Мен «Ана тілі» газетін жарық көрген күнінен



жүктеу 0.93 Mb.

бет8/10
Дата09.01.2017
өлшемі0.93 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

М.ҚАНАбекОвА, 

Қр білім беру ісінің құрметті қызметкері

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университетінің оқытушысы

Тіл мамандары түлеп ұшқан...

«Қазақ газеттері» ЖШС және Серіктестікке қарасты басы­

лым дардың еңбек ұжымдары «Жас өркен» серіктестігінің қыз­

меткері Сәуле Телемгеноваға нағашы апасы, белгілі журналист 

«Қазақстан әйелдері» журналының бұрынғы бас редакторы 

Мариям Сапашқызы 

ҚАрАҚОНАҚОвАНың 

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл 

айтады.  


10

11

№24 (1282) 



18 – 24 маусым 

2015 жыл


№24 (1282) 

18 – 24 маусым 

2015 жыл

АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

Аян-Сейітхан НыСАНАлИН

Өзегім елім десе 

өртенеді

өлең – сөЗдің пАтшАсы

қаз қалпынДа

Жаһан түзде көп пе шөп қадірі асқан,

Көкемарал һәм андыз жамырасқан.

Мүсіркейтін біздерді кісі бар ма?

Ассалаумағалейкүм, ағайын, Адыраспан!

***

Прометей оты лаулап жүректе,



Жеткізбеді Құдай қай бір тілекке.

Шыр­пыр етіп жапырақтары жанымның,

Ұшты үркіп сезімдерден дір етпе.

Қойды қонбай бақыт құсы қолыма,

Өртейді ой көз салсам оң­солыма.

Өрекпіген өркешінде өмірдің,

Әлденеге тұзым жеңіл болды ма?

Кептер – үміт кіндігіме байланып,

Кете алмайды онша алыс айналып.

Қалтылдаған келешектің кемесі,

Енді бізді бара жатыр қайда алып?..

***


Шыққан қанды жорықтардан аман,

Тіршіліктен торықпағандардан.

Қалған жүрәт қорқамын жүдә мен,

Құдайдан да қорықпағандардан.

Аспан астын, жер үстін жалмаған

Нәніпәтір ме?

Ондай ал маған.

Көксейді не көңіл көкжиегі,

Боқ дүние кімдерден қалмаған.

ДӘУІр ДерТІ

Дәуірдің еш емі жоқ, дертін еге,

Шарпыды тіршіліктің өрті неге?

Құлаққа күрсіндіріп күй келеді,

Босқа ол бейуақта шертіле ме?

Өзегім елім десе өртенеді,

Есейтті өгей өмір ерте мені.

Кеудемді кеміреді тегі ойлар,

Мойныма шолжаң тәйтік еркеледі.

Тасқандай мейманасы күн жырғады,

Қайткенмен биік ұста ұнжырғаны,

Әлдене түседі еске түсіп еңсе,

Ашылмай көк қабағы тұнжыр әлі.

Армантау көп қиялдап етегінде,

Кетпейді Жантықтардың жетегінде.

Болса да қиямпұрыс мезгіл мәздем,

Апырай түк бітірмей кетемін бе?

Еншім бар алынбаған қанша менің

Беймарал түз тұл қалмай алса демін!

Шайнаймын бармағымды бір кем дүние,

Ортаның толтырар  кім сонша кемін?

Талшыбық бесігімді тербеткенде,

Ат жалын тартып мініп ержеткенде,

Жұп­жұмсақ қандай ыстық алақаның,

Туған ел, қасиетіңе жер жеткен бе?!

кеУСеН

Мен қасқа борышымды өтедім бе?

Мәжнүндей жүріп қиял жетегінде.

Біздің үй отыратын жазға салым,

Қоңторғай ұзынсайдың етегінде.

Қозы­лақ ойнақтайды, шуақтаған,

Елеңдеп сырттан шыққан шу жаққа әман.

Кереге.Кең дүние. Сол кеңістік,

Келеді беріп әлі қуат маған.

Таппады дерт болмаса дауа мені,

Құлдилап жолдар кейде әуеледі.

Сондағы ашқан алғаш жаңалығым – 

Әуейі бозторғайдың әлені еді.

Қос айдап, өгіз жегіп, мала бастым,

Қамы емес тек әйтуір қара бастың.

Қаршадай қара бала өсті сүйтіп,

Өтінде Арыстанды­Қарабастың...

Ырғағы тіршіліктің бұзылмайды,

Тоңтеріс білсін қайдан түз ыңғайды.

Бір кетік ысқырады жел шақырып,

Қырманда шал  топанды қызылдайды.

Көп жұрттың көңілі жарым, ойы мұңды,

Осылай жаздап қойдым ойынымды.

Барғанда кеусен сұрай күзетші қарт,

Толтырды қызыл дәнге қойынымды.

Не теңім (жастың буы) желіккендей,

Қойды өмір телқоңырды теліп мендей.

Жұлдызды жағалаулар бұлғайды қол,

Еріксіз ертеңгі күн еліткендей.

Жусан исі бұрқырайды даладан,

Қашып шықты қарт жатбауыр қаладан.

Қанат байлап ұшып елге келеді,

Жеңілдесе өмір жүгі ал одан...

ҚҰМАй

Сарыала қаздан жаралған

Десе  оған имандай сенемін.

Құнарлы жерден нәр алған,

Бәйтеректерден өнемін.

Тектім­ау, құсада жүрмін кіл,

Қанатың болса қырқады.

Перзенті шығар­ау үрдің бұл,

Сұсты тым заманның сұрқы әлі.

Қайтеді қасқырлар қоғамы?

Қаныңды құнығып ішеді.

Өмірдің ешқандай жоқ мәні,

Бәрі бір құлқынға түседі.

Айтатын арызым, зарым бар,

Қай жерде қалса да сүйегім.

Шақырайып орап оттан сәлде күн,

Байланыпты ауыр шоқпар белде тың.

Жетім жүрек тоқтап қала жаздайды,

Зәу биіктен қылт­қылт етіп әлдекім...

ҚАСыМНың ОҚылМАй 

ҚАлҒАН ӨлеңІ

Аурушаң ақын шақта бұл,

Шарасыз шаршау үн шығып. 

Бүршіктеп бұнсыз бақта гүл,

Тереңде  сезім тұншығып.

«Жетім  бұрышты» жағалап,

Күйзеліп қайтты нешеме.

Жатыр ма оны бағалап,

Солай ма әлде пешене?

Дариға дүние «әттесі»,

Тым ауыр қандай жолы шын,

Өзектен тепті тектесі,

Айналды бермей қолұшын.

Әлі әлім­жәлім әлемі,

Сойылын соқпай мықтының.

Оқылмай қалды өлеңі,

Жабырқау жанын ұқты кім?!

Көз жұмды кемел кезінде,

Рухы жырдың жасыды.

Мыс басып соның өзінде,

Түсіпті алшы асығы.

ТОбыҚ

Той қызды. Жастар жағы көңілденді.

(Болмайды сондай сәттер өмірде енді)

Алысқа алып кетті тағдыр бізді,

Талшыбық басқа өгей өңірде өнді...

Отырмыз бәрі менің сыйласымдай,

Қылымсып батты бір кез үй қасында Ай.

– Көзіндей сақтап жүр, – деп. 

– Құда бала!

Бір затты берді қу қыз қимасындай.

Сол шақтың сүңгіп сиқыр сәулесіне,

Аламын жұлдыз жауған бауды есіме.

Әлде бұл күн кешетін әрі­сәрі,

Бозбастау бозбаланың әуресі ме?

Қалғып тау қарауытып әудемдегі,

Шарпыды жалын бойды беу демдегі,

Сүйеніп ақ қайыңға тұрмын үнсіз,

Сипалап әлденені кеудемдегі.

Бұйығы бұла сезім бұрқынады,

Ашылмай қалған, бәлкім, сыр кінәлі.

Сондағы берген маған құдашаның

Тобығын қайтара алмай жүрмін әлі.



ПерІШТе

Қылаулап қар жауып тұр,

Бақыт күтіп есікте.

Дерттен мені айықтыр,

Дәрігер қыз, кешікпе.

Тостым сені зарығып,

Ем іздеймін жаныма.

Қалма, сезім, тарығып,

Шық жуытпа таңыма.

Сәлем саған, жаңа күн!

Дарыт тек дәру ғана.

Шарпығандай қанатын,

Отқа ұмтылып пәруана.

Болғаным ба сордай бір,

Кезіміз аз көріскен.

Біз бейбақты қорғай жүр,

Айналайын, періштем.

Құшағын кім жайып тұр,

Мейіршөптей дәрі тап,

Шипа қылып айықтыр,

Сағыныштан сарытап.

***


Бір дақ бар ай бетінде,

Көкте жұлдыз тұр самсап.

Үрді ауыл шетінде,

Бұралқы ит құр жаңсақ.

Соқты самал аңырап,

Тылсым толы тау іші.

Жапырақтар жамырап,

Тынды байғыз дауысы.

Пейіштен леп жеткендей,

Жайнап жастық кезі өтті ең.

Кеңіп тыныс кеткендей,

Мәңгілік сол мезеттен.

  ***

Сарытап болып мейіздей,



Көңірсіп, күнсіп иен түз.

Кетіпті қаңбақ сай іздей,

Келіпті қайта жиен күз.

Ұзарып түндер, қысқа күн,

Диірментас мезгіл айналып.

Жатқандай жасап қыс қамын,

Астында қырдың жайланып.

кӨЗе

Кетік көзе – ол көзіндей көненің,

Музей емес жүректерде тұратын.

Бір күн сыры ашылады сенемін,

Сездіретін адам асыл мұратын.

Құйды саған нұр сәулесін сезімнің,

Топырақтан сен де, мен де жаралып.

Тамыр тартты зәузатқоры өзімнің,

Қандай алтын қайнарлардан нәр алып,

Тұрсың ба сол қалыбыңда, жарқыным?

Шіркеу салмай уақыттың тозаңы,

Беймаза күй кешіп өтті бар күнім,

Бір буалдыр болашақ қол созады...

Жанымда сыбдырлайды күз құрағы,

Сүйектен өтіп суық ызғырады.

Ыстығы әлі күнге басылмаған

Кеудемді кеусен дәні қыздырады.

***


Қайтып барам өмірдің базарынан,

Қақас қалмай уақыттың назарынан.

Суық түсті әлдекім түксиеді,

Күй кеткендей көңілдің ажарынан.

Ғашықтарды күтеді бау сарыла,

Күміс күлкі кенелтіп кәусарына

Таңның шәйі сырылып шымылдығы

Қоштаспады жас дәурен аусар мына.

Жазғаным аз болыпты жазарымнан,

Іздейді дақ бәзбіреу тара арымнан.

Түртінектеп білмеймін таптым нені?

Қандай халі бақшаның қазан ұрған?

Қайда енді тұтқасы тірегімнің,

Қазан ұрған кезі ме жыр егіннің?

Қалт­құлт қайық  тіршілік теңізінде,

Түгі бар ма білмеймін жүрегімнің?

Кейін тартып кегеше кері кетеді,

Бақ пен сордан жаралған жер бебі еді.

Астан­кестен жанымды мұңға бөлеп,

Кешеу күздің әуені тербеледі.

Құйын өтті тайлақтай тапырақтай,

Бейжай қалып жатады атырап қай?

Күн қабағы тағы да тұр сызданып,

Қалтыраймын мен жалғыз жапырақтай.

***

Жусан исі жазирада исініп,



Бұл өлкеде ән әуелеп, күй сіңіп.

Сағым жылдар сағынышты оятып,

Көкжиекке көз салады сүйсініп.

Жұпар қандай бұрқырайды даладан,

Жол үстінде шомып ойға шал адам.

Жансарайы ашылғандай біртүрлі,

Аңсады ма ауылын тыс шамадан.

Құмығыпты қайдағы бір жаншыр үн,

Қайтсе екен бұлқынатын жан сырын?

Құлдыраңдап  құлын­тайдай тепсініп,

Кетті қайран балалығы бал шырын.

Уақытқа титімдей жоқ жазығы,

Жолда дейтін: бөрі мен ер азығы.

Ұл – безбүйрек, әйел –мәздем, қыз – көкбет

Жігері құм, қайрат қайтып қажыды.

Әлтек­тәлтек тағдырына кез еге,

Әуестенді шарап толы көзеге.

Сары жұртта ошарылып қалғандай,

Жазмыш солай өз­өзінен безе ме?

Туғанде ол ақ қоянның жылы еді,

Тірі қалды әйтеуір  түз түлегі.

Иә, көктен көздің жасын иді ме,

Әнбиелер қабыл болып тілегі.

Келе­келе кісікиік атанды,

Тікенектей жанына сол батады.

Таңдайында қанша талғап жұтқанмен,

Кетпейді екен жетімдіктің таты әлі.

Болмай қалды қоғамға түк керегі,

Жұмыс десе, қайыспайтын нар еді.

Қайырылды ардагерлер үйіне,

Басқа салса әуселені көреді.

Аллаға аян: қалай борыш өтеді?

Өскен өңір өкпек желдің өті еді.

Еміс­еміс елес өткен өмірі,

Анда­санда қылаң беріп кетеді.

Жүрегім ып­ыстық жарыңдар,

Елжіреп елімді сүйемін!

Мұңдасым жердегі беймақұлық,

Ғайыптан неліктен болдың кез?

Жұлдызды жырақтар  шақырып,

Көрмейді оны тек шелді көз,

Мылқау ма?

Әйтпесе, зағип па?

Билік не үшін үндемейді?

Жүргенде адасып бағыттан

Қолтықтан енді кім демейді?

Уақыт алдында абдырап,

Біртүрлі халге жан ашиды.

Жазыпты маңдайға тағдыр – хақ,

Қотырын өзінің қасиды.

Тіршілік қаққанда делбесін,

Толқымай қалады қай теңіз?

Біз де күн көрейік селбесіп,

Кермелдесіп соншама қайтеміз.

...Алайып тағы да қарады,

Қимай тұр ма ұшқан ұяны?

Жындысүрей лағып барады,

Тектінің ең соңғы тұяғы.



ҚОҒАМ

где я? Так темно и так тревожно.   

Н.Гумилев

Кездер кетіп ең әйбат,

Көлгірсиді жатып ез.

Көрсеткені – дөңайбат,

Қоғам қандай қатыгез?

Арам өлсең қасыңда,

Өңмеңдейді сәл тірі.

Ауыртпайды басын да,

Сыздамайды балтыры.

Өгіз тентек мақтайды,

Бөсіп кетсе ар емес,

Бастан, бірақ, бақ тайды,

Кезіп жүрген бір елес.

Үзілді үміт алғашқы,

Жүрек сазса жалғай ма?

Азып­тозу жалғасты,

Билік қайда?

Ел қайда?

Қыжыртамын несіне?

Айтып болбыр жүйесін.

Кетті салып есіме,

Жер мен судың иесін.

Шаққанменен оған мұң,

Естімейді таскерең.

Бұл құлбарақ қоғамның,

Еңбегі еш әсте ерен.

Кенесары кәлласы

Патша көңіл Тәңіртаудан биік тым,

Кекіліксай. Күңіреніп күйікті үн,

Кесілген бас әлі іздеп жүр кеудесін,

Уысынан шыға алмай ұйықтың.

Неге мені қапалы ойлар жанышты?

Қыран құстың қанатында таң ұшты.

Көкбеттеніп жарқ­жұрқ жасын ойнады,

Қамшы осып жаншығандай намысты.

Тасыр тағдыр әй­шәйіңді ұрсын ба?

(Қынаптағы  қиғыр қылыш құр сынба).

Опа берген емес өмір ешкімге,

Әлде, баба, назаланып тұрсың ба?...

Сұмдық сезіп шулады ұлар шыңдағы,

Қаңсығандай қырдың алтын құндағы.

Өтті­кетті сатқындықпен бар ғұмыр,

Шешілмеген күйі қалды жұмбағы.

АДырАСПАН

Күн келеді жарқырап, жадыра аспан!

Құрып тұздай тұқымы қадірі асқан.

Алматының бұл шайтан базарына,

Қайдан келдің адасып, Адыраспан?

Дала исі, күн исі сезіледі,

Көріп сені, ет­жүрек езіледі.

Сорың ба , әлде, бағың ба қай тұрысың,

Сағындырған балауса кезің еді.

Бозторғайдың әні  таң әлетінде,

Тербеп сені өлермен жел өтінде.

Төл төккенде селбесіп сақманшылар,

Хан көтеріп қайтатын келетінде.

Ой, дүние­ай алмай­ақ дара бұйрық,

Терең ойдың иірімі барады үйіріп.

Сені үзбейтін көз қиып әншейінде,

Қойлармен бір жиылып қарақұйрық.

Күні үшін айырып тамырыңнан,

Аңызақтан, аяздан, жаңбырыңнан.

Күйік болдың екен сен енді кімге,

Емес пе едің жаралған жаның нұрдан.

Туған жердің табы бар әр кіндікте,

Өскенсің сен ұмытылып еркіндікке,

Артынып та, тартынып келіп жатыр,

Арттан сонша сарылып төркін күтпе.

Тағылықпен қарама далама тым,

Әзірейіл емеспін жан алатын.

Кім біледі ежелгі әдеттегі,

Адыраспан киелі саналатын.

Б

ұл оқиға бұдан отыз сегіз жыл 



бұрын  шалғайдағы  шағын бір 

ауданның орталығында болған 

еді. Аудан орталығындағы жалғыз ау­

рухана. Ол кезде сол ауданда «Әйелдер 

босандыратын арнайы перзентхана 

жоқ. Сол ауданға қарасты екі ауылдан 

аудандық ауруханаға бір күнде аяғы 

ауыр екі әйел келіп түседі. Біреуі тұңғыш 

босанғалы отырса, екіншісі бес­алты 

балаға ана болып үлгерген адам екен.  

Екеуінің жас шамасы да, түр­түсі де бір­

біріне ұқсамайды: жас әйел ақсары, орта 

жастағы әйел қараторы өңді.

Көктем кезі. Аспан түнеріп, күн 

күркіреп, найзағай жарқылдап, аяқ 

астынан қатты жел тұрады. Табиғат 

аласапыран болып жатқан осындай 

шақта, көшедегі электр бағаналарының 

сымдары үзіліп, кенет электр жарығы 

өшіп қалады.  Сол абыр­сабыр болып 

жатқан кезде, екі әйелдің толғағы қатар 

басталады да, екі әйел қатар босана­

ды.  Дәрігер мен акушер қайсы әйелге 

бірінші көмектесерін білмей, қараңғыда 

сипалап жүріп, екеуі екеуіне жүгіреді. Бір 

мезгілде шыр етіп аман­сау өмірге келген 

екі сәбидің екеуі де ұл болып шығады… 

аудандық   әс ке ри  комиссар иат  алдын 

ала  ден сау  лықтарын  тексеруден  өтуге 

ша қы рады. Екі ауылдың жігіттері де 

аудан орталығына келеді. Сол жер­

де тұңғыш рет бір­бірін көрген кезде, 

қараторы балаң жігіт өзінің қатыгез 

әкесінен айнымайтын ақсары жас жігітті 

көріп, қатты таңғалады. «Сұмдық­ай, 

мұндай да ұқсастық болады екен­ау!» 

деп шегін тарта, басын шайқайды. Кенет 

оның ойына, «Үнемі ішіп алса, біреумен 

қыдырғансың, ол кім, айт» деп мамам­

ды ұрып­соғатын еді… Сонда өзі екен 

ғой жүргіш адам, бір қызбен қыдырып, 

жүкті болған соң алмай кеткен екен ғой, 

мына жігіт тура әкемнің ауызынан түсіп 

қалғандай екен!» деп ыза болады.

Сары жігіт те өзінің ағаларынан

әкесінен айнымайтын қараторы жігітті 

көріп, қатты таңғалады. «Ой, Алла­ай, 

мұндайда ұқсастық болады екен!»  деп, 

дереу  қара жігіттің қасына жетіп келеді. 

Бала кезінен ешкім бетінен қақпай 

еркін өскен қарулы да, ірі жігіт күректей 

алақанын ұсынып, атын айтады. Қолын 

құшырлана қысқанда шыңжау, аурушаң 

боп өскен байғұс қараторы жігіттің жаны 

көзіне көрінеді. 

– Ей, сен бар ғой, менің аға ларым 

мен әкемнен аумайды екенсің! – деп 

сары жігіт танысар­таныспастан, 

көңіліндегісін лақ еткізіп айтып тастай­

ды.


– Шын ба, шын айтасың ба? 

– Олаһи­билляһи! Өтірік айтып мені 

жын қағып па? Рас айтамын.

– Сен ше, сен  де менің әкемнен 

айнымайсың…

–Қызық екен. Сенің әкең неше де?

– Қырықта. 

– Оһ­о! Әкең жас екен ғой. Ал менің 

әкем шал, жасы қазір алпыс тан асып 

барады. 


– Анаң ше?

– Мамам да алпысқа келіп қалған 

кісі, әкемнен бірер жас қана кіші ғой 

деймін тіпті… 

Туған жылдары түгілі, туған айы мен 

күні де бірдей екенін, білген екі құрдас 

көрген­білгендерін өз ата­аналарына ай­

тып келеді. Қой соңында елдің шетінде

желдің өтінде жүрген кемпір­шал ол 

әңгімеге елең етпейді, естіген жерде 

қалады. Ал қанша жерден күйеуінің 

зәбіріне төзіп, өсектің өртіне күйіп, ел 

бетіне қарай алмай жүрген мұғалім әйел, 

естіген бетте күйеуін ертіп, ұлы айтқан 

қойлы ауылға тартады. Сұрастыра жүріп, 

таудың бір қуысында отырған шопан 

отбасын тауып алса,  кезінде бір ау­

руханада бірге босанған әйел болып 

шығады.  Өз күйеуінен айнымай қалған 

зіңгіттей жігіт ұлын көріп, келіншек 

есінен танып, серейіп құлап түседі. 

У­шу… Су бүркіп, қол­аяғын уқалап, 

тірілтіп алады. Сол күні қарт шопан 

құдайы қонақ етіп, қойын сойып, қол 

қусырып, құрмет қылады.  Байғұс әйел 

бір түн бойы жылап­еңіреп, басынан 

кешкен бар қайғы­қасіретін әңгімелеп, 

қанша жылдан бері ішіне қатқан шерін 

тарқатады. Қанша жыл «сары алтыным» 

деп ерекше жақсы көрген сары баласын 

жатқа қия алмай, байғұс анасы да тосын 

жағайдан есеңгіреп қалады. Екі ананың 

да сөздерін естіп сол жерде егілмеген 

жан қалмайды. Естияр жігіт болған екі 

бала да ағыл­тегіл жылайды. Бірі шын 

әке­шешесін тапқанына қуанып жыласа, 

бірі қанша жыл бетіне жел боп келмей, 

үпілеп бағып­қаққан ата­анасын қимай 

жылайды

Ертеңіне екі отбасы аудан орталығына 



тартады. Аудандық ауруханаға келіп, 

бұдан он жеті жыл бұрынғы журнал­

дарды архивтен таптырып алып тұрып, 

тексертіп, екеуінің де бір күн, бір сағатта 

өмірге келгенін анықтайды. Сосын сол 

күні бұл екі әйелді босандырған кезде 

нәрестелерін алмастырып жіберген 

дәрігер мен акушерді сотқа бермек 

болады. Жаманат жата ма, аядай ғана 

аудан орталығы араның ұясындай гулеп 

кетеді. Айтулы күні сот болады. Сотқа 

шақырылған дәрігер әйел кезекті бір 

жедел жәрдем қажетсінген малшы отба­

сынан қайтып келе жатқанда  машинасы 

айдалада бұзылып қалып, шофері жаяу­

лап жақын ауылдардың біріне кеткен 

кезде, қатты боран басталып кетіп,  ма­

шина ішінде үсіп өледі.

Қартаң әйел акушер әйел зей­

нет демалысында екен. Сол күні ауа­

райының қатты нөсерлі болғанын, 

электр желісі үзіліп, қараңғыға қалып 

қойған кезде екі сәбидің бір мезгілде 

өмірге келгенін, сондықтан байқамай 

шатастырып алуы мүмкін екенін ай­

тып, жылап жібереді. «Бұл жерде кімді 

кінәларсың? Тағдыр ғой, тағдыр» деп 

ел­жұрт  тарасады. Сот үкімімен өз ата­

аналарына қайтарылатын болған жігіт 

болған екі бала ертеңіне әскер қатарына 

алынып, азаматтық борыштарын өтеу 

үшін армияға аттанады.

Екі жыл армияда бірге жүріп бір 

үйдің баласындай болып кетеді. Екі жігіт 

аман­сау елге оралған соң, бала күнінен 

мейірімге жарымаған қара торы жігіт бір 

қызға ғашық болып, дереу сол қызға  

үйленіп, өз алдына бөлек отау болып 

шығады. 

Ал ақсары жігіт тапқан да, баққан 

да ата­аналарына бірдей көмектесіп, 

екі үйдің ортасында еркелеп жүрген 

көрінеді. Бұл жерде олардың тағдырының 

осындай болғанына шынында да кімді 

кінәларсың енді…

Мақсат РСАлИН, 

ҚР Мәдениет қайраткері

Арада бірнеше күн өткен соң, екі әйел де 

құндақтаулы  баласын бауырына қысып, 

үйлеріне қайтады.

Қ а р а   т о р ы   ә й е л д і ң   б ұ р ы н ғ ы 

балаларының бәрі қара домалақ болса, 

мынау кенже сәби олардың ешбіріне 

ұқсамай, елден ерекше сары болып 

шығады. Сүйкімді сары баланы  әкесі де, 

бауырлары да. «Сары, сары, сары алтын, 

сары алтынның бәрі алтын» деп елжірей 

жақсы көріп, қолдан­қолға түсірмей, 

ерекше еркелетіп өсіреді. Совхоздың 

қойын бағып, айдалада отырған шопан 

отбасының кішкене сары ұлы семіз ет 

жеп, айран, қымыз ішіп, кішкентайынан 

атқа мініп, мал қайырып, ағалары оқуға 

кеткенде әке­шешесіне  көмектесіп,  

еңбекке ерте араласқандықтан ба, шы­

мыр болып өседі.  

Ал ақсары жас келіншек аудандық 

аурханадан құшақтап келген қызыл 

шақа титімдей сәби күннен­күнге түсі  

күреңітіп, тіпті өсе келе кәдімгі қара 

домалақ балаға айнала бастайды. Оны 

көрген көрші­көлем: «Ойбай, әкесі 

де сары, шешесі де сары, мынау кімге 

тартқан қара?» деп таңғалған  сайын 

әкесінің де, ата­әжесінің де қабақтары 

қарс түйіліп, үйде ұрыс­керіс жиілей бас­

тайды. Көзіме шөп салды деп кінә тағып, 

заң алдында айы рылысайын десе, сүйіп 

қосылған ке ліншегін жаманатқа  көңілі 

қимай, айырылыс пайын десе, ағайын­

туыс, көрші­көлемнің гу­гу сөзі жанын 

жеген жас жігіт ішін өртеген қайғысын 

ащы арақ қана басатындай, ішімдікке 

үйір бола бастайды.

 Араққа тойып алған, удай мас  

күйеуі:  «Мынау менің балам емес, сен 

бұны кімнен таптың?»  деп жазықсыз 

келіншегіне талай­талай  жұдырығын 

жұмсайды.  Тұщы етіне ащы таяқ тисе 

де жас келіншек көз жасы сорғалап, 

кішкене сәбиін бауырына қысып алып, 

жарының алдында да, арының алдында 

адалдығын айтып ант­су ішеді. Орынсыз 

кінәлағанымен, орнықты да байсалды 

мұғалім келіншегінің жүріс­тұрысынан 

күдік, мінез­құлқынан мін таба алмаған 

жігіттің басы қатып кетеді. Туар­ту­

мастан айрандай ұйыған тату­тәтті от­

басына ойран әкелген қаршадай қара 

домалақ, осылайша «сырты бүтін, іші 

түтін» отбасында тұрып жатады. Сосын 

ба қара бала  томаға­тұйық, ашушаң, 

аурушаң болып өседі, оқуға мектепке 

барғанда, тіпті сабақ үлгерімі де нашар 

болады. 

Ай артынан ай, күн артынан күн 

өтіп, қаңбақтай дөңгеленген жылдар 

лезде есейткен екі ұл да ержетеді. Олар­

ды Отан алдындағы  азаматтық бо­

рышын өтеу үшін армияға аттанбас 

бұрын, қалыптасқан тәр тіп бойын ша 

Жетім көрсең, 

жебей жүр...

Қ

ұрақ көрпе



Қ

ұрақ көрпе



 Әзірлеген Нұрлан ҚҰМАр

сіз білесіз бе? 

Өсірдім ұлпа қар,

Шешуін кім табар?  

Шешей отты көсеумен көседі, 

Көсеумен кесек­кесек тезек төседі.

(Мақта)  



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал