Менің кішкентай Отанымның тарихы



жүктеу 15.97 Kb.
Дата14.09.2022
өлшемі15.97 Kb.
#21189
Менің кішкентай Отанымның тарихы

Менің кішкентай Отанымның тарихы
Павлодар облысы 1938 жылы қаңтар айында құрылған. Облыс орталығы – Павлодар қаласы, ол Қазақстанның солтүстік-шығысында, acа ірі өзені Ертіс жағасында орналасқан. Өңір құнды мәдени әлеуетке ие, жүздеген кітапханалары, екі кәсіпқой театры, түрлі бағыттағы ондаған мұражайлары, көптеген тарихи және архитекторлық ескерткіштері бар өңір болып табылады.
Археологиялық зерттеулер Ертіс өңірінде тарихқа дейінгі кезде адамдар саны көп тайпалар өмір сүргенін көрсетеді. Ежелгі адамдардың тұрақтау іздері Баянауыл ауданында, Ертіс өзенінің жиегінде табылды. Тастан жасалған қарулар, жебелер мен найзалардың кремнийден жасалған ұштары табылды. Мыңжылдықтар өз кезегімен өтіп жатты, Ертіс өңірінде тұрып жатқан түрлі тайпалардың мәдениеті өзгеріп отырды. Бұнда қимақтар, үйсіндер, қаңлылар, наймандар көшіп жүрді
20-ғасырдың бірінші жартысында Павлодар қаласының темір жол құрылысымен және Ертісте кеме қатынасының дамуымен шаруашылық және экономика тез қарқынмен дамыды. Қолайлы экономикалық-географиялық орналасуы, бай ресурстары және тағы да басқа факторлардың қол жетімдігі 1957 жылы Павлодар-Екібастұз аумақтық-өнеркәсіптік кешеннің құрылуына әсер етті. Бұл өнеркәсіптің жаңа салалары: қара және түрлі түсті металлургия, көлік жасау, алюминий, мұнай өндіру және химия салаларының дамуына әкелді.
Павлодар өңірі – талантты ақындар, жазушылар , әншілер, қоғам қайраткерлері мен өнер адамдары өте көп, рухани да табиғи байлығы мол өлке
Ақындар адамдардың өміріндегі мәселелердің аздығы мен көптігіне қарамастан оған көңіл бөлуді өздерінің парызы ретінде санаған. Оған Көтеш, Қобылан, Сақау және басқа ақындардың поэзиялары көрнекті болды.

Қазан төңкерісінің оқиғалары XX ғасырдың әдебиетіне ықпал жасады, әдеби шығармалар ағартушылық ойдың мәні сипатында өрбіді. Ж.Аймауытовтың, С.Торайғыровтың, С.Дөнентаевтың, Қ.Кемеңгеровтің және басқаларының шығармалары жеке кітап болып шықты. XX ғасырдың 30-жылдарындағы қазақ поэзиясында біздің жерлес ақындарымыз – Қалижан Бекқожин, Д.Әбілев, И.Байзақов көрнекті орын алды
жүктеу 15.97 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет