білім алушылар жылы сөздер айтады «рахмет», «сәлем», «мархаббат» т.б. көз жұмушы

дауыс бойынша айтқан сөздің иесін табу (мысалы, Інжу «рахмет» — деді).

Сабақты бекіту мақсатында «кубизм» стратегиясын жүргіземін.

Кәне балалар енді біз «Дос болайық бәріміз!» атты әнмен сабағымызды аяқтайық.Балаларды мадақтау.



Күтілетін нәтиже: Білуі: Аңдарды бір-бірінен ажырата білуі

Меңгеруі: Жыртқыш аңдар туралы толық мағлұматты меңгеруі

Игеруі: Көру, есту, түсіну арқылы өз беттерінше жұмысты игеруі

* * * * *



ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАУ

Пәні: информатика



Сабақ№

Мұғалімі: Тахаева Нұргүл Сағадатқызы

Оқушылардың жасы: 10-11 

( 5 сынып)

Сабақтың атауы

Пернетақта

Сілтеме


Информатика 5 сынып (Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов), әдістемелік құрал, 

дидактикалық материалдар, Информатика негіздері журналы, интернет материалдары

Сабақтың мақсаты: пернетақтамен жұмыс жасау тәсілдерін үйрету.

Сабақтың

міндеттері



- пернетақта пернелерінің атқаратын қызметтері туралы толық мағлұматтар беріп 

білімдерін нығайту

- теориялық білімдерін практикамен ұштастыру

Оқыту нәтижесі



- пернетақта пернелерінің атқаратын қызметтері туралы толық мағлұматтар алып білімдері

нығаяды

- теориялық білімдері практикамен ұштасады

Негізгі идеялар



- тақырыпты жан-жақты талдайды

- сыни көзқарасы қалыптасады

- топтық жұмысқа әр оқушының өз ойы сақталады

Әдіс-тәсілдер:



"Ойлан, тап" әдісі, "Кубизм" тәсілі, сұрақ-жауап, "бес жол" өлең стратегиясы

Көрнекіліктер

∙ слайд, компьютер, бағалау бершесі, үлестірмелі парақша, стикер

Тапсырмалар

1-тапсырма:"Ойлан, тап!"  - құрылғының 

атын тауып, анықтама беру

2-тапсырма:"Жаңа сабақ" жаңа тақырыпты 



Кубизм тәсілі бойынша талдау

3-тапсырма: Практикалық тапсырма 

пернетақтамен жұмыс

4-тапсырма:"Ағымдағы тест сұрақтары"- 



пернелердің атқаратын қызметіне 

байланысты сұрақтар

5-тапсырма:"Бес жол" өлең стратегиясы-



тақырыпқа байланысты өлең жолдарын 

құрастыру

Уақыты


Мұғалімнің іс-әрекеті

3 минут


І. Ұйымдастыру

- оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

- психологиялық дайындық "Карусель"жаттығуы

/оқушылар екі топқа бөлінеді. мынандай тапсырма беріледі: 2 топ бірінің ішіне бірі шеңбер 

жасап тұрады да, ішкі шеңбер қозғалмайды да сыртқы топ сағат тілімен бағыттас айналады.

Мысалы: бір-біріне қарама қарсы келгені бір біріне қарап мадақтау немесе жағымды сөз 

айтады./

- бағалау бетшесі үлестіріледі

 20-18 ұпай - "5"

17-12 ұпай - "4"

11-6 ұпай - "3"

 5-тен төмен -"2"

ІІ. "Ойлан, тап!" Компьютердің негізгі құрылғыларының атқаратын қызметі - құрылғының


4 минут

5 минут


15 минут

7 минут


3 минут

4 минут


4 минут

атын тауып, анықтама беру

- Шығармашылық тапсырманы оқу



"Жасырын сөзді тап"

Тапсырма22 8 23 18 8 25 1 15 25 1

ІІІ. Жаңа сабақ - Кубизм тәсілі бойынша талдау

ПЕРНЕТАҚТА

1. Сипаттаңыз: Объектке ойша жақынырақ қараңыз және сипаттаңыз. Сіз не көріп тұрсыз? 

Түсі, формасы, өлшемі және т.б.

2. Салыстырыңыз: Бұл неге ұқсайды? Несімен ерекшеленеді?

3. Топтастырыңыз: Сіз қалай ойлайсыз, бұл не үшін қажет? Ойыңызға не келді? Жәй ашық 

ойланып көріңіз, қалай топтастырасыз?

4. Анализдеңіз: Бұл қалай жасалған? (сіз бұны білуіңіз маңызды емес).

5. Ұсыныңыз: Онымен не істеуге болатындығын айтыңыз? Бұны қалай қолдануға болады?

6. Аргументтеу (Келісесізбе немесе келіспейсізбе): Кез келген аргументтер табыңыз. Ол 

ақылға сыйымды немесе ақылға сыйымсыз болуы мүмкін.

ІV. Практикалық тапсырма :

1. Мына бейнені цифрлық перненің жоғарғы бөлігі арқылы орындаңдар

=:~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~:=

=:~%%%%%%%%%%%%~:=

=:~%#######@@######%~:=

=:~%######@@@#####%~:=

=:~%#######@@######%~:=

=:~%%%%%%%%%%%%~:=

=:~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~:=

2. Пернетақтаның анықтамасын теріңіз.

V. Ағымдағы тест сұрақтары. Пернетақтаның негізі бөліктері, пернелердің атқаратын 

қызметіне байланысты оқушыларға сұрақтар беріледі:

1. Пернетақта қандай құрылғыға жатады?

А) шығару құрылғысы

Ә) жазу құрылғысы

Б) енгізу құрылғысы

Г) оқу құрылғысы

2. Пернетақтаның негізгі бөліктерін жаз:________________________ 

_______________________________

3. Мына пернелердің атқаратын қызметі қандай?

Enter -

Esc -

Delete -

Alt –

Ctrl –

CapsLock –

Shift –

NumLock –

VI. "Бес жол" өлең стратегиясы

1. Зат есім (не? кім?)

2. Сын есім (қандай?)

3. Етістік (Не істеді? Қайтті?)

4. Тақырып бойынша сезімді білдіретін 4 сөз.

5. 1-ші жолдың синонимі.



VIІ. Бағалау



Оқушының аты



жөні

Өзін-өзі

бағалауы

Топ басшысының

бағалауы

Мұғалімнің

бағалауы

Қорытынды

баға

Рефлексия

Стикерге "Бүгінгі сабақтан алған әсерлері , не үйрендің, сен үшін не ұнамады, тағы сабаққа не 

қосу керек деп ойлайсың?"

J

K


VIІІ. Кейінгі оқу:: 6 - тақырыпты қайталау, қосымша 7 тақырыпты оқу, пернетақтамен 

жұмысқа жаттығу жасау.

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: «КІТАП ҚАЙДАН КЕЛДІ?»

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы  «Тілінде ауыр кемістігі бар 

балаларға арналған облыстық арнайы мектеп- интернат»  коммуналдық

 мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Муталиева Жамила Әшірханқызы

                                 



Сабақтың тақырыбы: «Кітап қайдан келді?»

Сабақтың мақсаты: білімділігі: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам

өміріндегі маңызы, кітаптың шығу тарихы туралы мәлімет беру, ғылыми көмекші мекеме екендігі

жайлы түсіндіру. Тұтықпасы бар балаларға тыныс алып сөйлеуін қадағалау.

дамытушылығы: оқушының зейінін шоғырландыру, шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамыту,

анық айтуға, жүйелі сөйлеуге, өз пікірін дәлелдеуге, талдауға, өз ойын тұжырымдауға үйрету.



тәрбиелік: оқулықты құрметтей білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, мақал-мәтелдер, суретпен жұмыс.

Сабақтың әдісі:   түсіндіру, сұрақ-жауап.   Сабақтың түрі:    іс жүзінде көрсету.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

   1. Психологиялық дайындық.

   2. Сөйлеу ережесін еске түсіру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Кітап – білім бұлағы», «Кітапханада» мазмұнын айту.

Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

                                                          Кітап не үйретеді? 

Кітапты ұстау ережесін сұрау.

Кітапты жыртпау керек.



Кітапты сызба, таза ұста.

Кітапты тырнама, ұқыпты пайдалан.



Кітаптың жыртылған жерін желімдеу керек.

Кітаптың сыртын қаптау керек.



- Кітап туралы өлең білесіңдер ме?

- Қандай оқулықтар оқисыңдар?

- Мына мақал-мәтелдерді қалай түсінеіңдер?

«Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы».

«Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп».

«Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ».

                       Ақыл да, білім де, байлық та адамға не арқылы беріледі? (кітап).

Сергіту сәті:    

ІІІ. Жаңа сабақ. - Ендеше, бүгінгі сабағымыз кітаптың неден, қалай жасалатындығы туралы болмақ.

                Сурет бойынша және табиғи көрнекіліктер арқылы түсіндіру.



ІV. Оқулықпен жұмыс.   «Жұппен оқу, жұппен талқылау» стратегиясымен оқыту. Мәтін жұпта толық оқылып, 

талқыланады.



Түзету жұмысы:           Сурет бойынша әңгімелету, анық  айтуға жетілдіру.

V. Сөздік жұмыс.

Жаңқалай – жонады.

ұнтақтайды – майдалайды, езеді.

шырмалып – жабысу.

таптайды – тегістейді.

VІ. Сабақты қорыту.    1.  Кітаптың неден, қалай жасалады?

2.

Бес жолды өлең.



Зат есім (1) кітап.

Сын есім (2) қызық, суретші.

Етістік (3) оқимын.

Сезімді білдіретін ой (4) қандай тамаша, қызықты, әсерлі.



VІІ. Бағалау.   Тұтықпай тыныс алып сөйлеген оқушыларды мақтау, бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма:      «Құрметтейік кітапты» шығарма жазу.     

* * * * *



САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: АБЫЛАЙ ХАН

Оңтүстік Қазақстан облысы  Мақтарал ауданы «Достық» а /ә  Ж. Қалшораев елді мекені 

№36 Қ.Әбдалиев атындагы жалпы орта мектебі тарих пәні мұғалімі Шайманова Жанар Оспановна 

 Сабақтың тақырыбы: Абылай хан

 Сабақтың мақсаты Білімділік : Қазақ халқының аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері Абылай ханның өмірі

мен қайраткерлік жолы туралы білім беру.

 Дамытушылық : Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

  Тәрбиелік:  Оқушылардың тарихи  тұлғаларға  деген  құрмет сезімін   қалыптастыру,  Отансүйгіштікке,  елжандылыққа

тәрбиелеу.

 Сабақтың түрі: Аралас сабақ.   Сабақтың әдіс-тәсілдері: Ауызша баяндау, сұрақ-жауап.


Сабақтың   құрал-жабдығы,   қөрнекіліктері   мен   әдебиеттері:  Проектор,   слайдтар,   Қазақстан   картасы,   үлестірме

парақтар, сөзжұмбақ,бағалау кестесі, Абылай хан портреті, суреттер, Ж.Қасымбаев «Абылай хан» Тарих, тұлға, уақыт. –

Алматы:   «Аруна»   баспасы,   2003   жыл,   Ж.Тілеухан,   Ж.Бақыт   «Қазақ   хандығы»   (2-бөлім):   Қазақстан   балалар

энциклопедиясы. – Алматы: «Аруна» баспасы, 2006 жыл.



 Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен әдебиеті, математика,еңбек, сызу

Сабақтың барысы: Ι. Ұйымдастыру кезеңі

 Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.  «Мен қалаймын-----» психологиялық тренингін өткізу.

(Оқушылар бүгінгі Қазақстан тарихы пәнін қалай өткендігін қалайтынын күннің шуақтарына жазады).

 ΙΙ. Үй тапсырмасы: Қазақстанның  Ресейге қосылуы. А) Семантикалық картамен жұмыс № 1

                   Жауаптар



Сұрақтар

1726 жылы

Қайып 

XVIII ғ. 



50 ж.

Жоңғар


мемлекеті

Тевкелев 

1

1718ж. Тәуке хан қайтыс болғаннан



кейін   оның   орнына   келген

мирасқоры

     +

2

Қазақстанға



 

шығыстан


қысымшылық қөрсеткен мемлекет

     +


3

Қай   жылы     Кіші   жүздің   ықпалды

билері   Еділ   қалмақтарымен,

башқұрттармен т.б тіл табысу үшін

Әбілқайыр   ханға  

  Ресеймен

келіссөз жүргізуді тапсырды? 

         +

4

Қай     мерзімде   Қазақстанның



солтүстік-батыс өңірі   орыстардың

бекініс шептерімен қоршалды?

        +

5

Кіші   жүзге   Ресей   бодандығын



мойындағандығы   жөнінде   ел

басшыларынан   ант   қабылдауға

келген елші

     +


       Семантикалық картамен жұмыс №2

                      Жауаптар



Сұрақтар

   Орта Азияға

  

Ресей


1719 жыл

Жайық


өзені   мен

Ертіс


өзенінің оң

жағалауы


1731жылы

1

Қазақстанға



 

қысымшылық

көрсеткен мемлекеттердің бірі

      +


2

Қайып хан қайтыс болған жыл

       +

3

Қазақстан   аумағы   арқылы   қайда



шығуға болады?

      +


4

Қай жылы Ресей патшайымы Анна

Иоанновна   Кіші   жүзді   Ресейдің

қол астына алу туралы   грамотаға

қол қойды?

    +


5

Орыс   үкіметі   өз   бекіністерін

салған жайылымдық жерлер

      +


      Тапсырманы орындап болған соң , оқушылар бірін-бірі бағалайды.

Ә) Сөзжұмбақ шешу.    

Қ

А

Й

Ы

П



Б

А

Ш



Қ

Ұ

Р



Т

Т

А



Р

Ә

Б



І

Л

Қ



А

Й

Ы

Р

Т

Е



В

К

Е



Л

Е

В



Ж

О

Ң



Ғ

А

Р

Р



Е

С

Е



Й

Х

А

Н



Ж

А

Й

Ы



Қ

А

Н



Н

А

И



О

А

Н



Н

О

В



Н

А

  



  Сұрақтар: 

1.

Тәуке ханның мирасқоры  (Қайып)



2.

Қазақ еліне қысымшылық көрсеткендердің бірі  (Башқұрттар)



3.

Ресей бодандығын қабылдаған хан (Әбілқайыр)

4.

Кіші жүзге Ресей үкіметі атынан келген елші (Тевкелев)



5.

Қазақтың шұрайлы жерлерін өзіне қаратуға тырысқан мемлекет (Жоңғар)

6.

Қазақтар қай елдің бодандығын қабылдады?(Ресей)



7.

Хандықтың басшысы (Хан)

8.

Ресей үкіметі өз бекіністерін салған жайылымдық жерлерінің (Жайық)



9.

Кіші жүзді ресейдің қол астына алу туралы грамотаға қол қойған  Ресей патшайымы (Анна Иоаннавна).

Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбы шығады.

III. Жаңа сабақ   Жоспары:  Абылайдың өмірі   Қайраткерлік жолы. 

        Тұлғаға сипаттама: Негізгі оқиғалар:

Абылайдың шын аты -  Әбілмансұр. Жошы ханнан тарайтын белгілі тұлғалардың шаңырағында дүниеге келген. Әкесі –

Уәли. Он бір жасында әкесінен айрылады. Үйсін Төле бидің түйесін бағып жүріп Сабалақ деген ат алады.

1729   жылы   жоңғарлармен   болған   шайқаста     Сабалақтың   аты   шығып,   алғаш   көзге   түседі.   Бұл   ұрыста   18     жасар

Әбілмансұр  қалмақтың батыры Шарышты жекпе-жекте жеңіп шығады. Қалмақтың қалың қолына «Абылайлап» ұрандап

қарсы шабады. Қалмақтың қас батырын жеңген Әбілмансұрдың аты кең байтақ қазақ даласына тарап «Абылай» атанады.

1771 жылы Абылай Түркістанда  бүкіл Қазақ Ордасының ханы ретінде ақ киізге көтеріп, ресми түрде таққа отырады.

10.


Абылай   хан   Қазақ   хандығының   күшін     біріктіріп,   әскери   жағынан   қуатты,   мықты   да   біртұтас   мемлекетке

айналдырды. Абылай хан билік құрған кезеңде   мемлекет шекарасы   одан әрі кеңейді. Қазақ халқының мерейі тасып,

рухы көтерілді.

11.


1781 жылы Абылай хан Түркістанда қайтыс болды. Оның денесі қасиетті Қожа Ахмет Йасауи кесенесінде

жерленген.



IV. Сабақты бекіту:  А) Математикалық ойын .

1) 15*65+736=1711   (1711 ж. Әбілмансұрдың дүниеге келген жылы)

2) (356+295)*3-224=1729  (1729 ж. Жоңғарлар мен болған шайқаста Сабалақтың аты   шығуы)

3) 2952:41+13592:8=1771  (1771 ж. Абылайдың ресми түрде таққа отыруы)

4) (505*33-15465)+83*7=1781  (1781 ж. Абылайдың дүние салған жылы).

  Шыққан сандардан қандай оқиға болғанын айту.



Ә) Оқулықпен жұмыс.  Сызбаны толтырыңдар.

 Өмір сүрген жылдары. (1711-1781 ж.ж.)



 Төле бидің қойған аты. ( Сабалақ)

Жекпе-жекке шыққан қалмақ батыры. (Шарыш)



Таққа отырған жылы. (1771 ж.)



Б) Ой толғау                            

1. Қазақтың ұлы хандарының бірі 

2. Аса көрнекті мемлекет қайраткері

3. Елін қорғады

4. Қазақ хандығын мықты да қуатты мемлекетке айналдырды

5. Қолбасшы

6. Дипломат

7. Мемлекет шекарасын кеңейтті

8.Хандық билікті күшейтуде беделді де талантты тұлғаларға арқа сүйеген.

 Бағалау.  Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу.  

* * * * *



САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ДАРА ЖӘНЕ КҮРДЕЛІ ЕСІМ

ШҚО  Аягөз  ауданы  Бозай аулы «Сергиополь жалпы білім беретін орта мектеп» КММ 

Бастауыш сынып мұғалімі  Абаева Гүлжазира Төлеуғазықызы

 Білімі: Жоғары.   Еңбек  өтілі: 24жыл.   Пәні: Қазақ  тілі.         Сынып:4

 Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі есім.

Сабақтың мақсаты:  Білімділік:   Дара сан есім туралы оқушылардың ұғымын кеңейту, есептік, реттік, дара, күрделі 

түрлерін ажырату.



Дамытушылық:  Сан есім тақырыбы бойынша есте сақтау қабілетін күшейту, сан есімнің жазылу емлесін практикалық 

жолмен меңгерту, ой-өрісін кеңейту, танымын арттыра отырып жылдам ойлауға пікірін жеткізе білуге, дұрыс шешім 

қабылдау білуге мүмкіндік туғызу.

Тәрбиелік:  Сандарға қатысты халықтық ұғымдарға мән беру.Оқушыларды әдемі жазуға, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа 

тәрбиелеу.



Сабақтың түрі:  Саяхат сабақ.   Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап,түсіндіру, талдау.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, дүниетану, информатика.

Сабақтың көрнекілігі: тест тапсырмалары, оқулық, слайд, ҚР карта.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.

2. Үй тапсырмасын тексеру.  6-жаттығу.  Оқушылардың ребусты шешіп шешуіндегі сөзге қандай әңгіме құрағанына 

назар аударайық.



3.  Жаңа сабақ. Балалар бүгінгі жаңа сабағымыз саяхат сабағы. Өзіміздің туған жеріміз Аягөз қаласына саяхат жасау 

барысында «Дара және күрделі сан есім» тақырыбымен танысамыз. Бүгінгі күнді дәптерге жазып алайық. Саяхатта 

қасиетті өңіріміз Аягөз қаламыздың көрікті жерлерге, тарихи тұлғаларға арналған  ескерткіштеріне саяхаттайық. 

5.

Сан есім дегеніміз не? Сан есімнің қандай түрлерін білесіңдер? Сан есімнің сұрақтарын атаңдар? 



Құрамына қарай

Дара сан есім                                                                                         Күрделі сан есім

Бір, үш, екеу, алтыншы                                                                    Алпыс алтыншы, екі мың  

                                                                                                          он екі, қырық-елу,онға жуық

Тұлғасына қарай

Негізгі сан есім                                                                                       Туынды сан есім

Төрт, бір, қырық                                                                                      Бірінші, алтыншы, 

                                                                                                                  елудей, біреу

Саяхатымыздағы І аялдама «Аягөз қаласы жайында қысқаша мәліметке тоқталайық».

Мәліметтерге сүйеніп кездескен сан есімдерді атайық. ІІ аялдамағада келіп жеттік. Экранға назар аударындар. Аягөз 

тарихи тұлғаларының бірі Қасабай батырына арналған кесене. Балалар тәрбие сағатында Қасабай батыр туралы 

мәліметтермен танысқан болатынбыз. 

Қасабай батыр жайлы не білеміз? Қасабай батыр 1713 жылы Алматы облысында туған. 15 жасынан қазақ-жоңғар 

соғысына қатысқан.Қасабай батыр Мамырсу өзенінің бойында өткен ірі шайқаста қаза тапқан. Қасабай -халық батыры. 

ІІ аялдаманың тапсырмасы: Оқулықтағы 7 жаттығуды орындайық.

ІІІ аялдама. Өлкеміздің махаббат мұрасына қойылған ескерткіш «Қозы көрпеш –Баян сұлу». Ескерткіштін шығу 

тарихына тоқтала кетейік.

ІІІ аялдаманың тапсырмасы: оқулықтағы 8 жаттығуды орындайық. Дәптермен жұмыс.

4. Сергіту сәті. 

 Аптаның бірінші күні – 

Қыс мезгілінің екінші айы – 

Бір жылда қанша ай – 

1 метрде неше сантиметр – 

Тәуелсіздік күні - 

Саяхатымызды ары қарай жалғастырайық. ІҮ аялдама «Бәйтерек манументі». Мемлекетіміздің рәміздеріне 20 жыл 

толуына байланысты және Шығыс Қазақстан облысына 80 жылдығына ардагерлер саябағында 2012 жылы биіктігі 13 

метр «Бәйтерек» орналасқан.

ІҮ аялдаманың тапсырмасы: оқулықтағы 13-жаттығу орындайық.

Y аялдама «Поровоз». Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай Аягөз станциясының басына «Поровоз» ескерткіші 

қойылды. 

Ү аялдамасының тапсырмасы: оқулықтағы 11-жаттығуды орындау. «Қазақстанның көрікті жерлері» тақырыбына әңгіме 

құра.   ҮІ аялдама «Абай атындағы  саябақ». 

ҮІ аялдаманың тапсырмасы: 12-жаттығуды орындайық.



Ойын. Сандар сырын ашайық. 1, 4, 7, 90, 40, 9, 6 берілген сандарды байланыстырып уақытқа мақал-мәтелдер, ұлағатты 

ұғымдарды тауып жазайық.



5. Сабақты бекіту. 

Семантикалық картамен жұмыс.

Сан

Дара

Күрделі

Негізгі

Туынды

Мың сегіз жүз 

он жеті

бес


Он  үш

Елу


Жетеу

Алпыс алты



Тестпен жұмыс.

1. Бір жылда неше ай бар?

А) 7 ә) 12 б) 10

2. Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне неше жыл?

А) 22 ә) 20 б) 18

3. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

А) 28 ә) 36 б) 42

4. Сан есімнің сұрағын тап.

А) қандай? ә) қанша? Б) кім?

5. Сан есім нені білдіреді?

А) заттың атын ә) заттың сынын б) заттың санын

6. «Мен отбасымда екінші баламын.» Сан есімді тап, сан есімнің қай түріне жатады?

А) есептік ә) реттік б) болжалдық

7. Реттік сан есімнің жұрнағын тап.

А) – ыншы,- інші ә) – ау - еу б) – дан - ден

8. Берілген сөздерден сан есімді тап?

А)  Ешкі        ә) алпыс тоғыз               б)  Картоп

9. Болжаулық сан есімді тап?

А) Жүздеген     ә) екі-үш           б)  он бес

10. Адамда неше мүше бар?

А) 10            ә) 15                  б) 12

6.

Үйге тапсырма. 9-жаттығу және сан есімдерді қатыстырып өзің туралы жазып келу. Бағалау.

* * * * *

АШЫҚ САБАҚ. БҰЛТТАР ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

Ақтөбе қаласы. №  26 «Үміт» МДҰ Ортаңғы қазақ тобы №1 Құрастырған:  Ержан Айгүл  Жақсылыққызы

Тақырыбы: «Бұлттар әлеміне саяхат»

Ұйымдастырылған оқу –іс әрекеттері: Сурет, тіл дамыту,қоршаған ортамен таныстыру.

Білім беру саласы: Қатынас, таным, әлеуметтік орта, шығармашылық, денсаулық

Мақсаты: Балаларға аспан әлемін қағаз бетіне дәстүрден тыс әдістермен түсіру, іскерлік дағдыларын меңгерту, 

шашырату әдістерін бекіту. Қоршаған ортадағы әсемдікті сезіне білуге, туған жердің табиғатын сүйіп қастерлеп қорғауға



тәрбиелеу.

Сөздік жұмыстар: сұр, қатпарлы, мамық, бұйра.



Көрнекіліктер: Бұлттар суреті,

Қане балалар шеңбер құрып тұрайық

Армысың қайырымды аспан ата!

Армысың мейірімді жер ана!

Армысың шұғылалы алтын күн!

Армысың балабақша, дос жараңдар!



Тәрбиеші:

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Қазір қай ай?

-Бүгін аптаның нешінші күні?

-Қалай аталады?

- Балалар ұйқыдан оянғанда даладан нені көресіңдер?

- Күнді, күннің нұрын көреміз.

- Күннің нұрын көргенде қалай қуанасыңдар?

- Алақай! - деп қуанамыз.

- Далаға шыққанда жоғарыдан нені көреміз?

- Жоғарыдан аспанды, бұлтты, күнді көреміз.

- Төменнен нені көреміз?

- Ағашты, үйді, жерді көреміз.

Ендеше балалар біз аспанға, жерге, күнге және келген қонақтарға жылы лебізімізбен сәлемдесейік.

Қайырлы таң көк аспан

Қайырлы таң алтын күн

Қайырлы таң қонақтар

Қайырлы таң достарым

Тыныштық сәті:

Тыныс алу жаттығулары:

Балалар аузымызды жауып мұрнымызбен терең демалайық.

Тамаша балалар.

Балалар енді мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Күнді жабады

Жаңбыр болып жауады. (Бұлт)

Балалар бұлт туралы өлең шумақтарын оқып бергім келіп тұр.

Ақсың, сұрсың қарасың

Қалқып қайда барасың ?

Жерге нөсер төгілсін

Өссін гүлдер, көп егін.

Гүл, гүл жайнап өсер көп

Нөсерлетсең нөсерлет.

Балалар ойын ойнайық.



“Көршісін тап” ойыны.

1-ден 5-ке дейінгі сандар.



Қызықты сәт: Топқа бұлт кіреді.

- Балалар бізге қонаққа бұлт келіп қалыпты.

- (Бұлт)Балалар мен аспан әлемінен келіп тұрмын. Менімен бірге бұлттар әлеміне саяхатқа шыққыларың келе ме?

-Ия, арине!

Енді балалар бұлттар әлеміне саяхатқа шығайық. Ол үшін орнымыздан тұрып, қолдарымыздан ұстап, көзімізді жұмып 

елестетейік. Біздер ұшаққа мініп аспанда ұшып келе жатырмыз. Аспанда мақтадай үлпілдеген бұлттар өтіп бара жатыр. 

Бұлттар әр түрлі пішіндерге қоянға, геометриялық пішіндерге ұқсайды екен. Ал енді төменге қарайықшы  төменнен нені 

көріп тұрсыңдар? – жер, су, ағаштар. Бұл біздің туған жердің байлығы,Табиғат қандай әдемі! Туған жеріміздің табиғатын

қастерлеуіміз, қорғауымыз керек.Балалар енді назарларыңды маған аударып аспанға қарайық мен сендерге бұлттардың 

түрлерін көрсеткім келіп тұр.

Пішініне қарай бұлт бірнеше түрге бөлінеді.

Будақ бұлт- түтіліп,үйіліп жатқан жүнге немесе мақтаға ұқсайды. Жеке будақтар, сұрғылт түсті келеді. Олар біріге келе 

түнеріп, будақ бұлт жаңбыр бұлтына айналады. Одан нөсер жаңбыр жауады.



Шарбы бұлт- өте үлкен биіктікте ұсақ су тамшылары қатып, мұз кристалдарына айналуынан пайда болады. Ақ түсті, 

нәзік шілтерге ұқсайды. Шарбы бұлттан жауын шашын жаумайды.



Қабат бұлт- тұманға ұқсас бірсыдырғы сұрғылт қабат құрайды. Қабат бұлт аспанды түгел торлап алады да, одан ұзаққа 

созылған ақ жауын жауады.

Бұлтты құрайтын су тамшылары бірігіп ауырлайды да, жерге жаңбыр болып жауады.

Балалар бізге бұлттын тапсырмасы бар екен.Осы тапсырмаларды орындасақ күлімдеген күнге де жетеміз.Олай болса мен

тапсырмаларды оқиын.

1-тапсырма.  Санамақ білeсіндер ме?

2- тапсырма. Сандарды ретімен орналастыр? Балалар бойымызды жазып алайық.

Сергіту сәті: «Жаңбыр»

Жаңбыр жауа бастады

Қатты жауа бастады.

Бәсеңдеді

Бұлттар тарқады

Жарқырап күн шықты.



3-тапсырма.

Қандай ертегілер білесіндер? 



4- тапсырма.

Логикалық есептер.

1.5-тен 4-ті алайық,

Қанша қалды санайық.

Қарайық та санайық,

Санайық та табайық. (1)

2.Ағаш басына келіп екі торғай қонды, оған бір торғай қосылды. Барлығы қанша торғай?

3.Әсемге мамасы бір кітап әкеп берді. Оны ол ағасына берді, Әсемде неше кітап қалды?

Балалар тамаша тапсырмаларды орындадық. Енді тағы да ойын ойнайық.



Ойын: «Кім жылдам» ойыны. Қиынды қағаздардан құстарды құрастыру.Содан соң  балабақшамызға қайтайық.

-Балалар аспан әлемінен алған әсерімізде, сезімді балалар, қағаз бетіне бейнелейік.

Бәріміз орнымызға отырайық. Үстел үстінде жұмысқа қажетті құралдар бар. Ақ парақта бұлт пен күннің, суретін 

салайық.


Қорытындылау. Сұрақ –жауап арқылы. Балалар мен сендерге аспан әлемінен бос келгенім жоқ, ҰОІӘ жақсы 

қатысқандарың үшін сыйлық ала келдім.



Мадақтау. Балалар сендермен ҰОІӘ өткізген маған қатты ұнады. Енді мен өз әлеміме оралайын Сау болыңдар!.

Қоштасу.

Қол ұстасып тұрайық.

Шеңберді біз құрайық

Көріскенше күн жақсы

Сау саламат болайық.

* * * * *



САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ САЛАЛАРЫ

Ақтөбе облысы  Байғанин ауданы Т.Жармағамбетв атындағы орта мектептің

тарих-география пәнінің мұғалімі Тажибаева Алмагул Наурызбаевна

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы

Әлеуметтік инфрақұрылым салалары

Кл 9


Сабақтың мақсаты

Оқушылардың білімін жетілдіріп, белсенділігін арттыру үшін әр түрлі тәсілдер 

пайдаланып қайталау, жеке, топтық тапсырмалар арқылы өз бетімен ізденуге, 

бір-бірін бағалай білуге, топтасып жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Тақырып бойынша білімдерін өзектендіре алады;

Мәтінді оқу арқылы берілген тапсырманы сыни тұрғыдан саралай оқи алады;

Өз ойларын еркін жеткізе біледі;

Ынтымақтастық атмоферасы қалыптасады;

ресурс


Сабақ 

кезеңдері

Сабақ мазмұны

Топқа бөлу 

қағаздары, 

бағалау 


парақшасы

кіріспе


Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындау.

Оқушыларды 4 топқа бөлу

( сауда, денсаулық, білім беру, демалыс )

Қима қағаздар 

(сәкестендіру, 

бағандық және 

дөгелек 


диаграмма)

Инт. тақта

тұсаукесер

 «Құпия хат »

(конверт ішіндегі топтық  жұмыстарды орындау )

І топ Сәйкестендіру

ІІ топ

Бағаналы диаграмма құрастыру

теміржолмен- жүктің 57,5%-ы

автомобиль жолымен- жүктің 15,5%-ы

құбыр жолымен-жүктің 27%-ы

ІІІ топ

Дөгелек диаграмма құрастыру

теміржолмен- жолаушы айналымының 11,4%-ы

автомобиль жолымен- жолаушы айналымының 85,7%-ы

әуе жолымен-  жолаушы айналымының2,9%-ы

ІУ топ  «Ойлан тап» (Бос орындарды толықтыр)

6.

1905-1907 жылдары ........................................теміржолы салынды.



7.

Түркістан-Сібір теміржолы ...............  жылы салынды.

Жүк айналымы                        

көлік торабымен біріктірілген  барлық көлі

түрлерінің  жиынтығы

Көлік торабы                                  

уақыт бөлігіне шаққанда     көлік жолдарын

көлденең қиылысы арқылы өткен көлік

құралдарының саны

Көлік кешені

километр арақашықтығына шаққанда 

тасымалданған жүктің тоннамен есептелген

мөлшері

Өткізгіштік қабілеті



Жүк және жолаушы алмасуы мен көлік 

жолдарының қиылысуы

Жолдардың жиілігі

1000 шаршы км аумақтағы жолдардың 

ұзындығы


8.

Қазақстанның орталық бөлігі арқылы  .................. теміржолы өтеді.

9.

Екібастұз көмір бассейінін игеру ....................... теміржол маистралін 



салуға қолайлы жағдай туғызды.

10.


Транссібір теміржолы ....................................................  арқылы өтеді.

11.


Қазақстанда теміржолдың жалпы ұзындығы  ..................   мың км.

12.


Қазір елімізде ....... әуежай, ...... шетелдік авиакомпания бар.

13.


Автомобиль жолдарының ұзындығы ............... км.

14.


Су жолында ............................. өзені жетекші орын алады.

15.


Қазақстанның мұнайды экспортқа шығаратын басты мұнай 

құбыры-..........................................

16.

Қазақстан мұнайды Ресейден .................................... мұнай құбыры 



арқылы алады.

Сұрақ -жауап әдісі

Каспий теңізіндегі порт(Баутино, Құрық,)



Мұнай және басқа сұйық тасымалданатын кеме (танкер)

Қазақстанның ірі теңіз сауда порты (Капий теңізіндегі Ақтау порты)



Өзен көлігімен тасымалданатын жүктер (минералдар, құрылыс 

материалдары, тұз, көмір, мұнай, астық, т.б)

Халықаралық әуежай  (Алматы)



 Оқулық, постер

маркер 


Инт тақта 

электронды 

оқулық, т.б

Негізгі бөлім



"Ой тастау" электронды оқулық 

Инфрақұрылым кешені дегеніміз не?

Топтық таныстырылым (шығармашылық ізденіс)

Сауда тобына

Сауда және тұрмыстық қызмет көрсету



Денсаулық тобына

Денсаулық сақтау және оны қалпына келтіру



Білім беру тобына

Білім беру жүйесі



Демалыс тобына 

Халықтың демалысын ұйымдастыру және рекреациялық аудандар

Сурет, қалам, 

қағаз


қорытынды

«Бос микрофон»

Сұрақ-жауап арқылы жүзеге асырылады

Бағалау


Әр топ басшысы бағалау парағын тапсырады

Мұғалім жинақтап баға қояды.

Үйге тапсырма

§35 әлеуметтік инфрақұрылым салалары

Реферат дайындау

Не сәтті өтті?

Не сәтсіз өтті?

ТҮСІНІК ХАТ

Оңтүстік  Қазақстан облысы Шымкент  қаласы №75 мектеп -гимназиясы 

Бастауыш  сынып  мұғалімдері Джадигерова Жадра. Жиренбаева Назира 

                    

  Қазіргі кезде оқыту мен тәрбие беру үдерісі балалардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне ғана емес, білім беру

жүйесінің ұйымдастырушылық жағына да байланысты болып отыр. Математика пәнін оқыту барысында оқушылардың

пәнге   деген   қызығушылығының     болмауынан,   түсінбеуі   салдарынан   мұғалім   жұмысында   көптеген   қиыншылықтар

кездесуі  мүмкін.  Егер  білім  берудің әр сатысының  арасында  пәннің  мазмұны,  оқыту  әдістері,  оқыту  құралдарының

сабақтастығы толық орындалып отырса, яғни білім берудің әр сатысында берілетін математикалық білім бір – бірімен

сабақтас болған жағдайда бұл қиыншылықты жеңуге болады.

  Бастауыш   сыныптың   4  сыныбына   арналған  «Қызықты   математика   әлеміне   саяхат»   арнайы   курс   бағдарлама   үлгісі

аптасына   1   сағат,   жылына   34   сағат   жүктеме   берілген.   Негізгі   оқу   материалдарын   басшылыққа   ала   отырып,   бұл

бағдарлама   оқушылардың   математикадан   алған   білім,   білік,   дағдыларын,   танымдық   қабілеттерін   және   пәнге   деген

қызығушылықтарын   арттырады.   Тереңдетілген   бағытта   алынған   бағдарлама   құрылымында   оқушылардың   жас

ерекшеліктері мен даму деңгейі ескеріледі. 

  Балалардың   танымдық   қабілеттерін   дамытып   пәнге   деген   қызығушылықтарын   арттырудың   негізгі   бір   жолы   –

дидактикалық  материалдар  мен қызықты  тапсырмалар.   Есеп  зерделілікке,   қиялдауға,   тапқырлыққа,  шапшаң  есептеу

қабілеттерін дамытады. 

  Өтілетін   жұмыстар   мен   тапсырмалар   оқушылардың   жас   ерекшеліктерін   ескеріп,   білімдерін   жетілдіріп,   дамытуға

арналған. 



МАҚСАТЫ:

1.

Оқушыларға математикалық білім, білік, дағдыларын игерту;



2.

Шығармашылық қабілеттерін арттыру;

3.

Зейінін, еске сақтау, байқағыштық, бақылағыштық, қиялдау, танымдық іс – әрекеттерімен өздігінен білім алуға,



ізденуге бейімдеу;

Оқушы


Құпия хат

Сұрақ 


-жауап 

әдісі


Ой 

тастау


Топтық 

таныстырылым

«Бос 

микрофон»



4.

Оқушыларды жоғары сыныптарға дайындау, логикалық ойларын дамыту, шапшаң есептеуге үйрету.



            МІНДЕТІ:

1.

Оқушының тұлға ретінде қалыптасуына әсер ету;



2.

Ақыл – ойын және ерік пен сезім белсенділігін арттыру;

3.

Логикалық ойлау қабңлеттерін арттыру;



4.

Математикалық тілде сөйлеу машығын қалыптастыру;

5.

Оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттыру;



6.

Оқушыларды   ұйымшылдыққа,   ұстанымдылыққа,   шыдамдылыққа,   адамгершілшік   қасиетке,   достыққа

тәрбиелеу.

            БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫЛАРЫНА  ҚОЙЫЛАТЫН      ТАЛАПТАР



  Математиканы   қажетті   салада   қолдана   білу   мүмкіндіктеі   жөнінде   түсініктерін   қалыптастыру,   заттарды

санаудың, кесіндінің ұзындығын өлшеудің және амалдың нәтижесі ретінде жай түсінік бее отырып, салыстыу, ажырату,

жай есептер құру;

Амалдадың мән-мағынасы аталарын, есепте тәсілдеі, жай есептер құрудың тиімді жолдарын пайдалана білу;



 Өз ойынан есеп, шифрлау, ребстар құрастыру

НӘТИЖЕ:

*Оқушының ой-өрісі дамиды.

*Ойлау іскерлігі қалыптасады.

*Ақыл- ойы жетіледі.

*Есте сақтау қабілеті артады.

*Қызығушылық қабілеті оянады.

*Тіл, сөйлеу мәдениеті қалыптасады.

*Оқушы өз бетімен жұмыс жүргізуге дағдыланады.

*Шығармашылықпен жұмыстанады.

*Даму мониторингі айқын көрінеді

      

 БОЛЖАМЫ: Математикалық білімнің іскерлікпен машықтық жүйесінен оқушылардың терең және сапалы меңгеруін

қамтамасыз ету. Математикалық заңдар мен логика ережелерін үйрету. 

Оқу программасы бойынша сабақ үстінде негізгі тақырыптың маңызды мәселелерінің бәрін қамту, жан – жақты мүмкін

болмайды.   Сондықтан   оқушылар   орындайтын   жаттығуларда   әртүрлі   іс   –   әрекетке   математика   тіліне   ауызша   және

жазбаша қолданылуы, кейбір күнделікті өмірдегі құбылыстардың өте қажет мәселелері одан тыс қалып жатады.

Берілген материалдар мен тапсырмалар оқушылар қызығатындай, логикалық жаттығулар, есептер күнделікті өмірден

алынып, әртүрлі салалармен (техника, әдебиет, экономика т.б.) байланыстырылған. 

Сонымен бірге, есептердің түрленген әдісін анықтау, есепке сәйкес аналитикалық және синтетикалық талдау, талқылау

жүргізе білуге дағдыларын қалыптастырады.  

Мазмұны

I бөлім               7-сағат

Сағат саны

1. Арифметикалық амалдар. 

2. Логикалық есептер. 

3. Көп таңбалы сандарды санау,салыстыру. 

4. Көп таңбалы санды көбейту,бөлу. 

5. Танымдық есептер. 

6. Жәй және жанама есептер. 

7. Уақыт өлшем бірліктері. 

1

1

1



1

1

1



1

           ІІ бөлім     7 сағат

8. Теңдеу.Күрделі теңдеулер. 

9. Теңге күніне орай «Миллион кімге бұйырады?»сайыс 

10. Сандарды 10,100,1000-ға көбейту. 

11. Қалдықты табу. 

12. Құрама есептер шығару. 

13. Төменгі сынып оқушыларын математикалық олимпиадасына даярлау 

14. Ауданды табу. 

1

1



1

1

1



1

1

        ІІІ бөлім             6 сағат

15. Жылдамдық.Уақыт.Қашықтық. 

16. Бағасы. Құны. Саны. 

17. Жанама есептер шығару. 

18. Мемлекеттік аралық бақылауға даярлық, тест тапсырмалары 

19. Көлемді табу 

20. Санды, әріпті өрнектер. 

1

1

1



1

1

1



Мазмұны

Сағат саны

     ІҮ  бөлім           14 сағат

21. Мазмұнды есептер шығару. 

22. Олимпиаданың дайындық есептері. 

23. Арифметикалық ребустар. 

24. Комбинаторика элементтеріне берілген есептер. 

25. Фигураларды бөлуге және құрастыруға берілген есептер 

26. Мәтіндік есептер. 

27. Санжұмбақ шешу. 

28. Математикалық викториналар. 

29. Санның үлесін табу. 

30. Экологиялық мазмұнды есептер 

1

1



1

1

1



1

1

1



1

1


31. Тапқырлықты талап ететін логикалық есептер 

32. Микрокалькуляторды пайдаланып,есептеулер жүргізу. 

33. «Бастауыш көшбасшысы» білім байқауы 

34. Тест жұмысы. Қорытындылау. 

1

1

1



1

                                                        БАРЛЫҒЫ                    34  сағат 

МАТЕМАТИКА ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

пәнінің ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

             

  Математикалық  ұғымдар  басқа  ғылымдар да  кең  қолданылады, яғни бұл пән өмірдің қажетінен туындап отыр. Бұл

пән оқушының ойлау қабілеті мен жалпы білім дәрежесін дамытады.  Сабақта әр материалдың шығу тарихын, өмірдегі

пайдасын қысқа және қызықты түрде айта отырса,  оқушылар жан – жақты білім алады.

   Математикалық оқыту – оқытудың дидактикалық принциптерін басшылыққа ала отырып оқыту әдістері арқылы жүзеге

асырылады.



Мақсаты:

1.

Барлық оқушыларды математика ғылымына негіз болатын білімдер жүйесімен қаруландыру және алған білімін



практикада қолдана білудің іскерліктері мен дағдысын қалыптастыру.

2.

Әрбір жеке тұлғаның ақыл – ойының дамуына шығармашылық даму мүмкіндігіне жағдай жасау.



3.

Оқушының математикалық мәдинеттілігін, сауаттылығын қалыптастыру, оқушының математикаға деген ынта

ықыласының тұрақты болуын қамтамасыз ету, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

 Математикалық оқыту.

Түсіндірме – бейнелеу



Әңгімелеу

Лекция


Проблемалап баяндау

Эвристикалық әдіс (оқушының толымдық қызметін ұйымдастыру)



Зерттеу


Оқушының білім – білік дағдысына  қойылатын талаптар

Сандар қасиеті мен сырын білу;

Халық ауыз әдебиет үлгілерін математикамен                              ұшастыра білу;

Байырғы халық өлшемдері жайлы мағлұматты  есте сақтау оларды үлкен кісілердің сөзінен, әдеби шығармадан, 

сөздіктерден  кездестіре отырып, 

жинақтай жүру;

Ұлттық мазмұны бар математикалық есептерді меңгеру;

Ақ-қараны ашқан билер,  тауып айтқан шешендер сөзіндегі  сұрақтарға, есептерге дұрыс жауап беру,  ой қорытындысын 

жасай білу

Оқушылардың  қолданатын  әдебиеттері

Математика.1-4 сыныптар      



Алматы

 

 



«Атамұра»,1997-2004ж/ж.

Т.Қ.Оспанов,Ш.Х.Құрманалина,Ж.Т.Қайыңбаев,БМ.Қосанов,К.Ә.Ерешева.

 С.Елубаев, С.Елбаева  “Дидактикалық ұлттық ойындар мен логикалық есептер”



Пайдаланған әдебиеттер

Мұғалімге арналған:

1.Бастауыш кластарда математикадан жүргізілетін кластан тыс жұмыстар. Алматы «Мектеп»1985ж.

3.Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар. 1-4 сыныптар. Б.М.Қосанов.Р.Қ.Өміртаева Алматы 

«Атамұра»,1998ж.

4.ҚР бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты,Алматы 1998ж.

5.ҚР Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары.Жалпы бастауыш білім.АлматыРОНД,2002.

6.Бастауыш мектеп №12,2009ж. №4,2010ж. т.б.

7.Бастауыш сынып оқушыларын математикалық олимпиадағадаярлау. Ж.Бейсеков,АЖақсыбаева,Ж.Қамбаров. Шымкент 

2008ж.

8. «Математиканы оқыту әдістемесі»Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сынып мұғалімдеріне арналған.



Т.Қ.Оспанов,Ш.Х.Құрманалина,Ж.Т.Қайыңбаев,Б.М.Қосанов,К.Ә.Ерешева. 1999 

9. «Кенгуру» Халықаралық математикалық ойын-сайысы

10. С.Омарханов.,А.Ауелбекова

Оқушылардың логикалық танымдық әрекеттерін дамытуда қызықты есептерді пайдалану

* * * * *


Каталог: 2015
2015 -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
2015 -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Қош келдің, әз-Наурыз! Арулардың жанданған бірлестігі
2015 -> Облыстық ҚОғамдЫҚ-СаяСи газеТ
2015 -> 11 бет 3 стр. №16 (109) 20 тамыз, 2015 жыл АҢдатпа
2015 -> Туған жер тұлғалары Аманжол Күзембайұлы
2015 -> Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы
2015 -> Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне Карагандинская область
2015 -> Ілияс есенберлин

жүктеу 1.62 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет