«Мен заңды қаншалықты жақсы білемін?»



жүктеу 21.57 Kb.
Дата19.03.2022
өлшемі21.57 Kb.
#18258
10 б ашык сабак
Сен және заң

Сен және заң
Арай: Құрметті ұстаздар,оқушылар біздің « Сен және заң » атты пікірталас сабағымызға қош келдіңіздер! Әрбір адам өз құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі керек. Сондай – ақ заң адамға міндеттер жүктейді. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне,денсаулығына,ар-намысына қол сұкпауы керек.
Аружан: 18 жасқа толғанға дейінгі әрбір адам бала болып саналады. Бұл бала құқығы туралы Конвенциясының бірінші бабында айтылған. Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды –демекші Бауржан Момышұлы ағамыз,бір жағадан бас,бір жеңнен қол шығарып тәртіпке бағынғанымыз дурыс. Осы орайда оқушылар біздің өмірде,қоғамда қолданатын бала құқығының кандай баптарын білесіздер?Соларға тоқтала кетсек.

« Мен заңды қаншалықты жақсы білемін?»


Ендігі назарларыңызды мен заңды қаншалық ты жақсы білемін деген айдарға аударсақ.Қазір мен сіздерге жағдайларды оқитын боламын.Бұл жағдайлар қылмысқа жатама жоқ па бірге талдап,түсінітеме беріп көрейік.
1. Дүкенде спирттік ішімдікпен бірге есірткі де сатылады. Қалай ойлайсыздар бұл заңды әрекетке жатама?Дүкендерде есірткі сату дұрыс деп ойлайсыздар ма?
2. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе жатыр. Жастардың бұл қылығына қалай баға берер едіңіздер. Көше тыныштығын бұзу қаншалықты дұрыс сіздер үшін?
3. Сат ушы сатып алушыға байқамай артық ақша беріп жіберді, ал сатып алушы өзіне тиесілі ақшадан артық екенін біле тұра қайтіп бермеді. Сатып алушының әрекетін заң тұрғысында бағалап көріңіздерші. Зан бойыншы жауапқа тартылады ма?
4. Бір оқушы сыныптасына: « ертең 200 теңге әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз» деп күш көрсетті.Бұны қалай түсінесіздер
7. Сыныптағы бір бала екінші баланың сумкасын сызып тастады. Бұндай жағдай болғанда жазаланушы қандай іс әрекет жасау қажет?

«Ешқандай заңы жоқ арал»


Оқушылар көздеріңізге елестетіп көріңіздерші. Біз барлығымыз заңы жоқ аралда өмір сүрсек біздің жағдайымыз қандай болар еді деп ойлайсыздар. Бүгінгі күніміздей бейбіт өмірде сүре алар ма едік?
Осы орайда Өз ойымды қоса кетсем әрине біздің бейбітшілікте өмір сүруіміз екі талай еді. Өйткені тақырып басын бауыржан ағамыздың керемет сөзімен бастаған болатынбыз яғни тәртіпке бас иген құл болмайт деген мақалымыз осы айдарымызға арқау болып отыр. Егерде көше заңы болмаса,ондай жағдайда көлік көлікке соқтығып,қоғам аарсындағы зандар болмаса адам адамды жеп, бүгінгідей бейбіт, тәуелсіз өміріміздің астан-кестеңі шығар еді.
Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады деген сөзді естен шығармаған абзал.
Оқушылар қазір біз сендермен ойын ойнаймыз. Ойынның аты қызыл, сары, көк ауыл. Ортаға әр сыныптан үш оқушыдан ортаға шақырамын.
Әр топтың ортасына әр түрлі лента қояды. Жер енді ғана жаратылғанда адамдар бір - бірімен дос, бауыр болыпты, бір - бірінен ешнәрсе аямапты. Бір күні аспаннан әр түрлі ленталар түсіпті де адамдар үлгергенінше бірі көгін, бірі қызылын, бірі сарысын алыпты.Күндердің күнінде қатты жел тұрыпты да қызыл лента алғандар қызыл, көк лента алғандар көк болып бөлініпті. Әр ауыл бөлек - бөлек қорған тұрғызыпты (Осы кезде мұғалім: ленталарыңызбен өздеріңізді қоршап алыңыздар дейді.) Біраз уақыттан соң адамдар достықты ұмытады. Көк ауылда су бар азық жоқ, қызыл ауылда азық бар су жоқ, сары ауылда азық та, су да бар, от жоқ. Енді қалай өмір сүруге болады, не істейсіздер?

Осы айтылған ойлардан өз ойымды сараптай кетсем. Біз ауыл-ауыл,көше көше сынып-сынып бөлініп,ынтымақтастығымыз бен ауызбіршілігімізді жоғалтып аламыз Алла Тағала мұсылман баласына: «Бөлінбеңдер ...» – деп 103-ші аятта бауырмал болуға бұйырған. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді-деп өз сөзімді кыскаша тәмамдайын.



Енді ойымызды жаттықтырып, есептер шығарайық:

  1. Жауап:Қылмыстық жауаптылыққа тек 14 жасқа толған жасөспірімдерді,яғни Марат пен Нұртасты тартуға болады.ҚР ҚК-не сәйкес тонау үшін қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталады.

  2. Бұл жағдайда сөз тонау туралы емес,ұрлық туралы болу керек.қылмыскерлердің мүлікті жасырын алуга тырысқанын дәлелдейтін фактілер:олар дүкенге шусыз кіру үшін сатушыдан терезені ашық қалдыруын сұрайды,дүкенге ақырын жақындайды,төнген өауіпті ескерту үшін Нұржанды күзетте қалдырады.

  3. Олардың әрекеттері ұрлық деп танылады. Ұрлық үшін азаматтар 14 жастан бастап жауаптылыққа тартылады.адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ұрлық 3мың айлық есептік көрсеткіщке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға,немесе 1200 сағатқа дейінгі мөлшерде қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейінгі мөлшерде бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ендігі кезекте азаматтардың қылмыстық құқықбұзушылығына арналған видеоролигімізге назар аударайық

  1. ҚР ҚК 194 бабы бойынша бопсалау , яғни күш қолдану не бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдiру қатерін төндіріп, сол сияқты жәбiрленушiнi немесе оның жақындарын масқаралайтын мәлiметтердi не жариялануы жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулі зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi тарату қатерін төндіріп бөтеннің мүлкін немесе мүлiкке құқықты беруді немесе мүлiктiк сипаттағы басқа да әрекеттер жасауды талап ету – мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  2. ҚР ҚК 202 бабының 1- ші тармағы бойынша, Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру- екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 615-баптың бірінші тармағы бойынша . Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы- екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

  4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 437-бап. Тыныштықты бұзу- Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін, сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін тыныштықты бұзу, оның ішінде тұрғынжайда және оның сыртында шұғыл қажеттілікпен байланысы жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргізу, сол сияқты тұрғын ғимараттарда және тұрғын үй құрылысы аумақтарында орналасқан ойын-сауық орындарының жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін тыныштықты бұзуы - жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

  5. ҚР Қылмыстық Кодексi 188-бап. Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  6. 423-бап. Есірткі, психотроптық заттарды және сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау- лицензиядан айыра отырып немесе онсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

  7. ҚР Қылмыстық Кодексi 262-бап. Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу- мүлкi,тәркiленiп,жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  8. 441-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзу- жеке тұлғаларға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

Келесі сәйкестендіру ойыны: Тәртіп орнат

1. Құқық А – Еліміздің негізгі заңы.


2. Конституция Б – Мемлекет басшысы.
3. Мемлекет В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым.
4. Азамат Г – Тәуелсіздік.
5. Құқық бұзушылық Д – Заңдар жинағы.
6. Президент Е – Заң шығарушы орган.
7. Парламент Ж – Заң жүйесін бұзу.
8. Егемендік З – Құқығы бар ел тұрғыны.
1 —- 2 —- 3 —— 4 ——- 5 —— 6 —— 7 —— 8
Д — А —- В —— З —— Ж —— Б —- Е —— Г
Қорытынды:
Ал оқушыла, ұстаздар сіздерге бүгінгі біздің пікірталас сабағымызға келіп, өз ойларынызбен бөлісіп, талқыға салып келгендеріңізге улкен рахмет!
Осымен біздің ашық сабағымыз өз соңына жетті назарларыңызға рахмет!!
жүктеу 21.57 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет