Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.87 Kb.
Pdf просмотр
бет1/10
Дата13.01.2017
өлшемі2.87 Kb.
#482
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 №4 (49) 2016. Ғылыми және әдеби-көркем журнал
МЕНШІК ИЕСІ:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 
Ғылым комитеті М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер 
институты 
РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС:
Қалижанов  У. 
–  төраға,  бас  редактор,  филол.ғ.д.,  ҰҒА 
корреспондент мүшесі
Ақыш Н. – бас редактордың бірінші орынбасары, филол.ғ.д.
Ананьева С. – бас редактордың орынбасары, филол.ғ.к., доцент
Ахетов  А.  –  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет    және  өнер  
институтының  аға сарапшысы
Әбдезұлы Қ. – филол.ғ.д., профессор
Әбдіғазиев Б. – филол.ғ.д., профессор
Әзібаева Б. – филол.ғ.д., профессор
Әлібекұлы А. – төрағаның орынбасары, филол. ғ.к., доцент
Елеукенов Ш. – филол.ғ.д., профессор
Ерғалиева Р. – өнертану ғ.д., профессор
Жұмасейітова Г. – өнертану ғ.к., доцент
Күзембай  С.  –  өнертану  ғ.д.,  профессор,  ҰҒА  корреспондент 
мүшесі
Қасқабасов С. – ҚР ҰҒА академигі
Қирабаев С. – ҚР ҰҒА академигі
Мамыраев Б. – филол.ғ.д., профессор
Мұқан А. – өнертану ғ.к., доцент
Мұсағұлова Г. – өнертану ғ.к., доцент
Нұрғали Қ. – филол.ғ.д., профессор
Ісімақова А. – филол.ғ.д., профессор
Журнал Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және 
спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінде 2005 
жылдың 24-наурызында тіркелген. 
Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы куәлік
N 5844-Ж.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!
Қолдарыңызға  ұстап  отырған  –  ғылыми-көпшілік  және 
әдеби-көркем «Керуен» журналының кезекті саны:
– егер де Сіз тәуелсіз еліміздің әдебиеті мен өнері, фоль-
клоры  мен  рухани  өмірі  жайында  жан-жақты  хабардар 
болғыңыз келсе;
– егер де Сіз ұлтымыздың жан дүниесінің айнасы болып 
табылатын көркем әдебиетіміз жайындағы терең де білікті 
зерттеулерді оқығыңыз келсе;
–  егер  де  сіз  төл  өнеріміздің  әр  саласынан  жазылған 
мазмұнды    мағлұматтарға,  байсалды  талдауларға 
қаныққыңыз келсе;
– егер де Сіз Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрлігіне қарасты М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және 
өнер институтының тыныс-тіршілігінен үнемі құлағдар бо-
лып отырғыңыз келсе;
– егер де Сіз өзіңізді төл әдебиетіміз бен өнеріміздің шы-
найы жанашыры деп санасаңыз;
–  бір  ауыз  сөзбен  айтқанда,  бүгінгі  рухани  өміріміздің 
тыныс-тіршілігінен  жан-жақты  хабардар  болғыңыз  келсе, 
онда Сіз...
«Керуен» журналының тұрақты оқырманына айналасыз.
 
Жазылу индексі: 75278
Жазылу бағасы:
2 айға 4 айға 6 айға 8 айға 10 айға  12 айға
Қала үшін
350 
700 
1050 
1400 
1750 
2100 
Ауыл 
үшін
300 
600 
900 
1200 
1500 
1800 
«Керуен» журналына жазылу жыл бойы жүргізіледі. 
Журнал 
«Қазпошта» 
АҚ-ның 
жергілікті 
бөлімшелерінде  жазылуға  болады.  Оған  ешқандай  шек 
қойылмайды.

3
Әдебиеттану
С.Қирабаев
ЕҢБЕГІМЕН ТАНЫЛҒАН
Мен Дихан Қамзабекұлын студент кезінен білемін. Қақ-
соқта жұмысы жоқ, біртоға, өзіне керекті шаруаға ғана ара-
ласатын,  ізденімпаз,  оны-мұны  көп  оқитын,  көп  жазатын. 
Студент  шағының  өзінде  бірқатар  мақала  жазып  таста-
ды.  Әдебиет  және  өнер  институтына  қабылданар  уақытта 
жариялаған  мақалаларын  алып  келді.  Бәріміз  де  студент 
кезден қалам ұстай бастағанбыз. Жазуға үйрену, ықылас де-
ген сондайдан басталады. 
Дихан  осылай  ағаларының  жолыменен,  бұрынғы 
әдебиетшілердің  соқпағымен  бастады.  Еңбекшіл.  Оны 
жақсы  көретін  себебім  –  айтқанына  берік,  тиянақты.  Бір 
жерге  қойып  кетсең,  келесі  келгенде  сол  жерде  тұрады. 
Адамгершілік деген – осы. Менің осы Дихан сияқты басқа 
да шәкірттерім бар. Оларды мен іздеуім керек. Кейде «мені 
іздемейсің, соқпайсың, маған хабарласпайсың» деп жүрем. 
Ал, Дихан бәрін өзі атқарады. Мысалы, мен оған «пәленді 
істей  ғой,  түгенді  жасай  ғой»  деп  ешнәрсе  айтпаймын. 
Жастарға бір нәрсені тапсыруға, өтінуге ықыласы жоқ адам-
мын.  Олар  өзі  түсініп,  шұғылдануы  керек.  Өзінің  жазған 
еңбегімен табылуы, танылуы керек. 
Біздің  Ұлттық  академияның  өзіндік  сабақтары  бар. 
Қанекеңнен  –  академик  Қаныш  Сәтбаевтан  келе  жатқан 
дәстүр бар. Ол – ғылым мен шәкіртке жауапты болу. Әрине, 
кей  академиктер  өз  шәкірттерін  алға  ұсынып,  басқаларды 
жағалап жүретіні кездеседі. Мен осы Дихан Академияның 
корреспондент-мүшелігіне өтерде айттым: «Мен сен үшін 
олай  жағаламаймын.  Сенің  атың  бар,  қазір  ел  таниды. 
Жазған  еңбектерің  бар.  Сол  кітаптарыңды  алып  барсаң, 
саған  ешкім  «кет»  демейді.  Еңбектеріңді  біледі,  арнайы 
оқып  танысады.  Сол  кезде  байқаймыз!»  дедім.  Байқалды. 

4
Әдебиеттану     
Дихан дауыс беретін 25 академиктің бірауыздан 25-інің да-
уысын алды. Дихан – еңбегімен танылған адам. Сондықтан 
да оның адамдық болмысының өзі – осы еңбекшілдігінде.
40-50  жас  аралығындағы  әріптес  інілерім,  шәкірттерім 
–  ғылымға  әжептәуір  үлес  қосып  жүрген  азамат-
тар.  Қазір  мүмкіндік  мол.  Біздің  жас  кезімізде  әдебиет 
проблемаларының  өзі  белгілі  бір  бөгеттерге  ұшырады  да, 
көбінесе орыс әдебиетімен, шетел әдебиетімен байланысы-
мыз көп болды. «Орыс әдебиеті мен қазақ әдебиетінің ара 
қатынасы қандай болады?» деген сияқты мәселелерде, со-
сын  жекелеген  ақын-жазушылардың  шығармашылығына 
қатысты жайларда «оларға былай қарау керек пе, әлде бы-
лай  қарау  керек  пе?»  дегеннен  ары  аса  алмай  қалғанбыз. 
Көптеген  проблемаларымыз  жабық  жатты.  Ол  –  біздің 
баға жетпес ұлттық мұрамыз. Қуғын-сүргінде кеткен үлкен 
қайраткерлеріміздің  еңбектері,  Ахмет,  Әлихан,  Міржақып, 
Халел, Мағжан, Жүсіпбектердің жазғандарының көпшілігі 
жабық  жатты.  Дыхаңның  бағына  дәл  осы  мәселенің 
көтерілген  тұсы  тап  келді.  Ол  өзі  тірнектеп,  өзі  көріп,  өзі 
ізденіп,  халық  аңсаған  мұраны  тануға  құлшына  кірісті. 
Жас талаптың әрқайсысынан сонда біз үміт еттік. Мен ол 
кезде  мен  Академияның  Әдебиет  және  өнер  институтын-
да директормын. ҚазПИ-ді бітірген Дихан артымнан келіп, 
«осы институтқа қызметке қабылдасаңыз» дегеннен кейін, 
мен енді өз шәкіртімді білсін деп, өз жазғандарын қолына 
ұстатып,  Мүсілім  Базарбаевқа  ертіп  бардым.  Ол  бөлім 
бастығы еді. «Мүсеке, мына жігіттің еңбектерін оқып көрші, 
егер де «жарайды» десең, осыны сен қызметке алшы» дедім. 
Сосын ол: «Мынауың дайын жігіт қой!» – деді. Сөйтіп Ди-
хан сол үлкен бір қауырт жұмысқа ілікті де кетті. 
Осы  «ақтаңдақтардың»  кезінде  ол  көп  жұмыс  істеді. 
Бізді қинағаны – Алаш арыстарының телегей-теңіз мұрасы 
кезінде  жойылып,  газет-журналдарда  басылғандары  жыр-
тылып, кітаптары жоғалып кеткен еді. Әдейі жыртып алып, 

5
Әдебиеттану
жоқ қылып тастаған нәрселердің барлығын біз жан-жақтан 
іздеп  таптық.  Барам  дегендерге  жолды  аштық.  Мәскеуге, 
Петерборға,  Ташкентке,  Омбыға,  Новосібірге,  Қазанға, 
Уфаға барды және осы Қазақстанның қай жермен байланы-
сы болды, қандай мұрасы қайда шашылды - Дихан солардың 
көбін  ақтарды.  Жалықпай,  ерінбей  мұра  жинады.  Мен  де 
шамам келгенше оны қолдап отырдым.
Архив  пен  кітапханалардың  ескі  әдебиеттер  бөлімін 
кезіп жүріп Дихан өміріне жетерлік қолжазба, дерек жинап 
алды десем, артық емес. Сол кезде қол жеткізгендерін қазір 
толықтырып, тұжырымдап, көрші әдебиеттермен салысты-
рып,  түркітілдес  халықтар  әдебиетімен  байланыстырып, 
тереңдетіп зерттеп жүр. Сондықтан да Диханның дәл қазір 
жұмыс істейтін жасы. Оның алдында әлі де үлкен келешегі 
бар.  Дихан  Академиядан  шауып  өтті.  Бұл  -  біздің  акаде-
мия  тарихында  жиі  кездесе  бермейтін  оқиға.  Әрқашанда 
жолы  болады  деген  тілектемін.  Адамға  жақсылық  жасай-
тын  адам  да  –  өзі,  өзіне  өзі  жамандық  жасайтын  да  -  өзі. 
Дихан өзінің жолын біледі. Менің оны жақсы көретіндігім - 
ол өзінің де жолын ашып жүреді, жолдастарының да жолын 
ашып жүреді. Ол жалғыз шауып жүрген жоқ, қасында бір 
топ жолдасымен бірге еңбек етіп жүр. Кітаптарын да бірігіп 
шығарып, ортақ маңызды ғылыми жобаларға қатысады.
Диханның  шығармашылығының  салмақты  жағы  -  осы 
ақтаңдақтарға  байланысты  атқарған  жұмыстары.  ХХ 
ғасыр  басындағы  башқұрт  әдебиетімен,  қырым-татар 
әдебиетімен,  өзбек  және  қырғыз  әдебиетімен  байланыста-
рымыз,  жәдитшілдіктің  әдебиетке  әсері  бұрын  айтылып 
еді,  бірақ  жетер  жеріне  жетпеген.  Өз  ағайындарымыздың 
әдебиеттерімен  байланыстың  барлығын  Дихан  тереңінен 
қарап  жүр.  Қазіргі  түркі  халықтарының  тәуелсіздігі 
тұсында  арғы  рухани  бірлік  тақырыбын  зерттеуге  үлес 
қосып жүрген азамат деп білемін. Диханның тауып жүрген 
еңбегі,  қарастырып  жүрген  проблемалары  -  адам  көңіліне 

6
Әдебиеттану          
қона кететін нәрселер. Айтылмай кеткен, жоқтаусыз қалған 
көптеген  мұраны  қайта  бастырды.  Еуразия  университеті 
жанынан  «Алаш  институтын»  ашып,  елеулі  жұмыс  істеді. 
Смағұл  Сәдуақасұлының  еңбектерін  3  том  етіп  бастыр-
ды.  Тіпті  осы  даңқты  қайраткердің  сүйегін  алып  келуге 
баруының  өзі  –  азаматтық,  ерлік.  Әкелгенде  ел  қуанды. 
Біраз уақыт жерлейтін орын табылмай дағдарғанда, халық 
та қиналды. Әйтеуір сәті түсіп, Астанадағы ескі қорымға – 
Хан Кене сарбаздары зираты маңайына қойылды...
Қазақ  әдебиетінің  ұлттық  проблемалары  азайған  жоқ. 
Азаймайды.  Ұлт  болған  жерде,  оның  мәдени  мұрасы 
болған жерде көптеген ойлар айтылып жатады. Ғылым де-
ген  нәрсе  біреудің  айтқаныменен,  бір-екі  кітап  жазғанмен 
таусылмайды.  Ол  -  бітпейтін  құбылыс.  Бір-екі  шыққан 
еңбек,  әрине,  бастама  болады,  ой  салады.  Әрі  қарай  оны 
тереңдету  керек.  Алаш  проблемасы,  алаштанушылардың 
үлкен  еңбектері  бірін-бірі  қомақты  дәрежеде  кеңейтуді 
қажет  етеді.  Сондықтан  қазір  Әлихан  Бөкейхан  сәтті 
қолға  алынып  жатыр.  Сұлтанхан  Аққұлұлының  бастама-
сымен  қайта-қайта  шығарылып  жүр.  Әлекеңнің  де,  басқа 
тұлғалардың  да  еңбектері  ішінде  зер  салып  қарайтын 
дүниелер  бар.  Толықтыратын  дүниелер  де  аз  емес.  Ол 
-  біздің  ұлттық  танымымызбенен,  түркі  халықтарымен 
қарым-қатынасымызбенен  байланысты  жайттар.  Мы-
салы,  Мұстафа  Шоқай  жөнінде,  оның  әдеби  көзқарасы 
жөнінде. Сосын бұрын әдеби мұрасы талқыланбаған ақын-
жазушылар бар. Мысалы, Халел Досмұхамедұлы - қандай 
керемет зерттеуші. Оның да үлкен еңбегі бір шығып, кейін 
жеткілікті  зерттелген  жоқ.  Архив  деген  дүние  бір  жерде 
жатып  қалады,  қолжазба  бір  жерде  қозғалыссыз  тұрады. 
Жоғалып та кететіні бар. Солардың бәрін іздеу салып, табу 
керек.  Міне,  осылардың  барлығы  проблемаларды  ұлғайта 
береді деп ойлаймын. Қазақтың ұлттық әдебиеті мен ұлттық 
мәдениетінің  төркінін  іздеуде  Алаш  әңгімесі  таусылуға 

7
Әдебиеттану
тиісті емес.
Дихан Еуразия ұлттық университетінің проректоры бо-
лып  жақсы  келді.  Мен  оның  проректор  болғанын  басын-
да  білген  де  жоқпын.  Кейін  естіп,  көрдім.  Өзім  жанымда 
жүрген  кім  болса  да  «пәлен-пәлен  жерге  қызметке  қой» 
деп  көп  айтпайтын  адаммын.  Адам  еңбегімен  теріп  ала-
ды.  Дихан  бұл  қызметке  келген  күннен  бастап  көз  салып 
байқап жүрдім: жұмысына тиянақты, айтқанын екі етпейді, 
халыққа  жұғымды,  тілін  тауып  отырады.  Бүгінде  осы 
мінездерін  кеңейтіпті.  Қазір  тек  Еуразия  университетімен 
ғана емес, Қазақстанның жоғары оқу орындарының бәрімен 
де байланыста. Бас университетте отырғаннан кейін, осыған 
қатысты шаруалардың көпшілігі Диханды айналып өтпейді. 
Оның қолында көп дүние бар, шешім бар. 
Бір  ғана  тілегім:  бір  жерде  көп  отырып  қалды,  өрісін 
кеңейтсе деп ойлаймын. Өйткені, бізде ескіден қалған бір 
жаман әдет бар: отырғызып-отырғызып, жасы келген кезде 
«әй, ол қартайып қалды ғой» дейтін. Диханды Құдай осы 
жағдайға  жеткізбесін.  Ол  бір  жоғары  мектепке  ие  болып, 
жұмысын  әрі  қарай  жалғастырса,  еңбегін  өрістетсе,  кадр 
тәрбиелесе,  елді  ұятқа  қалдырмайды.  Қанша  дегенменен 
өсу мен өну халыққа, өзіне, мамандығына абырой әпереді. 
Осы жағын ойлап, әркез Дихан енді өзіне лайық масштабын 
кеңейтсе дейтін тілек айтып жүрмін.
14.06.2016 ж. Таспадан хатқа түсірген – Рүстем ӘЛҚОЖА
Резюме
В статье  автор  рассматривает  творческий путь доктора фило-
логических наук, член-корреспондента НАН РК Дихана Хамза-
бека.
Abstract 
In the paper the author considers the creativity of Dikhan Hamzabek, 
Doctor of Philological sciences, corresponding member of NAS RK.

8
Әдебиеттану
Б.У.Әзібаева
ҚАЗАҚ ҚАҺАРМАНДЫҚ ЭПОСЫ: НОҒАЙЛЫ 
ЦИКЛЫ
Басы өткен санда
Қарасай мен Қазиға арналған нұсқалардың көпшілігінде 
әкелері Орақтың қазасы басқаша баяндалады. Сатқындықпен 
өлтіру  эпизоды  дәстүрлі  «атса  мылтық  өтпейтін,  шап-
са  қылыш  кеспейтін»  мотивпен  астасқан:  Орақты  тек  өз 
қылышымен ғана өлтіруге болады. Дұшпандары (мұнда да 
басты арандатушы – Сымайыл) оның қылышын байқатпай 
киіз үйдің босағасына көлденең бекітіп, жау шапты деп, ау-
ылды айналдыра бір үйір жылқыны қуады. Үйден ұмтылып 
шыққан Орақ өз қылышына ұрынып, ауыр жараланады да, 
көп ұзамай көз жұмады.
Бұл  мәтіндерде  Қарасай  мен  Қази  жас  батыр  ретінде 
бейнеленеді:  Қарасай  жеті,  ал  Қази  алты  жасында 
қалмақтарға  қарсы  соғысып,  жеңіске  жетеді.  Қарасай 
өзгелермен бәсекеде үлкендігі үйдей тасты садақпен атып 
бөліп тастайды, әкесінің орындай алмай кеткен үш арманын 
орындайды, мысалы әкесі бара алмаған қызылбастың еліне 
алты айшылық жол жүріп барып, оларды жеңеді.
«Орақ, Мамай», «Қарасай, Қази» эпостарында да тарихи 
оқиғалар мен фактілер көрініс тапқан. Мысалы, Мұсаның 
ұлдарының  Жаңбыршының  баласы  Телағыспен  соғысуы, 
Палуан  сұлтан  мен  Батыр  хандардың  өлімі  т.б.  Сонымен 
қатар қалмақ ханының баласы ретінде баяндалатын соңғы 
екеуінің опасыздықпен өлтірілгені айтылады. Мамай Батыр 
ханмен дос болуға Құран ұстап ант етеді де, сол жерде оны 
өлтіреді. Мамай ант бергенде жеңіне біз жасырып тұрады 
(«Біз ұстап тұрып берген антты бұзуға болады» дегенді оған 
үйреткен Сымайыл). Мамай киімін шешкенде ұмытып кет-
кен бізі білегіне кіріп, жарасы асқынып, бақилық болады. 

9
Әдебиеттану
Эпоста оның өлімі антты бұзуынан болды деп түсіндіріледі.
Шора батырға арналған шағармалар да тарихи оқиғаларға 
құрылғанын  эпосты  алғаш  зерттеуші  М.О.Әуезов  атап 
көрсетеді:  «Шора  Қазан  хандығының  ішіне  кірген 
тамалардың батыры. Бұл тарихта орын алған адам... Оның 
нәсілдері  осы  күнге  шейін,  түрік  ішінде  бар.  Өздерін 
Шораның  тұқымымыз  дейді.  Шора  батырдың  батырлық 
әңгімесін  туғызған,  Қазан  хандығының  құлағанына 
қайғырған, қамыққан ел қиялы дейміз» [5, 90-95].
Фольклорлық  Серияда  бұл  эпостың  5  нұсқасы  жария-
ланды.  45-томда  –  «Қисса-и  Нәріктің  ұғлы  Шора  батыр», 
«Ертедегі  Шора  батыр»,  «Қисса  Нәрікбай,  Шора»,  «Ер 
Шора», 51-томда – «Қырымның қырық батыры» тізбегінде 
«Шора» эпосы, сондай-ақ осы томда «Нәрік» атты эпос та 
жарық көрді. Бұл шығарма Шораның әкесіне арналғанымен, 
едәуір бөлігінде батыр туралы жырланады. Нұсқаларды тал-
дау барысында олардың бір-біріне жақын екені анықталды. 
«Орақ,  Мамай»  эпосының  көптеген  нұсқаларындағы 
сияқты немесе «Қарасай, Қази» эпосы тәрізді емес, Шора 
батыр  туралы  эпос  тарихи  оқиғаларға  негізделсе  де,  шы-
найы  тарихты  қуаламайды.  Қарастырылып  отырған  эпо-
ста қорғаушы-батыр, жеңімпаз-батырдың дәстүрлі бейнесі 
сомдалған. Яғни,  халықтың есінде сақталған тарихи факт, 
оқиға,  жағдайлар  халық  санасында  шығармашылықпен 
түрленіп,  эпостық  жырларымызда  көрініс  тапқан.  Эпоста 
мінсіз қаһарман бейнесін сомдау үшін дәстүрлі эпикалық, 
жалпыфольклорлық сюжет, мотивтер қолданылған.
Шора – зарыға күткен, сұрап алған бала. Мәтінде болашақ 
қаһарманның  әкесі,  перзентсіз  Нәрікбайдың  беделі,  руы, 
перзентсіздіктен тартқан азабы, жақын-туыстарынан көрген 
теперіші баяндалады. Бір күні 40 түйеге 40 саба қымыз ар-
тып тойға келген Нәрікбайды той иесі кіргізбей қояды. Ызаға 
булыққан Нәрікбай 40 саба қымызды жарып тастайды. Со-
дан, алты ай бойы бала тілеп, әулие-әнбиелерді кезіп кетеді. 

10
Әдебиеттану
Ақыры, түсінде диуана кейпінде ақ сақалды шал (есімі атал-
майды)  ұлды  болатынын,  есімін  Шора  қою  керектігін  ай-
тып аян береді. Жүкті болған анасы жолбарыстың жүрегіне 
жерік болады.
Болашақ  қаһарман  тумай  тұрып,  бір  күні  ақ  теңіздің 
беті көпіршіп, судан шұбар айғыр шығады да, үйірге келіп 
қосылады. Нәрікбай сол шұбарды мінетін ұлым болса деп ар-
мандайды. Шұбарды сұратқан ағасы Есім мен Нәрікбайдың 
арасында дүрдараздық туып, Нәрікбай туған жерін тастап, 
көшіп  кетеді.  Алайда  жаңа  қонысында  да  Шұбарға  көз 
тіккендер табылады. Бұл мотив кей нұсқаларда кездеспейді, 
онда батырдың тұлпары басқаша аталғанымен ол да ерекше: 
ауызынан от жалындап, дұшпанның зәре-құтын қашырады.
Қазанға  келгенде  қалмақтардың  шабуыл  жасағанын 
естіген  батыр  7  күн  соғысып,  жеңіске  жетеді.  Олжаға 
қалмақ ханының қызы Жөрметөзді алады және Әлімханның 
қызы  Түймебикеге  үйленеді.    Батыр  жоқта  Түймебикенің 
түртпегіне  шыдамаған  аяғы  ауыр  Жөрметөз  (қалмақ 
ханының  қызы)  өз  еліне  қашып  кетеді.  Ұл  туып,  есімін  – 
Алып  деп  қояды.  Қалмақтар  оны  өскенде  Шораға  қарсы 
қою  үшін  әкесінің  кім  екенін  айтпай  өсіре  береді,  кейін 
солай  болады  да.  Алып  10  жасқа  толғанда  9500  қалмаққа 
бас болып Қазанды шабады. Бұл кезде Шора аңда жүреді. 
Алып  Шораның  ата-анасын,  ағасын  тұтқындап,  малдарын 
олжа қылады. Қайтып келген Шора олардың артынан қуып 
барады.  Алайда  әке  мен  баланың  қақтығысы  мұнда  жоқ. 
Өйткені жыр дәл осы эпизодқа келгенде үзіліп қалған. Бұл 
мотив/эпизод қазақ нұсқаларының ішінде тек осы мәтінде 
ғана  кездеседі.  Алайда  бұл  жыршының  жанынан  қосқаны 
емес,  мұндай  /мотив/  эпизод  ноғай  мен  татардың  кейбір 
нұсқаларында және қырым татарларынан жазылып алынған 
мәтіндерде де ұшырасады.
Шора  батыр  туралы  эпостың  Серияның  45-томында 
жарияланған  төрт  нұсқасы  да  аяқталмаған,  әр  түрлі  эпи-

11
Әдебиеттану
зодтармен  бітеді.  Неге  екені  белгісіз,  Қазанды  қорғаған 
батырдың  эпикалық  өмірбаянын  жыршылар  дәстүрлі 
түрде,  яғни  батырдың  жеңісімен  аяқтаудың  ретін  таба 
алмаған.  Алайда,  «Қырымның  қырық  батыры»  циклы-
на  кіретін  «Шора»  эпосы  батырдың  өлімімен  аяқталады. 
Сол  өте  қызықты  эпизодтың  қысқаша  мазмұны  мына-
дай: қалмақтарды кезекті рет жеңгеннен кейін Шора досы 
Құлыншақпен Жыланды тауында демалып жатып, досына 
өзінің әруағы барын айтады, досы оны көргісі келеді. Сонда 
Шора: «Шығыстан бір айдаһар келіп сені жұтпақ болады, 
бірақ сен оған қылышыңды сермеме, сермесең мен жоқпын» 
– дейді. Айдаһар келіп Құлыншақты жұтуға айналғанда, ол 
шыдай  алмай  қылышын  сермеп  қалады.  Айдаһар  көзден 
ғайып  болады,  сол  сәтте  Шораны  да  жер  жұтып  қояды. 
Батырдың  қару-жарағын  өртеп,  тұлпарын  асына  сойып, 
жұрты аза тұтады.
«Бөген  батыр»  эпосында  отбасын  құру  үшін  ерлік 
көрсететін  жас  батыр  Бөгеннің  жорықтары  жырланады. 
Бөген  –  руы  ноғайлы,  Жиренкөлдің  жағасында  тұратын 
алпыс  жастағы  Жанай  қарттың  тілеп  алған  перзенті. 
Жанайдың  түсінде  ақ  киімді,  аса  таяқты  шал  оған  атса 
мылтық өтпейтін, шапса қылыш кеспейтін, отқа салса жан-
байтын, суға салса батпайтын ұлды болатынын айтып аян 
береді.  Болашақта  алып  болып  өсетін  ұл  туылады.  Бала 
үш  жасында  асауға  бас  білдіріп,  алты  жасында  ел  шетін 
күзетеді. Жантекей деген тазша оған қызылбас Қарайманның 
қызы Ақборықтың елден асқан сұлу екенін айтады. Бөген 
Ақборықтың еліне аттанады. Қанатты тұлпары шөл басып, 
тау асып, судан өтіп, діттеген жеріне жеткізеді. Ел шетіне 
жеткен соң Бөген 14 күн, 14 түн ұйықтайды, Ақборықпен 
кездеседі. Қыз да мұны түсінде көріп, сырттай ғашық болып 
жүр екен. Одан арғы оқиға эпостың фабуласына қосылған 
«батырдың  қалыңдығы  үшін  күресі»  сюжетінің  аясында 
өрбиді. Ақборыққа бұрыннан ғашық Қарасүймен оны ұрлап 

12
Әдебиеттану
кетіп,  қызды  құтқару  үшін  Бөген  көптеген  кедергілерден 
өтіп, ерлік көрсетеді. Шығарма сюжетіне бірқатар ертегілік-
мифологиялық мотивтер кіргізілген, мысалы, Ақборық қара 
құс арқылы Бөгенге хат жазып жібереді, Қарасүймен жеті 
басты  айдаһарға  айналады  т.б.  Байқап  отырғанымыздай, 
эпостың  осы  бөлігі  сюжеттік  жағынан  «Құбығұл»  эпосы-
на  ұқсас.  Ал  екінші  бөлімі  «Мұңлық,  Зарлық»  эпосының 
сюжетін  біршама  өзгерістермен,  қысқартылған  түрде 
қайталайды.
«Қарабек  батыр»  эпосында  қалмақтың  ханы  Қараман 
түсінде  оят,  қият,  қоңыраттардың  ханы  Қадірханның  ай-
дай  сұлу  қызы  Ханбибіні  көреді,  оған  ғашық  болады.  Бір 
түмен қолмен Қадірханның еліне аттанады. Ол да сәуегей 
түс көреді. Ханның алты жасар баласы Қарабек жауға қарсы 
тұрып, Қараманның әскерін талқандайды. Одан ары қарай 
эпосқа  Ханбибінің  опасыздығын,  батырлардың  достығын, 
қара  құлдың  сатқындығын,  бір  қыздың  сатқындығы  мен 
екінші қыздың имандылығын т.б. баяндайтын хикаялық мо-
тивтер мен тұрмыстық эпизодтар қосылған.
«Сайын батыр» эпосында батыр боп туған Сайын 7 жа-
сында  ерлік  көрсетеді,  бірақ  қалың  жаудан  жеңіліс  тау-
ып,  бірнеше  жерінен  жараланып,  денесі  ұрыс  даласында 
қалады. Әйелі оның жағдайын түсінде көріп, енесімен бірге 
іздеп шығады. Тауып алады да, жарақатына ғажайып шипа-
лы дәрі жағып, тірілтіп алады.
М.О.Әуезов бастапқы нұсқада Сайын батыр ұрыста қаза 
табады  деп  топшылайды.  Себебі  Сайын  жорықтың  сәтсіз 
аяқталатынын  ескерткен  жауырыншының  болжамын  еле-
мей, аттанып кетеді. Ғалымның пікірінше, оқиғаның сәтті 
аяқталуы – кейіннен кіргізілген қоспа [5, 85-90].
Ноғайлы циклының тағы бір тобын «Қырымның қырық 
батыры»  тізбегіне  кіретін  жырлар  құрайды.  «Қырымның 
қырық  батыры»  циклы  әлемдік  эпоста  ғажайып  құбылыс 
болып саналады. Ол өткен ғасырдың отыз-қырқыншы жыл-

13
Әдебиеттану
дары  Батыс  Қазақстаннан  табылып,  1942  жылы  Мұрын 
жырау  Сеңгірбаевтан  жазылып  алынды.  Серияның  50, 
51-томдарында  толық  аяқталған  29  жыр  +  «Аңшыбай» 
эпосының екінші нұсқасы + «Жұбаныш» эпосының екінші 
нұсқасы және 6 жырдың қысқа ғана үзінділері, жалпы саны 
41  батырдың  ерліктерін  паш  ететін  35  мәтін  жарияланды. 
«Қырымның  қырық  батыры»  циклы  атақты  батырларды 
өзара  туыс  ретінде  көрсетіп,  қазақ  эпосының  сюжеттерін 
жүйелеп, тұтастандыруға жасалған әрекеттің жемісі сияқты. 
Яғни кейінірек тұтастануға түссе керек» [4, 394]. Бір айта 
кетерлігі кейіпкерлердің бәрі бірдей бір әулеттен емес және 
кейбірінің тарихи прототиптері де жоқ.
Батыс  Қазақстан  –  ғасырлар  бойы  ұрпақтан  ұрпаққа 
ауысып  келе  жатқан  жыршылық  өнер  дәстүріне  бай 
орталықтардың бірі. Бұл өңір бір кездері Алтын Орданың 
құрамына кірді, ХV ғасырдың алғашқы жартысында Ноғай 
Ордасы  да  сол  аймақта  шаңырақ  көтерді.  Ноғай  Орда-
сы  ХVІ  ғасырдың  аяғы  мен  ХVІІ  ғасырдың  басында  са-
яси  дербестігінен  айрылған  соң  ноғай  тайпалары  Қазақ 
хандығының құрамына кіріп, қазақтарға сіңісіп кетеді. Де-
генмен, тарихи деректерге көз жүгіртсек ноғайлардың бұрын 
да  «қазақтарға  қарай  жаппай  ауғанын»  көреміз.  Көптеген 
тайпалар  мен  халықтардың  тағдырына  елеулі  ықпал  ет-
кен, қазақ халқы мен ноғай тайпалары біте қайнасқан дәл 
осы жерде ноғайлы батырлары туралы қазақ эпосы дүниеге 
келді.
«Қырымның қырық батыры» циклы қазақтың эпикалық 
дәстүрі аясында жасалған. Ол ғасырлар бойы қалыптасып, 
бізге  жұрнағы  ғана  жетіп  отыр.  Ауызша  пайда  болып,  ау-
ызша тараған, бірнеше буын жыршылардың эпикалық сана-
сында сақталып жеткен бұл жырлардың әр түрлі деңгейде 
белгілі  бір  трансформацияға  ұшырағаны  анық.  Бірнеше 
ғасырды  артқа  тастаған  циклдың  бойында  алма  кезек  ау-
ысып  отырған  қоғамдық-экономикалық  формациялар  мен 

14
Әдебиеттану
саяси жүйелердің ізі сайрап жатыр. Циклдың поэтикасында 
жалпыұлттық  және  аймақтық  эпикалық  дәстүр  әдемі  үйлесім  
тапқан.  Цикл  тарихи  трансформацияға  ұшырағанына, 
кейінгі  дәуірдің  оқиғалары  қосылғанына,  жыршылар 
енгізген  жаңалықтарға  қарамастан  негізгі  параметрлерін 
(өлшемдерін) сақтап қалған. Ол бізге бабаларымыздың іс-
әрекеті, сезімі мен ой-санасы, үміттенген, торыққан сәттері 
туралы баға жетпес мәліметтерді жеткізіп отыр.
«Қырымның  қырық  батырына»  кіретін  эпостар  ұзаққа 
созылған  биографиялық  және  сюжеттік,  тарихи  және 
шежірелік  тұтастану  процесі  барысында  қалыптасқан.  Ака-
демик  С.А.Қасқабасов  шығарманың  топонимикасына  қарап 
оның географиялық тұтастануға түскенін де дәлелдейді [6, 58].
Циклға  кіретін  шығармалар  мыналар:  «Аңшыбай»  (2 
нұсқа),  «Парпария»,  «Құттықия»,  «Едіге»,  «Нұрадын», 
«Мұса хан», «Орақ, Мамай», «Қарасай, Қази», «Қарадөң», 
«Жұбаныш»  (2  нұсқа),  «Сүйініш»,  «Ер  Бегіс»,  «Көгіс, 
Тегіс»,  «Тама»,  «Тана»,  «Нәрік»,  «Шора»,  «Қыдырбайұлы 
Қобыланды»,  «Асанқайғы,  Тоған,  Абат»,  «Қарғабойлы, 
Қазтуған»,  «Көкше  батыр»,  «Көкшенің  ұлы  Ер  Қосай», 
«Ақжонасұлы  Ер  Кеңес»,  «Манашыұлы  Тұяқбай», 
«Жаңбыршыұлы  Телағыс»,  «Айсаның  ұлы  Ахмет»,  «Алау 
батыр», «Әмет батыр», «Шынтасұлы Төрехан».
Жоғарыда  баяндалғандай,  бұлардың  арасында  Едіге, 
Орақ  пен  Мамай,  Қарасай  мен  Қази,  Шора,  Қобыланды, 
Ер  Көкше  мен  Ер  Қосай,  Төрехандарға  көлемді,  бірнеше 
нұсқалары бар жеке эпостар арналған.
Жыршылар  біртұтас  эпопея  аясында  эпикалық 
батырлардың  үлкен  бір  тобы  туралы,  яғни  олардың 
әр  қайсысына  жеке-жеке,  бір-біріне  тәуелсіз,  жеке 
шығарма  арнауды  мақсат  еткен.  Басқаша  айтқанда  олар 
тұтастану  қағидасына  сай  жасалған.  Мұны  көп  жағдайда 
шығарманың  жинақылығынан,  оқиғалардың  қысқаша 
баяндалып,  эпизодтардың  үзік-үзік  күйде  берілуінен 

15
Әдебиеттану
аңғарамыз.  Аталған  шығармалардың  көлемінің  шағын  бо-
луына  да  осы  жайт  себеп  болған,  мысалы  «Шора»  эпосы 
–  1812  жол,  «Қыдырбайұлы  Қобыланды»  –  1687,  «Нәрік» 
– 1170, «Сүйініш» – 1495, «Қарғабойлы, Қазтуған» – 1336, 
«Жұбаныш» – 1220, «Нұрадын» – 1130, «Қарасай, Қази» – 
1077, «Тана» – 1051 жыр жолынан тұрады, қалған мәтіндер 
мың  жолға  да  жетпейді,  ал  жыр  үзінділерінің  (барлығы 
алты жыр) жол саны тіпті аз: 93, 58, 50, 43, 37, 34 жол. Әсілі, 
қазақтың көптеген эпостары аса көлемді, 6000-7000 жол бо-
лып келеді, 2500-3000 жол – әдеттегі құбылыс.
Цикл эпостың табиғи өмір сүру ортасы келмеске кеткен 
1943-1944  жж.  қағазға  түскенін  ескерсек  оның  құрамына 
кірген эпостардың көлемі бұрын біршама ауқымды болған 
деп болжауға негіз бар. Бұл кезде Қазақстанда бұрынғыдан 
мүлде  өзгеше  өмір  сүру  салты  қалыптасты,  өткенмен, 
дәстүрмен  жалғастық  үзіліп,  фольклор  біртіндеп  өз  пози-
циясын жоғалта бастады. Сондай-ақ, шығармалар жазылып 
алынған Мұрын Сеңгірбаевтың да жасы келіп қалған еді.
Жырларда 
өте 
жас 
батырлар 
қалмақ/ындыс/
қызылбастарды  бағындыру,  шапқыншы  жаудың  бетін 
қайтару,  жақындап  қалған  дұшпаннан  ел  шетін  қорғау 
мақсатында жолға шығады. Оларға кейде әкесінің кегі, өз 
күшін дәлелдеу, әкесінің жолын қуғанын дәлелдеу мақсаты 
түрткі  болуы  мүмкін.  Мұндай  жағдайда  да  қаһарман 
мақсатына батырлығы арқылы жетеді.
Кейде  батырлар  жауды  өздері  іздеп  шығады,  яғни 
олардың жорығы үнемі қорғану сипатында бола бермейді. 
Мұндай  сюжеттер  бастауын  ертеде  «бір  тайпаның  екінші 
тайпаны  жылдам  шауып  кететін»  дәуірден  алады  [7,  71]. 
Бұл  сюжеттерге  ноғайлы  циклы  пайда  болған  дәуірде 
қайтадан қажеттілік пайда болды. Алтын Орда мен Ноғай 
Ордасындағы  әскери-саяси  жағдайлар,  қазіргі  ұғымдағы 
шекараның  болмауы,  феодалдық  өзара  қырқыс,  сыртқы 
жаудың күтпеген жерден шабуылы, бір сөзбен айтқанда елдің 

16
Әдебиеттану
қорғансыздығы қорғаушы-батыр бейнесін алдыңғы қатарға 
шығарды. Үркін-қорқын заман бұрын-соңды болмаған, жа-
удан жүрегі қайтпайтын қаһарман бейнесін сомдауды, оның 
батырлық жорықтарын паш етуді талап етті. Барлық дерлік 
жырлардан батырдың хан мен биден де маңызды болғанын 
аңғарамыз.
Тарихта  қалмақтардың  Қазақ  хандығына  ерекше 
қауіп  төндіргені  жыршыларға  аян  болғандықтан,  олар 
классикалық  қаһармандық  эпостардағыдай  емес,  жауға 
бірінші боп өздері тиісетін бұл батырлардың басқыншылық 
жорықтарын сын тезіне алған жоқ.
Көбінесе  дұшпанның  ноғайлы  жеріне  шабуыл  жасамақ 
ниетін білген батырлар (кейде сәуегей түс арқылы) жорыққа 
бірінші аттанып, бірінші болып соққы береді.
Демек, қаһармандардың күллі іс-әрекеті, түптеп келген-
де, туған жерін жаудан қорғауға арналады, яғни елін-жерін 
қорғау мақсатына бағытталған.
Талданып  отырған  циклға  кіретін  шығармалардың 
бәрінің  басты  тақырыбы  –  қаһармандық,  туған  жерін  жа-
удан  қорғау.  Жыр  кейіпкерлері  батырлығын  6,  7,  8,  10,  11 
жастан  бастап,  кейбірі  15,  17  жасында  көрсетеді,  мысалы 
Қарасай, Шора, Ер Кеңес, Қарабек пен Бөген 6 жасында, Ер 
Қосай – 5-6 жасында, Ер Сайын – 7, Тұяқбай – 8, Нұрадын, 
Алау мен Жұбаныш – 10, Көгіс пен Тегіс – 11, Мұса – 15, 
Телағыс – 17 жасында ерлік жасайды.
Ерекше  жағдайда  туу  сюжеті  талданып  отырған 
циклдың  санаулы  жырларында  ғана  кездеседі  (мысалы: 
«Қыдырбайұлы  Қобыланды»,  «Нәрік»,  «Ақжонасұлы  Ер 
Кеңес»).
Алайда  көптеген  мәтіндерде  болашақ  батырдың 
қартайған ата-анадан туылғаны, анасы жүкті кезде арыстан/
жолбарыстың немесе жеті басты айдаһардың жүрегіне жерік 
болғаны  айтылады.  Сондай-ақ,  қаһарман  дене  мүшесінің 
кемістігі  бар  әйелден  тууы  мүмкін,  өйткені  ежелгі  наным 

17
Әдебиеттану
бойынша  ондай  әйелдерден  ерекше  бала  туылады-мыс 
(Қарасай, Қази).
Кейбір мәтіндерде батырлық балалық шақ мотиві көрініс 
береді. Әдетте, ол өзі қатарлас балалармен қарым-қатынасы 
кезінде байқалады. Болашақ қаһарманның бейнесі дәстүрлі 
батырдың  ұйқысы  мотиві  арқылы  да  сомдалады,  мысалы 
Орақ  пен  Мамай  жас  күндерінде-ақ  алты  күн,  алты  түн 
ұйықтайды, ыстық, суықты елемейді; Бөген батыр 14 күн, 
14 түн ұйықтайды.
Барлық эпостарға қаһарманның елден ерекшелігі, ә деген-
нен батыр болуы идеясы таңылған, сондықтан, егер кейіпкер 
10 жасқа дейін алаңсыз ойын қуып жүрсе үлкендерден сөз 
естиді.  Мысалы,  Сүйініш  10  жасқа  келсе  де  асық  ойнап 
жүреді. Сонда бір қария келіп: «Бабаларыңның бәрі батыр 
еді, ал сен әлі асық ойнап жүрсің, оларға тартпапсың» деп 
жазғырады. Осыдан кейін Сүйініш жорыққа аттанады.
«Қырымның қырық батыры» циклының қаһармандары – 
жеке-батырлар, жандарына жолдас ертуі ілуде бір кездеседі. 
Олардың  қаруы  –  садақ  пен  жебе,  найза,  болат  қылыш, 
шоқпар, кигендері – берік сауыт, ұстағаны – қалқан. Олар 
өз  күштеріне  сенімді  болғандықтан,  кейде  жорыққа  бір 
қарумен ғана аттанады, ал қалған қаруды жеңген жауынан 
тартып алады. 10 жасар Алау батыр төрт айшылық жердегі 
қалмаққа  аттанғанда  тек  болат  қылышын  ғана  алады: 
шығарып  салған  ата-анасына  «қалған  қаруды  жаудан  тар-
тып аламын» дейді.
Батырдың  жаумен  жекпе-жегі  бір  сарында  беріледі. 
Қарсыластар өз есімдерін атайды, шайқасады, көп жағдайда 
жеңілген  жақтың  әскері  жеңілгендігін  мойындап,  ұрыс 
алаңынан  қашады,  кейде  батырларының  жеңілгеніне 
қарамастан  соғысады.  Қалай  болғанда  да  ноғайлы  баты-
ры  жеңіп  шығады.  Жалпы  айтқанда,  мұндағы  соғыстар 
бұрынғыдай көркем жырланбайды. Батырлар классикалық 
қаһармандық эпостардағыдай 30, 40 мың жауға қирата соққы 

18
Әдебиеттану
бермейді.  Кейде  өлген  жаудың  саны  айтылады,  мысалы 
«Көкшенің ұлы Ер Қосай» эпосында Қосай қалмақтың мың 
сарбазын өлтіреді, «Сүйініш» эпосының қаһарманы үш мың 
қалмақпен  бір  күн  соғысып,  2500-ін  өлтіреді,  қалғандары 
қашып құтылады, Ер Бегіс мың қалмақпен соғысып, жеңіске 
жетеді.  Көгіске  («Көгіс,  Тегіс»)  500  қалмақ  әскері  қарсы 
тұрады,    «Нұрадын»  эпосында  қаһарман  50  қарауылдың 
көзін жойып, соңынан ындыстың ханын өлтіріп, сосын 20 
қызылбасты садақпен атып, найзамен шаншып өлтіреді т.б.
Ноғайлы батырлары, негізінен, қалмақ, қызылбастармен 
соғысады, алайда, сонымен қатар архаикалық, классикалық 
қаһармандық эпостарда кездеспейтін жаңа жау – ындыстар-
мен де шайқасады.
Сондай-ақ,  бұл  циклға  жататын  жырларда  көне  эпо-
старда кездеспейтін діни мотив бар. Классикалық эпостар-
да  қазақ  батырлары  –  мұсылмандар,  олардың  дұшпаны 
қалмақтар  –  дінсіздер,  алайда  оларда  жауын  дінге  кіргізу 
мотиві ұшыраспайды. Талданып отырған циклдің көптеген 
шығармаларында  қаһарман  жау  әскерін  талқандаған  соң, 
елін ислам дініне қаратады, мысалы «Аңшыбай», «Парпа-
рия», «Қарадөң», «Манашыұлы Тұяқбай», «Жаңбыршыұлы 
Телағыс», «Нұрадын» т.б. жырларда.
Қаһармандардың соғыста түсіретін олжасы, әдетте, мал-
мен шектеледі, яғни үйір-үйір жылқы олжалап қайтады, кей-
де жеңілген жаудың халқы ноғайлы еліне қосылады (сирек 
те  болса  кездеседі);  тек  «Ақжонасұлы  Ер  Кеңес»  эпосын-
да ғана 6 жасар қаһарман қалмақ ханын жеңіп, оның қызы 
Қарлығашқа үйленеді. Ер Кеңес жорыққа аттанғанда қыздан 
бейхабар болса, Қарлығаш қаһарман келерден бұрын сәуегей 
түс  көреді.  Түсінде  аспаннан  қара  құс  келіп,  қоныпты. 
Бұл  эпизод  (нақты  айтпағанымен)  «жазылған  қалыңдық» 
мотивінен сыр беріп тұрғаны анық, бірақ мәтінде «олжаға 
түскен қыз» мотиві түрінде берілген.
Жорықта  жеңіске  жеткен  батырлар  еліне  келген  соң 

19
Әдебиеттану
олжаларымен  бөлісіп,  той  жасайды,  кейде  қала  салады 
(«Аңшыбай»).
Бұл  циклдағы  шығармалардың  архитектоникасы  өте 
қарапайым,  олар  қаһарманның  бір  немесе  екі  жорығын 
баяндауға  құрылған.  Бұларда  төтенше  жағдайда  дүниеге 
келу, қаһармандық үйлену, қалыңдығының тойының үстінен 
түсу сияқты архаикалық сюжеттік стереотиптер, жоғарыда 
атап өткеніміздей, өте сирек кездеседі.
Сонымен, ноғайлы циклына кіретін эпостардың сюжеттік 
негізін  өткен  дәуірлердің  нақтылы-реалды  оқиғалары 
құрайтыны  анықталды;  олар  көптеген  жағдайда  эпостың 
тарихи даму барысында сюжет құраушы бірлік мәртебесін 
иеленеді.
Эпостарда эпикалық батырдың барлық әрекеті мен ісі ел-
жұртын қорғауға бағытталады. Ерлік істі мадақтау культтік 
мән  иеленген.  Батырлық,  ержүректілік,  іске  берілгендік, 
алға қойған мақсатқа жету жолындағы табандылық арқылы 
бейнеленіп отырған дәуірдің бас қаһарманы – батыр тұлғасы 
танылады.
Жыршылар  эпикалық  шығармалардың  басты  идея-
сын  іске  асырып,  эпикалық  батырлардың  монументалды 
қаһармандық образын сомдау үшін көптеген фольклорлық 
сюжеттер мен мотивтерді пайдаланады. Олардың қатарында: 
ғажайып  туу,  батырлық    құдалық  сюжеті,  перзентсіздік 
мотиві, ерте ер жету, қалыңдықтың ұрлануы мен оны құтқару 
мотиві, қызды олжаға алу мотиві, өгей шешенің күйеуінің 
асыранды  баласымен  немесе  қызметшісімен  ғашықтық 
байланыс,  батырлық  тұлпар,  аттың  араздыққа  себеп  болу 
мотиві,  түс/аян  мотиві,  батырлық  айғай,  құлдардың  бас 
көтеру мотиві, өтірік ант мотиві, діни мотив, аталар аруағы 
мотиві,  ерте  жетімдік  мотиві,  ханға  қызмет  ету  мен  оған 
қарсы  шығу  мотиві,  кейіпкердің  айдаһармен  жекпе-жек 
мотиві, құбылу мотиві, мифтік күштермен некелесу мотиві, 
бірін-бірі танымаған әке мен баланың бір-біріне қарсы шығу 

20
Әдебиеттану
мотиві, Жерұйықты (жайлы мекенді, шұрайлы жерді) іздеу 
мотиві, қайта тірілу мотиві т.б. 

Каталог: images -> keruen
keruen -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
keruen -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
keruen -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
keruen -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
keruen -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
keruen -> №4 (43) 2015. Ғылыми және әдеби-көркем журнал меншік иесі
keruen -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
keruen -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
keruen -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
keruen -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 2.87 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет