Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.83 Kb.

бет5/11
Дата09.01.2017
өлшемі2.83 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Пайдаланылған әдебиет:
Ә.Шәріпов.  Екі  томдық  таңдамалы  шығармалар.  Екінші 
том. Жол хикаясы және повесть. – Алматы: Жазушы, 1971. – 
337 б.

72
Ұлы жеңіске 70 жыл
Г.Мұсағұлова  
 ҚАЗАҚ МУЗЫКАСЫНДАҒЫ ЖАУЫНГЕРЛІК ӘНДЕР
Жарты  ғасырдан  астам  көпшіліктің  жүрегінде,  наным-
сенімдерінде өшпес із қалдырған, 75 жылға жуық сақталып, 
бүгінгі күнге жеткен музыкалық мәдениетіміздің ең қайғылы 
таңбасы,  Ұлы  Отан  соғысы  кезінде  дүниеге  келген  туын-
дылар  бүгінге  дейін  сақталып,  мәңгілікке  жолдама,  келе-
шек  ұрпақтарға  аманат  ретінде  жетті.  Ұлы  Отан  соғысына 
арналған    шығармалардың  қазақ  музыкасында  биік  деңгейге 
көтеріліп, дәстүр ретінде қалыптасқаны орынды, әрі дүниеге 
көптеген дәулескер композиторлардың осы тарихи оқиғаға ар-
нап жазған әндері мен күйлері өнерімізде қомақты орынға ие. 
Фольклортанушылар, музыкатанушы-ғалымдар халқымыздың 
тарихи  және  руханияттықтың  айнасы  болған  бұл  оқиғаны 
суреттейтін  нұсқаларды  әлі  де  іздестіріп,  оларды  нотаға 
түсіріп,  баспа  жүзінде  мәдени  мұра  саласына  үлкен  үлесін 
қосуда.  Әсіресе  Тәуелсіздік  жылдарындағы  мемлекет  тара-
пынан жүзеге асырылған іс-шаралар, қомақты бағдарламалар 
бойынша жарық көрген басылымдар осыған дәлел. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан 
Назарбаевтың халыққа арнаған жолдауында аталған “Мәдени 
мұра” Мемлекеттік бағдарламасы бойынша сегізтомдық “Қазақ 
музыкасының  Антологиясы”  2004-2009  жылдар  аралығында 
жұртшылыққа ұсынылды. Бұл ірі әрі күрделі шығарылымның 
VІI-томы  көне  музыкалық  фольклордың  (I  том),  орта 
ғасырдағы дәстүрлі мәдениеттің (II том), одан кейінгі дәуірдегі 
алғашқы  авторлық  музыканың  (XVIII  ғасырдың  2-жартысы 
–  XIX  ғасырдың  1-жартысы)  (III  том),  қазақ  өнерінің  «Ал-
тын кезеңі» болып саналатын ХІХ ғасырда дамып, кемелден-
ген ауызша кәсіби халық сазгерлерінің (IV, V томдар) табиғи 
жалғастығы  болып  табылады.    Қомақты  бағдарламаның  бұл 
кітабы ұлтымыздың музыка мәдениетіндегі әйгілі авторлардың 
өлеңдері мен күйлерін қамтиды. Алдыңғы томдардың жалғасы 

73
Ұлы жеңіске 70 жыл
ретінде  бұл  басылымға  көптеген  айрықша  үлгілер  енгізілді. 
Атап айтқанда, олар - жауынгерлік әндер, хат-өлеңдер, жоқтау 
әндер, әр өңірдің күйшілік өнері, қобыз музыкасы мен шертер-
ге арналған туындылар. 
Сонымен  қатар,  әуендік,  ырғақтық  жағынан  бай,  әуезді 
музыкалық  үлгілер,  олардың  арасында,  Ахмет  Жұбанов, 
Латыф  Хамиди,  Мұқан  Төлебаев,  Қапан  Мусин,  Сыдық 
Мұхмеджанов,  Құддыс  Қожамияров,  Борис  Ерзакович,  Әли 
Базанов,  Нұрғиса  Тілендиев,  Манарбек  Ержанов,    Жаппас 
Қаламбаев,    Хабидолла    Тастанов,  Зәмзәгүл  Есжанова  т.б. 
атақты композиторлардың шығармалары топтастырылды.
Жинақтың  екінші  бөліміне  домбыра,  қобыз,  шертер 
күйлерінен  хабардар  ететін,    осы  заманға  сай,  уақытты 
белгілейтін    -  ХХ  ғасырдың  40-70  жж.  қазақ  музыкасының 
шығармалары  арасында  қобызға  арналған  В.Великанов, 
Е.Брусиловский,  Н.Мендіғалиев, Ғ.Жұбанова секілді атақты 
композиторлардың шығармалары аса көзге түседі [1]. 
Басылымның  ғылыми  жетекшісі  –  ҚР  ҰҒА-ның 
корреспондент-мүшесі,  өнертану  ғылымдарының  докторы, 
профессор С.Ә.Күзембай, кітапты баспаға дайындап ұсынған 
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының музы-
катану бөлімінің қызметкерлері. Олардың арасында өнертану 
ғылымдарының  кандидаты,  доцент  Г.Ж.Мұсағұлова  және 
өнертану ғылымдарының кандидаты Б.Ж.Тұрмағамбетова.  
Осы  томға  әртүрлі  басылымдардан  сараланып  енгізілген 
көптеген композиторлардың жауынгерлік әндері, хат-өлеңдері 
кірген.  Олардың  арасында  Мұқан  Төлебаев,  Әли  Базанов, 
Қасым Аманжолов, Дәнеш Рақышев, Рамазан Елебаев, Смағұл 
Көшекбаев, Мәлік Жаппасбаев т.б. Кітапта олар жайлы және 
туындылары туралы мәліметтер топтастырылған.
Мұқан Төлебаев (1913-1960) композитор, музыкалық қоғам 
қайраткері, ҚазКСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО 
халық артисі Мұқан Төлебаев алуан жанрда еңбек етті. Форте-
пиано мен скрипка үшін пьесалар, симфониялық оркестр мен 

74
Ұлы жеңіске 70 жыл
хорға  арнап  күрделі  шығармалар  жазды.  Өзіндік  музыкалық 
тілі  мен  романстары  қазақтың  кәсіби  музыкасында  романс 
жанрының  қалыптасуына  игі  әсерін  тигізді.  М.Төлебаевтың 
шығармашылығының шарықтау шыңы, қазақ музыкасындағы 
елеулі туындылардың бірі – «Біржан-Сара» операсы. Сондай-
ақ  драмалық  спектакльдер  мен  кинофильмдерге  де  музыка 
жазды, жеке дауыс пен фортепианоға арнап қазақтың көптеген 
халық  әндерін  өңдеді.  Ұлы  Отан  соғысы  кезеңінде  «Кестелі 
орамал»,  «Тос  мені,  тос»,  «Бақыт  вальсі»  атты  өлеңдері 
жарыққа шықты [2, 683-б.].
Бішкек  қаласында  туған  жауынгер-композитор  Әли  База-
нов (1918-1944) Ұлы Отан соғысы басталысымен өзі сұранып 
майданға  аттанды.  Ол  «Жастар»,  «Бас  батырлар  алға», 
«Ерлерім», «Ана толғауы», «Жәмила қарындас» т.б. әндердің 
авторы.  Ә.Базановтың  әндерін  Ұлы  Отан  соғысы  кезінде 
Қазақстан артистері орындап жүрді. 1942 ж. Әли қайтадан ар-
мия қатарына шақыртылып, майданға аттанды. Ол өмірден 24 
жасында кетті, дегенмен сол уақытта бірсыпыра білім алып, 
талай-талай  игі  істерді  істеді.  «Ана  толғауы»  (сөзін  жазған 
Т.Әлімқұлов)  жайлы  әнші  Т.Ибрагимова  «Жауынгер-компо-
зиторлар»  кітабында  былай  деп  әңгімелеп  берген:  «1941  ж. 
соғыс басталған күннен бастап Мәскеуде құрылған батальон-
мен Смоленский төңірегінде алты ай бойына бекіністе болады. 
1942 ж. райком комсомол Әлиді оқуын бітіруге шақыртып алып 
Алматыға  жіберді  (сол  кезде  Мәскеудегі  консерваторияның 
қазақ  бөлімі  Алматыда  болатын).  Бір  күні  қара  торы,  орта 
бойлы, домалақ бетті, әдемі жас жігіт радиокомитетте кезде-
се  кетіп,  орысшалап:  «Жолдас  Альхамова  керек  еді,  көруге 
болар  ма  екен?»  –  деді.  Ол  кезде  Рахила  Альхамова  белгілі 
әнші  болатын.  Мен  шақырып  келіп  жолықтырдым.  –  Апай, 
мен  Москваның  консерваториясының  композитор  бөлімінде 
оқитын студентпін, бірен-саран шығарған әнім бар еді, радио-
дан сіздің дауысыңызды талай есіткен болатынмын, сіздің со-
прано даусыңызға ән жазып әкелдім! – деп әлгі әкелген әнін 

75
Ұлы жеңіске 70 жыл
Р.Альхамоваға  ұсынды.  Әннің  аты  «Ана  толғауы»  екен,  оны 
өзі  пианинода  ойнап  бірнеше  рет  қосылып  айтып,  Рахилаға 
үйретті. Содан кейін бұл әнді Рахила да, мен де айтып жүрдім. 
Мен  де  сол  жерде  Әлиге:  -  Ибрагимова  дейтін  әнші  апаңыз 
болам! Жаңа әндеріңіз болса, бізге де көрсет, – дедім. Сөйтіп 
Қуан  Лекеров,  Қазы  Темірғалиевтерді  таныстырдым.  Біраз 
уақыт  өткеннен  кейін  Әли  «Жастар  маршы»,  «Комсомол 
жыры»,  «Бас,  батырлар,  алға»,  «Қарындас  Жәмилә»  тәрізді 
әндер жазып әкелді...» [2, 109-б.].
Қасым  Аманжоловтың  (1911-1955)  Ұлы  Отан  соғысы 
кезеңінде  шыққан  «Ақын  өлімі  туралы  аңыз»  поэмасын 
Ғ.Мүсірепов  қазақ  поэзиясындағы  жаңа  бетбұрыс  деп 
бағалады. Қ.Аманжолов ІІ Дүниежүзілік соғысынан халықтық 
жыр дәстүрін ілгері дамытып, батырлық, ерлік жырларының 
жаңа  үлгісін  жасаған,  қазақ  поэзиясын  жаңа  арнаға  көтеріп 
жырлаған танымал ақын болып оралды. Соғыстан кейін он жыл 
өмір сүрді. Көркемдік сапасы жоғары лирикалық өлеңдермен 
қатар,  үлкен  эпикалық  поэмалар  жазды.  Қ.Аманжолов 
ақындығымен  қатар,  үлкен  сазгер  де  болған.  Оның  өзі 
шығарған  «Дариға  сол  қыз»,  «Туған  жер»  т.б.  шығармалары 
халықтың сүйікті әндеріне айналған. Ақын қазақ әдебиетінде 
аударма жанрының дамуына да зор үлес қосты. Қазақ поэзия-
сына он буынды өлең түрін енгізіп, оны әбден тұрақтандырды. 
Толықтай өзі жазған  «Өзім туралы» әні белгілі әнші, компо-
зитор, ҚазКСР-нің халық артисі Д.Рақышевтың орындауында 
халық арасынан кеңінен тарады [3, 109-б.].
Рамазан Елебаев (1910-1943) «Қазақ» атты полкінде әскери 
қызметін атқарып жүргенде, осы полктің маршына айналған 
«Жолдастар» әнін шығарды. Кейіннен өзі нотаға түсірді. 1935 
ж. Қазақстанның 15 жылдық төл мерекесіне «Қазақстан», 1936 
ж. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне ар-
нап «Қуанышты жол-сапар» атты әндерін жазды. 1937 ж. жол-
дамамен Мәскеу Мемлекеттік консерваториясына оқуға түсті. 
1942  ж.  Рамазан  оқуын  үзіп,  майданға  аттанды.  Ол  8-гвар-

76
Ұлы жеңіске 70 жыл
дияшы  Панфилов  дивизиясының  атқыштар  полкінде  жүріп, 
әнші-өнерпаздардан  концерт  бригадасын  ұйымдастырды.  Ол 
шығарған әндер майданда солдаттарды ерлікке жігерлендіреді. 
Оның скрипка мен фортепианоға арналған сюитасы, «Талғар 
полкінің  маршы»,  «28  батыр»,  «23-полк  маршы»,  және  т.с.с. 
көптеген әндері бар [4, 195-б.]. Ғ.Мұстафиннің сөзіне жазылған 
«Жас қазақ» әні Ұлы Отан соғысы кезінде Бородино түбіндегі 
шайқаста  қаза  тапқан  майдандас  досы  Төлеген  Тоқтаровқа 
арналған [2, 30-33-б.]. 
Смағұл  Көшекбаев  (1904-1945)  –  жауынгер-компози-
тор,  домбырашы.  1936  ж.  Қазақ  мемлекеттік  филармони-
ясына  домбырашылық  қызметке  алынды.  1940  ж.  Мәскеу 
Мемлекеттік консерваториясы жанындағы қазақ студиясының 
композиторлық  курсын  бітірді.  1942  ж.  100-атқыштар 
бригадасының  құрамында  майданға  аттанды.  Ол  «Ботагөз», 
«Жаз»,  «Май  гүлі»,  «Біздің  ән»,  «Жазғы  кеш»,  «Дау-
ыл»,  «Сағыныш»,  «Бригада  жыры»,  «Біз  келеміз»  т.б.  ән-
романстардың  авторы.  Құрманғазының  «Ертең  кетем»,  «Ла-
ушкен»,  «Повестка»  күйлерін  Е.Брусиловскийге  нотаға 
түсірткізді. 
Хамит  Ерғалиевтың  сөзіне  жазылған  «Қызыл  сұңқар», 
Қ.Жармағамбетовтың  мәтінінің  негізінде  жарық  көрген 
«Сүйген жар» әндері осы тарихи оқиғамен тығыз байланыста 
дүниеге келген.
Мәлік  Жаппасбаев  (1914-1943)  1935  ж.  Алматыға 
шақырылып, Қазақтың мемлкеттік халық аспаптар оркестрінің 
концертмейстері (тенор-домбыра) болды, сонымен қатар Қазақ 
филармониясында домбырашы әрі дирижер қызметін атқарды. 
1942 ж. Отан соғысына аттанып, 1943 ж. майданда қаза тапты. 
Ол «Сәлем», «Қарағанды туралы ән», «Жастық жыры», «Сұлу 
қыз» әндерінің авторы.
Антологияның  7  томына  хат-өлеңдер  енгізілген.  Олардың 
арасында  әйгілі  композитор  М.Төлебаевтың  нотаға  түсірген, 
белгілі  әнші  Қосымжан  Бабақовтың  орындауындағы  «Ал-

77
Ұлы жеңіске 70 жыл
тын  ана»,  «Мен  де  аттандым  майданға»,  фольклортанушы 
Т.Бекхожинаның  нотаға  түсірген  «Жауынгер  өлеңі,  «Май-
даннан  хат»,  сол  сияқты  «Қайдасың,  Рәшитім,  қайдасың?!», 
«Фронттан  хат»,    музыкатанушы  Г.Бәйтенованың  түсірген 
«Қали Омаровтың соғыста шығарған өлеңі», «Қыдырбайдың 
әні»,  «Майданнан  сәлем  хат  (ІІ)»,  «Майданнан  хабар», 
«Сағынамын елімді», «Сәлемдеме» «Соңғы сәлем», өнертану 
ғылымының кандидаты Б.Тұрмағамбетованың нотаға түсірген 
«Хат  өлеңі»  мен  Қазақ  Ұлттық  консерваториясының  ұстазы 
К.Сахарбаеваның  «Хат  өлеңі».  Үлгі  ретінде  бірнеше  хат 
өлеңдердің мәтінін беруді жөн көрдік. 
Тос мені, тос
Тос мені, тос, қалқатайым,
Көп кешікпей мен барам.
Келеді деп, күткен сайын,
Асқынбасын жан-жараң.
Тос мені, тос, жадыра жаз,
Май айының кешіндей.
Кетер күнгі құрбылық наз,
Бар айтқаның есімде.
Тос мені, тос, босанар деп,
Қармағынан ажалдың.
Тос мені, тос, тоса біл тек,
Көп кешікпей барармын, барармын.
Ұлы Отан соғысы майданынан үйіне хат
Ойымда, бұрынғы қалпында,
Хат жазамын елді ойлап, халқыма.
Аслықтарым найзағайдай жалтылда,
Қара қазақ тартпа бұрын қалпыңа.
Дүния мұңы 
Қажау болып ісіңе қалыспа,
Социалдық озып шық та жарыста.
Қанға жүздір Гитлерді алыста.

78
Ұлы жеңіске 70 жыл
Болат қалпақ, баста каска,
Оқтың асты, 
Он мәртебе болдым топтың басы.
Зырқыраған жаудың оғы, 
Сол санымның қанын шашты.
Гитлерді бомбалауға 
Ұшты герой сүйдеп басты.
Хат өлең
Қолыма қалам алып жазайын хат
Тапсырдым бір Аллаға сізді аманат.
Кейінгі қатын-бала ел жұртым,
Болғайсың біз барғанша сау-саламат. 
Хат өлең
Оңшардан кейбір істің белін басып, 
Отырып тар окопте төбесі ашық
Қолға алып қаламымды жаздым сәлем,
Майданнан қайран анама амандасып.
Денің сау отырмысың сау-саламат,
Сұраған амандықты-ай жақын жекжат
Тыныштық, жауынгерде мезгіл бар ма,
Елге арнап әрбір кеште-ау жазатын хат.
Шешелердің соғысқа кеткен ұлдарына айтқан 
өлеңі
Жиырма жиырмаға жуық дейді,
Көтерген ақ боз үйді уық дейді.
Ойпырмай, осылай ма еді.
Жеңіспен құлындарым қайтыңдаршы,
Өлген соң қара жерің суық дейді.
Ойпырмай, осылай ма еді.
Қайырмасы:
Әскер боп тудың,
Беліңді будың,

79
Ұлы жеңіске 70 жыл
Қайтейін, қу Германға қарсы тудың.
Мен де аттандым майданға
Балқыған бай өлкемнің мал мен кені,
Отанның ұлан-байтақ шексіз жері.
Ұшсам көк, қонсам дала, шықсам асқар,
Желпіген сахарамның самал желі.
Кең Отан атқан таңым екпіндеткен,
Желпіп жел, сүйіп күн еркелеткен.
Қайтпас жаудан, оғы жауған,
Біз майданға аттандық, жүр, жолдастар.
Қолына қару алды батыр халқым,
Жауынгер жаңылсын ба ата салтын.
Желіккен жау жазасын берді Армиям,
Жеңіспен аяқтаймыз соғыс артын.
Осындай,  жарқын  музыкалық  туындыларды  Ұлы 
Отан  соғысы  кезеңінде  дүниеге  әкелген  ақындар  мен 
композиторлардың  өмірі  ерлікке  татырлық  үлгі  болды.  Май-
даннан  жаралы  оралған  олардың  көбісі,  соғыс  аяқталғаннан 
кейін, шығармашылығын жалғастыра алды. 
Аталған  композиторлардың  шығармаларын  Қазақстанның 
белгілі  өнер  майталмандары  ҚР  халық  әртістері  және  үлкен 
шығармашылық  ұжымдар  −  ҚР  мемлекеттік  симфониялық 
оркестрі, Б.Байқадамов атындағы ҚР мемлекеттік хор капел-
ласы өз репертуарына енгізуді мәртебе санайды.
  Ал,  жас  буын  композиторлары  осы  мұраны  дәріптеп, 
насихаттауға  арналған  жұмыстарды  атқаруды  өзінің  халық 
алдындағы борышы деп білуі тиіс. 
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.  Қазақ  музыкасы.  Антология.  8  томдық.  –  Алматы: 
«Қазақпарат», 2009.  7 том. 350 б.
2.  Жауынгер-композиторлар  (Р.Елебаев,  М.Жаппасбаев, 

80
Ұлы жеңіске 70 жыл
С.Көшекбаев, Ә.Базанов). Әндер. Хорлар. Романстар. – Алма-
ты: Жазушы, 1965. – 124 б. Алқалы топтың ажары. Жинақ. / 
Құр. С.Жекеев. Алматы: Жалын, 2005. – 432 б.
3.  Бір күй бар домбырамда... (Қ.Аманжоловтың өлеңдеріне 
жазылған әндер жинағы). /Құр.Аманжолова. – Алматы: Өнер, 
1983. – 72 бет.
4. Қазақ өнері (энциклопедия). – Алматы: Қазақстан даму 
институты, 2002. – 800 бет.
Резюме
В статье Мусагуловой Г.Ж.рассматривается военная тема-
тика в казахской музыке. В объекте исследования музыкове-
да-ученого произведения, созданные в годы ВОВ известными
композиторами и исполнители, вошедшие в 7 том Антологии 
«Қазақ  музыкасы,  увидевшей  свет  в  2004-2009  гг  по  Прези-
дентской программе «Культурное наследие».
Abstract
The  article  by  Musagulova  G.Zh.  highlights    military  theme 
in  Kazakh  music.  Research    object  of    researcher  musicologist 
includes  works created during World War II by the well-known 
composers and performers, and works included into 7th volume of 
Anthology "Kazakh muzikasy, which was published  in 2004-2009 
within the Presidential program" Cultural Heritage ".

81
Ұлы жеңіске 70 жыл
Г.Мұханғалиева 
«ЖАС ШАҒЫМДЫ СЫЙЛАДЫМ ЖЕҢІСКЕ МЕН»
(Әбу Сәрсенбаев өлеңдеріндегі  Ұлы Отан соғысы тақырыбы)
Белгілі  әдебиет  білгірі  Зейнолла  Қабдолов  сөзімен  айтсақ, 
«Тоғыз жасынан  тоқсанға дейінгі саналы өмір жолы – адамдық, 
азаматтық,  асыл  мұраты  халық  қамы,  елге  қызмет  ету  болған» 
Әбу  Сәрсенбаевтың  қаламынан  туған    алты  том  әдеби  көркем 
қазынаның мол саласын  Ұлы Отан соғысының көркем шежіресі 
құрайды. Қан майданға бастан аяқ қатысып, қалам қуатымен де 
ерлік ісімен де абыройлы елге оралған соң да қаламгер бұл киелі 
тақырыпты  жырлауды  әсте  тоқтатқан  емес.  Әр  кезеңде  бүгінгі 
бейбіт  заман  тынысының  қадір-қасиеті  сол  үшін  қанын  төгіп, 
жастығы  мен  өмірін  құрбан  еткендердің  ерлік  ісі  екенін  ұрпақ 
жадында жаңғыртып отырды.                                                                   
Сен құрметте оны!
    Түсіндің бе, қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ,
    Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен ұстап та жүрген жоқ,
Қолтықтағы ұзын таяғын.
Кеше елге қатер төнгенде
Ол жауға қарсы шапты,
Бізді жалмамақ болған ажалды
Өр кеудесімен қақты.
Ол арыстанша алысты,
Өлім соққысын өз үлесіне алды.
Денесін оқ пәршелесе де
Ел намысын қорғап қалды.
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?
Сенің келешегің үшін берді ол
Азаттық,  жолында  аяғын!  –  дейтін  өлең  жолдары 
ақынның осы тақырыптағы өлеңдерінің ой қорытындысы, кешегі 
ерлік тағлымын ертеңге жалғар алтын тамыр іспетті.
Сан  алуан  тақырыптағы  басқа  шығармаларын  айтпағанда, 
ақынның    майдан  тақырыбына  жазылған  «Ақша  бұлт  (1947) 

82
Ұлы жеңіске 70 жыл
«Ұлым  туралы  ой»  (1949),  «Ақырғы  гранаталар»  (1977), 
«Қасиетті  махаббат»  (1987)  атты  поэзиялық  жинақтары    мен 
«Офицер күнделігі» (1960) (майдандық газеттерде басылған но-
веллалары), «Жауынгер монологы» (1970), «Батырлардың ізімен» 
(1974) деректі әңгімелерден тұратын жинақтары алапат соғыстың 
ел басына түскен ауыр зардабын, қаһармандық көрсетіп даңққа 
бөленгендер мен сол соғыста ерлікпен көз жұмған жандар жай-
лы  сыр  шертеді.  Ақиық    ақынның  соғыс  жайлы    еңбектерінің 
ішінде майдан тақырыбына жазылған «Ақша бұлты» (1947)  күні 
бүгінге дейін достық, сүйіспеншілік пен жауынгердің азаматтық 
парасаттылығының көрінісі ретінде аса бағалы.Аспандағы ақша 
бұлтты жанды тіршілік иесі ретінде сомдап сырласу стиліндегі 
өлең жолдарында махаббат, сағыныш жолындағы адам жүрегінің 
қыл пернесі, ел-жұртын аңсаған азаттық үшін от кешкен солдат   
сезімі мен  жан толқынысының  нәзік сыры кестеленген.
Осы бір ғана  «Ақша бұлт» арқылы  алапат соғыстың  махаб-
бат, сағыныш  секілді адам жүрегінің нәзік сырларын көмескілей 
алмағандығын, қайта сол ұлы сезімді қорғап, қуаттауда жаңаша 
қуат серпін туғызғандығын аңғартса керек. Әбу Сәрсенбаевтың 
шығармашылығының елеулі   бір қыры болып табылатын  соғыс 
тақырыбы  ақын  поэзиясының    қуаттылығын,  сыршылдығын, 
көркем  суреттілігін  танытатын    ұлылыққа  жол  ашып,  санаңда  
тарих  тағлымдарын  жаңғыртып,  ойыңды  оятып  қиялыңды 
қозғайды. Майдан кешкен қаламгердің  жүрек тебірентетін жыр-
лары  ғасырдан-ғасырға  жалғасып  жататын  асыл  арна  екендігі 
бүгігі  күннің  де  өзекті  тақырыптарымен  өзектес.  Сан  түрлі 
ұлттардың тату бірлігінің тұтқасына айналып, әлемдік ауқымда 
аты озған тәуелсіз халқымыздың ұлы мұраттарымен мазмұндас 
ойларды  Әбу  ақын  мұрасынан  мол  табуға  болады.  Ұлы  Отан 
соғысында туған жердің ұлтарақтай жеріне жау аяғын аттатпас 
үшін  қасық  қаны  қалғанша  кескілескен    солдат  рухы,  тылдағы 
еңбек  адамдарының  тіршілік  тынысы  ақынның  бір  топ  арнау 
өлеңдерінің мазмұнын құрайды. 
Туған елім, 
Өскен жерім,
Дұшпанның қайтып келем

83
Ұлы жеңіске 70 жыл
Үзіп белін!
Туған ел, аңсап келем, құшағыңды аш,
Аймалап солдатыңды төсіңе бас.
Жау оғы жаралаған көкірегіме,
Күн күліп
көкжиектен нұрыңды шаш.
Ақынның  арнау  стиліндегі  жырлары  арқылы  қазақтың  ба-
тыр  ұлдары  мен  қыздарының  ерлік  даңқы,  адамдық  болмысы 
жайлы жан-жақты мағлұмат ала аламыз. Бауыржан Момышұлы, 
Алғадай,  Нұркен  Әбдіров,  Маншүк  Маметова  деп  бұл  тізімді 
жалғастыра    түсуге  болады.  Ақын  жырларында  тек  сұрапыл 
соғыс қана емес, ұлы жеңістің жүрек жарды қуанышты сәттері де 
көркем бейнеленген,Ол жалпы адамзаттың аңсап күткен бақытты 
сәті ретінде бейнеленеді.
 Жеңіс, жеңіс!
Асқар ғой жеңіс деген!
Жас шағымды сыйладым жеңіске мен.
Төрт ғасырдай шұбалған бұл төрт жылда
Қасірет уы қалды ма мен ішпеген?
Мен жауынгер,
Білмеген тынымыңды,
Күлкімді де.
Ажалмен  бетпе-бет  келген  ақын-  солдат    рухы  бәрінен  биік 
күйінде көрінеді. Ақын қайғы-зардабы арқылы жанын тұмшалаған 
жағымсыз сезімдердің шырмауында қалмайды, трагедиялық аху-
алдан  шығудың  құралы  ретінде  өліммен  күресетін  оптимистік 
рухты серік етеді.
Ұлттар мен ұлыстардың тең құқылы бейбіт достығы жайында 
ойланып, толғанып қана қоймай оны  нақтылы әрекет  үстіндегі 
майдан  өмірі  мысалдармен  дәйектеген  ақын  жырларының  бол-
мысы бөлек. Майдан даласының өзінде жүріп-ақ тарих-қариямен 
сыр  шертісіп,  сыр  ұқпақ  болатын,  өзіне  таяныш  іздейтін  сезім 
сырларында «Соғыс деген нәрсе-адам баласының жыртқыштық 
құлқына    ғана        айғақ  болған  бір  іс»  екені  тұжырымдалады.  
Әсіресе ақынның майдан тынысын жан –жақты ашып көрсететін 
өлеңдері тақырыптық жағынан сан алуан. Онда қазақ солдатының  
мәңгілік бейбітшілік жорығында жүріп өткен жолы, өзге ұлтты 

84
Ұлы жеңіске 70 жыл
өз  ұлтындай  сүйе  білген  кең  жүрегі  мен  азаматтық  ар-ожданы 
айқын  бейнеленеді.  Мәселен:  «Майдан  мергенінің  монологы» 
атты өлеңінде:
Мен жүремін майдан шебінде,
Тарастың туған елінде.
Құлақта Кобзарь
талабы:
«Ұландар жауды қуыңдар!
Өздерің кейін шегінбе!...»
Дұшпанға тосып арқасын,
Шегіну ауыр, арға сын.» деп тебіренсе,
«Кронштадт, Кронштадт!» атты өлеңінде
Тула, Балтық, тула, Балтық! 
Тула толқын жарды қарпып,
Жау келеді, жау келеді,
Түн қойнынан өлім артып.
Жойып жібер жын ойнағын,
Толқыныңмен тебе тарпып,
Шыңырауына  батыр  оны»  –  деп  төкпелейді. 
Ә.Сәрсенбаевтың  поэзиялық,  прозалық  шығармаларындағы 
негізгі  арқау  адамгершілік,  гуманистік  ой-сезімдердің  қатар 
өріліп жатуы. Әділетсіз соғысқа әділетті күрес жүргізе отырып, 
басқыншылық қөзқарас пен ұлы ойлардың мәңлік басы бірікпес 
қайшылық  екендігін  неміс  жұртының    өмір  мысалдарында 
өрнектейді.
Кешір, Гете, немісті...
Уа, жо, жо, жо, жоқ, басқыншыны 
«Адамшылық ар үшін өлтір!» дедім.
Сен болдым да, Оқ аттым қандасыңа.
Алғашқы  туындылардың  өзінде-ақ  ойшылдықпен  үлкен 
өмірге жаңа жол тартқан Әбу ақынның   басындағы таусылмас 
тебіреніс, түпсіз толғаныс, сұрапыл соғыстың  жалынымен  ши-
ратыла өршіп  өз жұртының, жалпы адамзаттың  ізгілікті мұрат 
еткен  өршіл  рухының  символына  айналған.    Ұлы  отан  соғысы 
жылдарындағы  негізі  тақырып    Отан  намысы,  ел  мен  жер 
тағдыры үшін қан майданға аттанған көк өрім жастардың, елде 
қалған жетім-жесір тағдыры, алапат соғыстың жеңіспен аяқталып 

85
Ұлы жеңіске 70 жыл
от-жалынды кешіп өткен ерлердің опат болуы мен елге оралған 
қуанышы,  осы  жолдағы  кеңес  халқының  мызғымас  бірлігі  мен 
достығы  арқалы ақынның творчестволық өміріне арқау етілген.  
Ақын өлеңдеріндегі  ауыр жорық, қан-құйлы соғыс суреттерін 
көргенімен жігері жасымымаған  қайта қайратын жанып, жігерін 
ұштаған,  мақсаты  айқын,  сенімі  берік  лирикалық  кейіпкердің   
көзбен  көріп,  жан  –тәнімен  сезінген  сезім  суреттері  ақылы 
беріледі.  Талай-талай,  қысылтаяңдағы  ұмытылмас  сәттердің 
қуанышы  мен  қайғысын  қатар  алып  суреттейтін  өлең  жолдары 
жанды суреттермен бедерленген.  Мәселен: «Өлім ойпаты» атты 
өлеңді алып қаралық:
 Кескіліскен айқаста жауды жеңіп, 
Таң алдында үлгердік селоға еніп,
Ақ теректер омырылып, ақ қабырға
Хатарларды өтіпті жалын көміп.
Өртті өшірдік.Таң да атты, ертеңгі алты.
Қайда кеткен селоның тұрғын халқы?
Жырлардағы  қызылды-жасылды  үміт  сәулесін  кеуде-
ге  ұялатып,  қиырға  шеру  тартқан  көп  боздақтың  тыныштық 
шырқын бұзған дұшпанға атылар ашу-кегін, сенімін  суреттейтін   
айғайсыз айтылған ұрандай тегеурінді сөздердің әсері мол.    Ақын 
соғыс  стихиясын  жадағай  суреттемейді,  ондағы  ірілі-ұсақты 
құбылыстар  сырына  терең  бойлауға  бейім.  Мысалы,  зеңбірек 
дүрсілі, сирена даусы, темекі түтіні, снаряд, бомба даусы, т.б то-
лып  жатқан  майдан  өміріне  қатысты  детальдар  ерекше  образға 
жанды суретке айналады. «Эх, винтовка, винтовка» өлеңінде:
Сен қорғанысың солдат жанының
Кеудедегі көгімдей қаһарлы от жалының.
Свастикалы сұмдардың қара жүрегін
Сен  қорғасын  оқпен  қарыдың,  –  дей  келіп,  қаруды 
батырлықтың  бір  сипаты  ретінде  дәріптейді.  Қатар  жүрген 
қанкөйлек  достар,  қиын-қыстауда  туған  бауырластық, 
адамгершілік  сезім  майдан  көрінісіндегі  сұрапыл  сәттер  жау 
жайпап өткен деревняда жолыққан, асыл тірегі-аяулы ұлдарынан 
айрылған  қаралы  ананың  қасіреті,жаралы  жауынгерді  оқ  пен 
от ортасынан алып шығу т.б. сан алуан оқиғалар шоғыры ақын 
санасының  сүзгісінен  өтіп  адамның  кегін  қайрайтын,  намысын 
жанитын  жігерге  айналады.  Жүректерге  жазылмас  жара  салған 

86
Ұлы жеңіске 70 жыл
кезеңнің  ауыр суреттерін көзбен көрген даңқты жеңістің куәсі, 
ар мен адамдықтың  ақ туын ақжарма жырлары арқылы ақтарған 
ақын  жырларында    ұлы  жеңістің  құрбандарының  аманаты 
айқын көрініс тапқан. Алдамшы үміттің жібін кеудесінен жаны 
шыққанша үзбей перзентін іздеген ана, сүйгенін  сарыла тосқан 
ару,  өңінде  көрмегенмен  ана  махаббаты  арқылы  әкесін  танып 
білген    беймәлім  сағыныш  иесі  бүлдіршіннің  жан  толқынысы, 
ел,  жер  ,  Отан  алдындағы  антына  адалдықпен  құрбан  болған 
боздақтар аманаты, сұрапыл сұм соғыс салдарынан хабар-ошар-
сыз қеткендерді зарыға күткен ел зар мұңы ақын қаламынан қалыс 
қалмайды.  «Ақырғы граната» (Хабарсыз жоғалғандар монологы) 
атты өлеңінде:    
Мен солдатпын, ізсіз-түзсіз жоғалған, 
Көкірегімнен көктеп болмай көп арман,
Мен туралы не айттыңдар, достарым,
Оқ астынан өлмей тірі оралған? – деп өрнектейді.
Жалпы  абыз  ақынның    шығармашылығы  адал  еңбек  пен 
өмірдің  мәңгілік  құндылықтарын  арқау  еткен  мәңгілік  тозбас, 
қайта заман өткен сайын жаңғырып, түлеп отыратын толайым ту-
ындылар.
Алтын таулар орнаттым деп
                                  мақтануға хақым жоқ
Еңбекпенен өтті әйтеуір жастығым.
Ұзақ жасап, бітіргенім аз болса
  Сата  алмаймын  сақалымның  ақтығын  –  дейтін  абыз 
ақын  шумақтарынан  көрінгендей  бүкіл  шығармашылығында   
қазақ  халқының  басынан  кешкен  зұлмат  күндерінің  зарда-
бын  соғыста  да  ,  бейбіт  өмір  де  де  еңбектегі  ерлікпен  жеңген 
адам  рухының  биік  бейнесі  бар.  Сондықтан  Әбу  Сәрсенбаев 
шығармашылығындағы соғыс тақырыбы кең таратып айтуға өзек 
боларлық келелі тақырып.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал