Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


Резюме В статье рассматривается сказительский талант Кушека   Елеманова эпоса  «Кобыланды батыр». Summary



жүктеу 2.83 Kb.
Pdf просмотр
бет3/11
Дата12.01.2017
өлшемі2.83 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Резюме
В статье рассматривается сказительский талант Кушека  
Елеманова эпоса  «Кобыланды батыр».
Summary
The article discusses narrative talent of Kushek Elemanov of 
the epic «Kobylandy Batyr».

31
Әдебиеттану
Әуесбаева П.Т.
ҚАЗАҚ  ТАҢБАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ 
ТАРИХЫ
(Жалғасы. Басы өткен санда)
Ғылыми ортада «Сарматтық» мәдениет өкілдерінің таңба-
белгілер  жүйесі  туралы,  әсіресе,  Қара  теңіздің  солтүстік 
жағалауындағы  ғылымда  танымал  ескерткіштердегі  таңба, 
белгілерді  жүйелей  топтастырып  талдаған  еңбектер  жарық 
көрді.  Онда  таңбалардың  шығу-тегі,  қызметі  және  мән-
мағынасы  туралы  әртүрлі  ұсыныстар  болды.  Ресейде  «сар-
мат  белгілеріне»  деген  қызығушылық  шамамен  200  жыл 
бұрын,  көне  Ольвиядағы  қорғаннан  табылған  120-150 
таңба  салынған  екі  мәрмәр  арыстан  мүсіні  сияқты  ерекше 
ескерткіштерді жариялаумен байланысты басталды [1].
Бұл 
белгілерге 
деген 
қызығушылық 
алғашқы 
жарияланымдардағы олардың суреттерінің нақты түсірілуіне 
байланысты  Ф.К.Брунның  бірқатар  ескертулер  айтуына 
және  ұзақ  уақыт  кең  қолданыста  болған  «құпия  белгілер» 
терминін  енгізуімен  байланысты  пайда  болды  [2].  Одан 
кейін  П.О.Бурачков,  тиісті  этнографиялық  материалдармен 
таныспастан  бұрын,  меншікті  білдіретін  таңбаларды  бір 
заттың бетіне топ-тобымен орналастырудың еш мәні жоқ де-
ген қорытындыға келеді. Қара теңіз жағалауына тән кейбір 
белгілердің  (тек  ольвиялық)  қатар-қатар  орналастырылуы-
на және кейде олардың қайталануына қарап, гот жазуы деп 
санады [3]. Осылайша ол белгілерді түсіндірудің ең бір кең 
таралған  нұсқасын  («протописьменная  версия»,  «теория 
письма») енгізді. П.О.Бурачковтың идеяларын В.В.Латышев 
өзінше  дамытты,  гректік  қалалардан  табылған  белгілер 
шоғырын сол гректердің өздері пайдаланған діни сипаттағы 
құпия жазу деп санады [4], ал кейінірек М.И.Ростовцев олар-
ды  қалыптаса  бастаған  сармат  жазуы  деп  жариялады  [5]. 
Алайда,  кейін  зерттеушілер  осы  «жазу  теориясына»  қарсы 
бірқатар уәждер айтады [1]. Сондай-ақ осы күрделі таңбалар 

32
Әдебиеттану
шоғырын  орта  ғасырлық  түркілік  деп  жариялау  үдерісі  де 
қалыптасты [3].
Башқұрт таңбаларына арналған Д.Н.Соколовтың «О баш-
кирских  тамгах»  деген  еңбегі  өте  құнды  болып  табылады 
[6].  Ол  мұрағаттық  және  этнографиялық  материалдардың 
ауқымды көлемін зерттеді. Сауаттылықтың дамуы таңбаларды 
пайдалануға  онша  әсер  етпегенін  көрсетті.  Автор  башқұрт 
таңбасының  отбасылық  меншікті  немесе  үй  қожайынының 
меншігін білдіретін таңба екені және актілерге таңбамен қол 
қою – таңбаны «оның жаңа функциясында», яғни отбасылық 
мөр ретінде қолдануды білдіретіні туралы қорытынды жаса-
ды. Сонымен бірге башқұрттардан Д.Н.Соколов таңбаларды 
мұрагерлік  негізде  алу  тәртібін  байқады  және  олардың  да-
муы  әлеуметтік  және  мүліктік  қатынастармен  тығыз  бай-
ланыста  болатынын  атап  көрсетті.  Ол  таңба  өзгертілмеген 
түрде  үлкен  ұлына  –  әке  мүлкінің  мұрагеріне  беріледі,  ал 
өздерінің  жеке  шаруашылықтары  болатын  кіші  балалары-
на  ол  өзгертіліп  беріледі  деп  айқындады.  Зерттеуші  көне 
түріктердің, ортағасырлық көшпелілердің және қазіргі Орта 
Азиядағы  түркі  халықтарының  таңбаларында  сабақтастық 
пен  генетикалық  байланыс  болды  деген  пікірін  айтты.  Ол 
қырғыздарда,  ноғай  татарларында,  Турин  көлі  маңындағы 
және красноярлық татарларда ХVІІ ғ. жалпы рулық белгілер 
болды  десе,  ал  Сібір  халықтарында  «дін  қызметкерлерінде 
және ру басыларында касталық таңбалар» бар деп санады.
Құрбанғали Халидтің «Тауарих хамса» атты еңбегінде ру-
тайпалардың бөлек, жекелеген ұрандары болғаны сияқты әр 
рудың  жеке-жеке  таңбасы  бар,  қарапайым  халық  оқи,  жаза 
білмесе де өз руының таңбасын сызып бере алатынын көрсете 
отырып, найман, керей, арғын рулары таңбаларынның атын 
атап, суреттерін берген [7].
В.Н. Юргевич Кривой Рогтан табылған ескерткішті негізге 
ала отырып, иран тілдес халықтардың (аландардың) таңбалар 
шоғырының  қалыптасуына  қосқан  үлесін  атап  өтеді  және 

33
Әдебиеттану
бірінші  болып  оларды  Батыс  және  Орталық  Кавказ  алды 
халықтарының  таңбаларымен  салыстырады  [8].  Кейіннен 
бұл  версия  В.П.Пожидаевтың  монографиясының  арнайы 
тарауында  Предкавказьеден  табылған  этнографиялық  ма-
териалдармен нақтылана түседі [9]. Бұдан әрі осы нұсқаны 
Шығыс  Еуропа  мен  Кавказдың  таңбаларын  зерттеуші 
жетекші ғалымдар – Э.И. Соломоник [10] (біраз ескертпелер-
мен) және Х.Х. Яхтанигов [11] қолдайды. 
ХІХ  ғ.  80-ші  жылдарында  Оңтүстік  Ресейдің  көне 
таңбаларын (заңдық белгілерді) ерекше бағдарлама бойын-
ша  жүйелі  түрде  зерттеуге  шақыру  және  неғұрлым  кейінгі 
түрлерін  ажыратып  алуға  тырысу  пайда  болады  [12].  Осы 
кезде бірінші болып В.Н.Юргевич (Кривой Рогтан табылған 
стелланы  мысалға  ала  отырып)  иран  тілдес  халықтардың 
(аландардың)  таңбалар  шоғырының  қалыптасуына  қосқан 
үлесін  атап  өтеді  және  бірінші  болып  оларды  Батыс  және 
Орталық  Кавказ  алды  халықтарының  таңбаларымен  салы-
стырады [13].
ХХ ғасыр басында В.В.Шкорпил таңбалардың жеке емес, 
ру-тайпалық сипатына баса назар аударады және алғаш рет 
сарматтанған Боспор патшалығының патшалық белгілерінің 
бірін  –  ІІ  Савроматтың  таңбасын  айрықша  атап  көрсетеді 
[14]. Ғалымдардың арасында «жұмбақ белгілердің» негізінен 
рим  дәуіріне  тән  екендігіне  күмән  келтіргендер  аз  бола-
тын,  патшалық  белгілердің  нақты  уақытын  анықтауда 
В.В.Шкорпилдің қосқан үлесі зор болды.
Осы ХХ ғасыр басында қазақ халқының тарихын жазған 
зиялы қауым өкілдері арасынан таңба мәселесіне қатысты сан 
алуан сипаттағы материалдар мерзімді баспасөз беттерінде 
шығып  тұрды.  Олардың  ішінде  Шәкәрім  Құдайбердіұлы 
еңбегінің мәні өзгеше. Оның 1911 жылы Орынбор қаласында 
жарық  көрген  «Түрік,  қырғыз-қазақ  һәм  хандар  шежіресі» 
атты  еңбегінен  қазақ  халқының  ежелгі  замандардан  ХІХ 
ғасырға  дейінгі  қазақ  ру-тайпаларының  тарихы,  шежіресі, 

34
Әдебиеттану
ру-тайпалардың таңбасы, ұраны және т.б. мәселелер жайын-
да біршама мағлұмат алуға болады. Бұл еңбек – этникалық 
тарихты зерттеудегі алғашқы еңбектер қатарына жатады. Со-
нымен қатар, ел аузындағы ескі хикая, көне аңыздар негізінде 
жазылған шежіреден қазақ халқының құралу кезеңіне, оның 
тарихындағы белгілі бір оқиғаларға байланысты және тарих-
та  белгілі  адамдар  жайлы  деректер  берілген.  Автор  кейбір 
рулар  бұрынғы  таңбасын  түрлендіру  жолымен  (бір  сызық 
қосу арқылы) бір рудан шыққан тағы бір тармақтың белгісіне 
айналатынын, яғни бір ханнан бір ханға қарағандағы белгісі 
деп тұжырымдайды [15].
Осылайша  таңбалау  жүйесіне  байланысты  революцияға 
дейінгі зерттеу еңбектері зерделеніп, талданды. Тақырыптың 
мән-мағынасын  ашуда  патшалық  Ресей  саясатының  ар-
найы  нұсқауымен  қазақ  жеріне  жұмыс  істеуге  келген 
орыс  зерттеушілерінің  тікелей  қазақ  тарихы,  география-
сы,  этнографиясы  мен  фольклорына  байланысты  жазған 
еңбектері  аса  құнды  мәлімет  болып  отыр.  Оның  ішінде 
таңбаларды  қолданудың  шығу  тарихына,  функцияларына 
ішінара  тоқталған  А.И.Левшин,  Н.А.  Аристов,  Н.И.  Гроде-
ков  еңбектері  Қазан  төңкерісіне  дейінгі  таңба  тақырыбына 
қатысты  зерттеулерден  өзіндік  ерекшелігі  –  сол  кездегі 
әлі  де  болса  шынайы  болмыс-бітімін  өзіндік  сипаттарын 
қал-қадірінше  сақтап  отырған  қазақ  қауымы  арасынан 
жинақталған деректер мен мәліметтерге құрылғандығында.
Кеңестік дәуірдегі зерттеулер.
Кеңестік кезеңде, ғылыми кеңістікте бұрыңғы дәстүрлер 
жалғасын  табуына  саяси-идеологиялық  цензура  мүмкіндік 
бере  қоймады.  Дегенмен  көне  дәуірлер  ескерткіштерінде 
кездесетін  таңба,  белгілерді  тарихи,  мәдени  ескерткіш 
ретінде қарастыру дәстүрі онан әрі жалғасын тапты.   
Қара  теңіздің  солтүстік  жағалауының  рим  дәуіріндегі 
таңба тәрізді белгілері бар ескерткіштері туралы алғашқы жа-
рияланымдар ХІХ ғ. алғашқы он жылдығында жарияланды. 

35
Әдебиеттану
Осы тақырыпқа арналған зерттеу еңбегін жазғандардың бірі 
И.И.Мещанинов [16] Қара теңіз жағалауындағы әлеуметтік 
процестерге  баға  беріп,  рулық  белгілердің  даму  жолдары 
туралы қорытындылар жасаған: біріншіден, қоғамның даму 
барысында нақты тотемдік мағынасынан ажыраған сол белгі 
әлеуметтік дамудың белгілі бір кезеңінде жеке нақты заттың 
немесе  әрекеттің  семантикасына  ие  болуы  мүмкін,  сөйтеді 
де  ол  пиктограммаға  айналады;  екіншіден,  рулық  белгілер, 
бір  жағынан,  ұжымдардың  ру-тайпалық  одақтарға  бірігуі 
процесінде  әр  ұжымның  өз  ішінде  дамуын  жалғастыра 
береді, ал екінші жағынан – белгілердің бірігіп, ру-тайпалық 
одақтар  қолданатын  жаңа  –  тайпалық  белгілердің  пайда 
болу  процесі  жүріп  жатады;  үшіншіден,  бұдан  келесі  бір 
кезеңдерде  осы  белгілердің  барлығы  да  дамыған  таптық 
қоғамда геральдикалық эмблемалар мағынасына ие болады 
деп пайымдайды.
Қазақ этнограф ғалымы һәм тұңғыш теміржол инженері, 
қоғам  қайраткері  М.Тынышпаев  1925  жылы  Ташкент-
те  шыққан  «Материалы  к  истории  киргиз-казахского  на-
рода»  атты  еңбегінде  қазақ  халқының  құрамындағы  ру-
тайпалардың шығу тегін зерттей келе, қазақтардың шыққан 
тегі  туралы  аңыз-әңгімелер,  қазақ  руларының  таңбалары 
мен  ұрандары  берілген,  әрбір  тайпаның  тарихын  сипаттау 
үшін тарихи материал іріктеліп алынған. Алайда ол ғылыми 
емес  әдістерді  қолданды.  Географиялық  атаулардың,  та-
рихи  есімдердің  лингвистикалық  үндестігін  қазақ  халқы 
тайпаларының  ежелден  келе  жатқанының  айғағы  деп 
қабылдайды. Тама тайпасының атауын Таман географиялық 
атауымен байланыстырады, бірақ Тама тайпасының шығуы 
мен тарихы жөнінде нақты ғылыми ой-пікірлер білдірмейді. 
Тынышпаев Табын тайпасы туралы Монғол тілінде табын – 
бес дегенді білдіреді, мүмкін бұл атау бес рудың бірігуінен 
шыққан  болуы  керек  деп  пайымдайды.  Оның  бұл  пікірі 
Н.А.Аристовтың болжамымен сәйкес келеді. Бүкіл қазақ ру-

36
Әдебиеттану
тайпалары  таңбаларының  мүмкіндігінше  толық  жиналған 
кестесі М.Тынышпаевтың осы шағын еңбегінде  жарық көрді 
[17]. 
В.В.  Бартольдің  еңбегінде  түркі  халықтарының  ішінде 
өзінің пайда болуы, дамуы, алып жатқан территориясының 
үлкендігімен  және  саны  жағынан  көптігімен  қазақ  халқы 
зерттеушілердің назарын өзіне аударғаны жөнінде баяндала-
ды. Онда қазақ халқының әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, өмір сүру 
қалпы, наным-сенімі, ауыз әдебиеті және шаруашылығы мен 
тұрмысының кейбір қырлары жан-жақты дәйектеледі [18].
Осман  Акчокраклы  «Татарские  тамги  в  Крыму»  деген 
еңбегінде [19] көптеген түркі ру-тайпаларының атауларының 
Қырымдағы ауыл-аймақтардың атаулары болып келетіндігін 
айтады.  Автор  бұл  жағдай  Қырым  ноғайлары  мен  азиялық 
түркілердің  тарихи  әрі  тайпалық  туыстығының  белгісі  деп 
топшылайды да, бірнеше қазақ тайпаларының таңбаларының 
тізімін  береді.  Осман  Акчокраклы  таңба  тайпаның  рәмізі 
–  негізгі  белгісі  ретінде  қолданылғандығын  мақұлдайды. 
Оның айтуынша, таңба малды ажырату үшін малға салына-
тынын, сондай-ақ экономикалық мақсатта айналымға түскен 
теңгеге басу да дағдыға айналған. Сонымен қатар таңбаларды 
бейіттерден де кездестіруге болады. Жерленген адамның ба-
сына  белгі  қойылып,  оған  рулық  таңба  салынады,  қасына 
тік таяқша қойылады. Ол таңба меншіктің негізгі атрибуты 
деп топшылайды. Теңгенің бетіне таңбаны тайпа билеушісі 
өзінің құдіретін таныту үшін немесе өзінің иелігіне меншігін 
айқындау мақсатында салған болса, ал бейітке белгі қою – 
рулық-қауымдық қатынастың белгісін немесе белгілі-бір ру-
тайпадан шыққан азаматтың дүние салуын көрсетеді. Бұл ру 
мүшелері дүниенің қай бұрышында жүрсе де, өз тегінен ха-
бар беретінін білдіреді деп саралайды.  
С.  Козин  өзінің  «Тамги  у  Крымских  татар»  атты 
еңбегінде  таңбаның  ірі  үй  жануарларына,  шаруашылықта 
қолданылатын  түрлі  заттарға  салынатын,  сонымен  қатар 

37
Әдебиеттану
қабіртастарда да кездесетін белгілер екенін айта келіп, олар 
мөр-таңбалар,  түрлі  құжаттар  мен  тарихи  ескерткіштердегі 
жазулар (белгі) түрінде де кездесетініне ден қояды. Өз ретінде 
таңбалар орасан зор тарихи және мәдени жәдігер болып та-
былады: біріншіден, меншіктің пайда болуы мен дамуының 
көрсеткіші  ретінде,  екіншіден,  түрлі  халықтардың  өзара 
қарым-қатынасқа  түсуінің  және  нәтижесінде  бір  халықтың 
екіншісіне  мәдени  ықпал  етуінің  көрсеткіші  бола  алады. 
Сонымен  қатар,  олар  осы  халықтың  ру-тайпалық  құрамын 
зерттеуге мүмкіндік беретін материал болып табылады деп 
тұжырымдайды [20].
Осы  пікірдің  жалғасы  ретінде  түркімен  халқының  ру-
тайпалық  таңбаларын  зерттеген  Г.Карпов  таңба  түркімен 
халқы  ру-тайпаларының  этникалық  белгісі  ретінде  рулық 
және  жеке  меншік  белгіні  білдіреді  дейді.  Түркімендер 
таңбаны,  көбінесе,  ірі  қара  малға  күйдіру  арқылы  салған. 
Таңбалардың пішіні кілем, ыдыс-аяқ, құлпы тас, құрылыс ма-
териалдарына, қару-жарақтарға, рулық және жеке меншік әр 
түрлі заттарға салынған. Түркімендерде рулық таңбалардың 
мағынасы  жеке  меншік  таңбаларға  қарағанда  анағұрлым 
маңызды  болып  есептелген.  Сондай-ақ  Г.Карпов  кей  кезде 
адамдарға да таңба салғанына назар аударған [21]. 
Келесі  зерттеу  еңбегі  Римдік  кезеңдегі  Солтүстік 
Причерноморьенің  таңба  тәріздес  белгілерін  зерттеудегі 
жаңалық  ретінде  Н.А.Захаровтың  арнайы  зерттеулерін 
айтуға болады. Бұл зерттеу жұмыстары 1928 жылдың жазын-
да Кубань аймағында мұқият ойылып салынған және қызыл 
бояумен боялған белгісі бар жаңа әктастың табылуымен бай-
ланысты  болды.  Н.А.Захаров  римдік  кезеңдегі  Причерно-
морье  белгілерін  классификациялауды  алғаш  қолға  алып, 
оларды  төрт  топқа  бөлді  және  бұл  классификациялаудың 
осы  күні  қабыл  етілген  түрі:  1)  ескерткіштерде,  жекелеген 
тастарда,  құрылыстардың  қабырғаларында  көптеген,  ретсіз 
және ешқандай жүйесіз сызылған белгілер 2) монеталардағы 

38
Әдебиеттану
белгілер 3) әртүрлі металл бұйымдардағы белгілер 4) үлкен 
тас  тақталарға  қашалып  салынған  белгілер.  Н.А.Захаров 
өзіне  таныс  белгілердің  уақытын  негізінен  б.з.  I  ғ.  –  IV  ғ. 
басы деп және олардың Причерноморьеде кең таралуын Дон 
мен  Солтүстік  Кавказ  далаларынан  Дунайға  дейінгі  терри-
торияда сармат тайпаларының (атап айтқанда, аландардың) 
белсенділігімен – аландар мен басқа да сармат тайпаларының 
Халықтардың  ұлы  көші  кезінде  «варварлардың»  Батыс 
Еуропаға  шабуылына  жаппай  тартылуымен  түсіндірді. 
Н.А.Захаров  түрлі  тайпалар  жаңа  территорияларда  бір-
бірінен  көп  нәрселерді  қабылдайды  және  осындай  қарым-
қатынастар барысында олар өздерінің бұрынғы мекендерінен 
алып  келген  ерекшеліктерін  жаңа  жерде  біршама  түрі 
өзгертілген  күйде  қолдануы  мүмкін  деп  топшылайды.  Ар-
тынша  Н.А.Захаров  Динамия  патшайымы  заманындағы 
тиындағы  белгіні,  шоғырланған  сармат  таңбаларының 
ішінде осыған ұқсас көптеген белгілер кездесетіндігін алға 
тарта отырып, монограммадан гөрі таңбаға жақын деп санай-
ды [22].
Сарматтар туралы зерттеу жүргізген Д.Б. Шеловтың «Там-
га Римиталка» атты еңбегінде белгілердің көбі жеке белгілер 
деп  немесе  мөр-таңба,  не  герб  рөлін  атқаратын  таңбалар  – 
рулық таңбалар деп анықталған. Д.Б. Шеловтың пікірінше, 
скифтік патшалар Фарзой мен Инесмей және боспорлық Фа-
фарос монеталарындағы белгілер, Боспорлық патшалардың 
монеталарында және патшалық эмблемалар ретіндегі жазу-
ларында қолданған барлық белгілер сарматтық болып табы-
лады [23].
М.П.Вяткин 1941 жылы жарыққа шыққан еңбегінде, аңыз 
бойынша Тәуке хан отбасылық таңбаларды енгізген болатын 
деген дерек келтіреді. XVII ғасырда қазақ таңбалары тура-
лы  мәліметтер  аз  кездессе,  XVIII  ғасырда  да  қазақтардың 
таңбасы,  ру-тайпалық  белгі  сипатында  емес,  отбасылық 
меншік  белгісі  болды.  Автор  ру-тайпалық  таңбаның 

39
Әдебиеттану
отбасылық белгіге айналуы әлгі негізгі таңбаның өзгертілуі 
жолымен жасалды: яғни оның негізгі сипаты алынып, кейбір 
бөліктері өзгертілген, жаңа белгілер қосылған немесе оның 
орналасуының  өзгертілгеніне  назар  аударған.  Таңбалардың 
бұлайша өзгеруі Тәуке ханға дейін болды ма, әлде Тәуке хан-
нан кейін болды ма, ол жағы бұл жөніндегі деректердің жоқ 
болғандығынан деп түйіндейді [24].
Г.Енихеннің  1956  жылы  «Знаки  царского  достоинства 
у  иранских  народов»  атты  жарық  көрген  еңбегі  негізінен 
Солтүстік  Причерноморье  белгілеріне  арналған.  Зерттеуші 
Риметалктен Рискупорид ІІІ дейінгі Боспор патшаларының 
белгілері жоғарғы жағына өзгерістер енгізу арқылы жасалып 
отырғанын анықтайды. Автор түрік белгілерінің де ирандық 
тамыры  бар  деп  есептейді.  Г.Енихен  ғылымға  бірқатар 
құнды идеялар қосты. Ол бірінші болып иран халықтарының 
таңбаларын кешенді түрде зерттеуге, иран және түрік әлемі 
таңбаларының арақатынасын анықтауға, «сармат белгілері» 
мен сасанидтік Иранның «монограммалары» арасындағы бай-
ланысты зерттеуге тырысты. Г.Енихен, сонымен қатар түрік 
«таңбалары» мен герман «маркаларының» иран әлемінің фор-
малары мен дәстүрлерінің ықпалымен дамығандығы туралы, 
сармат  ақсүйектерінің  белгілері-гактар  мен  Сасанидтердің 
монограммалары-нишандардың  арасындағы  генетикалық 
байланыс туралы пікір білдірген [25].
Ал  бұл  таңбалардың  мағынасын  нақтылауда  негізгі 
(шешуші)  үлес  қосқан  А.Н.Гертман  болды.  Қабырғалары 
қысқа мерзім ішінде тұрғызылған бір ескерткіштегі бір ғана 
белгінің әр түрлі жазылуын талдай келе, ол өздерінің жасаған 
жұмыстарын  осылайша  көрсетіп  отырған  тұтас  бір  ұжым, 
мүмкін,  өзара туыс немесе көршілес адамдар осы белгілерді 
салуы мүмкін екенін айтты [26]. Назар аударатын маңызды 
факт – кірпіштерде өте қарапайым үлгідегі белгілер – түзу 
сызықтар,  дөңгелектер,  нүктелерден  тұратын  сызықтар, 
«үштісті» және т.б. көптеп кездеседі. Бұдан  бұл белгілердің, 

40
Әдебиеттану
көшпенділер  (сармат,  сақ)  әлемінен  айырмашылығы,  ру-
тайпаның  саяси  өміріне  ықпал  ете  алмайтын  қарапайым 
мүшелеріне тиесілі екенін көруге болады.  
Жоғарыда  айтылып  кеткен,  Солтүстік  Қара  теңіз 
жағалауындағы  таңбаларға  зерттеу  еңбегін  арнаған 
И.И.Мещаниновтың еңбегімен үндес, осы мәселеде алғашқы, 
біршама  салмақты,  ауқымды  жұмыс  жасаған  украиндық  
зерттеушілер – Э.И.Соломоник пен В.С.Драчук болды. Олар 
таңбалармен  жұмысты  ғылымның  жеке  саласы  ретінде 
қалыптастыруға тырысты. Осы екі автордың үлкен жетістігі 
ретінде олардың тарихи этнографияның деректеріне сүйене 
отырып, археологиялық материалдарға өте мұқият талдау жа-
сау арқылы таңбаларды меншікті білдіретін белгілер ретінде 
пайдаланудың экономикалық және саяси аспектілерін зерт-
теп, баршаға көрсеткенін атауға болады. Екі автор да ұшқыр 
айтылған негіздегі теорияларды сынауға, терістеуге көптеген 
еңбектерін арнады. В.С.Драчук осы тақырыпта диссертация 
қорғады (1972). Оның 1975 ж. жарық көрген «Система зна-
ков  Северного  Причерномория»  атты  монографиясы  -  осы 
тақырыптағы ірі еңбектердің бірі. В.С.Драчуктің еңбектері, 
әдетте,  суреттерімен  қамтамасыз  етіледі.  Оның  қосқан 
қомақты үлесі ретінде Сарматияның ең ірі «энциклопедияла-
рын» - 1871 ж. Керчьтен табылған «жазбалы» тасты, Ольвия 
маңынан табылған екі мрамор арыстанды, таңбалары бар ай-
налар, белдіктің тоғандары туралы жазған мақалалар сери-
ясы және т.б. атауға болады. Автор белгілерді бір халықтан 
екіншісі қабылдап алмайды, олар өз беттерінше пайда бола-
ды дейді. Себебі таңбаның функциясы руды, отбасын, жеке 
тұлғаны  басқаларынан  ажыратып  тұруында  деп  саралайды 
да  Причерноморьенің  белгілері  тек  қана  рулық  таңбалар 
болған деп санайды. В.С.Драчук неғұрлым құнды заттарды 
белгілеуге  [27],  ал  Э.И.Соломоник  малға  салуға  арналған 
таңбаларды зерттеуге баса назар аударды [10]. 
1958 жылы А.Н.Кононовтың «Родословная туркмен. Сочи-

41
Әдебиеттану
нения Абул-Гази, хана Хивинского» атты еңбегі жарық көрді. 
Онда Әбілғазының пікірі бойынша да Күн-хан тұсында бір-
бірімен шатасып, дау тудырмас үшін мал-мүліктің барлығына 
да таңба басылсын деген нұсқау шыққан [28].  
1959  жылы  Э.И.Соломониктің  «Сарматские  знаки 
Северного  Причерноморья»  атты  кітабы  жарық  көрді. 
Римдік  кезеңдегі  Причерноморье  белгілерін  зерттеудегі 
жаңа  кезең  Э.И.Соломониктің  еңбегінен  басталады. 
Жануарлардың  бейнелеріндегі  белгілер    алғаш  рет  оның 
мақалаларында  үй  жануарларына  салынатын  осы  жер-
лерден  шыққан  таңбалар  деп  анықталған.  Ол  таңбалық 
жүйенің  қалыптасуына  халықтардың  өзара  таңба  алмасуы 
елеулі  әсер  етті  дейді  де  мысал  ретінде  моңғол  және  түрік 
халықтарының  негізгі  таңбаларының  ұқсастығын  алға  тар-
тады.  Э.И.Соломониктің  кітабында  антикалық  әлемнің 
солтүстік  понтиялық  шалғайларының  таңба  тәріздес 
белгілер  салынған  ескерткіштері  алғаш  рет  жарық  көрді, 
қолжетімді  ескерткіштердің  фотографиялары  мен  сипат-
тамаларын  автор  түпнұсқадан  жасады,  бұл  зерттеушінің 
кітабын энциклопедияға айналдырды, мамандар үшін қолдан 
түсірмейтін  кітап  болды.  Э.И.Соломоник  скиф-сарматтық 
дәуірдегі  «жұмбақ  белгілерді»  зерттеудің  жағдайымен 
қысқаша таныстырады және өз алдына қойылған мақсаттарын 
нақты көрсетеді: белгілер салынған ескерткіштердің ғылыми 
жарияланымын дайындау және олардың шығу тегі, мақсаты, 
қолданыс аясы, таралу ареалы, жазу жүйелерімен байланы-
стары  туралы  мәселе  көтеру.  Кітаптың  авторы  белгілердің 
пайда  болу  уақытын  рулық  қауым  кезеңіне  жатқызады. 
Қоғамның  дамуымен  рулық-қауымдық  қатынастар  ыды-
рап, жеке меншіктің пайда болуымен рулық белгілер жеке-
леген  тұлғалардың  меншікті  білдіретін  белгісіне  айналады 
деп дұрыс айтады. Бірақ белгілер феодалдық қоғамда да әлі 
көпке дейін қолданылып келді, кейде жазуы жоқ қоғамдарда 
жазу  орнына  да  жүрді.  Өз  көзқарастарының  неден  бастау 

42
Әдебиеттану
алатынын  қысқаша  айтып  өткен  Э.И.Соломоник  ең  ба-
сты 2 тарауға көшеді. 1-бөлім – «Белгілердің шығу тегі ту-
ралы»  және  «Белгілердің  формалары  туралы».  Солтүстік 
Причерноморьенің  «жұмбақ  белгілері»  қайдан  шыққанына 
автордың жауабы: антикалық әлемнің солтүстік понтиялық 
шалғайларының  таңба  тәріздес  белгілерін  Солтүстік  Қара 
теңіз  жағалауында  таңбаны  таратушылар  сарматтар  болды 
деп  санады.  Пікірін  дәлелдеу  үшін  автор  келесі  фактілерге 
жүгінеді:  біріншіден,  Боспор  патшалары  арасында  анық 
сарматтық  есімдер  пайда  болды;  екіншіден,  сармат  тайпа-
лары шығыстан келді және «жұмбақ белгілер» де Солтүстік 
Причерноморьенің шығысында көптеп кездеседі; үшіншіден, 
ежелгі сарматтық ескерткіштерде (б.з.д. IV-II ғғ.), сондай-ақ 
анық  сарматтық  ескерткіштердегі  (б.з.  I-II  ғғ.)  белгілермен 
сәйкес келеді.
Ал қыш бұйымдардағы белгілерге қатысты ол  затты жа-
сау барысында салынған белгілер шебердің жеке белгісі не-
месе  шеберхана  қожайынының,  тіпті  патшаның  да  белгісі 
болуы мүмкін. Зат үйде жасалса, ол жасаушының меншігін 
білдіретін  белгі  болуы  мүмкін;  жасалып  болғаннан  кейін 
дайын  бұйымға  салынған  белгі  (сызып  белгі  салу)  –  осы 
затты иеленушінің белгісі, иеленушінің меншігін білдіретін 
белгі  болады  деп  түйіндейді.  Э.И.Соломоник  өзінің 
тұжырымдарында  В.П.Пожидаевтің  сармат  белгілері  өзінің 
даму жолында үнемі қарапайымдануға қарай өзгеріп отыр-
ды деген пікірін ұстанып, сарматтық материалдар негізінде 
осыны дәлелдеуге тырысты. Ол ғылыми айналымға «сармат 
белгілері» деген терминді енгізді [10].
Түркімен  халқының  тарихын  зерттеген  Г.Е.Марковтың 
«Очерк  истории  формирования  Северных  Туркмен»  атты 
еңбегінде  көшпелілер  бірлестігінің  жалпы  малға  ортақ 
таңбасы ретінде сызықшалар тұрғаны анықталды, олардың 
ру  тармақтары  өз  сызықшасының  әр  түрлі  нұсқаларын 
пайдаланған.  Ру-тайпаның  ішінде  ерекше  таңба  қажет 

43
Әдебиеттану
емес,  өйткені  олар  рулас  ағайындарының  табынындағы 
малын  түсіне  қарап,  тани  алады,  енді  ру  құрамы  ұлғайып, 
тармақталған кезде әрқайсысы өз малын таңба арқылы ажы-
рату қажет болады. Осындай мақсатта ең жеңіл тәсілі негізгі 
таңбаға жанама бір белгі қосу болып табылады. Осыдан келе 
ру тармақтарының таңбасы пайда болған. Автор осы ру-тайпа 
тармақтарының таңбасын зерттеу арқылы ру-тайпаның тегін 
анықтауға болады деп пайымдайды [29].
Б.Ю.Симченконың  «Тамги  народов  Сибири  ХҮІІ  в.» 
атты  еңбегінде  Сібір  халықтарының  рулық  таңбаларының 
көнеден  келе  жатқан  тотемдердің  бейнесінен  алынғаны 
дәлелденеді,  бұл  таңбалар  тұтас  руға  тиісті  заттарды 
белгілеуде  қолданылады.  Зерттеушінің  пікірінше,  таңбалар 
жалпы рулықтан меншікті білдіретін жеке белгілерге қарай 
дамыды  деп  санау  қалыптасқан.    Сөз  жоқ,  рулық  таңбалар 
ең  көне  белгілер  болып  саналады.  Олардан  бөлек  жеке 
таңбалар да бар, жеке таңбаларды отбасылардың басшыла-
ры өзара алыс-беріс кезінде қолданады. ХҮІІ ғ. рулық таңба 
мен  жеке  таңба  арасында  ешқандай  байланыс  қалмаған 
еді.  Ю.Б.Симченконың  айтуынша,  Сібірде  тайпалық 
таңба  болмаған  –  тайпаның  мүшелері  тайпа  басшысының 
таңбасын  барлығына  ортақ  белгі  ретінде  қарамаған.  Сібір 
халықтарында  бұлардан  басқа  магиялық  күші  бар  қасиетті 
және касталық (шамандық таңба) таңбалар да болған, кейін 
лауазымдық – сотник, десятник, старшинаның таңбалары да 
пайда болды. Автор мордва, черемис, Обь өзені бойындағы 
угор  халықтарында  кездескен  «шайтан  тұмсық»  белгісін 
мысалға  ала  отырып,  финн  халықтарының  көне  заман-
дарда  біртұтас  болғанын  байқайды.  Түрлі  халықтардағы 
тотемдердің  алуан  түрлілігі  баршаға  аян  екеніне  жете  мән 
берген [1965, 226].   
 (Жалғасы бар)
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет