Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.83 Kb.
Pdf просмотр
бет1/11
Дата13.01.2017
өлшемі2.83 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 №1 (40) 2015. Ғылыми және әдеби-көркем журнал
МЕНШІК ИЕСІ:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 
Ғылым комитеті М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер 
институты 
РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС:
Қалижанов  У. 
–  төраға,  бас  редактор,  филол.ғ.д.,  ҰҒА 
корреспондент мүшесі
Ақыш Н. – бас редактордың бірінші орынбасары, филол.ғ.д.
Ананьева С. – бас редактордың орынбасары, филол.ғ.к., доцент
Ахетов  А.  –  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет    және  өнер  
институтының  аға сарапшысы
Әбдезұлы Қ. – филол.ғ.д., профессор
Әбдіғазиев Б. – филол.ғ.д., профессор
Әзібаева Б. – филол.ғ.д., профессор
Әлібекұлы А. төрағаның орынбасары, филол. ғ.к., доцент
Елеукенов Ш. – филол.ғ.д., профессор
Ерғалиева Р. – өнертану ғ.д., профессор
Жұмасейітова Г. – өнертану ғ.к., доцент
Күзембай  С.  –  өнертану  ғ.д.,  профессор,  ҰҒА  корреспондент 
мүшесі
Қасқабасов С. – ҚР ҰҒА академигі
Қирабаев С. – ҚР ҰҒА академигі
Мамыраев Б. – филол.ғ.д., профессор
Мұқан А. – өнертану ғ.к., доцент
Мұсағұлова Г. – өнертану ғ.к., доцент
Нұрғали Қ. – филол.ғ.д., профессор
Ісімақова А. – филол.ғ.д., профессор
Сұлтан    Е.  –  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет    және  өнер  
институтының  баспасөз  хатшысы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!
Қолдарыңызға  ұстап  отырған  –  ғылыми-көпшілік  және 
әдеби-көркем «Керуен» журналының кезекті саны:
– егер де Сіз тәуелсіз еліміздің әдебиеті мен өнері, фоль-
клоры  мен  рухани  өмірі  жайында  жан-жақты  хабардар 
болғыңыз келсе;
– егер де Сіз ұлтымыздың жан дүниесінің айнасы болып 
табылатын көркем әдебиетіміз жайындағы терең де білікті 
зерттеулерді оқығыңыз келсе;
–  егер  де  сіз  төл  өнеріміздің  әр  саласынан  жазылған 
мазмұнды    мағлұматтарға,  байсалды  талдауларға 
қаныққыңыз келсе;
– егер де Сіз Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрлігіне қарасты М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және 
өнер институтының тыныс-тіршілігінен үнемі құлағдар бо-
лып отырғыңыз келсе;
– егер де Сіз өзіңізді төл әдебиетіміз бен өнеріміздің шы-
найы жанашыры деп санасаңыз;
–  бір  ауыз  сөзбен  айтқанда,  бүгінгі  рухани  өміріміздің 
тыныс-тіршілігінен  жан-жақты  хабардар  болғыңыз  келсе, 
онда Сіз...
«Керуен» журналының тұрақты оқырманына айналасыз.
 
Жазылу индексі: 75278
Жазылу бағасы:
2 айға 4 айға 6 айға 8 айға 10 айға  12 айға
Қала үшін
350 
700 
1050  1400 
1750 
2100 
Ауыл 
үшін
300 
600 
900 
1200 
1500 
1800 
«Керуен» журналына жазылу жыл бойы жүргізіледі. 
Журнал 
«Қазпошта» 
АҚ-ның 
жергілікті 
бөлімшелерінде  жазылуға  болады.  Оған  ешқандай  шек 
қойылмайды.

3
Әдебиеттану                        
К.Рахымжанов
    М.ӘУЕЗОВ – СЕМИНАРИЯ СТУДЕНТІ
М.Әуезов Семейдегі бес класстық орыс-қазақ училищесін 
1915  жылы  өте  жақсы  деген  бағалармен  бітіріп  шықты. 
Бұдан  кейін  өз  оқуын  жалғастыру  мақсатымен  бастауыш 
мектептер мен қалалық училищелерге арналған оқытушылар 
дайындайтын мұғалімдер семинариясына түсті. Семейдегі 
мұғалімдер  семинариясы  сол  кездегі  губерниялық 
дәрежедегі  ең  таңдаулы  оқу  орындарының  бірі  болды. 
Омбыдағы  батыс  Сібірдің  оқу  орындарын  бақылайтын 
бөлімшесіне  бағынатын  Семей  қаласының  оқу  орындары 
ішінде орта дәрежелі мамандар даярлауға арналған семина-
рия өз қызметін 1903 жылдан бастап жүргізе бастады. Мұнда 
оқитын студенттер қатарына қалалық екі сыныптық, баста-
уыш  бес  сыныптық  училищелерде  оқып,  оны  ойдағыдай 
бітірген оқушылардың арасынан қабілетіне қарай іріктеліп, 
сынақ  қабылдай  отырып  оқуды  жалғастыруға  мүмкіндігі 
жететін  зерек  балалар  таңдалып  алынды.  Бұл  оқу  орнын 
бітірген шәкірттер ауылдық мектептердің бастауыш сынып-
тарына,  бастауыш  училищелер  мен  бастауыш  орыс-қазақ 
мектептеріне  оқытушы  болып  қызмет  істеуге  даярланып, 
кейін осы салада жемісті қызмет етті. 
Архив  зерттеуші  Б.Байғалиев  мұғалімдер  семинариясы 
оқу мерзімі жағынан үш жылдық болғанын жазды. Оқу ор-
нына түсуші дайындығы төмен болған оқушыларға арналған 
даярлық  курсы  жұмыс  істегенін  туралы  да  мәліметтер 
берді.  Осы  жерде  оқып  білім  алған  көптеген  қазақ  жаста-
ры  кейін  оқытушылық,  ағартушылық  қызметпен  айналы-
сып  өздерінің  алған  білімін  тәжірибе  жүзіне  қолдануға 
мүмкіндік алған. 
Мұғалімдер  семинариясының  оқу  бағдарламасы  сол 
дәуірдегі алдыңғы қатарлы білім орындарында оқытылатын 
негізгі пәндерді түгел қамтыды. Онда оқылатын пәндердің 

4
Әдебиеттану                        
негізгілері дін сабағы, орыс тілі, шел ел тілі (неміс, француз) 
қазақ  тілі,  математика,тарих,  жаратылыс  тану,  география, 
сызу, ән-күй, қол еңбегі сияқты пәндер еді. Бұл пәндердің 
кейбірі  бойынша бастауыш училищеде алған білімін одан 
ары  жетілдіруге  осы  оқу  орнында  мүмкіндік  берілді.  Бұл 
кезде  қаладағы  медреселерде  мұсылманша  оқып  жатқан 
қазақ  балалары  орыс  тілін  білмеуіне  байланысты  түсе  ал-
майтын  еді.  Орыс  тіліндегі  оқу  орнына  түсуді  жеңілдету, 
онда  оқыған  жергілікті  ұлттың  балаларына  жағдай  жасау 
туралы түрлі шаралардың жасалуына байланысты мұндағы 
жақсы  оқитын  студенттерге  стипендия  төлеу  туралы  да 
жеңілдіктер қарастырылды. М.Әуезов осы жеңілдікті пай-
даланып,  жақсы  оқығанына  орай  Шыңғыс  болысының 
шәкірттерге берілетін земстволық стипендия алып тұрды. 
М.Әуезовтің  Семейдегі  мұғалімдер  семинариясын-
да  оқыған  жылдары  туралы  деректер  мен  мәліметтер  сол 
жылдар  естеліктерінде  көп  кезіккенімен  ондағы  бірге 
оқыған адамдардың нақты жазған анық осы жылдарда не-
мен  айналысқаны  туралы  толық  мәліметке  сүйенетін,  бұл 
туралы кең түрде, жан-жақты мағлұмат беретін  зерттеулер 
әлі де болса сирек кезігеді. Сол дәуірдегі студенттік жыл-
дарын жазушымен бірге өткізген қатарластары кейін сиреп 
қалуына,  дер  кезінде  жазып  алынбауына  байланысты  бұл 
жерде анықтауды керек ететін бірталай деректер баршылық. 
Бұл тақырыпта ертеректе белгілі ғалым Қ.Мұхаметханов 
қалам тартқаны мәлім. Өз кезінде жазушының әр жылдардағы 
аталған  юбилейіне  байланысты  жазған  мақалаларымен 
қатар «Мұхтар – семинарист» деген тақырыпта да бірталай 
ізденістер  жасап,  архив  материалдарын  келтіре  оты-
рып  жазушының  студенттік  шағынан  көптеген  деректер 
келтіреді. Өз пікірлерін әрдайым нақты деректерге сүйеніп 
дәлелдеген ғалым былай деп жазды:
«Енді  архив  документіне  келейік.  Архивта  Семей 
мұғалімдік  семинариясының  он  жыл  ішіндегі  (1903-1913) 

5
Әдебиеттану                        
жұмысын көрсететін мағлұматтардың кейбіреуін келтірейік. 
«Семипалатинская учительская семинария открыта с 1-го 
июля 1903 года... В состав семинарии входит четыре клас-
са. При семинарии состоит двухклассное начальное образ-
цовое училище», – деген. Енді Мұхтардың семинарияның 
бірінші класында оқыған кезіне келейік», – деп түйіндейді 
де құрметті ғалым одан ары М.Әуезовтің осы оқу орнының 
1-ші курсында 1912-13 жылдар оқыды дегенді алға тарта-
тын  деректерді  ұсынады.  Осы  жерде  құжатта  көрсетілген 
нәрселердің  дау  тудырмайтынын  айта  кету  керек.  Бірақ 
мұғалімдер семинариясындағы оқу бағдарламасы икемделіп 
өзіне түскен оқушылардың білім дәрежесіне сәйкес оқытқан 
деген  пікір  түюге  негіз  бар  екенін  айтқымыз  келеді.  Әлгі 
құжаттағы осы семинария құрамында екі сыныптық үлгілі 
училище де бар дегенді айтқаны бар. Ендеше бес сыныптық 
бастауыш училищеде оқыған қазақ баласының семинария-
да оқытылатын бағдарламаға сәйкес білім алуы үшін кейбір 
пәндерді қайта толықтыра оқып, сол сыныптардың тізімінде 
жүруі де мүмкін ғой деген ой да көкейге келеді.
Егер  шын  мәнінде  М.Әуезов  1912-13  жылдары 
семинарияның бірінші сыныбында оқығаны рас болса онда 
қазіргіше айтқанда орта сыныптардың бағдарламасын білу 
үшін қосымша курста жүруі де мүмкін деуге болады. Олай 
болмай шын мәнінде семинарияға бұдан кештеу келгені рас 
болмаса  өз  қолымен  оқу  орнына  «1915  жылы  түсіп,  1919 
жылы  бітіріп  шықтым»  деп  жазу  орнына  басқаша  жазған 
болар еді. 
М.Әуезов  өмірінің  Семей  кезеңін  зерттеген  жас  ғалым 
Р.Мұқажанова өз кітапшасында бұл туралы студент Мұхтар 
семинарияға 1912 жылы түссе оны оны 1916 жылы бітірсе 
керек еді деген пікір айтады. (14.8.) Бұдан ары 1912 жылы 
анасы Нұржамалдың, 1914 жылы ағасы Қасымбектің дүние 
салу  оқиғалары  оқуды  ара-тұра  үзе  тұруға  себеп  болып, 
соған орай 1915 жылы оқуды жалғастыруға мүмкіндік болса 

6
Әдебиеттану                        
керек деген болжам айтқан. Бұл болжам дұрыс деген кезде 
де М.Әуезовтің оқушылар тізімінде жүруі оның оқуды бұл 
мезгілде үзбегенін дәлелдейді. 
Жазушы  бұл  туралы  оқуды  арасында  ауырып  қалып, 
үзілген  кезде  тоқтатып  қойып  1919  жылы  шала-шарпы 
бітіргендігі  жөнінде  өз  естелігінде  айтқан.  Демек  оқудың 
арасында үзіліп барып жалғасқан  мезгілдері болғаны анық, 
оның бір рет емес жағдайға қарай бірнеше рет қайталануы да 
мүмкін еді. М.Әуезовтің жаңағы айтылған жағдайларымен 
бірге  оқу  арасында  жүріп  үйленгені,  1916-18  жылдардағы 
Семей  қаласындағы  тынышсыз  мезгілдерде  қырға  шығып 
кетіп, дүрбелең басылғанша елде болғаны жайлы айтатын 
деректер  баршылық.  Студент  Мұхтардың  1912-13  жыл-
дары  семинарияның  бірінші  курс  оқушылары  арасында 
жүруі  оның  қажет  бағдарламаны  толықтырып  оқу  кур-
сында жүруінен болған деп айтсақ, бұл сол кездегі оқудың 
қиындығына сәйкес дұрыс болжам болады деп ойлаймыз. 
М.Әуезов өзінің балалық шағы туралы естелігінде 9-10 
жасында қалалық училищеге келіп оқи бастағанын жазды. 
Бұл уақыт 1907-12 жылдар десек осы мезгілде ол бастауыш 
училищені бітіріп, қазіргіше айтқанда орта сыныпқа келуі 
керек еді. Осы арада оқушы баланың 6-9 сыныптағы білімі 
қайда,  бұл  уақыттағы  бағдарламаны  қалай  толтырған  де-
ген заңды сұрақ туатыны анық. Осы аралықты толықтыру 
курсында  оқи  жүріп  семинарияның  студенті  болған 
жасөспірімнің оқуға қандай қиындықтармен түскенін анық 
көруге болады. Онымен бастауыш училищеде бірге оқыған 
қатарластары бұл оқудың өзінің кемшіліктері мен жетпейтін 
жақтары болғанын, оқуды бұдан ары жалғастырып жоғары 
білім  алғысы  келген  адамға  тиімсіз,  кедергісі  көп  екенін 
естеліктерінде айтқан. 
Бұл  мезгілде  М.Әуезовтің  семинария  студенті  атанып 
білім  жолында  жүргені  анықтауды  қажет  етпейтін  дерек. 
Ендеше  кейінгі  заманның  оқуынан  өзіндік  ерекшілігі  бар 

7
Әдебиеттану
сол  уақыттың  бағдарламасы  мен  оқушыларға  білім  беру 
жүйесіндегі кейбір өзгешеліктер болғанын жоққа шығаруға 
болмайды. Патшалық Ресей кезіндегі оқу орындары бұратана 
халықтардан  шыққан  азғана  студенттердің  түгелі  дерлік 
озық білім мен мәдениетке жетуіне мүдделі болды, соларға 
жағдай  жасауға  тырысты  десек  шындыққа  сәйкес  келмес 
те  еді.  Бастауыш  училищенің  мақсаты  да  оқуға  қабілеті 
бар қазақ балаларын орыс тілінде оқып жаза білуге үйрету, 
сауатын  ашып  жергілікті  заңдарды  білетін,  әрі  барғанда 
тәртіпті  аудармашы,  шенеунік  болуға  тәрбиелеу  болатын. 
Екінші  кедергі  әлгі  оқуды  одан  ары  жалғастыруға  деген 
қиындықтың  болуы  еді.  Бұл  қиындықты  жас  Мұхтардың 
жақсы  оқудың  нәтижесінде  жеңе  білгенін,  сөйтіп  семина-
рия  студенттерінің  құрамына  алынып,  өзінің  бұған  дейін 
алған  білімін  одан  ары  жалғастыруға  мүмкіндік  алуын 
сөзсіз  жетістік  де  айтуға  болады.  Бұл  арада  одан  бұрын 
ағасы Қасымбектің де осы семинарияны ойдағыдай бітіріп 
оқуын жоғарыға қарай жалғастыруға талпыныс жасағанын 
білеміз. Оның да оқудағы мақсаты жұртқа жәрдемі тиетін 
пайдалы мамандық иесі болып шығу еді. 
Мұғалімдер 
семинариясының 
бұл 
сыныбында 
Қ.Мұхаметхановтың  жазуы  бойынша  тізімде  33  оқушы 
тұрған. Осы балаларды шығу тегіне қарай бөлгенде шаруа ба-
ласы – 18, казак (казакорыс) – 5, мещан – 4, шоқындырылған 
қазақ – 1, қазақ – 1 болыпты. Тізімде студент М.Әуезов аты-
жөні  орысша  жазылып  33  болып  тұрған.  Оқу  жылының 
аяғында Безпалов деген студент үлгерімінің нашар болуына 
қарай шығарылған. Оқу үлгерімі нашар болып шығарылған 
оқушылар  саны  үшеу  болған.  Үлгерімі  нашар  бір  оқушы 
осы сыныпта екінші жылға қалдырылған екен. Бұл жайды 
құжатқа сүйене отырып келтірген ғалым:
«Қалған 29 оқушының тоғызы каникулдан кейін емтихан 
тапсыруға қалдырылған (бәрі де орыс тілінен емтихан тап-
сыра алмаған). 26 оқушы екінші класқа көшкен. Олардың 

8
 Әдебиеттану
ішінде екі оқушы педсоветтің қаулысында:
«Переводится с наградой» деген баға алған. Олар: Петров 
Александр Матвеев (шаруа баласы), және өзіміздің Мұхтар 
Әуезов.  (Мұхаң  пениеден  ғана  үш  алыпты)»–деп  мысалға 
дейін оқушылардың  аты-жөнін атап жазды.
Осы  мақала  барысында  семинарияда  оқыған  қазақ 
балаларының  кейінгі  өмір  жолы  туралы  да  ізденістер 
жасаған ғалым олар туралы кейінірек кеңейте жазбақ ойы 
бар екенін айтады. Соның ішінде шоқынған қазақ баласының 
тағдырын да сөз ете келіп, оның М.Әуезовтен 6 жас үлкен 
болғанын  және  өзінің  жақсы  оқығанын  ,  балалардың  ара-
сында болашақ жазушымен жақын, сырлас дос адам осы бо-
луы мүмкін екенін де айтқан. Осы жерде ғалым сәл тоқтап 
келесі ойларын жақшаға ала отырып былайша білдірген:
«(Ол  адамның  Мұхтарға  қатысы  жайында  және 
Әуезовтің  семинарияда  оқыған  кезіндегі  ортасы  туралы 
кейінірек  жазбақпыз)»,–  деп  түйіндей  келе  әлі  де  айтыла-
тын деректердің мол екендігінің шетін шығарғандай бола-
ды. Бірақ бұл мақалада айтылған мәселелерге ғалым қайта 
айналып  соқпаған  тәрізді.  Осы  мақаланың  соңында  бұдан 
бұрынғы кездері де осы семинария қабырғасында көптеген 
қазақ  балалары  білім  алып  шыққанын  айта  отырып  1904 
жылы  мұнда  білім  алған  бірнеше  адамның  аты-жөнін 
келтіріп    Барлыбаев  (Ақтаев)  Ахметолла,  Зеинов  Әбікей, 
Нуркинов  Тәуекел,  Хасенов  Әбіш  сияқты  адамдардың 
атын  атайды.  Бұған  қосы  М.Әуезовпен  бір  мезгілде  се-
минарияда  оқыған  Д.Ысқақов,  Қ.Сәтбаев,  Ә.Марғұлан, 
Ж.Аймауытов сияқты шәкірттердің осы оқу орнында білім 
алғандығын алға тартады. Осы деректердің бәрі М.Әуезов 
оқыған  Семей  қаласындағы  алғашқы  оқу  орны  болып 
есептелген  мұғалімдер  семинариясының  қоғам  өмірі  мен 
алғашқы қазақ оқығандарының өмірінде ерекше орын ала-
тын ағартушылық бағыты күшті, білім беруге лайық мекеме 
болғанын дәлелдейді.      

9
Әдебиеттану 
М.Әуезов  мұғалімдер  семинариясына  қай  жылы  түсіп, 
неше  жыл  оқығаны  маңызды  емес,  ең  бастысы  оның 
жастық жалынды жылдарындағы қымбат кездерінің басқа 
өтпегендігі  еді.  Тиісті  мекемелер  бекітіп  берген  дұрыс 
бағдарламасы бар, ғылым негіздерін белгіленген тәртіппен 
оқытатын оқу орнында білім алу жасөспірім баланың өмір 
жолының  жарқын  болуына,  дұрыс  қалыптасуына  ора-
сан  зор  жәрдемі  тиді.  Семей  қаласына  аты  белгілі  болған 
білімді  ұстаздардың  көпшілігі  дерлік  осы  жерге  келіп  әр 
түрлі пәндерден семинария шәкірттеріне сабақ беруге үлес 
қосты. Олардың ішінде В.Малахов, В.Попов, В.Белослюдов, 
С.Степанов,  Н.Құлжанов,  Р.Елкібаев  сияқты  есімі  Семей 
жұртшылығына белгілі ұстаздармен қатар есімі түрлі себеп-
термен аталмай ұмытылып кеткен көптеген оқытушылардың 
болғаны анық. Семей тәрізді губерниялық қаладағы ірі оқу 
орнына  сабақ  берудің  қиындығы  мен  жауапкершілігіне 
сәйкес  оған  ең  таңдаулы  деген  мектеп  мұғалімдері  мен 
оқытушылардың  сабақ  беруге  іріктей  отырып  алынғанын 
оны бітіруші шәкірт білімінің сапасы дәлелдей түседі десек 
артық емес сияқты. 
Бірнеше  жыл  қалалық  бастауыш  училищеде  оқи  жүріп 
оқу орнының ішкі тәртібі мен қойған талаптарын ойдағыдай 
орындап  келе  жатқан  жас  шәкірт  уақыт  өткен  сайын 
сабақпен бірге өзінің де ой-өрісі мен мәдениетінің өскенін, 
қала  тәртібіндегі  білімнің  күшті  әсерін  күн  өткен  сайын 
айқынырақ  сезінеді.  Күнделікті  оқыған  жүйелі  білім  мен 
қаладағы  мәдениет  тәрбиесі  оның  өмірлік  көзқарасының 
жастай өсіп кеңеюіне жол ашты. Ауылдағы ата-анасы берген 
ұлттық  тәрбие  қаладағы  жаңа  тәртіпке  сүйенген  жүйемен 
ұштаса дамып шәкірт алдына бұрын кезікпеген даңғыл жол 
салғандай болады. Бұдан бірнеше жыл ауыл баласы болып 
қала табалдырығын аттаған оқушы шәкірт енді бір сынып-
тан  екіншісіне  табыспен  өте  жүріп  мектепте  оқытылатын 
пәндерін аяқтап студенттік шаққа аяқ басты. 

10
Әдебиеттану
Болашақ  жазушы  өзінің  көп  нәрсенің  байыбына  бара 
бермейтін  он  жасар  аңқау  кезіндегі  балалық  жылдары-
мен  қоштасып  15-16  жасқа  келген  жасөспірім  бозбала 
шағына қадам жасайды. Осы аралықта өткен бірнеше жыл-
да  білім  жағынан  көп  іздене  оқып  сана-сезімі  ерте  есейіп 
қалыптасқан  жас  шәкірт  өзінің  дене  бітімі,  айналамен 
қарым-қатынасы,  тең  құрбыларының  арасындағы  беделі 
жағынан да ерекшеленіп көзге түсетін еді. Бала күнінде адам 
бойында бұғып көрінбей жүретін көптеген қасиеттердің бір 
уақыттарда ерекше көзге түсіп көріне бастайтын кезеңдері 
болады.  Шәкірт  Мұхтардың  да  осы  бастауыш  учили-
ще  қабырғасында  алған  білімінің  көп  жылғы  әсері  көзге 
көрініп белгілі бола бастайтын жылдары да осы жасөспірім 
кезеңінде болып еді. Балалық шағында алған жақсы білім 
мен өнегелі тәрбиенің жемісі көп ұзамай шәкірт Мұхтардың 
бойынан айрықша түрде дараланып көріне бастайды.          
Кейін жазушының өзі айтқандай «қарақан, бұрақан» бо-
лып атасы мен әжесінің қарауында өскен бала Мұхтарға сәл 
есейіп қалада оқушы болғанда да әкесі Омархан мен анасы 
Нұржамал  өзінің баласындай еркелетіп, өздеріне бейімдеп 
жақсы көретінін білдіріп өзгеше мінез көрсеткені еш жерде 
айтылмайды. Осы күйінде атасының баласы болып ер жетіп 
келе  жатқан  жасөспірім  бала  1909  жылы  әкесі  Омархан 
қайтыс болғанда бұл туралы сезімдерін кейін естеліктерінде 
де айтпаған. Оның үстіне үлкен үйдің өз қызығы боларлық 
бұл  отбасының  жаңадан  өсіп  келе  жатқан  алданыштары 
өзінше жеткілікті болатын. Бала Мұхтармен тетелес інісі Ах-
мет, Біләл, ағалары Арынбек, Қасымбектер Әуез ақсақалдың 
әулетіндегі жаңа өсіп келе жатқан өзгеше толқын еді. Осы 
арада жасы қырықтан енді асқан Омарханның дегеніне жете 
алмай ерте көз жұмуы жастары жер ортадан асқан үлкендер 
үшін ауыр қайғы болды. Сол бұрынғы қазақ баласына тән 
мінезбен  үлкендер  ортасындағы  сабырлы  мінезбен  бұл 
ауыр қазаны бала Мұхтар туыстар арасында бірге көтерісті. 

11
Әдебиеттану  
Бұдан кейінгі араға бірнеше жыл салып  анасы Нұржамал, 
ағасы Қасымбектің, жеңгесінің дүниеден өтуі де жасөспірім 
баланың  өмірінде  із-түзсіз  кетпейді.  Бала  жүрегіне  өзінің 
белгісін қалдырып, оның ойлы, сабырлы бала болып өсуіне, 
ерте бастан еркелікті тастап ерте есеюіне жол ашты. 
Семей қаласындағы оқу соңында өткен бала Мұхтар бес 
сыныптық  бастауыш  училищені  бітірген  соң  семинария 
студенті атанып заманына сай білім алу жолына енді ересек 
күйде шындап түсті. Ең бастысы өзіне ұстаздар тарапынан 
берілген жеңілдіктер мен мүмкіндік атаулыны дұрыс пайда-
лана білді. Бұған бала Мұхтардың оқуға деген қабілеті мен 
барлық пәндерден жақсы және өте жақсы деген бағаға оқуы 
жәрдемдесті, сонымен бірге ескіше тәрбие алған баланың 
білімге деген құштарлығымен қоса өз бейімдігі да осы жыл-
дары ерекше білініп көріне бастайды.
Бала Мұхтардың ерте күннен-ақ әнді сүйіп тыңдағанын, 
көпшілік  бас  қосып  үлкендер  әңгіме  айтқан  жерде  өнер 
көрсеткен адамдардың өнерін ыждаһаттана тыңдағаны, той 
мен кешкілік жастар жиналатын алтыбақанға құмар болып 
інілері Біләл мен Ахметті ертіп алып қызық болып жатқан 
жерге жарыса жүгіретін жерлерін суреттеп жазған естелік 
иесі  болашақ  жазушының  сезім  күйін  дәлме-дәл  суреттеп 
көрсеткен. Кейде әлдебір оқиғаны көзбен көрген адамның 
айтқаны ондаған адамның сырттан естіп айтқан әңгімесінен 
құнды да ыстық болатыны бар. Бала Мұхтардың 10-12 жа-
стар  шамасындағы  кездерінде  алтыбақан  басына  жары-
са  барып  жастардың  өнерін  тамашалайтын  кезі  А.Әуезов 
естігінде көркем етіп суреттелген. Бұл уақытқа шегініс жа-
сап отырған себебіміз, мезгілде оқушы Мұхтардың каникул 
кезіндегі,  ауылдағы  демалық  күндері,  балалық  әуестіктері 
туралы оқырман ойын толықтыра түсу еді. Сонымен бұған 
дейін кең жазылып айтыла бермеген он жастан енді асқан 
баланың  тыныс-тіршілігі  осы  жерде  өнер  күшімен  тыны-
стап соны іздеп тұрғандай болады.

12
Әдебиеттану
«Бөрілі.  Кең  жайлау.  Жазғытұрым  қандай  тамаша 
десеңізші,  әсіресе  айлы  кеші  тым  әсерлі.Ауыл  жастары 
көбінесе ақ сүйек ойнап, көңіл көтереді. Біз Біләл, Мұхтар 
үшеуміз сол думанды кештің бел ортасында жүретінбіз»,–
деп жазады А.Әуезов ол туралы. (16.2.) Бұл жазғы күндері 
болса  оның  күзгі  мезгілде  де  тынбай  жалғасып  жататын 
қызығы туралы айтудан естелік айтушы жалықпайды. 
«Кешқұрым Бөрлінің белінде құрылған алты бақанды ке-
зек тепкен қыз-келіншектің даусы естілді дегенше Мұхтар, 
Біләл  үшеумізге  әлек  кіреді.  Балақты  тізеге  дейін  түріп 
алып, қырдан қыр, белден бел асып, алты бақанға жеткен-
ше  жүгіретінбіз.  Жарыса  жүгіріп,  алты  бақан  құрылған 
жерге жетпей тынбайтынбыз. Алты бақан көбінесе Әйгерім 
апамның ауылында құрылушы еді. Сондағы алты бақанның 
иесі Абайдың қызы Кенже болатын. Өзі де әнді сылқылдата 
салушы еді. Кенже әнін естіген Мұхтардың жаны тағат тап-
пай, сол алты бақан ойыны ғана емес, ән әуені жанымызды 
тербеп, билеп алатын»,– деп еске алуынан көп сыр аңғарауға 
болады. Осы ойын-сауық пен балалық құштарлық арасын-
да өнерге ынтық сезімнің әлдебір алауы тұтанып тұрғандай. 
Ақын Абайдың бұдан өзге де балаларының скрипкада ойна-
уы, домбырада күй тартуы, ән салып елдің көңілін көтеруі, 
таңды-таңға  ұрып  ескі  жыр-дастандарды  шертуі  бала 
жүрегінен терең орын алды.

Каталог: images -> keruen
keruen -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
keruen -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
keruen -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
keruen -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
keruen -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
keruen -> №4 (43) 2015. Ғылыми және әдеби-көркем журнал меншік иесі
keruen -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
keruen -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
keruen -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
keruen -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 2.83 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет