Менімен бәрі дуэт айтқысы келеді



жүктеу 89.7 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі89.7 Kb.

Мақпал Жүнісова: 

"Менімен бәрі дуэт айтқысы келеді" 

Қазаңы қоңыр дауыс. Күмбірлеген сазды әуен. Тыңдағанда құлағыңның құрышын қандырып, 

жан-сарайыңды жадыратар әдемі ыргақ. Құлақ түргенге ой салып, кейде терең қайғыны жүрегіңе 

жеткізіп, кейде қуантатын әсем ән. Осының бәрі елінің ерке қызы Мақпал Жүнісованың елге 

ұқсамас ерекшелігі. Оның өзіне ғана тән қасиеті. 

Ол - өнердің өзі биікке шығарған өр жан. Талантымен талайды табындырған өнер иесі. 

Әндерін халық сүйіп тыңдаған Қазақстанның Халық әртісі, халықтың әншісі. 

Әндері еңкейгеннің еңсесін көтеріп, еңбектегенді аяғынан тік тұрғызатындай рухты, жел 

тербеген гүлдей жаныңды тербететін нәзік Мақпал Жүнісованы жүгірген баладан, жүздегі 

қарияга дейін сүйіп тыңдайды. Жоғары бағалайды. 

Өнері жоғары әншінің жаңа жылда халқына деген жаңалығы шексіз. Осы сөздің шенін 

тарқату мақсатында Мақпал апайымызбен сұхбаттасқан едік. Ендеше, талғамы биік оқырман 

назарларыңызға ұсынамыз. 

- Мақпал апай, Өзіңізді келген жаңа ба-

рыс жылымен құттықтауға рұқсат етіңіз. Осы 

барыс жылында Өз әнсұйер қауымыңызды 

қандай жаналықтармен қуантпақ ойыңыз 

бар? Алдағы жылға арналған шығармашылық 

жоспарыңызбен бөлісе отырсаңыз. 

- Көп рахмет, әрине, енді біз, өнер адам-

дары болғаннан кейін, әрбір жылы үнемі 

шығармашылық ізденісте болуымыз керек. Жет-

кен жетістіктермен тоқтап калуға бол-

майды. Осы орайда менің өнерімді бағалайтын 

тыңдармандарға үлкен тартуым бар. Ол- осы 

жылдың жаймашуақ мезгілі, ел аузы аққа, мал аузы 

шөпке тиген шұғылалы көктемде, наурыз айының 

24-і күні еліміздің бас сахнасы - Республика са-

райында өтетін жеке концертім. Халықтың алды-

на шығу мен үшін таңсық нәрсе емес, бірақ бір 

жылғы өнердегі табыстарымды халық жүрегіне 

жеткізіп отыру парызым деп білемін. 



Ұлт дауысы 

- Жоспарлап отырған кешіңіз несімен ере-

кшеленбек? 

- Ерекшелігі жаңа әндерде болмақ. Өзінің 

тыңдарманын сыйлайтын, кұрметтейтін әнші әрбір 

концертінде кем дегенде он өлең қосып тұруы ке-

рек деп есептеймін. Онсыз әншінің өзіндік обра-

зына да нұқсан келеді. Өзімнің халық алдындағы 

сый-құрметімді одан сайын арттыру үшін мен 

жаңа әндерді көп жаттаймын. Халықтың ме-

нен жаңа әндер күтетінін, сырттан бақылап 

тұрғандардың көптігін сеземін де, ән жаттауға де-

ген құлшынысымды арттыра түсемін. 

Осы жылғы концертімде тың әндер көп орын-

далады. Белгілі сазгерлер - Мақсат Жәутіковтің, 

Арман Бексұлтанның жазған әндерін, Әсет 

Бейсеуовтің жарыққа шықпаған, кезінде маған бер-

ген әні бар еді, сол әнді домбырамен орындамақ 

ниеттемін. Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған 

«Шыда» деген астаналық композитордың әні де ре-

пертуарымды толықтырып отыр. Сол сияқты Фари-

за Оңғарсынова апамыздың сөзіне жазылған әндер 

кешімнің шырайын келтіреді деген ойдамын. Со-

нымен қатар, Бауытбек Қозықапов деген сазгердің 

қолға алуымен жаңа дуэт әндер жазылып жатыр. 

Ол Сембек екеумізге, қос дауысқа арнап ән жазды. 

Бірақ Сембектің сэл қалыпты кейіпін жоғалтуына 

байланысты, өзге әншімен жарасымды жұп болып 

айтқым келді. Менімен барлығы дуэт айтқысы ке-

леді, бірақ өзіме жақын дегендерді табуым қажет 

қой. Осы мақсатта екі-үш жігітті ойлап отырмын. 

Ол әзірге кұпия болып қалсын. 

Қызым Мерей де ән айтпақ ниетте. Кейінгі кез-

дері әнге деген талпынысы өте жоғары больш жүр. 

«Мама, менің әнімнің оранжировкасын дайындап 

қой, менің дайындалуым керек, ертең ел алдында 

құры аузымды жыбырлатып тұрмайын» деп тап-

сырма беріп қояды. Аузымды жыбырлатпайын де-

гені - фонограммамен айтпаймын дегені ғой. «Жоқ, 

құлыным, олай болмайды, ертең концерт болар 

алдында тамағың ауырып қалса қайтемін? Мину-

сын жаздырып қояйық, артық болмайды!»,- десем, 

көнер емес. Концертке келген көрермен қызымның 

да өнерін тамашалай алада. 



Жаңа әндерініздің басым көпшілігі қандай 

тақырыптарда? Концертіңізде орындалар 

әндерді алдын-ала насихаттайсыз ба? 

Олардың басым көпшілігі махаббат 

тақырыбында, сонымен қатар, Отан, ана, туған 

жер тақырыптарын да қамтиты. Осы орайда 

екінші сұрағыңа жауап бере кетсем, ана туралы 

жаңа әнімді концертке дейін орындауым мүмкін. 

Тыңдармандарды қымбат-қымбат көейлектермен 

қызықтырмасам да, осындай тың дүниелерді кон-

цертте жиналған қауымның жүрегіне жеткізсем 

деген жоспарларым бар. 

- Жақында көршілес Қытай 

мемлекетінің Үрімжі қаласына сапар 

жасағаныңызды естідік. Ол жаққа тартқан 

қытайлардың арзан тауарлары ма, әлде 

шығармашылық ізденісіңіз бе? Оны тіпті, 

«Мақпал Жүнісова қытайға көшкелі жатыр 

екен...»-деп асыра сілтеп жүргендер де бар. 

Қандай мақсатпен барып-қайтқаныңызды 

айта кетсеңіз. Сапардың есте қаларлық 

тұстары болды ма? 

- «Өз үйім - өлең-төсегім» деген ғой қазақ 

халқы. Мен үшін туған Отаным - Қазақстаннан 

артық жер жоқ. Сондықтан ондай ойдан аулақпын. 

Ал енді сапар барысына келер болсақ, Үрімжінің 

белді азаматтарымен контрактіге қол қойдым. 

Сол мемлекеттің 6-7 жерінде жеке концертімді 

беру туралы. Құдай қаласа, сәуір-мамыр айла-

рында сол жақтағы қандастарымыздың алдында 

есеп бермекшімін. 

Осы сапарымда бір таңқалғаным - менің 

өзімде жоқ әндерім жазылған күйтабақтар, 

кәзіргіше айтсақ CD, DVD форматындағы тың 

әндерім сол жақтың дүкендерінде сатылымда тұр 

екен. Қандастарымыздан небір күйтабақтардың 

шығарылып жатқандығын, сұранысқа қатты 

ие болғандығын естіп, өз көзіммен көру үшін 

дүкендерге арнайы бардым. Қуанғаным - дүкен 

иесі таусылып қалды деп, сөреде тұрған екі 

үнтабақты амалдың жоғынан әрең берді. Осы 

жаққа алып келіп тыңдасам, мүлде керемет 

өңделген екен. Музыкалық эффектілер қосып, 

арабша жазулармен әрленіпті. Сонымен қатар, 

үлкен кісілердің үйлерінде қонақта болып, ба-

таларын алып қайттым. Үнемі қазақи кейіпте 

киінетініме ризашылықтарын білдіріп, құрметке 

бөледі. Мүның бәрі мен үшін зор бақыт деп 

білемін. Әр адам, әрине, мінсіз болмайды, егер 

ондайларым болып жатса, оны да түзететін, 

өнерімді бағалап, тарататын халқым барда мен 

ешқашан жалғыз болмаймын деп ойлаймын. 

Мақпал апай, Сіз сахнадағы 

шеберлігіңізбен, Өзіңізге тән жоғары 

талғамыңызбен ерекшеленіп, нағыз қазақ 

қызына тән қасиетті көрсетіп келесіз. Осы 

орайда, қазіргі сахнада жүрген жас әнші 

қыздарымызға деген көзқарасыңыз қалай? 

- Мен енді оларға мін артып, жазғырудан 

аулақпын. Дегенмен батысқа еліктеп, жалаңаштана 

14 


киіну әдетке айналып келеді. Қарауға адам 

ұялатын да жағдайлар кездесіп жатады. Әрине, 

заман ағынынан қалмауымыз керек, алайда ертең 

біз әлемді батыстың үлгісінде мойындата алмай-

тынымызды, тек ұлттық құндылықтарымызбен 

ғана танылып, бас идіретіндігімізді жас әнші 

қыздарымыздың жете түсінгендері жөн деп ой-

лаймын. Қазақтың қыздарының сұлулығынан 

асқан әлемде сұлулық жоқ деп айта аламын. 

- Қазіргі қазақ сахнасында жүрген 



жас орындаушылардан қайсысын өзіңіздің 

жаныңызға жылы тартасыз? Шәкірттеріңіз 

бар ма дегенім ғой? 

- Менің шәкірттерім Қазақстан бойынша 

өте көп. Жалпы, маған қарап бой түзеп жүрген 

әншілерге де кенде емеспін. Менен басқа Мақпал 

Жүнісовалардың саны қаншама!? Жүнісова 

деген отбасылар жанұяларында қыз дүниеге 

келіп жатса, «Мақпал» деп те қойып жатқандар 

жетерлік. Алдыңғы жылы берген концертімде 

32 Мақпал Жүнісова келді. Олардан бөлек кел-

мей қалған Мақпалдар өте көп. Оның бәрі әнші 

деп айта алмаймын, биші де, модель де, жалпы 

барлық саланың Мақпалдары десек те бола-

ды. Ал әншілерден Мақпал Исабекова, Мақпал 

Диханбаеваларды атап өткім келеді. Осының бәрі 

менің құрметіме қойылған аттар. Оны олардың 

өздерінен, әке-шешелерінен естимін. Осының 

бәрі маған деген халықтың жоғары құрметі деп 

білемін. Сондықтан мен халқыма бас июден 

жалықпаймын. Шәкірт тәрбиелеуге келгенде 

соңғы үш жылда менің қолым тимей келеді. Ал 

енді менен көмек сұрап, ақыл сұрап келіп жатқан 

жас әншілерді қолдап, барынша қолымнан 

келгенді жасауға тырысамын. 

- Осы түста өмірлік ұраныңыз жайлы 



сұрауды жөн көріп отырмын 

- Тәубәшілік, төзімділік, өз орныңды білу 

Бір сөзбен айтсақ - қанағатшыл болу. Не нәрседе 

де дөрекі мінез танытпай, сабырлы болу Абай 

айтқандай: «Сабыр түбі - сары алтын». Өмірімде 

ұстанатын тіркестерім осы. 

- Сіздің әнсүйер қауымыңыз Сізді 

«Жұлдыз ауыруымен» ауырмайтындығыңыз 

үшін де жақсы көреді емес пе, осы орайда жас 

әншілеріміздің осы ерекше аурумен ауыруы-

на байланысты не айтар едіңіз? 

- Қазір жастарға артық ақыл айту керек 

жоқ сияқты. Біздің қоғамда ақылды жастар өте 

көп. Есті, яғни жөні түзу әндерді айтып жүрген 

жандар аз емес. Енді олардың арасына байқамай 

кіріп кеткен әншілер де бар. Оның бәрін ор-

нына қоятын халықтың өзі. Анау анандай, мы-

нау мынандай деп айтпай-ақ қояйын. Әрине, 

әнге жақын болған соң ғана сахнаға ұмтылады 

ғой. Концерттерде байқайтыным - халық өзіне 

жаққан әншілерді ғана көтеріп алып кетеді. Өзін 

өзі тәрбиелеген әншілер ғана ел есінде қалатыны 

рас. Тіпті, үлкен сахнаға дайындықсыз, түр-

әлпетіне қарамай шыға салатын есті әншілер де 

бар. Шексіз қошеметке бөленсе, сахна сыртында 

адам танымай кететін әншілер де бар. «Жұлдыз 

ауруы» деген өте жаман нәрсе. Әншіге кеуде 

бітіріп, тіпті, ән айтарда ел алдында иіле алмай-

тын дәрежеге жеткізетін осы ауру. Оған бір дәлелі 

Республика сарайында концерт өтетін болса, бір 

күн бұрын дайындыққа ұйымдастырушылар 

шақырады. Соның өзіне еріншектік танытып, 

бәрін біліп қойған сияқты кеш келіп немесе 

концерт басталғанда келе салатын, тіпті, той-

ым бар деп соңына қойдырып жататындары да 

сирек емес. Ол дұрыс емес қой. Қанша жерден 

мерейің асып-тасып тұрса да, қарапайым бо-

лып, біркелкі мінез танытсаң - сені ел есінде 

ұзақ сақтайды. Халық бәрін көріп отыр. Халық 

маған қол соқпады деп налитын адамдар да бар. 

Кінәні өзіне емес халыққа артатын әншілердің ісі 

ғой бұл. Жас әріптестеріме айтарым - сахнада 

әрдайым бірінші болуға тырысу керек. Сол кезде 

ғана сен көздегеніңе жетесің. Осыны бүгінгі жас 

әншілеріміз терең ұғынса екен деген тілегім бар. 

Елдің кұрметіне бөленіп жүргеннен кейін 

оған иіле білу керек. Сен халыққа иілсең - ол 

саған иілетінін жас жұлдыздарымыз ұғынып келе 

жатыр деп ойлаймын. 

14 


Ұлт дауысы 

«Халық ұнамаған адамды өшіреді» дегенді 

кейбір жерлерден жиі естіп жатам. Мен оған 

мүлдем келіспеймін. Адам тек өзін өзі өшіреді. 

Одан кейін де халық оны өшірмегенде не 

істейді? Өнер адамы ең алдымен - халық адамы 

болғандықтан бәріне де төзімді болуы керек. Мой-

ымауы тиіс. Баяғыда Зәкең бір әңгіме айтып беріп 

еді маған: бір егін өсіп тұрған алқаптың орта-

сында бәрінен ерекшеленіп, бір егіннің сабағы 

өзгелерден ұзын болған көрінеді. Қатты жел 

болғанда, сол бірінші болып өскен сабақ 

сынып кетіпті. Ал егер де бәрі бірдей 

болса, қатты жел де қорқынышты 

болмайды - біріне бірі сүйеу бо-

лып, аман қалар еді, - демекші, 

адамдар арасында ауызбіршілік 

мықты болуы керек. Мысалы, 

кейде мен әншілерден сәл 

озып бара жатсам, мені көп 

жерде сындырып жібереді. 

Өйткені біздің қоғамда 

ерекшеленіп, асып бара 

жатқан әнші ешкімге де 

жақпайды. Бірден өсек 

кетеді. «Жынды екен, 

анау екен, мынау екен» 

деген сынды небір 

алып-қашпа сөздерді 

өзім естіп жатырмын 

ғой. Мен сахнаға көп 

шықпай, сәл тыныш-

талсам - әңгімелердің 

бәрі тыйыла қалады. 

Мен оны өзім зерттеп 

жүрмін. Ол қайдан 

шығып жатыр деген 

секілді. 

Кейде дүрілдеп, 

Сарайда концерттер-

де сахнаға шыққанда, 

Құдайға шүкір, халқым 

ду еткізіп мені көтеріп 

кетеді! Шапалақтап, 

қошеметтің астында 

қалдырып жатады. Ал 

сосын сахнаның артына 

барғанда, әншілер байқамай 

тұрады ғой. Көрмегендей, 

естімегендей бола 

қалады. «Мәке, жарайсың, 

кұттықтаймыз» деп айтпайды 

ешкім. Мүлдем басқа әңгіме ай-

тып, жасанды түрде көңіл бөлмеуге 

тырысып, өздерінің мәдениетсіздіктерін көрсетіп 

тұрады. Жалпы, бір адамның өскеніне бәріміз бір 

болып қуанатын болсақ, сонда ғана жақсы халық 

болып қалыптасамыз. Біздің қазақ мықты болмай 

жатқандығы - осындай болмашы нәрселердің 

кесірі. Ол тек әншілерде емес, ақындарда да, 

биші, күйшілерде де, барлық адам арасын-

да бар нәрсе. Әр адамда бір мін болады, мінсіз 

адам жоқ қой. Ол мінді адам уакыт өте келе өзі 

түзетеді, не болмаса Құдай оны орнына келтіреді. 

Сондықтан да адамның жақсы жақтарын ай-

тып, қолдау көрсетіп отыратын болса, оның 

бәрі кімге болмасын сүйеніш болып, ары 

қарай қадам басуына үлкен септігін 

тигізеді. Мен жас әншілерге: «Сенің 

болашағың бар екен, айналайын, 

сенен жақсы әнші шығады» деген 

сынды сөздерді айтудан шарша-

маймын. Содан кейін сәлем түзу 

болуы керек қой. «Өй, Мақпал 

Жүнісова болсаң қайтейін!» 

деп өтіп кететін жастар бар. 

Бірақ мен ол қылықтардан 

төмендеп қалмаймын. Мені 

сыйлайтын адам табылады. 

Менің ешкімге дұшпадығым 

жоқ, біреудің үйіне барып, 

біреуді жамандап жатқан 

адам мен емес. Мысалы, 

біз Роза Бағланова, Бибігүл 

Төлегенова, тіпті өзімізден 

үш-төрт жас қана үлкен 

Нұржамал Үсенбаева, 

Роза Рымбаева, Нағима 

Есқалиева келе жатқанда 

бұрылып кетпейміз. 

«Сәлеметсіз бе» деп 

жүгіріп барып, басымыз 

жерге тигенше иіліп сәлем 

беремін. Тіпті Роза апамыз 

бен Бибігүл апамыздың 

аяғын сүюге дейін дайын-

мын. Біз бір-бірімізді осы-

лай сыйлайтындай дәрежеде 

болғанымыз абзал. Жақсы 

қағида бар: сен өзің қалай 

сыйлайсың қартайғанда сені 

де солай сыйлайды. Жастарға 

айтарым осы. Мен ылғи сый-

ласып өтуге тырысамын. Соның 

өзінде дұрыс жолдан тайдырып, 

сүріндіретіндер кездесіп жатады. 

Ол - орта. Сыйласатын адамдардың 

15 


№1(15) 2010 

азайып бара жатқанына қатты қынжыламын. Мен 

өзім, негізінен, бәріне бауырым секілді, сіңлім 

ретінде қараймын. Ашылып сырларымды да ай-

татын кездер каншама. Ал соңында, айналып 

келгенде, өзім таяқ жеймін. Сенім жоғалып бара 

жатыр. Адамдардың пейілі тарылып бара жатыр 

ма, білмеймін. Ал менің пейілім әлі тарылған жоқ. 

Мен адамнан қанша таяқ жесем де, бәрі-бір сол 

адамды жақсы көріп тұрамын. «Әр дүшпанның 

бір жақсы жерін тауып ал» деген сөз бар. Мен осы 

сөзді өмірімде жиі қолданамын. 

- Ал, енді, Мақпал апай, Өзіңізді өнер 

адамы ретінде еліңіз жақсы таниды. Халық 

білмейтін қандай өнеріңіз бар? Хоббиіңіз 

дегендей. Үйдегі Мақпал сахнадағыдан 

қаншалықты өзгеше? 

- Менің үйдегі тіршілігім - Мерейжанмен 

өтіп жатады. Бос уақытым Мерейдің киімдерін 

жуу, үтіктеу сабағын қарау дегендей. Барлығын 

өзім істеймін. Мен ешқашан қызымды біреуге 

тапсырған емеспін. Туғалы бері жанындамын. Мен 

тіпті өз туған шешеме де сенбеймін. Өйткені бәрібір 

мен сияқты қарай алмайды. Мысалы, мен қызымды 

еркелетіп өсіргенмін, Қарағандыға 5-6 күнге кетіп 

қалса, қайта-қайта хабарласып : «Әй, ана қызды 

жуындырдыңдар ма? Киімдерін ауыстырдыңдар 

ма?» деп сұрап отырамын. Соның өзінде олар жа-

самайды. «Жасап жатырмыз, Мәке, жасап жатыр-

мыз» деп қояды. Алайда, бала сол жақтан келген-

де адам танымайтындай болып келеді. Сондықтан 

мен қызыма өзім қарап, көп көңіл бөлуге тырыса-

мын. Бос уақытым болып қалса - Мерей екеуіміз 

қыдырамыз. Боулингке барамыз, Көктөбеге, Медеу 

жаққа таза ауа жұтып шығып тұратын жайымыз бар. 

Ал хоббиім - ән ғой. Менде әннен басқа ешнәрсе 

жоқ. Кейде болады ғой, істерге іс таппай кетесің. 

Не концерт жоқ, не той жоқ болып қалған кездер-

де Абай, Мұқағали, Тұманбай, Фариза, Марфуға, 

Күләш Ахметова сынды өзім жақсы көретін 

ақындардың кітаптарын оқып, жаныма рухани азық 

жинаймын. Мені Ресторандарға, түнгі клубтарға 

шақырады, бірақ мен ол орындарға барғанша, кітап 

оқуды жөн санаймын. Жалпы, мен Алматыда тек 

тойларға ғана барамын. Тойыма барып, 5-6 әнімді 

айтып, нан ауыз тиемін дағы, үйге тайып тұрамын. 

Шақыратын жерлер көп, алайда бәріне бара берсең 

сұлулық та кетеді, шаршайсың да. 

- Осы күнге дейін қанша ән айтқаныңызды 

есептеп көріп пе едіңіз? Шамалап болсын. 

- Енді, шамалап 400-ге жақындау болып қалды. 

1976 жылғы менің бала дауысым қазақ радиосының 

мұрағатында сақтаулы екен. Бір өкінерім - 1981-

1989 жыл аралығындағы жазбаларымды мұрағаттан 

өшіріп тастаған. Сыртқы қорапшасы бар да, 

ішіндегісі жоқ. Мен ол жылдары жатақханада тоғыз 

жыл тұрып, мұрағат жинаудың не екенін білмеппін. 

Одан кейін мені ақылға салған, жөнге салған Зәкең 

ғой. Ол бірде : «Айналайын, сен не бітіріп жүрсің? 

Сенде қорың болу керек, халық әртісі болған соң 

мұрағат жинауың қажет» деп ақыл айтты. Мен не 

өлең, не сурет жинамағанмын, ән айтқаныма риза 

болып, «ләй-ләй-ләймен» жүре бергенмін ғой. Сол 

Зәкеңнің арқасында мұрағатым жинақталып, 200-

ден аса әндерім қазір өзімде бар. Бір жылдың өзінде 

мен отыз шақты әнді дүниеге әкелемін. Алла Тағала 

жазып, халқыма он жылдай қызмет жасасам алда, 

өзің санап көріңіз, әжептеуір ән жиналып қалады 

екен. Құдайым соған жеткізсін дейік. 

- Заман ағымынан қалуға әсте болмайды. 

Неліктен сіздің жеке ресми сайтыңыз жұмысын 

тоқтатты? 

16 


Ұлт дауысы 

- Қаражат қой сол (күліп). Кезінде Ресей-

ден мамандар келіп ашып еді. Ол 47 мемлекетке 

тарайтын халықаралық сайт болғандықтан 3 айға 

800 АҚШ долларын төлеу керек екен. Кезінде 

Республика сарайындағы концертімді әлемнің 47 

еліне онлайн режимде сол сайт арқылы тікелей 

эфирде таратқанбыз. Соңғы жылдары ол сайт-

ты жалғастыруға зауқым болмады. Бір шетінен, 

мазаңды қатты алады екен, сан мыңдаған сұрақтар, 

сұрақ болғанда, мәдениеттен тыс сұрақтар қарша 

жауатын. Солардан құтылып, бір жеңілдеп 

қалдым. Екіншіден, сөз басында айтқандай, 

қаржы жағын көтермеймін. Мені елдер ақшасы 

шашылған бай деп ойлайды. Тек елдің маған де-

ген құрметіне ғана байымасам - жағдайым бір 

қалыпты. Астымда баяғы Зәкеңнен қалған Мер-

седес автокөлігі. 9 жыл болды жүргеніме. Қазір 

жалғыз өзім екі үйді ұстап отырмын. Екеуі де 

Зәкең қалдырған сарайдай үйлер. Біреуі қазір 

ағаңның мұражайы. Ай сайынғы әлеуметтік 

төлемдерінің өзіне 120 000 теңге кетеді. Жылуы, 

суы дегендей. Қазір бәріне есеп қойып қойды ғой. 

Судың өзін есептейді. Көп жуынсаң көп төлейсің. 

Түнгі тариф арзан екен. Енді суға түсу үшін түнді 

күтетін болдық. Ал менің Халық әртісі ретіндегі 

жалақым 50 000 теңге. Бүгінгі таңда әншілер 

қауымы мен өнер адам-

дарына аз көңіл бөлініп 

келеді. Осыдан кейін 

әншілер қайтіп тойға 

шықпасын? Айтатын 

әңгіме көп. Біз, әрине, 

ел үшін жүргеннен 

кейін бәріне шыдаймыз, 

көнеміз. Бірақ айта-

рым - Біз секілді Халық 

әртістеріне жоғарғы 

жақ үлкен көңіл бөлсе 

деймін. 

- Көлік жүргізе 

аласыз ба? 

- Кезінде маши-

на жүргізуге ынтық 

болғанмын. Зәкең «Мен 

тұрғанда, Жануля!» деп 

зор дауысымен бетімді 

қайтарып тастағаннан 

кейін ақылға келіп, сол 

күйінде қалған болатын. 

Ол Алматыда машина аз 

кез болатын. Қазір тіпті 

отырмас едім. Оның үстіне, мен арқалы қызбын. 

Ол кездері Мәдина Ералиева ғана көлікпен 

жүретін біздің қыздардың арасында. Ол машина 

айдағанда 200 км/сағ жылдамдықпен зуылда-

татын. Бір рет Мәкеңнің машинасына отырып, 

Астафралламды қайта-қайта айтып, жүрегімді 

ұстап, әрең түскенмін. «Масқара, мұның не?» 

десем: «Ей, сен де арқалы қызсың ғой, рульге 

отырғанда тура менің кейпіме түсер едің» дейтін. 

Талай жақсы адамдарымыз машинадан арғы 

өмірге аттанып жатыр ғой. Сондықтан оған үйір 

болуды баяғыдан тоқтатқанмын. 

- «Әдемі-Ай» журналына деген тілегіңізді 

естісек. 

- «Әдемі-Ай» деген аты өте керемет 

қойылған. Жалпы, ол өте жылы сөз ғой. Тек 

жақсы жақтарға қолданатын сөз. Адамдар 

«мынаның әдемісін-ай, сөзінің эдемісін-ай» деп 

таңқалысып жатады. Барлық жағынан алсаң 

да өте бір қасиетті сөз. Сіздерге әдемі-әдемі 

сөздер жазылған хаттар көп түсе берсін. Әдемі 

журналдарыңызда әдемі адамдарды жариялап, 

әдемі болудан жалықпаңыздар демекпін. 



- Әңгімеңізге рахмет! 

Сұхбаттасқан 

МАДИЯР ӘБІЛҚАЙЫР 

17 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал