Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.83 Kb.

бет2/11
Дата12.01.2017
өлшемі2.83 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Т.Әлбеков
Ә.ҚОСБАСАРОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ 
ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ
Қазақ  даласының  әр  тарапында  түп  негізі  сонау  жырау-
лар  шығармашылығынан  бастау  алып,  өзіндік  дәстүрімен 
ерекшеленетін бірнеше ақындық мектептер қалыптасқандығы 
белгілі. Атап айтқанда,  ХVІІІ ғасырдың екінші жартысынан 
бері көрініс берген Көтеш, Шал, Шөже, Шортанбай, Орын-
бай  ақындар  сүрлеу  салған  Арқа;  Абыл,  Махамбет,  Шер-
нияз,  Нұрым,  Мұрат  сияқты  жыр  дүлділдері  жалғастырған 
Батыс; Жанақ, Түбек, Сабырбай, Дулат, Жанұзақ сынды да-
рындар  іргесін  қалаған  Шығыс;  Базар  жырау,  Ешнияз  сал, 
Жиенбай,  Ерімбет,  Оңғар  секілді  сүлейлер  қалыптастырған 
Сыр;  Қабан  жырау,  Күсеп,  Жантай,  Сүйінбай,  Ұлбике, 
Құлмамбет,  Жамбыл  сықылды  саңлақтар  тізгін  ұстаған 
Жетісу ақындық мектептерін ғана атап өтсек жеткілікті бо-
лар еді. Бірнеше ғасыр бойы біртіндеп қалыптасып, даму ба-
рысында бұл жекелеген мектептердің бағыт-бағдарларында, 
дәстүр-жосығында,  өлең  жүйесінде,  айтылу  машығында 
әр  аймаққа  тән  ерекшеліктер  қосылып  отырды.  Бұл  үрдіс 
қазақ  әдебиетінің  Жаңа  дәуір  кезеңін  толық  қамтып,  Кеңес 
кезеңінің  50-60  жылдарына  дейін  жалғасын  тауып  келгені 
де баршаға мәлім. Осы ретте біз бастау көздерін Қабан жы-
рау мен Сүйінбайдан алып, кейінгі тармақтарын Құлмамбет, 
Сарбас, Бақтыбай, Жамбыл, Кенен т.б. ондаған дарын иелері 
қосып,  өрісін  кеңейткен  Жетісу  ақындық  мектебінің  кейбір 
ерекшелектерін айтып кеткіміз келеді. 
Кезінде  академик  М.О.Әуезовтің:  «Жамбылдың  өз  ай-
наласына  келгенде,  қоюланған  қою  үйір,  үлкен  шоғыр, 
ордалы  өлеңді  көруге  болады»,  –  деген  түйінді  ойлары-
нан  кейін  Жетісудың  ақындық  дәстүрін,  әсіресе  Сүйінбай 
мен  Жамбылдың  шығармашылығы  кеңестік  идеалогияның 
ықпалында болса да зерттеулердің нысанына алынып, іргелі 

15
Әдебиеттану
ғылыми еңбектер жазылғаны әдебиеттанушылардың көз ал-
дында. Еліміз тәуелсіздік алғаннан  кейінгі жылдарда Қабан 
жырау,  Құланаян  Құлмамбет,  Бақтыбай,  Сарбас,  Кенен 
ақындардың  мұраларына  айырықша  көңіл  бөлініп,  арнайы 
зерттеулер жүргізілді, диссертациялық жұмыстар қорғалды. 
Дегенмен,  Мұхтар  Омарқанұлы  айтқан  «қою  үйір,  үлкен 
шоғыр,  ордалы  өлең»  ақындық  дәстүр  ауқымында  да,  жеке 
тұлғалар ретінде де жан-жақты ашылмай қалғандығы көңілге 
өкініш ұялатады. Атап айқанда, ХІХ ғасырдың басына дейін 
өмір  сүрген  Қабан  жыраудан  бүгінгі  күні  арамызда  жүрген 
Әлімқұл  Жамбыловтың  аралығындағы  Жантай,  Қаңтарбай, 
Қуандық, Досмағамбет, Тілеміс, Қарқабат, Қалабай, Әмір, Ода-
ман, Қожантай, Шарғын, Бармақ, Саяділ, Өмірзақ, Үмбетәлі, 
Қалқа,  Өтеп,  Қуат,  Әбдіғали,  Есдәулет,  Өмірзақ,  Өтеп, 
Қарабек, Шүкітай, Әпежек, Арғынбай, Сәдібек, Мақыш, Жар-
тыбай, Оспантай, Ертай, Әбдіқадір, Мұқаметжан, Жанақбай 
болып жалғаса беретін дарындардың есімдері кейбір ғылыми 
еңбектерде  аталып  жүргенмен,  олардың  шығармашылығы 
жөнінде іргелі зерттеулер жүргізілмей келеді. 
Солардың бірі – Жетісу ақындық мектебінің дәстүрін ХХІ 
ғасырға  дейін  жеткізуші,  Кеңес  кезеңі  халық  ақындарының 
соңғы легінің өкілі, әнші-күйші, жыршы, халық мұраларын 
жинаушы  Әсімхан  Қосбасаров.  Ол  жаңа  дәуірдің,  жаппай 
сауаттану кезеңінің ұрпағы болғандықтан, Үмбетәлі, Қалқа, 
Саяділ,  Әбдіғали  т.б.  замандастары  сияқты  өлең-жырларын 
жазып  та  шығаруға  мүмкіндік  алды.  Алайда,  Жетісудағы  
ілгергі-бергі  ақындардың, әнші-жыршылардың, күйшілердің 
ортасында жүріп, көзі көрмегендерінің  сөзін естіп өскендіктен 
де  болар, өмірінің соңына дейін сол өңірдің өнер мектебінің 
дәстүрін  жалғастырушылардың  ізбасары  болып  қалды.  Бұл 
пікіріміздің  дәлелдігі    үшін  бірнеше  айғақты    мысалдар 
келтіруге болады.
Біріншіден, Әсімханның ақын болып жаратылуына ең ал-
дымен, ата-бабалардың қанымен, туған топырақтың құнары 

16
              Әдебиеттану                        
себеп болса, оның қалыптасуына Жамбыл, Кенен, Үмбетәлі, 
Ертай, Саяділ, Әбдіғали сияқты өнерпаз ұстаз ағалары арқылы 
жеткен ақындық, жыршылық дәстүр, үлгі-өнеге зор септігін 
тигізді. Профессор Е.Ысмайыловтың ой-түйіндеріне сүйенер 
болсақ: «Бойында ақындық қабілеті, икемі бар жастың талан-
ты поэзияға құмарлық үстінде тез оянады, тез қанаттанады, 
ұстаз,  аға  ақыннан  үйрену,  оқу,  үлгі  алу  үстінде  өзінің  та-
лантын  желпіндіреді,  жетіледі,  көрнекті  ақын  қатарына 
көтеріледі, онан әрі өзі шығармашылық жолмен дамыту жо-
лына түседі» (Ысмайылов Е. Жамбыл және халық ақындары. 
Оқу құралы. – Алматы: Санат, 1996. – 56-б.). Сондықтан да 
Ә.Қосбасаров  алдыңғы  буын  ағалардан  өнеге  алу  арқылы 
бүкіл саналы ғұмырында Жетісу ақындық мектебінің дәстүрін 
ұстанды, ұстаз ретінде кейінгі ұрпақтарға аманат етті. 
Екіншіден,  жалпыхалықтық  ұғымда,  әсіресе  Жетісу 
мектебінің    дәстүрінде  жас  дарындар  ірі  тұлғалардан  бата 
алу  (кейде  түсінде)    арқылы  ақындық  жолға  түсу  үрдісі 
кейінгі кезеңдерге дейін сақталып қалған. Мәселен, профес-
сор  М.Жолдасбековтың  деректерінде:  «Сүйінбай  жасында 
Қабанның  көшінен  жеті  күн  қалмай  ілесіп  жүріп  батасын 
алса керек» (Жолдасбеков М. Асыл сөздің атасы: Зерттеулер. 
– Алматы: Білім, 1996. – 61-б.). Ал Қабанның қарындасынан 
туған  атақты  Сарбас  түсіндегі  нағашысының  аян  беруінен 
кейін ақындық жолға бет бұрса, Кенен түсіндегі Сарбастың 
батасынан  соң  өлең-жырға  ден  қойып  кеткендігін  мына 
естелігінен айқын аңғарылады: «Ұйқтап жатсам, тілім аузы-
ма сыймайды, шөлдеп қаппын. ...Кіндіктастың басында қасқа 
атын  қаңтарып  Сарбас  ақын  отыр  екен.  Киізбен  қаптаған 
мойнына  мылтықша  асып  алатын  домбырасы  алдында  жа-
тыр.  ...Ол  бетіме  қарай  салып:  «Өй,  шөлдеп  өлетін  бопсың 
ғой», – деп алдында қарын тола айран жатыр екен, қолымен 
аузын ашты да, – мынаны іш, – деді. Жүгініп отыра қалып 
мейірім қанғанша сіміріп жатырмын, сіміріп жатырмын. Екі 
бүйірім суға қанған қойдың ішіндеі болып қампиып кетіпті. 

17
  Әдебиеттану
Көзімді ашсам, түсім екен. ... Сонан кейін-ақ көкейіме өлең 
ұялай берді» (Жолдасбеков М., Төреқұлов Н. Тоқсан толғау: 
Деректі  ғұмырнамалық  эссе.  –  Алматы:  Өнер,  1992.  –  22-
б.). Қабанды ұстаз тұтқандықтан болар Сарбас та, Кенен де  
өлең айту алдында шабыт шақыру үшін ащы айғайға басып, 
құлақтарын  бұрайтын  болған.  Сондай-ақ    жыраудың  елінен 
шыққан  Бақтыбай  мен  Қалқа  ақындар  да  Қабанды  ұстаз 
тұтқан.
Әсімхан ақынның ұстазы ұлы Жамбыл Сүйінбайдан қалай 
бата  алғандығы  жөнінде  С.Бегалинге  былайша  әңгімелеп 
берген  екен:  «Жамбыл  балам,  тәрпің  тәуір  екен,  тіліңнің 
үйірімі,  сөзіңнің  уыты  бар  көрінеді.  Біреуден  бата  алатын 
екенсің, – деді. ..Бәйбішесі бізге қымыз беріп, менің алдыма 
бір шапан әкеліп қойды. ...Сүйеке, жеңгем берген шапанды 
сізге  шапқаным,  батаңызды  беріңіз!  –  деп  алдына  қойдым. 
...Сүйекең біраз отырды да, батасын берді. Мен Сүйекеңнің 
батасын алғаннан соң ешкімнен именбей өлеңді бұрынғыдан 
да  батыл  айта  бердім  (Бегалин  С.  Жамбыл:  Өмірбаяндық 
хикаят.  –  Алматы:  Жалын,  1996.  –38-б.).  Ал  Әсімханға  ба-
тасын  берген  Жамбыл  атасы  өлең-сөздің  қадірін  былайша 
түсіндіреді:  «Өнер  алды  –  қызыл  тіл»  деген,  менің  бүкіл 
елге  аян  болғаным  осы  он  ауыз  өлеңнің  арқасы.  ...Өлеңді 
жалғастырсаң,  жерде  қалмайсың»  (Қосбасаров  Ә.  Айтамын 
саған наз, дүние. – Алматы, 2010. –9-б.).
М.О.Әуезов 1926 жылғы сапарында Жетісу өлкесінде жыр, 
дастандар  сирек  айтылатынын,  есесіне  айтыс  пен    жоқтау, 
естірту,  көңіл  айту  т.б.  халық  әдебиетінің  шағын  жанрлары 
ерекше  өрістегенін  жазады  (Ауэзов  М.  Казахстанское  на-
родное творчество и его поэтическое среда // Тамыр: Альма-
нах.  Вып.  1  (3):  искусство,  культура,  философия.  2001.  104 
с.) Бұл туралы жамбылтанушы С.Бегалин: «Ұлы жүз ішінде 
ақындықтың  бір  түрі  жаршылық  істеу  болған.  1.  Жарапа-
заншы  (бұл  ораза  айында  ел  қыдырып  жарапазан  айтады). 
2.Жаршы (топта біреудің жоғалған малын, дүниесін жарлап, 

18
Әдебиеттану  
түсі-түгін айтып, соған ақы алады). 3. Жоқшы жыршы. Бұл 
аста сол өлген адамды жоқтап жырлап, жанкүйердің қасында 
болады»,  –  дей,  естіген,  көрген  оқиғаларын  ортаға  салады 
(Бегалин С. Жамбыл: Өмірбаяндық хикаят. – Алматы: Жалын, 
1996. – 38-б.). Шынында да Кеңес кезеңінің өзінде ғұрыпқа 
қатысты  халық  әдебиетінің  үлгілері  үзілмей,  сирек  те  бол-
са  айтылып  келгендігін  Сүйінбайдың  Тезек  төренің  қайтыс 
болған ұлына, Жамбылдың Кененнің Базар, Назарына көңіл 
айтуы,    Бөлтірік  пен  Өмірзақтың  Шабданға,  Жамбылдың 
Сарыбайға, Жүсіпбек қожаның Ықсан ақынға жоқтау айтуы, 
немесе Кенен мен Үмбетәлінің майданда ерлікпен қаза тапқан 
Алғадайын Жамбылға естіртуі т.б. айғақтайды. Осы дәстүрді 
жалғастырып  келген  Әсімхан  ақын  да    өз  кезегінде  (1969) 
Үмбетәлінің қазасын мынандай өлең жолдарымен естіртеді:
…Ән қосқан бозторғайға Кенен едің,
Өлең мен домбыраның кемелі едің.
Айтпа-ақ ендігісін түсінерсіз,
Қолайсыз бір жұмыспен келген едім.
Кенен мен Үмбетәлі қарттарымыз,
Жамбыл мен Сүйінбайға тартқаныңыз.
…Кешегі жас кездегі есіңде ме,
Айқасып бір төсекте жатқаныңыз.
Домбыра сіздер алған мен де ұстадым,
Ақынсыз қалмасын деп арт жағыңыз.
Сол Үмбет қайтыс болды өткен кеште,
Түс ауа демі бітіп сағат бесте.
Көзінің тірісінде таппсырып ед,
«Кенендей селем айт, – деп, – тетелеске»...
Жамбылдың  тұстастары  мен  ізбасар  ақындарының 
көпшілігі ас пен тойда, түрлі жиын-топтарда, базарларда жар 
айтып, жоғалған, қолды болған  мал-мүліктерді іздестірген. 
Солардың  бірі  Әмір  ақынның:  «Жоғалды  Қапалбайдың 

19
Әдебиеттану
Ақтабаны, Жиылып Кәтен, Қалыш мақтағаны» деп бастала-
тын өлең жолдары ел жадында сақталып қалған (Бегалин С. 
Жамбыл: Өмірбаяндық хикаят. – Алматы: Жалын, 1996. –38-
б.). Е.Ысмайловтың айтуынша: «Бәдік, жарапазан айтысу да 
Жетісу елінің ертедегі ақындық салтынан орын алған. Бәдік, 
әсіресе жарапазан дінмен байланысты ораза айында айтыла-
ды. Ел ақындарының бірталайы діне байланысты жарапазан 
айтуды  әдет  қылған,  мұнымен  қатар  ораза  айында  жарапа-
занды өлеңмен айту ақынға олжа (асық, ақша, мал) түсіретін 
кәсіптің  бір  түріне  айтылған  (Ысмайылов  Е.  Жамбыл  және 
халық ақындары. Оқу құралы. – Алматы: Санат, 1996. –145-
б.). Мәселен, жасөпірім Жамбыл да Сүйінбайдың үйіне жа-
рапазан  айтып  барып,  бата  алған.  Осы  жарапазан,  бәдік 
айту  дәстүрі  түбегейлі  үзіліп  қалмағандығын  Ә.Қосбасаров 
шығармашылығынан көруге болады.
Мұхаммед айтып өткен жарапазан,
Бір келген ауылыңа біз де мейрам.
Аулыңа он екі айда бір келгенде,
Шықсаңшы жылдамырақ, жеңешежан!
Мінгені Пайғамбардың ақ атан-ды,
Әр үйде мұндай тұрсам таң атады.
«Ұры келді, – дейді де – түн ішінде»,
Мына қатын біреуге сабатады, –
деп  Әсімхан  ХХІ  ғасырға  дейін  жеткізген  жолдардың  өзі 
қай  қоғам  болмасын,  қандай  нәубет  болмасын  дәстүрлі 
дін  мен  әдет-ғұрып  халықтың  санасынан  толық  шыға 
қоймайтындығын  аңғартады.  Сондай-ақ  ақын  жадында 
сақталып қалған:
Көшер ме екен бұл бәдік,
Арпа берсем, ай, көш!
Аяқ-аяқ арпаны
Тарта берсем, ай, көш!
Көшпейтұғын бәдіктің

20
Әдебиеттану  
Күші қайсы, ай, көш!
Үйін жығып түйеге
Артып бермсем, ай, көш! –
деп жалғаса беретін бәдік өлеңнің шумақтары Жамбыл мен 
Құлмамбет  айтысындағы  Жамбылдың:  «Уа,  Құлмамбет, 
Құлмамбет, Ағып жатқан сумен кет! Қызарып батқан күнмен 
кет!» – деген бәдік сарындас өлең тармақтарын еске түсіреді. 
ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  әдебиетке  тән  хатпен  өлең 
жазу, айтысу үрдісінен Жетісу ақындары да сырт қалмаған. 
Әсіресе,  патшалы  Ресей  билігінің  1916  жылғы  ұлт-азаттық 
көтерілске  қатысқан  сарбаздардың  қолға  түсіп,  мәжбүрлі 
түрде  майданның  қара  жұмысына  барғандарының  хаттары 
кім-кімді де бейжай қалдырмайды. Кеңес билігінің кезеңінде 
де  жаламен  абақтыға  жабылған  жазықсыз  азаматтардың  да 
өлең-жырмен жазған хаттары (солардың бірі – Ә.Қосбасаров 
жеткізген  «Пішәннің  түрмеден  жазған  хаттары»Т.Ә.) 
әдебиетіміздегі  осы  жанрдың  қалыптасуына  зор  ықпалын 
тигізді.
Ұлы  Отан  соғысы  кезінде  қан  майданға  аттанған 
боздақтардың  өлең-хаттары  –  бөлекше  бір  әңгіме.  Екінші 
дүниежүзілік  соғыс  Жамбыл  мен  оның  маңайындағы 
халық  ақындары  шығармашылығының  үлкен  бір  белесі  де-
сек  –  жаңылмаймыз.  Ұлы  Жәкеңнің  ілгергі  жыраулардың 
дәстүрімен  жырлаған  өлеңдерінен,  әсіресе  «Ленинградтық 
өрендерім»  толғауынан  кейін  оның  атына  келген  өлең-
хаттардың  мөлшері  көп  болған.  Жыр  абызының  батасы-
нан  нәр  алған  жас  ақын  Әсімхан  қан  майданның  бел  орта-
сында  жүріп-ақ  өлеңмен  өрілген  хаттары  арқылы  ауылда 
калған  қамкөңіл  жұрттың  еңсесін  көтеріп  отырды.  Атап 
айтқанда,  «Сұрапыл  соғыс»  аталған  сапарнамалық  хатын-
да  ақын  соғыс  өртінің  тұтануынан  бастап  алғашқы  шайқас 
оқиғаларын  бейнелі  тілмен  шынайы  баяндайды.  Сол  соғыс 
эпизодтарының бірінде:
Оқ тиді Жақсымбеттей жолдасыма,

21
Әдебиеттану
Ауылдан бірге шыққан ол басында.
Жарасын байлайын деп жетіп бардым,
Жолдастың қалмау үшін көз жасына.
Сөйлейтін бас көтеріп шамасы жоқ,
Соғыста оқ тигенге жанашыр көп.
Қайран ер тілге келмей жүріп кетті-ау,
Қоштасар жан жары мен баласы жоқ, –    
деп  ауылдас  досына  деген  ішкі  аяушылық  сезімін,  өзінің 
азаматтық, адамгершілік ұстанымдарын боямасыз жеткізеді. 
Әсімханның «Ауылдан мен шыққалы үш жыл болды» деуіне 
қарағанда, «Бірінші хат» атты өлең-хатын 1944 жылдың ша-
масында жазған сыңайлы. Отбасына, туған-туыстарына, құда-
жекжаттарына, әзілі жарасқан жеңгелеріне жеке-жеке сәлемін 
жолдап, сағыныш сезімін білдірген хаттың «Соғыстың ойлап 
тұрсам түрі жаман, Көмілмей айдалада қаламыз ба?» немесе 
«Соғыста жазатайым жаралансам, Ешкім жоқ келетұғын көңіл 
сұрай» деген сияқты жолдарынан шынайы, адами қорқыныш, 
келешекке секемдену сезімдерін аңғаруға болады. 
Ал «Екінші хатты» соғыстың аяғына таман жазғандығын 
«Аз күнде құзғындарды қуып шығып, Қалармыз жеңіспенен 
біз  де  барып»  деп  аяқталатын  ақынның  сенімді,  жігерлі 
сөздерінен сезіледі. Әсімханның «Айтамын саған наз, дүние», 
«Сағындым  Алатауымды»,  «Ызалы  кек»,  «Майдандастар» 
секілді  соғыстың  алдыңғы  шебінде  жазған  өлеңдерінде 
жарық  дүниенің  жалғандығы,  қысқалығы,  талай  жастың 
өмірін қиған соғыс нәубеті, жауға деген ыза-кек, туған ел мен 
жерге сағыныш, майдангерлердің ерлік істері философиялық 
толғаныспен  суреттеледі.  Бұл  –  шынайылық  белгісі,  себебі 
жалынды  жастық  шағының  бірер  жылын  фин  жанжалына, 
бес жылын Ұлы Отан соғысына арнаған жауынгер ақынның 
көзбен көріп, мойнымен көтерген нәубеттері аз емес еді.
Мысал  өлең  айту,  айтысу  ілкі  замандардан  бері 
жалғасып,  жыраулық,  ақындық  поэзия  өкілдеріне  жеткенін 

22
Әдебиеттану  
М.Қашқаридің,  А.Иасауидің,  тіпті  эпикалық  жырлардағы 
нышандары  мен  Шалкездің  т.б.  шығармаларынан  оқып  көз 
жеткізуге болады.  Бұл озық дәстүр ХХ ғасырлар ақынарына 
да  әсерін  тигізбей  қалмады.  Бертін  келе  ақындар  айтайын 
деген  ойын  қызықты  да  тартымды  етіп  беру  үшін,  өлеңді 
көбінесе  айтыс  түрінде  құруға  талпынып  отырған.  Соның 
нәтижесінде  ақын  өзінің  сүйікті  серігі  домбырасымен, 
астындағы атымен, тіпті, айналадағы жан-жануарлармен ай-
тысу тәсілін қолданған. 
Осы  дәстүрді  ХІХ  ғасырдағы  жаңа  дәуір  әдебиетінің 
өкілдері жетісулық Қабан жыраудың қоянмен, Сүйінбайдың 
қарғамен,  Тезек  төре  сыйламақшы  болған  сары,  қаракер 
аттармен,  бата  сұралған  қоймен  айтыстарынан,  болма-
са  Ж.Шайхисламұлының  «Бөрібасар»  дастаны  мен  «Көк 
бұзау»,  «Сұрмерген»  секілді  өлеңдерінен  айқын  көруге  бо-
лады.  Сондықтан  Әсімхан  Қосбасаровтың  жадында  жатта-
лып, кейінгі ұрпаққа жеткен «Мысал өлең» аталған оқиғалы 
шығарманың  шығуын  кездейсоқтық  деуге  негіз  жоқ.  Туын-
дыда Сүлеймен пайғамбардың кезіндегі бір оқиға сөз бола-
ды.  Пайғамбардан  аң-құстар  мен  жан-жауарлардың  тілін 
үйренген  бір  Қожа  бұл  сыры  әшікере  болса  ажал  табаты-
нын біліп, әйеліне де жақ ашпаған екен. Есектің ақылымен 
өтірік  ауырған  өгіз  ауыр  жұмысқа  шегілмей,  оның  орны-
на  есектің  өзі  тартылады.  Қатты  шаршаған  есек  өгізге 
«сені  соймақшы  болып  жатыр»  деген  өсек  таратқанда, 
ол  сырқатын  ұмытып  ойнақтап  кетеді.  Мұның  сырын  екі 
мақұлықтың әңгімесінен ұққан қожа еріксіз күледі. Күлкінің 
мәнін сұрап, жауап ала алмағаннан соң әйелі өзіне күлді деп 
ұғады да қазыға арыз береді. Меншігіндегі қоразы мен иттің 
әңгімесі  кезінде  қораздың  «Қатынды  оңашаға  шақырып  ап, 
Қылар  ем  сыр  сұрамас,  ұрып  жығып»    сөзін  есітіген  қожа 
әлгілердің  айтқанын  істеп,  әйелді  түзу  жолға  салады.  Осы 
шағын  өлеңнің  негізгі  мазмұнымен  танысқанда,  парықсыз 
және  ақылды  адамдар  арасындағы  ара-жікті  көруге  бола-

23
Әдебиеттану
ды.  Өлеңнің  құрылымдық,  мазмұндық  жүйесіне  қарағанда, 
Жетісу  ақындарының  жырлауындағы  Шығыс  сюжетті  әлде 
бір хикаялық дастанның үзіндісі екендігі аңғарылады.
   Ә.Қосбасаров тағы бір үлкен қыры – әдебиеттанушылар-
дың  назарына  көп  ілінбеген  жыршылық,  халық  әдебиетін 
жеткізуші, жинаушы ретіндегі еңбектері. Ол  – Жетісу ақын-
жыршылары  сияқты  фольклордың  ғұрыптық,  шағын  жанр-
ларымен қатар «Қыз Жанат», «Әзірет Әлі мен Дариға қыз» 
сияқты дастандарды, Сүйінбай, Жамбыл, Майкөт, Құлмамбет, 
Жүсіпбекқожа,  Әпежек,  Құлыншақ,  Пішән  т.б.  ақындардың 
өлеңдері  мен  айтыстарын    жеткізушы,  Жамбыл,  Үмбетәлі, 
Саяділ,  Өмірзақ  сынды  жыршы-жинаушылардың    жадынан 
шыққан  халық  әдебиеті  үлгілерін  толықтырушы.  Мәселен, 
Қазақстанның  түкпір-түкпірінен  жиналған  «Қыз  Жанат» 
дастанының  20-ға  жуық  үлгілерінің  арасында  жетісулық 
Ә.Қосбасаров  пен  Қожантай  Ақынбаев  нұсқаларының 
да  өзіндік  өрнегі  бар.  Ал  «Әзірет  Әлі  мен  Дариға  қыз»  не-
месе  «Шаһизинда»  дастанын  өмірінің  көп  жылдарын 
Жетісу  өлкесінде  өткізген  белгілі  ақын,  жыршы,  баспагер 
Ж.Шайхисламұлы 1898 жылы  Қазанда жарыққа шығарғаны 
жұртшылыққа  мәлім.    Әсімхан  аталған  дастандардың, 
сондай-ақ  Жүсіпбектің  Шөкей  қызбен  айтысының  бір-
бір  нұсқаларын  өзінше  жырлап,  бүгінгі  ұрпаққа  жеткізді 
және  олардың  ғылыми  айналымға  енуіне  қолғабыс  етті. 
Өзінше  жырлады  демекші,  аталған  дастандардың  негізгі 
сюжеттік  фабуласы  толық  сақталғанмен,  нұсқалардың  ара-
сында  жекелеген    стильдік,  көркемдік  айырмашылықтар, 
оқиғалар желісінің кейбір эпизодтарында айырым  өзгерістер 
байқалады.    Мысалы,  «Қыз  Жанат»    дастанының  Нұралы 
Нысанбайұлы жырлаған ең көлемді толық нұсқасы Ноғайлы 
елінің  Мақалбай  деген  байының  Болат,  Жанат  есімді  ұл-
қызының  өскен  кезінен  басталса,  Әсімхан  нұсқасы  «Алты 
қатын алса да, Бір перзентке зар болып, ойламапты басқаны» 
деп  басталып,  байдың  жетінші  әйелге  үйленіп,  одан  бала 

24
Әдебиеттану
көруі, олардың өсуі туралы эпизодттардан бастау алады. 
Әсімхан  Қосбасаров  –  дәстүрлі  ауыз  әдебиеті  мен  жазба 
әдебиеттің тізгінін қатар ұстаған дарынды тұлға. Біз ақынды 
сан  ғасырларға  жалғасқан  Жетісу  өнер  мектебінің  соңғы 
өкілдерінің  бірі  ретінде  қарастырып,  оның  тек  ақындық, 
жыршылық  қырларына  ғана  қысқаша  тоқталып  өттік. 
Халқымыздың  дәстүрлі  рухани  мұраларының  сақталып 
қалуына аянбай тер төккен, кейінгі ұрпақтардың бойындағы 
адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, ел ішінде татулық 
пен  бірліктің  нығаюына  өлең-толғаулары,  жырлары,  ән-
күйлері  арқылы  ықпал  еткен,  өз  заманының  сан-салалы 
дарынды  тұлғаларының  қатарындағы  азамат  ақынның 
еңбектерін жан-жақты, іргелі түрде зерттеудің кезегі енді кел-
ген сияқты. Бұл ретте ақынның қолда бар және әлі де болса 
жиналатын шығармаларын ғылыми-текстологиялық саралау-
дан өткізіп, жаңа жинақтарын жарыққа шығару, мұраларын 
түбегейлі  зерттеу,  ХХ  ғасырдың  екінші  жартысындағы 
қазақ  әдебиеті  тарихындағы  өзіндік  орнын  айқындау  – 
әдебиеттанушылардың ортақ міндеті болып қала бермек. 
 
 
Резюме
В  статье  рассматривается  аналитическая  характеристика  по-
этического окружения Асимхана Косбасарова, приводятся мало-
известные  факты  о  жизни  и  творчестве  целого  ряда  казахских 
акынов изучаемого периода. Автор приходит к логическому вы-
воду о том, что поэзия А.Косбасарова представляет собой обра-
зец традиционной акынской поэзии второй половины ХХ в.
Summary
The article discusses the analytical characteristics of poetic 
environment of Asimkhan Kosbasarov,  unknown  facts of life and 
creativity of a number of Kazakh akyns of the explored  period. The 
author comes to  logical conclusion that his poetry is a pattern of  
traditional akyn poetry of the second half of the XX century.

25
Әдебиеттану
Қ.Б.Алпысбаева 
КӨШЕЛЕК ЕЛАМАНОВ – «ҚОБЫЛАНДЫ 
БАТЫР» ЖЫРЫН ЖЫРЛАУШЫ
Көшелек  Еламанов  жырлаған  «Қобыланды  батыр» 
жырының    қолжазбасы  Орынбор  қаласындағы  облыстық 
архивінде, Игнатьевтің қолжазбалары арасында сақталған.
Көшелек  Еламанов  (1874-1951)  белгілі  ақын    Батыс 
Қазақстан  облысының  Шыңғырлау  ауданында,  кедей 
шаруаның отбасында дүниеге келген. Көшелектің толық аты 
– Көшмұқамбет. Оның жас шағы кедейлікте, жоқшылықта 
өтеді. Өлеңге, сөзге шеберлігі жастайынан байқалады, дом-
быраны да жастай үйреніп, құмарта тартады.
Он  алты,  он  жеті  жас  шамасында  Қобда,  Елек, 
Шыңғырлау жерлеріне аты жайылған жырау, әрі домбыра-
шы Жалмағанбет Сағынтайұлының (1830-1910) қасына еріп 
жүріп,  одан  көптеген  өлең-жыр  үйренеді.  Той-жиындарда 
өзі де жиі жыр айта бастайды, жақсы айтатын болады. Оның 
ақындығына,  зеректігіне  риза  болған,  сүйсінген  халық 
еркелетіп Көшелек атап кетеді. Кейін осы елге осы атымен 
белгілі болады. 
1920 жылы Қазақ республикасы құрылып, оның астана-
сы Орынбор болғанда, Қазақ АССР өкіметі басшыларының 
бірі  Әбдірахман  Әйтиев  Көшелек  Елемановты  Орынборға 
шақыртады.  Көшелек  орынборда  болып,  онда  ақын-
жазушыларға кездеседі. Сондай-ақ қазақ кеңес әдебиетінің 
негізін қалаушылардың бірі Сәкен Сейфуллинмен кездеседі. 
Көптеген  жерлерде  ол  домбыраға  қоса  өз  өлеңдерін  және 
ертегі  жырлардан    айтып  береді  [1].  Көшелек  Орынборда 
1921-1925  жылдар  аралығында  бірнеше  рет  болған.  Ұлы 
Отан  соғысы  кезінде  де  көп  өлең  шығарып,  оның  біраз 
өлеңдері 1944-1945 жылдары Батыс Қазақстан облысының 
жергілікт газеттерінде жиі-жиі жарияланып тұрған.
М.О.Әуезов  атындағы  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет 

26
Әдебиеттану
және  өнер  институтының  қолжазба  қорында  сақтаулы 
(371-бума,  7-дәп.)  деректерде  «Көшелек  Еламанов  Қазан 
революциядан  бұрын  ол  жыл  сайын  екі  рет,  халықтың 
көп  бас  қосатын  жері  Орынборға  (Чкалов)  барып  қайтып 
жүрген.  Рас,  Көшелек  оқу-жазу  білмеген.  Оның  аузынан 
Орынборда оқып жатқан қазақ жастары, татардың оқыған 
адамдары,  Башқұртстанның  оқыған  адамдары  көптеген 
өлеңдерді, жырларды жазып алады. Әсіресе, соның ішінен 
«Қобыланды», «Көрұғылы», «Орақ-Мамайды» жазып алған 
адамдар  басқа  жерге  тарата  бастайды»  деген  мәліметтер 
келтірілген.
Бұл  туралы  Орынбор  мұрағаты  комиссиясының  толық 
мүшесі  В.Карлсонның  «Оренбургский  край»  басылымы-
нан шыққан «қырғыз халық (қазақ) жыршылары комисси-
ясында» деген көлемді мақаласында мынандай мәліметтер 
клтірген: «Состоявшееся в четверг, 23 марта (1906) заседа-
ние Оренбургской ученой  комиссии было посвящено делу 
совершенно новому в летописях этого учрежденя, а имен-
но ознокомлению с образцами древней киргизской поэзии 
в лице народных певцов Казахпая и Кушелека. Оба киргиза 
приехали  из  Джиренкупинской  волости  Уральского  уезда 
той  же  области...  предложили  певцам  исполнить  кое-что 
из  запаса  своих  песен.  При  этом  гражданин  Буранккулов 
взял на себя обязанность переводчика. И вот маленькая, но 
уютная комната в здании архивной комиссии, что на берегу 
Урала, где помещается библиотека, огласилась приятниыми 
звуками киргизских мелодий. Прежде всего певцы, которым 
пришлось сидеть на стульях, в чуждой, несвойственной им 
обстановке, обратились к собранию с приветствием, воспе-
вая, под сопровождение домбры, все обстоятельства и цель 
своей поездки. После этой импровизации, представляющей 
обычное и необходимое у киргиз вступление к пению бы-
лин, певцы исполнили несколько мотивов из народных про-
изведений...

27
Әдебиеттану
...Ознакомившись  с  характером  песен  и  способностями 
обоих киргиз, собрание приступило к обсуждению вопроса, 
как наилучше использовать запас их знания. В виду особой 
цели архивной комиссии – собрание древностей – решено 
было главное внимание обратить не на исполнение песен и 
художественной способности певцов, а на самое содержа-
ние песен, как представляюших богатый запас древних пре-
даний  и  верования,  который  сохранился  в  лице  народных 
певцов...
Что касается личности певцов, то оба они выходцы от ко-
чующих киргизов, но уже давно поселились среди оседлых.
... Другой певец, Кушелек, лет 32-х отличается средним 
ростом и энергичным, выразительным лицом с живыми, от-
крытыми глазами ... Оба певца с почтительною благодарно-
стью вспоминают тех стариков, у которых они учились петь 
и играть.
В список их былин и песен входят следующие произведе-
ня: «Орақ-Мамай», «Нарек», «Кор-огуло», «Карасай-Кази», 
«Кобыланды», «Алпамыс», «Карабек», «Манаше», «Алеке», 
«Кубугул», «Камбар», «Торехан», «Елеусин», «Кыз Жибек», 
«Есет-Букенбай», «Жанибек», «Телагыс», «Бозжигит» и др. 
дей келіп Көшелектің ақындық өнерін жоғары бағалаған.
Орынбор  архивымен  ұзақ  жылдар  жұмыс  жасап, 
«Қобыланды»  жырын  зерттеген  белгілі  ғалым  Оразгүл 
Нұрмағанбетова: «Орынбор архивы ғылыми комиссиясының 
осы жиыннан бастап ел ішінен белгілі ақын-жыршыларды 
шақырып,  олардың  шығармаларын  жазып  алу  үшін 
ұйымдастырылған  арнайы  комиссия  өз  жұмысына  кірісіп 
көп іс тындырған сияқты.
 
1906 жылғы алғаш жиналған комиссия мәжілісінде 
Жүрсіновтың  де  аты  аталып,  ол  халық  шығармашылығын 
жазып  алуға  ықыласпен  қатысып  жүргендігін  Карлсон  өз 
мақаласында ризашылықпен атап өткен. Сол тапсырма бой-
ынша Жүрсінов Көшелек Елемановтан «Қобыланды» және 

28
Әдебиеттану
басқа жырларды жазып алып, архив комиссиясына тапсы-
руы анық», - дейді [2].
1955 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және 
әдебиет  институты  арнайы  экспедиция  ұйымдастырып, 
Орынборға  барып,  біраз  халық  әдебиеті  үлгілерін  алып 
келген.  Солардың ішінде аталған институттың сол кездегі 
аспиранты З.Жантекеева тауып әкелген эпостың машинкаға 
басылған көшірмесі де бар. Қолжазба ӘӨИ-дің қолжазбалар 
қорында  (7-бума)  сақтаулы.  Қолжазбаның  аяғында  жыр-
ды 1906 жылы Көшелектен Т.Жүрсінов жазып алды деген 
мәлімет бар. 
Жыр  мәтіні  алғаш  рет  «Бабалар  сөзі»  жүзтомдығының 
35-томында жарық көрді.
Көшелек  жырлаған  «Қобыланды  батыр»  нұсқасы  тура-
лы Н.Б.Кидайш – Покровская, О.А.Нұрмағанбетова сынды 
зерттеушілердің еңбектерінде сөз болады [3]. 
Жырдың  экспозициясы  Қобыланды  дүниеге  кел-
мей  тұрып,  он  екі  баулы  ноғайда  жасы  сексенге  келген 
Қыдырбай  мен  оның  Меңдісұлу  атты  әйелінің  байлығын, 
баласыздығын және олардың тұрмыс-тіршілігін суреттейтін 
мотив – сипаттамадан басталады. Сол елдің ханы Ақшахан 
Қыдырбайдың байлығын өз қолына түсіруді көздеп, әртүрлі 
амал жасайды. Бұл жайды білген Меңдісұлу Құдайдан бала 
тілеп,  әулиелерге  түнеп,  дүние  кезеді,  ақыры  тілегі  қабыл 
болады. Бір ұл, бір қыз табады. Ұлының атын  Қобыланды, 
қызының атын Қансұлу деп қояды.
Болашақ батырдың ғажайып туу мотиві қазақтың, түркі, 
монғол тілдес басқа халықтардың эпосында жиі кездеседі. 
Мәселен,  қартайған  ата-ананың  балаға  зар  болуын,  бала 
іздеп Алладан, әулиелерден жәрдем сұрауы қазақтың «Ал-
памыс», «Шора батыр», «Едіге батыр», «Мұңлық-Зарлық» 
эпостарынан,  қырғыздың    «Манас»  [4]  эпосынан  т.б 
кездестіреміз.
Мысалы  «Манас»  эпосындағы  Жақыптың  баласыздық 

29
Әдебиеттану
наласын айтып, қайғыратын тұсында мынадай жыр жолда-
ры ұшырайды: 
... Арман қылат ошондо,
Абакең Жақып толғанып: 
– 
Бербесе Теңгер чарам жоқ,
Беш түліктен мал жидым,
Бет чака булча арам жоқ.
Жабық салып, ат минип,
Жанымда болған карам жоқ.
Тұтунарға туяк жоқ,
Туганынан айрылған
Жұртта мендей чунак жоқ... [4].
Міне,  осылай  жасы  ұлғайған  ата-аналардың  бала 
тілеп,  дүние  жүзін  кезуі  кездейсоқ  емес.  Олардың  арман-
мақсаты – атадан қалған мал, мүлікке ие болатын, ұрпағын 
жалғастыратын мұрагер, сондай-ақ ел-жұртына қорған бо-
латын батыр іздеу. Бұдан кейін жырда қаһарманның балалық 
шағы, тәрбиесі; батырдың барлық кедергіні жеңіп үйленуі; 
қыз Құртқаны еліне алып келуі; батырдың тұлпар атына бай-
ланысты әңгіме; Қобыландының Алшағыр ханмен ұрысы; 
ел-жұртын Алшағырдан босатып алғаны баяндалады.   
«Қобыланды батыр» жырының біраз нұсқаларын салы-
стырып қарағанымызда, Көшелек жырлауында «Қобыланды 
батыр» эпосының байырғы желісі барынша сақталғанымен, 
кейбір  айырмашылықтары  бар  екені  байқалады.  Мысалы, 
бұл нұсқада басқа варианттарда кездесетін Қобыланды мен 
Қараманның  Қазан  ханға  аттанатын  алғашқы  соғыс  сапа-
ры,  «Тайбурылдың  шабысы»,  Қобыландының  Көбіктімен 
соғысы, Қарлыға туралы эпизодтар кездеспейді.
Сондай-ақ  мұнда  Қобыланды,  Құртқа,  Алшағыр  хан-
нан  өзге  кейіпкерлердің  есімдері  басқаша  аталған. 
Қобыландының  Құртқаны  еліне  алып  келетін  көрінісі 
қысқа  баяндалған.  Осы  тұрғыдан  алып  қарағанда, 
К.Еламанов  жырлауындағы  «Қобыланды  батыр»  жыры 

30
Әдебиеттану
басқа  нұсқалардағы  тұрақты  эпизодтарды  қайталау  емес, 
халық  аузында  айтылып  жүрген  аңыз-әңгімелерді  арқау 
етіп, өзінше жырлаған дербес вариант деп санау керек.
Көшелек  жырлаған  нұсқа  толық  аяқталған,  тілі  жатық, 
оқиғасы қызықты болып келеді.  
                  
                Пайдаланылған әдебиеттер
1.  Қолжазба 371-бума, 7-дәптер (ӘӨИ).
2.  Нұрмағанбетова О. Қазақтың қаһармандық эпосы. – 
Алматы, 2003.
3.  Кидайш-Покровская Н.В., Нурмаганбетова О.А. Ко-
быланды батыр. – Москва, 1975.
4.  Манас. 1-кітап. – Фрунзе, 1958.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал