Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.83 Kb.

бет9/11
Дата09.01.2017
өлшемі2.83 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

                     Библиографический  список:
1. Джанибеков А.  Исторический очерк  ногайской литера-
туры:  Рукопись. 50 л. [Текст]. Из семейного архива С.А. Кал-
мыковой (Джанибековой).  
2. Институт языка, литературы и искусства им. Гамзата Ца-
дасы Дагестанского Научного Центра РАН (ИЯЛИ ДНЦ РАН).   
Научный архив и рукописный фонд. Ф. 9, оп. 1,  д. 217. 41 л. 
[Текст].
3. Ислам: Энциклопедический словарь [Текст]. – М.: Наука, 
1991. – 315 с. 
4. Курмансеитова А.Х. У истоков ногайской книги [Текст] 
/А.Х. Курмансеитова; Карачаево-Черкесский  ин-т гуманитар-
ных исследований. – Черкесск: КЧИГИ, 2009. – 215 с.
5. Сикалиев А. Оьмирлердинъ давысы. Революциядан ал-
дынгы  ногай  литературасы    [Текст]  //Труды.  Вып.  VI.  Сер. 
Филологическая  /А. Сикалиев;   Карачаево-Черкесский  НИИ 
экономики, истории, языка и лит. – Черкесск, 1970. – С. 105-
125. Ногайский яз.
6. Суюнова Н.Х.  Ногайская поэзия XX века в националь-
ном и общетюркском  историко-культурном контексте [Текст] 
/Н.Х. Суюнова; Карачаево-Черкесский  ин-т гуманитарных ис-
следований. – М.: ИМЛИ РАН, 2006. – 253 с.
7. Ярлыкапов А.А.  Ислам у степных ногайцев [Текст] /А.А.  
Ярлыкапов; Ин-т этнологии и антропологии им. Н.Н. Миклу-
хо-Маклая. – М., 2008. – 265 с. 

137
Халықаралық  байланыстар
А.Қалиасқарова
АБАЙ ЖАЛПАҚ ӘЛЕМДЕ САЛТАНАТ ҚҰРУДА
Еуразиялық экономикалық одақ құрамына енетін Бело-
русь  елінде  Абай  Құнанбаевтың  170  жылдық  мерейтой-
ына  байланысты  «Абай  жалпақ  әлемде  салтанат  құруда» 
(«Абай  шествует  по  планете»:    http://sozvuchie.zviazda.by/
abaj)  деп  аталатын  сайт  ашылды.  Абайға  арналған  сайт 
Достастық  елдерінің  әдебиеті  мен  көсемсөзі  «Үндестік» 
/  «Созвучие»  (www.sozvuchie.zviazda.by)  деп  аталатын 
порталдың бастапқы бетінде орын алған. «Үндестік» пор-
талында  Достастық  елдердің  Әзірбайжан,  Армения,  Бела-
русь,  Қазақстан,  Қырғызстан,  Молдава,  Ресей,  Тәжікстан, 
Түркіменстан, Өзбекстан, Украина әдебиеті мен көсемсөзі 
туралы зерттеулер мен мақалалар жинақталған. 
«Үндестік» порталындағы  Абай  сайтында Л.Н.Гумилев 
атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті  қазақ  әдебиеті 
кафедрасының  меңгерушісі,  ҚР  ҰҒА  академигі  Сейіт 
Қасқабасовтың  «Пушкин  және  Абай  –  ренессанстық 
типтегі  ақындар»,  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және 
өнер  институтының  бас  ғылыми  қызметкері,  ф.ғ.д.,  про-
фессор  Шериаздан  Елеукеновтің  «Пушкин  және  Абайдың 
эпистолярлық  романы»,  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет 
және  өнер  институты  Сыртқы  әдеби  байланыстар  және 
аналитика  бөлімінің  меңгерушісі,  ф.ғ.к.,  доцент  Светлана 
Ананьеваның «Ұлы Абай», М.О.Әуезов атындағы Әдебиет 
және  өнер  институтының  бас  ғылыми  қызметкері,  про-
фессор  Серікққазы  Қорабайдың  «Абайдың  жолын  қуған 
ұрпақтары»,  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер 
институты  Бейнелеу  өнері  бөлімінің  меңгерушісі,  ө.ғ.д., 
профессор  Райхан  Ерғалиеваның  «Қазақстандағы  бейне-
леу өнеріндегі Абай және оның кейіпкерлері», М.О.Әуезов 
атындағы  Әдебиет  және  өнер  институтының  бас  ғылыми 
қызметкері, ө.ғ.к. Диляра Шәріпованың «Ташкенттегі Абай 

138
Халықаралық  байланыстар
ескерткіші»,  әдебиет  зерттеушісі  Любовь  Шашкованың 
«Жазушылардың Беларусь жеріндегі кездесуі», М.О.Әуезов 
атындағы  Әдебиет  және  өнер  институтының  бас  ғылыми 
қызметкері,  ф.ғ.к.  Айнұр  Машақованың  «Абай  Құнанбаев 
шығармашылығының алыс шетелдегі рецепциясы», ф.ғ.к., 
доцент Алма Түсіпованың «Абай мен А.Фет поэзиясындағы 
уақыттың  айналымы»  атты  мақалалары  берілген.  Бұған 
дейін Абай мұрасы шет елдерде аударылып, насихатталып, 
танылып келгенімен, шет елдік порталда, атап айтқанда, Бе-
ларусь Республикасында жеке сайт ашылып жалпақ әлемде 
салтанат құруы алғаш рет.     
Абай сайтында тек қазақстандық ғалымдардың көлемді 
мақалалары ғана емес, сонымен қатар беларусьтық ғалымдар 
Алесь  Карлюкевич  пен  Микола  Метлицкийдің  «Ақынды 
ұнату  арқылы  оның  халқын  да  ұнатасың»  деп  аталатын 
мақалалары қазақ ақынының өлеңдерін жоғары бағалап Бе-
ларусь еліне паш етеді.
2008-2012  жылдары  Қазақстан  Республикасының  Бела-
русь  Республикасындағы  Төтенше  және  Өкілетті  Елшісі 
болған  Анатолий  Владимирович  Смирновтың  беларусь 
тілінде «Ойшыл, ағартушы, гуманист» атты мақаласы мен 
Регнада Малаховскаяның беларусь тіліне аударған Абайдың 
өлеңі берілген. 
Беларусь  еліндегі  портал  арқылы  Достастық  елдерінің 
бауырластығы  мен  ынтымақтастығын  көре  аламыз. 
«Үндестік»  порталы  халықтардың  достығы  мен  олардың 
мәдениетін  жақындастырып  отырған  алтын  көпір  іспетті. 
Мұнда  қазақстандық  әдебиеттанушылардың  мақалалары 
беларусь тіліне аударылып келеді. Атап айтқанда, ҚР БҒМ 
ҒК М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының 
директоры,  ҚР  ҰҒА  корреспондент-мүшесі  Уәлихан 
Қалижановтың «Қазақстан халқының мәдени коды», ф.ғ.д., 
профессор Шериаздан Елеу¬кеновтің «Жаңа Қазақстанның 
жаңа  әдебиеті»,  Х.Досмұхамедов  атындағы  Атырау 

139
Халықаралық  байланыстар
мемлекеттік  университетінің  ректоры,  ф.ғ.д.,  профессор 
Бейбіт  Мамраев  пен  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және 
өнер институтының бөлім меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Свет-
лана Ананьеваның «Кітап – рухани мәдениеттің іргетасы», 
«Казахстанская правда» газетінің тілшісі Анна Негинаның 
«Әлемдік әдеби үдерістегі қазақстандық құрамдас бөлігі», 
М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер  институтының 
бас ғылыми қызметкері Диляра Шәріпованың «Ташкенттегі 
Абай  ескерткіші»,  «Простор»  журналы  Мәдениет 
бөлімінің  меңгерушісі,  ақын  Любовь  Шашкованың  «Бе-
ларусь  жеріндегі  жазушылар  кездесуі»  мен  поэтикалық 
шығармалары,    «Простор»  журналының  бас  редакторы, 
ақын  Валерий  Михайловтың  сұхбаттары,  ф.ғ.д.,  профес-
сор Немат Келімбетовтің «Үмітімді үзгім келмейді», ақын 
Нұрлан Оразалиннің беларусь тіліне аударылған өлеңдері, 
ҚазҰПУ-нің профессоры, ф.ғ.д. Вера Савельеваның «Біздің 
қазіргі романымыз жанрлық микс және коммерциялық емес 
жоба»  сияқты  қомақты  мақалалары  қазақстандық  ғылым 
мен мәдениеттен мол мағлұмат береді.  
Сонымен  қатар,  Беларусь  еліндегі  ТМД  елдерінің 
әдебиетін  таныстыруға  арналған  «Жүректердің  үндесуі» 
(«Созвучие  сердец»)  деп  аталатын  кітап  жобасы  қалың 
оқырмандарды  Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достығы  елдерінің 
көрнекті ақын-жазушыларының ең үздік шығармаларымен 
таныстыруды  көздейді.  Бұл  жоба  Беларусь  Республика-
сы  Ақпарат  министрлігінің  бастамасымен  «Звязда»  Баспа 
үйінің директоры Алесь Карлюкевич пен  беларусь ақыны 
Алесь  Бадактың  орасан  зор  еңбегінің  арқасында  жүзеге 
асып  келеді.    Алесь  Бадактың  құрастыруымен  шыққан  
«Жүректер  үндесуі»  сериясының  4-ші  кітабына  «Шекара-
сыз  достық»  («Не  ведая  границ»)  деп  аталатын  жинаққа 
Беларусь  пен  Қазақстан  ақын-жазушыларының  өлеңдері 
мен әңгімелері енді. Бұл жинақта М.Әуезов, О.Сүлейменов, 
Фариза Оңғарсынова, Әбіш Кекілбаев, Мұқағали Мақатаев, 

140
Халықаралық  байланыстар
Қадыр Мырзалиев, Қалихан Ысқақов, Валерий Михайлов, 
Любовь Шашкова, Оралхан Бөқеев, Нәзікен Алпамысқызы, 
Нұрлан Оразалиннің шығармалары жарияланған.
Резюме
В  статье  Калиаскаровой  А.  дана  информация  о  новом 
сайте  в  Беларуси  который  называется  «Абай  шествует  по 
планете». На сайте публикуются  не только казахстанские 
авторы, ученые и исследователи творчества великого казах-
ского поэта Абая Кунанбаева, но и белорусские издатели и 
переводчики Алесь Карлюкевич и Микола Метлицкий.  
Abstract
The article by Kaliaskarova A. includes information about the 
new site in Belarus called "Abai marches across the planet". The 
site includes publications of not only Kazakh writers, scientists 
and researchers of the creative writings of  great Kazakh poet 
Abay,  but  also  Belarusian  publishers  and  translators  Ales 
Karlyukevich and Mikola Metlitski.

141
Халықаралық  байланыстар
А.Ақыш
«АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫНЫҢ 
ОРЫСША АУДАРМАЛАРЫНДАҒЫ СТИЛЬДІК 
АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР
«Абай  жолы»  романының  алғашқы  екі  кітабы  жазыла  са-
лысымен орысшаға аударыла бастаған. Одан кейін төрт кітап 
толығымен 1957 жылы орысшаға аударылып біткен екен. Оны 
аударуға қатысқандар - А.Никольская, Т.Нұртазин, Л.Соболев, 
З.Кедрина, Н.Анов, З.Шашкин. Бұлардың әрқайсысы әртүрлі 
деңгейде қатысқан. Эпопеяның бірінші кітабының орысшасы 
1957 жылы Алмаыдағы Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет 
баспасынан жарық көрген.
Кейін, 2000 жылдардың ішінен бастап «Абай жолын» Ана-
толий Ким қайтадан тәржімалауға кірісті. Аудармасы кезінде 
жақсы бағаланып, мүмкіндігінше жақсы аударылып қойылған 
туындыны  қайтадан  аудару  қандай  мұқтаждықтан  туындауы 
мүмкін? Ондай жаңаша шығармашылық қадамға себеп бола-
тын қандай лингвистикалық немесе мәтіндік зәрулік деген ой 
келеді. 
Ал А.Кимнің қазақ руханиятының атақты туындысын орыс 
тілінде жаңаша  сөйлетуге деген құлшынысының себептерін 
тек жоғарыда айтылып қалғандармен шектеліп қалмай, кеңірек 
тұрғыдан қамтып, іздестірген абзал. 
Сөйтіп  ол  кісі  бас-аяғын  жинап,  өңдеп,  осы  эпопеяның 
бірінші кітабын 2012 жылы «Жібек жолы» баспасынан жеке 
кітап етіп шығарды. Ең алдымен көзге түсетіні – аударманың 
мүлде жаңа болып шыққандығы.
Енді осы екі аударманың кей жерлерін салыстырып көрейік.
Роман-эпопеяның алғашқы кітабының басында медреседен 
оқудан  қайтқан  шәкірт  Абайдың  қасындағы  ересек  кісілерді 
қорқытатын тұсы бар ғой. Сол ара түпнұсқада былай берілген:
«Жол  ұзақ.  Ұйқы  ашар  болсын  деп  ойнап  ем,  ғайыпқа 
бұйырмаңыз, Жұмеке! деді. Енді тіпті сыпайы. Сызылып тұр.

142
Халықаралық  байланыстар
Жұмабай  жас  баланың  пішініне  ырза  болып  қарады  да, 
үндемеді» (1, 5). 
Енді осы жауаптасу 1957 жылы жасалған аудармада былай-
ша орысшаланған екен:
«- Нам еще долго ехать,– я пошутил, чтобы разо¬гнать ску-
ку. Простите меня, Жумаке!
Слова  его  прозвучали  ласково,  и  Жумабай,  доволь¬ный 
этим, только молча посмотрел на Абая» (2,19). 
Аударма 
түнпұсқадағы 
мағынаны 
дәл 
берген. 
Аудармашының  бастапқы  көркемдік  ұстанымнан  онша 
ауытқымағаны  байқалады.  Тек  «...жас  баланың  пішініне...» 
дегенді  «...на  Абая»  деп  кейіпкердің  атын  нақты  келтірген. 
Бұлайша өзгеріс жасау өзін өзі мағыналық тұрғыдан ақтап тұр 
деп айтуға әбден болады.
 Енді осы жерді А.Ким былайша тәржімалаған екен:

«Жумеке! Дорога длинная, ехать скучно. Не сердитесь, 
Жумеке,  за  мою  шутку.  Я  хотел  немножечко  потешить  вас... 
Извините меня.
Сказано было вежливо, скромно, со смиренным поклоном 
в седле.
Жумабай сразу размяк от слов мальчика. С довольным ви-
дом  покосившись  на  него,  ничего  не  ответил  и  ехал  дальше 
молча» (3,8) .
  Байқап  қараған  жағдайда  А.Кимнің  аудармасында 
образдылық,  өрнектілік  басымдау  көрінеді.  Онда  көркем 
ойдың кестелі қалпын сақтауға ұмтылыс бар.
Келесі назар аударатын жағдай мына бір диалог:
«Байтас Абайды құрбысындай қағытып:
–  Жарайсың,  «ғайыпқа  бұйырмаңыз».  Сенің  мынауың, 
менің:  «Көшкенде  жүк  артамын  сары  атанға,  айтамын  не 
бетімді Ойке апама?!» деген өлеңім сияқты болды-ау!–деді.
Абай жете түсіне алмады.
Қалай дейсің, Байтас аға? Ойке апа деп кімді айтасың?
– Е, Ойке апаны білмеуші ме ең? О несі екен?!

143
Халықаралық  байланыстар
– Бәсе... 
– Ойке апа деген біздің қатын» (1,5).
Енді  осының  орысшасы  1957жылғы  аудармада  былайша 
шыққан:
«А Байтас стал шутить с подростком, как со взрослым:
—  Натворил дел, а потом «простите меня!» Совсем как в 
моей песне:
Нагрузи верблюда в поход –Терпеливо он все снесет. Но бо-
юсь и подумать я: Ойкапа как стерпит моя?
Абай не понял.
—  Как вы сказали, Байтас-ага? Кто это – Ойкапа?
—  А ты разве не помнишь Ойке, мою жену?
—  Конечно, помню. Ну и что же?» (2,19)
Байқап  қарап  отырған  адамға  бұл  аударма  да  түпнұсқаға 
жақындатылып  алынған  екен.  Дегенімен  ішінара  мағыналық 
өзгерістердің де орын алғанын жоққа шығаруға болмайды. Мы-
салы, «Абай жете түсіне алмады» деген сөйлем «Абай не по-
нял» деп тәржімаланған. Түпнұсқаның мағынасына қарағанда, 
алдыңғы айтылған жауапты Абай ептеп түсіне алмай қалған, 
ал орысшасында ол мүлде түсінбеген. Өйткені бұл сөйлемде 
«жете» сөзі орысшаланбай қалғандықтан, осындай мағыналық 
ауытқушылық орын алған деуге болады.
Ал енді А.Ким не дейді екен, соған назар салайық:
«Байтас же, развеселившись, начал поддевать школяра, шу-
тить с ним, словно со сверстником.

Ну и хорош! Вот ты ловкач какой! «Извините...» Твои 
извинения,  знаешь,  на  что  смахивают,  мальчик?  Да  на  одну 
мою песенку.
Абай не все понял.

О чем это вы, Байтас-ага? Кто такая Ойке-апа?

Э!  Разве  не  знаешь  Ойке-апа?  На  самом  деле  не 
зна¬ешь?

На самом деле...
А на самом деле это моя жена» (2,8).  

144
Халықаралық  байланыстар
Екі  аудармадағы  айырмашылықтардың  қандай  екендігі 
көрініп  тұр.  А.Ким  өзінің  алғашқы  әріптестеріндей  емес, 
еркінірек сілтепті. 
Бұдан  кейін  Байтас  өзінің  шетпұшпақтап  шығарған 
әңгімесін одан ары тарата келіп, мынандай түсінік береді:
«Былтыр  ала  жаздай  серілік  құрып,  ел  қыдырып,  қыз-
келіншекпен сауық-сайран салмадым ба? Содан, аяғы қызық 
бітіп,  үйге  қайтатын  да  мезгіл  жетті.  Енді  қатынға  қалай 
қарарға да, не деп барарға да бет жоқ. Сонда әдейі бетінің зәрі 
қайта  берсін  деп,  «Не  бетімді  айтамын  Ойке  апама...»  деген 
өлеңімді өзім ауылға бармастан бір-екі күн бұрын айтқызып, 
жолдастарымды  жіберіп  жатып  ем.  Сол  осы  күні  мәтел  боп 
кетіпті,–деді.
Абай  да,  Жұмабай  да  қызығып  тыңдасты.  Өзі  сері,  әнші, 
сұлу Байтасқа екеуі де –бірі кәрі, бірі жас бала –қызғана да, 
тамашалай да қараған еді».  (1, 6).
Бұл арада Байтастың өзі Ойке апа атаған әйелінен қалайша 
және не себепті қысылып қалғаны баяндалған. Бұл мәтіннің 
орысшасына  көз  жүгіртіп  көрсек,  ол  былайша  орындалған 
екен:
«В прошлом году я прогулял все лето, гостил по всем аулам, 
веселился  с  девушками  и  молодыми  жен¬щинами.  А  когда 
пришел конец беспечному житью, у меня не хватало духу во-
йти в свой дом и взглянуть в лицо жене. Ну, я и решил заранее 
смягчить ее сердце: сложил эту песню, чтобы жена через моих 
друзей пев¬цов еще за месяц до моего возвращения услышала 
мое покаяние...
Байтас был признанным певцом и красавцем. Абай посмо-
трел на него с нескрываемым восхищением» (2,19). 
«Содан, аяғы қызық бітіп, үйге қайтатын да мезгіл жетті. 
Енді қатынға қалай қарарға да, не деп барарға да бет жоқ» де-
ген сөйлемдердің орыс тіліндегі нұсқасы былай шыққан екен: 
«А когда пришел конец беспечному житью, у меня не хвата-
ло духу войти в свой дом и взглянуть в лицо жене» (2,6). 

145
Халықаралық  байланыстар
1957 жылғы осы жолдар енді А.Кимнің 2012 жылғы аудар-
масында былай шыққан екен:
«Я все прошлое лето гулял да разъезжал по аулам, пел, ве-
селился, развлекал молодух и юных красоток. Но, в конце кон-
цов, веселье закончилось, настало время возвращаться домой. 
А как возвращаться? Ведь стыдно перед бабой своей, ну что я 
мог сказать ей в свое оправдание? Ничего. И вот что я приду-
мал. Решил остудить ее гнев заранее, еще издали - сочинил для 
нее песенку, напел ее кое-кому из своих друзей и отправил их 
домой к жене, за день за два до моего возвращения, чтобы они 
успели ее спеть Ойке-апа...» (3, 8) .
Сөйтіп  екі  аударманың  айырмашылығын  қолма  қол  са-
лыстыра  отырып,  қандай  дәрежедегі  айырмашылықтар  бар 
екендігін байқадық әрі А.Кимнің кезінде жақсы қабылданған 
ескі  аудармаға  қанағаттанбай,  неге  қайтадан  аударуға 
құлшыныстық  танытқанын  аңғардық.  Бір  сөзбен  айтқанда, 
бұрынғысына  қарағанда,  соңғы  тәржіма  одан  арман  жетіле 
түскен деп қорытынды жасаймыз.
 
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Әуезов М. Абай жолы. 1-кітап. - Алматы: Жазушы, 1996. 
- 250 б.
2. Ауэзов М. Абай. Книга первая. (Перевод А.Никольской, 
Т.Нуртазина  и  Л.Соболева).    -Алма-Ата:  Казахское  государ-
ственное  издательство  художественной  литературы,  1957.  - 
412 с.
3. Ауэзов М. Путь Абая. Кн. 1. (Пер. А.Кима). – Алматы:  
Жибек жолы, 2012. - 568 с.

146
Халықаралық  байланыстар
                                                                  
 Қ.Н.Жаппарқұлова                                                                                    
А.С. ПУШКИН  ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ  
КОНТЕКСІНДЕ
Пушкин мұрасы қазақ халқының да рухани қазынасының 
төрінен  орын  алуда.  Біз,  қазақ      халқы,    Пушкин  де-
сек  Абай  дейміз.  Әр  дәуірде  өмір  сүрген,  көрші  екі  елдің 
маңдайына  біткен  қос  алыптың  өзара  рухани  туыстығы 
мен  шығармашылық  рухының  біте  қайнасқан  сәттері  де 
ұрпақтарының  жадынан  өшпейтіні  ақиқат.  Осыдан  бір 
ғасырдан аса уақыт бұрын ұлы Абай негізін салған Пушкин 
мұрасымен танысу өз жалғасын тауып келеді және таба да 
бермек.  Қазақ  халқының  Пушкин  есімімен  танысуы  тура-
лы алғашқы дерек «Туркестанские ведомости» газеті 1899 
жылы май айындағы санында жарық көрді. Міне, содан бері 
ғасырдан аса уақыт өтті. Прогресс биігінде тұрған әрбір қазақ  
Пушкиннің  есімімен  ғана  емес,  оның  шығармаларымен 
де  таныс.    Ақынның  поэмалары  мен  өлеңдері,  ертегілері, 
оның  сюжеттеріне  жазылған  опералар  мен  балеттердің 
үзінділері,  өлеңдеріне  жазылған  романстар,  ертегілері 
бойынша түсірілген мультфильмдер, шығармашылығы ту-
ралы  әдебиеттер  Пушкин  шығармашылығына  арналған 
шаралардың алтын қазығына айналмақ.  Пушкин өзін «бала-
лар жазушысы» деп есептемегенімен, оның ертегілері тіпті 
де  кішкентайларға  арналып  жазылмағанымен  тағдырдың 
жазуымен бұл шығармалар Ресейдің ұлы кемеңгері мен ба-
лалар арасын жалғайтын көпірге айналды.  Қазақ жерінде 
ақын есімін алғаш рет қашан естігенін, оның суретін алғаш 
рет қашан көргенін есіне түсіре алатын бір қазақ баласы та-
была қоймас, сірә.
А.С.  Пушкиннің      өмірінің    әрбір    күні    минутына  
дейін  зерттелген. Пушкинтану – аса  ауқымды, салиқалы  
ғылым,  бірақ  оның  өзі  кемеңгер ақын  Пушкиннің   да-

147
Халықаралық  байланыстар
рыны   мен   даналығын  толық  ашып  көрсете алмайды. 
Сондықтан   орыс  әдебиетіндегі  ең  көп зерттелген  ақын  
әлі күнге дейін  ең  жұмбақ   жан  болып  қала  беруде.  Ба-
тыс  оқырмандары   оны  Еуропа   мәдениетінің өкілі деп 
санаса,  славяндар  –  «орыс    рухын»  сақтаушы  деп  санай-
ды,    дәстүрді    қолдаушылар  –  дәстүрдің  негізін  қалаушы 
десе, жаңашылдар – сол  дәстүрді  бұзушы ретінде көріп, 
әрқайсысына ұлы ақынды өзіне ұстаз санайды. Ал ақынның 
арғы  атасының  отаны  Эфиопия  тұрғындары    Пушкинге  
ескерткіш  орнатып  оған «Біздің ақынымыз» деп жазыпты. 
Тағдыры  таң қаларлық, орыс  ақсүйегі  мен африка тума-
сы отбасында дүниеге келген Пушкин орыс халқының  ұлы 
ақыны атанды. Пушкин әдебиеті – оның адами жан-дүниесі 
мен ақындық дарынына негізделген  ар-ұят әдебиеті. Арада 
тағы да жүздеген жылдар өтсе де Пушкин оқырмандарымен 
бірге қала бермек. Тек  оның кез-келген шығармасын қолыңа 
алсаң, әрбір өлең жолынан заңғар ақынның баршаға таныс 
бейнесін көргендей боласың.
А.С.  Пушкиннің  есімі  қазақ  жеріне  бұдан  жүз  жыл 
бұрын  дәлірек  айтқанда,  1887  жылы  Абай  ақынның  
«Онегиннің сипаты», «Татьянаның Онегинге жазған хаты», 
«Онегиннің  Татьянаға  жауабы»,  «Онегин  сөзі»  атты  және 
тағы басқа аудармалары арқылы аян болды. Бұл кезде Пуш-
кин  шығармалары  қазақтан  өзге  түркі  тілдеріне  аударыла 
қоймаған  болатын.  «...Абайдың  арқасында  XIX  ғасырдың 
соңғы  ширегінде  қазақ  ауылындағы  қыз-ойнаққа  Онегин 
мен Татьяна «қатысады». Абайдың арқасында XIX ғасырда 
қазақ әдебиеті өзінің атамзаманғы «азалы ақ көрпесін сілке 
тастап»,  Европаның  классикалық  әдебиетінің  қалыбына 
түседі,  сөйте  тұра  қазақ  әдебиеті  болушылығын  да 
бұзбайды», - деп жазады Қ. Жұбанов қазақтың шалқар поэ-
зиясына қосылған бұлақ – пушкиндік әсердің ішкі мәні мен 
сырт пішімі туралы [1,40-41] .

148
Халықаралық  байланыстар
Абай  шумақтары  –  еркін  аударма.  Балғын  жас  орыс  
қызының  пәк жүрегінен жарып шыққан риясыз  сезімнің 
ыстық лебін жеткізгенде, Абай қазақ қызының аузына дәл 
сондай  әсерлі  сөздердің  ұлттық    ұғым-түсінікті    елегінен 
өткізіп,  соншалықты  табиғи  тән,  жатық  етіп  жеткізеді. 
Мұнда  өлеңнің  әрбір  жолын,  әрбір  шумағын  жолма-жол, 
сөзбе-сөз    аудару  жоқ.  Бірақ  дегенмен  де,  өлеңдегі  әрбір  
айтылған ой түпнұсқадағы ойларға дәлме-дәл келеді.
Пушкин:
Я к вам пишу - чего же боле?
Что я могу еще сказать?
Теперь, я знаю, в вашем воле
Меня презреньем наказать.
Но вы к моей несчастной доле
Хоть каплю жалости храня,
Вы не оставите меня...
Абай:
Амал жоқ – қайттім білдірмей,
Япырмау, қайтіп айтамын.
Қоймады дертің күйдірмей,
Не салсаң да тартамын,
Талайсыз бақсыз мен сорлы
Еріксіз аттап ұяттан,
Қорлыққа көндім бұл ғұрлы,
Байқалар халім бұл хаттан [2, 61-68].
Абайдың  Пушкиннен  аударған  үзінділері  жастарды 
қалыңмал құрсауынан босанып шығып, таза сезімнің роман-
тикасына шақырар шығармашылық шабыттың  дайындығы 
секілді. Ұлы Абайдан кейінгі кезеңдерде де қазақ ақындары 
Пушкин поэзиясының қадір-қасиетін айқын ұғынып, оның 
барлық өлең-поэмаларын өз шамаларынша аударды, аудара 
жүріп, жыр-алыптың шеберлік сырын аңдады. Сөйтіп,  қазақ  
ақындарының  арасынан  Пушкинше  жазуға   алғашқы   тал-

149
Халықаралық  байланыстар
пыныс пайда бола бастады.                                                                                 
Ұлы  Октябрь  революциясынан  кейін  А.С.  Пушкин 
шығармалары толықтай аударылып, үш том болып шықты. 
Бұған ақынның барлық поэмалары енді. «Евгений Онегин» 
романын  тұтастай  аударған  ірі  ақынымыз  –  I.  Жансүгіров 
шығарманың  стилін,  өлең  түрін  айнытпай,  өзгертпей 
жеткізуді  мақсат  қылғаны  мәлім.    Академик  Қ.  Жұмалиев 
бұл хақында: «Евгений Онегин» өзінің оригиналына жақын, 
мүмкіндігі болғанынша ырғақ, ұйқас, шумақтарын дәл етіп, 
тоникалық  өлең  құрылысына  жақын  буын,  бунақтарды 
әдейі ізденіп, көп еңбек сіңіріп, дәл аударманың тәжірибесі 
ретінде  ұсынылған,  аударманың  жаңа  түрі»  деп  пікір  ай-
тып, байыпты баға берген болатын.    Ілиястың орыс поэзи-
ясына иек артуы оның ішкі әлемін сәулелендіріп, ақындық 
алтын  сарайын  кеңейте  түскені  анық.  Оның  кейінгі  өлең-
поэмаларында  психологиялық  талғам,  философиялық 
терең ой, табиғаттың ғаламат суреттері бел алып, шеберлігі 
шыңдала   түскендігі   байқалады.   Біз ақынның:
Сен жіберіп бір жуып,
Жел жіберіп бір желпіп, -
деген өлең жолдарынан табиғаттың ғажап қозғалысымен 
бірге келісті суретін көреміз[3,32-34]. Әрине, I. Жансүгіровтің 
сөздерді  өзара  үйлесімді,  әуезді  етіп  қолдануда  ауыз 
әдебиетінен,  әсіресе,  эпосымыздан  үйренгені  көп.  Де-
генмен  де  табиғат  жөнінде  жазған  «картинасында»  орыс 
поэзиясының, оның ішінде А.С. Пушкин әсерінің молдығы 
шүбәсіз.  Ол  «Евгений  Онегин»  сияқты  теңдесі  жоқ  туын-
дыны тәржімалай жүріп, қазақ поэзиясындағы ірі құбылыс 
болып  танылатын  «Күйші»,  «Құлагер»  атты  поэмаларын 
жазды. Бұл дастандардың қай-қайсысы да кейіпкерлерінің 
даралануымен,  табиғат  пен  адам  арасындағы  бірліктің 
ұсынықты суреттелуімен ерекше... 
Абай  Құнанбаев  пен  I.  Жансүгіровтен  кейін  қазақ  по-

150
Халықаралық  байланыстар
эзиясында  пушкиндік  дәстүрді  одан  әрі  қалыптастырған 
ақындар Ә. Тәжібаев, Қ. Аманжолов, С. Мәуленов болды. 
Олардың тәржімалаған өлең-поэмаларында адамның жаны, 
психологиялық иірімдері, сан алуан характерлер қақтығысы 
мол. Әр ақынның өзіндік сөз қолданысы, суреттеу шеберлігі 
әр түрлі болғанымен, мақсат біреу, ол - Пушкиннің ойын, 
идеясын, өмірге көзқарасын терең сезіне жырлау.
Аса ірі таланттың мұхит тереңінен терген жауһарлардай 
мөлдір  жырларын  айнытпай,  нілі  қанық,  тұмса  қалпында 
жеткізу  әсте  қиын.  Біз  сөз  етіп  отырған  үш  ақын 
аудармасының сапалық деңгейіне зер салар болсаң, алдымен 
Ә. Тәжібаев А.С. Пушкиннің негізгі айтар ойына, идеялық 
ишарасына жіті көңіл бөліп, оның сезім мен сурет астасқан, 
көп характерлі туындысының дәнін, мәйегін аршып алып, 
нұсқалық  сыпатымен  жеткізуге  тырысқанын  байқаймыз. 
Ал, Қ. Аманжолов А.С. Пушкин лирикасындағы буырқанған 
сыршыл  сезімді,  психологиялық  нәзік  иірімдерді  бойлай 
барлап, қаймағын бұзбаған қалпында жеткізуге ұмтылыпты. 
Мәселен, ол тәржімалаған «Чадаевқа» атты  өлең өзіндік үн, 
өзіндік теңеу қосуымен соны:
Махаббат, үміт, арзан мансап,
Бізді біраз алдап бақты
Балалық желік кетті тарқап,
Таңғы тұман түс сияқты –
деген  жолдардан  А.С.  Пушкин  сияқты  ұлы  адамның  ұлы 
арманын, ұлы өкінішін - уақыттың   өтпелілігін,   жастық 
шақтың  алдамшылығын,  көрген қызық, өткізген тамашаның 
түс сияқты  із-түзсіз   жоғаларын   жан-тәнімізбен сезініп, 
тебірене түйсінеміз [4, 22-39]. 
Енді, С. Мәуленовтің аудармаларына зер салсақ, алдыңғы 
екі  ақын  мүлде  басқа.  Ол  А.С.  Пушкин  поэзиясындағы 
табиғат  көріністеріне  терең  үңіле  біледі.  Әсіресе,  «Грузия 
қырына  түн  түнеген»  атты  өлең-аударманың  өн  бойында 

151
Халықаралық  байланыстар
табиғаттың тылсым сыры кестенің бедеріндей өрнектеліп, 
көлкіп, көз алдымызға келе қалады. Сөз құдіреті дегеніміз 
осы. 
Сөз  орайында,  Пушкин  рухымен  өмірді  беріле  сүйіп, 
әлемдік  әр  құбылысқа  ынтыға  көз  тігіп,  құштар  көңілмен 
жыр жазған қазақ ақындарының қатарында қос талант - М. 
Мақатаев  пен  Т.  Айбергеновті  атап  өтпеуге  болмайды.  М. 
Мақатаев  та  ұлы  орыс  ақынына  еліктеп  аңыз-дастандар 
жазды.  Оның  шығармаларын  оқығанда  да  А.С.  Пушкин 
поэмасындағы  қайырымды  әже,  қайратты  жігіт,  көрікті 
қыз,  ақылды  қарияны  кездестіреміз.  Т.  Айбергеновтің 
шығармашылығына   да  А.С. Пушкин поэзиясының әсері мол 
болды. Ақын өзі жырлаған объектісінің сыртын тәптіштеп 
кетпейді,  оның  астарына  үңіледі.  Толғаған  тақырыбының 
тұңғиығына ақ сәуле ойнатып, тілдік құралдардан ақ мар-
жан тізе жазады. 
А.С. Пушкин әлеміне ден қойып, оның қайталанбас ту-
ындыларын қазақша сөйлету барысында қазақ поэзиясының 
аясы кеңіп, тілі де, ділі де марқая түсті. Егер біз қазіргі қазақ 
поэзиясын  бағзы  заман,  тозбас  ғасырлар  шатқалынан  ба-
стау алар арналы өзен десек, Пушкин поэзиясының әсері, 
пушкиндік    дәстүр  -  сол  арнаға  қосылған  бастауы  тұнық 
бұлақтай дер едік. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал