Мәртөк ауданының әкімі Е. Кенжеханұлының халық алдындағы есебі


Асқар Алтай шығармаларындағы мифтік сарын



жүктеу 404.4 Kb.
бет3/10
Дата14.01.2022
өлшемі404.4 Kb.
#16724
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
топтық жұмыс модернизм

Асқар Алтай шығармаларындағы мифтік сарын

  • Қазіргі қазақ прозасында өзіндік қолтаңбасы бар, көрнекті  қаламгерлердің  бірі – Асқар Алтай. Жазушының соңғы жарық көрген «Казино», «Киллер сауысқан» атты жинақтары өзіндік сонылығымен ерекшеленеді. Жалпы Асқар Алтай прозалық шығармаларында мифтік аңыздарды көп қолданады. Оның көлемді прозалық туындысы «Алтай балладасының» жанры роман-миф екендігі белгілі. Ал бертінде шыққан «Киллер сауысқан»  жинағының ішінде «Кентавр» әңгімесін мифтік шығарма деуге болады.  «Кентавр» әңгімесі – өзіндік орны мен маңызы бар шығарма. Жалпы кентавр сөзінің мағынасына тоқталсақ, бұл – көне грек мифтеріндегі адам мен жылқы біріге біткен бейнедегі жинақтық образ. Ұғым атауының аудармасы «бұқа өлтіруші» деген мәнге саяды: образ көне гректер өркениетті ел бола тұра, отырықшы ел, жаяу жүретін, әлі жылқыны қолға үйретпеген шақтарында салт атты көшпенділерді (сақ, скиф т.б.) көргеннен соңғы таңғалыс әсерінен туындаған дегенді оқырман қауымның білетіні рас. Осымен байланысты мифтердегі кентавр дүлей күш пен жабайы түйсіктің иелері ретінде суреттеліп, біразы мифтік қаһармандардың жаулары ретінде көрінсе (Несс, Анкий, Агрий, Хомад т.б.), тағы  бір бөлігі оларға ұстаздық етеді (Хирон, Фол т.б.). Кейін келе, бертінгі мифтерде жағымсыз бейнедегі кентаврлар мүлдем жоғалып, дана, сабырлы кейіптегі жағымды бейнелілері ғана іріктелді. Кентавр сөзінің шығу төркіні жайлы тағы бір көзқарас – арийлік үнді-еуропалық түп негізге сүйеніп, көне үнді мифтеріндегі, жалпы индуизмдегі жартылай құдай кейіпкерлер – гандархвалармен де байланыстырылады.

жүктеу 404.4 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет