Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.83 Kb.
Pdf просмотр
бет1/10
Дата26.01.2017
өлшемі2.83 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 №6 (39) 2014. Ғылыми және әдеби-көркем журнал
МЕНШІК ИЕСІ:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 
Ғылым комитеті М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер 
институты 
РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС:
Қалижанов  У. 
–  төраға,  бас  редактор,  филол.ғ.д.,  ҰҒА 
корреспондент мүшесі
Ақыш Н. – бас редактордың бірінші орынбасары, филол.ғ.д.
Ананьева С. – бас редактордың орынбасары, филол.ғ.к., доцент
Ахетов  А.  –  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет    және  өнер  
институтының  аға сарапшысы
Әбдезұлы Қ. – филол.ғ.д., профессор
Әбдіғазиев Б. – филол.ғ.д., профессор
Әзібаева Б. – филол.ғ.д., профессор
Әлібекұлы А. төрағаның орынбасары, филол. ғ.к., доцент
Елеукенов Ш. – филол.ғ.д., профессор
Ерғалиева Р. – өнертану ғ.д., профессор
Жұмасейітова Г. – өнертану ғ.к., доцент
Күзембай  С.  –  өнертану  ғ.д.,  профессор,  ҰҒА  корреспондент 
мүшесі
Қасқабасов С. – ҚР ҰҒА академигі
Қирабаев С. – ҚР ҰҒА академигі
Мамыраев Б. – филол.ғ.д., профессор
Мұқан А. – өнертану ғ.к., доцент
Мұсағұлова Г. – өнертану ғ.к., доцент
Нұрғали Қ. – филол.ғ.д., профессор
Ісімақова А. – филол.ғ.д., профессор
Сұлтан    Е.  –  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет    және  өнер  
институтының  баспасөз  хатшысы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!
Қолдарыңызға  ұстап  отырған  –  ғылыми-көпшілік  және 
әдеби-көркем «Керуен» журналының кезекті саны:
– егер де Сіз тәуелсіз еліміздің әдебиеті мен өнері, фоль-
клоры  мен  рухани  өмірі  жайында  жан-жақты  хабардар 
болғыңыз келсе;
– егер де Сіз ұлтымыздың жан дүниесінің айнасы болып 
табылатын көркем әдебиетіміз жайындағы терең де білікті 
зерттеулерді оқығыңыз келсе;
–  егер  де  сіз  төл  өнеріміздің  әр  саласынан  жазылған 
мазмұнды    мағлұматтарға,  байсалды  талдауларға 
қаныққыңыз келсе;
– егер де Сіз Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрлігіне қарасты М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және 
өнер институтының тыныс-тіршілігінен үнемі құлағдар бо-
лып отырғыңыз келсе;
– егер де Сіз өзіңізді төл әдебиетіміз бен өнеріміздің шы-
найы жанашыры деп санасаңыз;
–  бір  ауыз  сөзбен  айтқанда,  бүгінгі  рухани  өміріміздің 
тыныс-тіршілігінен  жан-жақты  хабардар  болғыңыз  келсе, 
онда Сіз...
«Керуен» журналының тұрақты оқырманына айналасыз.
 
Жазылу индексі: 75278
Жазылу бағасы:
2 айға 4 айға 6 айға 8 айға 10 айға  12 айға
Қала үшін 233 тг 233 тг 233 тг 233 тг 235 тг
1400 тг
Ауыл 
үшін
200 тг 200 тг 200 тг 200 тг 200 тг
1200 тг
«Керуен» журналына жазылу жыл бойы жүргізіледі. 
Журнал 
«Қазпошта» 
АҚ-ның 
жергілікті 
бөлімшелерінде  жазылуға  болады.  Оған  ешқандай  шек 
қойылмайды.

3
Әдебиеттану                        
 Г.Орда 
Б.СОҚПАҚБАЕВТЫҢ «МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА» 
ХИКАЯТЫН ҚАЙТА ОҚЫҒАНДА ТУҒАН ОЙ
Қазақ әдебиетінің көлемді бір саласы – балалар әдебиеті. 
Жас  ұрпақты  рухани-эстетикалық  тұрғыда  тәрбиелеуде 
үлкен  міндет  атқаратын  балалар  әдебиетінің  бастау  көзі 
тым арыда жатыр. Қазақ халқының бала тәрбиесіне ерекше 
көңіл бөлгендігін ауыз әдебиеті үлгілеріне көруге болады.  
Ауыз әдебиеті ұсақ жанрларының қайсысын алып қарасақ 
та,  балалардың  жан  дүниесіне,  ұғымына  жақын  екенін 
байқау  қиын  емес.  Тәрбиені  бесіктен  бастауды  көздеген 
қазақ  халқының  «Бесік  жырының»  өзінде  үлкен  тәрбие 
жатыр. Балаларға арналған өлең-жыр, санамақ, мазақтама, 
жаңылтпаш  тәрізді  жыр  үлгілерінің  бәрінің  де  өзінің 
атқаратын міндеттері бар. Баланың жас ерекшелігіне қарай 
қолданылатын мұндай жанрлардың мектепке дейінгі бала-
ларды тәрбиелеудегі  тәлім-тәрбиелік мәні зор.
Қазақ әдебиетінің қай дәуірін алып қарасаңыз да ақын-
жазушылардың балалар әдебиетіне ерекше көңіл бөлгенін 
байқау  оңай.  Ы.Алтынсарин,  А.Құнанбаев,  Т.Жомартбаев, 
М.Кәшимов,  Ә.Ғалымов,  С.Дөнентаев,  С.Торайғыров, 
С.Көбеев тәрізді көрнекті қаламгерлерлер шығармаларынан 
үлкен  орын  алған  балалар  әдебиеті  күні  бүгінге  дейін 
дәстүрлі  жалғасын  табуда.  Бұл  тұрғыда  кеңестік  дәуір 
тұсындағы  балалар  әдебиетінің  жақсы  үлгілерін  атап 
өтуге  болады.  Мәселен  Қ.Әбдіқадыровтың  «Қажымұқан», 
Ә.Сәрсенбаевтың  «Дауылда  туғандар»,  М.Ақынжановтың 
«Алтын  сақа»,  С.Бегалиннің  «Сәтжан»,  «Керкиік», 
Ж.Сыздықовтың «Әли қарттың әңгімесі», Б.Соқпақбаевтың 
«Менің атым – Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер 
қайтып  келмейді»,  М.Әлімбаевтың  «Аспандағы  әпке», 
С.Сарғасқаевтың  «Сұлутөрдің  балалары»,  М.Қабанбаев 
«Арыстан,  виолончель,  қасапхана  және  мен»    және  т.б. 

4
Әдебиеттану                        
Бұл  туындылар  –  көркемдік-эстетикалық  деңгейінің 
жоғарылығымен,  мазмұнының  қызықтығымен  ғана  емес, 
жазылу шеберлігімен де назар аудартып, қазақ балаларының 
сүйікті шығармаларына айналды.        
Кешегі кеңестік дәуір тұсында қазақ ақын-жазушылары 
балаларға үлгі болар идеалдарды өз арамыздан, яғни заман-
дастар ортасынан іздеп тауып, олардың өмірін балалар мен 
жеткіншектерге, жас өспірімдерге үлгі-өнеге етті. Кеңестік 
дәуір тұсында балалар мен жас өспірімдерге арнап өндіре 
жазған жазушының бірі – Бердібек Соқпақбаев. Қазақстан 
Жазушылар  одағында балалар  әдебиеті жөніндегі  кеңесші 
болған  жазушының  «Менің  атым  Қожа»,  «Балалық  шаққа 
саяхат»,  «Он  алты  жасар  чемпион»,  «Алыстағы  ауылда», 
«Өлгендер  қайтып  келмейді»    хикаяттары  қазақ  балалар 
әдебиетінің  көкжиегін  кеңейтіп,  тақырыптық  сонылық, 
идеялық көркемдік жаңалық алып келгені белгілі. Аталған 
шығармалардағы жас кейіпкерлердің жан сезімі, олардың бас 
тан  кешкен  қиыншылықтары  шынайылықпен  баяндалған. 
Кезінде  әртүрлі  көзқарасқа  ие  болған  шығарманың  негізгі 
кемшілігі – шығарманың бас кейіпкері мінсіз болу керек де-
генге саяды. Осындай шығарманың бірі – Б.Соқпақбаевтың 
«Менің  атым  Қожа»  хикаяты.  Бұл  мойнына  қызыл  гал-
стук  таққан  балалардың  бәрі  дерлік  үздік  оқып,  тәртіпті 
болу  керек  деген  көзқарасты  ұстанған  дәуірде  жазылған 
туынды.  Осындай  талаптан  шықпаған  қиқар  баланың  ба-
сынан  кешкендері  кезінде  сыншылар  қауымының  сынына 
да  ұшырады.    Қожа  қанша  бұзықтық  жасаса  да,  оқырман 
оны  жамандыққа  қимайды.  Себебі,  ол  өзінің  жасағанына 
өкініп, енді қайталамауға, тәртіпті болуға бел буып, мінезін, 
тәртібін  өзгертуге  тырысып  отырады.  Бұл  шығарманың 
негізгі жетістігі – кеңес әдебиетінде қалыптасқан  жаттан-
ды  схеманы  алғаш  бұзғандығы.  Ол  жағымды,  жағымсыз 
кейіпкерлер деп екіге бөле салатын кейіпкерлер арасындағы 
шекараның  жойылуы.  Жазушы  кез  келген  адам  баласы 

5
Әдебиеттану                        
бойында  жақсы,  жаман  қасиеттердің  қатар  жүретінін  осы 
шығарма арқылы дәлелдеп берді. 
Өмір  шындығын  шынайы  бейнелегендіктен  Бердібек 
Соқпақбаевтың 1957 жылы жазылған «Менің атым Қожа» 
хикаяты қазақ балалар әдебиетінің озық туындысы ретінде 
бағаланды. Ол орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек 
тілдеріне  аударылып,  1963  жылы  «Қазақфильм»  студия-
сы  осы  кітап  бойынша  жазылған  киносценарийді  экранға 
шығарды.  Көпшілік  көрерменнің  ыстық  ықыласына 
бөленген  «Менің  атым  Қожа»  фильмі  төрт  жылдан  кейін, 
дәлірек  айтсақ  1967  жылы  балалар  мен  жасөспірімдерге 
арналған  фильмдердің  Канн  қаласында  (Франция)  өткен 
халықаралық фестивалінде арнаулы жүлдеге ие болды. 
Хикаятта  1950  жылдардың  орта  тұсындағы  қазақ 
ауылдарының  біріндегі  кеңес  халқының  тұрмыс-тіршілігі 
бейнеленген. Себебі шығарманың бас кейіпкері Қожа – 1940 
жылдардың  басында  дүниеге  келген,  әкесі  отанды  жаудан 
қорғауда шейіт болған жетімек. Ол жүздердің, мыңдардың 
жиынтық бейнесі болуымен де құнды. Соғыс өрті қазақтың 
әрбір  шаңырағын  шарпығаны,  бір  әулеттен  қалған  бір 
балалардың тағдыры бізге тарихтан да, әдебиеттен де таныс. 
Олай болса, Қожа – қырқыншы жылдары дүниеге келіп, әке 
мейіріне қанбаған, өмір бойы әкенің жылы алақанын сезіне 
алмаған, әкеге деген сағынышпен сарғайған ұрпақтың өкілі.
Хикаятта  Қожаның  мектеп  жасындағы  бастан  кешкен 
әр  түрлі  қызықты  оқиғалары  өз  аузымен,  бірінші  жақтан 
баяндалады.  Шығарманың  оқырманын  ә,  дегеннен  бау-
рай  кететіндігі  –  оның  бірінші  жақтан  жазылғандығында. 
Сондықтан  оқырман  негізгі  кейіпкермен  бетпе-бет  келіп, 
онымен сырласа алады. Өз есіміне ғана емес, болмыс бітіміне 
көңілі  толмай,  ренішпен  қарайтын  қиқар  кейіпкеріміздің 
ойы да, ісі де, сөзі де қызғылықты баяндалған. 
«Бірінші тарауда» оқушы шығарманың бас кейіпкерімен, 
яғни Қожамен танысады.

6
Әдебиеттану                        
Хикаят:  «Менің  атым...  Атымды  айта  бастасам,  тілім 
таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады. Адамның 
атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен, 
Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы. 
Айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды. Әрі мағына 
жағынан да, қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова тәтейше 
айтқанда,  бұлар  жоғары  идеялы  есімдер.  Мұндайлар  өз 
атын  кәдімгідей  мақтаныш  көріп,  біреумен  таныса  қалса,  
мәнерлеп, көтеріңкі дауыспен айтады. Ал енді айтуға да, есту-
ге де қолайсыз есімдер бар. Өзге түгіл, өзіңе де ұнамайды-
ақ.  Әттең,  қолдан  келсе,  табанда  өзгертіп,  әдемі  аттардың 
бірін  иемденіп  алар  едің.  Бірақ  амалың  нешік,  сен  қызыл 
шақа  болып  жөргекте  жатқанда,  сондағы  ақымақтығыңды 
пайдаланып, әке-шешең немесе шілдеханаға келіп, дуылдап 
отырған басқа біреу солай атап жіберген. Өскембайдың ба-
ласына  Тыңжыртар  деп  ат  қойған  секілді...»,  –  деп  баста-
лады. Осы үзіндіден екі нәрсені аңғаруға болады. Біріншісі 
– кейіпкеріміздің азан шақырып қойған атына деген реніші, 
екіншісі – Өскембайдың баласының аты Тыңжыртар аталуы. 
Балаға ат қоюға келгенде қазақ қызық. Елдің көзі тимесін, 
көптің бірі болып жүре берсін деген оймен балаға не болса, 
соны қоя салады. Тыңжыртар да кешегі Тың және тыңайған 
жерлерді  игеру  науқаны  кезінде  қойылған  есім.  Қоғам 
өміріндегі өзекті мәселелерді бала өміріне араластыру әрине 
дұрыс  емес.  Дегенмен  ел  өміріндегі  тарихи  оқиғалармен 
аталған есімдер де аз емес. Кеңестік дәуірде қойылған Ок-
тябрь,  Совет,  Кеңес,  Жеңіс  секілді  есімдер  қатарын    осы 
шығармадағы Тыңжыртар толықтырып тұр. Жазушы қазақ 
халқының не нәрсеге де немқұрайлы қарайтындығын бала 
есіміне  мән  бермейтіндігімен  көрсеткен.  Ет  жеп,  қымыз 
ішіп  дуылдап  отырып  қоя  салған  аттардың,  бала  өміріне 
үлкен әсер ететіндігімен ісі жоқ. Олай болса, бұл – жөргекте 
жатқан баланың емес, оның әке-шешесінің кемшілігі. 
Кейіпкердің:  «Енді  одан  көзің  тіріде  қашып  құтыла 

7
Әдебиеттану
алмайсың.  Ұнатпасаң  да,  мойныңа  іліп  жүре  бересің»,  – 
деген  сөзі  қазақ  халқында  азан  шақырып  қойған  есімді 
өзгертуге  болмайтындығын  растап  тұр.  Ал,  Қытай  елінде 
бала бес-алты жасқа келген соң, өзіне ұнаған есімді таңдап 
алатындығын  кейіпкер  сол  үшін  салыстырмалы  түрде 
келтіріп  отыр.  Орыс  халқында  да  кәмелетке  толған  соң, 
есімін  өзгертуге  рұқсат  беріледі.  Бірақ,  мұндай  еркіндік 
қазаққа  берілмеген.  Есесіне  қазақ  өз  атының  кім  екенін 
ұмыттырып  жіберердей,  кез  келген  адам  баласына  лақаб 
есім  беруге  шебер.  Оны  төмендегі  мысалдан  көруге  негіз 
бар.
«Менің атым Қожа. Көріп отырсыңдар, пәлендей әйдік ат 
емес. Шынын айтсам, бұл о баста Қожа емес, Қожаберген 
екен.  Туу  куәлігінің  өзінде  солай  деп  жазылған.  Бірақ 
дүниеде  не  қилы  ғажайып  құбылыстар  бола  беретіні 
тәрізді,  бертін  келе  Қожабергеннің  «құйрығы»  үзіліп 
түсіп қалыпты. Бұл құбылыстың дәл қай жылы, қай айда, 
қай күні болғанын тап басып ешкім де айтып бере алмай-
ды»,  –  дейді  Қожа.  Көріп  отырғанымыздай,  қазақ  халқы 
ат қоюға да шебер. Азан шақырып қойған атың құжаттың 
бетіне түскен соң, оны қалай өзгертсең де өз еркің. Оның да 
бірнеше себебі бар. Біріншіден – ұзақ есімдерді қысқартып 
айтудан  туса,  екіншіден  –  қайната,  қайнаға,  қайынапа, 
қайыніні,  қайынсіңлілерінің  атын  атамайтын  келіндер 
оларға  өздері  ат  қойып  алады.  Ол  әрбір  адамның  жеке 
ерекшелігіне, қызметіне, мінезіне, жүріс-тұрысына, не бол-
маса есіміне байланысты өзгертілуі де мүмкін.  Міне, осын-
дай қажеттіліктердің бірінен Қожабергеннің де есімі өзгеріп 
сала берген. Оның бір жаман жері – құжаттағы есімің атау-
сыз қалып, күллі ауыл-аймақ кейінгісімен атап жіберетіндігі. 
Олай  болса,  бұл  –  қазақ  халқында  кездесетін  жазылмаған 
заңдылықтардың бірі. Көріп отырғанымыздай шығарманың 
ұлттық бояуы осылай қалыңдай түседі. Оны Қожаның мына 
сөзі  растайды:  «Сонымен,  мен  өзім  ес  білгелі  Қожамын. 

8
 Әдебиеттану
Ауыл-аймақтың  бәрі  солай  атайды».  Алақандай  ауылдан 
не  жасыруға  болады.  Олар  бірінің  айтқанын  бәрі  бірдей 
қайталайды. Олай болса, Қожа да Қожабергеннен қашан ай-
ырылып қалғанын қайдан білсін. 
Бұл аз болса, мектепке барғаннан кейін тағы қызық бас-
талады. 
«Біз  бір  класта  екі  Қожа  бармыз.  Сүттібайдың  үлкен 
баласының аты да Қожа. Оқушылар екеумізді шатастырып 
алмас үшін, өңімізге қарап, мені Қара Қожа, оны Сары Қожа 
деп  атайды.  Әуел  баста  мен  бұған  да  шамданып  қалатын 
едім. Бірақ жүре-бара құлағым үйреніп, дағдыланып кеттім. 
«Қара Қожа» дегендерге «әу» деп, жалт қарайтын болдым», 
– деген жолдарды оқып отырғанда еріксіз күлесің. Бұл да 
өмірден алынған шындық. Шығарманың негізгі жетістігінің 
өзі де өмір шындығын боямасыз сол қалпында суреттеуінде. 
Қожаның бұл сөздері өзімізге таныс жандарды еріксіз еске 
түсіреді. Біздің қазақ есімдері бірдей кісілерді олардың бой-
ына, не болмаса түр-түсіне қарап ажыратуға шебер. Яғни, 
бұл – өзімізге таныс жайттардың нақты көрінісі. 
«Жантас тәрізді қылжақтар оның өзін де дұрыс айтпай-
ды,  әдейі  бұзып,  келемеждеп,  «Қара  Қожа»  деудің  орны-
на «Қара Көже» дейді. Мен байқамай қалып «әу!» деймін. 
Бірақ  бұл  қылығы  үшін,  бейшараның  обалы  нешік,  тиісті 
сыбағасын менен талай рет алды....», – деген жолдар біздің 
кейіпкеріміздің қиқарлығынан хабар береді. 
Сонымен  бірге  ол  әңгімешіл.  «Фамилиям  Қадыров.  Бір 
кезде «Қадырұлы» деп те жазып жүрдім. Бірақ жұрттың бәрі 
«ов»  болып  жатқанда,  менің  олардан  алабөтен  жырылып 
шыққаным жарамас дедім де, «Қадыровқа» қайтып келдім», 
–  деген  жолдар  кейіпкеріміздің  әңгімешілдігін  ғана  емес, 
ол  өмір  сүрген  қоғамнан  да    сыр  шертеді.  Кеңестік  дәуір 
тұсында  әкеміздің,  не  болмаса  атамыздың  есіміне  орыс 
тілінің «ов», «ев» жұрнағын жалғап жүрдік. Ол кезде «ұлы» 
деп жазу «ұлтшылдықтың» нышанындай сезілетін. ХХ ғасыр 

9
Әдебиеттану 
басындағы Байтұрсынұлы, Құдайбердіұлы, Міржақыпұлы, 
Аймауытұлы, Кемеңгерұлы тәрізді қаламгерлердің «халық 
жауы»  болып  ұсталып  кеткенін  білетіндер  «ұлы»  деп  жа-
зудан  қорқып,  кеңес  өкіметімен  бірге  келген  «ов»,  «ев» 
жұрнағын қоса қабылдады. Бұл еліміз тәуелсіздік алғаннан 
кейін  ғана  ұмытыла  бастады.  Қазіргі  таңда  тәуелсіздік 
тұсында дүниеге келгендердің барлығы дерлік, әкелерінің, 
не  болмаса  аталарының  есімдерімен  жазылып  жүргенін 
көріп жүрміз. Олай болса, жазушы сол орыс жұрнағы арқылы 
да көп сырдан хабар берген. Ол кеңестік дәуірдің осындай 
келеңсіздіктерін әжуа, ащы күлкі арқылы әшкерелеген. Ал 
біздің  комедиялық  шығарма  деп  табылатын  хикаяттағы 
әрбір  күлкінің  астарында  осындай  үлкен  әлеуметтік  жүк 
жатқанын бүгінгі таңда ғана байқап жатқанымыз жасырын 
емес. 
Осылайша  оқырман  әр  жолды  оқыған  сайын  тосын 
жаңалыққа  кездесіп  отырады.  Қожаның  әке  туралы  сыры 
да үлкен мәнге ие. «Ех, қайран әкем! Егер сен тірі болсаң, 
мүмкін, мен бұдан гөрі басқадай болар ма едім. Кім біледі, 
жер-әлемді шулатып, сотқар Қожа атанып жүргенім әкесіз 
жетім өскендігімнен де шығар», – деген монолог Қожаның 
жан жарасын аша түседі. Ол – кешегі Ұлы Отан соғысы жыл-
дары дүниеге келген, әкеден жастайынан жетім қалған, әкеге 
деген сағынышы басылмаған, әке мейіріміне зәру ұрпақтың 
өкілі.  Шын  мәнісінде  Қожа  бір  әулеттен  қалған  бір  тұяқ. 
Сол үшін де әжесі оның бетінен қақпайды. Барын алдына 
тосып, жанын қоярға жер таппай жүретін әжесінің еркесі. 
Әкесі  болса,  мүмкін  көп  баланың  бірі  болуы  да  ықтимал. 
Елдің әкесі жоқ жетім деп, оны есіркеп қарайтыны да жа-
сырын емес. Бірақ мұндай мүсіркеулер Қожаны жұбата ал-
майды. Ол – өзіндік ойы бар, өз ойын жүзеге асыра білетін 
бірбеткей, қайсар жан.
«Ал күйеу керек пе әйелге? Меніңше, әбден керек» деген 
жолдар Қожаның ақылы бар тентек екенін байқатады. Анасы 

10
Әдебиеттану
Миллатқа Қаратайдың сөз салып жүргенін біледі. Егер әкесі 
болса, ондай болмас еді. Осының бәрі Қожаның жан жара-
сын тырналай түседі. Анасын да қызғанады, қызғанғанмен 
не пайда оны да түсінеді. «Егер оның күйеуі, яғни менің әкем 
тірі болса, Қаратай ұятсыз мамама өзеуреп сөз айтпақ түгіл, 
оның маңынан жүре алмас еді», – деп ойлайтын Қожа бәрін 
де түсінеді, бәрін де біледі. Бірақ амал нешік. Сондықтан да 
оны кінәлай алмайсыз. Себебі, ол – шарасыз. 
Жазушы негізгі кейіпкері жөнінде толыққанды мағлұмат 
берген соң, оның сырт бейнесімен таныстырады: «Сөйтіп, 
мен  сендерге  өзімнің  аты-жөнімді  айттым.  Ал  көркем 
шығармада  кейіпкердің  кім  екені  аталып  қана  қоймай, 
сырт  бейнесі  қоса  сипатталатын  дәстүр  бар  ғой.  Енді 
соған көшейін. Тоқтаңыз, бұл үшін әуелі өзімді өзім айна-
дан байыптап қарап алайын... мынау, міне, мұрным. Әжем 
кейде менің атымды атамай, «тампыш неме» дейді. Оның 
айтқаны ып-рас екен ғой. Екі танауыма екі саусағым еркін 
сыйып  кетерлік,  қосауыз  мылтықтың  аузындай  үңірейіп 
тұр.  Екі  шекемнің  шығыңқылығы  болмаса,  қарбыз  тәрізді 
доп-домалақ, тап-тақыр. Шашымды Әубәкір шал кеше ғана 
ұстарамен сыпырып алып тастаған.
Ол, менің шашым! Қаттылығы, қайраттылығы шошқаның 
қылшығынан бір кем емес. Осы ауылда оны алуға жарай-
тын бір ғана ұстара бар – ол Әубәкірдікі. Оның өзі де алғаш 
салған бетте тұтқырланып, жүрмей қалады. Шашымды әр 
алған  сайын,  Әубәкір  мені  бірінші  рет  кездестірген  адам-
дай таң қалып бітеді», – деп бейнелейді. Бұдан артық сурет 
бола  ма.  Адам  портретін  суреттеуде  оның  әрбір  ұсақ  де-
тальдарына жан бітірген жазушы осылайша өзімізге таныс 
кейіпкерін одан да жақынырақ таныстыра түседі. Мұндағы 
мақсат – оның мінез-құлқын, жаратылысын аша түсу. Жа-
зушы ол мақсатына жеткен де. «Мынау шаш емес, тікенек 
қой. Тікенек. Мінезіңнің шатақтығы осыдан-ақ көрініп тұр» 
деген жолдарды оқығанда еріксіз жымиясың. 

11
Әдебиеттану  
Повестің бірінші тарауы осылайша Қожамен танысумен 
аяқталған. Бесінші сыныпты бітірген Қожаның бет-бейнесі 
осындай.  Бас  кейіпкер  автордың  өзі  екеніне  оқырманның 
шүбәсі жоқ. Себебі, автор әр тарау басталарда оған түсінік 
беріп  отырады.  Бұл  шығарманың  негізгі  ерекшелігі  де 
осында.  Ол  әрбір  тарауда  бір  кейіпкерімізбен  толықтай 
таныстыруға  тырысып,  ол  туралы  толыққанды  мағлұмат 
береді. 
Жазушы  екінші  тарауда  орталық  кейіпкердің  бірі 
Қаратай  туралы  мәлімет  береді.  Күні  бойы  футбол  ойнап 
қалжыраған Қожа сүйретіліп үйге келе жатыр. Шығарманың 
шынайылығының өзі осында. Егер Қожа тап-таза мұнтаздай 
болып жүрсе, көңілге күмән келтірері даусыз. Себебі ол – 
ауыл  баласы.  Ауыл  баласының  күні  бойы  доп  соңында 
салақтап,  аяғындағы  бір  елі  шаңымен  үйге  келе  жатуы 
шындыққа жақын.  
Немересін 
қанаттыға 
қақтырмай, 
тұмсықтыға 
шоқыттырмай  қызғыштай  қорғап  өсіретін  әжесі  мен 
ауылдың үлкен-кішісінің бәрі бірдей алдынан қия өтпейтін, 
елге  құрметті,  үлкен  мен  кішіге  сыйлы  Миллат  мама-
сы  –  үшеуі  бақытты  өмір  сүріп  жүргенде  оларға  төртінші 
адам  келіп  қосылады.  Ол  –  көрші  колхоздың  комбайншы-
сы Қаратай. Әйелі дүние салған қырма сақал жігіттің ана-
сына үйленбекші болғаны үшін Қожа оны жек көреді. Екі 
бірдей сайлауда қатарынан аудандық советке депутат болып 
сайланған Қожаның анасы аналардың ақылдысы, сүйкімді 
де сұлуы. Еңбекте озат, ауылда үлгілі, үй мен түздің шаруа-
сын қатар атқарып жүрген, әке орнына әке, шеше орнына 
шеше болып жүрген анасын ол қалайша Қаратайға қимақ. 
Анасын бөтен адамнан қызғану – бала біткеннің бәріне тән 
қасиет. Бұл – өмір заңы.
«Беті әжім-әжім, сақалы тікенектей кәрі біреу. Қаратайды 
мен  қандай  жексұрын  көрсем,  жағал  мотоциклді  сондай 
жексұрын  көрем.  Өйткені  оны  құстай  ұшырып,  зырыл-

12
Әдебиеттану
датып, лезде алып келетін осы антұрған емес пе», – деген 
жолдарды  оқып  отырғанда  Қаратайдың  портреті  өзін  жек 
көретін адамның көзімен суреттелгенін байқау оңай. 
Қожаның  мотциклді  теуіп  қалуы  –  «Таз  ашуын  тырна-
дан аладының» кейпі. Қаратайды жақтырмаған бейбақ, оған 
тиісе алмасын білген соң, оның мотоциклін теппегенде не 
істейді. Мұның бәрі – анасына деген қызғаныштың белгісі. 
Қожа анасын Қаратай түгілі одан жас жігітке де бермек емес, 
оған күйеу не керек, әжесі үшеуі онсыз да бақытты емес пе? 
«Жоқ  менің  мамам  күйеуге  шығуы  мүмкін  емес.  Ол  бізді 
ешуақытта та тастамайды. Ол ақылды, тәрбиелі адам», – де-
ген жолдар бала ойынан хабар берер деталь. Себебі оның 
ұғымында  ақылды  әйел  күйеуге  шықпайды.  Бұл  –  әрине 
бала түсінігі. Ол Алла тағала адам баласын жаратқанда не 
себепті еркек, әйел етіп жаратқанын қайдан білсін? 
Автор  әр  тарауда  не  туралы  айтатынын  алдын  ала 
ескертеді  де  сол  туралы  мәлімет  беріп  отырады.  Үшінші 
тарауда  кейіпкер  өз  ойынан  хабар  береді.  Сонымен  бірге 
мұнда құмдағы із жайлы сөз болады. Оның сыныптасы Жа-
нар мен ұстазы Майқанова туралы пікірі қызық-ақ. Бәрінен 
де адам ә дегенде үлкен болып, кейін бала болатын болса 
ғой деп армандауы қызық: «Сонда маған Майқанова қалай 
қарар еді. Үлкен кезінде ол әйгілі жазушы болған, оның есімі 
бүкіл дүние жүзіне мәлім. Олай болса, менің оған әкіреңдей 
бергенім жарамас, жазушыны сыйлау керек деп, тәубасына 
келер еді.
Бірақ амал қанша, өмірде бұлай болмайды, болмақ емес. 
Әуелі беделсіз, білімсіз бала болып жараласың». Бұл тарау-
да арманшыл, хиялшыл Қожаның болашақта үлкен жазушы 
болғысы келетініне ғана емес, Жанар жайлы тәтті қиялына 
кенелеміз. Әсіресе, су жағасындағы құмдағы ізді Жанардың 
ізі болар деген кездегі жан тебіренісі нанымды суреттелген. 
Жазушының жасөспірім баланың жандүниесін дұрыс түсіне 
білгендігі – психологизмді еркін игергендігінің белгісі. 

13
Әдебиеттану 
Қожамен  бір  сыныпта  оқитын  Жантас  Қожаны  үнемі 
«Қара көже» деп мазақтап, өзін одан жоғары санайды. Білімі 
де,  күші  де  Қожадан  әлсіз  болғанмен  Жанарды  ұнатқаны 
үшін  Қожамен  бақталас  болып  жүретін  Жантастың  да 
өзіндік  ерекшеліктері  жетерлік.  Сонымен  бірге  оқиғаға 
Жақанов,  Сүттібайдың  үлкен  баласы  Сары  Қожа  тәрізді 
Қожаның сыныптастары қатысады. 
Жантасқа  пионер  лагеріне  баруға  жолдама  беріліп, 
Қожаға  берілмеуі,  оның  шақ-шәлекей  ашулануы  үстінде 
шығармаға арқау болған оқиға шиырлана түскен. Оқырман 
Қожаны кінәлай алмайды, себебі оған Жантас тәрізді жыл-
постар өздері келіп соқтығысады. Оны мына жолдардардан 
көруге болады: 
«– Қара көже, мынаның не екенін білесің бе?
– Ол не?
– Лагерьге жолдама. Біз лагерьге баратын болдық. Ал, сен 
көшедегі иттерді тәртіпке салуға ауылда қалатын болдың».
Келтірілген  диалогтан  Жантастың  Қожаны  Қара  көже 
деп кекетуімен бірге, оны итке теңеп тұрғанын байқау оңай. 
Мұндай қорлыққа қанша тәртіпті болсаң да шыдай алмасың 
анық. Біреумен біреуді шағылыстырып, елдің арасына от тас-
тап жүретін Жантастың тәртіпті, үлгілі бола қалғандығына 
шыдай  алмаған  Қожа  сынып  жетекшісі  Майқановамен 
де  тілге  келіп  қалады.  Осы  тұста  оқырман  Қожадан  гөрі 
мұғалімге ренжуі мүмкін. Қожаның дүкенге кезексіз кіріп 
кітап алғаны үшін қыр соңына түсіп алатын Майқанованың 
өзін де кінәлауға болады. Титтей баланың қыр соңына осы-
лай түсіп алуға бола ма?  
Қожа  мен  Жанардың  дойбы  ойнауы  және  оның  ұшқыр 
қиялы  туралы  сөз  болған  тұста  олардың  бейнелері  сом-
дала  түседі.  Сыныптағы  ең  бір  ақылды,  сұлу  қыз  болып 
есептелетін  Жанардың  ән  салатыны  тағы  бар.  Әдемі  дау-
сымен  ән  салып,  басына  үкілі  тақия  киіп,  мың  бұралып 
«Қамажайға» билейтін өнерлі қыздың қиқар Қожаға болы-

14
Әдебиеттану
сып, оны арашайлтыны да қызық бейнеленген. Қожа Жанар 
үшін  қабаған  иттің  жанынан  өтуге,  мияулауға,  шарбақтан 
секіруге де әзір. Себебі, бұл – қиқар баланың бойын билеген 
Жанарға деген белгісіз сезімнің құдіреті еді.  Бір қарағанда 
ұсақ-түйек тәрізді көрінетін әрбір деталь мен штрихқа ерек-
ше  көңіл  бөлу  арқылы  жазушы  Қожа  жанындағы  үлкен 
сезімдерді шынайы бейнелеген. 
Қожаның  ұшқыр  қиялы  мектеп  бітіріп,  жоғары  оқу  ор-
нында жүрген Жанарға жазылған құлаш-құлаш өлеңмен де 
бітпей,  Отан  қорғау  борышын  өтеп,  ауылға  Совет  Одағы 
Батыры  болып  оралады.  Сол  кезде  мектеп  директоры  Ах-
метовке  айтып  Майқанованы  жұмыстан  босаттырса,  одан 
артық не арман бар. Майқанова сол кезде Қожаға лагерьге 
жолдама  бермегені  үшін  ұялар,  кешірім  сұрар.  Бұл  үзінді 
«Бір  атым  насыбайдан  көңілі  қалатын»  қазақтың  бала 
көңіліне онша мән бермейтіндігін байқатады. Жазушының 
тапқырылығы  да  осында.  Бала  да  адам  ғой,  ода  да  көңіл 
бар,  сезім  бар.    Он  екі  жасында  бойы  бір  жүз  отыз  тоғыз 
сантиметр болған Қожаның оқу бітіріп, ер жеткен соң, уни-
верситетке  түсуді,  жазушы  болуды  армандайтыны  оның 
болашақта  үлкен  жазушы  болатындығынан  хабар  берген-
дей.  Себебі,  ол  бос  қиялшыл  емес.  Оқырман  ұстазының 
сөмкесiне  бақа  салатын,  сыныптасын  сиялы  рогаткамен 
ататын, балыққа барып, көршiнiң ауын «ұрлайтын» Қожаны 
бәрібір жамандыққа қимайды. 
Шығарманың  тартымды  оқылатын  тұстарының  бірі  – 
Қожа  мен  Сұлтан  арасындағы  оқиға.  Осындағы:  «–  Шы-
быным, әйтеуір ешкімге тимей, ұрынбай, жайыңа жүр. Тек 
жүрсең, тоқ жүресің дейді атаң қазақ. Сенің тентектігіңді ме-
нен басқа ешкім де көтермейді. Әйтеуір саған айтар ақылым, 
– тыныш жүр балам, тыныш жүр. Біреудің ала жібін аттау-
шы  болма.  Мешкей  деген  жақсы  ат  емес»,  –  деп  жүретін 
Қожаның әжесі типтік бейне ретінде танылады. Бұл – күллі 
үлкендердің кішкентайларға айтатын ақыл-кеңесі. Қожаның 

15
              Әдебиеттану                        
түсінбейтіні  –  осындай  ақылгөйлердің  бәлеқорлыққа, 
жемқорлыққа,  жалақорлыққа  баруы.  «Ендеше  олар  бізге, 
балаларға  ақыл  айтып,  жөн  сілтемес  бұрын  әуелі  өздерін 
өздері түзеп алса, қандай жақсы болар еді», – деген Қожаның 
ойы үлкендерге қаратыла айтылған өкім тәрізді әсер береді. 
Өмірде не сұмдықтың бәрі адам қолымен жасалады. Соның 
ішінде  балалардың  емес,  үлкен  адамдардың  қолымен  жа-
салатыны  өмір  шындығы.  Жазушының  негізгі  жетістігі 
–  авторлық  ұстанымды  кейіпкер  сөзі  арқылы  жеткізуі. 
Мұндағы негізгі кейіпкер жас өспірім болғандықтан, автор 
Қожа арқылы замандастарына қарата ой тастап отыр.  
Қожа  мен  әжесі  екеуінің  адамның  маймылдан  жара-
луы  туралы  айтысына  да  үлкен  мәселе  негіз  болған.    Бұл 
–  біріншіден,  кеңестік  дәуірдегі  атеистік  тәрбиеден  хабар 
берсе, екіншіден, сол қиялға балалардың имандай сенетіні. 
Себебі,  оны  мұғалімдер  айтады.  Мұғалімдердің  сөзіне 
имандай сену керек, олар өтірік айтпайды деген көзқарас та 
кеңестік дәуірдің ұстанымы. Бір қарағанда Қожаның әжесі 
ескінің  сарқыншағындай  әсер  береді.  Автор  әженің  аузы-
мен бірнеше рет «Алла» сөзі мен Мұхамед пайғамбардың 
есімін  атайды.  Осы  арқылы  көне  көз  қарияның  аузымен 
қоғамда  болып  жатқан  бассыздықтарға  тосқауыл  іздейді. 
Ол  –  адамның  маймылдан  жаралуы  тәрізді  ғалымдардың 
дәлелдеп  жүрген  жаңалығы.  Мұның  да  кеңестік  дәуірдің 
бос  қылжағы  екеніне  бүгінгі  таңда  көзіміз  жетіп  отыр. 
Соның салдарынан қаншама ұрпақ имансыз болып, діннен 
безді. Солардан туған мәңгүрт балалар бүгінде тегінің кім 
екенін білмейтін дүбәраға айналды. Бұл да қазақ халқына 
кеңестік идеология алып келген трагедия. Осылайша әрбір 
күлкінің астарына үлкен әлеуметтік ой сыйғыза білген жазу-
шы қоғам, заман кемшіліктерін жеңіл юмормен әшкерелеуге 
болатынын көрсетті. 
Қожаның  жан  досы  болып  саналатын  Сұлтан  – 
оқырманның есінде ұзақ сақталатын кейіпкер. Қожадан екі-

16
  Әдебиеттану
үш жас үлкен арық жігіттің  жылқышы әкесіне көмектесе 
жүріп,    жаман  қылықтарға  әуестігі  оның  оқуды  тегіннен-
тегін тастап кетпегендігін айқандап тұр. Сұлтан жылқышы 
әкесінің  арқасында  бұрынғының  сал-серілері  тәрізді 
сәйгүліктен  сәйгүлікті  таңдап  мініп,  ылғи  жортуылдап 
жүретін  жан.  Сол  сері  Сұлтан  Қожаны  жайлауға  өзімен 
бірге  ала  кетеді.  Қожаның  қалтасынан  шыққан  он  сомға 
жолға керек-жарақ алған Сұлтан жолда оған темекі тарту-
ды  үйретпек  болады.  Темекі  түтінін  ішіне  тартқан  кездегі 
Қожаның жай-күйін оқып отырған балалардың ешқайсысы 
да темекіге жоламайтындай әсер береді.  
Келесі тарауда жаңа кейіпкер қойшы Жұмағұлдың бала-
сы Дәулетпен танысамыз. Жасы он бір-он екі шамасындағы 
Дәулеттің  қылығы  «Балалы  үйде  ұрлық  жатпайды»  деген 
халық даналығына жан бітіргендей. Жұмекең айтты деген-
ге сенген аңқау бала үйіндегі қымызын да, етін де Сұлтан 
өтірікшінің  алдына  жайып  салады.  Дәулетті  бір  сомдық 
ақшамен  алдап  ұрған  Сұлтан  оның  бермесін  тартып  ішіп, 
үйінен сыздаған қарнын сипап ыңыранып шығады. Дәулеттің 
мінез-құлқын шынайы суреттеген жазушы балалардың пси-
хологиясын  шебер  игерген  кәнігі суретші ретінде таныла-
ды.  Үйіндегі  барын  бергені  аз  болғандай,  беліндегі  қайыс 
белдігін  қоса  бергісі  келіп  тұрған  Дәулет  ауылдың  аңғал 
балаларының жиынтық бейнесі ретінде танылады. 
Келесі  кезекте  Сұлтанның  Дәулеттің  үйінен  көк 
қаракөлді  ұрлап  алып  шыққанына,  Қабанды  деп  аталатын 
ну қарағайлы жалпақ сайдың аузындағы Миллат тәтей сау- 
ыншы  болып  істейтін  бірінші  бригадаға    тап  боламыз.  
Жайлаудағы  шопандар  тойындағы  бәйге,  ұлттық  ойындар 
және басқа да ойын-сауық түрлері шығарманың ұлттық бо-
яуын қалыңдата түседі. Екі-үш күнге созылып, шілде айын-
да тойланатын шопандар мерекесі негізінен жайлауда өтетін 
болған. Кеңестік дәуір тұсында мал шаруашылығымен ай-
налысатын  ауылдарда  шопан  той,  егін  шаруашылығымен 

17
Әдебиеттану  
айналысатын  ауылдарда  сабан  той  дегендер  жыл  сайын 
міндетті  түрде  аталып  өтетін.  Мұндай  тойлардың  негізгі 
мақсаты – біріншіден, еңбекшілердің  еңбегін бағалау болса, 
екіншіден,  ұсақ-түйек  сыйлықтар  арқылы  оларды  еңбекке 
ынталандыру.  Сұлтан  мен  Қожаның  белдесіп  күресетіні  – 
жайлаудағы  осындай  кезекті  шопан  тойлардың  бірі.  Осы 
той  үстінде  Қожа  анасын  тағы  да  жерге  қаратады.  Әрине 
өз қателігі үшін емес, ауылдан атына мінгестіріп жайлауға 
алып келген сері досы Сұлтанның жырындылығы үшін. 
Хикаятқа  бір  ауылдың  тұрғындары  қатысатындықтан 
мұнда әртүрлі кәсіп иелері бар. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі, 
сыныптың жетекшісі Сәбира Майқанова адамгершілігі мол, 
ақылды болғанмен, тәжірибесі аздау ұстаз ретінде таныла-
ды. Тәжірибенің аздығынан ол үнемі Қожамен ұстасып қала 
береді.  Сынып  жетекшісі  Майқанова  бейнесінің  толыға 
түсетін  бір  тұсы  Қожаны  ауыл  шаруашылығы  жұмысына 
«Егер бармасаң, екінші жылға қалдырамын» деп қорқытуы 
үстінде. Еңбек практикасынан себепсіз қалғандарды ол кезде 
міндетті түрде жазалайтын. Кеңестік дәуір тұсында мектеп 
оқушыларын еңбекпен тәрбиелеу деген болатын. Әр жердің 
шаруашылығына  байланысты  мектеп  оқушыларын  жазғы 
каникулда  ақысыз  еңбек  науқанына  жегетін.  Бірақ  оған 
ешкім  де  арланбайтын,  керісінше  көптен  қалып  қоймауға 
тырысып, еңбек практикаларына бәрі бірдей жұмыла атта-
натын.  Өзіміз  де  жүк  машиналарының  үстінде  хормен  ән 
айтып егіс даласына барып, кешке сол салтанатпен әндетіп 
ауылға  қайтатынбыз.  Мұндағы  балалар  да  сол  дәстүрмен 
ән шырқап, үрмелі оркестр музыкасы үнімен еңбек практи-
касына аттанып барады. Мектеп оқушылары отырған жүк 
көлігінің бортына «Ура! Біз практикаға кеттік!» деген пла-
кат  жапсырылуы  да  осыдан.  Мұндай  практикалар  мектеп 
балалары үшін қызық көрінетін. Шаршауды білмейтін ба-
лалар таңның атысы күннің батысы тырбаңдап еңбек етіп, 
бір-ер айдан соң, үйлеріне күс-күс болып оралатын. Осын-

18
Әдебиеттану
дай өзімізге таныс эпизодтар шығарманың шынайылығын 
арттырумен бірге кеңестік идеологияның адам еңбегін жа-
сырын  қанауынан  сыр  шертеді.    Қожа  сыныптастарының 
жартысы шөп шабуға, екінші бөлігі қой қырқымына аттану-
ынан бұл ауылдың мал шаруашылығымен айналысатынын 
байқау оңай. Оның үстіне анасы Миллат та сауыншы болып 
еңбек етеді. 
Оқиғаға  қатысатын  Майқановадан  басқа  да  ұстаздар 
қауымы  бар.  Сондай  ұстаздардың  бірі  орыс  тілі  пәнінің 
мұғалімі  Анфиса  Михайловнаның  Қожаның  ойынша 
«мұғалімдердің  ішінде  –  алтын  адам»  болып  есептелетіні 
ол  –  тәжірибелі  ұстаз.  Мектеп  күзетшісі  Сәйбек  қарт  – 
Қожаның  әкесі  Қадырдың  досы.  Қазақта  «Әкең  өлсе  де, 
әкеңнің көзін көрген өлмесін» деген аталы сөз бар. Сәйбек 
қарт  осы  мақалға  жан  бітіріп,  оқырманға  қайта  ұсынған 
кейіпкер. Әкесін жақсы білгендіктен ол Қожаның жанашыры 
ретінде танылады. Сондықтан ол  Қожаға үнемі ақыл-кеңес 
айтып жүреді. Оның ұғымындағы Қадырдың баласы жақсы 
болуға тиіс. Сол себепті ол Қожаның келеңсіз қылықтарын 
балалықтың  белгісі  ретінде  қабылдайды.  Сондай  жанның 
бірі – зоология пәнінің мұғалімі. Кезінде әкесінің жан досы 
болғандықтан ол да Қожаны өз баласындай жақсы көретін 
кейіпкер.
Жазушы  оқиғаға  тікелей  араласатын  Қожа,  анасы 
Миллат,  әжесі,  Қаратай,    Сұлтан,  Жанар,  Жантас  тәрізді 
кейіпкерлерін  типтік  дәрежеге  көтере  білген.  Хика-
ят  жеткіншектер  мен  жасөспірімдерді  өмірмен  күресе 
білуге,  өзін  қайта  тәрбиелеуге  шақырады.  Жазушы  қиқар 
балалардың  да  бойында  жақсы  қасиеттердің  мол  болаты-
нын Қожа бейнесі арқылы дәлелдеп берді. Мұнда қиырда 
жатқан бір қазақ ауылындағы  өмір шындығы бір дәуірде 
өмір сүрген кейіпкерлер арқылы көркем шындыққа айнал-
ды. 

19
Әдебиеттану  

Каталог: images -> keruen
keruen -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
keruen -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
keruen -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
keruen -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
keruen -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
keruen -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
keruen -> №4 (43) 2015. Ғылыми және әдеби-көркем журнал меншік иесі
keruen -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
keruen -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
keruen -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 2.83 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет