Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.83 Kb.

бет10/11
Дата12.01.2017
өлшемі2.83 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Cписок использованной литературы:
1.Ананьева    С.В.  Русская  проза  Казахстана.  Последняя 
четверть  ХХ века - первое  десятиление ХХІ века.  -  Алма-
ты: ИД «Жибек жолы», 2010. - 356 с.
2. Эпштейн М.Н. Знак пробела: О будущем гуманитар-
ных наук. – М.: Новое литературное обозрение, 2004. 
3.Темирболат А.Б. Категории хронотопа и темпорального 
ритма в литературе. Монография. - Алматы: Ценные бума-
ги, 2009. – С.129-136.
4.  Ржанская  Л.П.  Интертекстуальность  (Возникновение 
понятия. Об истории и теории вопроса) //Художественные 
ориентиры  зарубежной  литературы  ХХ  века.  -  М.,  2002.  - 
С.539-555.
5.Адибаев Х. Созвездия близнецов (сокровенное и таин-
ственное): роман-откровение. - Алматы: Искандер, 2004.
6.Жаксылыков А. Сны окаянных. - Алматы: Ценные бу-
маги, 2005.-513 с.; Дом сурриката. - Алматы: Ценные бума-
ги, 2008.- 434 с. 
7.Накипов Д. Круг пепла.- Алматы: Искандер, 2004. -225 
с.

143
Халықаралық  байланыстар
Түйін
ХХ  ғасырлар  тоғысында  Қазақстанның  «жаңа»  роман 
жұмыстарға өткен суреттегі дәстүрін жаңарту ерекшеліктері 
бар  мақала  мәмілелер.  Әдеби  мәтіндерді  Х.Әдібaeв, 
Жақсылыков А.Ж., Д.Нәкiпoв еңбектерінің мысалдар тура-
лы Д.Aмaнтaү санаты қатынасы өзгерістер әкелетін, әр түрлі 
әдістер мен жанрлық эксперименттер синтездеу үрдісі зерт-
телген  «авторы-кейіпкер».  Біз  баяндау  жаңа  эстетикалық 
нысандары мен принциптерін іздеу экзистенциалдық бағдар 
жұмыстары  қарастырамыз.  Өзара  іс-қимыл  бағытталған 
жаңа  интеллектуалдық  роман  Қазақстан,  контакт,  түрлі 
әдеби  және  мәдени  дәстүрлер  арасындағы  диалогты 
авторлық ниеті қоғамдастық құрылған.
Summary
The article deals with the specifics of updating traditions in the 
image of the past in the works of the "new" novel of Kazakhstan 
at  the  turn  of  the  twentieth  centuries  On  examples  of  works 
of  literary  texts  by  H.Adibaev,  A.Zhaksylykov,  D.Nakipov, 
D.Amantay  investigated  the  trend  in  the  synthesis  of  various 
methods and genre experiments, leading to changes in the ratio 
of  the  category  "author-hero".  Studied  existential  orientation 
works,  searching  for  new  aesthetic  forms  and  principles  of 
narrative. Established community of authorial intention of the 
new intellectual novel Kazakhstan aimed at interaction, contact, 
dialogue between different literary and cultural traditions.

144
Ілияс Есенберлин – 100 жыл
Г.Орда
 ҚАЗАҚТЫ ТАРИХЫМЕН ҚАУЫШТЫРҒАН 
ҚАЛАМГЕР
Үстіміздегі  жылы  қазақтың  көрнекті  жазушысы,  қоғам 
қайраткері  Ілияс  Есенберлиннің  туғанына  100  жыл  толып 
отыр. Ол туралы мерзімді басылым беттерінде жарыса жазы-
луда. Жазушының көзін көрген Күнімжан Байқадамованың 
естелігі  «Көшпенділер»  трилогиясының  жазылу  тарихы 
мен  қаламгердің  шығармашылығын  және  бір  қырынан 
толықтырар  деген  ниетпен  төмендегі  сұхбатты  оқырманға 
ұсынып отырмыз. 
–    Күнімжан  апа  «Байқадамовтар  әулеті»  деген 
кітабыңызды  оқып  отырып  Ілияс  Есенберлин  туралы 
қызықты  деректер  оқыған  болатынмын.  Жазушының 
туғанына  биылғы  жылы    100  жыл  толып  отыр.  Осы 
тұста сол естеліктеріңізбен оқырманмен бөлісіп, жазу-
шы туралы айтып берсеңіз. 
–  Бақамның (Бақытжан Байқадамов) достары өте көп 
болатын.  Бір  қызығы  оның  жақын  араласқан  достарының 
бәрі  де  біздің  үйдің  баласындай  болып  сіңісіп  кететін  де, 
бәрі  де  мамамды  өз  аналарындай  «мама»  дейтін.  Сондай 
өте  жақын  араласқан  достарының  бірі  –  Ілияс  Есенбер-
лин.  1940  жылы  Қазақ  тау-кен  және  металлургия  нститу-
тын  бітіріп,  Жезқазған  рудниктерінде  инженер  болған  ол 
Ұлы Отан соғысына қатысты, 1942-1947 жылдары Орталық 
комитеттің нұсқаушысы қызметтерін атқарды. 1947-51 жыл-
дары Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры бол-
ды. Осы жылдары Бақам филармонияның көркемдік жағын 
басқарды. 
–  Жазушының  әдебиетке  поэзиямен  келгенін,  оның 
бірсыпыра өлеңдеріне ән жазылғанын өскелең ұрпақ біле 
бермейді. Сол жайында айта отырсаңыз.
–  Қырқыншы  жылдары  әдебиетке  ақын  ретінде  өлең 

145
Ілияс Есенберлин – 100 жыл
жазумен  келген  ол  «Сұлтан»,  «Айша»,  «Адамгершілік  ту-
ралы  жыр»  сынды  бірсыпыра  өлең  жинақтарымен  көпке 
таныла бастады. «Большевик туралы поэма», «Біржан сал 
трагедиясы» дастандарын жазды. Сол тұста Ілияс Бақамның 
әндеріне  сөз  жазып  жүретін.  Солардан  менің  есімде 
қалғандары – «Домбыра», «Жаңа өлке», «Кен зерттеушілер 
әні»,  «Отаныма  рахмет»,  «Гүл  жайнаған  Астанам»  ән-
өлеңдері.  Бұл  әндерді  қазақ  халқы  Күләш  Бәйсейітова, 
Роза  Бағланова,  Бибігүл  Төлегеновалардың  орындауында 
тыңдап жүр. Осылайша, Ілияс пен Бақамның арасында тек 
қана жолдастық емес, шығармашылық та тығыз байланыс 
болды. 
–  Бірі  –  филомонияның  директоры,  екіншісі  – 
көркемдік  жетекшісі  ретінде  олардың  сіздерден  жасы-
рын әңгімелері болушы ма еді?
–   Менің бір таңқалатыным, олардың бізден жасырын, 
құпия  әңгімелері  болмайтын.  Ілиястың  филармонияның 
директоры болып  тұрған  шақтағы әңгімелерінің көпшілігі 
есімде қалыпты. Сондай әңгімелердің бірі – «Көшпенділер» 
романы жөнінде. Ол горняк болғанмен қазақтың әдебиетіне, 
мәдениетіне, тарихына өте жақын болды. Сол тұстағы жа-
зылып  жатқан  жазушылардың  көркем  шығармалары  мен 
тарихшылардың  қазақ  тарихы  туралы  зерттеулеріндегі 
қазақ  халқының  тарихына  көңілі  толмай  жүретін.  Өзінің 
білмейтіні жоқ жан-жақты еді. Қазақтың арғы-бергі тарихы-
нан біз білмейтін көптеген аңыз-әңгімелерді айтып отыра-
тын. Біз өзіміз білмейтін қызықты аңыздарды аузымыздың 
суы  құрып  отырып  тыңдайтынбыз.  Сондай  қызғылықты 
әңгімелердің арасында бізге беймәлім тарихи деректер ту-
ралы Бақам екеуі ұзақ әңгімелесетін. 
– Қазақтың тарихы туралы жазуға ден қойып жүрген 
жазушыны  көп  дау-дамайға  қалдырған  «Көшпенділер» 
трилогиясының жазылуы туралы айта отырсаңыз. 
– Бір күні өзінің жиған-терген құжаттарын сөз ете оты-

146
Ілияс Есенберлин – 100 жыл
рып,  мен  қазақ  тарихы  туралы  роман  жазамын  деді.  Оны 
әзіл көрген Бақам:
– Мен сені сыйлаймын, бірақ сен горняк инженерсің ғой, 
роман  жазу  қалай  болар  екен?  Қазақ  халқының  тарихын 
жаза  аласың  ба?  Қазақтың  жазушылары  жазып  жатқаны 
саған аз көріне ме? - деді.
– Иә, жазушылардың жазғаны аз емес. Бірақ мен қазақтың 
тарихын шынайы қалпында жазғым келеді, - деді ол.
– Ол оңай шаруа емес, біріншіден, сен жазушы емессің сен-
де роман жазарлық жазушылық дайындық жоқ, екіншіден, 
геологтың жазған шығармасын мүйізі қарағайдай жазушы-
лар қалай қабылдар екен?
– Неге жаза алмаймын, жазамын. Сен ҚазПи-дің физи-
ка-математика  факультетін  бітірдің  де  мектепте  математи-
кадан  сабақ  беріп  жүргенде  «Айгөлек»,  «Сүйген  сәулем», 
«Бөбегім», «Пионер маршы», «Біз Отанды сүйеміз» әндерін 
жаздың ғой. Содан кейін ғана Консерваториядан музыкалық 
білім алдың. Бірақ Консерваторияға дейін де танымал ком-
позитор болдың емес пе? Ендеше, сен де өзіңнің табиғатыңа 
жақын музыка жазуға ертерек көңіл бұрдың.
– Ол басқа шаруа ғой. 
–  Ешқандай да басқа шаруа емес. Сені халық оқытушы 
ретінде емес, композитор ретінде таниды. Сенің қаламыңнан 
туған  «Айгөлек»,  «Сүйген  сәулем»,  «Бөбегім»,  «Пио-
нер  маршы»,  «Біз  Отанды  сүйеміз»,  тағы  басқа  жырлар-
ды қазақ жатқа айтады. Және солардың бәрі де халықтың 
сүйіп тыңдайтын әндері. Олай болса, математиктен жақсы 
композитор шыға ма, шығады. Ал неге геологтан жазушы 
шықпайды?  Шыққанда,  қандай  жазушы  шығады.  Қане, 
бұған не дейсің?
–  Бақытжан  Байқадамовтың  халық  жауының  ба-
ласы ретінде өмірден көп қиыншылық көргенін білеміз. 
Ілиястың кеңестік дәуір тұсында қазақтың тарихы ту-
ралы роман жазуы – өз басын ерлікке тігуі екені белгілі. 

147
Ілияс Есенберлин – 100 жыл
Бақытжан оған қалай қарады.
–  Бақамның  да  шырылдап  жүргені  сол  ғой.  Ол  туралы 
екеуінің мынадай әңгімелері есімде қалыпты. 
– Ілияс бәрі де дұрыс қой, бірақ мен сенің тауың шағылып 
қалмасын деймін. 
–  Бұл жанашырлығыңа үлкен рақмет. Бірақ, мен қазақ 
тарихы  туралы  роман  жазуға  бел  байлап  жүрмін.  Роман 
болғанда да сенің «Әйгөлегің» секілді халық сүйіп оқитын 
роман  жазғым  келеді.  Оған  дайындығым  да  жоқ  емес. 
Жиған-терген дүниелерімді біраз іріктеп алып, жазуға отыр-
сам деп ойлаймын. 
– Өзің маған дейін де шешіп қойған болсаң, саған тек ақ 
жол тілеу ғана қалған секілді. Олай болса, сенің болашақта 
күллі  қазақ  сүйіп  оқитын  романыңның  ертерек  жазылып, 
қазақтың қолына тиюіне тілектеспін. 
– Иә, мен солай ойлап жүрмін... 
Сол  романды  жазу  барсында  жинаған  материалдарын 
айтып  Бақаммен  көп  ақылдасып  отыратын.  Ол  кезде  біз 
Ілиястың  роман  жазатынына  сенгенмен,  қандай  роман 
жазатынын  білген  жоқпыз.  Кейін  ол  жазылған  романның 
қолжазбасын  арқалап,  оны  шығара  алмай  біраз  қиналды. 
Сондай  қиын  сәттерде  романы  құрысын  деп  екі  қолын 
төбесіне  көтеріп  кете  ме  десек,  жоқ,  олай  болмады.  Өзі 
айтқандай, сол  романды күллі қазақтың қолына жеткізгенше 
тыным таппады. Оның жолында көп қиыншылық та көрді. 
–  Роман  жарыққа  шыққан  соң  да  Ілиясқа 
тыныштық  болған  жоқ.  Себебі,  ол  кезде  қазақ  сын-
ды  «ұсақ  ұлттардың»  өз  тарихын  терең  зерттеуге 
мүмкіндігі  жоқ  еді.  Хан  мен  биді,  бай  мен  бекті  жап-
пай  қаралап  жатқан  біржақты  бағалаудың  тұсында 
жазылған  қазақ  тарихы  туралы  көркем  шығарманың 
мәтіні коммунистік партияға жақпағаны, оны Ілиястың 
бірнеше рет өзгерткені тарихтан мәлім.  
–  Осы романнан кейін Ілияс қудалауға түсіп филармо-

148
Ілияс Есенберлин – 100 жыл
ниядан кетті, Бақам ЖенПи-ге ауысты. Сондай сәттерде біз 
ойлайтынбыз, – құдай-ау роман жазып басы бәлеге қалды 
ғой. Оны жазып несі бар еді. Қазақтың тарихы туралы жа-
затын жазушылар бар емес пе, – деп. Сөйтсек, Ілияс қазақ 
әдебиетіне  түреннен  жол  салған  екен.  Ол  болашақтағы 
қазақтың  тарихи  романдарының  жазылуына  жол  ашқан 
екен. Оның бәрін баспа бетінде сол жылдары шыққан әртүрлі 
мағынадағы  мақалалардан  оқып-біліп  жүрдік.  Менің  бір 
есімде қалғаны сол романның қалай басылып кеткендігі көп 
сөз болды. Ұмытпасам, сол кездегі баспа істерінің басшысы 
Шериаздан Елеукеновтің еңбегі ерекше болды. 
–  Ілиястың  қаламынан  туған  роман  күллі  қазаққа 
ғана  емес,  сол  кездегі  Кеңестер  Одағындағы  барша 
әдебиетшілерге ой салған туынды болды. Себебі, бұл ро-
ман жөнінде орыс әдебиеттанушылары да жазып жат-
ты. «Литературная газетадағы» Александр Яковлевтің 
«Против  антиисторизма»  атты  мақаласына  сол 
тұстағы  қазақ  әдебиеттанушыларының  ішінен 
Мұқаметжан Қаратаев пен Шериаздан Елеукенов қарсы 
мақала жазып, Ілиясты ажал аузынан  арашалап қалды.
–  Оны  Ілиясың  өзі  көп  айтатын.  Егер  сол  кез-
де  Яковлевтің  мақаласына  ешкім  қарсылық  көрсетпесе, 
Ілиястың  жайы  не  болары  белгісіз    еді.  Коммунистік 
партияның саясатына қарсы шыққаны үшін оны да «халық 
жауы» деп алып кетері даусыз ғой. Отызыншы жылдардағы 
қудалауды көрген біз байғұс Ілиясты қай күні «қара қоңыз» 
алып  кетеді  екен  деп  жанымызды  шүберекке  түюмен 
болдық.  Біз  ғана  емес,  Ілиясты  танитын,  танымайтын  исі 
қазақтың бәрі де оның тілеуін тіледі. Себебі, бұл отызыншы 
жылдардағы  ойранның  ұмытыла  бастаған,  қазақ  өмірінде 
жайма шуақ өмір қалыптаса бастаған кез еді. 
–  ХХ  ғасыр  басындағы  Алаш  зилыларының  қазақ 
халқының  бақытты  болашағы  жолындағы  ізгілікті  істерін 
қырқыншы-алпысыншы жылдары өмір сүрген қазақ зиялы-

149
Ілияс Есенберлин – 100 жыл
лары  да  жалғастырған  тәрізді.  Мәселен,  Б.Байқадамовтың 
негізгі  мамандығы  –  математик,  бірақ  ол  қазақтың  му-
зыкасы ақсап жатқан соң сол саланы меңгеруге бел буды. 
Сол сияқты, Ілияс Есенберлиннің де мамандығы – тау-кен 
инженері. Бірақ ол да қазақ тарихы туралы көркем шығарма 
жазылмаса қазақ халқы өзінің арғы тарихын білмей қалады 
деп  ойлады.  Себебі,  ол  кезде  жаңадан  жазылған  көркем 
шығармалар  қолдан-қолға  тимей  оқылатын.  Бұл  тұрғыда 
жазушы  дұрыс  жолды  таңдай  білді.  Ол  осылайша,  күллі 
қазақ    қолынан  тастамай  оқитын  «Көшпенділер»  трило-
гиясын  жазды.  Қазақстан  тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі 
жылдары  түсірілген  «Көшпенділер»  көркем  фильміне  де 
І.Есенберлиннің сол романы түрткі болғаны анық. 
Осы  романның  жазылу  тарихы  туралы  жазушының 
өзі  былай  деп  жазған  болатын:  «Тарихи  эпопеяны  жазу-
ды  соңғы  кітаптан  бастауымның  себебі  –  жиналған  архив 
деректерінің  молдығы,  қамтылатын  дәуірлер  ауқымының 
кеңдігі,  ойлаған,  жоспарлаған  кітаптарды  түгел  жазуға 
ғұмырым  жете  ме,  жетпей  ме  деген  күдік.  Мұның  мәнісі 
бар.  О  баста,  тарихи  деректерді  жинау  кезінде,  романға 
кіріспес  бұрын,  іштей  жоспарлаған  едім.  Яғни,  көңілімде, 
іс  жоспарымда  халқымыздың  бес  жүз  жылдық  тарихын 
қамтитын трилогия болып қалыптасты. Бірақ трилогияның 
ең соңынан бастауыма себеп болды. Ең алдымен тіршіліктің 
кейбір тауқыметін тартқандықтан ба, үшеуін бірден қамтып 
жазуға  өмірім  жете  ме,  жетпей  ме  деп  қауіптендім.  Со-
дан  болар  халыққа,  болашақ  үрім-бұтаққа  айтпақ  болған 
ойымның  тарихи  оқиғаларға  деген  жазушылық  тенденци-
ям  мен  позициямның  айқын  көрінісі  болған  басты  темір 
қазығым – «Қаһар» еді. Егер алдындағыларымды айта келіп, 
көксеген негізгі ойыма қол жетпей қалса, өмір бақи арманда, 
орны толмас өкініште өтуім мүмкін ғой. Ойға алған, көңілге 
түйген трилогияның ең әуелі соңынан бастап жазылу сыры 
осы еді» (Жұлдыз, 1975. - №1. – 209-213 б.). 

150
Ілияс Есенберлин – 100 жыл
Жазушының  ұлттық  әдебиетке  салған  жолы  бүгінде 
жалғасын  табуда.  Тәуелсіздік  тұсындағы  қазақ  жазушы-
лары  қазақтың  көркем  тарихын  жасауға  белсене  кірісіп 
кетті.  Соның  жарқын  көрінісі    –  2014  жылдың  жылдық 
қорытындысы  бойынша  Сырым  батыр  туралы  Қажығали 
Мұхаметқалиұлының «Тар кезең» романының Мемлекеттік 
сыйлық  алуы.  Иә,  осылайша  Ілияс  Есенберлиннің  қазақ 
әдебиетіне алып келген келген жаңалығы бүгінде дәстүрге 
айналғаны қуантады. 

151
А.Ахметова
ИНСТИТУТ ТЫНЫСЫ
Ел өмірінен ерекше орын алып, өшпес із қалдырған та-
рихи оқиғаның бірі – Ұлы Отан соғысы. Қазақ тарихынан 
үлкен  орын  алған  бұл  айтулы  оқиға  қазақ  әдебиеті  мен 
өнерінде  де  ерекше  орын  алды.  Жауынгерлік  тақырыбы 
қазақ әдебиетіне бұрыннан да жат емес. Қаһармандық эпос 
пен әрқилы жаугершілік заманда туған халықтық лириканың 
үлгілері әдебиетімізде жетерлік. 
ҰОС  кезеңіндегі  қазақ  әдебиетін  қалыптастыруға 
М.Әуезов, 
С.Мұқанов, 
Ғ.Мүсірепов, 
Ғ.Мұстафин, 
Ғ.Орманов,  А.Тоқмағамбетов,  Ә.Тәжібаев,  Ж.Құсайынов, 
Ә.Әбішев, М.Хакімжанова сынды жазушылар айтарлықтай 
үлес 
қосты. 
Т.Жароков, 
Ж.Саин, 
Ә.Сәрсенбаев, 
Қ.Аманжолов,  Қ.Әбдіқадыров,  Қ.Бекхожин,  Б.Бұлқышев, 
Б.Момышұлы,  С.Омаров  сынды  ақын-жазушылар  қолына 
қару  алып,  майданға  аттанды.  Бұлардың  қатарын  майдан 
газеттерінің  беттерінде  жарияланған  жауынгер  жырлары-
мен  танылған  С.Мәуленов,  Х.Ерғалиев,  Ж.Молдағалиев, 
С.Сейітов сияқты ақындар толықтырды. Халық поэзиясының 
өкілдері Жамбыл, Нұрпейіс Байғанин, Кенен Әзірбаев, Ша-
шубай Қошқарбаев, Нұрлыбек Баймұратов, Нартай Бекежа-
нов, Доскей Әлімбаев, т.б. өздерінің отаншылдық рухтағы 
жыр-толғауларын шығарды. Қазақ әдебиетінің осы секілді 
әр тобынан құрылған қалам иелері бір мақсатқа жұмылып, 
әдебиеттің алдына соғыс шындығы қойған міндетті атқаруға 
кірісті.
Ұлы  Отан  соғысының  адамзат  жүрегіне  салған  ауыр 
жарасы жазылып бітті деу қиын. Сонау 1941-де басталған 
зобалаң ауанының күні бүгінге дейін сезілу себептерінің бірі 
осында жатуы кәдік. Сол сұрапыл жылдардағы жағдайлар 
толарсақтан саз кешкен қарт сарбаздарды ғана емес, кейінгі 
буынды  да  толғандырмай  қоймады.  Өйткені,  аталған  май-

152
дан төңірегінде әлі күнге дейін жауабы табылмаған сауал-
дар жетіп артылады. 
Осыған орай, 5 мамырда М.О.Әуезов Әдебиет және өнер 
институтында Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұлы 
Отан  соғысы  –  әдебиет  пен  өнерде»  атты  республикалық 
ғылыми-теориялық  конференцияда  осы  мәселелер  жан-
жақты талқыланған болатын.
Республикалық  көлемде  өткен  бұл  конференцияға  ҚР 
ҰҒА-ның академигі, филология ғылымының докторы, про-
фессор С.Қирабаев, Абай атындағы ҚазҰПУ М.Ғабдуллин 
атындағы  «Тұлғатану»  орталығының  жетекші  ғылыми 
қызметкері,  филология  ғылымының  кандидаты,  жазушы 
Қалдыбай  Мамытбек,  ҚР  ҰҒА-ның  мүше-корреспонденті, 
өнертану  докторы,  профессор  С.Күзембаева,  әл-Фараби 
атындағы ҚазҰУ-дың профессоры, филология ғылымының 
докторы З.Бисенғали, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және 
өнер институты Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің 
меңгерушісі  С.Қорабай,  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет 
және  өнер  институты  Тәуелсіздік  дәуірдегі  әдебиет  және 
көркем  публицистика  бөлімінің  бас  ғылыми  қызметкері, 
филология  ғылымының  докторы  Г.Орда,  М.О.Әуезов 
атындағы  Әдебиет  және  өнер  институты  Театртану  және 
кино  бөлімінің  меңгерушісі,  өнертану  кандидаты,  доцент 
А.Мұқан,  тағы  басқа  отандық  танымал  ғалымдар,  қоғам 
және  өнер  қайраткерлері,  майдан  және  тыл  ардагерлері, 
жоғарғы  мектеп  профессорлары  мен  оқытушылары 
қатысып, әдебиет пен өнер саласында көрініс тапқан соғыс 
тақырыбына қатысты өз ойларын ортаға салды.
Сол күні түстен кейін жалғасын тапқан конференцияның 
секциялық  мәжілісінде  институттың  жас  ғалымдары  мен 
магистрант,  докторанттары  тақырыпқа  қатысты  баяндама-
ларын оқыды. 
М.О.Әуезов атындағы  Әдебиет және өнер институты 2015 
жылдың 22 мамыры күні Қазақстанның еңбек сіңірген өнер 

153
қайраткері,  халық  ақыны  Нұрпейіс  Байғаниннің  туғанына 
155 жыл толуына арналған «Нұрпейіс Байғанин және халық 
поэзиясы» атты республикалық ғылыми-теориялық конфе-
ренция өткізді. 
Республикалық  көлемде  өткен  бұл  конференция-
да  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер  институты 
Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі 
С.Қорабай,  әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ  профессоры 
Ж.Тілепов,  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер  ин-
ституты  фольклортану  бөлімінің  меңгерушісі  Б.Әзібаева, 
әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ  профессоры  А.Бұлдыбай 
сынды  ғалымдардың  баяндамалары  оқылды.  Сонымен 
бірге,  жоғарғы  мектеп  профессорлары  мен  оқытушылары, 
әдебиеттанушы-ғалымдар,  докторанттар  мен  магистрлер, 
студенттер  қатысты.  Конференцияда  жыраулардың  соңғы 
түлегі саналған халық ақыны Н.Байғаниннің әдеби мұрасы 
жан-жақты талқыланды.
Жуырда  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер  ин-
ституты ғалымдарының қатысуымен Елбасы Н.Ә.Назарбаев 
ұсынған  бес  институционалдық  реформаны  жүзеге 
асырудың «100 нақты қадам» жобасын талқылауға арналған 
жиын  өтті.  Институт  ғалымдары  «Ұлт  жоспарының» 
маңызы мен мәніне жете үңіліп, бес институционалдық ре-
форманы  жүзеге  асыру  мәселесі  бойынша  түрлі  пікірлері 
мен ұсыныстарын білдірді.  
Жиынға  Институт  директоры,  ҰҒА-ның  мүше-
корреспонденті,  филол.ғ.д.,  профессор  У.Қалижанов, 
филол.ғ.к.  С.Қорабай,  филол.ғ.д.  Г.Орда,  филол.ғ.д.  жазу-
шы  Н.Ақыш,  филол.ғ.к.  С.Ананьева,  филол.ғ.к.  Д.Қонаев, 
гуманит.ғ.магистрі  Н.Құдайбергенов  сынды  ғалымдар 
қатысып, ой-тұжырымдарын ортаға салды. 

154
С.Құдайбергенов 
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНАН «МӘҢГІЛІК ЕЛГЕ»
Қазақ  хандығының  550  жыл  толуына  орай  Астана 
қаласында  9-маусымда  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия 
Ұлттық Университетінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің 
қолдауымен  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  Ұлттық 
университеті  мен  М.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер 
институтының бірлесіп ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 
550  жылдығына  арналған  конференция  өтті.  Басқосуға  ұлт 
зиялылары,  тарихшылар,  ғалымдар  қатысты.  Конференци-
яда  университет  ректоры  Ерлан  Сыдықовтың  бастамасы-
мен  жарық  көрген  «Қазақ  хандығынан  Мәңгілік  елге»  атты 
кітаптың тұсауы кесілді. 
Кітапта  қазақ  хандығының  тарихынан  сыр  шертетін  де-
ректер қамтылған. Конференцияда сөз алған Р.Б. Сүлейменов 
атындағы Шығыстану институтының директоры, ф.ғ.д., про-
фессор  Әбсаттар  Дербісәлінің  «М.Х.  Дулати  тұңғыш  қазақ 
хандығы жайлы» атты баяндамасында Керей мен Жәнібектің 
ортағасырда  Қазақ  хандығын  құру  тарихы  сипатталады. 
Ғалым өз баяндамасында Керей мен Жәнібек хандарға «Қазақ 
хандығы»  атты  жаңа  бірлестікке  негіздеген  мемлекетті  құру 
және  оны  басқарудың  тарихи  міндеді  жүктелгенін  және 
олардың  ол  міндетті  атқаруға  толық  негіз  бар  екенін  атап 
көрсетеді.
  Ал  аталған  институттың  жетекші  ғылыми  қызметкері, 
ҚР  ҰҒА  корреспондент-мүшесі,  т.ғ.д.,  профессор  Меруерт 
Әбусейітованың  «Қазақ  хандарының  дипломатиясы»  атты 
баяндамасында  автор  Қазақстан  мен  Орталық  Азиядағы 
дипломатиялық  қарым-қатынастардың  тарихынан  біршама 
деректер келтіре отырып, олардың арасында шығыс жазбаша 
дереккөздері: елшілік кітаптары, сыртқы саясат мұрағаттары, 
тарихы актілер, ресми хат алмасулар жататындығын айтады.  
Қазақ хандығының өзінің тарихында ханша Сұлтан-Нигар ха-
ным елдің ішкі және сыртқы саясатына да белсене қатысқан 

155
айғақтаған  айтарлықтай  факт  айғақтайтындығын  көрсеткен. 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дүние жүзі тарихы, тарихна-
ма және деректану кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профес-
сор Қалқаман Жұмағұловтың «Түркілер мен қазақтар тарихы-
на қатысты жаңа батыс деректері» атты баяндамасында автор 
Рим  папаларының  хаттары,  хроникалар,  саяхатшылардың, 
миссионерлердің  жазбалары  және  миссионерлердің  жаз-
балары  және  өзге  де  нарративті  сипаттағы  мәліметтер  ғұн, 
түркі  қағанаттары,  Дешті  қыпшақ,  Алтын  Орда  Шығыс 
пен  Батыстың  Ұлы  Жібек  жолындағы  ықпалдасу  тарихы-
на  қатысты  құнды  мәліметтері  бар  сирек  кездесетін  дерек-
тер  қатарын  Ватикан  мемлекетінің  Vaticani  Latini  залының 
қолжазба  манускриптерінен  тапқандығын  айтты.    Ш. 
Уәлиханов  атындағы  Тарих  және  этнология  институтының 
директоры,  ҚР  ҰҒА  корреспондент-мүшесі,  т.ғ.д.,  про-
фессор  Ханкелді  Әбжановтың  «Қазақ  хандығының  құрылу 
алғышарттары» атты баяндамасында Қазақ мемлекетінің пай-
да  болу  тарихындағы  қашан,  қай  кеңістікте,  қалай  дүниеге 
келгенін  анықтауға  байланысты  дереккөздерге  сүйене  оты-
рып  жауап  берді.  Қазақ  хандығының  шаңырақ  көтеруі 
халқымыздың  бәсекеге  қабілеттілігін  куәлендірген  ұлы 
бетбұрыс, «Мәңгілік ел» идеясының өміршеңдігіне бұл да бір 
айғақ-дәлел екенін тілге тиек етеді. «Қазақ хандығының 550 
жылдығын тойлау және қазіргі Қазақстан: дәстүр, сабақтастық 
және жаңа сұраныстарға жауап» атты Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі, 
т.ғ.д.  Е.Сыдықовтың  баяндамасында  автор  тарихтың  қоғам 
өмірі мен ұлттың дамуындағы орны мен маңызын бүгінгі күн 
биігінен сараптады.   
Қазақ  елінің  тарих  тамырынан  сусындатып,  бүгінгі 
жайқалған  мәңгілік  бәйтерек  қалпына  дейінгі  кезеңі  жан-
жақты  сөз  болатын  М.О.  Әуезов  атындағы  Әдебиет  және 
өнер  институтының  директоры,  ҚР  ҰҒА  корреспондент-
мүшесі, ф.ғ.д. У. Қалижановтың «Қазақ хандығынан тәуелсіз 
Қазақстанға дейін» атты баяндамасы да тың деректерге толы 

156
болды.  Баяндамада  автор  бүгінгі  қазақ  елінің  сонау  түркі 
дәуірінен,  Еділ  патшадан  (Атилла)  басталған  ұлан-ғайыр 
мәдениеттің заңды мұрагері екендігін айта ете келе, танымал 
орыс ғалымы А.И. Левшин және швед саяхатшысы, географ, 
жазушы Свен Андерс сынды ғалымдардың еңбектері негізінде 
«қазақ» сөзінің шығу тарихына үңіліп көрді. Одан әрі Қазақ 
хандығы  тұсындағы  мемлекеттік  басқару  формасының  өзегі 
болған  Тәуке  ханның  «Жеті  жарғысы»  негізінде  хандық 
құрылымға талдау жасады. Сөз соңында Тәуелсіз Қазақстанның 
елбасымыз Н.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылған 
Еуразиялық экономикалық одақ шындыққа айналғанын тілге 
тиек  етіп,  бұл  одақ  бейбіт  елді  біріктіріп,  олардың  игілігіне 
қызмет етеді деп қорытындылады.
Сондай-ақ, конференция барысында қазақстандық ұлт иде-
ясы  талқыға  алынып,  бірқатар  ғалымдар  өз  ойларын  ортаға 
салды. 
Конференция  барысында  айтылған  құнды  деректер  мен 
мәліметтер  қазіргі  Қазақстанның  имиждін  қалыптастыруда 
үлкен маңызы бар екенін айта кетуіміз керек. 

157

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал