МҰҒалім көшбасшылығын дамыту сапалы білім негізі



жүктеу 1.62 Mb.

бет3/13
Дата11.01.2017
өлшемі1.62 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Сабақтың  әдісі: Сұрақ  жауап, ой  қозғау,  түртіп алу,  топпен  жұмыс  жасау   стратегиясы.

Пән аралық  байланыс: дүниетану,  бейнелеу.

Сабақтың  барысы:  1) Кіріспе  бөлім. Қызығушылықты  ояту. «Бісміллә» деп сабақты қадірлі   сөзбен бастау.

І. Ұйымдастыру  кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа  аударып,  оқу  құралдарын  түгелдеу.

Балалар,  бүгін  біз сабақта  мынандай  ұранмен  жұмыс  жүргіземіз.



Білім ал да, еңбек ет,  Дем ал,  досқа бер  көмек.

Отанды  сүй, адал  бол, Өнегелі адам  бол!

Балалар, сабағымыздың ережесімен  танысып алайық



Ереже:  Өзіңді еркін  ұстау.

Ойыңды ашық  айту

Досыңды  тыңдау.

Сабақта   тәртіп  сақтау.

ІІ. Үй тапсырмасын  сұрау.  «Желтоқсан»  өлеңін   мәнерлеп  оқыту.(4 оқушы)

1.

 Желтоқсан айындағы  басты мерекелерді  ата?



2.

16 -желтоқсан  қандай  күн?

3.

Желтоқсан  сөзіне  топтастыру  жазу.



Слайд арқылы  суреттер  көрсету

ІІ. Жаңа сабақ      2) Негізгі  бөлім «Қазақстан».  Авторы: Ауыт Мұхибек



Ой  шақыру



Қ

А

З

А

Қ

С

Т

А

Н

Көмірлі  қала



Аяулы  жан

Қоянның  орысша  атауы



Бал  беретін  жәндік

Ұлт аты


Уақыт  өлшемінің  бірлігі

Қазақстанның  ақшасы



Бас  қала  қай  қала?

Түйенің атауы





Слайд «Қазақстанның  жетістіктері»  туралы  суреттер

Ал  балалар,   бүгінгі  сабағымызда   Ауыт  Мұқибек  ақынның  «Қазақстан»   өлеңімен  таныс  боламыз.

Ауыт  Мұқибек  ақын  Қытай  халық  Республикасында  дүниеге  келген. 1998 жылдан  бері  Қазақстанда  тұрады.

Өлеңді  оқушыларға  мәнерлеп,  дауыстап  оқып  беремін.

Оқушылар  өлеңді көзбен  іштей оқып шығады. Оқушыларға  дауыстатып  оқытамын.

Тақтадағы  сөздерді  оқытып,  сұраққа   жауап  аламын.



Дәптермен  жұмыс

1.

Күн  шуағын  төккен   күн.



2.

Баққа  қолы  жеткен  күн.

3.

Ақ қанатын  қаққан  күн.



4.

Әже  әлдилеп немересін, 

5.

Басы  айналған  бақтан  күн.



Осы  жолдар не  туралы  айтылған? 16 – желтоқсан Тәуелсіздік  күні  туралы  айтылған.

ІVСергіту  сәті  «Қара жорға»  биі

V.  Топпен  жұмыс. Шығармашылық  тапсырмалар

І топ  Іздену  орталығы

ІІ топ   Шығармашылық  орталық

ІІІ  топ  Бейнелеу  орталығы

Өлең  соңындағы  тапсырмаларды   орындайық

І  топ. Ақынның  қуанышты  сәтті бейнелейтін  жолдарын  тауып  оқу.

ІІ топ. Тәуелсіздік  туралы  әңгімелеу.

ІІІ  топ. Мына  сөздерді  пайдаланып  дәптерлеріне  мерекелік  құттықтау  жазу. (Сурет салу)

Мереке,  тәуелсіздік,  бақыт,  тыныштық

Әрбір топқа уақыт   беріп, тапсырмаларын  тыңдау, көру.

Балалар, ыңғайланып  отырып алып, Қазақстанның   болашағын елестетіп көріңдер.  Осындай  бақытты , бейбіт  елде  

туып, өмір  сүріп  отырғанымыз  үшін Отанымызға  рахмет  айтайық.



VІ. Ойын.  Мақалды  жалғастыр.

1.

Туған елдей  ел  болмас  Туған  елдей не болмас?



2.

Ел іші............ бесік.

3.

Өз елім..... төсегім



VІІ. Ойын.  Тапқыр  достар. Ойын  тәртібін  оқушыларға  түсіндіремін. Ойынға    барлық  оқушылар  қатысады. 

Ойынды  бастаймын. Кестеде  сандар  жазылған  ұяшықтар  бар. Сол  сандардың  артында  сұрақтар жасырынған. Сол  

сұрақтарға  жауап  берген   оқушылар  өз  елінің  мақтанышы  ұл-қыздары  болып саналады.

1.

Ортадағы  40 – Тәуелсіздік  күні  қай  күн?



2.

Сол  жақтағы 30- Рәміздерді  ата

3.

Оң жақтағы 30 – Н.  Оңдасынов  кім?



4.

Оң  жақтағы 40 –Отан туралы мақал айт?

5.

Ортадағы 30- Өзің  қалаған өлеңді  жатқа айт



6.

Сол жақтағы 40- Қыс айларын  ата?

7.

Оң  жақтағы 50- Отан  өлеңін  жатқа  айтып  бер



8.

Ортадағы  50-« Кімге  қарыздармыз?»  әңгімесінен  үзінді

9.

Сол  жақтағы 50- Біздің  Отанымыз  қалай  аталады?



VІІІ.Қорытынды  бөлім. Жаңа  сабақты  бекіту.

Сұрақ-жауап

1.

Қазақстан  өлеңінің  авторы  кім?



2.

Егемендігімізді  қай  жылы  алдық?

3.

Желтоқсан  құрбандары  кімдер?



4.

Бақыт  сөзіне  топтастырулар айт



Кері байланыс

Сабақта  не ұнады?

Нені  білдің?

Нені  білгің  келеді?

Мына  өлең  жолдарымен  сабағымызды  аяқтаймыз


ІX Оқушылардың  білімдерін  бағалаймын.

Үйге  тапсырма. Ауыт  Мұқибек «Қазақстан» Өлеңді  мәнерлеп  оқып  келу.



* * * * *

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ МЕРЗІМІ

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы М. Жәрімбет ауылы «Алғабас» жалпы 

орта мектебі ІІ санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дауылбаева Айжан Шенгелбаевна

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары

Сабақтың   мақсаты:  Сөз   таптары   туралы   алған   білім-білік   дағдыларын   іс-жүзінде   сауатты   қолдана   білу.   Топта   өз

ойларын ортаға салу, пікірлесуге, талқылауға үйрету.



Күтілетін нәтиже: Оқушылар сөз таптарын біледі, дидактикалық материалдар бойынша сөз таптарын ажыратады, алған

білімдерін еске түсірді. Зат есімді ажырата біледі. Оқушылар топтық жұмыс жасау арқылы сыни тұрғыдан оилай біледі.



Сабақтың түрі: Арлас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топтастыру, «Бес жол өлең» стратегиясы, диалогтік оқыту.

Тапсырмалар: Санақ жүйесі бойынша топқа бөлу, сөзжұмбақ, постермен топтық жұмыс, «Бес жол өлең» стратегиясы.

Керекті жабдықтар: Плакаттар, стикер, маркер, желім.

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әректі

Ресурстар

3мин


Ұйымдастыру кезеңінде

оқушылармен амандасамын, 

түгелдеймін.

Кезекші   сабаққа   келмеген

оқушыларды айтты.

3мин


Оқушыларды топқа бөлемін, 

мақсатын түсіндіремін.

Оқушылар санау жүйесінде 

(1,2,3,4) топқа бөлінді.

3мин

Топтарға сұрақ қою арқылы 



өткенге кері байланыс жасаймын.

Сұраққа жауап беріп отырады.

Сұрақ-жауап.

3мин


Қызығушылықтарын ояту. 

Сөзжұмбақ жасырамын.

Сөз мұмбақты шешеді, жаңа 

сабақтың тақыыбын ашады.

Интерактивті тақта

10мин


Әр топқа сөз табы жазылған (зат

есім, сын есім, сан есім, етістік).

Оқушылар   берілген   сөз   табын

сипаттап   постер   жасайды,

жасаған   жұмыстарын   тақтада

қорғайды.

Плакат, маркер, стикерлер.

10мин


Диалогтік оқыту. Топтарға бірдей

«оқушы мәдениеті» деген қандай

болу   керек   деген   тапсырма

бердім.


Оқушылар   осы   тапсырмаға

топпен бірлесе зерттеп, ойларын

қағазға   түсірді   және   айтып

шықты.


5мин

«Бес жолды өлең» стратегиясы

1.Не?

2.Қандай?



3.Не істейді?

4.Сөйлем.

5.Синоним.

Топтар   өздері   бес   жолды   өлең

құрастырады. Мысалы: 1.Бала.

2.Әдепті, үлгілі.

3.Ойнады, жазды, оқыды.

4.Үлгілі бала сабақ оқыды.

5.Жасөспірім ұлан.

5мин


3мин

Бағалаймын.

Рефлексия.   Не   білдім?   Не

үйрендім? Не білгім келеді?

Оқушылар

 

күнделіктеріне



бағасын қойдырады. Стикерге өз

ойларын   жазып,   сенім   ағашына

жабыстырады.

Стикер.


САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: КӨМІРТЕК ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ

Ф. Досымова атындағы №12 орта мектебі. Химия пәні мұғалімі Мурзагалиева Лиза Хамитовна

Пәні: Химия Күні: Сыныбы: 9 – сыныбы

Сабақтың тақырыбы: Көміртек және оның қосылыстары

Сілтеме Химия

Мақсаты:  Көміртектің алынуы және өндірісте, зертханада, медицинада қолданылуына тоқталу. Көміртектің физикалық

және химиялық қасиеттерін меңгеру.

Күтілетін нәтижелер: Көміртегі тақырыбының жан-жақты теориялық және өмірмен байланысты мәліметтерді қарастыра

отырып, топта пікірлесуге, сыни тұрғыдан ойлай білуге, пікірін айта білуге, интерактивті тақтамен жұмыс жасай білуге,

өзін-өзі   бағалауға,   өзгені   тыңдай   білуге   үйренеді.   Оқушыларды   өз   бетінше   ізденімпаздыққа,   шығармашылық

қабілеттерін дамытуға, еңбектенуге дағдыланады.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру

Пәнаралық байланыс: Ағылшын тілі, математика, физика

Қолданылатын   әдістер:   Сын   тұрғысынан   ойлау   стратегиясын   қолдану,   интерактивтік   тақтаны   пайдаланамын,   жас

ерекшеліктеріне сай оқыту, екі жақты күнделік, ғаламторды, АКТ, ойтолғаныс, РАФТ стратегиясы, білімді терең білуге

ықпал жасау және ғылыми жаңалыққа деген қызығушылығын арттыру.

Керекті жабдықтар: Интербелсенді тақта, оқулық, ғаламтор, стикер, маркер т.б.

Сабақтың барысы: 

Кіріспе


Негізгі бөлім

Көміртек II период, IV топтың негізгітопшасыныңэлементі 

Реттік нөмірі - 6 

Ядросында- 6протонмен 6нейтроныэлекторн саны - 6

Электрондықформуласы1s

2

2s



2

2



 

Гибридтенуге көміртек атомының төрт орбиталі (бір s және үш р) қатысады.Көміртекатомы үш түрлі болып: sp

3

(эс пе


үш),sp

2

(эс пе екі),sp(эс пе) гибридтенеді.



sp

3

гибридтену. Химиялық байланыс түзілгенде, көміртек атомының барлық электрон бұлттары (бір s пен үш р) араласып,



бірігіп   пішіндері   бірдей,симметриялыемес   көлемдік   сегіз   тәрізді   төрт   sp

3

-   орбитальдар   түзеді.   sp



3

гибридтенген

орбитальдардың электрон бұлттары осьтерінің арасындағы бұрыш 109° 28' болып, бір- бірінен мүмкіндігінше алшақтап,

кеңістіктететраэдрдіңтөбесіне бағытталып орналасады.

sp

2

- гибридтену. Бұлжағдайдагибридтенуге бір s- және екі р- орбитальдар (барлығы үш орбиталь) қатысады. Көміртек



атомының бір р-орбиталі гибридтенуге қатыспайды. Гибридтену нәтижесінде үш sp

2

-гибридтенген орбитальдар түзіледі.



Бұл орбитальдардың басқа көршіатомдарменжазықтықта түзетін үш байланысының арасындағы бұрыш 120° шамасында

болады.


sp - гибридтену. Егер гибридтенуге бір s-және бір р- орбиталь қатысса, онда екі sp-гибридтенген орбитальдар түзіледі де,

екір-орбитальдар гибридтенбей, таза күйінде калады. sp-гибридтенгенбұлттартүзетін химиялық байланыстар түзу сызық

бойымен бағытталып, арасындағыбұрыш180° болады.

Табиғатта таралуы

Көміртек   бос   күйіндеалмаз,графит,карбиндеп   аталатын   аллотропиялық   күйлерінде   кездеседі.

Табиғиқосылыстарыкарбонаттар   (СаСО3•   MgCО3-доломит,   СаСО3-мәрмәр,   MgCО3-магнезит).   Байланысқан   күйде

көмірде, мұнайда,табиғи газдардакездеседі. Бос күйінде көміртек улы емес, ал оның қосылыстары CO - иіс газы, ССl4-

төрт хлорлы көміртек, CS3—күкірттікөміртек улы заттар. 

Аллотропия[

Аллотропиядегеніміз– химиялық қасиеттері бірдей, алайда физикалық қасиеттері әр түрлі, түрі де әрқилы элементтің

қасиеті. Көміртегінде аллотропия қасиеті бар. Көміртегінің әр түрлі түрлері көміртегі аллотроптары деп аталады.Олар не

кристалдар, не аморфтар болуы мүмкін. Гауһар мен графит кристалл аллотроптарға жатса, көмір, кокс, ағаш көмір, қара

күйе, көміртегі газы және мұнай коксы аморфты аллотроптарға жатады.

Физикалық қасиеттері

Алмазең   каттызат,графитмайтәрізді   жылтыр   сұр   түсті   жұмсақ   зат.   Графит   2000°С-да,

төменгіқысымдакарбингеайналады.   Жаңадан   алынған   фуллерен   деген   түрі   де   бар,   олфутболдобы

сияқтықұрылыстыболады.  Көміртектің  бұл  түрөзгерістерінеаморфты көміртекті  қосуға  болады.  Оныағашкөмірін,  тас

көмірді   ауа   қатысынсыз   құрғақ   айдау   арқылы   алады.   Сонда   алынған   көмірде   өз   бетіне   газдарды,   сұйықтарды

сіңіретінқасиет(адсорбция)пайдаболады.

Алынуы


Көміртек ағаштыауасызыдырату арқылы,органикалық заттардыңкөмірленуінәтижесіндетүзіледі.

Химиялық қасиеттері

Көміртек көптеген жай заттармен оңай әрекеттеседі.

1) Жануреакциясы:

a) 2С + О2= 2СО

ә) С + О2= CO2

2)Хлорменәрекеттескенде көміртек тек

жарық


 

 сәулесінің

әсерінен төрт хлорлы көміртек түзіледі:

С + 2Cl2= CCl4(бағалы еріткіш)өртсөндіруде қолданылады.

3)Металдарменәрекеттесілкарбидтертүзеді:

2С + Са = СаС2(бұданацетиленалынады)

4)Күкіртпенкүкіртті көміртек түзеді:

С + 2S = CS2(еріткіш)

5) Сутекпен әрекеттескендеметантүзіледі:

С + 2Н2→СН4(отын - ол табиғи газдың негізгіқұрамбелігі)

Көміртектіңкүрделі заттарменәрекеттесуі: 1) Сумен әрекеттескенде газдар коспасы (су газы) бөлінеді:

С + Н2О = CO + Н2(су газы - бағалыотын)

Алынған газдардың екеуі жанғыш болғандықтанжылукөбірек белінеді. Сондықтан көмірді жаққанда сулау қажет.

2) Концентрлі күкірт жәнеазот қышқылдарыменәрекеттескенде тотығады:

С + 4HNО3(конц)=СО2+4NO2+2Н2O

3) С+ 2H2SО4(конц) = СО2+2SO2+2Н2O

Қолданылуы:

Көміртегі   қосылыстары   күнделікті   өмірде   әр   түрлі   кәделерге   жарайды.   Крахмал,   қант,   мацлар,   витаминдер   және

протеиндер секілді түрлі тамақ өнідері көміртегі қосылыстарынан тұрады. Қағаз, сабын, косметика, май,  сырлар және

мақта мата, жүн мата, жібек ,зығыр, вискоза және нейлон секілді тоқыма өндіріс заттарының құрамында да көміртегі

қосылыстары   кездеседі.   Көміртегі   қосылыстары   ағаш,   көмір,   алкоголь   және   жанармай   секілді   жағармайлардың   да

құрамында   болады.Көміртегі   қосылыстарын   пайдаланатын   басқа   заттарға   дәрілер   мен   заласыздандыру   құралдары,

бояулар, әтір сулар, улы заттар, жарылғыш заттар мен газдар жатады.

Түсіну


 

 «Сюжетті кесте» ойыны

«Көміртегі – өмір тірегі» дегенді қалай түсінесің?

а) Барлық тірі ағзалардың құрамына кіреді.

б) Тас көмір, шымтезек, мұнай құрамы.

в) Әк тас, бор, мәрмәр құрамына кіреді.

 «Көміртек әлеміне саяхат» таблицаны толтыру

Атауы


Физикалық қасиеті

Алынуы


Қолданылуы

Крситалл


торы

Көмір


Алмаз

Фуллерен


Графит

Кокс


Карбин

 

 «Донна Огл» кестесі



I

Жауабы


А

В

С



Д

Е


Алмаз–

Графит-.


Кокс -

II

1. Алмаз бен графиттің физикалық қасиеттерін 



салыстыру.

2. Сәйкестендіру тесті.

1. Метан --------------------------- а) МgCO3

2. Көмір қышқыл газы --------- в) CH4

3. Мәрмәр ------------------------- с) CaCO3 VgCO3

4. Магнезит ----------------------- д) CO2

5. Доломит ------------------------ е) CaC2

6. Кальций карбиді ------------- ж) CaCO3

3. Көміртек атомындағы нейтрон саны тең

а) 6


в) 4

с) 12


д)15

е)16


4. Төмендегі тотығу дәрежесі көміртекке тән емес

а) +4


в)) +2

с) +5


д) +1

е) +6


III

CO2 


 Ca(HCO3)2  CaCO3  CaCl2 Ca(OH)2 

CaCO3


Көміртек (II) және көміртек (IV) оксидтерінен 

тұратын 5л газ қоспасы әк суы арқылы өткізілгенде 

11,2л тұнба түсті.Берілген қоспадағы әр газдың 

көлемдері қандай? 

Қорытынды

Қолдану Көмірқышқыл газы, фотоцинтез және кальций карбиді, алюминий карбиді. Көмір, алмаз,фуллерен, карбин, 

адсорбция.

Адсорбция – көмірдің не басқа қатты немесе сұйық заттардың өз бетінде газ, бу еріген заттарды сіңіру қабылеті. 

(Оқушылар оқулықтан және қосымша материалдардан іздеп дәптерлеріне жазады).

Аты


Өнеркәсіпте қолданылуы

Тұрмыста


қолданылуы

Пластмасса

Бағалы бұйым

Каучук


Мәрмар

Дәрі-дәрмек

Өсімдік

Талдау: ( 3 топқа есептер беріледі, оқушылар топ болып орындайды, орындап болған соң 3 топ есепті салыстырады). 



 100 л көміртек (II) оксиді мен 100л оттекті араластырып жақты. Реакция аяқталғаннан кейін қоспаның жалпы көлемі

(қ.ж.) және құрамы.

 Құрамындағы көміртектің массалық үлесі 96% болатын 50 г көмірді жаққанда алыңған көміртек (IV) оксидін барий

гидроксиді ертіндісі арқылы өткізгенде түзілген тұнбаның массасы.

 Құрамында 5% қоспасы бар 5 т әктас айырылғанда бөлінетін көміртек (IV) оксидінің (қ.ж.) көлемі. 

Жинақтау 



«Болжағыш ағаш» ойыны

Ағаш діңі - Көміртек

Жапырақтары – Көміртек реттік нөмері – 12

 Көміртек органикалық заттар құрамына кіреді

 Көміртек алмаз құрамына кірмейді

 Табиғатта көмірқышқыл газы құрамында көміртек негізгі элемент

 Алмаз бағалы бұйым

 Графит – қарындаштың өзегі, электродтар дайындауда.

 Тас көмір, шымтезек, мұнай құрамы.

Бұтақтар - Көміртек реттік саны – 6

 Алмаз құрамында көміртек кіреді

 Алмаз бағалы бұйым

 Табиғатта көмірқышқыл газы кездеседі

 Графиитен қарандаш жасалады.

 Көміртек органикалық заттар құрамына кіреді. 

Қорытынды:

Дереу қолдана аламын


Ештеңе түсініксіз

Ешқашан қолдана алмаспын

«1 2 3» ойыны

Не жақсы?

Не жаман?

Қызықты


«БББ» ойыны

Не білдім?

Не білеміз?

Не білемін?

Үйге тапсырма: Оқулық соңындағы сұрақтарға және есептерін шығарамыз.

* * * * *



ТАҚЫРЫБЫ:«АУА ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТІ»

Павлодар қаласы, «№24 жалпы орта білім беру мектебі»  ММ жанындағы

 «Балдырған» шағын орталығының тәрбиешісі Нұргүл Кәрібайқызы Оспанова

Білім беру саласы : «Таным»   Бөлімі: Айналамен таныстыру. Экология

Тақырыбы:«Ауа және оның қасиеті».

Мақсаты:Балалардың   ауа   туралы   түсініктерін   және   эксперимент   жасау   барысында   балалардың   таным

белсенділігінкеңейту. Балаларды ауаның қасиетімен және ауаның тірі табиғат үшін қаншалықты   маңызды  екендігімен

таныстыру. Балалардың білуге деген құштарлықтары мен іздемпаздықтарын және тәжірибе жасау барысында, нәтижеге

жетіп қортынды жасай білу дағдыларын дамыту. Қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ- жауап, ой жинақтау, проблемалық ізденушілік.

Көрнекіліктер: тірі және өлі табиғат бейнеленген суреттер, тарақ, лента, целлофан қалта, майлық, су құйылған 

стақанмен түтікше, иісі бар әр түрлі заттар (иіс су, алма, апельсин т.с.с), су құйылған леген, қағаз кеме.



Сөздік жұмыс:ауа көзге көрінбейді, мөлдір, түссіз, иісі, дәмі жоқ, ауасыз өмір жоқ. 

Ұйымдастыру түрі: Топпен, жеке

Әрекет түрі

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Мотивациялық 

қозғаушы

-Балалар , бізге бүгін қонақтар келіпті. Қане 

амандасайық.

Аспан түрді түндігін,

Жерге сәуле жайылды

Неткен ашық бүгін күн,

Қайырлы күн, қайырлы!

Балалар амандасады. Жылулық 

шеңберін жасайды.

Ізденуші 

ұйымдастырушы

-Балалар, біздің топқа бір шар желмен ұшып келіпті.

Өзі жай шар емес сияқты, бізге әкелген бір 

хабарламасы бар сияқты. Шардың сыртында 

«Сиқыршыдан» деп жазылып тұр. Қандай сиқыршы

екен? Оқып көрсек қайтеді? (қағазды ашып, оқиды) 

Бұл жұмбақ екен. Тыңдаңдар.

Көзге ілінбейді,

Жұтсаң білінбейді. 

Музыка әуенімен «Ауа сиқыршысы» келеді.

Ауа сиқыршысы:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен - Ауа 

сиқыршысымын. Сендерді өзімнің ауа 

патшалығыма қонаққа шақырғым келеді. 

-Көздеріңді жұмыңдар. Ал көздеріңді ашқан кезде 

сендер менің құпиясы мол патшалығыма тап 

боласыңдар. (Ауа сиқыршысы балалардың 

қастарына келіп, сиқырлы таяқшамен сиқырлайды.)

- Балалар, сендер ауа жайлы не білесіңдер?

        -Ауа бізге не үшін қажет? Ал сендер барлық 

тіршілік иесінің, адамның да ауасыз өмір сүре 

алмайтынын білесіңдер ме? Мұны қалай тексеріп 

көрсек екен?

           Тәрбиеші:

           –Біз қалай тексеру керектігін білеміз.

           –Міне, ауасыз бір минутта өмір сүра алмайды

екенбіз. Ал ауа тағы кімдерге керек?

          –Ал ауаны керек етпейтін табиғатта не бар?

          –Ал енді тақтаға келіңдер. Алдарыңда жатқан 

суреттерді екі топқа бөліңдер. Ауа қажет дегендерді 

оң жаққа, ал ауа қажет емес деген суреттерді сол 

жаққа орналастырыңдар.

–Жақсы балалар тапсырманы дұрыс орындадыңдар.

Ауа сиқыршысы:

-Қалай ойлайсыңдар, ауа қайда өмір сүреді? Ауа 

барлық жерде. Ол бізді қоршап тұр.

-Ал сендер ауаның барлық жерде екенін дәлелдей 

Балалар жұмбақты шешеді: ауа

-Ауа- көрінбейді, мөлдір, түссіз.

-Біз ауамен дем аламыз.

Балалар мұрындарын қысып, 

ауыздарын алақанмен жабады.

-Балаларға, өсімдіктерге, 

жануарларға, құстарға...

-Өлі табиғатқа керек емес.

Балалар суреттерді екі топқа бөледі.

-Балалардың жауаптары.

-Балалардың жауаптары.

Балалар тарақпен, лентамен ауаны 

ұстамақшы болады.

-Жоқ.

Балаларүстелге жақындап, целлофан 



аласыңдар ма? 

            1 тәжірибе:

           Тәрбиеші:

–Ал біз қазір балалармен тәжірибе жасаймыз. 

Ауаны ұстап көрейік. Алдарыңдағы заттармен 

ауаны ұстар көріңдер.

(үстелде тарақ, лента)

           –Ауаны ұстай алдыңдар ма? Кім өзінің ауаны 

ұстағанын дәлелдейді. Ал енді целлофан қалтамен 

ұстап көрейік.

Ауа сиқыршысы:

           –Алдияр, сенің целлофаның неге толмаған?

           –Дұрыс айтасың. Ауаны біз бүтін, тығыз 

жабылған пакетте ғана ұстай аламыз. Ал енді осы 

тәжірибеден қандай қортынды шығаруға болады? 

           Қортынды:ауа біздің айналамызда екен. Ол- 

мөлдір, түссіз және тығыз болады. Ауа кез-келген 

заттың пішінін қабылдайды, яғни доптың ішінде 

болса доптың, текшенің ішінде текшенің пішініндей

болады.


2 тәжірибе:

Ауа сиқыршысы:

           –Ал мен қазір стақанды алып, оның түбіне 

ермексазға майлықты жабыстырамын. Енді 

стақанды төңкеріп, суға саламын. Қалай 

ойлайсыңдар, ішіндегі майлық су болды ма?

           –Тексеріп көрейік. Стақанды судан алып, 

ішіндегі майлықты ұстап көрейік. Майлық құрғақ, 

оған су тимепті. Неге?

           (Стақан ішіндегі ауа суды стақанға кіргізген 

жоқ)

            –Сендер стақан ішінен ауа көріп тұрсыңдар 



ма? Ендеше ауа көзге көрінбейді. Неге ол 

көрінбейді? Ауа түссіз болғандықтан, біз бәрін де 

көре аламыз. Ауадан басқа да түссіз заттар бар ма?

           Қортынды:ауа барлық жерде бар және ол- 

түссз.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал