Менің ойымша, қоғамда мем­ лекетқұраушы қазақ ұлты екен дігі



жүктеу 0.76 Mb.
Pdf просмотр
бет1/6
Дата22.01.2017
өлшемі0.76 Mb.
#1149
  1   2   3   4   5   6

 

Иә

–  Менің  ойымша,  қоғамда  мем­

лекетқұраушы  қазақ  ұлты  екен дігі, 

қазақ  халқының  Қазақстан  мем ле ке­

тінің  тұрақты  дамуындағы  айрықша 

рөлі мен миссиясы жөнінде оң ой қа­

лыптасқан. Соңғы кездері билік өкіл­

дерінің де қазақ ұлтының мәсе лелеріне 

оң  қабақ  танытып,  мем лекеттік  құ­

жаттар  қабылдаған  кезде  ұлт  зия лы­

ларымен  келісіп  отыруы  жақсы  құ­

былыс. Бұған өзге ұлт өкіл дері де мо­

йынсұнып келеді. Сонымен қатар Қа­

зақстан Кеңес Ода ғы ыды раған кезде 

әлеуметтік­эко номи калық  даму  сала­

сында 13­орынға ие болып келсе, бүгін 

Еуразия аумағын дағы табысты мемле­

кет тердің қата рына еніп отыр.



Жоқ 

–  Өзге  ұлттарды  қазақы  рухқа 

топтастырудың жауапкершілігі үлкен 

екенін уақыттың өзі дәлелдеп келеді. 

Президент әр сөзінде қазақтың мем­

лекетқұраушы  ұлт  ретіндегі  қоғам­

дағы рөлін айтып жүр. Бірақ біз өз­

гені қазақы рухқа тәрбиелемек түгі л, 

өзіміздің  бойымыздағы  рухты  жаң­

ғырта алмай келеміз. Сондықтан өз­

гені жетекке алуымыз үшін өзімізді бір 

жөнге келтіріп алуымыз қажет. Мем­

лекетқұраушы ұлттың жауап кер шілі­

гін  толыққанды  сезіне  алмай  келе 

жатуымызға кедергілер өте көп. Бұл 

мәселелерді  ашып  айтатын  болсақ, 

қазақтардың  біраз  бөлігі  әлі  күнге 

дейін өз ана тілін білмейді. 



Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

Нұр-Ахмет ДоСМҰХАМБЕТ, 

қоғам қайраткері:

«... орысша жалғастыра бе­

рейін,  себебі  орысша  айтып 

келіп, ішіндегі атаулар қазақша 

болғасын,  қазақшаға  ауысып 

кетіп  жатырмын.  Бірақ  орыс­

шам  жетеді,  біршама  білімім 

бар, орысша да».



(Кеше жаңадан жарияланған 

«Ел бірлігі» доктринасын 

таныстыру кезінде айтқаны)

№70 (296) 

30 cәуір  

жұма 2010 жыл

 

...де

дiм-ай, а

у!

3-бетте

Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ,  

Дүниежүзі қазақтары 

қауымдастығының төраға орынбасары:

Ерлан САИРоВ, 

Мәдени саясат және өнертану 

институтының директоры:

Ой­КӨКПар 



C

M

Y

K

C

M

Y

K

C

M

Y

K

C

M

Y

K

Мемлекетқұраушы ұлт ретінде өзге ұлт өкілдерін қазақи 

рухқа топтастырудың жауапкершілігін сезініп жүрміз бе?

қазір қоғамда «қазақ мемлекетқұраушы 

ұлттың жауапкершiлiгiн әлі де болсын сезіне 

алмай келеді» деген пікір болғанымен, оған 

кереғар «сезініп жүргенімізбен, өзге ұлттар оны 

мойындағысы келмейдi» деген де ойлар ай-

тылады. Бірақ мойындату мен күштеуді шатас-

тырмауымыз керек. Доминантты мемлекеттің 

негізін қалап отырған ұлттың төңірегіне өзге ұлт 

өкілдерін топтастырудың әлемдік тәжірибелері 

де жоқ емес. Дүниежүзілік тәсілдерге сүйене оты-

рып, өзіндік жол қалыптастырып келе жатқан 

қазақстанның мемлекетқұраушы ұлты өзге ұлт 

өкілдерін қазақи рухқа топтастырудың жауапкер-

шілігін сезініп жүр ме? Міне, осы сауалды зиялы 

қауым өкілдеріне қойған едік. 

Кеше Парламент Сенатының жалпы 

отырысында депутат Сәрсенбай Еңсегенов 

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің атына 

сауал жолдап, мектеп оқушыларына 

арнап шығарылып жатқан оқулықтардың 

сапасына алаңдаушылығын білдірді.

Өткен жылғы жалпыхалықтық санақтың нәтижесі көрсеткендей, 

еліміздегі мемлекетқұраушы ұлттың үлес салмағы 63 пайыздан асты. Соңғы 

сәтке дейін құбылып келсе де, көңілге медеу болған бұл статистикалық 

көрсеткіш қазақтардың өзге ұлт өкілдерін топтастыру жауапкершілігін 

мойнына алуға қабілеттілігін көрсетеді. Демек, ендігі жерде қазақстан 

халқының мемлекетшілдік рухы доминантты қазақ ұлтының этномәдени 

құндылықтарының аясында қалыптасуы заңды. Мемлекет басшысы да әрбір 

Жолдауында ел халқын біріктірудегі қазақтардың рөлін айрықша айтып келеді. 

Дала демократиясы 

жайма­шуақ қоғамда 

өмір сүруімізге игі 

әсер етті

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

ДАТ!

6-б

етте

Александр ДЕДЕРЕР:

ж

аңғыры



Қ

Сенатор  газетіміздің  №65  санында  жарық  көрген 

«Оқушыны  да,  оқытушыны  да  адастырған  оқулық» 

атты  мақалаға  байланысты  алаңдаушылығын  біл­

дірді.  Сәрсенбай  Еңсегенов:  ««алаш  айнасы»  газе­

тінде  соңғы  жылдары  шыққан  оқулықтардың  64 

пайызының  сапасы  сын  кө термейтіндігі  айтыл­

ған.  Осы  мақалада  пікірлерін  біл дірген  маман­

дар  қолданыста  жүрген  математика  пәнінің  оқу­

лығы  мүлдем  талапқа  сай  еместігін  айт қан.  ал 

Қаныш  Сәтбаев  атындағы  Қазақ  ұлттық  тех ни ка лық 

университетінің  доценті  Кәмила  Бүкібаева  мате ма­

тика  оқулықтарындағы  өрескел  қателіктердің  бірі 

—  ондағы  жаттығулар  қате,  шешулері  шықпайды 

жә не  есептің  жауабымен  сәйкес  келмейтіндігін  айт­

қан.  Бұл  оқулықтардың  барлығы  мемлекеттен  бө­

лініп  отырған  мол  қаржының  арқасында  шықты.  ал 

оның  сапасына  кім  жауап  береді?  Біз  дамыған  ел дер 

қатарына  қосылуымыз  керек,  жастарымыз  бә секеге 

қабілетті болуы қажет дейміз. Бұл биік мұ ратқа жетудің 

басты  құралы  —  оқулықтар,  ал  оны  да йындаудағы 

келеңсіз  жайттар  осыған  тұсау  болмай  ма?»  —  деген 

қынжылысын  білдірді.  Сондай­ақ  ол  оқулықтардың 

авторлары  шетел  азаматтары  екен дігін  айта  келе, 

«Сонда  біздің  өз  елімізде  сапалы  оқу  құралын 

дайындауға  қабілетті  бір  ғалымның  не  ма манның 

болмағаны  ма?  Егер  шынымен  осылай  бол са,  бұл 

біздің елдігімізге сын және оны мемлекеттік деңгейде 

қарау қажет», — деп атап көрсетті.

алдағы уақыттарда «алаш айнасы» газеті еліміздегі 

оқулық тар  сапасы  мәселесін  әлі  де  егжей­тегжейлі 

зерттей түспек.



Мемлекетшілдік рухты 

қалай асқақтата аламыз?

жалпы, мемлекет халқын бір идеяға топтастыру 

арқылы  мемлекетшілдік  рухын  қалыптастырудың 

әртүрлі  үлгісі  бар.  Олар:  этномәдени  құндылықтар 

арқылы  бірігу,  діни  наным­сенімдерімен  топтасу 

және әлеуметтік­экономикалық мүдделер аясында 

тұтастану.  Мұның  алғашқысы  әлемдегі  ұлттық, 

унитарлы  мемлекеттердің  (жапония,  Түркия,  Гер­

мания  т.б.)  таңдауы  болса,  соңғы  екеуі  көпұлтты, 

федеративті  (ресей,  Қытай,  аҚШ,  Бразилия  т.б.) 

елдердің бағыты. Тәуелсіздік алған 90­жылдардың 

басында  біздің  жас  мемлекетіміз  әлеуметтік­

экономикалық  мүдделер  аясында  азаматтарды 

топтастыру  үлгісін  таңдады.  Әдейі,  жоспарланып 

емес,  заманның  ағымына,  сол  кезеңдегі  әл­ауқа­

тымызға  байланысты.  Демографиялық  жағдай 

өз геріп,  әлеуметтік­экономикалық  әл­ауқаты  бел­

гі лі бір деңгейге көтерілген қазіргі кезде мемлекет­

құраушы ұлттың, жалпы қоғамның талабы өзгеріп ке­

леді. Бұған қоғамда қалыптасқан сан алуан пікірлер 

мен  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  тікелей  желі 

арқылы  халықпен  қаңтар  айында  өткізген  кон­

ференциясында  айтқан  «Ұлттық  идеяны,  басқа  да 

бір  идеяны  тыныш  кабинетте  тудыру  мүмкін  емес. 

Ұлттық  идея  қоғамның  дамуынан  туындайды»  

деген сөзі дәлел.

Уақыттың  өзі  дәлелдеп  келе  жатқандай,  жа­

һандық  немесе  мультимәдениет,  космополиттік 

құндылықтар  белгілі  бір  идеологияға  тірек  бола 

алмайды. Мұны кезінде мәдениеті мен менталитеті 

бөлек  120­дан  астам  тілде  сөйлеген  300  млн­ға 

жуық  халқы  болған  КСрО­ның  тарихынан  жақсы 

білеміз. Мемлекетшілдік рух сол елдегі басым ұлттың 

рухани құндылықтары жалпыға ортақ құндылыққа 

айналғанда  ғана  биік  бола  алады.  Сол  Кеңестер 

Одағының халқы 70 жылға жуық доминантты орыс 

ұлты тілі арқасында ұйысып келді.

Жалғасы 3-бетте

а

бай ОМ



ар

ОВ (к


олла

ж)

оқулық мәселесі 



сенаторды да 

алаңдатады

Жарқын ТҮСіПБЕКҰЛы

РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№70 (296) 



30.04.2010 жыл, жұма

www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz



түйін

СаяСи бюро



? Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Аз ұлттардың құқықтарының халықаралық 

жүйесінің пайда болуы қай кезеңнен басталады?

Қуатбек БАйБОЛОВ, Талдықорған

Бұл  жүйе  алғашқыда 

екі мемлекет арасында ға­

на  жүзеге  асырылатын. 

Яғни  бір  мемлекет  өзінің 

диас порасы тұратын екін­

ші  бір  елмен  келіссөздер 

жүргізу  арқылы  ғана  аз 

ұлттардың  құқық тарының 

сақталуын қам тамасыз ет­

кен.  Ал  бұл  мә селе  1877 

– 1878 жыл дардағы орыс­

түрік со ғы сынан кейін ха­

лықаралық  дең гейге  кө­

терілді. Бұ дан кейін уа қыт 

өте  келе  Ұлттар  лигасы 

құрылып,  ха лықаралық 

сот та  тұрақты  палата  құ­

рылды.  БҰҰ­ның  жалпы 

декла рациясына аз ұлттар­

дың  құқығын  қор ғау  ту­

ралы бапты енгізуге АҚШ, 

Фран ция,  Австра лия,  Чи­

ли, Бразилия сияқ ты елдер 

атсалысқан. 

Бірұлтты мемлекеттерге қай елдер кіреді?

Аз ұлттардың құқығын кім қорғайды?

Қазақстанның көпұлтты мемлекет екені баршамызға аян. Әлемде басқа да қандай 

көпұлтты мемлекеттер бар және бірұлтты мемлекеттер қатарына қай елдер жатады?

Айдын БЕКҰЛЫ, Алматы қаласы

Жалпы,  әлем  елдегі  этникалық  ше ка­

расы  мен  мемлекеттік  шекарала рының  сәй­

кес  келетін,  келмейтініне  орай  бірұлтты  және 

көпұлтты  болып  бөлінеді.  Жер  бетіндегі  мем­

лекеттердің  жартысына  жуығы  бірұлтты  болып 

саналады.  Бұл  елдердегі  негізгі  ұлттың  саны 

90  пайызды  құрайды.  Әсіресе  Еуропадағы, 

Латын  Америкасындағы  және  Таяу  Шығыстағы 

елдердің  басым  бөлігі  бірұлтты  болып  келеді. 

Мысалы,  бірұлтты  елдердің  қатарына  Дания, 

Шве ция,  Германия,  Польша,  Италия,  Жапония, 

Сауд  Арабиясы,  Египет  секілді  мемлекеттер 

жатады. Ал көпұлтты мем лекет деп мемлекеттік 

шекара  шең берінде  бірнеше  этнос  мекен 

ететін  елдерді  атайды.  Яғни  көпұлтты  елдердің 

қатарына  этникалық  құрамы  күрделі  Үндістан, 

Ресей, Швейцария, Филиппин сияқты, сондай­

ақ  Батыс  және  Оңтүстік  Африканың  бірнеше 

мемлекеттері  жата ды.  Ең  көпұлтты  аймақ 

Оңтүстік  Азия  болса,  ең  көпұлтты  мемлекет 

–  Үндістан.  Егер  мемлекетті  құрайтын  негізгі 

ұлттың үлес салмағы шамамен 70 пайыздан тө­

мен болса, онда мұндай мемлекеттер көп ұлтты 

болып саналады.

АҚОРДА


ҚАТЕР

Сондықтан тасқынның дамбаны ша йып 

кетуі  де  ықтимал.  Осыдан  қауіптенген 

құтқарушылар  кеше  түнде  1500  адамды 

қауіпсіз аймақтарға көшіру туралы шешім 

қабылдады. Сөйтіп, ол адамдар уақытша 

Самар  ауылы  маңындағы  мектептерге 

орналастырылды. Жалпы, аталған ауылда 

жеті мыңға жуық тұрғын бар.

Қазір төтенше жағдайлар қызметі бас­

қармасының  60  адамы  7  техника,  4  қа­

йықты  қолданып,  құтқару  шараларына 

қамдануда. Сондай­ақ осы Көкпекті ауда­

нындағы  Қалғұты,  Қарашілік  ауылдарын 

да су басу қаупі бар. 

Елмейір АХМЕД, 

Өскемен

Лайлы жайлы болмай тұр

Көкпекті ауданындағы Самар ауылын су басу қаупі басым. Бұл 

аймақтағы Лайлы суқоймасы арнасынан асып, ақырындап жайыла 

бастаған. 

Елшілердің  қатарында  Ұлыбритания 

және  Солтүстік  Ирландия  елшісі  Дэвид 

Джон Моран, Беларусь Республикасының 

елшісі  Валерий  Брылев,  Иран  Ислам 

Республикасының  елшісі  Горбан  Сейфи 

және  Түрікменстан  елшісі  Мағтымұлы 

Ақмырадов бар. 

«Сіздердің миссияларыңыз біздің елі­

міз  үшін  қызықты  әрі  жауапты  кезеңде 

басталып  отыр.  Қазақстан  өзінің  Тәу ел­

сіздігінің  20  жылдығына  сенімді  қадам­

дармен  жақындап  келеді.  Қазақстан  осы 

жылдар  ішінде  біздің  өңірдегі  маңызды 

мемлекет  ретінде  қалыптасты.  Біз  саяси 

тұрақтылықты,  ұлтаралық  келісімді,  қо­

ғамдағы  конфессияаралық  төзімділікті 

нығайттық.  Қазақстан  халықаралық  қо­

ғамдастықтың  сенімді  және  жауапты 

әріптесіне  айналды»,  –  деді  өз  сөзінде  

Н. Назарбаев.

Президент Қазақстан ТМД кеңістігін­

де  әлеуметтік­экономикалық  жаңару 

сала сында,  ықпалдастық  үдерістерді 

дамы туда сенімді түрде көш бастап келе 

жат қанын  атап  көрсетті.  «Таяу  жылда ры 

біздің  ел  ИКҰ,  ШЫҰ,  ТҮРКСОЙ­ға  тө­

рағалық  жасайтын  болады.  Мәртебелі 

халықара лық  ұйымдарға  төрағалық  Қа­

зақстанның Тәуелсіздік жылдары ішіндегі 

әлеуметтік­экономикалық,  қоғамдық­

саяси  табысын,  қазақстандық  даму  мо­

делінің  халықаралық  қоғамдастық  та­

рапынан  мойындалғанын  көрсетеді»,  – 

деді Мемлекет басшысы.

Елбасы елшілерді қабылдады

Кеше Елбасы нұрсұлтан назарбаев бірқатар мемлекеттердің 

Қазақстандағы елшілерімен кездесіп, Сенім грамоталарын қабылдады. 

БЕрЕзОВСКийДің «Егізі»

Қазір де Темза жағалауында алаяқ қыл­

мыскерлер  қатары  көбеймесе,  азая тын 

емес. Соның бірі – аты шулы Борис Бере­

зовский.  Бүкіл  мемлекеттік  аппаратты 

уысында ұстаған «оппозицияшыл» Бере­

зовскийдің  Ұлыбританияда  ірі  қаржы 

активтері жинақталған. Тек «Аэрофлот ісі» 

үшін  өз  елінде  алты  жылға  сотталғаны 

белгілі.  Сөйтсе  де,  мұртын  балта  шабар 

емес.  Қазір  Лондон  көшелерінде  алшаң 

басып, ұрлаған миллиардтарын жеп жа­

тыр. БАБ (оны өз елінде осылай атайды) 

анда­санда  Ресейдің  мемлекеттік  құры­

лымын теңселтуге бағытталған түрлі жоба­

ларды қаржыландырып қояды. 

Біздің  бұрынғы  банкир  Мұхтар  Әб­

лязов та осында. Күрескер кейпінде көрінуі 

жағынан құдды Березовский дерсің. Өзге 

де ұқсас жақтары жетерлік. Екеуі де жоғары 

мемлекеттік қызметте болған. Мемлекеттік 

келісімшарттарды пайдаланып, миллиард­

таған ақша жасаған. Екеуі де мемлекеттің 

қаржысын  талан­таражға  салған.  Енді 

Лон донда  бас  сауғалап,  бостандық  пен 

демократия жолындағы күрескер кейпіне 

ене қалыпты. 

Сөйтсе  де,  сарапшылар  осы  екеуінің 

саяси жетекші болуға сүйкімділігі жетпейді 

деседі. Березовскийдің ой­өрісі Әбля зовқа 

қарағанда жоғары дейтіндер де табыла ды. 

Содан  ба,  Борис  мырзаның  қылмысы  өз 

елінде тек жартылай әш кереленген. Әбля­

зовтың жөні басқа. Оның барлық қылмысы 

дәлелденіп,  мойнына  қойылды.  БТА­ны 

төрт  жыл  басқарған  экс­олигарх  қыруар 

қаржыны  шетке  та сы малдау  мақ сатында 

осы банкті мейлінше пайдаланды. Қазақ­

станның сырттағы бе дел­дәрежесін алдыға 

ТҮЙТК


іЛ

тұманды Альбиондағы тұманды жандар

тарихқа көз жүгіртсек, тұ-

манды Альбионға өңшең қаш-

қан-пысқан қылмысты үйір. 

Бағзы заманнан бері солай. 

Кезінде бүкіл теңіз сауда-

гер лерінің үрейін ұшыр ған 

Фрэн сис Дрейк деген қаты-

гез қарақшыға ағылшын 

коро левасы адмирал атағын 

беріпті. ХіХ ғасырда алаяқ пен 

қылмыскер атаулы нақ осы 

Лондонға ағылушы еді. Сөйтіп, 

жазадан құтылатын. «неге 

олай» деп бас қатырып жатқан 

жан жоқ. Әйтеуір ақшасын осы 

елдің экономикасына құйса 

болды.

салып,  Батыстан  миллиардтаған  доллар 

несие алды. Са лымшыны көбірек тарту үшін 

жарнамаға  ақшаны  аямай  төкті.  ірі 

компаниялар бе делді деп санаған дықтан, 

депозиттерін  осы  банкте  ашты.  Бірақ 

шетелден  алған  несие  де,  азамат тардың 

жиған­тергені  де  шетке  әкетілді.  Бұл  бір­

неше тәсілмен жүзеге асырылды. Мәселен, 

ол Ресей мен Грузия дағы еншілес банктері 

арқылы  өзінің  кірік кен  фирма ларындағы 

жобаларды  қаржы ландырды.  Сондай­ақ 

банк  өз  фирма ларына  несие  берген. 

Кепілдікке  қойылған  мүлік  құны  жоғары 

бағаланғаны өз ал дына, мүлде жоқ мүлікті 

кепілдікке қойып асыра сілтегені тағы бар. 

Кепілдікке  қо йылған  жердің  пәлен  есе 

құнсызданып кеткенін де айту керек. 

Ақыр соңында Әблязов та Березов ский 

сияқты  елден  табанын  жалтырат ты. 

Банкир мен  қоса,  сыбайластары  Р.Солод­

ченко  мен  Ж.Жарымбетова  қашып  кетті. 

Бұл  қылмыскерлерге  еліміз  тарапынан 

халықаралық  іздеу  жарияланып,  экстра­

дициялау талабы қойылғанымен, Ұлыбри­

тания  «қалталы  қапшықтардан»  айыры­

латын түрі жоқ. Ұрлық ақша ағылшын эко­

номикасына жұмыс істеуде. Әблязов өзі нің 

«ақпарат  соғысын»  қыздырмақ  ниетпен 

жарнама  мен  бұқаралық  комму никация 

саласында  маманданған  жергілікті  фир­

маны жалдапты.



ДӘніКЕннЕн ҚҰнЫҚҚАн 

жАМАн

Қарап отырсақ, ТМД шекпенінен шық­

қан  лондондық  қашқындардың  қылмыс 

тәсілдері  бірдей.  Қуғында  жүрсе  де, 

Әблязов  «БТА  банк  Украина»  акция ла­

рының бір бөлігін (33,99 пайызын) қақ­

шуды ойластырыпты. Бұл орайда, украи­

налық Николай Лагуннан жақсы көмекші 

жоқ еді. Ол нағыз рейдерлік тә сілді қол­

данды.  Лагунның  атына  тиісті  сенімхат, 

бар лық құжат рәсімделді. Сөйтіп, украин 

сот тарының  бірінде  (әлбетте,  ірі 

сыйақының  жәрдемімен)  әлгі  акциялар 

пакетін  тұтқын дау  туралы  заңсыз  шешім 

қабылдаттырған.  Одан  кейін  «БТА  банк 

Украина» акцио нерлерінің реестріне шын­

дыққа жанас пайтын өзгерту енгізуге заң­

сыз  әрекет  жасалды.  Әблязовқа  тиесілі 

«Еуразия­Ук раина» инвесткомпаниясының 

бастама сымен  2009  жылдың  15  маусы­

мында  шұ ғыл  шақыртылған  акционер­

лердің жалпы жиналысы оған өз «батасын» 

беруі  тиіс  еді.  Әлгі  соттың  заңға  қайшы 

шешімін  одан  жоғары  тұрған  сот  жоққа 

шығарған  соң,  бастама  көтерушінің  кел­

меуі себебінен бұл жиналыс өтпей қалды. 

Осылайша  қулықтың  түбі  көрініп  қалды. 

«БТА банк Украинаға» жасалған рейдерлік 

шабуыл іске аспады. 

Әйтсе де, бұл сәтсіздік Әблязов­Лагун 

жұбының  құлшынысын  тоқтата  алмады. 

Рейдерліктің нысанасына Украинаның ірі 

сақтандыру  компаниясы  «Оранта»  ілікті. 

2006 жылы оның акциялар пакетін «БТА 

банк» сатып алған болатын. Оның бір бө­

лігін Әблязов өзіне тиесілі Corolino Traading 

Ltd  және  Saleta  Ltd  кипрлік  ком пания­

лардың иелігіне қайта рәсімдеді. Лон донға 

қаш қан  соң,  «Орантаның»  бар лық 

акцияларын  бақылай  алмаса  да,  оған 

көнгісі келмеді. Осы кезде Лагун көмекке 

келді.  2009  жылдың  қазан  айында  ак­

цияларды қосымша эмиссиялаған соң, ол 

сақтандыру компаниясына акционер бол­

ды. «Оранта» көп ұзамай­ақ 130 млн гри­

венді Лагунның бақылауындағы «Дельта­

банктің»  депозит  есепшотына  оралас­

тырды. Ар жағы белгілі: ақша жым­жылас 

жоғалды. 

Биылғы  жылдың  ақпан­наурызында 

«Оранта»  басшылығы  банкке  бұрынғы 

депозит  келісімдерінің  қызметін  тоқтату 

туралы  бірнеше  рет  жазбаша  ескертпе 

жіберді. Онда сақтандыру компаниясының 

ағымдағы  шотына  түскен  түсімдер  мен 

салымдарды  қайтаруды  талап  еткен  еді. 

Мұндай  шешімді  «Оранта»  басқармасы 

қабылдап, бақылаушы кеңес қолдады. Бірақ 

«Дельта­банктің»  басшылығы  жо ғарыда 

аталған келісімдердің қызметін мерзімінен 

бұрын тоқтатуға қарсы екен діктерін сылтау­

ратып, ақшаны қайтарудан бас тартты. Әб­

лязовтың әріптесі Лагунның рейдерлік тәсілді 

пайланғаны  айдан  анық:  ол  «Орантаның» 

қаржылық жағдайын қасақана нашарла­

тып, содан кейін барып компания акцио нер­

лерін қолындағы ак цияларды төмен баға­

мен сатуға мәж бүрлеуден басқа түк те емес. 

Әрмен  қарай  ақшаны  қалай  бөліспекші 

болды – ол жағы тек өздеріне мәлім.

Қазір Украинаның ақпарат құралдары 

алаяқтығы әшкереленген Лагун Еуропа­

ға қашады деп әртүрлі долбар айтуда. Егер 

Лагун  құқық  қорғау  мекемесінің  құ­

рығынан  құтылып  кетсе,  Әблязовтың 

рейдерлік  әрекетінің  кезекті  «тірі  дәле­

ліне»  айналатын  шығар.  Онда  тұманды 

Альбиондағы  алаяқтар  қатарына  тағы 

біреу қосылады деген сөз. 

Иә,  Лондон  бизнесмен­қылмыскер­

лерді  өте  сирек  қайтарады.  Бірақ  кейде 

оның  жүрісінен  жаңылатын  кезі  болады 

екен. 2009 жылдың 12 қарашасында Лон­

донның арбитраж соты Әблязовқа қа тысты 

барлық  активтерді  тоқтатуға  ше шім 

шығарды. Бұл қадамның бұрынғы банкир 

үшін өте күтпеген соққы болғаны сөзсіз.

Алия СЫДЫҚОВА

СЕНАТ


Бұған  түрткі  болған  –  депутаттардың 

көке йіндегі  түрлі  күмәндар.  Қазіргі  күні 

биоотын  өндірісімен  айналысып  келе 

жатқан бірден­бір зауыт Солтүстік Қазақ­

стан  облысының  Тайынша  қаласындағы 

«Биохим» компаниясы екені белгілі. ТМД­

дағы  тұңғыш  зауыт  деп  танылған  бұл 

компанияны  2006  жылы  Елбасының  өзі 

барып ашып кеткен. Содан бері зауыттың 

«гүрілдеп» жұмыс істеп тұрғанына 4 жыл­

дай  уақыт  өтті.  Өнімдерін  нарыққа 

шығарып, бизнестерін айналдырып келеді. 

Зауыт  тарапынан  бүгінгі  таңға  дейін 

ешқандай  арыз­шағым  түскен  емес. 

Заңдық  жағынан  қандай  да  бір  кедер­

гілердің болғаны да естілмейді. Осы жерде 

сенаторлардың таңғалатыны – егер жұмыс 

тәуір­ақ жүріп жатқан болса, бір ғана зауыт 

үшін заң не үшін керек боп қалды? 

Жиында  Парламент  Сенатының  де­

путаттары «Тұрғын үй қатынастары туралы» 

Заңына өзгерістер мен толық тыру лар енгізу 

туралы»  заң  жобасын  қабыл дап,  Елбасы 

Нұрсұлтан  Назарбаевтың  қол  қоюына 

жіберді.  Соңғы  заң  жобасының  мақсаты 

Ұлы  Отан  соғысының  (ҰОС)  мүгедектері 

мен  қатысушыларына  мемле кеттік  тұр­

ғын үй қорындағы өздері тұратын тұрғын 

үйлерін  жекеменшігіне  тегін  алуға  мүм­

кіндік  береді.  Сондай­ақ  бұл  құжат  бас­

панасы жоқ ҰОС мүгедектері мен қатысу­

шыларына  мемлекеттік  қордан  не месе 

жалға берілетін тұрғын үйді кезектен тыс 

алуға  кепілдік  береді.  Сондай­ақ  Пар­

ламент Сенаты бейсенбі күні кеңей тілген 

отырысында  «Сыртқы  барлау  тура лы» 

және  «Мәдениет  туралы»  заң  жоба лары 

бойынша  Мәжіліспен  арадағы  ке ліс­

пеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісу ко­

мис сиясының  ұсыныстарын  қабылдады. 

Құжаттар  мемлекет  басшысының  қол 

қоюына жолданды.



Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.76 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет