Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.83 Kb.

бет2/11
Дата09.01.2017
өлшемі2.83 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Т.Әлбеков
Ү.КӘРІБАЕВ ЖИНАҒАН КЕЙБІР ЖАМБЫЛ 
АЙТЫСТАРЫНЫҢ НҰСҚАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ХХ  ғасырдағы  халық  ақындары  шығармашылығының 
халқымыз рухани өмірінде алатын орны, өзіндік қолтаңбалары 
туралы  қадау-қадау  зерттеу  еңбектер,  келелі  ғылыми  ой-
пікірлер айтылғанмен, кеңестік дәуірде   біржақты айтылып, 
саяси көзқарастардың салдарынан танымал тұлғалалардың та-
сасында қалып, туындылары ұмытыла бастаған Қазақстанның 
түкпір-түкпіріндегі  ақындық  мектептер  өкілдерінің  әдеби 
мұраларымен сабақтастықта, бүгінгі ұлттық таным деңгейінде 
іргелі түрде зерделеп, ғылыми айналымға түсіруде талап ететін 
мәселелер аз емес. 
Бұл    ретте  негізін  Қабан  жырау  мен  Сүйінбай  қалап, 
Құлмамбет, Сарбас, Бақтыбай, Жамбыл, Кенен т.б. ондаған жыр 
дүлділдері нығайтып, дамытқан Жетісу ақындық мектебінің де 
орны ерекше. Алайда, бұл мектеп өкілдерінің әдеби мұралары 
толық зерттеліп,  кейінгі ұрпақтың жетесіне жетпегені өкінішті. 
Әсіресе,  Жамбылдың  үзеңгілестерінен  Сарбас,  Қаңтарбай, 
Қуандық, Тілеміс,  Бармақ, Қарқабат, ізбасарларынан Саяділ, 
Өмірзақ,  Қалқа,  Өтеп,  Қуат,  Әбдіғали,  Жартыбай,  Опантай, 
Ертай болып жалғаса беретін дарындардың есімдері ғылыми 
еңбектерде  аталып  жүргенмен,  олардың  шығармашылығы 
жөнінде  іргелі  зерттеулер  жүргізілмей  келеді.  Кезінде  ака-
демик  М.О.Әуезов:  «  Жамбылдың  өз  айналасына  келгенде, 
қоюланған қою үйір, үлкен шоғыр, ордалы өлеңді көруге бола-
ды», – деп ұлы Жамбылдың ортасын, Жетісу ақындық мектебін 
әділ бағаласа, бұл лебізден абыз жыраудың шәкірттерінің бірі 
Үмбетәлі Кәрібайұлының да еншісі бар.
Ақынның  өмірі  мен  шығармашылығы  жөнінде  ака-
демиктер  Е.Ысмайыловтың,  С.Қирабаевтың,  Р.Бердібай 
мен  С.Қожағұловтың,  профессорлар    М.Жолдасбековтың, 
Б.Уақатовтың,  Н.Төркқұловтың,  О.Нұрмағамбетованың, 

31
Әдебиеттану
ғалым-зерттеушілер 
С.Бегалиннің, 
Б.Адамбаевтың, 
С.Сейітовтың  т.б.  әр  жылдары  жазған  шағын  зерттеу 
мақалалары болмаса, соңында қалған мұрасы текстологиялық 
тұрғыда  жүйеленіп,    іргелі  зерттеулер  жүргізілген  емес. 
Атап  айтқанда,  оның  «Өлеңдер  мен  дастандарында»  (1948),  
«Өлеңдер жинағында» (1951), «Өлеңдер мен толғауларында» 
(1958),  «Жинағында»  (1962),  «Ардақты  елімінде»  (1982)  
«Шапағатта»  (1989)  шығармаларының  толық  қамтылмағаны 
айқын  байқалады.  Бұл  пікірге  Р.Бердібайдың:  «Ақынның 
1982  жылы  «Жазушы»  баспасынан  шыққан  «Ардақты  елім» 
деп  аталатын  жинағында  (алғы  сөзін  көрнекті  ғалым  Серік 
Қирабаев жазған) оның революцияға дейінгі кезеңде шығарған 
бас-аяғы  оншақты  өлеңі  ғана  бар  екенін  көргенде  көңіліміз 
олқы түсіп қалды. Сонымен біздің ойымызша, бұл кезге дейін 
Үмбетәлінің өмірбаяндық деректері де, ертедегі шығармалары 
да толық жиналмаған екен. 
Ал  шынында  да  ақынның  өлең  пырағына  мініп,  той-
жиындарда көзге түсіп, сөз сайыстарына қатысуы он жеті жасы-
нан басталса, Октябрь революциясына дейінгі шақтың өзінде 
қаншама  шығармалар  жатқанына  шек  келтіруге  болады»
1

–  деген  тұжырымы  айғақты  дәлел  болады.  Тіпті,  Кеңес 
кезеңінің соңына таман басылым көрген «Шапағат: өлеңдер, 
дастандар,  айтыстар»  (1989)  жинағының  да  алыдыңғы  топ-
тамалардан  өзгешелігі  шамалы.  Себебі,  мұнда  да  Р.Бердібай 
көрсеткен кемшіліктер қаперге алынып, тың ізденістерге қол 
жеткізілмеген.
Ү.Кәрібайұлының зерттеушілердің назарына көп ілінбеген 
тағы бір ерекшелігі  – жыршылық, халық әдебиетін жеткізуші, 
жинаушы қырлары. Ол  – Жетісу ақын-жыршыларына ортақ 
«Мың  бір  түн»,  «Көрұғлы  сұлтан»,  Күсеп  –  Сүйінбай  – 
Жамбыл  жырлаған  «Манас»,  «Өтеген  батыр»,  сондай-ақ 
«Сұраншы»,  «Сауырық»  сияқты  туындыларды,  Жамбылдың 
отызыншы  жылдарға  дейінгі  шығармаларын  жеткізушы, 

Лениншіл жас. 20 қыркүйек,  1989. 

32
Әдебиеттану
өмірінің  соңғы  жылдарында  кәріліктен  ақынның  жадынан 
шыққан шығармаларын толықтырушы. Жамбылдың өмірі мен 
шығармашылығына  30-40  жылдары  айырықша  мән  берген 
көрнекті ақын, зерттеуші С.Бегалинге Үмбетәлі 1920 жылдың 
қыс айында үкімет адамдары Жетісу ақындарын жинап алып, 
Жамбылға Өтегенді, Мақышқа Тазабекті,  Бармаққа Байсейітті, 
Садыбекке  Сыпатай  батырды  жырлауды  тапсырғанын  тура-
лы  мынандай  естелік  айтады:  «Сауырықты  мен  жырладым, 
өйткені  онда  қырғыз  бен  қазақ  бір  еді.  Және  бастауын  ба-
стасам да, осы Алматыда, облыстық комитетте істеп жүрген 
жігіт ұнатпай, аяқтамай тастадым. Өйткені Сауырық соғысы 
ылғи  қырғызбен  екі  арада  өтеді.  Және  Сауырықты  қырғыз 
Көрпік...    батыр  өлтірген.  Өйткені  Көрпік  Кенесарыны 
өлтірген... Жаманғараның інісі екен. Кенесары Жаманғараны 
Сауырықтың  аулының  қасында,  ақ  үйлі  болып  отырғанда 
өлтірген екен. Жаманқараның өлімі жөнінде інісі Сауырықпен 
аса өш екен. Бұларды айтуға екі елдің өткеніндегі қателігі ел 
арасында  әлі  де  ұсақ  араздықты  қайта  туғызбасын  деген  ой 
болды»
2
.  Өкінішке орай, Үмбетәлінің осы «Сауырық батыр» 
секілді көптеген туындылары сақталмаған.
Үмбетәлі  Сүйінбай,  Жамбыл  шығармаларынан  өзге  
Құлмамбет, Бақтыбай, Құл, Бармақ ақындардың туындыларын 
жадында  сақтап,  халық  арасында  насхаттап  жүрген.  Бүгінде 
Орталық ғылыми кітапхана мен М.Әуезов атындағы Әдебиет 
және өнер институтының Қолжазба орталығында «Бақтыбай 
мен  Тезек  төре  айтысы»  мен  «Төрт  өнерпаз  хикаясының» 
бірнеше  нұсқалары  сақталған.  Атап  айтқанда,    айтыстың 
Д.Төлепбаев
3
,    Қ.Жапсарбаев
4
,    Ү.Кәрібайұлы
5
    нұсқалары, 
дастанның  Бақтыбай  Жолбарысұлы  жырлаған,  Көкбай 

Бегалин С. Жамбыл: Өмірбаяндықхикаят. – Алматы: Жалын, 1996. 168-169 бб. 

М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер  институтының  қоры  (ӘӨИ).  1959,  394-
бума.
 

ӘӨИ. 1937. 239, 291-бумалар. 

Орталық ғылыми кітапхананың қоры. (ОҒК).1391-бума. 

33
Әдебиеттану
Әндіржанұлы  және Үмбетәлі
6
 нұсқалары жинақталған. 
Жамбылдың соңғы жылдары басылым көрген жинақтарына 
енген  мәтін  мен  түпнұсқа  ретінде  қабылданған  Ү.Кәрібаев 
қолжазбасын  текстологиялық  тұрғыда  саралағанда  көп 
ерекшеліктер  көзге  шалынды.  Әсіресе,  1996  жылы  басылым 
көрген    Жамбылдың  таңдамалы  шығармалар  жинағында 
ондаған  өлең  шумақтары,  жекелеген  сөз,  тіркестер  алы-
нып  тасталған,  немесе  себепсіз  өзгеріске  ұшыраған.  Тіпті, 
қысқартылғанына  байланысты  белгілер  де  қойылмайды. 
Анығын  айтқанда,  айтыс  жарияланған  алғашқы  бет-
те
7
    Құлмамбет  сөзінің  13,16,17,18,19,20,23-жолдары  түрлі 
өзгеріске түсіп, “Албан, дулат тобында мен бір жорға” деген 
26-тармақтан  кейін:  “Жамбыл  деп  осы  арада  жан  мақтайды, 
сол неме жарар ма екен пар қылуға” деп келетін жолдар үзіліп 
қалады. Мұндай олқылықтар айтыстың барлық беттеріне тән. 
Кейде тұтас шумақтар кесіліп тасталған. Мәселен, 69-беттегі 
16-жолдан соң жалғасатын:
Өлеңші иттен де көп, боқтан да көп,
Әйтеуір айтады ғой бірдеме деп.
Қайтқан құстай жиылып қалған екен,
Біразырақ сөйлесін Құлмамбет кеп, –
деген шумақ, болмаса, сол беттегі 32-тармақтан кейін  келетін 
мына өлең жолдары жинаққа енгізілмеген:
Шапырашты дегеннің некесі жоқ,
Бай болады диқаншы шекесі тоқ.
Албан, дулат бәрі кеп атқа мінсе,
Дегенің Үштаңбалы керегі жоқ.
Немесе, түпнұсқадағы:
“Қанайлаған” қырғызды бөкселеген,
Баяғыдай гулеген заманың жоқ.
Кіріп келіп есіктен, үндемейсің,
Үлкенге сәлемің жоқ, аманың жоқ.

ӘӨИ. 229-бума. 

Жамбыл. Таңдамалы шығармалары [Құраст. Айтов Н., Қараев М., Тілепов Ж.]. –Алма-
ты: Ғылым,- 1-т. –1996.- 68-б. 

34
Әдебиеттану
Есіктен кіріп келдің, тайпақ қара,
Өзің қандай, мен қандай байқап қара.
Аузыңда сәлемің жоқ, аманың жоқ,
Не басыңа күн туды дүзі қара, –
деген  шумақтарды  құастырушылар  аталған  беттің 
34-тармағынан соң қысқартып, өңдеп мына түрде кіргізген:
Майтөбе, Құлансазда өлеңдетіп,
Баяғыдай гулеген заманың жоқ.
Үндемей кіріп келдің тайпақ қара,
Өзің қандай, мен қандай байқап қара.
Үлкенге сәлемің жоқ, аманың жоқ
Не басыңа күн туды дозақ қара.
Құлмамбеттің  “Қанайлаған”  қырғызды  бөкселеген”  деп 
Теріскей Алатауды жайлаған қырғызға иек сүйеген баяғыдай 
заманың  жоқ    деген  тұспал  сөзі:  “Майтөбе,  Құлансазда 
өлеңдетіп”  болып  өңделген.  Сонымен  қатар  70-беттің 
19-тармағынан,  71-беттің  28-тармағынан  кейінгі  шумақтар 
қысқартылған. Негізгі Үмбетәлі нұсқасы бойынша Жамбылдың 
алғашқы кезегі:
Ал, қадір, атыңыздан әуел қадір,
Бұл жерге келіп отыр Екей Жамбыл.
Көсілген аяғыңды бір жимайсың,
Не басыңа күн туды, тәңір алғыр.
Ал, қадір, атыңыздан қадір дана,
Құлыңа Алла деген болғын пана.
Көсілген аяғыңды бір жимайсың,
Не басыңа күн туды дүзі қара.
Құлмамбет, сөз сөйлейсің анықтамай,
Алды-артыңды сөйлейсің парықтамай.
Айтатұғын кісіңнің өзіне айтқын,
Делбекезек кісідей шалқақтамай.
Ыстыда толып жатыр қой мен жылқы,
Қасабек, Дәулетбақпен қызыл түлкі.
Бабаның қата қойын маған балап,
Досқа таба, дұшпанға болма күлкі, –

35
Әдебиеттану
деген шумақтан соң “Ал Құлмамбет, Құлмамбет, Ағып жатқан 
сумен кет!..” болып термеленетін бақсы сарынымен жалғасып 
кетеді.  Біз  салғастырып  отырған  жинақтағы  мәтін  мүлде 
өзгеше. Кейде түпнұсқа мен  жинақтағы тұтас бір кезек сәйкес 
келмейтін  жағдайлар  да  кездеседі
8
.    Жинақтың  73-бетінде 
Жамбыл кезегінен – 33, 74-бетте – 17, 75-бетте – 14, 78-бетте 
– 10 тармақ  қамтылмаса, Құлмамбет кезегінен 76-бетте – 12, 
77-бетте – 10 жол кесіліп тасталған. 
Айтыстағы  бір  топ  сөз,  тіркестердің  түпнұсқадан  дұрыс 
оқылмағандығы  айқын  аңғарылады.  Пікіріміздің  айғағы 
ретінде  бірнеше  мысалдар  келтірмекпіз.  Құлмамбеттің: 
“Қамалып  қам  теріге  бүрмеленбе,  Қысты  күні  қар  астын-
да  қалған  қардай”,  –  деген  жолдарындағы  “қам”  эпитеті  
жинақта  “қау”  болып  қате  оқылған.  Айтысты  көшірушінің 
әріп таңбасында  араб әліпбиіндегі  сөз аяғы м және у дыбы-
стары ұқсас жазатындығынан,олар орын ауыстырып оқылған 
сияқты. Бірақ көшірушінің  у әрпіне қатысты қойған белгісін 
[v] құрастырушылар неліктен  байқамағаны түсініксіз.  Халық 
ұғымында  “қам  тері”  –  тұздалмаған,  иленбеген  шикі  тері. 
Мұндай  тері  кепкен  соң    құрысып  қалады  да,  іске  жаратуға 
қиындық туғызады.   Қар астында қалған шөптің де жылқы, 
қой    сияқты  тебін  малы  болмаса,  өзге  малға  пайдасы  аз. 
Құлмамбет  осы  тұста  қарсыласы  мен  шөпті,  тері  мен  қарды 
шендестіре  отырып  көркем  образ  жасауға  талпынған.  Анық 
оқылмағандықтың салдарынан ақынның мына өлең жолдары-
нан да мәні өзгерген  сөз анықталды:
Бұлбұл қонақ бастанған екейім-ай,
Жұлып алып басыңды кетейін бе-ай!
Жамбыл жинағында алғашқы тармақ “Бұлбұл қабақ секілді 
Екейім-ай” делініп, “қонақ” ұғымы – “қабақ” зат есіміне айна-
лып, “бастанған” сөзі –“секілді” көмекші етістігіне өңделген. 
Бұған себеп, ұзақ сақталған қолжазбаның  ескілігінен аталған 
сөз  көмескіленіп,  анық  оқылмағандығына  болжам  жасауға 

Сонда. 71-72 бб. 

36
Әдебиеттану
болады.  Біріншіден,  “бұлбұл  қабақ  секілді”  деген    тіркестер 
халық поэзиясында да, жазба әдебиетте де кездеспейтін теңеу. 
Жұдырықтай  бұлбұл  құсының  қабағын    байқап,  оны  адамға 
балау мүмкін емес.
Екіншіден,  түпнұсқа  негізінде  “Бұлбұл  қонақ  бастанған 
Екейім-ай”  дегенде  Құлмамбеттің  көкейінде    Жетісуда  ақын 
ретінде  танылмаған  Жамбылды  «бұлбұл»  құс  сияқтанып  әр 
жерлерде  өнер көрсеткенсіп  жүрген көптің бірісің, сен менің 
тегеурініме  қалай  шыдамақсың”  деген  әжуа,  мысқыл  ойдың 
ұшқыны  жатқандай.  Шынында  да  дәл  сол  сәтте  Жамбылға 
қарағанда  Құлмамбеттің    өнердегі  беделі,  айтыстағы 
тәжірибесі  мол еді. Ақын жас қарсыласына соны тұспалдап 
тұрған сияқты.  
 “Құлмамбет пен Жамбыл айтысының” бүгінгі күнге жет-
кен  бірден-бір  түпнұсқасы  Ү.Кәрібаев  қолжазбасы  екені 
жоғарыда айтылды. Бірақ өзге де нұсқалары болғаны күмәнсіз. 
Осы  пікірімізге  Жамбыл  өмірінің  соңғы  жылдарын  бірге 
өткізген белгілі тұлғалардың естеліктері растайды. Профессор 
Е.Ысмайылов: “Бізде Құлмамбет пен Жамбыл айтысының екі 
варианты бар еді, біреуі 1932 жылғы Сәкеннің “Қазақ әдебиеті 
нұсқалары” жинағында басылғаны, екіншісі 1938 жылы Кенен-
нен жазылып алынғаны еді. Екеуін оқып беріп едік, Жамбыл 
аса ықылас танытып тыңдап отырды да: “Көп жері бүлінген 
екен. ... Енді шырақтарым, осы айтысты Үмбетәлі екеумізден 
жайланып  отырып  қайта  жазып  алыңдар,  –  деді”
9
  ,  –    деп, 
айтыстың үш нұсқасы болғаны жөнінде маңызды мәліметтер 
келтірсе,  Жамбылмен  қоян-қолтық  араласып,  өмірі  туралы 
алғаш толымды еңбек жазған С.Бегалин: “...Жамбылдың бұл 
айтысын Үмбетәліден жақсы білетін де, айтатын да кісі жоқ . 
Үмбетәлі Жамбылдың өз айтуынан үйренген”
10
, – дегенді ай-
тып аға ғалымның соңғы мәліметін нақтылай түседі. 
Осы  орайда,  ақын  М.Хакімжанованың  тағы  бір  нұсқасы 

Ысмайылов Е.   Үлкен    шеберлік // Қазақ   әдебиеті,  1955,   24 маусым.
 
10 
Бегалин С. Жамбыл ел аузында // Әдебиет және искусство. 1946, N4. 

37
Әдебиеттану
туралы тың дерегіне де жүгінген орынды сияқты: “Осы жыл-
дары Жамбылдың көптеген еңбектері орыс тіліне қауырт ау-
дарылып жатты. Москвадан Марк Тарловский деген ақынды 
шақыртып    “Жамбыл  мен  Құлмамбет  ақынның  айтысын  “ 
аудартпақ  болды.  Қартайып  қалған  Жәкең  мұндай  ұзақ  ай-
тысты түгелдей қайдан қайталап айтып бермек. ...Сондықтан 
өзін Жамбылдың шәкіртімін деп білетін орденді халық ақыны 
Саяділ Керімбековті  алдырдық. Ол кісі бұл айтысты Жәкеңнің 
айтуынан  бала кезінде ауызекі жаттап алған. ...Жәкеңнің осы 
айтысын Саяділден Самат Нұржанов екуміз жазып алғанбыз. 
Бұл жерде бір айта кететін гәп, 1931 жылы осы айтысты Саяділ 
жазып  академияға  өткізген  екен.    Соны  естіп  қалған  Тайыр 
академиядағысы  мен  біз  жазып  алған  нұсқаны  салыстырып, 
соңғысын қабылдағаны есімде”
11
.  
Өкінішке  қарай,  бұл  нұсқа  бізге  белгілі  қорларда 
сақталмағандықтан,  танысудың  сәті  түспеді.  Орталық 
ғылыми кітапхана қорындағы 317-бумадан өзге 651-буманың 
5-дәптеріндегі латын әрпінде машинкаға басылған нұсқаларды 
тапсырушылардың аты-жөні көрсетілмеген. Нұсқалар демекші, 
соңғы бумадағы айтыс мәтінінің екі бөлек екені аңғарылады.
Алғашқы  мәтіннің  Үмбетәлі  нұсқасынан  көп  ерекшелігі 
байқалмағанымен,  кейінгісінде  айтарлықтай  өзгешеліктер 
кездеседі.    Әсіресе,  кей  ұқсас  сөз  тіркестері,  тармақтар  екі 
ақынның да жырында орын  алғаны бірден көзге шалынады. 
Құлмамбет айтыс басында [1996 жылғы жинақта 75-б, 30-31 
жолдар]:                 
                 Мылтыққа салып қойған мен бір пестон,
                 Асықсаң ажалыңа келші балам! –
деп  айбат  шегіп,  өктемдік  танытса,  Жамбыл  да  өз  кезегінде 
қарсыласына дәл осы мазмұнда сес көрсетеді  [72,2-3 жол.]:
                  Мылтықтай түтеп тұрған мен бір пестон,
                 Асықсаң ажалыңа кеші бермен!
Тағы  да  Құлмамбеттің  алғашқы  кезегінде  көрсетілген 
11 
Хакімжанова М.  Алғашқы  дидарласу // Жыр   алыбы. –Алматы: 1972. 101-102 
бб. 

38
Әдебиеттану
жолдарға  тым  сарындас,  мәндес  мына  тармақтарды 
ұшырастырамыз
12
:
  
  Мылтықтай түтеп тұрған мен бір пестон,
  
  Асықсаң ажалыңа келші балам!
Құлмамбет  пен  Жамбыл  сияқты  аса  ірі  импровизатор 
ақындар  бірінің  ойын,  өлең  жолдарын,  екіншісі  өз  кезегінде 
дәл қайталап айтуы қисынға келмейді. Мұндай кемшіліктер ай-
тыс мәтінін саралау кезінде кеткен сыңайлы. Құрастырушылар 
осы  үш  нұсқаның  негізінде  айтыс  мәтінін  баспаға  әзірлеп 
келгені  белгілі  болды.  Профессор  С.Садырбаев  1932,  1940, 
1946  жылдарда  жарияланған  мәтіндерге  текстологиялық  са-
раптаулар жүргізсе, біз өз тарапымыздан соңғы басылымдарға 
шолу жүргіздік. Одан шыққан қортынды қосымшада келтірген 
жолма-жол  салғастыруымызда  айқын  көрініс  берген.  Өзіміз 
сүйенген  ғылыми  пікірлерді  түйіндей  келіп,  317-бума 
Үмбетәлінің  жеке  тапсырғаны,  ал  651-бумадағы  мәтіндерді 
1939  жылдың  қарашасында  Жамбылдың  КСРО  Ғылым 
академиясының қазақ филиалына барған сапарында Үмбетәлі 
екеуінің  бірін-бірі  толықтырып  жаздырған  нұсқалары  деп 
топшалауға  болады.  Сол  жолы  Жамбылмен  жүрген  топтың 
қатарында болған Е.Ысмайыловтың естелігі осы тұжырымға 
айқын дәлел болады.
«Жамбыл  мен  Досмағамбет»  айтысы  да  ұлы  ақынның 
1940  жылдан  бері  басылым  көріп  келген  жинақтарында  жа-
риялангып келді. Тек 1996 жылы Жәкеңнің 150 жылдық ме-
рей  тойының  қарсаңында  дайындалған  толық  шығармалар 
жинағында  Орталық  ғылыми  кітапханың  сирек  қорындағы 
(651-бума,  5-дәп.)  қолжазба  мен  ақын  мұражайындағы 
нұсқа  текстологиялық  тұрғыда  сараланып,  толықтырылған. 
Себебі  айтыстың  толық  үлгісін  жадында  сақтап,  жазып 
қалдырған  –  Үмбетәлі  Кәрібайұлы.  Бұл  пікірге  Жамбылдың 
шығармашылығын  ғұмырын  жазуға  айырықша  атсалысқан 
С.Бегалинның:  «Үмбетәлі  Жамбылдың  ерте  айтқан  үлкен 
12 ОҒК. 317-бума. 

39
Әдебиеттану
жырларын  және  айтыстарын  ұғынып  өзі  айтып,  халыққа  да 
көп  таратқан.  Шашубаймен  айтысы,  Құлмамбектпен  айты-
сы, тағы басқаларын бұзбай сақтаған – Үмбетәлі»
13
 , – деген 
сөздері айғақты дәлел болады. Сондықтан Жамбылдың  кейін 
басылымдарына  аталған  нұсқа  негіз  болды.  Дегенмен,  жеке  
мұражайында сақталып қалған Үмбетәлі жеткізген айтыстың 
және  бір  нұсқасын  көріп,  Жамбылдың  соңғы  4  томдық 
толық  шығармалар  жинағындағы  нұсқамен
14
    салғастыра 
қарағанымызда, екі мәтінде біршама өзгешеліктер бар екендігі 
аңғарылды. 
Ең  алдымен,  айтыстың  «Айтушыдан»  деп  аталатын 
кіріспесінде,  яғни  жеткізуші  Ү.Кәрібаевтің  алғы  сөзі  басы-
лымда  50  жолды  құраса,  қолжазбадағы  көлемі  –  56  тармақ. 
Сондай-ақ  осы  аздаған  кіріспенің  өзінде  екі  нұсқадағы 
кейбір сөздер, тіркестер, жолдар бір-біріне сәйкес келмейтіні 
байқалады. Атап айтқанда, қолжазбадағы: «Бұл күнде Жалай-
ырмен не болғанын» (11-жол) деген жол кітапта: «Бұл күнде 
Досмағамбет не болғанын»; « Бар екен өзі молда Досмағанбет» 
–  «Бала  екен  сөзге  жүйрік    Досмағанбет»  (13-жол);  «Өлеңді 
оңды-теріс сабай берген» – «Өлеңді білгенінше сабай берген» 
(20-жол); «Өлеңді бастан-аяқ бәрін шатып» – «Өлеңді бастан-
аяқ аңыратып» (22-жол); «Сөйледі  біразырақ шатырлатып» – 
«Жырлады біразырақ дауылдатып» (24-жол); «Бұл күннен аман 
шықсам көрермін, – деп» – «Саламат-аман тұрсам көрермін, – 
деп» (25-жол) болып жалғаса береді. 
 
Жинақтағы:
 
Ал, енді сөйлер желіп Жамбыл ақын,
 
Ежелден топты жарған даңғыл ақын.
 
Сөйледі сонда Жамбыл бұған қарап,
 
Таң асқан іші-бауыры аттай жарап, –
деген шумақтың 3-жолындағы «Сөйледі сонда Жамбыл бұған 
13 
Бегалин С.   Жамбыл:  Өмірбаяндық   хикаят. –Алматы:    Жалын, 1996.-1142-б.
 
14 
Жабаев Ж. Толық шығармалар жинағы. 4 томдық. –Т.1: 1917 жылға дейінгі өлеңдері 
мен айтыстары // Құраст. – Р.Әбдіғұлов.  – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, Ұлағат. 2012. 
– 304 б. 213-214 бб. 

40
Әдебиеттану
қарап»  тармағында  ақынның  кімге  қарап  сөйлегені  белгісіз. 
Алайда,  қолжазбадағы  екінші  жолдан  кейінгі:  «Баласы 
Кәрібайдың  Үмбетәлі,  Көрінді  ақындарға  тым-ақ  жақын»,  – 
дейтін  тармақтарды  оқып  және  басылымдағы:  «Ол  бала  сөз 
сөйледі  тілді  безеп»  дегендегі  «ол  бала»  тіркесінің  орнына 
қолжазбадағы «сонда Үмбет» сөздерін ауыстырып оқығанда, 
сол  жиында  Үмбетәлінің  де  отырғанын,  қарт  Жамбыл  жас 
ақынды  Досмағамбетпен  жыр  додасына  қосып  көрмек 
болғандығын байқау қиын емес. Бірақ үлкенді сыйлап өскен 
Үмбетәлі:  «Сөйлей  бер,  білгеніңше  Жамбыл  аға,  Бір  келген 
мейман едің, бердім кезек», – деп кішілік танытады.
 
Қолжазба мәтіннің 50-жолынан кейінгі:
 
Ол да өткен Асан қайғы, Бұқар жырау,
 
Ол күнде шабыншылық қанды бұрау.
 
Қараспай жарлы-жалшы нашарларға,
 
Хандардың мақсаты сол жұртты қанау, –
деп  келетін    шумақтың  алдыңғы  екі  жолы  айтыстағы 
Жамбылдың  алғашқы  кезегінің  басында  (12-жолдан  кейін) 
«Ілгеріде  Шөже,  Балта  заманда  өткен,  Асекең,  Бұқар  жырау 
арманда  өткен»    болып  өзгеріспен  енген.    Тіпті,  мазмұнына 
қарап соңғы екі жолдың да саяси идиологияның салдарынан 
кейін туындағандығын аңғаруға болады. 
Жинақта  кіріспе  сөздің  соңы  «Баяндап  әңгімесін  бастан-
аяқ,  Айтысқан  Жамбылменен  сөзі  мынау»  деген  сөздермен 
аяқталғанмен, керісінше, алдымен Жамбылдың кезегі берілген. 
Ал  қолжазба  нұсқада  алғашқы  кезек  Досмағамбетке  беріліп, 
Жамбылға телінген 29 жол өлең көрсетілмеген. Досмағамбет 
айтысты: 
– Сен мені жеңе алмайсың арбасаң да,
 Бұрышын төңіректің жалмасаң да.
Иә, бабам, Қабылиса, жәрдемші бол,
Халықтан киең артық таңдасаң да.
 
Нағашым бұл арада ер Қарасай,
Келеді айта берсем сөз сарасы-ай.

41
Әдебиеттану
Ескелді, Балпық бабам жәрдемші бол,
Бақтыбай жардамшы бол көз салыс-ай.
Ілгергі Шөже, Балта заманда  өткен,
Қарғабат, Бұқар жырау, Қабан да өткен.
Абақтың әруағын аузыңа алмай,
Мақтандың жүйрік жоқ деп маған жеткен, –
деген жаңа шумақтармен бастап, әрі қарай жинақтағы белгілі 
мәтінмен жалғап кетеді. Дегенмен айтысты баспаға дайындау 
барысында көптеген сөздердің, тіркестердің өзгертілгендігін, 
болмаса 
кейбір 
жолдардың, 
тұтас 
шумақтардың 
қосылғандығын, немесе кірмей қалғандығын Досмағамбеттің 
алғашқы кезегіндегі мына мысалдардан айқын аңғаруға бола-
ды: 
Соңғы 2012 жылғы жинақта:                   Үмбетәлі 
мұрағатынан 
алынған  қолжазбада:
Түспепті  тері  шалбар,  қаптал 
шекпен.
Түспепті  бұттан  шалбар, 
қаптан шекпен.
Болсаң да он ауызды оралтар-
мын,
Бұлыттай болдырғанда тауға 
шөккен.
Бойында  саралықтың  белгісі 
жоқ.
Бойында  сыпалықтың  белгісі 
жоқ.
Ақында шайыр ақпамын,
Аспанға ұшқан пырақтай.
Сөзіңде сенің асыл жоқ,
Құбылып тұрған сынаптай. 
Меніменен айтысып.
Меніменен  шайқасып.
Оныменен тұрмайсың.
Қайырылып сынса қанатың
Ала алмасаң алысып,
Арманда болып өтерсің.
Ала қашпа екенсің. 
Әңгімешіл екенсің.
Қанатынан қайырылған.
Табанынан тайырылған.

42
Әдебиеттану
Ақынмын деп сестенбе,
Сөзіңде қуат, серпін жоқ.
Ақынмын деп мақтанба,
Сөзіңде құнды, серпін жоқ.
Кейпің жаман, Кейқуат,
Байдың малын баққандай.
Ел болып жау шапқандай.
Қу кедейсің қаңғырған,
Жауласарға елің жоқ.
Айтысайын деп тұрсың,
Менімен қатты қам қылып.
Сөйлеп бір сөйлеп тастағын.
Ұрысқақ қатын сияқты,
Аузыңнан от шашпағын.
Асқанға тосқан кезікті,
Алдын ала баспағын.
Мықтап бір ойла осы жағын.
Армансыз бол, ақыным.
Ақындығың болмаса,
Жоқ екен басқа нақылың.
Айтайын ба, ақыным.
Ақындағың болғанмен,
Жоқ екен биттей тақылың.
Елден елді қыдырып,   
Жауыр боз ат астыңда,
Тозып жүрген тақымың.
Қартайғанша қаңқылдап,
Жел сөзге бір тоймайсың.
Деген кәне бұрынғы.
Сонша неге болмайсың.
Сонша неге  бойлайсың.
Қонақ қонса үйіңе,
Тышқан мұрнын қанатып,
Тышқақ лақ соймайсың.
Бергеніне құдайдың. 
Бергеніне құданың.
Ел қыдырып сүмеңдеп.
Жамбастай жатып шіреніп,
Елден-елге  тіленіп, 
Тентіреуді  қоймайсың.
Ел қыдырып  сөмпеңдеп.
Елден-елге қыдырып,
Әдетіңді қоймайсың
Не басыңа күн туды,
Бір жаныңда тыным жоқ. 
Халықтан дүние сұранып.
Халықты кезіп қаңғумен.

43
Әдебиеттану
Көп сөйлейсің көпіріп,
Көпірудің жөні жоқ.
Есігің бар да, төрің жоқ,
Алысып әлің келе алмас,
Ылдиың кеткен, өрің жоқ,
Бір өткен соң дүние
Қайта айналып келу жоқ.
Қолжазбада осыдан кейінгі бір шумақтан соң Досмағамбеттің 
бірінші кезегі аяқталғанмен, жинақта «Отырсың ғой қушиып»  
және    «Кедейлікті  мін  демей»  деген  жолдардың  арасына  23 
жол жыр мәтіні қосымша енгізілген.
Көріп  отырғанымыздай,  айтыстағы  бір  ғана  кезектің  
жарияланған және қолжазба нұсқаларын салыстыру барысын-
да  қаншама  мәтіндік  ерекшеліктер  айқындалды.  Сондықтан 
туындының  800  жолдан  тұратын  қалған  бөлігін  салыстыра 
саралау  жұмыстарын  келешектің  еншісіне  қалдыруды  жөн 
санадық.  «Досмағамбет  туралы  да,  айтыс  туралы  да  зертте-
улер  аз.  Деректер  жоқ.  Болашақта  осы  айтыстың  көркемдік, 
поэтикалық  қабаттарын  аша  түсетін  жұмыстар  қажет»
15
,  – 
деп  профессор  Б.Ыбырайымов  айтпақшы,  Ү.Кәрібайұлының 
да  ақындық,  жыршылық  өнерін  зерттеу  барысында  оның 
халықтың рухани мұраларын жинаудағы ерен еңбегін ескеруге 
тиіспіз деп ойлаймыз. Осы ретте ақын мұраларын ел ішінен 
іздестіру  шаралары  жалғастырып,  мұражайындағы,  әдеби 
қорлар  мен  мұрағаттардағы  фотосуреттерін,  деректік  мате-
риалдарды  жинақтап,  қолға  түскен  туындыларын  ғылыми-
текстологиялық  саралау  арқылы  жаңа  жинақтарын  жарыққа 
шығару, мұраларын түбегейлі зерттеу, сөйтіп, қазақ әдебиетінің 
тарихындағы өзіндік орнын айқындау – әдебиеттанушылардың 
ортақ міндеті болып қала бермек.
15 
Сонда. 294-б. 

44
Әдебиеттану

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал