Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.83 Kb.

бет1/11
Дата12.01.2017
өлшемі2.83 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 №3 (42) 2015. Ғылыми және әдеби-көркем журнал
МЕНШІК ИЕСІ:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 
Ғылым комитеті М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер 
институты 
РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС:
Қалижанов  У. 
–  төраға,  бас  редактор,  филол.ғ.д.,  ҰҒА 
корреспондент мүшесі
Ақыш Н. – бас редактордың бірінші орынбасары, филол.ғ.д.
Ананьева С. – бас редактордың орынбасары, филол.ғ.к., доцент
Ахетов  А.  –  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет    және  өнер  
институтының  аға сарапшысы
Әбдезұлы Қ. – филол.ғ.д., профессор
Әбдіғазиев Б. – филол.ғ.д., профессор
Әзібаева Б. – филол.ғ.д., профессор
Әлібекұлы А. төрағаның орынбасары, филол. ғ.к., доцент
Елеукенов Ш. – филол.ғ.д., профессор
Ерғалиева Р. – өнертану ғ.д., профессор
Жұмасейітова Г. – өнертану ғ.к., доцент
Күзембай  С.  –  өнертану  ғ.д.,  профессор,  ҰҒА  корреспондент 
мүшесі
Қасқабасов С. – ҚР ҰҒА академигі
Қирабаев С. – ҚР ҰҒА академигі
Мамыраев Б. – филол.ғ.д., профессор
Мұқан А. – өнертану ғ.к., доцент
Мұсағұлова Г. – өнертану ғ.к., доцент
Нұрғали Қ. – филол.ғ.д., профессор
Ісімақова А. – филол.ғ.д., профессор
Сұлтан    Е.  –  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет    және  өнер  
институтының  баспасөз  хатшысы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!
Қолдарыңызға  ұстап  отырған  –  ғылыми-көпшілік  және 
әдеби-көркем «Керуен» журналының кезекті саны:
– егер де Сіз тәуелсіз еліміздің әдебиеті мен өнері, фоль-
клоры  мен  рухани  өмірі  жайында  жан-жақты  хабардар 
болғыңыз келсе;
– егер де Сіз ұлтымыздың жан дүниесінің айнасы болып 
табылатын көркем әдебиетіміз жайындағы терең де білікті 
зерттеулерді оқығыңыз келсе;
–  егер  де  сіз  төл  өнеріміздің  әр  саласынан  жазылған 
мазмұнды    мағлұматтарға,  байсалды  талдауларға 
қаныққыңыз келсе;
– егер де Сіз Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрлігіне қарасты М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және 
өнер институтының тыныс-тіршілігінен үнемі құлағдар бо-
лып отырғыңыз келсе;
– егер де Сіз өзіңізді төл әдебиетіміз бен өнеріміздің шы-
найы жанашыры деп санасаңыз;
–  бір  ауыз  сөзбен  айтқанда,  бүгінгі  рухани  өміріміздің 
тыныс-тіршілігінен  жан-жақты  хабардар  болғыңыз  келсе, 
онда Сіз...
«Керуен» журналының тұрақты оқырманына айналасыз.
 
Жазылу индексі: 75278
Жазылу бағасы:
2 айға 4 айға 6 айға 8 айға 10 айға  12 айға
Қала үшін
350 
700 
1050  1400 
1750 
2100 
Ауыл 
үшін
300 
600 
900 
1200 
1500 
1800 
«Керуен» журналына жазылу жыл бойы жүргізіледі. 
Журнал 
«Қазпошта» 
АҚ-ның 
жергілікті 
бөлімшелерінде  жазылуға  болады.  Оған  ешқандай  шек 
қойылмайды.

3
Әдебиеттану                        
Ақыш Н.
ҚАЗАҚ КӨСЕМСӨЗІНІҢ ТАНЫМДЫҚ БАҒЫТЫ
Тәуелсіздік жылдарындағы көсемсөзшілеріміздің бір па-
расы бүкіл әлемде, айналамызда  болып жатқан түрлі тос-
ын  құбылыстар  мен  ғаламның  қызықты  көріністері  жай-
лы  қалам  тартуға  бейімделіп,  ақыры  сол  бағытты  індете 
зерттеуге,  құйқылжытып,  қызықтыра  жазуға  маманданып 
алды.  Олардың  бел  ортасында  С.Парманқұлов,  Қ.Олжай, 
Ә.Әуелбекұлы, Т.Тәшенов және т.б. талантты журналистер 
бар.  Олардың    шығармашылығының,  әсіресе,  айқынырақ 
ашылатын  тұстары  –  осындай  өздері  шығармашылықпен 
таңдап алған тартымды тақырыптарды меңгеру барысында. 
С.Парманқұлов публицистикасының иедялық кредосы – 
өзінің туған жеріне, халқының жайлаған көне қоныстарына, 
мекен еткен табиғи ортасына деген сүйіспеншілік. Кезінде 
«Жас алаш» газетінің бірнеше санына жарияланған «Қаратау 
мен  қара  шал»  деген  эссесі  қаламы  жүйрік  журналисті 
оқырмандарына  шығармашылық  тағы  бір  қырынан 
танытқан туынды болды. Қасына бас  кейіпкері Қара шалды 
ертіп алған журналист қазақ тарихының көне әңгімелері мен 
аңыздарын,  ел  аузындағы  елеулі  шежірелерін  сыр  қылып 
бүгіп  жатқан  Қаратау  өлкесін  емін-еркін  аралайды.  Қазақ 
жерінің  осынау  қасиетті  пұшпағы  Қара  шалдың  айтатын 
әңгімелері  арқылы журналистің көз алдында тіпті биіктей 
түсіп, оқырман алдында тылсым қырлары арқылы танылып 
отырады.  Көнекөз  қарттың  айтқан  аңыздары,  қайталана 
бермейтін  Қаратау  табиғаты  кейіпкердің  жан  дүниесіне 
әсер етіп, оның көңілін бір сезімге толы лирикалық әуенге 
бөлейді. 
Осының  бәрі  айналып  келгенде,  қандай  екендігіне 
қарамастан, қазақ жерінің қастерлі де аяулы өлке екендігін 
әйгілеп жеткізетін тарихи факторлар.
Осы  идеяның  одан  әрман  тереңдей  түсуіне  ықпал 

4
Әдебиеттану                        
жасайтын 
көркем 
публицистикалық 
шығармалар 
С.Парманқұловтың  «Жұмбақ  сарқырама»  жинағына 
қисынды  түрде  топтастырылған.  Мұндағы  дүниелердің 
барлығы  дерлік    автордың  әу  бастағы  иедялық  бағытын 
одан ары жалғастырып, осы арнада айтылар ойлар желісін, 
шежіре  болып  шертілер  әңгімелердің  тұжырымдары  мен 
түйіндерін кеңейте түседі. 
Оқырман  осынау  көлемді  жинақта  да  автордың  өзінің 
сүйікті кейіпкері, баяғы Қара шалмен қайтадан қауышады. 
Тек  қана  қауышып    қоймай,  оның  аузынан  шыққан  көне 
заманның  шежірелерімен  сусындап,  өткен  мен  бүгінді 
жалғастырып тұрған өзегі берік арқаудың бойымен рухани 
саяхат жасайды. Бұндай шығармашылық пайымдаулар, ай-
налып келгенде, ұлттық парадигманың авторлық екшеуден 
туындаған көріністері.
«Қаратауға қара шалды ертіп, өзім-ақ кетіп қалғым келді.
Қара шалдың әңгімесі толқытты ма, әйтеуір Қаратауды, 
сырттан  қарасаң,  құжыр-құжыр  тастан  басқа  ештеңесі 
жоқтай  Қаратауды  сағынатын  болдым»  (С.П.  9-б.)  деген 
авторлық  ремаркадан  автордың  жүрегін  сартап  қылған 
сағынышты, туған жер тылсымын білуге деген қаншалықты 
ынтызарлық  жатқанын сезінуге болатындай.
Эсселері мен очерктерінде үнемі автордың қасынан та-
былатын Қара шал қай жағынан болсын жинақталған типтік 
бейне. Ол деректі ғана емес, көркемге шығармаға лайықты 
образ. Табиғат тылсымдарының сырын ашып көрсету бары-
сында оның бойынан тіпті символдық сипаттар да табыла-
тынын да  ескерген орынды.
Былай  қарағанда  жадағайлау  болып  көрінетін,  оңтүстік 
шығыстан  солтүстік  батысқа  қарай  созылып  жатқан  көне 
Қаратаудың әрбір бір сайы, әрбір шоқысы ғана емес, тіпті 
жеке  жатқан  тасының  өзі  автордың  пайымдауы  бойынша 
белгілі бір мағынаға, тылсым сырларға ие екен. Оның  сыр-
лары тек жұмбақ сарқырама мен Үкаша атаның құдығынан 

5
Әдебиеттану                        
ғана байқалмайды. Оған дәлел – қойнау-қойнауын асықпай 
аралай  берсең,  көңілің  қанбайтын,  ықыласың  таусылмай-
тын алуан түрлі қызықты жағдаяттар.
Автор бұл мәселелерді тек өзі естіген көлденең әңгімелер 
арқылы  ғана  емес,  өзінің  көзі  көрген  оқиғалармен,  куә 
болған  эпизодтармен  екшеп,  жетілдіре  түседі.  Туған 
жер  қойнауының  тарихтан  келе  жатқан  тылсым  сырла-
рын  оқырман  алдында  жайып  салу  үшін  автордың  нық 
табан  тірейтіні,  негізінен,  үш  түрлі  фактор.  Олар  –  ел  ау-
зынан  естіген  түрлі  аңыздар,  жекелеген  саяхатшылар 
мен  ғалымдардың  хатқа  түсіріп  кеткен  жазбалары  және 
автордың өзінің көзімен көріп, қолымен ұстаған нақты жай-
лары. Оқырман көзін шындыққа жеткізу жолындағы бұл үш 
тағанның атқаратын көркемдік қызметі осындай деректі ту-
ындылар үшін аса маңызды.
Белгілі  бір  тақырыпты  алып,  оның  тылсым  сырына 
індете кіру үшін С.Парманқұловтың ғылыми салыстыруға 
көбірек  жүгінуі  шығармашылық  идеясын,  айтқысы  кел-
ген ілкі ойларын одан арман тиянақтай түседі. Тіпті кейде 
ғалымдардың  зерттеулерінен  үзінді  келтіріп  қана  қоймай, 
көркем  шығармалардың  компоненттерімен  салыстыра 
қарау да оның шығармашылық кредосының бірі екендігін 
білдіреді.  
Ұрлықтарына куә болып қойғаны үшін ағалары айдалаға 
тастап  кеткен  Құрбан  атаның  тағдырын  автор  Даниэль 
Дефоның  атақты  «Робинзон  Крузо»  романының  кейіпкері 
бастан  өткізген  оқиғалармен  салыстырады.  Және  онысы 
орынсыз  емес,  табиғат  ортасындағы  ұқсас  экстрамальды 
жағдайдағы адамдар тіршілігін салыстыра әңгімелеу айтар 
ойын  салмақты  ете  түседі.  «Робинзон  Крузо  да  бейтаныс 
аралда өзімен өзі  тіршілік кешіп жатты. Баспана әзірледі, 
аң аулады. Айналаны кезіп жүріп, азық жинады» (65-б). 
Немесе  Шарын  каньоны  жайлы  жазылған  танымдық 
эссені  алайық.  Жетісу  өлкесіндегі  Іле  өзеніне  таяу 

6
Әдебиеттану                        
орналасқан  табиғаттың  бұл  ерекше  құбылысының  қандай 
екендігін  оқырман  санасына  сыздықтатып  жеткізу  үшін 
автор  алдымен  дүниежүзіндегі  атақты  каньондар  туралы 
түрлі  мәліметтерді  көлденең  тартады.  Салыстыру  әдісінің 
қашанда жемісті болып табылатынына әбден көз жеткізген 
журналист басқа ғалымдардың, мысал үшін алғанда,  про-
фессор  П.Мариковскийдің  осы  Шарын  жайында  айтқан 
деректерін  келтіруі  де  орынды.  Осы  айтылғандарға  өзі 
естіген халық аузындағы аңызды да жарыстыра беріп, салы-
стыра талдап шыққан соң, ақыр соңында келтіретіні – өзінің 
автор ретіндегі түйінді пікірі. 
Жазу  нысанын  мейлінше  айқын  ашып,  талдап  көрсету 
жолындағы  бұл  тәсілдің  ұтымды  екендігі  көсемсөз  тари-
хынан  жақсы  мәлім.  Сонымен  бірге,  жекелеген  көркем 
шығармаларда  келтіретін  дәйектерге  арқа  сүйеу  де  – 
С.Парманқұлов  қаламына  тән  ұтымды  тәсілдердің  бірі. 
Мысал үшн алғанда «Беймәлім сызықтар әлемі» деп атала-
тын эссесінің мақсаты – Арал теңізінің жағалауы мен оның 
айналасындағы  беймәлім  сызықтардың  жұмбағын  ашып 
көрсету. Бұл турасындағы бұрынғы айтылған ой-пікірлерді 
сабақтастырып,  талдап  келеді  де,  жазушы  Зейнолла 
Шүкіровтің «Сыр бойы» тарихи романынан үзінді келтіреді. 
Онда бір аңшылардың таудың ық жақ бетіне құрған аран-
дары туралы айтылған екен. Жаңағы беймәлім сызықтарды 
автор осы арандар тарихымен де жанастыра сөйлеп, көркем 
туындыдағы деректердің өзін жандандырып, ғалымдар на-
зарын  аударатын  деңгейде  қызықтыра  әңгімелеп  кетеді 
(231-б).
Кітапқа  енген  танымдық-көркем  эсселер  тақырыптық 
жағынан  екі  жүйеге  бөлініп  тұр.  Олардың  біріншісі  туған 
еліміз  Қазақстан  табиғатында  кездесіп  қалатын  ерекше 
құбылыстар жайында болса, екіншісі жалпы Жер шарындағы 
немесе  оның  айналасындағы  ғажайыптар  жөніндегі  тал-
даулар.  Ғылымда  бұрыннан  айтылып  жүргендіктен,  он-

7
Әдебиеттану
дай мазмұндағы мақалаларға арнайы тоқталуды қажет деп 
таппадық. 
Осылардың  шығармашылықтарына  ортақ  типтік  ны-
шандар,  әсіресе,  Қайнар  Олжайдың  көсемсөз  жанрын-
да  жазылған  журналистік  дүниелерінен  айқын  көрініс 
тапқан.  Автор  еңбектерінің  бұл  бағыттағы  үлгісі  «Қанат 
байлаған  қазақ»  деп  аталатын  көркем  очерктерінің  топта-
масы. Кітап «Бір сезгенім бар еді», «Бір көргенім бар еді», 
«Бір сауалым бар еді», «Бір сәлемім бар еді»  деп аталатын 
төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде танымдық мәні ба-
сым  болып  келетін  ерекше  оқиғалар  жайындағы  туынды-
лар  топтастырылған.  Екінші  бөлімнің  мағынасы  да  осы 
алдыңғы бөлімдегі көркемдік ұстаныммен сабақтас болып 
келеді.  Айырмашылығы  онда  нақты  құжаттардың  да  қоса 
келтіріліп  отыруы.  Үшінші  бөлімді автордың  әр  жылдары 
белгілі  бір  тұлғалармен  әңгімелесу  барысында  туындаған 
сұқбаттары  құрайды.  Қазақтан  өзге  ұлттардың  жекелеген 
тағдырлары немесе белгілі бір мәселелері туралы жазылған 
мақалалар  мен очерктер төртінші бөлімнің еншісінде. 
Соңғы  жылдары  оқырмандардың  белгілі  бір  катего-
риялары  қызықты  жағдаяттардан  тұратын  танымдық 
материалдарға  басымдық  бере  бастады.  Бөлім  мазмұны 
оқырмандардың  эстетикалық  талғамын,  танымдық 
мұқтаждықтарын  нақ  осындай    тұрғыдан  қамтамасыз  ете 
алатыны сөзсіз. «Күннің күрең  дақтары», «Берия атылған 
бункер», «Қанат байлаған қазақ» және басқа тақырыптар ана-
дайдан ақ айқайлап, оқырманды өзіне тартып тұр. Басқасын 
былай  қойғанда,  бертінге  дейін,  еліміз  тәуелсіздікке  қол 
жеткізгенге шейін есімі белгісіз болып келген қазақтың ба-
тыр ұшқышы Бақтыораз Бесікбаев туралы материалдың өзі 
неге тұрады. 
Бұл  арада  авторлық  ізденістер  сипатының  бірнеше 
тұрғыдан  байқалатынын  ескерген  жөн.  Біріншіден,  плю-
рализм  нышаны,  шығармашылық  еркіндік  автор  өзі  тілге 

8
 Әдебиеттану
тиек етіп отырған мәселені жалаң әңгімелеп қана қоймай, 
сол  әңгімелерден  келіп  туындайтын  жанама  ойлардың  да 
жеткізуіне ықпал жасаған. Атап айтқанда, бас кейіпкердің 
тағдырына  қатысты  көлденең  эпизодтар,  жанама  деталь-
дар  немесе  өзінің  негізгі  әңгімеге  қатысты  көзқарастары. 
Одан  басқа  осы  тақырыпты  бұрын  қозғаған  авторлардың 
келтірілген дәйектері мен тұжырымдрына арқа сүйеп оты-
руы да тән болып келеді. Үшіншіден, осы арадан біз Қайнар 
Олжай  публицистикасына  тән  формалық  ізденістеріне  де 
куә болып отырамыз. 
Осы  айтылғандардың  бәрі  жинала  келіп,  Қайнар 
Олжайдың  қазақ  көсемсөзін  дамытып,  байытуға  қосқан 
елеулі үлесін айқындап бере  алады деп байлам жасауға негіз 
береді.  Әсіресе,  көсемсөзге  ғылыми  сипат  беру  жағынан 
келгенде  ол  бүгінгі  таңдағы  санаулы  көсемсөзшілердің 
қатарында  дей аламыз.
Ә.Әуелбектің 2012 жылы жарық көрген «Солай болған» 
атты публицистикалық мақалалары мен очерктер жинағына 
енген  шығармаларының  мазмұны,  кітаптың  аты  айтып 
тұрғандай, белгілі бір болған нақты оқиғалардың төңірегінде 
құрылады.  Автордың  жазу  нысаны  етіп  алатындары  –  бір 
кездерде болып кеткен ерекше оқиғалар мен есімі жалпақ 
жұртшылыққа  жақсы  мәлім  тұлғалардың    бастан  кешкен 
кейбір қызғылықты ситуациялары.
Әдетте 
мұндай 
жинақтарға 
автордың 
бұрын 
мерзімді  баспасөз  беттерінде  әр  жылдары  жарияланған 
материалдарының  кіруі  –  әбден  қалыптасқан    шығарма-
шылық тәжірибе.
Оның  қалам  ұшына  іліккендердің  басым  бөлігі  –  өзі 
көрген  немесе  куә  болған  жағдаяттар  емес,  бұрынғы  өтіп 
кеткен жылдардағы оқиғалар.  Тақырыпқа қатысты қажетті 
деректерді  автордың  негізінен  архивтік  құжаттар  мен  же-
келеген  куәгерлердің  айтқандарынан  алып  отырғандығы 
байқалады.  Белгілі  бір  оқиғаны  таратып  айту  барысында 

9
Әдебиеттану 
ішіне ене тәптіштеп кетпей, сақтықпен қысқа қайыратыны 
да  сондықтан  болар.  Өйткені    белгілі  бір  сюжетті  көзге 
елестете,  дамыта  әңгімелеп  жазу  үшін  болған  оқиғаның 
бәрі  алақандағыдай  айқын  елестеуі,  детальдардың  нақты 
болуы  шарт.  Жазғысы  келетін  адамға  ондай  мүмкіндіктің 
үнемі туа бермейтіні де рас. Жаңсақтыққа ұрынып, жалған 
сүрлеумен  кетіп  қалмау  үшін  немесе  бұрмаланып  кетпеуі 
үшін  автордың  мұндайда  өзі  білетінмен  ғана  шектеліп, 
қысқа  қайырғаны  сенімді,  ол  әдістің  абзалырақ  болатыны 
да сондықтан.
Үнемі  жаңалық  ашып,  бұрын  ешкім  жазбаған  дүниеге 
алғаш  рет  қалам  тарту  журналист  шығармашылығынң 
негізгі шарты болып табыла қоймайтыны мәлім. Оқырманға 
бұрыннан  таныс  белгілі  бір  жазу  нысанын  өз  түсінуінше,  
жеке авторлық пайымдауларымен жазып шығу да журнали-
стикада бола беретін шығармашылық құбылыс. Ә.Әуелбек 
публицистикаларының  арасынан  бұрын  басқа  авторлар 
жазып  қойған  оқиғалар  да  кездесіп  жататындығына  осы 
тұрғыдан қарауымыз керек. Атап айтқанда, «Сталинградқа 
барған сексен сегіз қыз», «Қазақтың қырғыз қызы» сияқты 
очерктерінде  айтылатын  оқиғаларды  бұрындары  Қанапия 
Бекетаев пен Ұлықбек Есдәулетов жазып қойған болатын. 
Бұл  авторлар  алған  тақырыптарын  нақтылап,  талдай  оты-
рып,  кеңітіп  жазса,  Әнуарбектің  жазуы  ықшамдау.  Оның 
мақсаты  –  болған  оқиғаның  жай-жапсарын  оқырманға 
толық  жеткізу  емес,  оқырман  қауымының  кейінгі  буынын  
сол  бір  қызықты  жағдаяттардан  хабардар  ету  ғана.  Бірақ 
соның өзінде құрғақ деректерді тізбелей бермей, алдыңғы 
планға  адам  тағдырын  шығара  отырып,  өзінше  суретте-
уге,  ой  түйіндеуге  ұмтылыс  жасағаны  айқын  көрінеді. 
Журналистикалық  ізденіс  дегеніміздің  өзі  бұрын  түрен 
түскен  тақырыпқа  жаңа  тұрғыдан  қарау  болып  табыла-
тынын  ескерсек,  басқа  бір  автордың  жазғанына  қайталай 
қалам тартудың өзіндік себептері болуы тиіс. 

10
Әдебиеттану
Ә.Әуелбек  публицистикасы  астарға,  ишараға  да  бейім. 
Оның  «Көш  қуанышы»  очеркінде  әскерде  жүріп  таяқ 
жегендіктен,  тілі  байланып  қалған  Ұзақбай  деген  жігіттің  
он бес жылдан кейін қалай сөйлеп кеткені баяндалады. Ол 
қуанышты  оқиға  Қазақстанның  тәуелсіздік  алып,  шеттегі 
қазақтардың тарихи  отанына орала бастаған кезіне сәйкес 
келіпті.  Алматы  маңайындағы  әсем  жерді  көріп,  қатты 
толқыған  Ұзақбайдың  аузынан  «Көшіп  келем»  деген  сөз 
шығып  кетеді.    Оның    тілін  қайтадан  шығарған  да  –  сол 
қуаныш, қазақтың тарихи атамекеніне деген сүйсініс.
Аффект жағдайында сөзден қалғандардың сөйлеп кеткені 
немесе  жүре  алмай,  сал  болып  жатқандардың  аяқтарынан 
тұрып кетулері сырқаттар тарихында сирек те болса кездесіп 
қалып  жататын  құбылыс.  Автор  ойының    философиялық 
түйіні  –  қазақ  перзенттерінің  туған  жерге,  Отанға  деген 
махаббаттарының күштілігі.
Сонымен бірге қазақтың басынан өткен ауыр нәубеттерді 
беретін штрихтары қысқа ғана. «Бұл 1986 жылдың мамыр 
айы  болатын.  Кеңес  Одағының  ұйытқысы  болған  Ресей 
жеріндегі Ульяновск қаласында Отан алдындағы борышын 
өтеп  жүрді.  Әскер  қатарында  жүргеніне  алты  ай  өткенде 
Қазақстанда  демократияның  қарлығашындай  болып 
Желтоқсан  көтерілісі  бұрқ  ете  қалған.  Оның  қара  күшпен 
басылғаны белгілі. Алматыда көтерілген дауыл жер-жердің 
бәрін шарпыды. Әскерде жүрген Ұзақбай да қазақ болғаны 
үшін  таяқтан  көз  ашпады.  Өзі  Өзбекстаннан  барса  да, 
атамекеніндегі  арпалыстың  ащы  дәмін  татқан».  Очерктің 
негізгі айтары – тілден айырылған Ұзақбайдың аяқастынан 
сөйлеп  кетуі  болғанымен,  1986  жылғы  оқиғаның  негізгі 
себебі  болып талатын отаршылдық зардабын көрсету. Тари-
хи маңызы зор, дүниежүзілік масштабтағы айтулы ірі оқиға 
Желтоқсан көтерілісіне қарағанда тілден қалған жігіттің аяқ 
астынан сөйлеп кетуі  ұсақ штрих сияқты.

11
Әдебиеттану
Тәуелсіздік 
жылдарында 
танымдық 
бағыттағы 
публицистиканың  дағдарып,  тоқырап  қалмастан,  жаңаша 
тыныспен  қайтадан  жаңғырғаны  аңғарылады.  Бұл 
тақырыптағы  ойды  жеткізу  машығының  да  қазақи  ойлау 
жүйесіне бейімделіп,  ыңғайлана түскен сәттері бар.
Төреғали Тәшеновтің «Сана мен саясат» деп аталатын топ-
тамасы бірыңғай осындай танымдық бағыттағы мақалалар 
мен очерктерден тұрады. Бұлардың басым бөлігі «Әлемде 
талай  қызық  бар»  немесе  «Ғалам  ғажаптары»  сипатында 
жазылған  таза  танымдық-ағартушылық  бағыттағы  туын-
дылар.  Ондай  тақырыптағы  дүниелердің  танымдық  жағы 
болмаса, көркемдік мәні төл журналистикамыздың сапалық 
ұстанымына  әсер  етпейтіндіктен,  арнайы  тоқтала  кетудің 
қажеті  шамалы  болар.  Бірақ  ерекше  тосын  оқиғаларды 
көркем  очерк  немесе  эссе  формасында  тілге  тиек  еткен 
дүниелерін  аттап  өтсек,  көзжұмбайлық  жасағандай  болар 
едік. 
Атап айтқанда, «Шымкентті шулатқан «соғыс», «Теміртау 
трагедиясы», «Жалаңашкөлдің жаралы шежіресі», «Мұхтар 
Әуезовтың соңғы махаббаты», «Ақмоладағы «аттан», «Хо-
локост  шындығы»,  «Пайымы  бөлек  пандар  елі»  және  т.б. 
очерктері  де  –  оқырман  қауым  қызыға  оқитын  дүниелер 
қатарында.  Бұлардың  біразында  өмірде  орын  алған 
ауқымды дәрежедегі тосын оқиғалардың қалтарыста қалған 
құпиялары жайлы әңгімеленсе, енді бір бөлігі жеке атақты 
адамдардың  бастарындағы  пендешілік  сырларын  ашуға 
бағытталған. Керекті детальды немесе қажетті деген штрих-
ты ұстап көрсету арқылы автор жазылу нысанының қажетті 
кілтін  тауып,  көсемсөздің  тиісті  көркемдік  қырларына 
қол  жеткізе  білген.  Олардың  басым  бөлігінде  көркем 
публицистиканың шарттары сақатал жазылғанын да ескер-
меуге болмайды.
Т.Тәшеновтің  мұндай  бағыттағы  шығармаларының 
өзіндік ерекшеліктері неде десек, оған берілетін жауаптар 

12
Әдебиеттану  
сипаты да белгілі.
Біріншіден,  автор  шығармаларының  сюжеттік  желісіне 
өмірде  болған  қызықты  оқиғаларды  негіз  етіп  алып  оты-
рады  және  оларды  кейбір  эсселік  сарындағы  туындылар-
да ұшырасатын әсірелеулерге барып, қаламгерлік қиялына 
жүгіне бермейді.
Екіншіден, оның эссе, очерктерінің кейіпкері  автордың 
өзі болып келеді немесе оқиға  мазмұнын белгілі бір адамның 
маңайына  топтастырып,  айтар  ойын  сол  арқылы  таратып 
әкетуді  мақсат  етпейді.  Жалпы  алғанда  мұндай  бағыттағы 
публицистикада  нақты  адамның  бейнесін  жан-жақты  сом-
дап жеткізу де шарт емес. 
Аталған  авторлар  үшін  керегі  –  шым-шытырық 
оқиғалардың  әлеуметтік  қана  емес,  тарихи  мәнінің  де 
ерекше  болып  келетіндігіне  оқырман  назарын  аударту. 
Жалпы  алғанда,  танымдық  бағыттағы  дүниелерді  көркем 
көсемсөздің мәнерімен оқиғалы етіп жеткізудің өзі қабілет 
қарымын  қажетсінетінін  ұмыт  қалдыруға  болмас.  Бүгінгі 
таңда осы бағытта талмай еңбек етіп жүрген С.Парманқұлов, 
Ә.Әуелбек,  Т.Тәшенов  публицистикасының  бір  ерекшелігі 
де осы тәсілді тиісінше меңгеріп алуында деп білген жөн. 
Бұл жылдардағы көсемсөзші авторлардың тақырып атау-
лыны ойнатып, түрлендіріп, тартымды етіп қоюға деген еркін 
ұмтылысы да назар аударалық. Енді бүгінгі көсемсөзшілердің 
жекелеген  мақалаларының  тақырыптарына  көңіл  бөліп 
көрейік.  Мысалы,  Қайнар  Олжайдың  «Қанат    байлаған 
қазақ»  жинағына  енген  мақалаларының  аттары  «Күннің 
күрең  дақтары»,  «Берия  атылған  бункер»,  «Аяқталмаған 
ай  сапары»,  «Ашқұрсақ  арулар»,  «Өнер  тақтасындағы  ко-
роль»  деп  келетін  тартымдылығымен  назар  аударады.    
Ә.Әуелбекұлының  туындыларының  осындай  қызықты  да 
тосын  жағдаяттарға  құрылғанын  тақырыптарына  қарап-
ақ  аңғару  қиын  емес.  Атап  айтқанда,  «Адам  тағдырын 
алға  қойған  Жұмағұлов»,  «Генералдың  ақырғы  аманаты», 

13
Әдебиеттану
«Алғашқы  басқосу  –  ақырғы  айқас»,  «Қазақтың  қырғыз 
қызы»,  «Екі  рет  жерленген  жауынгер»,  «Жантүршіктірген 
жанайқай»,    «Қазақ  альпинисінің  қазасы»,  «Сталиннің 
сұсынан  сескенбеген»    және  т.б.  тақырыптар  анадайдан 
менмұндалап,  оқуға  асықтырып,  оқырманды  өзіне  тартып 
тұратыны сөзсіз.
Танымдық дүниелерді тек қара мақала күйінде жадағай 
қалпында  емес,  өрнектеп,  нақыштап,  бояуын  келістіріп 
жазған  кезде,  туындының  жанрлық  сипаты  да  өзгеріп 
кететінін байқау қиын емес. Журналистік ізденістердің бір 
парасы осындай көркемдік үрдістерді меңгеру бағытындағы 
бұрылысты  қадамдардан  көрінеді.  Мысалы,  мәтіннің 
кірпіші болып табылатын көркем тілдің құнарына жекеле-
ген  авторлардың  басымырақ  көңіл  бөлуі  де  назардан  тыс 
қалмауы  тиіс  екендігі.  Ойды  көркемдеп  жеткізудегі  түрлі 
иірімдер,  қисынымен  ұйыса  кететін  соны  тіркестер  кез-
келген публицистиканың мазмұнын тереңдете түсері анық.
Өкінішке  орай,  нақ  осы  авторларда  кездесетін  лигнви-
стика талаптарын орындаудан туындайтын осындай үрдісті 
жас публицистерден байқай алмай жатамыз.
Егер тәуелсіздік кезінде ағартушылық-танымдық бағытта 
жазылғандарды  көркемдік  тұрғыдан  жүйелеп,  сарап-
тап  келетін  болсақ,  оқырманның  олжасы  болуға  лайықты 
бірсыпыра тәуір дүниелердің үстінен шыға алатынымызға 
жоғарыдағы шағын мысалдар дәлел. 

14
Әдебиеттану 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал